BOSCH GOP 18VEC Professional - Электр құралдары

GOP 18VEC Professional - Электр құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GOP 18VEC Professional BOSCH PDF форматында.

📄 237 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GOP 18VEC Professional - page 147
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Сымсыз кескіш-тегістегіш (тербелмелі)
Бренд Bosch
Модель GOP 18VEC Professional
Номиналды кернеу 14,4 В / 18 В (қолданылатын аккумуляторға байланысты)
Бос жүріс жылдамдығы 8 000 – 20 000 айн/мин
Тербелу бұрышы 1,4° солға/оңға
Салмағы (EPTA 01/2003 бойынша) 1,7 кг (аккумуляторға байланысты)
Үйлесімді аккумулятор түрі Bosch GBA 14,4В… / GBA 18В… (Литий-ионды)
Ұсынылатын зарядтағыштар AL 18.. / GAL 3680
Акустикалық қысым деңгейі (LpA) 80 дБ(A)
Акустикалық қуат деңгейі (LwA) 91 дБ(A)
Дірілдеу (тегістеу) a_h = 3,5 м/с², K = 1,5 м/с²
Дірілдеу (сүңгуімен кесу) a_h = 9,7 м/с², K = 1,5 м/с²
Дірілдеу (сегменттік кесу) a_h = 6,0 м/с², K = 1,5 м/с²
Дірілдеу (буынды ашу) a_h = 8,5 м/с², K = 1,5 м/с²
Негізгі функциялар Кесу, тегістеу, қырнау, буынды ашу, сүңгуімен кесу
Құрал ұстағыш SDS (құралсыз жылдам ауыстыру, 12 позиция)
Электрондық қорғаныс Терең разрядтан қорғау (ECP)
Жылдамдықты алдын ала таңдау Реттеу дөңгелегі (жұмыс кезінде де)
Аккумулятор заряды көрсеткіші 3 жасыл жарықдиодты индикатор (батырманы басу)
Өңделетін материалдар Ағаш, пластик, гипс, түсті металдар, жұмсақ қабырға плиткасы
Кіретін керек-жарақтар (нұсқаға байланысты) Ара пышағы, тегістеу табағы, абразивті қағаздар, шаңсорғыш
Күтім Желдету саңылауларын тазалау, тозған киіз сақиналарды ауыстыру
Жұмыс температурасы -20 °C бастап +50 °C дейін (зарядтау: 0 °C бастап +45 °C дейін)
Сәйкестік стандарттары EN 60745-1, EN 60745-2-4, 2011/65/EU, 2006/42/EC директивалары

Жиі қойылатын сұрақтар - GOP 18VEC Professional BOSCH

GOP 18VEC Professional қандай аккумуляторларды қолдана аламын?
Тек Bosch компаниясының 14,4 В немесе 18 В түпнұсқа литий-ионды аккумуляторларын, мысалы, GBA 14,4В… және GBA 18В… үлгілерін пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану құралды зақымдауы немесе қауіп тудыруы мүмкін.
Ара пышағын немесе керек-жарақты қалай тез ауыстыруға болады?
SDS рычагын (8) тоқтағанша ашыңыз, пайдаланылған құралды алыңыз, жаңа жұмыс құралын құрал ұстағышқа (9) көлденеңдерін туралап орнатыңыз, содан кейін SDS рычагын жабыңыз. Қолданар алдында керек-жарақтың жақсы қатайтылғанын тексеріңіз.
Бұл құралды сүңгуімен кесу үшін қолдана аламын ба?
Иә, тек ағаш, гипс немесе гипсокартон сияқты жұмсақ материалдарда. Қатты материалдар үшін стандартты кесу әдісін қолданыңыз. Артқы соққыларды болдырмау үшін қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз.
Тегістеу табағына абразивті қағазды қалай орнатуға болады?
Жабысқақ қабатты (12) жақсырақ жабысу үшін жеңіл қағыңыз. Абразивті қағазды (13) тесіктерді туралап қойыңыз, содан кейін сағат тілінің бағытымен аздап бұрап басыңыз. Алу үшін бұрышынан тартыңыз.
Шаңсорғыштың киіз сақинасын қашан ауыстыру керек?
Егер киіз сақина (14) зақымдалған немесе тегістеу табағына дұрыс орналаспаса, оны дереу ауыстырыңыз. Тозған сақина шаңсорғыштың тиімділігін төмендетеді.
Аккумулятордың жарық индикаторы нені білдіреді?
Индикатор (6) 3 жасыл жарықдиодтан тұрады. Күйді көру үшін түймені (7) басыңыз: 3 жарықдиод жанса = сыйымдылық ≥ 2/3, 2 жарықдиод = ≥ 1/3, 1 жарықдиод = < 1/3, 1 жарықдиод жыпылықтаса = резерв. Ешқандай жарықдиод жанбаса, аккумулятор ақаулы.
Құралдың жылдамдығын қалай реттеуге болады?
Жылдамдықты алдын ала таңдау дөңгелегін (4) 8 000-ден 20 000 айн/мин аралығына бұраңыз. Мұны жұмыс кезінде де жасауға болады. Жылдамдықты материалға және жұмысқа бейімдеңіз (мысалы, қырнау үшін жоғары жылдамдық, тегістеу үшін орташа).
Бұл құралмен қандай материалдарды өңдеуге болады?
Құрал ағашты, пластикті, гипсті, түсті металдарды, қатайтылмаған шегелерді, степлерлерді, жұмсақ қабырға плиткасын кесу және кесу үшін, сондай-ақ құрғақ тегістеу және шағын беттерді қырнау үшін жарамды.
Электр құралына қалай күтім жасау керек?
Кез келген күтім алдында аккумуляторды алыңыз. Қызып кетуді болдырмау үшін желдету саңылауларын (2) үнемі тазалаңыз. Riff құралдары үшін оларды металл щеткамен тазалаңыз. Жөндеу үшін Bosch сатудан кейінгі қызметіне хабарласыңыз.
Құралды шаңсорғышсыз қолдана аламын ба?
Иә, бірақ тұтанғыш шаңның жиналуын болдырмау үшін тегістеу кезінде шаңсорғышты (керек-жарақ) пайдалану ұсынылады. Зиянды материалдар үшін P2 маскасын киіңіз және жұмыс аймағын желдетіңіз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GOP 18VEC Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Электр құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GOP 18VEC Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GOP 18VEC Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GOP 18VEC Professional BOSCH

kk Пайдалану нускаулығының

ТУПНУСКАСЫ

ro Instructiuni originale

Сәйкестік туралы сертификат Нөмірі RU C-DE.ME77.B.00410 Сәйкестік туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 23.05.2018 дейін

„Электр – машинақұрылысы өнімдері сапа жүйесін стандарттау сертификаттау орталығы“ ЖШҚ 141400, Мәскеу облысы, Химки қ. Ленинградская к., 29

Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген.

Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастан (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

Кызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі

  • түткасы мен корпусы бүзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
    – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
  • тоç сымы бүзылған немесе окшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
  • жауын -шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаныз
    – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
  • көп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
    – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз

Шекті күй белгілері

  • ток сымының тозуы немесе зақымдануы
  • өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жилігі

Эр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сактау

  • күрғақ жерде сақтау керек
  • жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
    – сактау кезінде температураның кенет ауыткуынан қорғау керек
  • орамасыз сактау мүмкін емес
  • сактау шарттары туралы косымша акпарат алу эшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) кужатын караңыз

Тасымалдау

  • тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
    – босату/жуктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рүқсат берілмейді.
  • тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) кужатын оқыңыз.

Қауіпсіздік нүсқаулары

Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары

BOSCH GOP 18VEC Professional - Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары - 1

ECKEPTY

Барлық қауіпсіздік нусқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техни-

калық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғувна, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған „Электр құрал“ атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жок) қатысы бар.

Жумыс орнының қауіпсіздігі

Жумыс орнын таза және жақсы жарықталған жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған жұмыс аймақтары жазатайым окифаларға алып келуі мүмкін.
Жанатын суйыктыктар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қауіпі бар қоршауда электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралдары үшқын шығарып, шаң немесе буларды жандыруы мүмкін.
Электр куралдарын пайдалану кезінде балалар және басқа адамдарды ұзак жерге шеттетіңіз. Ауытку кезінде курал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.

Электр қауіпсіздігі

Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыюы қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес. Жерге қосулы электр құралдарменен ешқандай адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр ток соғу қауіпін төмендетеді.
▶ Кубыр, жылытатын жабдык, плита және суытқыш сияқты жерге қосулы құралдар сыртына тимеңіз. Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тоғының соғу қаупі артады.
Электр құралдарын ылғалдан, сыздан сақтаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Элекр құралды алып жұру, асып қою немесе айырын розеткадан шығару үшін кабельді пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір шеттерден немесе құралдың жылжыма бөлектерінен алыс жерде ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз, тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдалану электр тоғының соғу қаупін төмендетеді.
Электр күралын ылғалды қоршауда пайдалану қажет болса, автоматты сақтандырғыш

ажыраткышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану токсоғу қаупін темендетеді.

Адамдар қауіпсіздігі

Саç болып, не істеп жатканыңызға айрықша көңіл бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь немесе дәрі әсері астында электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда секундтық абайсыздық қатты жаракаттануларға алып келуі мүмкін.
Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе пайдалануына байланысты шаңтүтқыш, сырғудан сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жаракаттану қаупін төмендетеді.
▶ Байкаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр құралын токқа және/немесе аккумуляторға қосуда, оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп түрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе құрылғыны қосулы күйде токқа қосу, жазатайым окигалға алып келуі мүмкін.
Электр куралын қосудан алдын реттейтін аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз. Айналатын бөлшекте түрған аспап немесе кілт жаракаттануларға алып келуі мүмкін.
▶ Калыпсыз дене куйінде түрмаңыз. Тірек күйде турып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз.
Жумыска жарамды киім киіціз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін.
▶ Шансорғыш және шаңтүтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шансорғышты пайдалану шаң себебінен болатын қауінтерді азайтады.
▶ Куралды аса көп жуктеменіз. Жумысыңыз үшін жарамды электр күралын пайдаланыңыз. Жарамды электр күралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз.
▶ Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндөу қажет болады.
Жабдыктарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бүл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған

Электр куралдарын пайдалану және күту

адамдарға бүл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады.

Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болувына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқифаларға себеп болып жатады.
▶ Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нусқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.

Аккумуляторды пайдалану және күту

▶ Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Электр құралдарына арналған аккумуляторлардығана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторлардыпайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды йспелерді туйыктауы мумкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа түйыкталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
▶ Дурыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан сүйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсок тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сүйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сүйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.

Кызмет

Электр құралыңды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жәндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.

Аккумуляторлық мультикескіш үшін қауіпсіздік нусқаулары

▶ Алмалы-салмалы аспаптың жасырын ток сымына тиюї ыктимал жумыстарды орындауда күралды окшауландырылған туткасынан устаңыз. Ток өтетін сымына тию металлды күрал бөлшектеріне ток беріп ток соғуына алып келуі мүмкін.
Электр құралын тек құргғақ ажарлау үшін пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.

▶ Өрт қаупі бар! Ажарланатын материалды немесе ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз. Шаңтүтқыш қабын жұмыс істеуден алдын тазартыңыз, босатыңыз. Шаң қабындағы, микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы (немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі) металлды ажарлауда болатын үшқындар жануы, өрт тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы, ажарлау материалының ұзақ өнделуінен қызуы аса жоғары қауіп тудырады.

▶ Āолыңызды аралау өрісінен тыс устаңыз. Дайындама астынан устамаңыз. Ара полотносына тию жаракаттану қауіпін тудырады.

▶ Кажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.

Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік устан, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады.

▶ Дайындаманы бекітіңіз. Кысу құралына немесе қыскышка орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады.

▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Кыска түйықталу қаупі бар.

BOSCH GOP 18VEC Professional - Аккумуляторлық мультикескіш үшін қауіпсіздік нусқаулары - 1

Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ак, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.

Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бүл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.

▶ Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті артық жүктеуден сақтайсыз.

▶ Шеге немесе бурауыш сиякты үшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бүл қысқа түйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.

▶ Алмалы-салмалы аспаптарды алмастыру кезінде қорғау қолғабын киңіз. Алмалы-салмалы аспаптар ұзақ ұақыт жұмыс істегеннен қызады.

Ылғалды материалдарды (мысалы тусқағаз) және ылғалды жерде қырмаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін артады.

▶ Онделетін бетті құрамында еріткіш бар сүйықтықтармен сүртпеңіз. Қыру кезіндегі материалдар қызып кетуі себебінен улы булар пайда болуы мүмкін.

▶ Кырғышпен жұмыс істеу кезінде сақ болыңыз. Аспап тым өткір болып жақақаттауы мүмкін.

Өнім және қызмет сипаттамасы

BOSCH GOP 18VEC Professional - Өнім және қызмет сипаттамасы - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтыңсоғуына, өрт және/немесе ауыр жаракаттануларға апаруы мүмкін.

Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашык ұстаңыз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы ағаш заттектер, пластмасса, гипс, түсті металды және бекіту элементтерін (мысалы шындалмаған шеге, қапсырма) аралау және ажыратуға арналған. Жұмсақ қабырға плиткаларын өндеу және кіші аймақтарды құрғақ ажарлау мен қыруға да арналған. Әсіресе қыруға жақын және біріктіру жайындағы жұмыстарға арналған. Электр құралын тек Bosch жабдыктарымен пайдалану қажет.

Бейнеленген курамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

1 Коскыш/өшіргіш
2 Желдеткіш саңылауы
3 Аккумуляторды босату түймесі
4 Тербелу көлемін тандау дөңгелегі
5 Аккумулятор*
6 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы*
7 Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының пернесі*
8 Аспаптың күлпын ашатын SDS-түтқышы
9 Аспап пантроны

10 Түтка (беті окшауландырылған)

11 Кыс қа ара полотносы*

12 Тегістеу пластинасы

13 Тегістеудискі*

14 Шансорғыштың киізден жасалған дөңгелегі*

15 Шансорғыш үшін ұстағыш қапсырма*

16 Аспирациялық келте құбыр*

17 Шансорғыш*

18 Сорғыш шланг*

19 Сору адаптері*

*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

Техникалық мәліметтер

Аккумуляторлық мультикескішGOP 14,4/18 V-EC
Өнім нөмірі3 601 HBO 0..
Жұмыс кернеуіB= 14,4/18
Бос істеу айналымдар саны n_0 мин ^-1 8000–20000
Тербелу бұрышы солға/оңға°1,4
EPTA-Procedure 01/2003
құжатына сай салмағыкг 1,7/1,7*
Рұқсат етілген қоршаутемпературасы
– з а р я д т а у д а°C0...+45
– пайдалану** мен сақтауда°C–20...+50
ұсынылған аккумуляторлерGBA 14,4V ...GBA 18V ...
ұсынылатын зарядтаукұралдарыAL 18..GAL 3680
* п а й д а л а н ған аккумуляторге байланысты** < 0 °C температураларда шектелген қуат
Техникалық мәліметтер жинақтағы аккумулятормен жұмыс істеугеесептелген.

Шуыл және дірілдеу туралы акпарат

Шу эмиссиясының мәндері EN 60745-2-4 бойынша есептелген.

А-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 80 дБ(А); дыбыс қуаты 91 дБ(А). Өлшеу дәлсіздігі К = 3 дБ.

Кулакты корғау құралдарын киңіз!

Жиынтықдіріл мәні ₕ (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі EN 60745-2-4 стандартына сай анықталған:

Ажарлау: a_h=3,5m/c^2, K=1,5m/c^2 ,

Батырмалы ара дискмен аралау: a_h=9,7 m/c^2, K=1,5 m/c^2 , Сегменттік ара дискімен аралау: a_h=6,0 m/c^2, K=1,5 m/c^2 , Кыру: a_h=8,5 m/c^2, K=1,5 m/c^2 .

Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745 ережесінде мәлшерленген өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды.

Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін түрлі керек-жарактармен басқа алмалысалмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бүл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттырады.

Дірілдеу куатын накты есептеу үшін күрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бүл дірілдеу куатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді.

Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

Сәйкестік мәлімдемесі СЕ

Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер“ де сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірінен соң 2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамаларына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз: EN 60745-1, EN 60745-2-4.

Техникалық күжаттар (2006/42/EC) төмендегідеі:

Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,

70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY

Henk Becker

▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.

Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау құрылғысында толығымен зарядтаңыз.

Литий-иондык аккумуляторды пайдалану мерзімін қыскартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкөлемейді.

Аккумуляторды шешу

Аккумулятордың 5 екі бекіту басқышы бар, олар аккумудяторды ашу пернесі 3 кездейсок басылып аккумулятор түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстап тұрады.

Аккумуляторды 5 шығару үшін аккумуляторды босату түймесін 3 басыңыз және аккумуляторды электр күралдан артқа шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.

Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының 6 үш жасыл жарық диоды аккумулятор 5 зарядталу күйін көрсетеді. Қауіпсіздік салдарынан зарядталу күйін сұрау тек электр құралын төқтатып орындау мүмкін.

Зарядталу күйін көрсету үшін 7 түймешесін басыңыз. Бүлны алынған аккумулятор 5 менен да орындау мүмкін.

Жарык диоды Куаты

Уздіксіз жарык 3 х жасыл ≥ 2/3
Уздіксіз жарык 2 х жасыл ≥ 1/3
Уздіксіз жарык 1 х жасыл < 1/3
Жыпылыктайтын жарык 1 х жасылРезерв

7 пернесін басқаннан соң ешбір жарық диоды жанбаса оны алмастыру қажет.

Жумыс куралын ауыстыру

  • Аккумуляторды электр күралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр күралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсок қосылғанда жақақат алу қаупі бар.
    ▶ Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киїңіз. Алмалы-салмалы аспаптарға тию жаракаттану қаупін туындатады.

Алмалы-салмалы аспаптарты таңдау

Жұмыс құралыМатериал
BOSCH GOP 18VEC Professional - Жумыс куралын ауыстыру - 1HCS ғаштық сегменттің ара*Ағаштық заттектер, пластик
Биметалды сегменттік ара полотносы*Ағаш, пластмасса, түсті метал
BOSCH GOP 18VEC Professional - Жумыс куралын ауыстыру - 2HCS-қыска ара полотнолары ағаш*Ағаштық заттектер, пластик, гипс және басқа жұмсақ материалдар
Биметалды қыска ара полотнолары метал*Метал (мысалы, шыңдалмаған шеге, бұрандалар, кіші профильдер), түсті металдар
қос металдық қолдықарадискі ағаш пен метал*Ағаш, метал, түсті металдар
BOSCH GOP 18VEC Professional - Жумыс куралын ауыстыру - 3НМ-бүдірлі сегменттік ара полотносы*Цементті тігістерді, жұмсақ қабырға плиткаларын, әйнекті талшық пен арматураланған пластмасса және басқа абразив материалдар
BOSCH GOP 18VEC Professional - Жумыс куралын ауыстыру - 4НМ-бүдірлі дельта пластинасы*
BOSCH GOP 18VEC Professional - Жумыс куралын ауыстыру - 5Қырғыш, тұрақты*Кілемдер, төсөулер

* Тандамалы жабдыктар; барлық жабдыктарды Bosch жабдыктар бағдарламасында табасыз.

Жумыс құралыМатериал
BOSCH GOP 18VEC Professional - Жумыс куралын ауыстыру - 6Қырғыш,иілмелі*Силикон мен басқа майысқақ материалдар
BOSCH GOP 18VEC Professional - Жумыс куралын ауыстыру - 7Delta сериялық93 мм ажарлаудискі үшінажарлаупластинасы*тегістеу дискіне байланысты

* Тандамалы жабдыктар; барлық жабдыктарды Bosch жабдыктар бағдарламасында табасыз.

Керек болса орнатылған алмалы-салмалы аспапты шешіңіз.

Ол үшін SDS түтқышын 8 тірелгенше (одна көп емес) ашып алмалы-салмалы аспапты алып қойыңыз.

Керекті электр құралды (мысалы, қол ара дискісін 11)

аспап патронына 9 ойығы төменге көрсететін етіп орнатыңыз (графикалық беттегі суретті қараңыз, алмалы- салмалы аспаптыңжазуларын жоғарыдан көруге болады).

Электр құралды әр жұмыс үшін қолайлы күйге бұрап аспап патронының дөнестеріде 9 тіретіңіз. Онда аралығы 30° болатын 12 күй болуы мүмкін.

SDS түтқышын 8 ол электр құралының корпусына жататын етіп жабыңыз.

▶ Алмалы-салмалы аспаптың бекем түрганына көз

жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекілген алмалы- салмалы аспаптар пайдалану кезінде сізге қауіп төндіруі мүмкін.

Тегістеу дискін тегістеу пластинасында орнату/алмастыру

Тегістеу пластинасы 12 жабыскақ матамен жабдықталған болып тегістеу дискін жылдам және оңай бекітеді.

Берік ұстауды қамтамасыз ету үшін жапсырма матасын тегістеу пластинасында 12 тегістеу дискін 13 орнатудан алдын қағып шығыңыз.

Тегістеу дискін 13 тегістеу пластинасының 12 бір шетіне қойып сосын тегістеу дискін тегістеу пластинасына орнатып қатты басыңыз.

Оптималды шансоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу дискіндегі ойыктардың тегістеу пластинасының ойыктарымен сәйкес болувына көз жеткізіңіз.

Тегістеу дискін 13 шешу ўшін оны ўшынан устап тегістеу пластинасынан 12 шығарыңыз.

Bosch ұсынатын жабдықтар ассортименті арасынан Delta 93 мм сериялы барлық тегістеу дискілерін, тегістеу және тазалау, ажарлағыштарын пайдалануыңызға болады.

Тоқылмаған/жылтырату киізі сияқты тегістеу жабдықтары да осы әдіспен тегістеу пластинасына бекітіледі.

Өнделетін материал және қажетті беттің алынуына байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:

Егеукум қағазыМатериалПайдалануТүйіршіктілік
BOSCH GOP 18VEC Professional - Тегістеу дискін тегістеу пластинасында орнату/алмастыру - 1– Барлық ағаш түрлері(мысалы, қатты, жұмсақ,ЖАТ, құрылыспанельдері)– Металл материалдарСүргіленбеген брус немесе тактайларды алдын алатегістеу үшіндөрекі 4060
Жалпақ тегістеу және аздаған кедір - бүдірді тегістеу үшінорташа 80100120
Ағашты ақырғы және жұқалап тегістеу үшінмайда 180240320400
BOSCH GOP 18VEC Professional - Тегістеу дискін тегістеу пластинасында орнату/алмастыру - 2– б о я у– лак– т о л т ы р ғыш– қалақшаБояуды тегістеу үшіндөрекі 4060
Боялған беттерді тегістеу үшін (мысалы,жағындыларды, бояу тамшыларын және аққаніздерді ж ою)орташа 80100120
Лактың төсеме бояуын тегістеумайда 180240320400

Шанды және жоңқаларды сору

▶ Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шанды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты Қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуї керек.

  • Мумкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
    – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
  • P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.

Өнделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жумыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз. Шаң оңай түтануы мүмкін.

Шаңсорғышты қосу (А суретін қараңыз)

Тегістеу барысында әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Шансорғышты 17 орнату (жабдық) үшін алмалы-салмалы аспапты алып қойыңыз.

Керек болса, шансорғыштың 17 бөліктерін суретте көрсетілгендей біріктіріңіз. Орнатылған шансорғышты электр құралындағы аспап патронына 9 орнатыңыз. Шансорғышты оның дөңестері корпустағы тиісті тесіктерге кіретін етіп бұраңыз. Шансорғышты суретте көрсетілгендей ұстағыш қапсырмамен 15 электр құралында бекітіңіз.

Киїзді сакинаның 14 зақымдалмағандығына және тегістеу пластинасына 12 тығыз жатуына көз жеткізіңіз. Зақымдалған киїзді сақинаны бірден алмастырыңыз.

Сорғыш шлангты 18 (жабдық) кұрылымына байланысты я тікелей аспирациялық кұбырға 16 салыңыз я шланг үштық бөлшегін кесіп алып, сорғыш адаптерді 19 (жабдық) шланг үшына бұрап салып сосын оны тікелей аспирациялық кұбырға 16 салыңыз. Сорғыш шлангын 18 шансорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шансорғыштарға қосу әдістері көрсетілген. Шансорғыш өнделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыкка зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шандар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

▶ Тек электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында белгіленген құатты түпнұсқалық Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Баска аккумуляторларды пайдалану жаракаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.

Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.

Зарядталған аккумуляторды 5 артынан электр құралының түтқасына салыңыз. Аккумуляторды қызыл сызық көрін- бегенше, аккумулятор бекітілгенше толық түтқаға салыңыз.

Косу/өшіру

Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 1 алға жылжытып қосқышты „І“ көзге түсетін қылыңыз.

Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 1 „0“ қосқышы көрінгеніше артқа жылжытыңыз.

Энергия куатын үнемдеу үшін электр күралын тек пайдаланарда қосыңыз.

Литий-иондык аккумулятор „Electronic Cell Protection (ECP)“ аркылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы аркылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.

Ескертпе: Аккумулятор заряды ада болған немесе ол қы- зып кеткен кезде электр құрал автоматты өшсе, онда электр құралды қосқыш/өшіргішпен 1 өшіріңіз. Электр құралды қайта қосар алдында аккумуляторды зарядтаңыз немесе суытыңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.

Тербелу санын тандайтын реттеуші арқылы 4 қажетті тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.

Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

  • Аккумуляторды электр куралмен кез келген жумыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр куралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсок қосылғанда жарақат алу қаупі бар.

▶ Электр құралын жерге қоюдан алдын оның токтауын күтіңіз.

Ескертпе: Электр құралының желдеткіш саңылауын 2 жұмыс істеу кезінде жаппаңыз, әйтпесе электр құралының пайдалану мерзімі қыскарады.

Жумыс ережелері

Тербелтетін жетек арқылы алмалы-салмалы аспап минутына 20 000 реттей 2,8° тербеледі. Бүл қолайсыз, тар жерде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

BOSCH GOP 18VEC Professional - Жумыс ережелері - 1

Жай және бір қалыпты қысыммен жұмыс істеңіз, әйтпесе жұмыс өнімділігі төменден, алмалы-салмалы аспап сыналанып қалады.

BOSCH GOP 18VEC Professional - Жумыс ережелері - 2

Электр құралын жұмыс істеу кезінде жанжаққа жылжытыңыз, сонда алмалы- салмалы аспап қызбайды, сыналанбайды.

Аралау

▶ Бузылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз. Кисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті закымдауы немесе кері соғу себебін тудырады.
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң нүсқауларын және материал өндірушісінің ұсыныстарын орындаңыз.
▶ Кол арасымен тек ағаш, гипсокартон және т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өндеу қажет!

HCS ара полотноларымен ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдарын т.б. аралаудан алдын шеге, бұранда т.б. сияқты бөгде денелердің жоқтығын тексеріңіз. Қажет болса бөгде денелерді алып тастаңыз немесе биметалды ара полотноларын пайдаланыңыз.

Kecy

Ескертпе: Кабырға плиткаларын кесу барысында алмалы- салмалы аспаптар үзақ пайдаланудан да тозатындығын есте сақтаңыз.

Ажарлау

Көшіру деңгейі және тегістелген бет сапасы тегістеу дискін тандау, тандалған тербелулер саны және басу күші арқылы реттеледі.

Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол арқылы электр құралын сақтауға болады.

Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты басуға талпыныңыз.

Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез тозуын тудырады.

Бурыш, қыр және әрең жететін жайларды нақты тегістеу үшін тегістеу пластинасының ұшын немесе қырын пайдалану керек.

Нуктелі тегістеуде диск қатты қызып кетуі мүмкін. Тербелу саны мен қысымды азайтып тегістеуди дискін жүйелі түрде сувітыңыз.

Металл өндеген тегістеу дискін баска материалдар үшін пайдаланбаңыз.

Тегістеу барысында әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Кыру

Кыру үшін жоғары тербелу басқышын тандаңыз.

Жүмсақ тіректе (мысалы ағашта) жалпақ бұрышта және аз қысымбен жұмыс істеңіз. Әйтпесе қырғыш қатты кесіп кетуі мүмкін.

Температураға байланысты артық жуктеу қорғанысы

Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық жүктөлмейді. Артық жүктөлу немесе рұқсат етілген аккумулятор температурасы аралығы өтілсе айналымдар саны қыскарып, электр құралы өшеді. Төменделген айналымдар санында электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға жеткеннен соң немесе төменделген жүктелуде толық айналымдар санымен жұмыс істейді. Автоматты өшу- де электр құралын автоматты ретте өшіріп, аккумуляторды суытыңыз да, электр құралын қайта қосыңыз.

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нускаулар

Аккумуляторды сүйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура аукымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлыктай қыскаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Коқыстарды қайта өндеу туралы нүсқауларды орынданыз.

Техникалық күтім және қызмет

Кызмет көрсету және тазалау

  • Аккумуляторды электр куралмен кез келген жумыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр күралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсок қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
    ▶ Дурыс және сенімді істеу үшін электр құралмен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Бүдірлі алмалы-салмалы аспаптарды (жабдыктар) жүйелі түрде сымды қылшақпен тазалаңыз.

Тутынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Кызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сурақтарға жауап береді. Кажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы акпаратты мына мекенжайдан табасыз:

www.bosch-pt.com

Кенес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.

Сурактар кою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тактайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“ фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.

ЕСКЕРТУ! Зансыз жолмен экелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Занмен қудаланады.

Қазақстан

ЖШС „Роберт Бош“

Электр куралдарына кызмет көрсету орталығы

Алматы каласы

Қазақстан

050050

Райымбек данғылы

Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1

Тел.: +7 (727) 232 37 07

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com

Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz

Тасымалдау

Бүл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша қужаттарсыз тасымалдай алады.

Ушінші түлғалар (мысалы, әye көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жуктер маманына хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қоэғалмайтындай oraңыз

Кажет болса, косымша ултык ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

BOSCH GOP 18VEC Professional - Кәдеге жарату - 1

Электр күралдарды, аккумуляторларды, керек- жарактарды және орау материалдарын экологиялық түргыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Электр күралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

BOSCH GOP 18VEC Professional - Тек қана ЕО елдері үшін: - 1

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша 2012/19/EU директивасына және 2006/66/ЕС нормасына сай жарамсыз электр құралдарды, ақаулы немесе пайдаланылған аккумулятор-ларды/батареяларды бөлек жинау керек және экологиялық түргыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Аккумуляторлар/батареялар:

BOSCH GOP 18VEC Professional - Аккумуляторлар/батареялар: - 1

text_image Li-Ion Li Li-Ion

Литий-иондык:

„Тасымалдау“ тарауындағы, 155 бетіндегі нұсқауларды орынданыз.

Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.

Română

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GOP 18VEC Professional

Санат : Электр құралдары