PowerClear - Déboucheur électrique RIDGID - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PowerClear RIDGID PDF форматында.
Questions des utilisateurs sur PowerClear RIDGID
0 question sur cet appareil. Repondez a celles que vous connaissez ou posez la votre.
Poser une nouvelle question sur cet appareil
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Déboucheur électrique PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PowerClear - RIDGID және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PowerClear брендінің RIDGID.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PowerClear RIDGID
PowerClear™ Kanal Temizleme MakinesiАғын құбырын тазалағыш PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы Төмендегі сериялық нөмірді жазып алыңыз және атау тақтасында орналасқан өнімнің сериялық нөмірін сақтап қойыңыз.Сериялықнөмір PowerClear™ ағын құбырын тазалау
Осы құралды пайдаланбас бұрын Оператордың нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Осы нұсқаулықты дұрыс түсінбеу және қадағаламау электр тогының соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.999-995-082.09_REV D
Құрылғының сериялық нөмірін жазу үлгісі ...................................................................................................................................................... 365 ЕО сәйкестік мәлімдемесі ........................................................................................................................................................Ішкі артқы мұқабасы Пайдалану мерзіміне берілетін кепілдік ..........................................................................................................................................Артқы мұқаба *Түпнұсқа нұсқаулардың аудармасы Қауіпсіздік нышандары .........................................................................................................................................................................................367 Жалпы электр құралының қауіпсіздік ескертулері
Жұмыс аумағының қауіпсіздігі
Электр құралын пайдалану және оған күтім көрсету
Арнайы қауіпсіздік ақпараты
Ағын құбырларын тазалау құрылғысының қауіпсіздігі
Сипаттама және техникалық сипаттар
Бағыттауыш құбыршекті/AUTOFEED жиынтығын реттеу
Жұмыс алдында тексеру
Құрылғыны және жұмыс аумағын орнату
Торлар немесе басқа өтпелер арқылы өткізу
Ағын құбырын тазалау
Тұрып қалған құралды реттеу
Тұрып қалған құралды босату
Кабельді шығарып алу
Тасымалдауға дайындау
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Ағын құбыры тазалағышын ашу/Барабанды шешу
Қызмет көрсету және жөндеу
PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы 366999-995-082.09_REV DБұл нышан ағын құбырын тазалау кабелінде қолыңыздың, саусағыңыздың немесе басқа дене бөлігіңіздің қысылып, оралып қалу немесе езілу қаупін білдіреді. Жалпы электр құралының қауіпсіздік ескертулері*
Бұл электр құралымен берілген барлық қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларын, суреттерін және сипаттамаларын оқыңыз. Төменде көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ! Ескертудегі "электр құралы" термині желілік (сымды) электр құралын немесе батареямен жұмыс істейтін (сымсыз) электр құралын білдіреді. Жұмыс аумағының қауіпсіздігі
- Жұмыс аумағын таза, әрі жарық ұстаңыз. Ыбырсытылған немесе қараңғы орындар жазатайым оқиғаларға әкеледі. • Электр құралдарын жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаң не түтінді тұтандыруы мүмкін ұшқындарды түзейді. • Электр құралын іске қосқан кезде балалар мен жаныңыздағы адамдарды жақындатпаңыз. Назарыңызды бөлу басқаруды жоғалтуыңызға әкелуі мүмкін. Электр қауіпсіздігі
- Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі керек. Ашаны қандай да бір жолмен мүлдем өзгертпеңіз. Адаптер ашаларын жерге қосылған (тұйықталған) электр құралдарымен пайдаланбаңыз. Түрлендірілмеген ашалар және сәйкес келетін розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
- Жерге қосылған не тұйықталған беттерді, мысалы, құбырларды, радиаторларды, тізбектерді және тоңазытқыштарды ұстамаңыз. Денеңіз жерге тиіп тұрса, электр тогының соғу қаупі артады.
- Электр құралдарын жаңбыр немес ылғал жағдайлар әсерінде қалдырмаңыз. Электр құралына судың енуі электр тогының соғу қаупін арттырады.
- Сымды теріс жолмен пайдаланбаңыз. Сымды электр жабдығын тасу, тарту немесе желіден ажырату үшін пайдалануға болмайды. Сымды қызудан, майдан, үшкір жиектерден немесе қозғалатын бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Зақымданған немесе шатысқан сымдар электр тогының соғу қаупін арттырады.
- Электр құралын сыртта іске қосқан кезде сыртта пайдалануға жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған сымды пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
- Электр құралын дымқыл орында пайдалануға тура келсе, жерге қысқа тұйықталу ажыратқышымен (GFCI) қорғалған қуат көзін пайдаланыңыз. GFCI пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады. Қауіпсіздік нышандары Бұл пайдалану нұсқаулығындағы және өнімдегі қауіпсіздік нышандары және белгі сөздер маңызды қауіпсіздік ақпаратын жеткізу үшін пайдаланылады. Бұл бөлім осы белгі сөздер мен нышандарды жете түсіну үшін берілген. Бұл қауіпсіздік ескертуі нышаны болып табылады. Бұл сізге ықтимал дене жарақаты қауіптері жөнінде ескерту жасау үшін пайдаланылады. Ықтимал жарақаттың немесе өлімнің алдын алу үшін осы нышанда берілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. ҚАУІП алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелетін қауіпті жағдайды білдіреді.ЕСКЕРТУ алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ алдын алмаған жағдайда кішігірім немесе орташа жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.ЕСКЕРТПЕ мүлікті қорғауға қатысты ақпаратты білдіреді.Бұл нышан жабдықты пайдаланбас бұрын пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығуды білдіреді. Пайдалану нұсқаулығында жабдықты қауіпсіз және тиісті түрде пайдалану туралы маңызды ақпарат бар. Бұл таңба көздің жарақаттану қаупін азайту үшін осы жабдықты пайдаланғанда, үнемі бүйір қалқалары бар көзәйнекті не көзілдірікті кию керектігін білдіреді.Бұл таңба электр тогының соғу қаупін көрсетеді.
- Осы нұсқаулықтың Жалпы электр құралы қауіпсіздігінің ескертулері бөліміндегі мәтін талап етілгендей қолданылатын UL/CSA 62841 стандартынан дәлме-дәл алынған. Бұл бөлімде электр құралдарының көптеген түрлеріне арналған жалпы қауіпсіздік әдістері бар. Әрбір сақтық шара әр құралға қолданыла бермейді және кейбіреуі осы құралға қолданылмайды.ЕСКЕРТПЕ ҚАУІП ЕСКЕРТУ САҚТАНДЫРУ PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
367999-995-082.09_REV D
- Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды бақылаңыз және электр құралын пайдаланған кезде саналы түрде әрекет етіңіз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсерінде болғанда электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдаланған кезде зейіннің бір сәт аууы ауыр дене жарақатына әкелуі мүмкін. • Жеке қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз. Үнемі көзді қорғау құралын киіп жүріңіз. Шаңға қарсы респиратор, таймайтын қорғаныш аяқ киімі, дулыға немесе құлақ тығыны сияқты белгілі бір жағдайларда пайдаланылатын қорғаныш жабдығы дене жарақаттарын азайтады. • Еріксіз іске қосылудың алдын алыңыз. Қуат көзіне және/немесе батареяға қоспас бұрын, құрылғыны көтеру немесе тасымалдау алдында қосқыштың ӨШІРУ күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Электр құралдарын саусақты қосқыштың үстіне қойып тасымалдау немесе қосқышы ҚОСУЛЫ электр құралдарына қуат беру оқыс жағдайларға әкеледі.
- Электр құралын ҚОСУ алдында реттегіш кілтті алып тастаңыз. Электр құралының айналмалы бөлігіне бекітулі қалған бұранда немесе кілт дене жарақатына әкелуі мүмкін. • Созылып қол жеткізу әрекетін орындамаңыз. Дұрыс адымдаңыз және үнемі тепе-теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралының басқаруын жақсартуға мүмкіндік береді. • Тиісті түрде киініңіз. Бос киім немесе әшекей тақпаңыз. Шашыңызды, киіміңізді және қолғаптарыңызды қозғалмалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Бос киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
- Егер шаң сору және жинау нысандарын жалғау құрылғылары берілген болса, олардың қосылғанына және тиісті түрде пайдаланылатынына көз жеткізіңіз. Шаң жинағышты пайдалану шаңға қатысты қауіптіліктерді азайтуға мүмкіндік береді. • Құралдарды жиі пайдаланудан олармен таныс болуыңыз сақтығыңызды жоғалтып, құрал қауіпсіздігінің қағидаларының еленбеуіне жол бермеңіз. Абайсыз әрекет әп-сәтте ауыр жарақатқа себеп болуы мүмкін. Электр құралын пайдалану және оған күтім көрсету
- Электр құралына күш түсірмеңіз. Қолдану түрі үшін тиісті электр құралын пайдаланыңыз. Тиісті электр құралы жұмысты дұрыс және өзіне арналған жылдамдықта қауіпсіз орындайды.
- Егер қосқыш оны ҚОСПАСА және ӨШІРМЕСЕ, электр құралын пайдаланбаңыз. Қосқышпен басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу керек.
- Реттеулер орындау, қосалқы құралдарды ауыстыру немесе электр құралдарын сақтау алдында ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе батарея жинағын электр құралынан алып тастаңыз. Мұндай алдын алу қауіпсіздік шаралары электр құралының байқаусызда іске қосылу қаупін азайтады. • Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және электр құралымен немесе құралды пайдалану нұсқауларымен таныс емес адамдарға онымен жұмыс істеуге рұқсат етпеңіз. Электр құралдары оқудан өтпеген пайдаланушылар қолында қауіпті болады. • Электр құралдарына қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің тура келмеушіліктерін немесе қысылып қалуын, бөлшектердің сынуын және электр жабдығының жұмысына әсер ететін басқа жағдайларды тексеріңіз. Егер зақымдалса, электр құралын пайдаланбас бұрын жөндетіңіз. Көптеген оқыс оқиғалар дұрыс қызмет көрсетілмеген электр құралдарына байланысты орын алады. • Кескіш құралдарды өткір, әрі таза күйінде ұстаңыз. Өткір жиектері бар тиісті түрде қызмет көрсетілетін кескіш құралдар әдетте жабыспайды және оларды басқару оңай.
Электр құралын, керек-жарақтарды және құрал қашауларын жұмыс жағдайлары мен орындалатын жұмысты ескере отырып, осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Электр құралын өзге мақсаттарда пайдалану қауіпті жағдайдың орын алуына әкелуі мүмкін. • Тұтқаларды және ұстау беттерін құрғақ және таза күйде, майдан және жақпа майдан таза ұстаңыз. Сырғанақ тұтқалар мен ұстау беттері қауіпсіз қолдануға және күтпеген жағдайларда құралды басқаруға мүмкіндік бермейді. Қызмет көрсету
- Электр құралына білікті жөндеу маманының тек бірдей қосалқы бөлшектерімен қызмет көрсетуін қадағалаңыз. Бұл электр құралы қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді. Арнайы қауіпсіздік ақпараты
Бұл бөлімде осы құралға қатысты маңызды қауіпсіздік ақпараты бар. PowerClear ағын құбырын тазалау құрылғысын пайдаланбас бұрын электр тогының соғу қаупін немесе басқа ауыр дене жарақаты қаупін азайту үшін осы сақтық шараларды мұқият оқыңыз. КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ! Бұл нұсқаулықты пайдаланушының пайдалануы үшін құрылғымен бірге ұстаңыз. PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
368999-995-082.09_REV D
Құрылғыны осы нұсқаулықта сипатталғаннан басқаша REV (кері) айналдырып пайдаланбаңыз.
Қолдарыңызды айналатын барабаннан және бағыттауыш түтікшеден алыс ұстаңыз.
Бос киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз. Шашыңызды және киіміңізді қозғалмалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Егер пайдаланушы не құрылғы суда тұрса, құрылғыны пайдаланбаңыз.
Сипаттама және техникалық
Ағын құбырларын тазалау құрылғысының қауіпсіздігі Құралды пайдалану алдында, дұрыс жұмыс істеуіне көз жеткізу үшін қуат көзінің сымымен бірге берілген жерге қысқа тұйықталу ажыратқышын (GFCI) тексеріңіз.
Тек GFCI арқылы қорғалған ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз.
Айналатын кабельді тек өндіруші кеңес еткен қолғаппен
Кабель айналған кезде кескіштің айналуын тоқтатуына жол бермеңіз.
Бір адам кабельді және қосқышты бақылауы керек.
Өндіруші кеңес еткен қолғап ішіндегі латекс немесе резеңке қолғабын, көзілдірікті, бет қалқандарын, қорғауыш киімді және ағын желісінде химиялық заттардың, бактериялардың немесе өзге улы немесе жұқпа заттардың болу ықтималдығында респираторды пайдаланыңыз.
Тиісті гигиенаны сақтаңыз. Құралды қолданған немесе пайдаланған кезде тамақ ішпеңіз немесе шылым шекпеңіз. Ағын құбырын тазалау жабдығын қолданғаннан немесе пайдаланғаннан кейін, қолыңызды және ағын құрамы тиген өзге дене бөліктерін жуу үшін ыстық, сабынды суды пайдаланыңыз.
Ағын құбырын тазалағышты тек кеңес етілген ағын құбыры өлшемдеріне пайдаланыңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде қолғап қиген қолыңызды бағыттауыш құбыршектің/AUTOFEED® бөлігіне қойыңыз.
AUTOFEED бөлігі ағын құбырының аузынан 6 дюйм (15 см) шегінде болған кезде құрылғыны орналастырыңыз немесе қашықтық 6 дюймнен (15 см) асқан кезде ашық кабельді тиісті түрде тіреңіз.
PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы 369999-995-082.09_REV DКабель30 дюймдік бағыттауыш құбыршек ұзартқышыАғызу тығыны ЖақтауТасу тұтқасыAUTOFEED бөлігі және 18 дюймдік бағыттауыш құбыршегі Ашық алдыңғы корпусы қосқышЖерге қысқа тұйықталу ажыратқышы/ Жұмыс ескерту жапсырмасыАЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ (I/0/II) қосқышы 1-сурет – PowerClear ағын құбырын тазалау
Сериялық нөмір тақтасы (астыңғы жағы)Барабан Ескерту жапсырмасы (120 В) орамыAUTOFEED ілмегі 2-сурет – PowerClear ағын құбырын тазалау
Қосқыш белгішелері 3-сурет – Құрылғының сериялық нөмірі
PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы 370999-995-082.09_REV Dәкелуі мүмкін. Тазаламас бұрын ағын құбырының күйін тексерудің ең дұрыс жолы камераны пайдалана отырып, визуалды тексеру болып табылады. Ағын құбырын тазалағышты дұрыс пайдаланбау ағын құбырының тазалағышы мен ағын құбырын зақымдауы мүмкін. Бұл құрылғы барлық бітелген орындарды тазартпауы мүмкін. Құрылғыны құрастыру
Пайдалану кезінде ауыр жарақат қаупін азайту үшін осы тиісті жинақтау рәсімдерін орындаңыз. Жинау алдында АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышы ӨШІРУ күйінде болуы қажет және құрылғы ажыратулы болуы керек. Бағыттауыш құбыршекті/AUTOFEED жиынтығын реттеу PowerClear құрылғысының пайдаланылатын ағын құбыры саңылауынан орналасу қашықтығына қарай AUTOFEED бағыттауыш құбыршегін 18 дюймдік бағыттауыш құбыршек немесе 48 дюймдік бағыттауыш құбыршек ретінде жинақтауға болады. 18 дюймдік бағыттауыш құбыршек құрылғы асүй немесе ванна сөресі сияқты қаяу жанында тікелей орналасқан кезде тиісті түрде жұмыс істейді. 48 дюймдік бағыттауыш құбыршек құрылғы былаудан тыс еденде орналасқан кезде жарамды болуы мүмкін. Пайдаланылатын бағыттауыш құбыршегі ұзындығына қарамастан, AUTOFEED жиынтығы ағын құбыры аузынан 6 дюйм (15 см) шегінде болуы керек. Бағыттауыш құбыршекті 48 дюймнен аса созбаңыз. 1. Егер қажет болса, 18 және 30 дюймдік бағыттауыш құбыршек бөлімдерін жалғаңыз. Жалғама үйкелісті қондырма болып табылады - Сыртқы фитингті ішкі фитингке енгізіңіз және бекітілгенін растаңыз.
2. Кабель шетіндегі қақпақты алып тастаңыз және
лақтырып тастаңыз (Жаңа құрылғы). Бағыттауыш құбыршек және AUTOFEED бөлігі арқылы өткізу үшін барабаннан жеткілікті кабель мөлшерін тартыңыз. 3. Кабельді бағыттауыш құбыршек бойымен жүргізіңіз. Кабель басының AUTOFEED бөлігі арқылы өткізілуі үшін АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ және ШЫҒАРЫП АЛУ тетіктерін көтеріңіз. (5-сурет).Үйкелісті қондырма Құбыршекті корпусқа4-сурет – Кабельді бағыттауыш құбыршекке өткізу 5-сурет – Кабельді AUTOFEED® жиынтығы арқылы өткізу 4. АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ және ШЫҒАРЫП АЛУ тетіктерін босатыңыз.
ұбыршекті алдыңғы корпус алдының үстін басып, бағыттауыш құбыршекті құрылғыға тіркеңіз (4-сурет). Алып тастау үшін үдерісті кері орындаңыз. Жұмыс алдында тексеру
Әрбір пайдалану алдында, электр тогының соғуынан, бұралған немесе үзілген кабельдерден, химиялық күйіктен, жұқпалардан және басқа себептерге байланысты орын алатын ауыр дене жарақаты қаупін азайту және ағын құбыры тазалағышының зақымдалуын болдырмау үшін ағын құбырын тазалау құрылғысын тексеріңіз және ақаулықтарды жойыңыз. Ағын құбыры тазалағышын тексеру кезінде үнемі қорғаныш көзілдіріктерін, былғары жұмыс қолғаптарын және басқа тиісті қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз.
1. Былғары жұмыс қолғаптарын тексеріңіз. Олар бүтін,
тесілмеген не айналатын кабельге ілінуі мүмкін бос бөліктері жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Орынсыз немесе зақымданған қолғаптарды кимеген маңызды. Қолғаптар қолдарыңызды айналатын кабельден және ағын құбырының ішіндегісінен қорғайды. Егер қолғаптар былғары жұмыс қолғаптары болмаса не зақымданған немесе тозған болса, құрылғыны тиісті қолғапты алғанша пайдаланбаңыз. 2. Ағын құбырын тазалау құрылғысының ажыратылғанына көз жеткізіңіз және қуат сымында, жерге қысқа тұйықталу ажыратқышында (GFCI) (егер берілсе) және ашада зақымның бар-жоғын тексеріңіз. Егер аша түрлендірілген болса немесе егер сым зақымдалған болса, электр тогы соғуының алдын алу үшін сымды білікті жөндеу маманы ауыстырғанша құрылғыны пайдаланбаңыз. PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
371999-995-082.09_REV D
АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын АЛҒА күйіне жылжытыңыз. Аяқ қосқышты басып, барабанның айналу бағытын ескеріңіз. Егер аяқ қосқыш құрылғы жұмысын басқармаса, оны жөндегенше құрылғыны пайдаланбаңыз. Барабан алдынан қарағанда сағат тілі бағытына қарсы айналуы қажет және алдыңғы корпустағы барабан бағытына сәйкес келеді (10-сурет). Аяқ қосқышты босатып, барабанды толығымен тоқтатыңыз. АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын КЕРІ күйіне ұстап тұрыңыз және ағын құбыры тазалағышының кері күйінде дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін жоғарыдағы сынақты қайталаңыз. Егер тиісті түрде айналмаса, құрылғыны жөнделгенше пайдаланбаңыз.
9. Тексеру аяқталғанда АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын
ӨШІРУ күйіне жылжытыңыз және құрғақ қолмен құрылғыны ажыратыңыз. Құрылғыны және жұмыс аумағын орнату
лектр тогының соғуынан, өрттен,
кабельдерден зақым алу қаупін төмендету үшін және ағын құбыры тазалағышының зақымдануына жол бермеу үшін ағын құбырын тазалау құрылғысын және жұмыс аумағын осы рәсімдерге сәйкес орнатыңыз
Ағын құбыры тазалағышын орнатқан кезде үнемі қорғаныш көзілдіріктерін және басқа тиісті қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз.
1. Жұмыс аумағында мыналарды тексеріңіз:
- Тиісті жарық мөлшері.
- Жанғыш сұйықтықтардың, булардың немесе тұтануы мүмкін шаңның болуы. Бар болған жағдайда көздері анықталып, түзетілмейінше, аумақта жұмыс істемеңіз. Ағын құбырын тазалағыш жарылысқа төзімді ЕМЕС және ұшқындар шығаруы мүмкін.
Барлық жабдық және пайдаланушы үшін ашық, тегіс, орнықты, құрғақ орын. Құрылғыны суда тұрғанда пайдаланбаңыз. Егер қажет болса, суды жұмыс аумағынан
Тиісті кернеудің жерге дұрыс тұйықталған электр розеткасы. Құрылғының сериялық нөмір тақтасында қажетті кернеуді тексеріңіз. Үш ұш немесе GFCI розеткасы жерге дұрыс қосылмаған болуы мүмкін. Күмәніңіз болса, розетканы рұқсаты бар электр маманына тексертіңіз.
Электр розеткасына қуат сымының ықтимал зақымдау көздері жоқ бөгеуілсіз жол.
2. Тазаланатын ағын құбырын тексеріңіз. Егер мүмкін
болса, ағын құбырына кіру нүктелерін, ағын құбыры өлшемдерін және ұзындықтарын, бактарға не негізгі тармақтарға қашықтықты, кептелу күйін,
Тұтқаларын және басқару тетіктерін қоса ағын құбыры тазалағышын тазалаңыз. Бұл тексеруге көмектеседі және құрылғының немесе басқару тетігінің қысқыштан сырғып кетуіне жол бермейді. Құрылғыны қызмет көрсету нұсқауларына сәйкес тазалаңыз және оған қызмет көрсетіңіз.
4. Ағын құбырын тазалау құрылғысында мыналарды
- Тиісті түрде жинақтау және толықтығы.
- Кез келген сынық, тозған, жоқ, ретсіз немесе жабысқан
- Аяқ қосқыштың ағын құбырын тазалау құрылғысына тіркелгеніне көз жеткізіңіз. Құрылғыны аяқ қосқышпен іске қоспаңыз.
- Ескерту белгісінің бар болуы және оны оқу мүмкіндігі (1 және 2-суреттерді қараңыз).
- AUTOFEED бөлігі тетіктерінің бірқалыпты және еркін қозғалуы (9-сурет).
- Қауіпсіз және қалыпты жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін кез келген жағдай. Егер ақаулықтар табылса, ақаулықтар түзетілгенше ағын құбыры тазалағышын пайдаланбаңыз.
5. Кабельдегі кез келген қоқысты тазалаңыз. Кабельді тозу
және зақымға тексеріңіз. Мыналарды тексеріңіз:
- Кабельдің сыртына оралған көрінетін жазықтықтар (кабель дөңгелек сымнан жасалған және сұлбасы дөңгелек болуы қажет).
- Бірнеше немесе шамадан көп байламдар (15 градусқа дейінгі кішігірім байламдарды түзетуге болады).
- Кабель пішінінің созу, байлану немесе кері өткізу (КЕРІ) арқылы өзгертілгенін көрсететін кабель орамдары арасындағы кеңістік.
Ылғал күйде сақтаудан немесе ағын химиялық заттарының әсерінен орын алатын шамадан көп мүжілу. Тозу мен зақымның барлық түрлері кабельді әлсіретеді және пайдалану кезінде кабельдердің көбірек бұралуына, майысуына не үзілуіне әкеледі. Ағын құбыры тазалағышын пайдаланбас бұрын тозған және зақымдалған кабельді ауыстырыңыз. Құрылғы сыртында кабельдің бөлігі 6 дюймнен (150 мм) аспайтындай кабельдің ішке толық тартылғанына көз жеткізіңіз. Бұл кабельдің басында салбырауына жол бермейді.
6. АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ (I/0/II) қосқышының ӨШІРУ күйіне
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
7. Құрғақ қолмен сымды тиісті түрде жерге қосылған
розеткаға қосыңыз. Дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін электр сымындағы GFCI (егер берілсе) тексеріңіз. Сынақ түймесін басқан кезде “ҚАЙТА ОРНАТУ” деп белгіленген қызыл түйме аздап қалқып шығуы қажет және құрылғы жұмыс істемейді. ҚАЙТА ОРНАТУ түймесін басып қайта іске қосыңыз. Егер GFCI дұрыс жұмыс істемесе, сымды ажыратыңыз және GFCI жөнделгенше ағын құбырын тазалау құрылғысын пайдаланбаңыз. PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
372999-995-082.09_REV D
ағын құбырын тазалайтын химикаттардың немесе басқа химикаттардың болуын анықтаңыз. Егер ағын құбырында химикаттар болса, осы химикаттармен жұмыс істеу үшін қажетті арнайы қауіпсіздік шараларын түсініп алу маңызды. Қажетті ақпарат бойынша химикат өндірушісіне хабарласыңыз.
3. Қолдану үшін жарамды жабдықты анықтаңыз.
Техникалық сипаттарды қараңыз. PowerClear ағын құбырының тазалағышы әжетханада пайдалануға кеңес етілмейді. Басқа қолдануға арналған ағын құбыры тазалағыштарын RIDGID.com торабындағы Ridge Tool онлайн каталогынан табуға болады
4. Барлық жабдықтың дұрыс тексерілгеніне көз жеткізіңіз.
Егер қажет болса, қорғауыш қақпақтарын жұмыс аумағына орналастырыңыз. Ағын құбырын тазалау процесі қиын болуы мүмкін.
Егер қажет болса, қорғауыш қақпақтарды жұмыс аумағына орналастырыңыз.
- Ағын құбырларының көбісі үшін кабельді ағын құбырындағы айқас белгілер арқылы сабақтауға болады (6A-сурет).
- Қалқымалы ағызу тығынымен қаяу үшін: Көтеру қарнағын және ағызу тығынын алып тастаңыз. Шығуы мүмкін суды ұстап қалу үшін тазалау тығыны немесе тор астына ыдыс қойыңыз. (6B-сурет).
- Басқа қаяулар үшін тазалау тығынын немесе торын алып тастау қажет болуы мүмкін. Шығуы мүмкін суды ұстап қалу үшін тазалау тығыны немесе тор астына ыдыс қойыңыз. (6C-сурет).
- Былаудың тасуы: Былаулар үшін ағын құбыры арқылы өтуге әрекеттенбеңіз, бұл кабельді зақымдайды. Ағын құбырына қатынасу үшін тасу тақтасын және кез келген тетікті алып тастаңыз (6D-сурет). Ағызу тығыныРеттейтін сомынКөтеру қарнағыОрнатуБұрандаA-суретC-суретВ-суретАйқас белгілерТазалау тығыныD-сурет 6-сурет – Ағын құбырына қатынас
Ағын құбырын тазалау құрылғысын резеңке табанға бір деңгейде болатындай және барынша түсетіндей етіп орналастырыңыз. Құрылғыны паласқа немесе құрылғының астыңғы жағындағы ауа саңылауларын бітеуі мүмкін басқа беттерге орналастырмаңыз. AUTOFEED бөлігінің шеті ағын құбыры қатынасынан 6 дюйм (15 см) шегіне жетуі тиіс. Осы күйге жету үшін бағыттауыш құбыршекті қатты тартпау не байламау қажет. Ағын құбырынан алшағырақ қашықтық кабельдің бұралу немесе байлану қаупін арттырады. Егер барабан саңылауы ағын құбырына қатынастан 6 дюйм (15 см) шегінде болып, құрылғыны орналастыру мүмкін болмаса, ағын құбырына қатынасты ұқсас өлшемді құбырмен және фитингтермен созыңыз (7-суретті қараңыз). Кабельді дұрыстап тіремеу кабельдің бұралып және шиыршықталып қалуына әкеліп соғуы мүмкін және кабельге зақым келтіріп, пайдаланушыны жарақаттауы мүмкін. Ағын құбырының ұзартқышыЕң көп 6 дюйм (15 см) 7-сурет – Ағын құбырын Autofeed бөлігінен 6 дюйм (15 см) шегінде созу үлгісі.
Жұмыс аумағын тексеріңіз де, бөгде адамдардың ағын құбыры тазалағышынан және жұмыс аумағынан алшақ ұстау қажеттілігін тудыратын кедергілердің бар-жоғын анықтаңыз. Ағын құбырын тазалау процесі қиын болуы мүмкін және бөгде адамдар пайдаланушыны алаңдатуы мүмкін.
9. Оңай қол жетімді болуы үшін аяқ қосқышты орнатыңыз.
Бағыттауыш құбыршекті және AUTOFEED тетіктерін ұстап басқару, аяқ қосқышты бақылау және АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышына қол жеткізу мүмкіндігіңіз болуы керек.
АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышы ӨШІРУ күйінде екенін растаңыз.
Сымды ашық жол бойымен жүргізіңіз. Құрғақ қолыңызбен ағын құбыры тазалағышын тиісті түрде жерге тұйықталған розеткаға жалғаңыз. Барлық қосылымдарды құрғақ ұстаңыз және жердің бетінде жатқызбаңыз. Егер қуат сымы жеткілікті түрде ұзын болмаса, мынадай ұзартқыш сымды пайдаланыңыз:
- Ағын құбыры тазалағышындағыға ұқсас ашасы бар.
Сыртта пайдалануға белгіленген және сым тағайындауында W немесе W-A (яғни, SOW) бар немесе H05VV-F, H05RN-F түрлерінің немесе IEC түрінің жасақтамасына (60227 IEC 53, 60245 IEC 57) сәйкес келеді. PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
373999-995-082.09_REV D
- Сым өлшемі жеткілікті. Ұзындығы 50 футқа (15,2 м) дейінгі ұзартқыш сымдары үшін 16 AWG (1,5 мм
немесе ауырлау сымды пайдаланыңыз. Ұзындығы 50-100 фут (15,2 м-30,5 м) ұзартқыш сымдары үшін 14 AWG (2,5 мм
) немесе ауырлау сымды пайдаланыңыз. Ұзартқыш сымды пайдаланған кезде ағын құбыры тазалағышындағы GFCI ұзартқыш сымды қорғамайды. Егер розетка GFCI арқылы қорғалмаған болса, ұзартқыш сымда ақау болған жағдайда ток соғуының алдын алу үшін розетка мен ұзартқыш сым арасындағы GFCI типті қосқышты пайдалану ұсынылады. Пайдалану нұсқаулары
Көзіңізді ластан және бөгде заттардан қорғау үшін көзді қорғау құралын киіп жүріңіз. Үнемі күйі жақсы былғары жұмыс қолғаптарын киіңіз. Латекс немесе босап қалған қолғап немесе шүберек кабельге оралып, ауыр дене жарақатына әкелуі мүмкін. Латекс немесе резеңке қолғаптарды тек былғары жұмыс қолғаптарының астында киіңіз. Зақымданған ағын құбырларын тазалау қолғаптарын кимеңіз. Ағын құбырын тазалау жабдығын қолданған және пайдаланған кезде үнемі тиісті жеке қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз. Ағын құбырларында улы, инфекциялы болуы, күйдіруі немесе басқа жағдайларды тудыруы мүмкін химикаттар, бактериялар және басқа заттар болуы мүмкін. Тиісті жеке қорғаныш жабдығына үнемі қауіпсіздік көзілдіріктері және былғары жұмыс қолғаптары кіреді және латекс немесе резеңке қолғаптар, бет қалқандары, көзілдіріктер, қорғаныш киім, респираторлар және темір тұмсықты аяқ киім сияқты жабдықты қамтуы мүмкін. Құрылғы іске қосулы кезде кабель шетінің бұрылуды тоқтатуына жол бермеңіз. Бұл кабельге күш түсіріп, оның бұралуына, байлануына немесе үзілуіне әкелуі мүмкін. Бұралған, байланған немесе үзілген кабель соққыға немесе соқтығысу жарақаттарына әкелуі мүмкін. Құрылғы іске қосулы кезде қолғап киген қолыңызды бағыттауыш құбыршекке/AUTOFEED бөлігіне қойыңыз. Бұл кабель басқаруын жақсартады және кабельдің бұралуына, байлануына және үзілуіне жол бермеуге көмектеседі. Бұралған, байланған немесе үзілген кабель соққыға немесе соқтығысу жарақаттарына әкелуі мүмкін. AUTOFEED бөлігі ағын құбырының аузынан 6 дюйм (15 см) шегінде болған кезде құрылғыны орналастырыңыз немесе қашықтық 6 дюймнен асқан кезде ашық кабельді тиісті түрде тіреңіз. Үлкенірек қашықтықтар кабельдің бұралуына, байлануына немесе үзілуіне әкелетін басқару қиындықтарын тудыруы мүмкін. Бұралған, байланған немесе үзілген кабель соққыға немесе соқтығысу жарақаттарына әкелуі мүмкін. Бір адам кабельді және аяқ қосқышты бақылауы керек. Егер кабель шеті айналуын тоқтатса, пайдаланушы кабельдердің бұралуына, байлануына немесе үзілуіне жол бермеу үшін құрылғы қозғалтқышын ӨШІРЕ алуы керек. Бұралған, байланған немесе үзілген кабель соққыға немесе соқтығысу жарақаттарына әкелуі мүмкін. Бұралған не кабельдерден, кабель ұшының бос тұруынан, құрылғының қисаюынан, химиялық өрттен, инфекциялардан және басқалай себептерден жарақат алу қаупін азайту үшін жұмыс нұсқауларын орындаңыз.
1. Құрылғы мен жұмыс аймағының тиісті түрде
орнатылғанына және жұмыс аймағында бөгде адамдар мен басқа да назар аударушы нәрселердің жоқтығына кез жеткізіңіз.
Кабельді құрылғыдан тартып алып, ағын құбырына салыңыз. Кабельдің ұшы ағын құбырынан шықпайтындай етіп, кемінде бір фут (,3 м) кабельді ағын құбырына салып, құрылғыны іске қосқан кезде айналдыра орап тастаңыз. Кабельдің ашық қалуын және бағыттың өзгеруін барынша азайтып, кабельді тікелей құрылғы шығысынан ағын құбыры саңылауына жүргізіңіз. Кабельді қатты бүкпеңіз – бұл бұралу немесе үзілу қаупін арттыруы мүмкін.
3. Кабель мен құрылғы басқаруын сақтау үшін дұрыс
жұмыс орнын таңдаңыз (9-суретті қараңыз):
- Аяқ қосқышты басқара алатыныңызды тексеріңіз. Аяқ қосқышты әлі баспаңыз. Апат орын алған жағдайда аяқ қосқышты босатып алуыңыз керек.
- Тиісті тепе-теңдіктің бар екенін, шамадан көп созылу қажеттілігі жоқтығын және аяқ қосқышқа, ағын құбырын тазалау құрылғысына, ағын құбырына құлап қалмайтыныңызды немесе басқа қауіптіліктерді тексеріңіз.
- Кабель ағын құбырына және тығынға өткізілген кезде бағыттауыш құбыршекті және AUTOFEED бөлігі тетіктерін басқарып тірей алуыңыз керек.
- АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышы қолжетімді болуы керек. PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
374999-995-082.09_REV D
8-сурет – Жұмыс күйінде
4. АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын АЛҒА күйіне жылжытыңыз.
Аяқ қосқышты әлі баспаңыз. Кабельді осы нұсқауларда көрсетілмейінше, кері айналдыруға болмайды. Ағын құбыры тазалағышын КЕРІ күйінде пайдалану кабельді зақымдауы мүмкін. Кабельді ағын құбырына өткізу AUTOFEED бөлігін бір қолыңызбен ұстаңыз және бөлік шеті ағын құбыры саңылауынан 6 дюйм (15 см) шегінде болатындай етіп оны ұстаңыз (7-суретті қараңыз). Бағыттағыш құбыршек құрылғыны қорғауға көмектеседі және кабель ағын құбырынан алынған кезде онымен бірге шығатын сұйықтықты ұстап қалады. Егер AUTO¬FEED бөлігі ағын құбыры саңылауынан 6 дюйм (15 см) шегінде болмаса, кабель тиісті түрде тірелмейді және кабельдің бұралуына, байлануына немесе үзілуіне әкелуі
Бағыттауыш құбыршектің қолыңызда қалай сезілетініне мән беріңіз. Бағыттауыш құбыршек кабель үстінде болғандықтан, кабельдің жүктемесіне сезімталдық төмен болады және кабель шетінің айналатынын не айналмайтынын айту қиынға соғуы мүмкін. Егер кабель шеті айналмаса, ағын құбыры тазаланбайды. Шығарып алуБағыттағыш құбыршек
9-сурет – Алға жылжыту/шығарып алу арнасының тетігі Кабельдің кемінде бір футы ағын құбырында және AUTOFEED бөлігінің шеті ағын құбыры саңылауынан 6 дюймнен (15 см) кем екенін растаңыз. Құрылғыны іске қосу үшін аяқ қосқышын басыңыз. Кабельді алға ағын құбырына жылжыту үшін АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ тетігін басыңыз (9-сурет). Айналатын кабель ағын құбырына өтеді. Торлар немесе басқа өтпелер арқылы
Кабельді бөлгіш арқылы алу қиын болса, келесі әдістерді немесе әдістер тіркесімін пайдалануға болады.
- Кабельді айналдырып не айналдырмай кабельге/ бағыттауыш құбыршекке алғашқы, үшкір төмен қарай соққы кабельді тордан өткізуге көмектеседі.
- Екінші әдісі кабельді/бағыттауыш құбыршекті басып тұрып, ағын құбыры тазалағышын КЕРІ күйінде бірнеше секунд пайдалану болып табылады. Кабельді құбырдан өткізу үшін бұл әрекетті жеткілікті түрде орындау керек. Кабельді кері бағытта өткізу кабельді зақымдауы мүмкін. Кабельді КЕРІ күйінде айналдырып, АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ тетігі кабельді шығарып алады және ШЫҒАРЫП АЛУ тетігі кабельді алға жылжытады. Егер бұл әдістер жарамаса, диаметрі кішірек немесе иілгіштеу кабельді не басқа RIDGID ағын құбырын тазалау құрылғысын пайдаланып көріңіз. Ағын құбырын тазалау Кемінде бір қолыңызды бағыттауыш құбыршекке/AUTOFEED бөлігіне қойыңыз. Бағыттауыш құбыршек қолыңызда қалай сезілетініне назар аударыңыз және барабанның айналуын
Кабельді ағын құбырының ішіне өткізген кезде кабельдің/ барабанның баяулауын сезініп көруіңіз және бағыттауыш құбыршектің жүктеле не орала бастағанын сезуіңіз мүмкін (бұл бағыттауыш құбыршектің бұрала не шиыршықтала бастағаны сияқты сезілуі мүмкін). Бұл ағын желісіндегі өтпе (тор, иін, т.б.), ағын құбырындағы жиналу (жақпа май, т.б.) немесе нақты тығындау болуы мүмкін. Кабельді ақырын және мұқият салыңыз. Кабельдің ағын құбырының сыртына шығуына жол бермеңіз. Бұл кабельдің шиыршықталуына, бұралып, сынуына әкеліп соғуы мүмкін. AUTOFEED бөлігінің шетін ағын құбыры саңылауынан 6 дюйм (15 см) шегінде
PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
375999-995-082.09_REV D
Ағын құбырына салынған кабельдің көлеміне назар аударыңыз. Кабельді үлкендеу ағын желісіне немесе ұқсас өтпеге салу кабельдің бұралуына немесе түйінделуіне әкеліп соғуы мүмкін және ағын құбырынан алынуына жол бермеуі мүмкін. Ақаулықтарды болдырмау үшін өтпеге салынатын кабель мөлшерін барынша азайтыңыз. Барабандағы кабель мөлшерін ашық алдыңғы корпус арқылы бақылауға болады (10-сурет). Барабанды “АЛҒА” айналдыруБарабан толықІшінара толықБарабан бос 10-сурет – Барабандағы кабельді қадағалау Тығынды реттеу Егер кабель шеті бұрылуын тоқтатса, ол бұдан әрі ағын құбырын тазартпайды. Егер кабель шеті тығында тұрып қалған болса және қуат ағын құбыры тазалағышына берілсе, кабель ағын құбырының сыртында орала (бұл бағыттауыш құбыршектің бұрала не шиыршықтала бастағаны сияқты сезілуі мүмкін) не жинала бастайды. Қолыңызды бағыттағыш құбыршекке қойған кезде осы оралу сезілуі мүмкін және кабельді басқара аласыз. Кабельдің оралғанын сезген кезде немесе егер кабель шеті бұрылуын тоқтатса, дереу АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ арнасын босатыңыз және кабель шетін тығыннан босату үшін ШЫҒАРЫП АЛУ арнасының тетігін басыңыз. Егер кабель шеті тығында тұрып қалса, кабельдің айналуына жол бермеңіз. Кабель шеті бұрылуын тоқтатқанда, барабан айналуын жалғастырса, кабель бұралуы, байлануы не үзілуі мүмкін. Кабель шеті тығыннан босап, кабель шеті қайта айналған кезде айналатын кабель шетін ақырын тығынға қайта салуға болады. Бұралатын кабель шетінің тығынды толық бұзуы үшін оның ішінде "қалуына" мүмкіндік беріңіз. Кабель шетін тығындау арқылы күштеп өткізуге тырыспаңыз. Кабель шетін толығымен тығыннан (тығындардан) өткенше және ағын құбыры аққанша жүргізіңіз. Тығынды реттеген кезде кабель шеті тығындағы қалдықтарымен және кесінділерімен бітелуі мүмкін. Бұл әрі қарайғы ілгерілеудің алдын алады. Кабельді ағын құбырынан шығарып алу және қоқысты кетіру қажет. “Кабельді шығарып алу” ішіндегі бөлімді
Егер кабель шеті тығынға ілініп қала берсе, басқа RIDGID ағын құбыры тазалағышын пайдалану қажет болуы мүмкін. Тұрып қалған құралды реттеу Егер кабель шеті бұрылуын тоқтатса және кабельді тығыннан кері тарту мүмкін болмаса, аяқ қосқышты босатыңыз, AUT- OFEED бөлігі мен бағыттауыш құбыршекті қатты ұстаңыз және беру тетігін босатыңыз. Қолыңызды бағыттауыш құбыршектен алмаңыз, әйтпесе кабель байлануы, бұралуы не үзілуі мүмкін. Қозғалтқыш тоқтап, кабель мен барабан кабельде сақталған энергия қуаты босатылғанша төмен қарай жылжиды. Қолыңызды AUTOFEED бөлігінен және бағыттауыш құбыршектен қысым түскенше алмаңыз. АЛҒА/ ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын ӨШІРУ күйіне қойыңыз. Тұрып қалған құралды босату Егер кабель тығында тұрып қалса, АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын КЕРІ күйінде ұстаңыз. Екі AUTOFEED тетігін босатып, аяқ қосқышты тығыннан босағанша бірнеше секунд басыңыз. Кабель шетін тығыннан босату үшін құрылғыны КЕРІ күйінде қажеттіден артық уақыт пайдаланбаңыз, әйтпесе кабель зақымдалуы мүмкін. АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын АЛҒА күйіне қойып, ағын құбырын тазалауды жалғастырыңыз. 11-сурет – Кабельді шығарып алу Кабельді шығарып алу
1. Ағын құбыры ашық болған кезде, егер мүмкін болса,
желіден қоқысты шаю және шығарып алынған кабельді тазалау үшін су ағынын ағын құбырымен жіберіңіз. Мұны жүйедегі шұраны қосу арқылы не басқа әдіспен орындауға болады. Су деңгейіне мән беріңіз, себебі ағын құбыры қайта қосылуы мүмкін. PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы 376999-995-082.09_REV D 2. АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышы АЛҒА күйінде болуы қажет, қосқыш КЕРІ күйінде болғанда кабельді алмаңыз, бұл кабельді зақымдауы мүмкін. Кабельді ағын құбырына өткізген секілді, кабельдер шығарып алу кезінде ұсталуы мүмкін. Кабельді шығарып алу үшін ШЫҒАРЫП АЛУ тетігін басыңыз (11-сурет). Басқару үшін қолдарыңызды AUTOFEED бөлігінде және бағыттауыш құбыршекте қатты ұстаңыз. Кабель шеті шығарып алу кезінде ілініп қалуы мүмкін. Құрал ағын құбырының аузының ішіне жеткенше кабельді тартыңыз. Беру тетігін босатыңыз. 3. Аяқ қосқышты босатып, барабанның барынша тоқтауына мүмкіндік беріңіз. Кабель айналып жатқанда ағын құбырынан кабель шетін тартпаңыз. Құрал оралып қалған жағдайда жарақаттануға әкеліп соғуы мүмкін. 4. АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын ӨШІРУ күйіне орналастырыңыз және құрғақ қолмен құрылғыны ажыратыңыз. Қалған кабельді ағын құбырынан қолыңызбен алып, ағын құбырын тазалау құрылғысына салыңыз. Қажетінше, тазалауды жоғарыдағы үдерісті сақтап жалғастырыңыз. Толық тазалау үшін желіден бірнеше рет өткізген жөн. Құрылғыны ағызу Егер құрылғыны ағызу қажет болса, құрылғыны ӨШІРІҢІЗ және құрғақ қолмен құрылғыны ажыратыңыз. Ағызу тығынын (1-суретті қараңыз) және ағын құбырын алып тастаңыз. Қажет болған кезде құрылғының артқы шетін көтеруге болады. Тасымалдауға дайындау Сым мен аяқ қосқыш құбыршегін сым орамына ораңыз. 12-суретте көрсетілгендей бекітіңіз. AUTOFEED бөлігін ілмекке бекітіңіз.12-сурет – Тасымалдауға дайындау Техникалық қызмет көрсету
Қандай да бір техникалық қызмет көрсетпес бұрын АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышы ӨШІРУ күйінде болуы қажет және құрылғы өшірулі болуы керек. Қызмет көрсетуді орындаған кезде үнемі қорғаныш көзілдіріктерін және басқа тиісті қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз. Ағын құбыры тазалағышын ашу/ Барабанды шешу Тазалау немесе кабельді ауыстыру үшін құрылғыны ашу: 1. Егер қажет болса, құрылғыны ағызып жіберіңіз. Бағыттауыш құбыршекті алып тастаңыз (Жинақтау бөлімін қараңыз). 2. Кабельді барабан ішіне өткізіңіз. 3. Үш (3) қақпақ бұрандасын босатыңыз (бірақ шешпеңіз). (13-суретті қараңыз). 4. Алдыңғы корпусты тартып шығарыңыз. 5. Барабанды алға тартып шығарыңыз. 6. Қайта жинау үшін үдерісті кері орындаңыз. Жетекке енгізу үшін барабанды айналдыру қажет болуы мүмкін. Барабан тығырығының барабанға тиісті түрде орналастырылғанына көз жеткізіңіз.Корпус бұрандасыБарабан тығырығыКорпус бұрандасы13-сурет – Ағын құбыры тазалағышын ашу Пайдаланғаннан кейін құрылғыны тазалаңыз. Бағыттауыш құбыршекті және барабанды/кабельді құрылғыдан алып тастаңыз. Қажет болған кезде жұмсақ жуу құралын немесе бактерияға қарсы ерітіндіні пайдалануға болады. Еріткіштерді, қырнау немесе басқа қатты тазалау құралдарын пайдаланбаңыз. PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы 377999-995-082.09_REV DҚұрылғы Алдыңғы корпус Барабан және кабель AUTOFEED бөлігі Бағыттауыш құбыршек Кабельді ауыстыру (Жинақтау бөлімін қараңыз)(13-сурет) (14-сурет). (15-сурет) 15-суреттеБұрандаларКабель 14-сурет – Барабан артын алып тастау
15-сурет – Кабельді ішкі барабанға тіркеу (16-сурет)Барабан тығырығы16-сурет – Барабанды құрылғы ішіне енгізу Қосымша жабдық
Ауыр дене жарақаты қаупін азайту үшін төменде көрсетілген RIDGID PowerClear ағын құбырын тазалау құрылғысымен пайдалануға арнайы жасақталған және кеңес етілген қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз.
PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
378999-995-082.09_REV D
PowerClear ағын құбырын тазалау құрылғысы үшін қолжетімді жабдық туралы қосымша ақпаратты RIDGID каталогында және RIDGID.com торабында онлайн табуға
Құрылғыны сақтау Ағын құбыры тазалағышын құрғақ күйде және жай ішінде немесе сыртта сақтаған кезде барынша жауып қою керек. Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін және ағын құбырын тазалау құрылғыларымен таныс емес адамдардан алшақ, құлыптаулы аумақта сақтаңыз. Құрылғы тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. Қызмет көрсету және жөндеу
Орынсыз қызмет көрсету немесе жөндеу құрылғы пайдалануын қауіпті етуі мүмкін. Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары осы құрылғының көптеген қызметтік қажеттіліктерін қамтиды. Осы бөлімде көрсетілмеген қандай да бір мәселелерді RIDGID өкілетті қызмет көрсету маманы ғана шешуі қажет. Құралды RIDGID өкілетті тәуелсіз қызмет көрсету орталығына апару немесе зауытқа қайтару қажет. Ең жақын RIDGID өкілетті тәуелсіз қызмет көрсету орталығы немесе кез келген қызмет не жөндеу сұрақтары бойынша ақпарат алу үшін:
- Жергілікті RIDGID дистрибьюторына хабарласыңыз.
- Жергілікті RIDGID байланыс орнын табу үшін RIDGID.com торабына кіріңіз.
- Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне rtctechservices@emerson.com мекенжайы немесе АҚШ пен Канада аумағында (800) 519-3456 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласыңыз.
PowerClear ағын құбырын тазалау құрылғысының бөлшектерінде құнды материалдар бар және оларды қайта өңдеуге болады. Жергілікті жерде орналасқан қайта өңдеумен айналысатын компаниялар бар. Құрамдастарды барлық қолданылатын талаптарға сәйкес кәдеге жаратыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қалдықтарды реттеу ұйымына хабарласыңыз. ЕО елдері үшін: Электр жабдығын тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз! Еуропаның 2012/¬19/EО Қалдық электр және электрондық жабдық бойынша нұсқаулығына және оның ұлттық заңнамаға енгізілуіне сәйкес, бұдан әрі пайдаланылмайтын электр жабдығы бөлек жиналып, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін түрде тасталуы керек. PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
379999-995-082.09_REV D
Ақаулықтарды жою АҚАУЛЫҚ ЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕРІ ШЕШІМІ Кабельдің майысуы немесе үзілуі. Кабельге күш түседі. Кабельге күш түсірмеңіз! Бұрғыға жұмыс істетіңіз. Кабель дұрыс құбыр диаметрінде пайдаланылмайды. Құбыр үшін тиісті кабельді пайдаланыңыз. Керісінше қосылған мотор. Реверсті тек кабель тығынға ілініп қалған жағдайда пайдаланыңыз. Қышқыл тиген кабель. Кабельдерді жиі тазалап тұрыңыз. Кабель тозған. Егер кабель тозса, оны ауыстырыңыз. Кабель дұрыс бекітілмеген. Кабельді тиісті түрде бекітіңіз, нұсқауларды қараңыз. Кабель аяқ қосқыш басылған кезде айналуын тоқтатады. Аяқ қосқыш қайта басылған кезде қайта іске қосылады. Аяқ қосқышы не құбыршектегі саңылау. Зақымданған компонентті ауыстырыңыз. Диафрагма қосқышындағы саңылау. Егер тепкіде не құбыршекте ақаулық табылмаса, ауыстырыңыз диафрагмалық қосқышты. Кабель тек бір бағытқа бұрылады. АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышы ақаулы. Қосқышты ауыстырыңыз. Жерге тұйықталу тізбегін сөндіруші құрылғы қосылғанда немесе аяқ тепкісі басылғанда іске
Қуат сымы зақымданған. Сым жиынын ауыстырыңыз. Моторда қысқа тұйықталу орын алды. Қозғалтқышты ең жақын RIDGID тәуелсіз қызмет орталығына апарыңыз. Жерге тұйықталу тізбегін сөндірушінің
Сым жиынын ауыстырыңыз. Моторда, қосқыш қорабында не ашада
Ағын тазалағышын ең жақын RIDGID тәуелсіз қызмет орталығына апарыңыз. AUTOFEED бөлігі
AUTOFEED бөлігі қоқысқа толы. AUTOFEED бөлігін тазалаңыз. AUTOFEED бөлігін майлау қажет. AUTOFEED бөлігін жеңіл өндірістік маймен майлаңыз. Ағын құбырын тазалау кезінде құрылғы шайқалады немесе жылжиды. Кабель біркелкі таралмаған. Барлық кабельді тартып шығарыңыз және қайта өткізіңіз, біркелкі таратыңыз. Тіреулер жерде емес. Тегіс орнықты бетке орналастырыңыз. Жер тегіс емес. Тегіс орнықты бетке орналастырыңыз. PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы 380EC DECLARATION
Dichiariamo che le macchine elencate in alto, se utilizzate in conformità con il manuale dell'operatore, soddisfano i relativi requisiti delle Direttive e degli Standard specificati di seguito. ЕО СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ Біз жоғарыда көрсетілген құрылғылардың пайдаланушы нұсқау - лығына сәйкес пайдаланылған жағдайда төменде көрсетілген Дирек- тивалар мен Стан дарт тар дың тиісті талаптарына жауап беретінін мәлімдейміз. EG-CONFORMITEITSVERKLARING Hierbij verklaren wij dat de hierboven vermelde machines, mits gebruikt in overeenstemming met de handleiding, voldoen aan de relevante eisen van de hieronder vermelde richtlijnen en normen. CE-SAMSVARSERKLÆRING Vi erklærer at maskinene oppført over oppfyller de relevante kravene i direk- tiver og standarder oppført under dersom de brukes i henhold til bruksanvis- ningen. RIDGID
ОңайНұсқаулық