BOSCH EasyShear - Қоршау кескіштері

EasyShear - Қоршау кескіштері BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EasyShear BOSCH PDF форматында.

📄 236 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH EasyShear - page 139
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : EasyShear

Санат : Қоршау кескіштері

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Қоршау кескіштері PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EasyShear - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EasyShear брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EasyShear BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Зарядтау құрылғысының өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Белгілердң мағынасы Қолдану нұсқаулығын оқыңыз. Құралға жақын тұрған адамдар шашырылатын бөгде денелер арқылы жарақаттанбауына назар

Сақтандыру: Бақ электр бұйымы іске қосылып тұрғанда оған қауіп- қатерсіз аралықта тұрыңыз. Электр бұйымды жауын жауып тұрғанда қолданбаңыз немесе оны жауын астында қалдырмаңыз. Назар аударыңыз: Кесу пышағы электр құрал өшіріліп қойылғаннан кейін әлі жұмыс істеп тұрады! Қолдарыңызды пышақтан ұзақта

Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Bosch Power Tools F 016 L81 893 | (09.12.2019)140 | Қазақ Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын F 016 L81 893 | (09.12.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 141 пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Бақ қайшылары үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары u Дене мүшелерінің барлығын құрал пышағынан алыс ұстаңыз. Пышақ іске қосылып жұмыс істеп тұрғанында кесілген заттарды электр құралдан шығармаңыз, немесе кесілетін материалдарды ұстамаңыз. Пышақтар құрал өшіріліп қойылғаннан кейін де әлі жылжып тұрады. Бақ қайшысын қолданғанда бір сәт алаңғасарлық пен абайсыздық ауыр апаттарға апара алады. u Бақ қайшысын тасымалдағанда, оның пышағы өшіріліп және тоқтап тұрғанда, тұтқасынан ұстап тасымалдап, құралдың қосу/өшіру түймешігін баспаңыз. Бақ қайшысын ұқыпты түрде ұстап тасымалдау құралдың өз-өзімен іске қосылып кету қауібін және осының саласынан пайда бола алатын жаралану қауіптерін азайтады. u Бақ қайшысын тасымалдаған немесе сақтаған уақытта пышақтарды үстінен әрқашан қорғау жапқышымен жауып қою керек. Бақ қайшысын Bosch Power Tools F 016 L81 893 | (09.12.2019)142 | Қазақ ұқыпты түрде қолдану оның пышағынан пайда бола алатын жаралану қауібін азайтады. u Құралдан ішінде қыстырылып қалған кесілген заттарды алып тастау алдынан немесе құралда күту жұмыстарын өткізу алдынан алдымен қосу/ өшіру түймешіктері өшіріліп, құрал айыры шығарылып қойылғанын тексеріп алыңыз. Құрал ішінде қысылып қалған заттарды алу барысында немесе құралды күту жұмыстарын өткізу барысында бақ қайшысының өз-өзімен іске қосылып кетуі ауыр жаралануларға апара алады. u Құрал пышағы көзбен көрінбейтін тоқ кабелдеріне тиіп қала алатындығынан бақ қайшысын тек қана оның оқшауланған тұтқаларынан ұстаңыз. Құрал пышақтары кезкелген электр кернеу өткізгіш кабелдеріне жанасып тиіп кетуі бақ қайшысының металдан жасалған бөлшектерін кернеу астына қойып, электр соққыға апаруы мүмкін. u Электр қуатқа қосу кабелін және электр тоқ өткізетін кабельдерін бұталар кесу аумағынан ұзақта ұстаңыз. Электр қуатқа қосу кабелі немесе электр тоқ өткізетін кабельдері бұталар немесе тал- шіліктер арасында, көрінбейтін түрде орналасып жатып, пышақ арқылы кесііліп кетуі мүмкін. u Бақ қайшысын ауа райы нашар болып тұрған жағдайларда, әсересе найзағай түсу қауібі пайда болғанда, қолданбаңыз. Құралды осындай ауа райы жағдайларында қолданбау найзағай түсу қауібін

Бұта кесу қайшысы/шөп кесу қайшысы үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Бұл құрал физикалық, сенсорлық немесе психикалық қабілеттері шектелген, немесе бұл құралды қолдану үшін керекті тәжірибесі және/немесе білімі болмаған адамдар арқылы (осылардың арасында балалар да) тек өздерінің бақылау астында болып, немесе осы құралды қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен танысқаннан кейін ғана қолданыла алады. Балалардың электр құралымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек. u Осы электр бұйымды ешқашан балалар немесе осы нұсқаулықтармен таныс болмаған тұлғалар тарапынан қолдануын рұқсат етпеңіз. Құрал қолданылып жатқан елдегі ұлттық заңдар мен ережелері арқылы қолданушы жасының шектелуі мүмкін. Электр бұйым іске қосылмай, қолданбай тұрған уақытта оны балалар қолдары жете алмайтын қылып

u Электрбұйым иесі немесе қолданушысы басқа адамдардың денсаулығына немесе осылардың мүлігіне түскен апаттар немесе шығындар үшін жауапты болады. u Жанында басқа адамдар, әсіресе балалар, немесе жануарлар болған жағдайларда бақ электр бұйымын қолданбаңыз. u Ауа-райы нашар болғанда, әсіресе дауыл басталайын деп тұрғанда, бұйыммен кесу жұмыстарын өткізбеңіз. u Электр бұйымын тек табиғи жарықта немесе күші жеткілікті деңгейде болған жасанды жарық бар болғанда ғана қолданыңыз. u Жабу жүйелері мен қорғау құрылғыларының зақымдалмай және дұрыс түрде орнатылғандарын тексеріңіз. Құралды іске қосып қолдану алдынан, керек болса керекті күту немесе жөндеу жұмыстарын

F 016 L81 893 | (09.12.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 143 u Қозғалтқышты қолыңыз бен аяқтарыңыз кесу пышақтарына жақын болмаған жағдайда ғана іске қосыңыз. u Аяқтарыңыз бен қолдарыңызды кесу пышағы арқылы түсе алатын жаралануларынан қорғап жүріңіз. u Өткізгіш қабілеті бар заттарды (мысалы, бұрамабұрағыштар немесе осыларға ұқсас заттарды) түртпеңіз және Micro-USB ұясына енгізбеңіз. u Құрал ішіне ауыстырыла алынбайтын аккумуляторы құрастырылып орнатылған. Қуаттандыру құралдары үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары u Балаларға, денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдарға немесе осындай құралдармен жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз болған және/немесе білімі жеткіліксіз болған және/немесе осы қолдану нұсқаулықпен таныс болмаған адамдарға ешқашан осы бақ электр бұймымен жұмыс істеуге рұқсат етпеңіз. Құрал қолданатын елдегі ұлттық заңдар мен ережелері арқылы қолданушы жасының шектелуі мүмкін. u Балаларға қарап, оларды бақылап жүріңіз. Осының арқасында балалардың қуаттандыру құралымен ойнамауы қамтамасыз етілетін болады. u Қуаттандыру құралын жаңбыр немесе сыз түсе алмайтын жерлерде сақтаңыз. Қуаттандыру құралының ішіне су кіруі электр тоғы соғу қауібін

u Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы тоқ соғуы қауіпін туындатады. u Қуаттандыру құралын және USB кабелін әр қолдану алдынан тексеріп жүріңіз. Қуаттандыру құралында зақымданған жерлер бар болса, оны қолданбаңыз. Қуаттандыру құралын ешқашан өзіңіз ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарының барлығы Bosch компаниясының техникалық қызмет көрсету орталығы арқылы өткізілуі тиіс. Зақымданған қуаттандыру құралдар мен USB кабельдері электр ток соққысының қауібін арттырады. u Қуаттандыру құралын қосулы күйде тез тұтанғыш үстілердің (мысалы, қағаз, мата және т. б.) үстіне қойып немесе тұтанғыш ортада пайдаланбаңыз. Қуаттандыру кезінде қуаттандыру құралының қызуы себебінен өрт қауібі пайда болады. u Құрал зақымданып қалған жағдайда құралдан булар шығып кете алады. Бұл жағдайда бөлме ішіне таза ауа кіргізп, шағымдар болса, медициналық көмек үшін дәрігерге жүгініңіз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін

Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады. Белгі Мағына Бақ электр бұйымымен жұмыс істеген уақытта әрқашан қорғау көзәйнегін және тұрақты және бекем аяқ киімін киіп жүріңіз. Электр қуаттандырғышын тек қана ғимараттар ішінде, құрғақ ортада қолданыңыз. Қозғалыс бағыты Реакция бағыты Қорғау қолғабын киіп жүріңіз

Рұқсат етілген қолдану әрекеттер Bosch Power Tools F 016 L81 893 | (09.12.2019)144 | Қазақ Белгі Мағына Рұқсат етілмеген қолдану әрекеттер CLICK! Естілетін шуылдар Құрамдас бөлшектер/қосалқы

Өнім және қуат сипаттамасы Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен сақтандырулардың барлығын оқыңыз. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен сақтандыруларын ұстанбау не орындамау электр соққысына, өрт шығуына және/ немесе ауыр жарақаттануға апара алуы мүмкін. Қолдану нұсқаулығының артқы бөлшегінде берілген суреттерге назар аударыңыз. Тағайындалу бойынша қолдану Бақ электр бұйымы түп пен бұтақтар және гүлзарларда жеңіл кесу жұмыстарын өткізу үшін мақсатталған. Бейнеленген құрамдас бөлшектер (A суретін

(1) Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіш (2) Микро USB ұясының жапқышы (3) Қосқыш/өшіргіш (4) Қосқыш/өшіргішті құрсаулау (5)

(6) Шөп кесу қайшысы үшін қондырма (7) Бақ қайшысы үшін қондырма (8) Тұтқа (оқшауланған тұтқа беті) (9) USB кабелі

(10) Қуаттандыру құралы

(құрал сатылатын елге байланысты) (11) Микро USB ұясы (12) Жапқыш үшін құрсаулаудан шығару түймешігі

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер EasyShear Шөп кесу қайшысы Бұтақтарды кесу

Өнім нөмірі 3 600 H33 3.. 3 600 H33 3.. Атаулы кернеуі В 3,6 3,6 Пышақ ұзындығы мм − 120 Пышақ ені мм 80 −

EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 0,46 0,53 Қуаттандыру кезіндегі ұйғарынды қоршаған орта температурасы °C +10... +35 +10... +35 Жұмыс кезіндегі

және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C -10... +50 -10... +50 Аккумулятор Литий иондық Литий иондық Атаулы кернеуі В 3,6 3,6 Қуаты Аh 1,5 1,5 Аккумулятор ұяшықтарының саны 1 1 A) <0 °C температураларында қуаты шектелген Қуаттандыру құралы Өнім нөмірі EU 2 609 120 713 UK 2 609 120 718 Қуаттандыру тоғы A 1,0 Қуаттандыру уақыты (аккумулятор қуатсызданып қалғанда) сағ 3,5 “EPTA-Procedure 01:2014” құжатына сай

F 016 L81 893 | (09.12.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 145 Қуаттандыру құралы Сақтық сыныбы / II

елге байланысты Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Шуыл / діріл туралы ақпарат Шөп кесу қайшысы Шуылдардың өлшеу мәндері EN50636-2-94стандарты бойынша белгіленген. Құралдың “A” қылып белгіленген дыбыс қысым деңгейі әдетте 70дБ(A)-ден аз болады.

жалпы тербелу мәні (үш бағыттық векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі EN50636-2-94 стандартына сай белгіленген:

Бақ қайшысы Шуыл эмиссия мәндері EN 62841-4-2 нормасына сай белгіленген. Электр құралдың “A” қылып белгіленген шуыл деңгейі әдетте төмендегідей болады: XXдБ(A); дыбыс қуатының деңгейі XXдБ(A). К терістігі = XX дБ.

жалпы тербелу мәні (үш бағыттық векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі EN 62841-4-2 стандартына сай белгіленген:

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

u Тек техникалық мәліметтерінде көрсетілген қуаттандыру құралдарын ғана пайдаланыңыз. Тек қана осы қуаттандыру құралдары өзіңіздің электр бұйымыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумуляторына сәйкес қылып шығарылған. Аккумуляторды қуаттандыру (B суретін

Нұсқау: Аккумулятор жартылай қуаттандырылған қалыпта сатылып не жеткізіліп беріледі. Аккумулятор жұмысының толық көлемін қамтамасыз ету үшін оны алғашқы рет пайдалану алдынан алдымен толығымен қуаттандырып алыңыз. Литий-иондық аккумуляторды әрқашан қуаттандырып отыруға болады, бұл оның пайдалану мерзімін ешбір түрде қысқартпайды. Қуаттандыру барысын үзу аккумулятордың зақымдануына апармайды. Литий иондық аккумулятор “Electronic Cell Protection (ECP)” жүйесі арқылы терең қуатсызданудан қорғалған. Аккумулятор толығымен қуатсызданып қалған жағдайда ол құрал қорғау жүйесі арқылы өшіріліп қойылады: Бақ электрбұйымы жұмыс істемей тұр. Ескертпе: Микро USB ұясы (11) Микро USB кабеліне (9) жалғастыру үшін арналып, құрал тұтқасында орналасқан. Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіші (1) қызыл түспен жыпықтап жанып тұрған жағдайда аккумулятор қуаттандырылуы тиіс. Құралды өшіріп, аккумуляторын қуаттандырып алыңыз. Құралды оның сатылу қорабында болған Micro USB кабелі арқылы (9) қуаттандыру құралына (10) жалғастырыңыз. Қуаттандыру құралын (10) электр розеткасына енгізіңіз. Қуаттандыру барысы басталады. Қуаттандыру барысында құралдың тұтқасы біраз қызады. Бұл дағдылы қалып. Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіші (1) қуаттандыру барысы бойынша қызыл түспен тұрақты түрде жанып тұрады. Аккумулятор толығымен қуаттандырылып қойылған сәтте аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіші (1) өз-өзімен өшіріледі. Қуаттандыру барысы аяқталғаннан кейін қуаттандыру құралын электр ток желісінен ажыратыңыз. Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды

Кесу пышағын құрастырып орнату/ бөлшектеп шығару (C суреттерін қараңыз) Ьұғаттаудан шығару түймешігін (12) басып, жапқышты (5) артқы қарай итеріңіз. Жапқышты (5) құрал тұрқысынан алыңыз. Шөп кесу қайшысының/бақ қайшысының кесу пышағын (6)/(7) жоғарығы қарай қайырып, одан кейін кесу пышақты (6)/(7) шығарып алыңыз. Кесу пышағындағы (6)/(7) науашаларын ұстағыш тұтқаларына қарай бағыттап, одан кейін кесу пышағын (6)/(7) төменге қарай қайырыңыз. Bosch Power Tools F 016 L81 893 | (09.12.2019)146 | Қазақ Жапқышты (5) үстінен қайта орнатып, одан кейін оны ең соңына дейін итеріңіз.

u Құрал іске қосылып, қолданылған барыста USB ұяшығының (2) жапқышы жабылып қойылған қалыпта болғанына назар аударып жүріңіз. Осының арқасында шаң түсуіне жол берімһлмейтін болады. u Зақымданып бұзылған қалыпта болған пышақтарды пайдаланбаңыз (мысалы, сызаттары жоқ болған пышақтарды ғана қолданыңыз). Зақымданып бұзылған пышақтарды дереу алмастырыңыз. Қосу/өшіру (D суретін қараңыз) Қосу/өшіруді бұғаттау түймешігін (4) басып, қосу/өшіру түймешігін (3) басылып тұрған түрде қосыңыз. Іске қосылып қалуға қарсы бұғаттай түймешігін (4) босатып жіберіңіз. Қосу/өшіру түймешігін (3) басқаныңызда жарықдиодтық шамы жасыл түспен тұрақты түрде жанып тұрады. Аккумулятордың қуаттандырылу күйін

Жарықдиодтық шамы Қуаты Жарықдиодтық шамы тұрақты түрде жасыл түспен жанып тұр 33−100% Жарықдиодтық шамы, қосу/ өшіру түймешігі жартылай басылып тұрғанда тұрақты түрде қызыл түспен жанып тұр 0−33% Бұталарды кесу (тек қана бұталарды кесуге арналған қайшылар үшін) u Кесілген материалдарды жинап жою алдында немесе электр бұйымды күту немесе жөндеу алдында алдымен электр құралдың өшіріліп қойылғанын тексеріңіз. Құралдың мақсатталмаған түрде, өз-өзімен іске қосылып кетуі ауыр жарақаттануларға апара

Кесу жұмыстарын бастау алдынан алдымен бұталар мен тал-шіліктерде көзбен көріне алынбайтын, мысалы бақ шарбақ дуалдар сияқты бөтен заттардың бар не жоқ болуын тексеріп алыңыз. Электр құрален диаметрі 8 мм дейін болған бұтақтарды кесуге болады. Бұтақтарды кесу пышағына қарай бағыттау үшін электр құралды арамен тілу жолымен бірқалыпты түрде алға қарай жылжытып отырыңыз. Екіжақтық пышақ ұстағышы арқасында екі бағытта кесу немесе бір жақтан басқа жаққа қарай тербелгіш қозғалыстарының өткізілуі қамтамасыз етіледі. Құралды қолданғаннан кейін оның кесу пышағын пышақ қорғағыш жапқышымен жауып қойыңыз. Шөп пен бұталарды кесу үшін ұйғарында жыл

Жапырақтары бар бұталарды маусым және қазан айларында кесіңіз. Қылқнды бұталарды сәуір және тамыз айларында кесіңіз. Конифер бұталарын және тез өсетін басқа бұталарды мамыр айынан бастап әр 6 аптада бір рет кесіп жүріңіз. Көгал жиектастарындағы шөпты кесу (тек қана шөп кескіш құралы үшін) Электр құралын көгал жиектастары бойынша бағыттаңыз. Пышақтың тас төселген жерлерге, тастарға немесе бақ дуалдарына тиіп қалуына жол бермеңіз, себебі бұл пышақтың жұмыс істеу мерзімін қысқартады. Құралды қолданғаннан кейін оның кесу пышағын пышақ қорғағыш жапқышымен жауып қойыңыз. Қателерді белгілеу Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек Аккумулятордың бір қуаттандыру циклы кесу барысының ұзақтығы үшін жеткіліксіз Аккумулятор өзінің жұмыс өмірінің таусылуына жақындап барады Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Аккумулятордың қуаттандыру күйін көрсеткіш қызыл түспен жанып, бақ электр құралы іске қосыла алмай тұр. Аккумулятор температурасы тым жоғары Айнала температурасы тым жоғары. Бақ электр бұйымын күн сәулелерінің тікелей әсері астында қалдырмаңыз. Аккумуляторды суытып алу үшін 10–15 минут күтіңіз. F 016 L81 893 | (09.12.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 147 Техникалық күтім және қызмет

Күту, тазалау және сақтау u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. u Қауіпсіз және қалыпты түрде жұмыс істей алу үшін бақ элект рбұйымыг таза қалыпта сақтап жүріңіз. Бақ электр бұйымы үстінен басқа заттарды қоймаңыз. Қауіпсіз және қалыпты түрде жұмыс істей алу үшін, электр бұйымы мен ауалау саңылауларын таза қалыпта сақтап жүріңіз. Электр бұйымы үстінен ешқашан су шашпаңыз. Электр бұйымын ешқашан суға малмаңыз. Электр бұйымын қауіпсіз және құрғақ, балалар қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр бұйымы үстінен басқа заттарды қоймаңыз. Электр бұйымымен қауіпсіз түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ете алу үшін сомдар, бұрандамалар мен бұрандаларының барлығы нық түрде бекітілгенің тексеріп алыңыз. Электр бұйымын тексеріп, тозып немесе бұзылып кеткен бөлшектерін қауіпсіздік себептерінен ауыстырыңыз. Ауыстырылатын бөлшектері Bosch фирмасының бұйымдары болғанына алдын ала назар аударыңыз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

www.bosch-garden.com Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

Bosch Power Tools F 016 L81 893 | (09.12.2019)148 | Română – барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Шөп кесу қайшысы Бұтақтарды кесу