GIC 12V-5-27 C Professional - өлшеу құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GIC 12V-5-27 C Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Цифрлық тексеру камерасы |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GIC 12V-5-27 C Professional |
| Өлшемдері (Ұ × Е × Б) | 242 × 140 × 66 мм |
| Салмағы (аккумулятормен) | 0,73–0,94 кг |
| Салмағы (батареялармен) | 0,68 кг |
| Қоректендіру | Литий-ионды аккумулятор 10,8/12 В немесе 4 AA батареясы (сілтілі немесе NiMH) адаптер арқылы |
| Автономия (Li-Ion 2,0 Ач аккумуляторы) | Шамамен 6 сағат |
| Автономия (сілтілі батареялар) | Шамамен 2 сағат |
| Автономия (NiMH 1,2 В батареялар) | Шамамен 3 сағат |
| Экран | 5 дюйм, ажыратымдылығы 1280 × 720 пиксель |
| Камера ажыратымдылығы | 1280 × 720 пиксель |
| Камера басының диаметрі | 8,3 мм |
| Икемді кабель ұзындығы | 1,5 м |
| Ең кіші иілу радиусы | 25 мм |
| Қорғаныс дәрежесі (корпус) | IP54 |
| Қорғаныс дәрежесі (бас және кабель) | IP67 |
| Фото форматы | JPG |
| Бейне форматы | AVI |
| Ішкі жады | 30 фотоға дейін (бейне жоқ) |
| Алынбалы сақтағыш | Micro SD картасы |
| Түймелі батарея (уақыт сақтау) | CR2450, қызмет ету мерзімі шамамен 3 жыл |
| Пайдалану температурасы | -10-нан +50 °C-қа дейін |
| Жеткізілетін керек-жарақтар | USB Type-C кабелі, micro SD картасы, батарея адаптері, айна, магнит, ілмек |
Жиі қойылатын сұрақтар - GIC 12V-5-27 C Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GIC 12V-5-27 C Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз өлшеу құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GIC 12V-5-27 C Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GIC 12V-5-27 C Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GIC 12V-5-27 C Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз; – жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз; – корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек.
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек. – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады. – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады. – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық нұсқауларды оқып шығып, орындау керек. Тексеру камерасы берілген нұсқауларға сай пайдаланылмаса, бұл тексеру камерасына кіріктірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етуі мүмкін. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ТҮРДЕ САҚТАҢЫЗ.
▶ Тексеру камерасын тек білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша тексеру камерасының қауіпсіздігі сақталады. ▶ Тексеру камерасын жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң болатын жарылыс қаупі бар ортада пайдаланбаңыз. Тексеру камерасы ұшқын шығарып, шаңды немесе буды тұтандыруы мүмкін. ▶ Тексеру камерасында кез келген жұмыстарды (мысалы, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ тексеру камерасын тасымалдау және сақтау кезінде оның ішінен аккумуляторды шығарып алыңыз. ▶ Тексеру камерасын ұзақ уақыт пайдаланбайтын жағдайда ішінен батареяларды шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақталған батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін. Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. ▶ Тексеру камерасын қолдану алдында жұмыс аймағын тексеріңіз. Тексеру камерасының ешбір бөлігіне электр сымдарын, жылжымалы бөліктерді немесе химиялық заттарды тигізуге болмайды. Жұмыс аймағында
өткізілген электр сымдарының электр тізбегін үзіңіз. Мұндай шаралар жарылыс, ток соғу және мүлікке зақым келтіру қаупін азайтады.
Жұмыс аймағында денсаулыққа зиянды заттектер болғанда, қорғаныш көзілдірік, қорғаныш қолғап немесе респиратор сияқты жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Су ағызу каналдарында немесе ұқсас аймақтарда улы, жұқпалы, ащы немесе денсаулыққа басқа жолмен зиян келтіретін қатты, сұйық немесе газды заттектер болуы мүмкін. Денсаулыққа зиянды заттектер орналасқан аймақтарда жұмыс істегенде тазалыққа ерекше назар аударыңыз. Жұмыс кезінде тамақ ішпеңіз. Денсаулыққа зиянды заттектерге тимеңіз және жұмыс істегеннен кейін қолыңызды және заттектермен жанасуы мүмкін басқа дене мүшелерін ыстық сілті ерітіндісімен тазалаңыз. Осылайша денсаулыққа зиян келтіру қаупі азаяды. ▶ Тексеру камерасын пайдаланған кезде суда тұрмаңыз. Суда жұмыс істегенде, ток соғу қаупі туындайды. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.




Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.


Түймелі элемент балалардың қолына түспеуін қамтамасыз етіңіз. Түймелі элементтер қауіпті.
Түймелі элементтерді еш жағдайда жұтуға немесе денеге басқа жолдармен кіргізуге болмайды. Түймелі элемент жұтылған немесе денеге басқа жолмен кіріп кеткен жағдайда, дереу дәрігерге жолығыңыз. Түймелі элементтің жұтылуы 2 сағат ішінде іштей қатты күюге және өлімге әкелуі мүмкін.

Магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
▶ Магнитті аксессуарды магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Аксессуарлар магниттерінің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Мақсаты бойынша пайдалану
Сандық тексеру камерасы қол жеткізу қиын болатын немесе қараңғы аймақтарды тексеруге арналған. Оны, жеткізілім жиынтығындағы көмекші құралдарды камера бастиегіне монтаждағаннан кейін, кіші және жеңіл заттарды (мысалы, кіші бұрандаларды) жылжыту және алып тастау үшін пайдалануға да болады.
Сандық тексеру камерасын медициналық мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар ол бітелген құбырларды тазалау немесе кабельдерді тарту үшін жарамайды.
292 | Қазақ
Көрсетілген компоненттер
Көрсетілген компоненттердің нөмірлері графикалық беттердегі тексеру камерасының сипаттамасына негізделген.
(1) Камера кабелі (2) Камера бастиегі (3) Камера бастиегіндегі шам (4) Камера объективі (5) Дисплей (6) Қосу/өшіру түймесі (7) Жоғары жылжыту түймесі (8) Солға жылжыту түймесі (9) Ортаңғы түйме (10) Төмен жылжыту түймесі (11) Оңға жылжыту түймесі (12) Фото/видео түсіру түймесі (13) Қол құрылғысы (14) Аккумулятор a) (15) АА1 батарея адаптері (16) Жоғарғы қаптама (17) USB Type-C® ұясы b) (18) Micro-SD картасының ұяшығы (19) USB Type-C® кабелі (20) Micro-SD картасы (21) Ілгек (22) Батарея адаптерінің қабы (23) Босату түймесі (24) Батарея адаптерінің жапқышы (25) Камера жалғағышы (26) Камера кабелінің бекіткіші (27) Магнит (28) Ілгек
(29) Айна
a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.
b) USB Type-C® және USB-C® – USB Implementers Forum ұйымының сауда белгілері.
Индикация элементтері
(a) Түсіру режимінің белгісі (b) Функцияның күй индикаторы AutoUp (c) Micro-SD картасының күй индикаторы (d) Аккумулятордың/батареялардың заряды деңгейінің индикаторы
Техникалық мәліметтер
| Сандык тексеру камерасы GIC 12V-5-27 C | ||
| Өнім нөмірі | 3 601 B41 4.. | |
| Дисплей өлшемі " 5 | ||
| Дисплей ажыратымдылығы пкс 1280 × 720 | ||
| Камера, сурет пен видео файлдардың ажыратымдылығы | пкс 1280 × 720 | |
| Скриншот пішімі JPG | ||
| Видео пішімі AVI | ||
| Видеоның кадр жиілігі | ||
| – AutoUp функциясынсыз | кадр/с 20 | |
| – AutoUp функциясымен | кадр/с 7 | |
| Ішкі жадтағы суреттердің макс. саны 30 | ||
| Көру өрісі A) | ° | 75 |
| Фокус арақашықтығы мм 30–80 | ||
| Камера бастиегіндегі шамның макс. жарық күші B) | лк 200 | |
| Камера бастиегін/кабелін дизельге, мотор майына, этил спиртіне, бензинге, AdBlue ерітіндісіне және түзды суға (түз үлесі 26,5%) макс. батыру үзақтығы | мин 30 | |
| Қуат көзі | ||
294 | Қазақ
Сандық тексеру камерасы GIC 12V-5-27 C
| – аккумулятор (литий-иондык) 10,8 В/12 В | ||
| – батареялар (сілтілі марганец, батарея адаптері бар) | 4 × 1,5 В LR6 (AA) | |
| – аккумуляторлар (NiMH, батарея адаптерімен) 4 × 1,2 В HR6 (AA) | ||
| Уақытты жадқа сақтауға арналған резервтік куат көзі | ||
| – түймелі элемент CR2450 (3 В, литий батареясы) | ||
| – батареяның қызмет ету мерзімі шам. Жыл 3 | ||
| Жұмыс ұзақтығы шам. C) | ||
| – аккумулятормен (литий-иондык) D) | сағ 6 | |
| – батареялармен (сілтілі марганец) сағ 2 | ||
| – аккумуляторлармен (NiMH, 1,2 В) сағ 3 | ||
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай | ||
| – аккумулятормен (литий-иондык) кг 0,73–0,94 | E) | |
| – батареялармен (сілтілі марганец) кг 0,68 | ||
| Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі)D) | мм 242 × 140 × 66 | |
| Камера бастиегінің диаметрі мм 8,3 | ||
| Камера кабелінің ұзындығы | м 1,5 | |
| Камера кабелінің ең кіші бүгіліс радиусы | мм | 25 |
| Қол құрылғысының қорғаныс дәрежесі(аккумуляторсыз/батарея адаптерінсіз) | IP54 | |
| Камера бастиегі мен камера кабелінің қорғаныс дәрежесі | IP67 | |
| Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы | °C | 0 ... +35 |
| Жұмыс істеп түрган кездегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы | °C –10 ... +50 | |
| Сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы | °C –20 ... +50 | |
| ұсынылатын аккумуляторлар | GBA 10,8V...GBA 12V... | |
Сандық тексеру камерасы GIC 12V-5-27 C
Ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар GAL 12...
GAX18 ...
A) Сурет диагоналі арқылы өлшенген
B) 50 мм арақашықтықта және қараңғы ортада
C) Камера индикаторымен, AutoUp функциясымен, орташа дисплей жарықтығы, 50% жарықтыққа не камера шамы
D) GBA 12V 2.0Ah аккумуляторымен
E) пайдаланған аккумуляторға байланысты
Монтаждау
Қуатпен жабдықтау
Тексеру камерасын Bosch литий-иондық аккумуляторымен, стандартты батареялармен немесе стандартты NiMH аккумуляторларымен пайдалануға болады.
Дисплейдегі заряд деңгейінің индикаторы (d) литий-иондық аккумулятордың, батареялардың немесе NiMH аккумуляторларының заряд деңгейін көрсетеді.
Батарея адаптерімен жұмыс істеу (А суретін қараңыз)
Батареялар немесе NiMH аккумуляторлары батарея адаптеріне салынады.
Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камераларында пайдалануға арналған және оны электр құралдарымен бірге пайдалануға болмайды.
Батареяларды немесе аккумуляторларды салу үшін батарея адаптерінің қабын (22) науаға (21) кіргізіңіз. Батареяларды немесе аккумуляторларды, жапқыштағы (24) суретте көрсетілгендей, қап ішіне салыңыз. Жапқышты, ол сезілетіндей тіреліп, тексеру камерасының тұтқасымен жанасқанша, қап үстіне жылжытыңыз.
Батареяларды немесе аккумуляторларды шығару үшін жапқыштың (24) босату түймелерін (23) басып, жапқышты тартып шығарыңыз. Ішінде жатқан қапты (22) науадан (21) тартып шығарыңыз.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
▶ Тексеру камерасын ұзақ уақыт пайдаланбайтын жағдайда ішінен батареяларды немесе аккумуляторларды шығарып алыңыз. Тексеру камерасында ұзақ уақыт жатқан батареяларды немесе аккумуляторларды тот басуы және олардың заряды таусылуы мүмкін.
296 | Қазақ
Аккумулятормен пайдалану (В суретін қараңыз)
▶ Тек техникалық мәліметтерде келтірілген зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтағыш құрылғылар тексеру камераңызда қолданылатын литий-иондық аккумуляторлармен үйлеседі.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық куатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Зарядталған аккумуляторды (14) енгізу үшін оны, ол сезілетіндей тіреліп, тексеру камерасының тұтқасымен жанасқанша, науаға (21) кіргізіңіз.
Аккумуляторды (14) шығару үшін босату түймелерін (23) басып, аккумуляторды науадан (21) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз.
Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Камера кабелін монтаждау (С суретін қараңыз)
Тексеру камерасын пайдалану үшін камера кабелін (1) қол құрылғысына (13) монтаждау керек.
Камера кабелінің (1) ашасын камера жалғағышына (25) тірелгенше енгізіңіз.
Камера кабелін бөлшектеу (D суретін қараңыз)
Камера кабелін (1) шығару үшін бекіткішті (26) қысып, ашаны қол құрылғысынан (13) тартып шығарыңыз.
Айна, магнит немесе ілгекті орнату (Е суретін қараңыз)
Айнаны (29), ілгекті (28) немесе магнитті (27) көмекші құрал ретінде камера бастиегіне (2) монтаждауға болады.
З көмекші құралдың бірін, суретте көрсетілгендей, камера бастиегіне (2) тірелгенше енгізіңіз.
Нұсқау: магнит (27) және ілгек (28) тек бос тұрған, кіші және жеңіл заттарды жылжыту немесе алып тастау үшін жарамды. Тарту күші тым қатты болғанда, тексеру камерасы немесе көмекші құрал зақымдалуы мүмкін.
Пайдалану
Қол құрылғысын және аккумуляторды немесе батарея адаптерін тікелей күн сәулесінен қорғаңыз. Аккумуляторды немесе батарея адаптерін ылғалдан қорғаңыз. Камера кабелі (1) және камера бастиегі (2) дұрыс монтаждалған күйде су өткізбейді, қол құрылғысы (13) шашыранды судан қорғалған. Алайда аккумулятор (14) және батарея адаптері судан қорғалмаған, оларға су тисе, ток соғу немесе зақым келтіру қаупі туындайды. ▶ Камера бастиегіндегі (2) объектив буланған жағдайда, тексеру камерасын қолданбаңыз. Тексеру камерасын ылғал буға айналып кеткеннен кейін ғана қосыңыз. Кері жағдайда тексеру камерасы зақымдалуы мүмкін. ▶ Қосылған шам (3) жұмыс барысында қызып кетуі мүмкін. Күйіп қалмау үшін шамға тимеңіз. ▶ Тексеру камерасына айрықша температура немесе шұғыл температура өзгерістері әсер етпеуі тиіс. Оны, мысалы, автомобильде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Үлкен температура өзгерістерінің жағдайында алдымен тексеру камерасын пайдаланбас бұрын оның температурасын қалпына келтіріңіз.
Колданыска енгізу
Косу/өшіру
Тексеру камерасын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (6) немесе ортаңғы түймені (9) басыңыз.
Нұсқау: егер құрылғыны қосқан кезде камера кабелі монтаждалмаған болса, дисплейде қате туралы хабар көрсетіледі.
Тексеру камерасын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (6) дисплей сөнгенше басыңыз.
Біраз уақыт бойы тексеру камерасындағы ешқандай түйме басылмаған болса, ол аккумуляторлардың немесе батареялардың қуатын үнемдеу үшін автоматты түрде өшіп қалады. Өшіру уақытын басты мәзірде белгілеуге болады.
Камера бастиегіндегі шамды реттеу
Шамды реттеу үшін солға жылжыту (8) немесе оңға жылжыту (11) түймесін, қажетті жарықтыққа жеткенше немесе шам өшірілгенше баса беріңіз.
▶ Шамға (3) тікелей қарамаңыз және шамды басқа адамдарға бағыттамаңыз. Шамның жарығы көзді шағылыстыруы мүмкін.
Дисплейдегі кескінді үлкейту/кішірейту (масштабтау)
Дисплей индикаторының үлкейту деңгейін реттеу үшін жоғары жылжыту (7) немесе төмен жылжыту (10) түймесін, қажетті үлкейту деңгейіне жеткенше баса беріңіз.
Басты мәзір
<Бас мәзір> ішіне кіру үшін ортаңғы түймені (9) басыңыз.
Мәзір бойынша шарлау
– Мәзір арқылы айналдырып өту: жоғары жылжыту (7) немесе төмен жылжыту (10) түймесін басыңыз. – Ішкі мәзірге ауысу: ортаңғы түймені (9) немесе оңға жылжыту түймесін (11) басыңыз. – Тандалған мәзір опциясын растау: ортаңғы түймені (9) басыңыз. – Функцияны виртуалды қосқыш арқылы қосу/өшіру: ортаңғы түймені (9), оңға жылжыту (11) немесе солға жылжыту (8) түймесін басыңыз. Бұл жағдайда реттеу де сақталады. – Келесі жоғарырақ мәзірге қайту: қосу/өшіру түймесін (6) қысқаша басыңыз. – Басты мәзірден шығу және камера индикаторына қайту: қосу/өшіру түймесін (6) қысқаша басыңыз.
Мәзір опциялары
- : функцияны қосыңыз немесе өшіріңіз. AutoUp функциясының көмегімен суретті, "жоғарғы жақ" дисплейде де жоғарғы жақта көрсетілетіндей бұраңыз (F суретін қараңыз). Нұсқау: айна (29) монтаждалған және/немесе камера кабелі (1) тігінен тураланған жағдайда, функция шектеулі болады. – <Галерея>: осы жерде түсірілген фотолар мен видеоларды шақыруға болады. Төмен жылжыту (10) немесе жоғары жылжыту (7) түймесі арқылы күндеріңіз бойынша қажетті файлдарды таңдаңыз. Тандалған фотолардың немесе видеолардың алдын ала көрінісін шақыру үшін оңға жылжыту түймесін (11) немесе ортаңғы түймені (9) басыңыз. Тандалған файлды ашу үшін ортаңғы түймені (9) басыңыз. Нұсқау: Micro-SD картасы (20) енгізілген кезде, тек Micro-SD картасында сақталған файлдар көрсетіледі. Фотоларды ішкі жадтан шақыру үшін Micro-SD картасын (20) шығарып алу керек.
- <"Камера" режимі>: <Фото> және <Видео> арасында түсіру үшін таңдаңыз. – <Экран жарықтығы>: дисплей үшін қажетті жарықтықты реттеп шығыңыз.
- <Түсі>: дисплей үшін түрлі-түсті индикаторды қосыңыз немесе өшіріңіз (өшірулі: индикатор қара-ақ түсте).
- <Құрылғы реттеулері>
- <Күні және уақыты>: файлдарды сақтау үшін күн мен уақытты реттеңіз және күн мен уақыт пішімін таңдаңыз.
Нұсқау: күн мен уақыт әрі қарай сақталмаса, бұл кіріктірілген түймелі элемент зарядының таусылғанын білдіреді. Бұл жағдайда өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
• <Тіл>: индикаторда пайдаланылатын тілді таңдаңыз. - <Мынадан кейін өшіру: ...>: ешбір түйме басылмаған кезде тексеру камерасы автоматты түрде өшірілетін уақыт аралығын таңдаңыз.
– <Құрылғы туралы ақпарат>: осы жерде орнатылған бағдарламалық жасақтаманың нұсқасы және құқықтық ақпарат сияқты құрылғы туралы ақпарат орналасқан. – <Әдепкі реттеулер>: барлық мәзір опцияларын әдепкі күйге қайтаруға болады. Дәл сол уақытта сақталған барлық файлдар біржолата жойылады.
Жазбаларды сақтау/тасымалдау
Фото/видео түсіру
Micro-SD картасы (20) енгізілген болса, фотолар мен видеолар картаға сақталады. Micro-SD картасы салынбаған кезде, фотолар тексеру камерасының ішкі жадына сақталады да, видео түсіру мүмкін болмайды.
Фото режимі: ағымдағы дисплей индикаторын суретке түсіру үшін фото/видео түсіру түймесін (12) басыңыз.
Видео режимі: видео түсіруді бастау үшін фото/видео түсіру түймесін (12) басыңыз, аяқтау үшін фото/видео түсіру түймесін (12) немесе ортаңғы түймені (9) басыңыз.
Фото мен видео режимдерінің арасында ауысу әрекеті <Бас мәзір> арқылы жүзеге асырылады.
Деректерді тасымалдауға шолу
- Фото файлдарын ішкі жадтан Micro-SD картасына (20) тасымалдау: Micro-SD картасы (20) салынған кезде, дисплейде тексеру камерасының ішкі жадында сақталған деректерді Micro-SD картасына тасымалдау қажеттігі туралы сұрақ көрсетіледі. – Фото файлдарын ішкі жадтан USB Type-C® арқылы тасымалдау: тексеру камерасына ешқандай Micro-SD картасы (20) салынбаған болса ғана тасымалдау мүмкін болады.
- Файлдарды Micro-SD картасынан (20) тасымалдау: файлдарды салынған Micro-SD картасынан (20) USB Type-C® арқылы тасымалдауға немесе Micro-SD картасын (20) шығарып, басқа құрылғыны пайдалануға болады.
Micro-SD картасын енгізу
Жоғарғы қаптаманы (16) ашып, Micro-SD картасын (20) дұрыс бағдар бойынша ұяшыққа (18) тірелгенше салыңыз. Жоғарғы қаптаманы абайлап қайта жабыңыз.
Деректерді USB Type-C® интерфейсі арқылы тасымалдау
Деректерді USB Type-C® арқылы тасымалдау үшін тексеру камерасын қосыңыз. USB Type-C® ұясының (17) қақпағын ашыңыз. USB Type-C® ұясын USB Type-C® кабелі (19) арқылы дербес компьютерге жалғаңыз.
Дербес компьютеріңізде файл браузерін ашып, файлдарды тасымалдау үшін диск жетегін таңдаңыз. Диск жетегінің атауы келесідей:
– тексеру камерасына ешқандай Micro-SD картасы салынбаған болса: Bosch_GIC – атауы жоқ Micro-SD картасы тексеру камерасына салынған болса: USB диск жетегінің стандартты атауы – атауы бар Micro-SD картасы тексеру камерасына салынған болса: Micro-SD картасының атауы
Сақталған файлдарды тексеру камерасының ішкі жадынан немесе Micro-SD картасынан көшіруге, дербес компьютеріңізге жылжытуға немесе жоюға болады. Қажетті әрекетті аяқтағаннан кейін диск жетегін әдеттегідей ажыратыңыз.
Нұсқау: әрдайым алдымен диск жетегін дербес компьютердің операциялық жүйесінен ажыратыңыз (диск жетегін шығару), әйтпесе тексеру камерасының ішкі жады зақымдалуы мүмкін.
USB Type-C® кабелін шығарып алыңыз (тексеру камерасы автоматты түрде өшеді). Шаңнан және шашыранды судан қорғау үшін жоғарғы қақпақты (16) жабыңыз.
Нұсқау: Тексеру камерасын USB Type-C® интерфейсі арқылы тек дербес компьютерге жалғаңыз. Басқа құрылғыларға жалғаған жағдайда, тексеру камерасы зақымдалуы мүмкін.
Нұсқау: USB Type-C® интерфейсі тек деректерді тасымалдау үшін қолданылады, оның көмегімен аккумуляторларды немесе басқа құрылғыларды зарядтау мүмкін емес.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Тексерілетін қоршаған ортаны қарап шығып, әсіресе кедергілерге немесе қауіпті жерлерге назар аударыңыз.
Камера кабелін (1), камера бастиегі тексерілетін ортаға бағытталатындай, бүктеңіз. Камера кабелін абайлап енгізіңіз.
Камера шамының (3) жарықтығын, кескін жақсы анықталатындай, реттеңіз.
Мысалы, қатты шағылысатын заттарды тексергенде, төменірек жарықта немесе қара-ақ контрасты реттеуінде жақсырақ кескін пайда болады.
Егер тексеріліп жатқан заттардың айқындығы дұрыс болмаса, камера бастиегі (2) мен заттың аралығын ұзартыңыз немесе қысқартыңыз.
Қателер – себептері және шешімдері
| Дисплейдегі кате индикаторы | Себебі Шешімі | |
![]() | Ішкі жад толып қалды дерлік | Ішкі жадтан файлдарды жойыңыз немесе Micro-SD картасын (20) салыңыз. |
| (сары түсті ескерту) | ||
![]() | Ішкі жад толып қалды | Ішкі жадтан файлдарды жойыңыз немесе Micro-SD картасын (20) салыңыз. |
| Ішкі жадтағы қате Тексеру камерасын қайта іске қосыңыз. | ||
| (қызыл түсті ескерту) | Мәселе шешілмесе, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз. | |
![]() | Micro-SD картасы толайын деп қалды | Micro-SD картасынан (20) файлдарды жойыңыз. |
| (сары түсті ескерту) | ||
![]() | Micro-SD картасы толып қалды | Micro-SD картасынан (20) файлдарды жойыңыз. |
| Micro-SD картасының қатесі | Micro-SD картасын (20) шығарып, қайта салыңыз. | |
| (қызыл түсті ескерту) | Micro-SD картасын басқа құрылғыда тексеріп шығыңыз. | |
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Қол құрылғысын (13) суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Тексеру камерасын әрдайым таза ұстаңыз. Денсаулыққа зиянды заттарды қамтитын аймақтарда жұмыс істегеннен кейін тексеру камерасы мен барлық көмекші құралдарды мұқият тазалап шығыңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Әсіресе камера объективін (4) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз және қылшықтарға назар аударыңыз.
Кіріктірілген түймелі элементті алмастыру
Түймелі элементті ауыстыру жұмысын Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталығы орындауы қажет.
Назар аударыңыз: түймелі элементті әрдайым бірдей түрдегі түймелі элементке ауыстырыңыз. Жарылыс қаупі бар. Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте алып тастап кәдеге жаратыңыз. Заряды қалмаған батареялар тығыз болмай қалып өнімді зақымдауы немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Тексеру камерасын, батареяларды/аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орауыш материалдарын қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату орындарына тапсыру керек.

Тексеру камерасын және батареяларды/аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
2012/19/EU еуропалық директивасы бойынша істен шыққан тексеру камераларын және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша ақаулы немесе ескі аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинау және қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеу орнына тапсыру қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 303). Кіріктірілген түймелі элементті кәдеге жаратуға тек білікті мамандарға шығаруға рұқсат етіледі.



