HC300 - Ара RIDGID - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HC300 RIDGID PDF форматында.
Questions des utilisateurs sur HC300 RIDGID
0 question sur cet appareil. Repondez a celles que vous connaissez ou posez la votre.
Poser une nouvelle question sur cet appareil
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HC300 - RIDGID және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HC300 брендінің RIDGID.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HC300 RIDGID
Қауіпсіздік нышандары Бұл пайдалану нұсқаулығындағы және өнімдегі қауіпсіздік нышандары және белгі сөздер маңызды қауіпсіздік ақпаратын жеткізу үшін пайдаланылады. Бұл бөлім осы белгі сөздер мен нышандарды жете түсіну үшін берілген. Бұл қауіпсіздік ескертуі нышаны болып табылады. Бұл сізге ықтимал дене жарақаты қауіптері жөнінде ескерту жасау үшін пайдаланылады. Ықтимал жарақаттың немесе өлімнің алдын алу үшін осы нышанда берілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. ҚАУІПҚАУІП алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелетін қауіпті жағдайды білдіреді. ЕСКЕРТУЕСКЕРТУ алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді. САҚТЫҚСАҚТЫҚ алдын алмаған жағдайда кішігірім немесе орташа жарақатқа әкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.ЕСКЕРТПЕЕСКЕРТПЕ мүлікті қорғауға қатысты ақпаратты білдіреді.Бұл нышан жабдықты пайдаланбас бұрын пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығуды білдіреді. Пайдалану нұсқаулығында жабдықты қауіпсіз және тиісті түрде пайдалану туралы маңызды ақпарат бар.Бұл нышан қолдардың, саусақтардың немесе өзге дене бөлігінің жүзбен кесілу қаупін білдіреді.Бұл таңба көздің жарақаттану қаупін азайту үшін осы жабдықты пайдаланғанда, үнемі бүйір қалқалары бар көзәйнекті не көзілдірікті кию керектігін білдіреді.Бұл таңба электр тогының соғу қаупін көрсетеді.Бұл нышан қозғалғыш бөлік немесе басқа айналатын бөліктерге немесе арасында саусақтың, қолдың, киімнің және басқа заттардың ілініп қалу және езіп, жарақатқа әкелу қаупін білдіреді.Бұл нышан шатысу қаупін азайту үшін осы құрылғыны пайдаланған кезде қолғап кимеу керектігін білдіреді.Бұл нышан бас жарақаты қаупін азайту мақсатында жоғарыда жұмыс істеген кезде дулыға кию керектігін білдіреді. Жалпы қауіпсіздік ережелері
Барлық нұсқауларды оқып шығыңыз және түсініңіз. Төменде көрсетілген барлық нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ! Жұмыс аумағы
- Жұмыс аумағын таза, әрі жарық ұстаңыз. Ретсіз орындықтар мен қараңғы орындар оқыс оқиғаларға әкелуі мүмкін.
- Электр құралдарын жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз. Электр құралдары шаң не түтінді тұтандыруы мүмкін ұшқындарды түзейді.
- Жаныңыздағы адамдар, балалар және келушілер электр құралының жұмысы барысында алшақ болуы керек. Назарыңызды бөлу басқаруды жоғалтуыңызға әкелуі Электр қауіпсіздігі
- Жерге қосылған құралдарды барлық талаптар мен ережелерге сәйкес тиісті түрде орнатылған және жерге қосылған розеткаға жалғау керек. Жерге қосу істігін алып тастамаңыз және ашаны қандай да бір жолмен өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер ашаларын пайдаланбаңыз. Розетканың жерге дұрыс қосылғанына күмәнді болсаңыз, білікті электр маманымен кеңесіңіз. Егер құралдың электр ақауы болса не бұзылған болса, жерге қосу электр тогын пайдаланушыдан алып кету үшін төменгі кедергі жолын қамтамасыз етеді.
- Құбырлар, радиаторлар, желілер және рефрижераторлар сияқты жерге қосылған беткейлерге денені тигізбеңіз. Денеңіз жерге тиіп тұрса, электр тогының соғу қаупі артады.
- Электр құралдарын жаңбыр немесе ылғал жағдайлар әсерінде қалдырмаңыз. Электр құралына судың енуі электр тогының соғу қаупін арттырады.
- Сымды теріс жолмен пайдаланбаңыз. Құралды тасу немесе ашаны розеткадан суыру үшін сымды мүлдем пайдаланбаңыз. Сымды қызудан, майдан, өткір жиектерден немесе қозғалатын бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Зақымданған сымдарды дереу ауыстырыңыз. Зақымданған сым электр тогының соғу қаупін арттырады.
- Осы нұсқаулықтың Жалпы қауіпсіздік ережесі бөлімінде пайдаланылатын мәтін қажет болған кезде қолданылатын UL/CSA 62841 1-шығарылым стандартынан сөзбе- сөз алынған. Бұл бөлімде электр құралдарының көптеген түрлеріне арналған жалпы қауіпсіздік әдістері бар. Әрбір сақтық шара әр құралға қолданыла бермейді және кейбіреуі осы құралға қолданылмайды.HC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
999-998-050.09_REV. D
- Электр құралын сыртта пайдаланғанда, “W-A” неr “W” таңбалы сыртқы ұзартқыш сымды пайдаланыңыз. Бұл сымдар сыртта пайдалануға арналған және электр тогының соғу қаупін азайтады. Жеке қауіпсіздік
- Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды бақылаңыз және электр құралын пайдаланған кезде саналы түрде әрекет етіңіз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі-дәрмек әсерінде болғанда құралды пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдалану кезінде зейіннің бір сәт аууы ауыр дене жарақатына әкелуі мүмкін. • Тиісті түрде киініңіз. Бос киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз. Ұзын шашты буыңыз. Шашыңызды, киіміңізді және қолғаптарыңызды қозғалмалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Бос киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге ілінісуі мүмкін. • Байқаусыз іске қосылудың алдын алыңыз. Жалғамас бұрын қосқыштың ӨШІРУЛІ күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Электр құралдарын саусақты қосқыштың үстіне қойып тасымалдау немесе қосқышы ҚОСУЛЫ электр құралдарын жалғау келеңсіз жағдайларға әкеледі. • Құралды ҚОСУ алдында реттегіш кілттерді немесе кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналмалы бөлігіне бекітулі қалған бұранда немесе кілт дене жарақатына әкелуі мүмкін.
- Созылып қол жеткізу әрекетін орындамаңыз. Дұрыс адымдаңыз және үнемі тепе-теңдікті сақтаңыз. Тиісті негіз және тепе-теңдік құралды күтпеген жағдайларда жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді.
- Қауіпсіздік жабдығын пайдаланыңыз. Үнемі көзді қорғау құралын киіп жүріңіз. Тиісінше пайдаланылатын шаңнан қорғайтын бетперде, қорғаныш аяқ киім, каска немесе құлақты қорғау құралы жеке жарақаттар ықтималдығын азайтады. Құралды пайдалану және күтім жасау
- Бөлшекті бекіту үшін және тұрақты тұғырға тіреу үшін қысқыштарды немесе өзге ыңғайлы жолды пайдаланыңыз. Жұмысты қолмен немесе денеңізге қарсы орындау сенімді емес және бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
- Құралға күш түсірмеңіз. Қолдану үшін тиісті құралды пайдаланыңыз. Тиісті құрал өзінің мақсатына сай жұмысты жақсырақ, әрі қауіпсіздірек орындайды. • Егер қосқыш оны ҚОСПАСА және ӨШІРМЕСЕ, электр құралын пайдаланбаңыз. Қосқышпен басқарылмайтын кез келген құрал қауіпті болады және оны жөндеу қажет.
- Қандай да бір реттеулер жасау, қосалқы құралдарды ауыстыру немесе электр құралдарын сақтау алдында ашаны қуат көзінен ажыратыңыз. Мұндай алдын алу қауіпсіздік шаралары электр құралының байқаусызда іске қосылу қаупін азайтады.
- Пайдаланылмайтын құралдарды балалардың және басқа да оқудан өтпеген адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Құралдар оқудан өтпеген пайдаланушылар қолында қауіпті болады. • Құралдарды күтіп ұстаңыз. Кескіш құралдарды өткір, әрі таза күйінде ұстаңыз. Өткір кесу жиектері бар сәйкесінше ұсталатын құралдардың жабысып қалу ықтималдығы төмен және оларды басқару оңай. • Қозғалмалы бөлшектердің тура келмеушіліктерін немесе қысылып қалуын, бөлшектердің сынуын және құрал жұмысына әсер ететін басқа жағдайларды тексеріңіз. Егер зақымданса, пайдаланбас бұрын құралға техникалық қызмет көрсетіңіз. Көптеген оқыс оқиғалар дұрыс қызмет көрсетілмеген құралдарға байланысты орын алады.
- Тек өндірушінің үлгіге ұсынған қосалқы құралдарды пайдаланыңыз. Бір құралға жарамды болуы мүмкін қосалқы құралдар басқа құралға пайдаланғанда қауіпті болуы мүмкін. Қызмет көрсету
Құралға техникалық қызмет көрсету тек білікті жөндеу мамандарымен орындалуы керек. Біліксіз маман көрсеткен қызмет немесе техникалық қызмет жарақат алу қаупін тудыруы мүмкін. • Құралға қызмет көрсету кезінде тек ұқсас қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. Осы нұсқаулықтың Техникалық қызмет көрсету бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз. Рұқсат етілмеген бөлшектерді пайдалану немесе Техникалық қызмет көрсету нұсқауларын орындамау электр тогының соғуына не жарақатқа әкелуі мүмкін
Тесік кескіштің қауіпсіздік ескертулері
Бұл бөлімде осы құралға қатысты маңызды қауіпсіздік ақпараты бар. Электр тогының соғу қаупін немесе басқа ауыр дене жарақаты қаупін азайту үшін осы Тесік кесу құралын пайдаланбас бұрын осы сақтық шараларды мұқият оқыңыз. КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ! Бұл нұсқаулықты пайдаланушының пайдалануы үшін құрылғымен бірге ұстаңыз.
- Үнемі тиісті көзді қорғау құралын киіп жүріңіз. Кесу құралдары сынуы не бөлшектенуі мүмкін. Кескен кезде ұшуы не көзге түсуі мүмкін жоңқалар пайда болады.HC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
999-998-050.09_REV. D
- Құрылғыны пайдаланған кезде қолғап немесе бос киім кимеңіз. Жеңдер мен күртелерді тағулы сақтаңыз. Құрылғыға қолыңызды созбаңыз. Киімді құрылғы тартып, нәтижесінде оралып қалуы мүмкін.
- Саусақтарыңыз бен қолыңызды айналатын патронға және араға жақындатпаңыз. Бұл шатысу қаупін және кесу нәтижесіндегі жарақаттарды азайтады.
- Тесік кесу құралын құбырға барынша бекітіңіз. Дұрыс бекітілмеген Тесік кесу құралдары құлап, соққы және езілу жарақаттарына әкелуі мүмкін.
- Қысымды ойым жұмыстарына пайдаланбаңыз. Бар жүйеде кескен кезде кесу алдында құбырды ағызу және қысымын шығару керек. Бұл электр тогының соғу және басқа ауыр жарақат қаупін азайтады.
- Пайдалану алдында, тиісті түрде жұмыс істеуіне көз жеткізу үшін қуат сымымен бірге берілген жерге қысқа тұйықталу ажыратқышын (GFCI) тексеріңіз. GFCI электр тогының соғу қаупін азайтады.
- Жоғарыда жұмыс істегенде, барлық қызметкерлер дулыға киюі және құралдың астындағы аймақтан алшақ болуы қажет. Бұл заттар құлаған жағдайда ауыр жарақат қаупін азайтады.
Тесік кесу құралдарын тек осы нұсқаулықта нұсқалғандай құбырдағы тесіктерді кесу үшін пайдаланыңыз. Басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз не түрлендірмеңіз. Осы құралды басқаша пайдалану немесе басқа мақсаттарда түрлендіру ауыр жарақат қаупін арттыруы мүмкін
- Тесік кесу құралын пайдаланбас бұрын, пайдаланылатын барлық жабдықтың нұсқаулары мен ескертулерін оқыңыз және түсініңіз. Барлық нұсқаулар мен ескертулерді орындамау мүлік зақымына немесе ауыр дене жарақатына әкелуі мүмкін. Механикалық ажарландыру, аралау, қырнау, бұрғылау және басқа құрылыс жұмыстарының нәтижесінде түзілетін тозаң мөлшерінің құрамында обыр ауруына, туа бітетін ақауларға не өзге репродуктивтік қабілет залалына әкелетіні мәлім химиялық заттар бар. Осы химиялық заттардың кейбірлері:
- Қорғасын негізіндегі бояу қорғасыны
- Кірпіштердегі кристалдық кремний қос тотығы және цемент пен өзге тас қалау өнімдері және
- Химиялық түрде өңделген аралау материалындағы күшән
Осы жұмыс түрін орындау жиілігіне қарай осы әсерлердің қауіптері әр түрлі болады. Осы химиялық заттардың сізге әсерін азайту үшін: жақсы желдетілетін орында жұмыс істеңіз және арнайы микроскоптық бөлшектерді сүзіп алуға арналған шаңнан қорғайтын бетперделер секілді рұқсат етілген қауіпсіздік жабдығымен жұмыс
Егер осы RIDGID® өніміне қатысты қандай да бір сұрағыңыз болса: – Жергілікті RIDGID дистрибьюторына хабарласыңыз. – Жергілікті Ridge Tool байланыс орнын табу үшін RIDGID. com немесе RIDGID.eu веб-торабына кіріңіз. – Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне ProToolsTechService@Emerson.com мекенжайы немесе АҚШ пен Канада аумағында 844-789-8665 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласыңыз. HC-450 үлгісінің сипаттамасы, техникалық сипаттары және стандартты жабдығы
RIDGID® HC-450 үлгісіндегі тесік кесу құралы болат құбырында ең көп 4
дюймдік тесік кесуге арналған. Кесілетін тесіктердің түрлі диаметрлері қысымда емес құбыр магистральдеріне ойым жасау үшін Mechani- cal T's®, Hookers®, Vic-O-Lets™ және басқа фитингтерді пайдалану мүмкіндігін береді. HC-450 құрылғысында кесу араларының және кесу аралары жиектемелерінің барлық өлшемдеріне жарамды диаметрі
дюйм қысқыш патрон бар. Кірістірілген электр қозғалтқыш және төмендеткіш редуктор диаметрі үлкен кесу араларының өнімділігін оңтайландырады. Екі беру тұтқасы операторға тесік кесу құралын сол жақтан немесе оң жақтан қолдану мүмкіндігін береді. Құрал негізіндегі айналатын деңгей ампуласы қайталанатын тесіктердің бір деңгейде орналасуын қамтамасыз етеді. Биіктігі 13 дюйм ғана HC-450 үлгісінің шағын құрылымы HC-450 құралын тар жерлерде немесе төбеге жақын орнатылатын құбырдың үстінде пайдалану мүмкіндігін береді. ЕСКЕРТПЕ! Mechanical T's, Hookers және Vic-O-Lets — Victaulic Tool Company компаниясының тіркелген сауда белгілері Техникалық сипаттар Кесілетін тесік диаметрі.................. Ең көп 4
дюйм (120 мм)Мына диаметрлі құбырға орнатылады......................................
- 8 дюйм (30 мм - 200 мм) атронмен қысылатын құрал сағақтарының диаметрлер ауқымы....
дюйм (2 мм - 16 мм)Қысқыш патронның айналу жиілігі...110 айналу жылдамдығыЭлектр қозғалтқыш қуаты.............. 1,2 а.к.Номиналдық тұтынылатын ток..... 120 В мәнінде 12 Ампер220-240 В мәнінде 6 Ампер100 В мәнінде 12 АмперHC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
HC-300 құрамында диаметрі 3 дюйм тесіктерге және өлшемі ең көп
дюйм алты қырлы (патрон
дюйм қысқыш патрон бар. Кірістірілген электр қозғалтқыш және төмендеткіш редуктор кесу араларының өнімділігін және қызмет ету мерзімін жұмыс диаметрлері шегінде оңтайландырады. Бір беру тұтқасы және ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышы қондырғымен жұмыс істеуді жеңілдетеді. HC-300 қондырғысының шағын екі элементті құрылымы қондырғыны тар немесе қол жеткізу қиын аймақтарда қолдану мүмкіндігін береді. ЕСКЕРТПЕ! Mechanical T's, Hookers және Vic-O-Lets — Victaulic Tool Company компаниясының тіркелген сауда белгілері. 2-сурет – Стандартты жабдықпен HC-300 үлгісі ПатронБеру тұтқасы GFIC ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышыЕскерту жапсырмасыТұтқа бұрандасы жиынтығыШынжырПатрон кілті Техникалық сипаттар Кесілетін тесік диаметрі................ Ең көп 3 дюйм (76 мм) Мына диаметрлі құбырға орнатылады....................................
атронмен қысылатын құрал сағақтарының диаметрлер ауқымы...
дюйм (2 мм - 13 мм) Қысқыш патронның айналу жиілігі... 360 айналу жылдамдығы Электр қозғалтқыш қуаты............ 1,2 а.к. Номиналдық тұтынылатын ток... 120 В мәнінде 11 Ампер 220-240 В мәнінде 5,5 Ампер 100 В мәнінде 12 Ампер Дыбыс қысымы (L
- Дыбыс өлшемдері EN 62481-1 стандартына сәйкес келетін стандартталған сынаққа сәйкес өлшенеді. - Шығатын дыбыс орналасқан жеріңізге және осы құралдардың белгілі бір пайдалануына қарай әр түрлі болуы мүмкін. - Дыбыстың күнделікті әсер деңгейлері әрбір қолдану түріне бағалануы және қажет болғанда тиісті қауіпсіздік шаралары қолға алынуы тиіс. Әсер деңгейлерін анықтаған кезде құрал өшіріліп, пайдаланылмайтын уақыт ескерілуі қажет. Бұл жалпы жұмыс кезеңінде әсер деңгейін едәуір азайтуы мүмкін. Дыбыс қысымы (L
- Дыбыс өлшемдері EN 62481-1 стандартына сәйкес келетін стандартталған сынаққа сәйкес өлшенеді. - Шығатын дыбыс орналасқан жеріңізге және осы құралдардың белгілі бір пайдалануына қарай әр түрлі болуы мүмкін. - Дыбыстың күнделікті әсер деңгейлері әрбір қолдану түріне бағалануы және қажет болғанда тиісті қауіпсіздік шаралары қолға алынуы тиіс. Әсер деңгейлерін анықтаған кезде құрал өшіріліп, пайдаланылмайтын уақыт ескерілуі қажет. Бұл жалпы жұмыс кезеңінде әсер деңгейін едәуір азайтуы мүмкін.
дюймдік тесік арасының жиектемесі тіреуіш тілікпен
дюймдік бағыттауыш бұрғымен 1-сурет – Стандартты жабдықпен HC-450 ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышыРеттегіш бұрандаБеру тұтқасыБұрма тұтқаШынжырПатрон кілтіБағыттауыш бұрғыЖиектеме GFCI HC-300 үлгісінің сипаттамасы, техникалық сипаттары және стандартты жабдығы
RIDGID® HC-300 үлгісіндегі тесік кесу құралы болат құбырында диаметрі ең көп 3 дюйм тесік кесуге арналған. Кесілетін тесіктердің түрлі диаметрлері қысымда емес құбыр магистральдеріне ойым жасау үшін Mechanical T's®, Hookers®, Vic-O-Lets™, Weld-O- Let™ және басқа фитингтерді пайдалану мүмкіндігін береді.HC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
999-998-050.09_REV. D
- ӨлшемдерБиіктігі p. 12
- ,8 дюйм (32,5 см)Ұзындығы p. 11
- ,9 дюйм (30,2 см)Ені p. 13
- ,2 дюйм (33,4 см)Жалпы салмағы p. 31
- фунт (14 кг)Негіз p. 10
- фунт (4,5 кг)Электр қозғалтқыш жиынтығы фунт (9,5 кг) Стандартты жабдық p. 21
- Тесік кесу құралы (Негіз және электр қозғалтқыш жиынтығы) • Патрон кілтіXXXXXXXXMMYY3-сурет – Құрылғының сериялық нөмірі HC-450 және HC-300 тесік кескіш құралының сериялық нөмірі электр қозғалтқыштың төменгі жағында орналасқан. Соңғы 4 сан өндірілген айы мен жылын білдіреді (ААЖЖ).
Қуатты ҚОСУ Қуатты ӨШІРУ
Тиісті материалдарды таңдау және орнату, біріктіру және түзу әдістері жүйе жасақтаушысының және/немесе орнатушысының жауапкершілігіне жатады. Жарамсыз материалдарды және әдістерді таңдау жүйенің істен шығуына әкелуі мүмкін
Тот баспайтын болат және басқа коррозияға төзімді материалдар орнату, біріктіру және түзу кезінде ластануы мүмкін. Бұл ластану коррозияны және мезгілінен бұрын бұзылуға әкелуі мүмкін. Химиялық зат пен температураны қоса белгілі бір қызмет көрсету жағдайларына материалдар мен әдістердің жіті бағалануы кез келген орнату әрекеті алдында орындалуы қажет. Жұмыс алдында тексеру
Әр пайдаланған сайын тесік кесу құралын тексеріңіз және электр тогының соғуы және басқа да себептерден болатын қауіптерді азайтып, құрал зақымдануының алдын алу үшін кез келген ақауларды түзетіңіз. 1. Тесік кесу құралының электр қуаты желісінен ажыратылғанына және ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышының ӨШІРУ күйінде екеніне көз жеткізіңіз. 2. Тұтқаларын және басқару тетіктерін қоса құралдан майды, жақпа майды немесе кірді тазалаңыз. Бұл тексеруге және құралдың қысқыштан сырғанап кетуінің алдын алуға көмектеседі. 3. Тесік кесу құралында мыналардың бар-жоғын тексеріңіз:
- Қуат сымында, жерге қысқа тұйықталу ажыратқышында (GFCI) және ашада зақымның не түрлендірудің жоқтығын тексеріңіз.
- Тиісті түрде жинақтау және толықтығы.
- Кез келген сынық, тозған, жоқ, ретсіз немесе жабысқан бөліктер. Электр қозғалтқыш жиынтығының негіз жиынтығының үстіңгі және төменгі тіреулеріне тимей, бірқалыпты мен еркін айналатынына көз жеткізіңіз. Шынжырдың және бұрма тұтқаның еркін қозғалатынын тексеріңіз. HC-300 үлгісінде аша түйіспелері жұмысының дұрыстығын және электр қозғалтқыш жиынтығының негіз жиынтығына бекітпесін тексеріңіз (7-сурет).4A-сурет – HC-450 ескерту жапсырмасыHC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
999-998-050.09_REV. D
4B-сурет – HC-300 ескерту жапсырмалары
Ескерту жапсырмаларының бар-жоғы және оқылуы (4Aжәне4Bсуреттерінқараңыз).
- Қауіпсіз және қалыпты жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін басқа жағдай. Егер ақаулықтар табылса, ақаулықтар түзетілгенше тесік кесу құралын пайдаланбаңыз.
4. Тесік кесу құралымен бірге пайдаланылатын жиектемені,
араны және бұрғыларды тексеріңіз және тозудың, деформацияның, бұзылудың немесе өзге зақымдардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Өтпейтін немесе зақымдалған кесу құралдарын пайдаланбаңыз. Өтпейтін немесе зақымдалған кескіш құралдар қажетті күш мөлшерін арттырады, сапасы төмен кесіктерді жасайды және жарақат қаупін арттырады.
5. Құрғақ қолмен қуат көзі сымын жалғаңыз. Дұрыс жұмыс
істейтініне көз жеткізу үшін электр сымындағы GFCI тексеріңіз. Тексеру түймесі басылған кезде ысыру түймесі қалқып шығуы қажет. Қалпына келтіру түймесін басу арқылы қайта іске қосыңыз. Егер GFCI дұрыс жұмыс істемесе, сымды ажыратыңыз және GFCI жөнделгенше тесік кесу құралын пайдаланбаңыз.
6. Тесік кесу құралын орнықты бетке орналастырыңыз
және тиісті түрде жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қысқыш патроннан алыс тұрыңыз. ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын ҚОСУ күйіне орнатыңыз. Электр қозғалтқыш қосылуы қажет, сондай-ақ, патрон шетінен қараған кезде сағат тілі бағытына қарсы айналуы қажет. Құралда тура келмеушілік, қысылу, оғаш дыбыстар немесе басқа да қалыптыдан тыс жағдайлардың бар-жоқтығын тексеріңіз. ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын ӨШІРУ күйіне орнатыңыз. Егер мәселелер анықталса, жөнделгенше құралды пайдаланбаңыз.
7. Тексеру аяқталғаннан кейін, құрғақ қолмен құралды қуат
көзінен ажыратыңыз. Құрылғыны және жұмыс аумағын
Электр тогының соғуынан, шатысудан, езілуден және басқа себептерге байланысты жарақат алу қаупін азайту және құрал зақымын болдырмау үшін Тесік кесу құралын және жұмыс аумағын осы рәсімдерге сәйкес орнатыңыз. Тесік кесу құралын құбырға барынша бекітіңіз. Дұрыс бекітілмеген Тесік кесу құралдары тайып құлап, соққы және езілу жарақаттарына әкелуі мүмкін. Қысымды ойым жұмыстарына пайдаланбаңыз. Бар жүйеде кескен кезде кесу алдында құбырды ағызу және қысымын шығару керек. Бұл электр тогының соғу және басқа ауыр жарақаттар қаупін азайтады. Жоғарыда жұмыс істегенде, барлық қызметкерлер дулыға киюі және төменгі аймақтан алшақ болуы қажет. Бұл жабдық не басқа заттар құлаған жағдайда ауыр жарақат қаупін
1. Жұмыс аумағында мыналарды тексеріңіз:
- Тиісті жарық мөлшері.
- Жанғыш сұйықтықтардың, булардың немесе тұтануы мүмкін шаңның болуы. Бар болған жағдайда көздері анықталып, түзетілмейінше, аумақта жұмыс істемеңіз. Тесік кескіш жарылысқа төзімді емес және ұшқындар шығаруы мүмкін.
- Барлық жабдық және пайдаланушы үшін таза, тегіс, тұрақты, құрғақ орын болуы керек.
- Тиісті кернеудің жерге дұрыс тұйықталған электр розеткасы. Үш ұш немесе GFCI розеткасы жерге дұрыс қосылмаған болуы мүмкін. Күмәніңіз болса, розетканы рұқсаты бар электр маманына тексертіңіз.
- Электр розеткасына қуат сымының ықтимал зақымдау көзі жоқ бөгеуілсіз жол.
2. Орындалатын жұмысты тексеріңіз. Құбыр түрі мен
диаметрін, әрі құбыр айналасындағы аралықты анықтаңыз. Кесілетін тесік диаметрін және орналасатын орнын анықтаңыз. Тесік кесу орнын нақты белгілеңіз. Фитингті орнатқан жағдайда өндіруші нұсқауларын орындаңыз. Жұмысқа жарамды жабдықты анықтаңыз. ҚұралақпаратыбойыншаСипаттамажәнеТехникалық сипаттарбөлімдерін қараңыз. Тесік кесілетін құбыр сенімді тіреуде және орнықты екеніне көз жеткізіңіз. Құбыр жылжытылмай тесік кесуHC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
999-998-050.09_REV. D
құралының салмағын және кесу кезінде салынатын күштерді көтеруі қажет. Егер бар жүйеде жұмыс істесеңіз, жүйе қысымының шығарылғанына және ағызылғанына көз жеткізіңіз. Тесік кесу құралдарында өндірісті тоқтатпай жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Қысымды жүйелерде немесе ішінде сұйықтықтар бар жүйелерде кесу төгілу, электр тогының соғу және басқа ауыр жарақат себебі болуы мүмкін. Құбырдың ішінде не бар екенін және ішіндегімен байланысты белгілі бір қауіптіліктерді ескеріңіз.
3. Пайдаланылатын жабдықтың тиісті түрде тексерілгенін
4. Жүргізілетін жұмыс үшін тиісті араны таңдаңыз.
Араның нұсқауларға сәйкес тиісті түрде құрылғанына және жұмысқа жарамды күйде екеніне көз жеткізіңіз. Бағыттауыш бұрғыны пайдалану ұсынылады. Бағыттауыш бұрғы ара шетінен 10 мм (
дюйм) шықпауы қажет, сондай-ақ, ол сенімді түрде бекітілуі қажет.
5. Тесік кесу құралын орнықты бетке орналастырыңыз
және араны қысқыш патронға орнатыңыз. Араны немесе бұрғыны орнату немесе ауыстыру алдында ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышының ӨШІРУ күйінде екенін, ал тесік кесу құралының қуат көзінен ажыратылғанын үнемі тексеріңіз.
- Ара сағағы енгізілетіндей етіп, қысқыш патронды барынша кең ашыңыз. Қажет болған кезде патронды ашу үшін арнайы кілтті пайдаланыңыз. Ара сағағының және патрон еріншелерінің таза екеніне көз жеткізіңіз.
- Сағақты патронға толық енгізіңіз. Араның патронда ортасы бойынша тураланғанына көз жеткізіңіз және қысқыш патронды қолмен қатайтыңыз.
Патронды сағаққа барынша бекіту үшін кілтті барлық үш тесікте бұраңыз. Құралды ҚОСУ алдында кілтті қысқыш патроннан шығарып алуды ұмытпаңыз. Тесік кесу құралын құбырға орнату Тесік кесу құралының салмағы шамамен 42 фунтты құрайды. Құралды құбырға орналастыру үшін тиісті көтеру әдісін қолданыңыз, артық күштемеңіз, аяқтарыңыз барлық уақытта тепе-теңдікті сақтау мақсатында тиісті түрде орналасуы қажет. Жағдайларға қарай тесік кесу құралын құбырға орнату үшін екі адам қажет болуы мүмкін. Тесік кесу құралын кез келген бұрышта немесе кез келген бағдарда пайдалануға болады. Құбыр жанындағы немесе астындағы тесікті кескен кезде шынжырды құбыр айналасына бекіту үшін тесік кесу құралын құбырдың үстіне орналастыру, кейін құралды соңғы жұмыс күйіне жылжыту оңайлау болуы мүмкін. HC-450
1. Шынжырдың еркін салбырайтынына, ал бұрма тұтқаның
толық босатылғанына көз жеткізіңіз.
2. HC-450 тесік кесу құралын абайлап көтеріңіз және сына
тәрізді бағыттауыштарды кесілетін тесік орналасқан жерге жақын құбырға тік бұрышта орналастырыңыз. Шынжырдың құбыр мен құрал негізі арасында емес екеніне көз жеткізіңіз.
3. Тесік кесу құралының орнықтылығын және бағытын
қамтамасыз ету үшін кемінде бір қолыңызды құралда ұстаған жөн. Шынжыр шетін ұстаңыз және оны құбыр айналасына ораңыз. Ең жақын шынжыр істікшесін тозуға төзімді тілікке іліңіз және тесік кесу құралын құбырда ұстап тұру үшін бұрма тұтқаны барынша қатайтыңыз. (5-суреттіқараңыз.) 5-сурет – HC-450 шынжырын ілу Тозуға төзімді тілікШынжыр
4. HC-450 тесік кесу құралының негізінде кесілетін тесіктер
тізбегін туралау үшін пайдалануға болатын деңгей ампуласы бар. Тесік кесу құралы қажетті бұрышта орнатылған кезде ампуланы көлденең күйде бұруға болады, сондай-ақ, тесік кесу құралының деңгей ампуласымен көлденең туралануының арқасында кейінгі тесіктер бірдей бұрышта кесіледі. (6-суреттіқараңыз.) 6-сурет – HC-450 тесік кесу құралының деңгей ампуласыHC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
5. Құрал орнықтылығын және бағытын қамтамасыз ету
мақсатында бір қолыңызды құралға қойып, құралдың соңғы күйін реттеу үшін бұрма тұтқаны ақырын босатыңыз. Бағыттауыш бұрғыны қажетті тесік кесу ортасына қатысты туралаңыз және бұрма тұтқаны барынша қатайтыңыз. Құбырға сенімді түрде бекітілгеніне көз жеткізбес бұрын қолыңызды тесік кесу құралынан алмаңыз. Араның қарысып қалу ықтималдығын барынша азайту үшін тесік кесу құралы құбырға сенімді түрде перпендикуляр бекітілу
HC-300 HC-300 құралын құбырға толық жиынтық ретінде орнатуға болады (HC-450 құралына ұқсас) немесе негізгі жиынтықты құралдан бөліп, негізді құбырға бекітіп, қозғалтқыш жиынтығын негіз жиынтығына
1. HC-300 тесік кесу құралын орнықты, сенімді бетке
орналастырып, плунжерді сол жақ тіреудің артынан тартыңыз (7-сурет) және қозғалтқыш жиынтығын көтеріп, негіз жиынтығынан шығарып алыңыз. 7-сурет – Негіз бен қозғалтқыш жиынтықтарын бөлу Плунжер істікшесі
2. Шынжырдың еркін салбырайтынына, ал бұрма тұтқаның
негіз жиынтығында толық босатылғанына көз жеткізіңіз.
3. Сына тәрізді бағыттауыштармен негіз жиынтығын кесілетін
тесік орналасқан жерге жақын құбырға тік бұрышта орналастырыңыз. Шынжырдың құбыр мен құрал негізі арасында емес екеніне көз жеткізіңіз.
4. Негіз жиынтығының орнықтылығын және бағытын
қамтамасыз ету үшін кемінде бір қолыңызды құралда ұстаған жөн. Шынжыр шетін ұстаңыз және оны құбыр айналасына ораңыз. Шынжыр керілген кезде шынжырдың бекітілген шетіндегі серіппе қысылады. Ең жақын шынжыр істікшесін шынжыр ілмегіне іліңіз – серіппенің керілуі шынжыр ілмегіне тіркелген шынжырды ұстап тұруға көмектеседі. Негіз жиынтығын құбырда ұстап тұру үшін бекіткіш жиынтығын барынша қатайтыңыз. (8-суреттіқараңыз.) 8-сурет – Шынжырды ілу
5. Қозғалтқыш жиынтығын абайлап көтеріңіз және қозғалтқыш
жиынтығындағы тіреу саңылауларын негіз жиынтығындағы тіреулермен туралаңыз. Қозғалтқыш жиынтығын негізге бекіту мақсатында плунжердің тіреу тіркемесіне енетіндей етіп, қозғалтқыш жиынтығын басыңыз. Қозғалтқыш жиынтығының негізге сенімді түрде тіркелгенін тексеріңіз. (9-суреттіқараңыз.)
6. HC-300 құралының негізінде тесіктерді туралауға арналған
деңгейлермен пайдаланылатын бірнеше ұнтақталған кесік бар (10-суреттіқараңыз.) 9-сурет – HC-300 қозғалтқыш жиынтығын негіз жиынтығына тіркеуHC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
999-998-050.09_REV. D
10-сурет – HC-300 құралын туралау 7. Құрал орнықтылығын және бағытын қамтамасыз ету мақсатында бір қолыңызды құралға қойып, құралдың соңғы күйін реттеу үшін бекіткіш бұранда жиынтығын ақырын босатыңыз. Бағыттауыш бұрғыны қажетті тесік кесу ортасына қатысты туралаңыз және бекіткіш бұранда жиынтығын барынша қатайтыңыз. Құбырға сенімді түрде бекітілгеніне көз жеткізбес бұрын қолыңызды тесік кесу құралынан алмаңыз. Араның қарысып қалу ықтималдығын барынша азайту үшін тесік кесу құралы құбырға сенімді түрде перпендикуляр бекітілу қажет. HC-300 құралын құбырға толық жиынтық ретінде орнату үшін, шынжырды ілу мен туралауға қатысты HC-300 бөліміндегі ақпаратты пайдаланып, HC-450 бөлімінде көрсетілген қадамдарды орындаңыз. Тесік кесу құралының қуат көзін қосу 1. ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышының ӨШІРУ күйінде екеніне көз жеткізіңіз. 2. Қуат сымының қысқыш патроннан және жұмыс аумағынан қауіпсіз қашықтықта құралдың артқы жағынан жүргізілгеніне көз жеткізіңіз. Сымды ашық жерде электр желісіне өткізіңіз және құрғақ қолмен ашаны желіге жалғаңыз. Барлық қосылымдарды құрғақ ұстаңыз және жердің бетінде жатқызбаңыз. Егер қуат сымы жеткілікті түрде ұзын болмаса, келесідей ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз: • Жақсы күйдегі.
- Құралдағымен ұқсас үш ұшты ашасы бар.
- Сыртта пайдалануға арналған және таңбалауында «W» немесе «W-A» әріптері бар (мысалы, SOW) немесе H05VV-F, H05RN-F түрлеріндегі құрылымдық талаптарға немесе Халықаралық электротехникалық комиссия талаптарына (60227 IEC 53, 60245 IEC 57) сай.
- Жеткілікті көлденең қима сымдарымен жабдықталған (16 AWG (1,5 мм ) 50' (15,2 м) не одан кем ұзындыққа, 14 AWG (2,5 мм ) 50' – 100' (15,2 м – 30,5 м) ұзындыққа). Кішірек сымдар шамадан тыс қызуы, оқшаулағышты балқытуы немесе өрт не басқа да зақымдарды тудыруы мүмкін. Ұзартқыш сымды пайдаланған кезде тесік кесу құралындағы GFCI ұзартқыш сымды қорғамайды. Егер розетка GFCI арқылы қорғалмаған болса, ұзартқыш сымда ақау болған жағдайда ток соғуының алдын алу үшін розетка мен ұзартқыш сым арасындағы GFCI типті қосқышты пайдалану ұсынылады. Пайдалану нұсқаулары
Үнемі тиісті көзді қорғау құралын киіп жүріңіз. Кесу құралдары сынуы не бөлшектенуі мүмкін. Кескен кезде ұшуы не көзге түсуі мүмкін жоңқалар пайда болады.Қысымды ойым жұмыстарына пайдаланбаңыз. Бар жүйеде кескен кезде кесу алдында құбырды ағызу және қысымын шығару керек. Бұл электр тогының соғу және басқа ауыр жарақат қаупін азайтады. Құрылғыны пайдаланған кезде қолғап немесе бос киім кимеңіз. Жеңдер мен күртелерді тағулы сақтаңыз. Құрылғыға қолыңызды созбаңыз. Киімді құрылғы тартып, нәтижесінде оралып қалуы мүмкін.Саусақтарыңыз бен қолыңызды айналатын патронға және араға жақындатпаңыз. Бұл шатысу қаупін және кесу нәтижесіндегі жарақаттарды азайтады.Электр тогының соғуынан, шатысудан, езілуден және басқа себептерге байланысты жарақат алу қаупін азайту және тесік кескіш зақымын болдырмау үшін пайдалану нұсқауларын орындаңыз. 1. Тесік кесу құралының реттелгеніне, ал жұмыс аумағының тиісті түрде ұйымдастырылғанына және жұмыс аумағында бөгде адамдардың және басқа алаңдатушы тұстардың жоқтығына көз жеткізіңіз. 2. Мына мүмкіндіктер беретін дұрыс жұмыс күйін таңдаңыз:
- Тесік кесу құралын басқару, соның ішінде ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын және беру тұтқасын. HC-300 құралында оператор қосқыш пен беру тұтқасы орналасқан жақта тұруы қажет. Құралды әзір ҚОСПАҢЫЗ.
- Тиісті тепе-теңдік. Жұмыс кезінде операторға қолын созу қажет болмайтынына көз жеткізіңіз.
3. ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын ҚОСУ күйіне орнатыңыз. Ара
мен бағыттауыш бұрғының айналу бағытын қадағалаңыз, олардың тіке және тиісті түрде қозғалатынына көз жеткізіңіз. Егер олар шайқалса немесе басқа мәселелер байқалса, қосқышты ӨШІРУ күйіне орнатыңыз жәнеHC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
999-998-050.09_REV. D
құралды қуат көзінен ажыратыңыз, пайдаланбас бұрын кез келген мәселелерді түзетіңіз. Механизмдердің қозғалатын бөлшектеріне түсу ықтималдығын азайту үшін саусағыңызды, қолыңызды және киіміңізді айналатын патроннан алыс ұстаңыз. 4. Екі қолыңызды айналғыға қойыңыз және бағыттауыш бұрғыны құбырға тигенше жылжыта беріңіз. Күш салыңыз және бағыттауыш тесікті бұрғылауды бастаңыз. Бағыттауыш бұрғыға/араға күш салмаңыз. Бұл ара мен құрал қозғалтқышына артық жүктеме түсуіне және жабдықтың мерзімінен бұрын істен шығуына әкелуі мүмкін.11-сурет – Тесік кесу құралымен жұмыс істеу Ара құбырға тиген кезде күш салуды жалғастыра беріңіз. Кесілетін тесік диаметріне және құбыр қабырғасы қалыңдығына қарай жоңқаны кетіру үшін араны ара-тұра аздап кері тарту қажет болуы мүмкін. Қажет болған жағдайда тесік кесу құралын өшіріп, жұмыс дайындамасына тиісті майлау-салқындату сұйықтығы мөлшерін қолдануға болады. Майлау-салқындату сұйықтығын құрал жұмыс істеп тұрған кезде қолдануға тыйым салынады, бұл механизмдердің қозғалатын бөлшектеріне түсу ықтималдығын арттырады. Құрал жұмыс істеп тұрған кезде майлау-салқындату сұйықтығының төгілуіне не шашырауына жол бермеу үшін тиісті қадамдарды орындаңыз. Тесік кесу аяқталғанша ара құбыр бойымен енген сайын, бұрғылауды ара-тұра үзген жөн. Салынатын күшті азайтыңыз, себебі бұл араның қарысып қалуына жол бермейді. 5. Тесік кесу аяқталғаннан кейін, араны құбырдан кері тартыңыз және ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын ӨШІРУ күйіне орнатыңыз. 6. Тесік кесу құралын құбырдан шығарып алу үшін оны орнату рәсімін кері ретпен орындаңыз. Шынжырды бостау немесе HC-300 құралындағы плунжерді тарту алдында тесік кесу құралын қолмен сенімді түрде ұстаңыз. 7. Егер құбырдан кесілген дискіні арадан шығарып алу қажет болса, ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышының ӨШІРУ күйінде екенін, ал тесік кесу құралының қуат көзінен ажыратылғанын үнемі тексеріңіз. Құбырдан кесілген дискіні абайлап алыңыз, диск ыстық, ал жиектері үшкір болуы мүмкін. Техникалық қызмет көрсету
Қызмет көрсетуді орындау немесе реттеулер жасау алдында ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышының ӨШІРУ күйінде болғанына және құралдың ажыратылғанына көз жеткізіңіз.Электр тогының соғуынан, шатысудан және басқа себептерден жарақат алу қаупін азайту үшін құралға осы рәсімдерге сәйкес қызмет көрсетіңіз.
Әрбір пайдаланудан кейін жоңқаны немесе майды жұмсақ таза ылғал шүберекпен кетіріңіз, әсіресе тіреулер секілді бөлшектердің қатыстық жылжу аймақтарынан. Қозғалтқыштың желдету саңылауларынан шаң мен қоқысты тазалап кетіріңіз.
Тесік кесу құралдарының редукторлары қымталған агрегаттар ретінде жасалған, олар ірі жылыстау жағдайларын қоспағанда ешбір қосымша майлауды қажет етпейді. Осындай жағдайларда құралдарды сервистік орталыққа қайтарған жөн. Тіреулердегі мойынтіректерді майламаңыз. Мойынтіректер майланбайтын ретінде жасалған, жақпа май мойынтіректерді істен шығаруы мүмкін кір мен қоқысты ұстап тұрады. Қажет болған кезде шынжыр мен бекіткіш бұранданы сұйық жақпа майымен майлауға болады. Ашық беттерден артық майды сүртіп алыңыз. Қылшақтарды ауыстыру Қозғалтқыш қылшақтарын алты айда бір рет тексеріңіз
дюймнен кем қалыңдыққа дейін тозған кезде ауыстырыңыз. 1. Қақпақты бекітетін төрт бұранданы шешіңіз және қақпақты шығарып алыңыз. 2. Атауызбен қозғалтқыш қылшақтарын сыртқа шығарып алыңыз. Ағытпаны ажыратыңыз. (12-суреттіқараңыз.)12-сурет – Қақпағы шешілген қозғалтқышқа қылшақты орнатуҚосқышҚылшақОқшаулау тілігіHC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
999-998-050.09_REV. D
3. Коммутаторда тозу белгілерін тексеріңіз. Егер шамадан көп тозған болса, құралға қызмет көрсетіңіз. 4. Қылшақты ұстағышқа енгізіңіз және оны қозғалтқыш корпусына салыңыз. Қозғалтқышты қарап шығыңыз және оқшаулау тіліктердің қылшақ ұстағышы мен корпусы арасында тиісті түрде орналасқанын тексеріңіз. Ағытпаны жалғаңыз және қозғалтқыш қақпағын орнына орнатыңыз. Реттегіш бұрандамен реттеу Реттегіш бұрандалар негіз бен қозғалтқыш жиынтығы арасындағы үйкелісті реттеу үшін HC-450 құралына орнатылған. Қажетті реттеуді орындау үшін реттегіш бұрандаларды қатайтыңыз не босатыңыз. (13-суретті
13-сурет – Реттегіш бұрандаларды реттеуРеттегіш бұрандалар Қосалқы құралдар
Ауыр дене жарақаты қаупін азайту үшін төменде көрсетілген RIDGID тесік кесу құралдарымен пайдалануға арнайы жасақталған және кеңес етілген қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Басқа құралдармен жұмыс істеуге жарамды өзге қосалқы құралдар RIDGID тесік кесу құралдарымен пайдаланылған кезде қауіпті болуы мүмкін.Каталог нөмірі Сипаттама16671 R2S бөлшектенбейтін сағақ жиектемесі84427 HC-450/HC-300 тасымалдау сауыты77017 Патрон кілтіHC-300 үлгісіКаталог нөмірі Сипаттама84427 HC-450 тасымалдау сауыты59502 Тек араларға арналған R4
дюймдік жиектеме59132 Патрон кілті Аралар тізбесін RIDGID каталогынан қараңыз. HC-450 үлгісі Құрылғыны сақтау Тесік кесу құралын жай ішінде немесе жауынды ауа-райында қапталған күйде сақтау керек. Құрылғыны балалардың және тесік кесу құралымен таныс емес адамдардың қолы жетпейтін, құлыпталған аумақта сақтаңыз. Құрылғы тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін. Қызмет көрсету және жөндеу
Орынсыз қызмет көрсету немесе жөндеу құрылғы пайдалануын қауіпті етуі мүмкін. "Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары" осы құрылғының көптеген қызмет көрсету қажеттіліктерін қамтиды. Осы бөлімде көрсетілмеген қандай да бір мәселелерді RIDGID өкілетті қызмет көрсету маманы ғана шешуі қажет. Құралды RIDGID өкілетті тәуелсіз қызмет көрсету орталығына апару немесе зауытқа қайтару қажет. Ең жақын RIDGID өкілетті тәуелсіз қызмет көрсету орталығы немесе кез келген қызмет не жөндеу сұрақтары бойынша ақпарат алу үшін:
- Жергілікті RIDGID дистрибьюторына хабарласыңыз.
- Жергілікті RIDGID байланыс орнын табу үшін RIDGID.com немесе RIDGID.eu веб-торабына кіріңіз.
- Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне ProToolsTechService@Emerson.com мекенжайы немесе АҚШ пен Канада аумағында 844-789-8665 нөміріне қоңырау шалу арқылы хабарласыңызHC-450/HC-300 тесік кесу құралдары
Тесік кесу құралының бөліктерінде құнды материалдар бар және оларды қайта өңдеуге болады. Жергілікті жерде орналасқан қайта өңдеумен айналысатын компаниялар бар. Құрамдастарды барлық қолданылатын талаптарға сәйкес кәдеге жаратыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қалдықтарды реттеу ұйымына хабарласыңыз. ЕО елдері үшін: Электр жабдығын тұрмыстық қоқыстармен бірге тастамаңыз! Еуропа елдерінің 2002/-96/EО Қалдық электр және электрондық жабдық бойынша нұсқаулығына және оның ұлттық заңдарға ендірілуіне сәйкес, бұдан әрі пайдаланылмайтын электр жабдығы жеке жиналып, қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей тасталуы керек.DECLARATION OF CONFORMITY RIDGID
Dichiariamo che le macchine elencate in alto, se utilizzate in conformità con il manuale dell'operatore, soddisfano i relativi requisiti delle Direttive e degli Standard specificati di seguito. ЕО СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕСІ Біз жоғарыда көрсетілген құрылғылардың пайдаланушы нұсқау- лығына сәйкес пайдаланылған жағдайда төменде көрсетілген Дирек- тивалар мен Стан дарт тар дың тиісті талаптарына жауап беретінін мәлімдейміз. EU-CONFORMITEITSVERKLARING Hierbij verklaren wij dat de hierboven vermelde machines, mits gebruikt in overeenstemming met de handleiding, voldoen aan de relevante eisen van de hieronder vermelde richtlijnen en normen. EU-SAMSVARSERKLÆRING Vi erklærer at maskinene oppført over oppfyller de relevante kravene i direk- tiver og standarder oppført under dersom de brukes i henhold til bruksan- visningen.
ОңайНұсқаулық