GHO 2682 D Professional - Жұмыртқа BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GHO 2682 D Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Жұмыртқа PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GHO 2682 D Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GHO 2682 D Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GHO 2682 D Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар Қазақ | 109 Bosch Power Tools 1 609 92A 4LF | (26.10.2018)110 | Қазақ 1 609 92A 4LF | (26.10.2018) Bosch Power Tools мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
Жонғыға арналған қауіпсіздік нұсқаулары u Аспапты төменге қоюдан алдын кескіш тоқтауын күтіңіз. Шығып тұрған айналып тұрған кескіш бетке тиіп басқылау жоғалтуына және қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін. u Тоқ кабелін тиіп кету мүмкіндігі себебінен кесу құрылғысын оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. u Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады. u Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз. Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін. u Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен жонғыны жүргізбеңіз. Пышақ пен пышақты білік зақымданып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. u Жонғымен жұмыс істегенде табандығының дыйындамада толық жатуын қадағалаңыз. Кері жағдайда жонғы қисайып, жарақаттарға алып келуі
u Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы брус және тақта сияқты ағаш өнімдерін жонғымен өңдеуге арналған. Ол сондай -ақ қырларды жону және ою үшін де жарамды. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Жоңқалау тереңдігі шкаласы (2) Жоңқалау тереңдігінің айналмалы реттегіші (беті оқшауланған) (3) Жоңқа шығару келте құбыры (GHO26-82D: таңдау бойынша оң жақ/сол жақ) (4) Ажыратқышты іске қосылудан қорғайтын құлып (5) Қосқыш/өшіргіш (6) Жоңқа шығару бағытын ауыстырып қосу иінтірегі (GHO26-82D) (7) Жонғы табандығы (8) V тәрізді ойық (9) Тұтқа (беті оқшауланған) (10) Пышақ бастиегі (11) Жонғы пышағын қысқыш элемент (12) Жонғы пышағын бекіту бұрандасы (13) HM/TC жонғы пышағы (14) Алты қырлы кілт (15) Сорғыш шланг (Ø 35 мм)
(16) Шаң/жоңқа жинағыш
(17) Параллель тірек (18) Ойық ені шкаласы (19) Ойық енін реттейтін гайка (20) Параллель/бұрыштық шектегішке арналған бекіткіш бұранда (21) Бұрыштық шектегіш
(22) Бұрышты реттейтін гайка (23) Ою тереңдігінің шектегішін бекіту бұрандасы (24) Ою тереңдігінің шектегіші
(25) Сақтайтын башмак
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Қазақ | 111 Bosch Power Tools 1 609 92A 4LF | (26.10.2018)112 | Қазақ 1 609 92A 4LF | (26.10.2018) Bosch Power Tools Техникалық мәліметтер Жонғы GHO 16-82 GHO 26-82 D Өнім нөмірі 3 601 EA4 0.. 3 601 EA4 3.. Номиналды тұтынылатын қуат Вт 630 710 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин
Жоңқалау тереңдігі мм 0 – 1,6 0 – 2,6 Ойық тереңдігі мм 0 – 9 0 – 9 макс. жонғы ені мм 82 82 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 3,4 3,4 Қорғаныс класы / II / II Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі
Шуыл және діріл туралы ақпарат EN62841-2-14 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 84дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 95дБ(А). K дәлсіздігі=3дБ. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Жалпы діріл мәндері a
(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-14 бойынша есептелген:
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Жұмыс құралын ауыстыру u Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз. Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін. Тек түпнұсқа HM/TC жонғы пышағын пайдаланыңыз. Қатты металдан (HM/TC) жасалған жонғы пышағының 2 жүзі бар және оны аударып қоюға болады. Егер екі кескіш қыры өтпейтін болса, жонғы пышағын (13) алмастыру қажет. HM/TC жонғы пышағын қайрауға
Жонғы пышағын алып тастау (A суретін қараңыз) Жонғы пышағын (13) аудару немесе алмастыру үшін пышақ бастиегін (10) жонғы табандығына (7) параллель болғанша айналдырыңыз.
2 бекіту бұрандасын (12) ішкі алты қырлы гайка кілтімен (14) шамамен 1 – 2 айналымға босатыңыз.
Қажет болса, қысқыш елементті (11) ағаш сынасы сияқты арнайы құралмен кішкене қағу арқылы
Ағаш құралмен жонғы пышағын (13) бүйірінен пышақ бастиегінен (10) итеріп шығарыңыз. Жонғы пышағын орнату (B суретін қараңыз) Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі. Қажет болса, қысқыш элементтегі (11) пышақ орнын және жонғы пышағын (13) тазалаңыз. Жонғы пышағын орнату кезінде оның қысқыш элементтің (11) бағыттауышында кедергісіз тұрғанына көз жеткізіңіз. Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында (7) орнатылып бағытталуы керек. Содан кейін 2 бекіту бұрандасын (12) ішкі алты қырлы гайка кілтімен (14) тартыңыз. Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіту бұрандаларының (12) берік бекітілгенін тексеріп шығыңыз. Пышақ бастиегін (10) қолмен айналдырып, жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.Шаңды және жоңқаны сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Жоңқа шығатын жерді (3) жүйелі түрде тазалаңыз. Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б. u Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз. Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін. Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз. Сыртқы сорғыш (C суретін қараңыз) Сорғыш шлангіні (15) (керек-жарақ) жоңқа шығару келте құбырына (3) жалғаңыз. Сорғыш шлангіні (15) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз. Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Өзіндік сору (C суретін қараңыз) Шағын жұмыстар орындаған кезде шаң/жоңқа жинағышты (керек-жарақ) (16) жалғауға болады. Шаң жинағыш бекіткіштерін жоңқа шығару келте құбырына (3) енгізіңіз. Шаң/жоңқа жинағышты (16) дер кезінде босату арқылы шаң сорудың оңтайлы нәтижелерін
Таңдамалы жоңқа шығару келте құбыры (GHO26-82D) Ауыстырып қосу иінтірегінің (6) көмегімен жоңқа шығару келте құбырын (3) оңға немесе солға ауыстырып қосуға болады. Ауыстырып қосу иінтірегін (6) әрдайым ақырғы күйіне тірелгенше басыңыз. Таңдалған жоңқа шығару бағыты ауыстырып қосу иінтірегіндегі (6) көрсеткі белгісі арқылы көрсетіледі.
Пайдалану түрлері Жоңқалау тереңдігін реттеу Айналмалы реттегіштің (2) көмегімен жоңқалау тереңдігін бірқалыпты түрде0–1,6 мм (GHO 16-82) немесе 0 – 2,6 мм (GHO 26-82 D) аралығында жоңқалау тереңдігінің шкаласына (1) сәйкес (шкала бөліктері=0,1 мм) реттеуге болады. Сақтайтын башмак (D суретін қараңыз) Сақтайтын башмак (25) электр құралын дайындама немесе жонғы пышағын зақымдау қаупінсіз жұмыс істеуден соң қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс істеуде сақтайтын башмак (25) жоғарыға қисатылып жонғы етегінің (7) артқы бөлігі босатылады. Нұсқау: Сақтайтын башмакты (25) шешуге болмайды. Пайдалануға ендіру u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс істеуге болады.
u Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз. Электр құралын қолданысқа енгізу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (4) басып, содан кейін ажыратқышты (5) басып тұрыңыз. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз. Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (5) бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде басып тұру қажет. Пайдалану нұсқаулары u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Жонғы әдісі (D суретін қараңыз) Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын жонғы табандығының (7) алғы бөлігімен дайындамаға қарай қойыңыз. u Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады. Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің үстінен жылжытыңыз. Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы табандығын орташа күшпен басыңыз. Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын
Қазақ | 113 Bosch Power Tools 1 609 92A 4LF | (26.10.2018)114 | Қазақ 1 609 92A 4LF | (26.10.2018) Bosch Power Tools Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу сапасын төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам
Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды. Орнатылған сақтайтын башмак (25) дайындаманың кез келген жайында тоқтаған жонғы әдісін жалғастыруға мүмкіндік береді: – Электр құралын төменге қисатылған сақтайтын башмакпен дайындаманың қайта өңделетін жайына
– Электр құралын қосыңыз. – Алдыңғы жонғы табандығына басып, электр құралын жай алға жылжытыңыз (➊). Сонда сақтайтын башмак жоғарыға қисайтылып (➋), жонғы табандығының артқы бөлігі дайындамаға қайта жатады. – Электр құралын бір қалыпта өңделетін бет үстімен жылжытыңыз (➌). Шеттерін ұстау (E суретін қараңыз) Алғы жонғы табандығындағы V тәрізді ойықтар (8) дайындама қырларының жүздерін жылдам кесуге мүмкіндік береді. Бұл үшін жонғыны V тәрізді ойықпен дайындама қырына қойып, үстінен жылжытыңыз. Пайдаланылатын
Көлем a (мм) ешқандай 0 – 4 орташа 4 – 9 Параллель/бұрыштық шектегішпен жоңқалау (F–H суреттерін қараңыз) Параллель шектегішті (17) немесе бұрыштық шектегішті (21) бекіту бұрандасымен (20) электр құралына орнатыңыз (алдыңғы немесе артқы жағынан). Жұмыс түріне байланысты ойық тереңдігінің шектегішін (24) бекіту бұрандасымен (23) электр құралында орнатыңыз (алдыңғы немесе артқы жағынан). Реттегіш гайканы (19) босатып, шкала (18) бойынша қажетті ойық енін орнатыңыз. Реттегіш гайканы (19) қайта бұрап қойыңыз. Қажетті ойық тереңдігін ою тереңдігінің шектегішімен (24) тиісінше орнатыңыз. Жоңқалау әрекетін бірнеше рет қайталап, қалаулы ою тереңдігіне қол жеткізіңіз. Жонғыны қажетті шеткі қысыммен басқарыңыз. Бұрыш планкасын қисайту Ойық және беттерді қисайтуда қажетті қисайту бұрышын бұрыш реттеуішімен (22) орнатыңыз.. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Сақтайтын башмакты (25) бос ұстап, оны жүйелі түрде
Сырғанайтын контакт тозған болса, электр құралы өзі өшеді. Электр құралын техникалық қызмет көрсету үшін сервистік қызметке жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз. Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзектіақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: *
ОңайНұсқаулық