BOSCH GOF 1250 CE Professional - фрезер

GOF 1250 CE Professional - фрезер BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GOF 1250 CE Professional BOSCH PDF форматында.

📄 251 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GOF 1250 CE Professional - page 153
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GOF 1250 CE Professional

Санат : фрезер

SKIP

Жиі қойылатын сұрақтар - GOF 1250 CE Professional BOSCH

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз фрезер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GOF 1250 CE Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GOF 1250 CE Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GOF 1250 CE Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Bosch Power Tools 1 609 92A 57T | (03.02.2020)154 | Қазақ Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) 1 609 92A 57T | (03.02.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 155 қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Жоғарғы фрезалар үшін қауіпсіздік

u Электр құралын тек оқшауланған беттерінен ұстаңыз, себебі кескіш өз сымына тиіп қалуы мүмкін. Қосулы сымды кесіп алу нәтижесінде электр құралының ашық металл бөліктері іске қосылып, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін. u Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Фрезаның рұқсат етілген айналу жиілігі кем дегенде электр құралында белгіленген максималды айналу жиілігіне сәйкес келуі тиіс. Рұқсат етілген шамадан жылдам айналатын фреза жарылуы және ұшып кетуі мүмкін. u Фрезалар немесе басқа жабдықтар электр құралыңыздың аспап патронына (қысқыш) сәйкес болуы керек. Электр құралының аспап патронына дұрыс тұрмауынан алмалы-салмалы аспабқа соғылып айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін. u Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады. u Қолыңызды фрезаның істеу аймағынан және фрезадан қашық ұстаңыз. Әрқашан екінші қолыңызды қосымша тұтқада ұстаңыз. Фрезаны екі қолмен ұстасаңыз, қолдарыңыз жарақатталмайды. u Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен фрезаны жүргізбеңіз. Фрезалар зақымдалып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. u Өтпес немесе зақымдалған фрезаларды пайдаланбаңыз. Өтпес немесе зақымдалған фрезалар жоғары үйкеліс, қысылып қалу және теңгерімсіздікке алып келуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 57T | (03.02.2020)156 | Қазақ u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. u Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады. u Кіші батареяны ешқашан жұтып жібермеңіз. Кіші батареянын жұтылуы 2сағаттың ішінде ішкі қатты күю және өлімге алып келуі мүмкін. Түймелі элемент балалардың қолына түспеуін қамтамасыз етіңіз. Түймелі элемент жұтылған немесе денеге басқа жолмен кіріп кеткен жағдайда, дереу дәрігерге жолығыңыз. u Батареяларды алмастыруда тиісті ретте орындалуына көз жеткізіңіз. Жарылу қаупі бар. u Кіші батареяларды зарядтауға тырыспаңыз, оларды қысқа тұйықтауға әрекет жасамаңыз. Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды жарақаттауы мүмкін. u Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте алып тастап кәдеге жаратыңыз. Заряды қалмаған батареялар тығыз болмай қалып өнімді зақымдауы немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін. u Кіші батареяны артық қыздырмаңыз және алауға тастамаңыз. Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды жарақаттауы мүмкін. u Кіші батареяны зақымдамаңыз және кіші батареяны ажыратпаңыз. Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды жарақаттауы

u Зақымдалған кіші батареяны суға тигізбеңіз. Шығатын литий сутек жасап өрт, жарылыс немесе адамдар жарақаттануына алып келуі мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы берік тірелген күйде ағаш, пластмасса мен жеңіл құрылыс материалдарында ойық, қырлар, профильдерді және кесіктерді фрезерлеуге және копир бойынша фрезерлеуге арналған. Төмен айналу жиілігінде және сәйкес фрезалармен түрлі- түсті металдарды да өңдеуге болады. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Оң жақ тұтқа (беті оқшауланған) (2) Ажыратқышқа арналған бекіту түймесі (3) Жарық индикаторы (GOF 1250 LCE) (4) Цангалы қысқыштың салмалы гайкасы (5)

(6) Шпиндельді бекіту иінтірегі (7) Параллель тіректің бағыттауыш қарнақтарына арналған бұранда (2x) (8) Жоңқадан қорғаныс (9) Сатылы тірек (10) Сатылы тірекке арналған реттегіш бұрандалар (11) Сырғу тақтасы (12) Параллель тіректің бағыттауыш қарнақтарына арналған бекіткіш (13) Тірек тақтасы (14) Тереңдік шектегіші (15) Тереңдік шектегішін бекітуге арналған бұранда (16) Тереңдік шектегішінің нөлдік нүктесіне арналған түйме (GOF1250LCE) (17) Өлшем бірлігін (мм/дюйм) ауыстыру түймесі (GOF1250LCE) (18) Сандық тереңдік индикаторына арналған ажыратқыш (GOF1250LCE) (19) Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу диапазоны (20) Сол жақ тұтқа (беті оқшауланған) (21) Дисплей (GOF1250LCE) (22) Батарея бөлімінің қақпағы (GOF1250LCE) (23) Құлыптан босату иінтірегі (24) Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу шкаласы (25) Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеуге арналған айналмалы тұтқа (26) Фрезерлеу тереңдігін реттеу шкаласы (GOF1250LCE) (27) Көрсеткіш белгісі бар жапқыш (GOF1250LCE) (28) Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (29)

(30) Сорғыш шланг жалғағышы (31) Айыр тәрізді кілт, ені 19мм (32) Сорғыш шланг (диаметрі 35 мм)

(33) Параллель тірек (34) Параллель тірекке арналған бағыттауыш қарнақ (2x) (35) Параллель тіректі дәлдеп реттеуге арналған қатпарлы бұранда (2x) 1 609 92A 57T | (03.02.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 157 (36) Параллель тіректі шамамен реттеуге арналған қатпарлы бұранда (2x) (37) Параллель тіректі дәлдеп реттеуге арналған айналмалы тұтқа (38) Параллель тірекке арналған реттелетін тірек

(39) Параллель тірекке арналған сору адаптері

(40) Көшіру гильзасының SDS адаптері (41) Көшіру гильзасының адаптеріне арналған бекіткіш бұранда (2x) (42) Көшіру гильзасының адаптерін құлыптан босату

(43) Көшіру гильзасы (44) Сырғу плитасын бекітуге арналған цилиндрлік бұранда (5x) (45) Ортаға дәлдеу жақтауы (46)

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Жоғарғы фреза GOF 1250 CE GOF 1250 LCE Өнім нөмірі 3 601 F26 0.. 3 601 F26 1.. Номиналды тұтынылатын қуат Вт 1250 1250 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин

10000–24000 10000–24000 Айналу жиілігін алдын ала таңдау тетігі ● ● Тұрақты электроника ● ● Бірқалыпты іске қосу ● ● Шаңсорғышқа арналған жалғағыш ● ● Сандық тереңдік индикаторы – ● Жарық индикаторы – ● Үйлесімді цангалы қысқыштар мм

Фреза жүрісінің биіктігі мм 60 60 Салмағы EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай кг 3,6 3,7 Қорғаныс класы / II / II Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Шуыл және діріл туралы ақпарат Дыбыс шығару мәндері EN62841-2-17 бойынша есептелген. A-мен белгіленген құрылғының шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 93дБ (A); дыбыс қуаты 104дБ (A). Өлшеу дәлсіздігі K = 3 дБ. Құлақты қорғау құралдарын кийіңіз! Дірілдің жалпы мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-17 бойынша есептелген: a

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Фрезаны орнату (A суретін қараңыз) u Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш қолғапты кию ұсынылады. Фрезалар пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі нұсқалар мен сапа деңгейлерінде қолжетімді. Жылдам кесілетін болаттан (HSS) жасалған қуатты фрезалар жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге жарамды. Bosch Power Tools 1 609 92A 57T | (03.02.2020)158 | Қазақ Қатты құймалы (HM) кескіш жиекті фрезалар қатты ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті материалдарға арналған. Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады. Тек ақаусыз және таза фрезаларды пайдаланыңыз. – Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (6) сағат тілінің бағытына қарсы тірелгенше жылжытыңыз (➊). Қажет болса, қозғалтқыш шпинделін шерту дыбысымен тірелгенше қолмен бұраңыз. – Салмалы гайканы (4) айыр тәрізді кілтпен (31) (кілт ені19мм) сағат тілінің бағытымен бұрап босатыңыз

– Фрезаны цангалы қысқышқа енгізіңіз. Фреза білігі қысқыш цангаға кемінде таңбаламаға дейін кіргізілуі

– Салмалы гайканы (4) айыр тәрізді кілтпен (31) (кілт ені19мм) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап бекітіңіз. Шпиндельді бұғаттау иінтірегін (6) толықтай жауып

u Диаметрі 50мм-ден үлкен болған фрезаларды орнатылған көшіру гильзасынсыз орнатпаңыз. Бұл фрезалар тірек тақтасынан өтпейді. u Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе қысқаш зақымдануы мүмкін. Шаңды/жоңқаны сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Шаңсорғышты жалғау (Bсуретінқараңыз) Сорғыш шлангіні (диаметрі35мм) (32) (керек-жарақ) орнатылған сору адаптеріне енгізіңіз. Сорғыш шлангіні (32) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз. Электр құралын қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch әмбебап шаңсорғышының штепсельдік розеткасына бірден жалғауға болады. Ол электр құралы қосылғанда автоматты түрде іске қосылады. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс істеуге болады.

GOF1250LCE: Қуат көзіне қосылғаннан кейін, дайындаманың бетіне жарық түсіру үшін жарық индикаторы (3) ұдайы жанып тұрады. Батареяны енгізіңіз (қараңыз „Батареяны ауыстыру (GOF1250LCE) (Mсуретінқараңыз)“, Бет161). Кейбір үлгілерде батарея алдын ала салынған болады. Батареяны іске қосу үшін таспасын алып тастаңыз. (17) түймесімен қажетті өлшем бірлігін реттеңіз. Айналу жиілігін алдын ала таңдау Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (28) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады. 1−2 Төмен айналу жиілігі 3−4 Орташа айналу жиілігі 5−6 Жоғары айналу жиілігі Кестеде көрсетілген мәндер шамамен берілген. Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады. Материал Фреза диаметрі

4–10 12–20 22–40 5–6 3–4 1–2 Жұмсақ ағаш

Электр құралымен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін шамамен 3 минутқа ең жоғары айналу жиілігін қосу керек.

Қосу алдында фрезерлеу тереңдігін реттеп шығыңыз (қараңыз „Кесу тереңдігін орнату“, Бет159). Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (29) басып

1 609 92A 57T | (03.02.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 159 Басылған ажыратқышты (29) бекіту үшін бекіту түймесін (2) басыңыз. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (29) жіберіңіз немесе ол бекіту түймесімен (2) бұғатталған болса, ажыратқышты (29) қысқа уақытқа басып, сонан соң

Тұрақты электроника Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді. Бір қалыпты жұмыс бастау Электрондық бір қалыпты іске қосу айналымдар санын шектеп қозғалтқыш мерзімін ұзартады. Артық жүктемеден қорғаныс Артық жүктемеден қорғаныс қатты жүктеме түскен жағдайда қуаттың тым көп тұтынылуына жол бермейді. Бұл қозғалтқыштың айналу жиілігі мен шығыс қуаттың азаюына, ал ең күрделі жағдайда қозғалтқыштың тоқтап қалуына әкелуі мүмкін. Электр құралына жүктеме түсіргеннен кейін, қозғалтқыш бірден жұмыс айналу жиілігіне дейін көтеріледі немесе түсіріледі. Қайта іске қосылудан қорғаныс Қайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (29) өшірулі күйіне келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз. Құлыптан босату иінтірегі (C суретін қараңыз) Құлыптан босату иінтірегін (23) бастапқы қалпына қайтару босатқан кезде автоматты түрде орындалады. Жақсырақ ұстау күшіне қол жеткізу үшін құлыптан босату иінтірегін (23) тірелгенше кері тарту керек. Ұстау күшін қажетінше қосымша реттеуге болады. Ол үшін алты қырлы дөңбек кілтті (4 мм) тұтқадағы саңылауға енгізіңіз. Ұстау күшін арттыру үшін алты қырлы дөңбек кілтті сағат тілінің бағытымен, ал азайту үшін сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Кесу тереңдігін орнату u Кесу тереңдігін орнатуды тек электр құрылғы өшірулі кезде орындау керек. Фрезерлеу тереңдігін шамамен реттеу үшін (D және E суреттерін қараңыз) келесідей әрекет етіңіз: – Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін дайындамаға қойыңыз. – Дәлдеп реттеу жүрісін айналмалы тұтқа (25) көмегімен ортаға орнатыңыз. Ол үшін айналмалы реттегішті (25) таңбаламалар (19) суретте көрсетілгендей сәйкес келгенше бұраңыз. Сонан соң шкаланы (24) 0 күйіне

(19) – Сатылы тіректі (9) ең төменгі деңгейге орнатыңыз; сатылы тірек шерту дыбысымен

– Тереңдік шектегішіндегі (14) бұранданы (15) тереңдік шектегіші (14) еркін жылжитындай етіп босатыңыз. – Құлыптан босату иінтірегін (23) артқа итеріп, жоғарғы фрезаны баяу төмен жүргізіңіз, фреза (5) дайындама бетіне тиюі тиіс. Құлыптан босату иінтірегінің позициясын бекіту үшін оны (23) қайта босатыңыз. – Тереңдік шектегішін (14) сатылы тіректе (9) тұрғанша төмен қарай басыңыз. GOF1250LCE: сандық тереңдік индикаторын ажыратқыш (18) арқылы қосыңыз. (16) түймесін басып, тереңдік шектегішінің (14) нөлдік нүктесін

GOF1250CE: көрсеткіш белгісі бар жапқышты (27) фрезерлеу тереңдігінің шкаласында (26) 0 күйіне

– Тереңдік шектегішін (14) қалаулы фрезерлеу тереңдігіне орнатып, тереңдік шектегішіндегі (14) бұранданы (15) тартыңыз. GOF 1250 CE: көрсеткіш белгісі бар жапқыштың (27) енді жылжымайтындығына көз жеткізіңіз. – Құлыптан босату иінтірегін (23) басып, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге келтіріңіз. Тереңірек фрезерлеу үшін әрқайсысының фрезерлеу тереңдігін төменірек орнатып, бірнеше рет орындап өту керек. Сатылы тірек (9) көмегімен фрезерлеу процесін бірнеше сатыға бөлуге болады. Ол үшін фрезерлеу тереңдігін сатылы тіректің ең төменгі сатысымен орнатып, бірінші жұмыс берілістері үшін жоғарырақ сатылар таңдаңыз. Сатылар арасындағы қашықтықты дәлдеп реттеу бұрандаларын (10) айналдыру арқылы өзгертуге болады. Сынақ жүрістен кейін фрезерлеу тереңдігін айналмалы реттегішті (25) бұрау арқылы қажетті өлшемге дәлдеп реттеуге болады; фрезерлеу тереңдігін арттыру үшін реттегішті сағат тілінің бағытымен, ал фрезерлеу тереңдігін азайту үшін реттегішті сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Шкала (24) бағдарлау үшін пайдаланылады. Бір айналым қондырғының 2,0 мм жүрісіне тең, шкаланың (24) астыңғы жиегіндегі бір бөлік қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең. Максималды реттеу жүрісі ±8мм құрайды. Мысал: қажетті фрезерлеу тереңдігі 10,0 мм болуы керек, сынақ фрезерлеу кезінде 9,6 мм шамасындағы фрезерлеу тереңдігі алынды. – Шкаланы (24) 0 мәніне бұраңыз. – Айналмалы тұтқаны (25) 0,4мм/4 бөлік шамасына (іс жүзіндегі және белгіленген мән арасындағы айырмашылық) сағат тілінің бағытымен бұраңыз. – Сынақ фрезерлеуді жалғастыру арқылы таңдалған фрезерлеу тереңдігін тексеріңіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 57T | (03.02.2020)160 | Қазақ GOF 1250 CE: фрезерлеу тереңдігін реттегеннен кейін жапқыштың (27) күйін тереңдік шектегішінде (14) одан ары өзгертпеңіз, сонда шкаладағы (26) ағымдағы фрезерлеу тереңдігін оқу мүмкін болады. GOF 1250 LCE: ағымдағы фрезерлеу тереңдігі дисплейде (21) көрсетіледі. Пайдалану бойынша нұсқаулар u Фрезаларды соқтығысудан және соққыдан

Фрезерлеу бағыты мен фрезерлеу процесі (F суретін

u Фрезерлеу процесін үнемі фрезаның (5) айналу бағытына қарсы орындау керек (кері қозғалыс). Қозғалыс бағытымен (синхронды қозғалыс) фрезерлеу кезінде электр құралын қолмен жүргізуге

Қажетті фрезерлеу тереңдігін реттеңіз (қараңыз „Кесу тереңдігін орнату“, Бет159). Фрезасы орнатылған электр құралын өңделетін дайындамаға қойып, электр құралын қосыңыз. Құлыптан босату иінтірегін (23) артқа басып, жоғарғы фрезаны тірек тақтасына (13) қарай тірелгенше жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін (23) қайта жіберіңіз. Фрезерлеу процесін біркелкі алға жылжыту арқылы

Фрезерлеу процесі аяқталған соң, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге қайтарыңыз. Электр құралын өшіріңіз. Көмекші тірекпен фрезерлеу (G суретін қараңыз) Үлкен дайындамаларды өңдеу үшін, мысалы, ойықтарды фрезерлеу кезінде, тақтаны немесе планканы көмекші тірек ретінде бекітіп, осы тірек бойымен фрезерлеуге болады. Жоғарғы фрезаны сырғу тақтасының майысқан жағымен көмекші тірек бойымен жылжытыңыз. Жиектерді немесе профильді фрезерлеу Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек. Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне тірелетіндей етіп қойыңыз. Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз. Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі зақымдануы мүмкін. Параллель тірекпен фрезерлеу (H суретін қараңыз) Параллель тіректі (33) бағыттауыш қарнақтармен (34) тірек тақтасына (13) жылжытып, оны бұрандалармен (7) қажетті өлшеміне сәйкес тартыңыз. (36) және (35) қатпарлы бұрандаларының көмегімен параллель тіректі ұзындық бойымен қосымша реттеуге

Айналмалы тұтқаның (37) көмегімен екі қатпарлы бұранданы (35) босатқаннан кейін ұзындықты дәлдеп реттеуге болады. Бір айналым қондырғының 2,0 мм жүрісіне тең, айналмалы тұтқадағы (37) бір бөлік қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең. Тірек планкасы (38) арқылы параллель тіректің тиімді тірек бетін өзгертуге болады. Қосылған электр құралын біркелкі алға қарай жүріспен және параллель тіректі бүйірінен қысу арқылы дайындама жиегінің бойымен жүргізіңіз. Параллель тірекпен (33) фрезерлеу кезінде шаң/жоңқа сору әрекетін арнайы сору адаптері (39) арқылы орындау керек. Сору адаптерін орнатылған күйде қалдыруға болады. Циркульмен фрезерлеу (керек-жарақ) Дөңгелек бөлшектерді фрезерлеу үшін циркульді пайдалануға болады. Бағыттауыш шинамен фрезерлеу (керек-жарақ) Бағыттауыш шинаның және бағыттауыш шина адаптерінің көмегімен тік жүретін жұмыс процестерін орындауға

Көшіру гильзасымен фрезерлеу (I–L суреттерін

Көшіру гильзасының (43) көмегімен контурларды үлгілер мен шаблондардан дайындамаға түсіруге болады. Көшіру гильзасын шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес таңдаңыз. Көшіру гильзасының шығып тұратын биіктігінен шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы

Көшіру гильзасын (43) қолдану үшін алдымен көшіру гильзасының SDS адаптерін (40) сырғу тақтасына (11) енгізу қажет. Көшіру гильзасының адаптерін (40) жоғарыдан сырғу тақтасына (11) енгізіп, 2 бекіткіш бұрандамен (41) бұрап бекітіңіз. Көшіру гильзасының адаптерін құлыптан босату иінтірегінің (42) еркін жылжу мүмкіндігін қадағалаңыз. Құлыптан босату иінтірегін (42) көрсеткі бағытымен жылжытып, көшіру гильзасын (43) астыңғы жақтан көшіру гильзасының SDS адаптеріне (40) енгізіңіз. Бұл ретте кодтау жұдырықшалары көшіру гильзасының (43) саңылауларына аздаған күшпен бекітілуі керек. Фреза ортасы мен көшіру гильзасының жиегінен арақашықтықты тексеріңіз (қараңыз „Тірек тақтасын ортаға келтіру (N суретін қараңыз)“, Бет161). u Көшіру гильзасының ішкі диаметрінен кіші болатын фреза диаметрін таңдаңыз. Фрезерлеу процесі Көшіру гильзасы (43) бар қосулы электр құралын шаблон бойынша жүргізіңіз. Құлыптан босату иінтірегін (23) артқа басып, жоғарғы фрезаны белгіленген фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін (23) қайта жіберіңіз. Шығыңқы көшіру гильзасы (43) бар электр құралын бүйірінен қысу арқылы шаблон бойымен жүргізіңіз. 1 609 92A 57T | (03.02.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 161 Тірек тақтасын ортаға келтіру (N суретін қараңыз) Фреза ортасынан көшіру гильзасының жиегіне дейінгі арақашықтық бірдей болуы үшін, көшіру гильзасын (43) және сырғу тақтасын (11) қажетінше бір-біріне ортаға келтіруге болады. Құлыптан босату иінтірегін (23) артқа басып, жоғарғы фрезаны тірек тақтасына (13) қарай тірелгенше жылжытыңыз. Батыру тереңдігін бекіту үшін құлыптан босату иінтірегін (23) қайта жіберіңіз. Бекіткіш бұрандаларды (44) сырғу тақтасы (11) еркін қозғалатындай шамамен 2 айналымға бұрап босатыңыз. Ортаға дәлдеу жақтауын (45) суретте көрсетілгендей құрал бекіткішіне орнатыңыз. Салмалы гайканы ортаға дәлдеу жақтауы еркін айналатындай етіп тартыңыз. Ортаға дәлдеу жақтауын (45) және көшіру гильзасын (43) сырғу тақтасын (11) кішкене жылжыту арқылы бір- бірімен туралаңыз. Бекіткіш бұрандаларды (44) қайтадан бұрап бекітіңіз. Ортаға дәлдеу жақтауын (45) құрал бекіткішінен

Құлыптан босату иінтірегін (23) басып, жоғарғы фрезаны ең жоғарғы күйге келтіріңіз. Батареяны ауыстыру (GOF1250LCE) (Mсуретінқараңыз) Батарея бөлімінің қақпағын (22) жоғары қарай жылжытыңыз және батареяны шығарып алыңыз. Жаңа батареяны салыңыз (CR2032 түрі). Батареяның оң полюсі батарея бөлімінің қақпағына (22) қатысты алға қарап тұруы керек. Тығыздауышты (46) салып, батарея бөлімінің қақпағын (22) жауып қойыңыз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. u Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш ойықтарды жаққышпен жиі тазалап, жылыстау тогынан қорғайтын қосқышты (PRCD) алдын ала қосыңыз. Металдарды өңдеген кезде, ток өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы мүмкін. Электр құралының қорғаныш оқшаулағышы зақымдалуы

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады. Bosch Power Tools 1 609 92A 57T | (03.02.2020)162 | Română

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Жоғарғы фреза Өнім нөмірі