GCR 350 Professional - бурғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCR 350 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бурғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCR 350 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCR 350 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCR 350 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) Bosch Power Tools 1 609 92A 4NK | (03.04.2019)170 | Қазақ істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. ЕСКЕРТУ ! Электр құралдарды пайдаланған кезде негізгі қауіпсіздік шараларын әрдайым орындай керек, ол арқылы өрт, тоқ соғу және жеке жарақаттану қауібін төменегілермен бірге кемейтесіз. Осы нұсқаулардың барлығын осы өнімді пайдаланар алдынада оқыңып алыңыз және нұсқауларды сақтап қойыңыз. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
1 609 92A 4NK | (03.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 171 u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
Алмасты бұрғы қауіпсіздік нұсқаулары u Суды талап ететін бұрғылауды орындаған кезде, суды пайдаланушының жұмыс аймағынан ары ағызыңыз немесе сұйықтық жинайтын құрылғыны пайдаланыңыз. Осындай алдын алу шаралары пайдаланушы жұмыс аймағын құрғақ сақтап тоқ соғу қауіпін кемейтеді. u Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. u Алмасты бұрғымен бұрғылауда құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 4NK | (03.04.2019)172 | Қазақ u Ұшы қысылғанда, төменге қысуды тоқтатып аспапты өшіріңіз. Ұшы қажалуының себебін табып оны жоюға әрекет жасаңыз. u Алмасты бұрғы жұмысын қайта іске қосудан алдын ұшы еркін бұралуын тексеріңіз. Егер ұшы қажалса, ол іске қосылмауы, аспапты артық жүктеуі мүмкін, немесе алмасты бұрғыны дайындамадан босатуы
u Бұрғы стендін анкерлермен және қысқыштармен дайындамаға қысуда, пайдаланған анкерлеу машинаны пайдалануды ұстап жылжытпауға қабилетті екенін тексеріңіз. Егер дайындама әлсіз немесе тесіктермен болса, анкер шығып кетіп бұрғыны дайындамадан шығаруы мүмкін. u Бұрғы білтегін вакуумдық жастықшамен дайындамаған бекітуде, жастықшаны тегіс, таза, тесіксіз бетте бекітіңіз. Плитка немесе композиттік қаптама сияқты ламинация істелген беттерде бекітпеңіз. Егер дайындама тегіс, жалпақ немее жақсы бекітілген болмаса, жастықша дайындамадан шығып кетуі мүмкін. u Бұрғылаудан алдын немесе бұрғылау кезінде жетерлік вакуум болуына көз жеткізіңіз. Егер вакуум жетерлік болмаса, жастықша дайындамадан шығып кетуі мүмкін. u Бұрғылауды ешқашан тек вакуумдық жастықшамен бекітілген машинамен орындамаңыз, тек қана төмен қарай бұрғылауда. Егер вакуум жоғалған болса, жастықша дайындамадан шығып кетуі мүмкін. u Қабырға немесе төбеден өткізіп бұрғылауда, басқа жағында адамдар және жұмыс аймағын қорғауды қамтамасыз етіңіз. Ұшы тесіктен өтіп басқа жағында түсіп кетуі мүмкін. u Бұл құрылғыны бас жоғарысында сумен бұрғылау үшін пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. u Сырғанамайтын аяқ киімін киіп жүріңіз. Осылайша жылтыр беттерде сырғанау себебінен пайда болатын жарақат алудың алдын аласыз. u Электр құралын ешқашан жинақтағы авариялық тоқ қрғағыш өшіргішісіз (PRCD) пайдаланбаңыз. u Не жұмыс аймағындағы адамдарға, не электр құралының өзіне шығып жатқан су тимегеніне назар аударыңыз. u Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін. u Бұрғылайтын білдекті орнатудан бұрын бұрғылау тірегін құрастырыңыз. Кедергісіз жұмысты қамтамасыз ету үшін дұрыс құрастыру керек. u Бұрғылайтын білдекті пайдаланудан бұрын бұрғылау тірегіне бекітіңіз. Бұрғылайтын білдек бұрғылау тірегінен сырғып кетсе, бұл бақылаудың жоғаруына әкелуі мүмкін. u Бұрғылау тірегін берік, тегіс бетте бекітіңіз. Егер бұрғылау тірегі сырғитын немесе тербелетін болса, бұрғылайтын білдекті бірқалыпты және сенімді басқару мүмкін болмайды. u Бұрғылайтын білдектің жалғағыш кабелін жұмыс аймағынан алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тогының соғу қауіпін
u Бұрғылау тірегіне артық жүктеме түсірмеңіз және оны саты немесе тірек ретінде пайдаланбаңыз. Бұрғылау тірегіне артық жүктеме түсіру немесе үстінде тұру нәтижесінде бұрғылау тірегінің салмақ орталығы артып, аударуына алып келуі мүмкін. u Пайдаланылмайтын бұрғылау тірегін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Құрылғымен таныс емес немесе осы нұсқауларды оқымаған адамдарға оны пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында құрылғылар қауіпті
u Бұрғылау тірегінде немесе бұрғылайтын білдекте кез келген жұмыстарды өткізу алдында, жұмыс үзілістерінің кезінде және бұрғылау тірегін пайдаланбайтын кезде бекіткіш тежегішті бұрап бекіту арқылы бұрғылау тірегін кенет қозғалудан
u Электр құралын тек қорғаныш сымы бар және өлшемі жеткілікті ток желілерінде пайдалануға
u Бұрғылау станинасын жұмыс кезінде әрдайым дюбель, вакуум (керек-жарақ) немесе жылдам қысқыш бағанның көмегімен бекітіп, алмасты бұрғы білдек пен бұрғылау коронкасы орнатылған бұрғылау станинасын кездейсоқ аударылудан сақтап қойыңыз. u Су өткізетін шлангтар, жалғау бөліктері және су жинау сақинасы (керек-жарақ) күйінің дұрыс болуын тексеріңіз. Зақымдалған немесе тозған бөліктерді пайдаланудан бұрын алмастырыңыз. Электр құралының бөліктерінен судың шығуы ток соғу қауіпін арттырады. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. 1 609 92A 4NK | (03.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 173 Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Мақсаты бойынша қолдану Тасымалды алмасты бұрғы білдек GDB350WE+ GCR350 Алмасты бұрғы білдек Электр құралы алмасты ылғалды бұрғылау коронкасымен және су ағызуымен бетон, темір бетон немесе тас сияқты минералды заттектерді ылғалды бұрғылауға арналған. Электр құралын сорғыш құрылғымен (су жинау сақинасы мен ылғалды/құрғақ сорғышпен) бірге пайдалануға
Электр құралын тек алмасты бұрғылау станинасымен GCR350 бірге пайдалануға болады. Бас үстінен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Алмасты бұрғылау станинасы Алмасты бұрғылау станинасы Bosch ұсынған GDB350WE алмасты бұрғы білдегін орнатуға арналған. 2608550622 білдек адаптерінің көмегімен GDB2500WE алмасты бұрғы білдегін де орнатуға болады. Басқа құрылғыларды орнатуға болмайды. Алмасты бұрғылау станинасын дюбельдің көмегімен еденге немесе қабырғаға орнатуға болады. Алмасты бұрғылау станинасын вакуум (керек-жарақ) көмегімен еденге немесе (қосымша бекіткішпен) қабырғаға орнатуға болады. Бас үстінен бекітуге рұқсат
Алмасты бұрғылау станинасын жылдам қысқыш колонкасының көмегімен еденге орнатуға болады. Қабырғаға немесе бас үстінен бекітуге рұқсат етілмейді. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген компоненттердің нөмірлері графикалық беттердегі электр құралы мен бұрғылау станинасының сипаттамасына негізделген. Алмасты бұрғы білдек (1) Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD) (2)
(3) Беріліс ауыстырып-қосқышы (4) Шүмекке жалғағыш бөлшек (5) Су жапқыш шүмек (6) Бұрғылау коронкасы
(7) Бұрғылау шпинделі (8) Оңай босатқыш элемент (9) Бұрғы білдектің тасымалдау тұтқасы (10) Бұрғы білдек тасымалдау тұтқасының бұрандалары
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Алмасты бұрғылау станинасы (11) Бұрғылау станинасының тасымалдау тұтқасы (12) Бұрғылау станинасы тасымалдау тұтқасының бұрандалары (13) Бұрғылау бұрышының шкаласы (14) Құрылғы қысқышының эксцентрик болттары (15) Айналатын крест (беті оқшауланған) (16) Бекіткіш тежегіш (17) Бұрғылау бұрышын реттеу қалпақшалы гайкасы (18) Нивелирлеу бұрандасы (19) Төменгі плита (20) Су жинау сақинасы
(21) Бұрғылау колонкасы (22) Тісті рейка (23) Білдек адаптеріне арналған бұрандалар (M8×20) (24) Білдек адаптерінің призмалық буаттары (25) Білдек адаптері (26)
(27) Құрылғы қысқышы (28) Тігінен туралау деңгейі (29) Аралық тақта
(30) Аралық тақтаға арналған бұрандалар (M8×45)
(31) Аралық тақтаның призмалық буаттары
(32) Кірпіш қалау дюбелі/бетон дюбелі
(33) Жылдам қысқыш шпиндель
(34) Жылдам қысқыш шпиндельдің қатпарлы гайкасы
(35) Су жинау сақинасының қыспа серіппесі
(36) Бағыттауыш шығыршықтың алты қырлы гайкасы (37) Бағыттауыш шығыршықтың ішкі алты қырлы
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Тасымалды алмасты бұрғы білдек GDB350WE+ GCR350 Алмасты бұрғы білдек GDB 350 WE Өнім нөмірі 3601A899.. Номиналды тұтынылатын
Вт 3200 Өнімділік Вт 2300 Номиналды айналу жиілігі n
Саңылау диаметрі – 1-беріліс мм 165–350 – 2-беріліс мм 80–160 – 3-беріліс мм 55–105 Bosch Power Tools 1 609 92A 4NK | (03.04.2019)174 | Қазақ Алмасты бұрғы білдек GDB 350 WE Құрал бекіткіші 11/4" дюймUNC макс. сумен жабдықтау
бар 3 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 11,9 Қорғаныс класы /I Өлшемдері (алынбалы құрылғы элементтерін қоса) мм 534× 142× 168 Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Алмасты бұрғылау станинасы GCR 350 Өнім нөмірі 3601A90200
– Биіктігі мм 955 – Ені мм 323 – Қалыңдығы мм 388 Бұрғылау коронкасының өлшемдері, макс. – Диаметрі мм 300 – Аралық тақтаның (29)
мм 350 – Су жинау сақинасымен бірге диаметрі мм 202 – Ұзындығы мм 530 Бұрғылау жүрісі, макс. мм 580 Жұмыс ұзындығы, макс. мм 550 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 12,6 Шуыл бойынша ақпарат EN62841‑3‑6 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 96дБ(A); дыбыстық қуат деңгейі 110дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K=3дБ. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару мәнін арттырады. Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Бұрғылау станинасын монтаждау Тасымалдау тұтқасы Алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын бұрғылау станинасының тасымалдау тұтқасын (11) бұрандалардың (12) көмегімен бұрғылау колонкасына бұрап бекітіңіз. Бұл ретте тасымалдау тұтқасының қалпағын бұрғылау колонкасына нық жалғанатындай етіп орнатыңыз. Айналатын крест Айналатын кресттің (15) үш қапсырмасын айналатын кресттің орта төлкесіне тірелгенше бұрап кіргізіңіз. Айналатын крест (15) бұрғылау кезінде қос иін ретінде және сонымен қатар бұрғылау станинасындағы бұрандаларды бұрап босату немесе бекіту үшін қызмет
Бұрғылау үшін айналатын крестті қажетінше тегершікке (26) солға немесе оңға тірелгенше жылжытыңыз. Айналатын крестті алып тастау үшін қатты тартып
Бекіткіш тежегіші бар берілісті бұғаттау тетігі Бұрғылау станинасындағы барлық жұмыстар үшін, жұмыс үзілістерінде және пайдаланбаған кезде берілісті бұғаттаңыз. Ол үшін бекіткіш тежегішті (16) бұрап
Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (16) айналатын крест (15) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз. Тасымалдау тұтқасын электр құралын
Алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын тасымалдау тұтқасын (9) бұрандалардың (10) көмегімен электр құралына бұрап бекітіңіз. Электр құралын орнату (A−Bсуреттерінқараңыз) Бекіткіш тежегіш (16) тартылғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы қысқышының (27) оң жағында ойық бар. Білдек адаптерін (25) электр құралына орнатқан кезде, дөңес жер білдек адаптерінде B суретінде көрсетілгендей оң жағында тұрғанын тексеріңіз. Білдек адаптерін (25) білдек адаптерінің призмалық буаттары(24) электр құралының сәйкес ойықтарына тірелетіндей етіп электр құралына орнатыңыз. Білдек адаптерінің төрт бұрандасын (23) орнатып, алты қырлы дөңбек кілтпен (кілт ені 6мм) бұрап бекітіңіз. Эксцентрик болтын (14) айналатын крестпен (15) босатып, оны құрылғы қысқышынан (27) тірелгенше тартып шығарыңыз. Электр құралын білдек адаптерімен (25) құрылғы қысқышына білдек адаптерінің астыңғы 1 609 92A 4NK | (03.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 175 дөңес жері құрылғы қысқышының астыңғы болтының➊ астында орналасатындай іліңіз. Электр құралын құрылғы қысқышына ➋ орнатып, эксцентрик болтын (14) қайта енгізіңіз. Эксцентрик болтын айналатын крестпен (15) тартып қойыңыз. Айналатын крестті (15) бұрғылау әрекеті үшін оңға немесе солға қарай тегершікке (26) жылжытыңыз. u Электр құралының құрылғы қысқышында берік бекітіліп тұрғанын тексеріңіз. Электр құралын бұрғылау станинасынан шығару кезінде әрекетті кері реттілік бойынша орындаңыз. 300–350 мм саңылау диаметріне арналған аралық тақта (C суретін қараңыз) 300 мм мен ең көбі 350 мм аралығындағы диаметрге ие саңылаулар үшін қосымша аралық тақтаны (29) (керек- жарақ) орнату керек. Ол үшін білдек адаптерін (25) аралық тақтаға (29) білдек адаптерінің призмалық буаттары (24) аралық тақтаның тиісті ойықтарына кіретіндей етіп орнатыңыз. Содан кейін аралық тақтаны (29), соның ішінде білдек адаптерін (25) электр құралына аралық тақтаның призмалық буаттары (31) электр құралының тиісті ойықтарына кіретіндей етіп орнатыңыз. Аралық тақтаның төрт бұрандасын (30) орнатып, алты қырлы дөңбек кілтпен (кілт ені 6мм) бұрап бекітіңіз. Содан кейін электр құралын жоғарыда сипатталғандай бұрғылау станинасына бекітіңіз. Бұрғылау станинасын бекіту Нұсқау: бұрғылау станинасын саңылаусыз бекітіңіз. Осылайша бұрғылау коронкасының қысылуына және сегменттерінің тозуына жол бермейсіз. Астыңғы беттің түрі және сипаттарына байланысты бұрғылау станинасын дюбельмен, вакууммен немесе жылдам қысқыш колонкасымен жоспарланған саңылауға
Бұрғылау станинасын бекітуден бұрын орналастыру Қажетті саңылау ортасын астыңғы бетте сызып қойыңыз. Бұрғылау үшін пайдаланылған коронканың сыртқы өлшемін саңылау ортасымен орталық ретінде белгілеңіз. Бұрғылау станинасын (электр құралы орнатылған) дюбельмен, вакууммен немесе жылдам қысқыш колонкасымен орнатылған бұрғылау коронкасы белгіленген өлшемдерге түсетіндей етіп бекітіңіз. Дюбельмен бекіту (D суретін қараңыз) Бұрғылау станинасын дюбельдермен (керек-жарақ) кірпіш қалауда немесе бетонда бекіту үшін бөлек бекіткіш саңылауды бұрғылаңыз. Дюбель саңылауы – жоспарланған саңылау ортасының аралығы
275–375мм Дюбель саңылауы үшін төмендегі өлшемдер қолданылады: Диаметрі Тереңдігі Кірпіш қалау 20мм 85мм Бетон 16мм 50мм Бір бетондық дюбельді кергі сынамен немесе кірпіш қалау дюбелімен (32) орнатыңыз. Жылдам қысқыш шпиндельді (33) дюбельге бұрап енгізіңіз. Бұрғылау станинасы мен астына қоятын шайбаны орнатып, қатпарлы гайкамен (34) бұрап бекітіңіз. Қатпарлы гайканы нивелирлегеннен кейін айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 27мм) тартып қойыңыз. Вакууммен (керек-жарақ) бекіту Бұрғылау станинасын вакууммен бекіту үшін стандартты вакуумдық сорап және Bosch вакуумдық жинағы (керек- жарақ) қажет болады. Ваккуумдық сорап төмендегі талаптарға сай болуы керек: Көлемдік ағын: 6м
Вакуум кемінде: 80% (−800мбар) Вакууммен бекіту үшін астыңғы бет жылтыр және тегіс болуы керек. Сылау немесе кірпіш қалауда орнату мүмкін
Вакуумдық қосылым пайда болғанда нивелирлеу бұрандаларын (18) астыңғы бетке сәл орнатып, бұрғылау станинасы нық тұрып, тығыздауыш сақина бос тұруы керек. Әйтпесе бұрғылау станинасы тығыздауыш сақинада қатты босап тұрады. Вакуумдық сорапты және Bosch вакуумдық жинағын жалғау үшін олардың пайдалану бойынша нұсқаулықтарын оқып ұстаныңыз. u Вакуумдық сорап пен вакуумдық жинақтың қауіпсіздік және жұмыс нұсқауларын қатал орындау қажет! Жылдам қысқыш колонкасымен бекіту (E суретін қараңыз) Бұрғылау станинасын Bosch жылдам қысқыш колонкасымен (керек-жарақ) еден мен төбе аралығында бекітуге болады. Керу диапазоны 1,7м мен 3м аралығында болады. Жылдам қысқыш колонкасының бір ұшын бұрғылау станинасының едендік тақтасына қойыңыз. Төбедегі орнату жазықтығы жылдам қысқыш колонкасының басқа ұшы үшін жеткілікті тұрақты және сырғанаудан қорғалған болуы керек. Жылдам қысқыш колонкасын бекіту үшін оның пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып ұстаныңыз. Нивелирлеу (вакууммен бекіткенде емес) Нивелирлеу бұрандаларын (18) деңгей (28) (тігінен монтаждау кезінде) дәл тураланатындай етіп бір-бірден бұрап бекітіңіз немесе шығарыңыз. Енді бұрғылау станинасын дюбель бекіткішімен немесе жылдам қысқыш колонкасымен бекітіңіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 4NK | (03.04.2019)176 | Қазақ Бұрғылау коронкасын орнату/алмастыру u Бұрғылау тірегінде немесе бұрғылайтын білдекте кез келген жұмыстарды өткізу алдында, жұмыс үзілістерінің кезінде және бұрғылау тірегін пайдаланбайтын кезде бекіткіш тежегішті бұрап бекіту арқылы бұрғылау тірегін кенет қозғалудан
Бұрғылау коронкасын орнату u Бұрғылау коронкаларын орнатудан бұрын тексеріп шығыңыз. Тек ақаусыз бұрғылау коронкаларын орнатыңыз. Зақымдалған және деформацияланған бұрғылау коронкалары қауіпті жағдайларды тудыруы
Орнатудан бұрын бұрғылау коронкаларын тексеріп шығыңыз. Бұрғылау коронкасының бұрандасын аздап майлаңыз немесе тот басудан қорғайтын затты себіңіз. 11/4 дюйм UNC бұрғылау коронкасын (6) бұрғылау шпинделіне (7) бұрап қойыңыз. u Бұрғылау коронкасының нық бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекітілген бұрғылау коронкалары жұмыс кезінде босап, сізге қауіп төндіруі
Бұрғылау коронкасын алып тастау u Бұрғылау коронкасын алмастыру кезінде қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Электр құралы ұзақ уақыт жұмыс істесе, бұрғылау коронкасы қызып кетуі
Бұрғылау коронкасын (6) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 41мм) босатыңыз. Бұл ретте екінші айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 32мм) бұрғылау шпинделінің (7) артқы ілмегін тіреп тұрыңыз. Оңай босатқыш элемент (8) бұрғылау коронкасын (6) босату әрекетін жеңілдетеді. Сумен суытуды жалғау Ылғалды бұрғылау коронкалары бұрғылау кезінде жеткілікті суымаса, алмас сегменттері зақымдалуы немесе бұрғылау коронкасы саңылауды бұғаттауы мүмкін. Сондықтан ылғалды бұрғылау кезінде жеткілікті су берілгеніне көз жеткізіңіз. Бар тесікті үлкейту үшін оны әбден жабып бұрғылау коронкасын жетерлік суыту керек. u Қосылған шлангтар, бұғаттау клапандары немесе жабдықтар бұрғылауға кедергі жасамауы керек. Су жапқыш шүмекті (5) бұрап бекітіңіз. Су жеткізу құбырын шүмекке жалғағыш бөлшекке (4) жалғаңыз. Суды жылжымалы қысымдалған су багынан (керек- жарақ) немесе стационарлық су жалғағышы арқылы жеткізуге болады. Ылғалды бұрғылау кезінде саңылаудан шығатын суды жинау үшін су жинау сақинасы мен ылғалды/құрғақ сорғыш (екеуі де керек-жарақ) қажет болады. Су жинау сақинасын суды сору үшін монтаждау (F суретін қараңыз) Су жинау сақинасы (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер“, Бет178) GCR350 алмасты бұрғылау станинасымен және GDB350WE алмасты бұрғы білдегімен бірге пайдалануға арналған. Саңылауды қажетті бұрғылау диаметрі үшін тығыздауыш қақпақта кесіп алыңыз. Қыспа серіппені (35) едендік тақта (19) мен бұрғылау бағаны (21) арасындағы саңылауға тірелгенше жылжытыңыз. Бұл ретте қыспа серіппенің бұрыштық бөлігі төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз. Су жинау сақинасын қалпына келтіріп, қыспа серіппені су жинау сақинасындағы тіреу нүктелеріне қойыңыз. (Қыспа серіппедегі ұштардағы қапсырмалар қыспа серіппені жоғары қарай тартуға арналған.) Серіппенің керу күші арқылы су жинау сақинасы тығыздауышымен бірге астыңғы бетке басылып, ылғалды/құрғақ сорғыштың вакуумымен бірге судың шығып кетуіне жол бермейді. Аспирациялық келте құбырды қажетті күйге келтіру үшін су жинау сақинасын оның қыспа сақинасының ішінде бұрауға болады (мысалы, көлденең саңылаулардағы су ағынын оңтайландыру үшін). Ол үшін су жинау сақинасындағы қыспа сақинаның құлпын ашыңыз, су жинау сақинасын қажетінше бұрап, құлыпты қайтадан жауып қойыңыз.
Бұрғылау бұрышын өзгерту u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Бұғылау станинасында әр реттегеннен кейін барлық бұрандаларды қайтадан бұрап бекітіңіз. Қалпақшалы гайканы (17) айналатын крестпен (15)
Бұрғылау станинасын бұрғылау бұрышының шкаласы (13) бойынша қажетті бұрғылау бұрышына орнатыңыз. Дәл реттеу үшін қалпақшалы гайканың (17) жанындағы көрсеткіні ескеріңіз. Қалпақшалы гайканы (17) айналатын кресттің (15) көмегімен қолмен тартыңыз. u Бұрғылау станинасын тек бұрыш реттегішінің қалпақшалы гайкасы (17) қайта тартылған болса ғана орнатуға болады. Қолданысқа енгізу u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. u Жұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен, сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз. Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат алып ажыратыңыз. 1 609 92A 4NK | (03.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 177 u Бұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз. Жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD) жұмысын тексеру Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD)(1) ақаусыз жұмыс істеуге қабілетін тексеріп шығыңыз: – Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) TEST түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау индикаторы сөнеді. – RESET түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы
Егер қызыл түсті бақылау индикаторы TEST түймесі басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті Bosch клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек. u Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD) ақаулы болса, электр құралын пайдалануға
Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)(1) RESET түймесін басыңыз. Су жапқыш шүмекті (5) өткелге орнатыңыз. Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (2) 1 күйіне
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) 0 күйіне
Су жапқыш шүмекті (5) бұрап бекітіңіз. Жұмыс соңында шүмекке жалғағыш бөлшекті (4) су жеткізу құбырынан ажыратыңыз. Су жапқыш шүмекті (5) ашып, қалған суды
Іске қосу тогының шектеулері Электр құралының электроникасы қозғалтқышты бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу тогына жол бермейді. Қайта іске қосылудан қорғаныс Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)(1) RESET түймесін басыңыз. Содан кейін ажыратқышты (2) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз. Айналу жиілігін алдын ала таңдау Беріліс ауыстырып-қосқышымен (3) үш айналу жиілігін алдын ала таңдауға болады. Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін
– 1-беріліс: 165–350мм – 2-беріліс: 80–160мм – 3-беріліс: 55–105мм Жұмыс бойынша нұсқаулар u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (16) айналатын крест (15) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз. 1-ші берілісте бұрғылау коронкасы дірілсіз дайындамаға бұралғанша төменірек айналу жиілігімен бұрғылаңыз. Содан кейін қажет болса, 2-ші немесе 3-ші беріліске
Бұрғылау кезіндегі басу қысымын бұрғыланатын дайындамаға туралаңыз. Бірқалыпты қысыммен бұрғылаңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау коронкасын саңылаудан шығарыңыз, сонда бұрғылау қоқысын алмас сегменттерінен кетіру мүмкін болады. Электр құралының айналатын крестін (15) қажетті бұрғылау тереңдігіне дейін бұраңыз. Содан кейін бұрғылау коронкасы толық көрінгенше кері бұраңыз. Максималды жұмыс ұзындығына қол жеткізу үшін кернді ол бұрғылау коронкасын толық толтырғанда алып тастау керек. Содан кейін бұрғылау коронкасын саңылауға қайта салып, максималды тереңдікке дейін бұрғылаңыз. Артық жүктеме ажыратқышы Бұрғылау коронкасы қысылса немесе ілінсе, бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Мұндай жағдайда тозу және қызып кетудің алдын алу үшін электр құралын бірден өшіріңіз. Бұрғылау коронкасын тиісті айыр тәрізді кілтпен оңға және солға бұрап босатыңыз. Бұл ретте электр құралын саңылаудан абайлап тартып шығарыңыз. Артық жүктемеден қорғаныс Артық жүктеме шегінен асырған жағдайда электр құралы қатты дірілдей бастайды. Басу қысымын электр құралы қалыпты жұмыс істегенше кішірейтіңіз. Басу қысымы кішірейтілмесе, электр құралы өшіп қалады. Содан кейін электр құралын бірден қайта қосуға болады, бірақ төменірек басу қысымымен жұмыс істеу қажет болады. Кернді алып тастау Бұрғылағаннан кейін суды қысқа уақытта ағызып, бұрғылау коронкасы мен керн арасындағы бұрғылау қалдығын шайып жіберіңіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 4NK | (03.04.2019)178 | Қазақ Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған болса, жұмсақ ағашпен немесе пластик бөлшекпен бұрғылау коронкасын қағып, кернді босатыңыз. Қажет болса, кернді таяқпен бұрғылау коронкасының шеткі жағынан итеріп шығарыңыз. Нұсқау: бұрғылау коронкасын қатты заттармен қақпаңыз (деформациялау қаупі бар)! Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Тісті рейканы (22) және бұрғылау бағанының (21) бағыттауыш беттерін әрдайым таза ұстаңыз. Бұрғылау шпинделін (7) жұмыс соңында тазалап шығыңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау шпинделі мен бұрғылау коронкасына (6) тот басудан қорғайтын затты
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Бағыттауыш шығыршықтарды қосымша дәлдеу (G суретін қараңыз) Уақыт өте келе бағыттауыш шығыршықтар тозып, бағыттауыш шығыршықтар мен бұрғылау станинасының арасында бос аралық пайда болуы мүмкін. Осы бос аралықты жою үшін екі бағыттауыш шығыршықты бекіткіш тежегіштің (16) бүйіріне қосымша дәлдеу керек. Екі алты қырлы гайканы (36) дөңбек кілтпен (кілт ені 17мм) босатыңыз. Содан кейін екі ішкі алты қырлы бұранданы (37) біркелкі тартып, бос аралықты азайтыңыз. Екі алты қырлы гайканы (36) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Электр құралы орнатылған бұрғылау станинасын сақтауға қоюға болады. Ол үшін электр құралын айналатын кресттің (15) көмегімен едендік тақтаға қарай барынша ары бұраңыз да, бұрғылау станинасының аударылуына жол бермеңіз. Қауіпсіз тасымалдау үшін электр құралын бұрғылау станинасынан шығарыңыз. Электр құралы орнатылған бұрғылау станинасын да тегіс бетте тасымалдауға
Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер Аралық тақта 350 мм (GDB350WE) 2 608 550 628 Білдек адаптері (GDB2500WE) 2 608 550 622 Су жинау сақинасы (GCR350) 2 608 550 620 Су жинау сақинасына арналған тығыздауыш қақпақ (GCR 350)
Бекіткіш жинағы: – бетон үшін 2 608 002 000 – кірпіш қалау үшін 2 607 000 745 Бетонға арналған дюбельдер жинағы 2 608 002 001 Вакуумдық жинақ 2 608 550 623 Вакуумдық жинаққа арналған тығыздауыш резеңке (GCR350)
Жылдам қысқыш колонкасы 2 608 598 111 Қысымдалған су багы 2 609 390 308 Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 35MAFC Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 55MAFC Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: *
Notice-Facile