HX3826/31 PHILIPS

HX3826/31 - Brosse_a_dents PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HX3826/31 PHILIPS PDF форматында.

Page 504
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : PHILIPS

Модель : HX3826/31

Санат : Brosse_a_dents

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Brosse_a_dents PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HX3826/31 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HX3826/31 брендінің PHILIPS.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HX3826/31 PHILIPS

Маңызды қауіпсіздік ақпараты Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның батареялары мен аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.

Зарядтағышты судан алшақ ұстаңыз. Тазалаудан кейін қабырға розеткасына қоспай тұрып, зарядтағыш толығымен құрғақ екенін тексеріңіз. Бұл құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды балалар және физикалық мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды. Балалар құрылғымен ойнамауы керек. Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын немесе тұтынушылық заттарын пайдаланыңыз. Өніммен берілген USB зарядтағышын ғана пайдаланыңыз. Өнімді далада немесе қызып тұрған заттардың жанында зарядтамаңыз. Өнімнің ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. Жарақат алмау үшін ыдысқа ыстық су құймаңыз. Ыдысқа басқа нәрсе салмаңыз. Ең жоғарғы пайдалану биіктігі — 4420 метр. Бұл өнім тісті және қызыл иекті ғана тазалауға арналған. Оны басқа мақсатқа қолдануға болмайды. (мысалы, көз, мұрын және құлақ). Пайдаланғаннан кейін көп қан ақса, 1 апта пайдаланғаннан кейін де тістің қанауы тоқтамаса немесе қолайсыздық немесе ауырсыну сезілсе, құрылғы қолданысын тоқтатып, тіс дәрігеріне хабарласыңыз.

Осы құрылғыны қолданар алдында, егер сіз 2 ай шамасында жақ сүйекке, бетіңізге немесе тіс етіне операция жасаған болсаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Егер сізде кардиостимулятор немесе басқа импланттық құрылғы болса, пайдаланар алдында дәрігеріңізге немесе импланттық құрылғының өндірушісіне хабарласыңыз. Егер сізде медициналық проблемалар болса, осы құралды пайдаланар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Бұл құрылғы — жеке күтім құрылғысы және стоматологиялық жұмыста немесе мекемеде көп емделушілерге қолдануға арналмаған. Өнімді 5 °C – 40 °C аралығында ғана зарядтаңыз және пайдаланыңыз.

Батареяның қауіпсіздік нұсқаулары -

Бұл құрылғыда тек білікті адамдар шығара алатын батареялар бар Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның батареялары мен аксессуарларын қолданбас бұрын, осы ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Қамтамасыз етілген аксессуарлар әртүрлі өнімдер үшін өзгеше болуы мүмкін. Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын және тұтынушылық заттарын пайдаланыңыз. Тек алынбалы WAAxxxx қуат құралын пайдаланыңыз. Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура әсеріне ұшыратуға болмайды. Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ уақыт алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды тоқтатып, Philips компаниясына хабарласыңыз. Өнімдерді және батареяларын микротолқынды пештерге немесе индукциялық плитаға салуға болмайды.

Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері күйде зарядтауға болмайды. Бұл құралда ауыстырылмайтын батареялар бар. Батареяны пайдалану мерзімі біткен соң, құрылғыны тиісінше қайта өңдеу керек, «Қайта өңдеу» бөлімін қараңыз. Батареяларды алғаннан кейін кездейсоқ қысқа тұйықталуын болдырмау үшін батарея клеммаларының металл нысанмен (мысалы, тиындар, қыстырғыштар, сақиналар) байланысуына мүмкіндік бермеңіз. Батареяларды алюминий жұқалтырға орамаңыз. Қоқысқа тастау алдында батарея клеммаларын ораңыз немесе батареяларды пластик қалтаға салыңыз.

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.

Кіріспе Philips сайтына қош келдіңіз! Жаңа Sonicare Cordless Power Flosser құтты болсын. Philips ұсынатын қолдауын толық пайдалану үшін өнімді philips.com/welcome сайтында тіркеңіз.

Мақсаты бойынша қолдану Philips Sonicare Cordless Power Flosser — тісжегінің пайда болуын азайту және иектердің саулығын жақсарту үшін тістеріңіздің арасындағы және тіс бетіндегі дақтарды және тамақ қалдықтарын кетіруге арналған ауыз қуысын тазалағыш. Бұл өнім тұрмыстық жағдайда пайдалануға арналған, әдетте оны кемінде күніне бір рет қолдану керек. Балалар үнемі ересек адамның қадағалауымен пайдалануы керек.

Philips Sonicare Power Flosser 1 Саптама 2 Саптама бұрғыш 3 Саптаманы шешетін түйме 4 Қосу/өшіру түймесі 5 Қарқындылық индикаторы 6 Қарқындылық түймесі 7 Режим индикаторы (тек арнайы модельдер) 8 Режим түймесі (тек арнайы модельдер) 9 Батарея индикаторлық шамы 10 Зарядтау порты/қақпақ 11 Ыдыс ішінде саптама сақтау 12 Ыдыс 13 Ыдысты толтыру есігі 14 Саптама қорабы (тек арнайы модельдер) 15 Сапарға арналған дорба (тек арнайы модельдер) 16 USB-A және C7 кішкентай тығыны 17 USB-A қуат адаптері (тек арнайы модельдер) Ескертпе: Қорапқа сатып алынған өнімнің конфигурациясына сәйкес көрсетілген барлық зат кірмеуі мүмкін.

Саптамалар Сіздегі саптамалардың түрін көру үшін саптаманың базасындағы кодты тексеріп қараңыз. Әр саптама түрінде әр түрлі пайдалылығы бар.

Қалдықтар мен дақтарды кетіру үшін бір ағын сумен тазалайтын Standard саптамасы.

Иектері сезімтал пайдаланушыла­ рға қолайлы және оңай орналастыруға арналған жұмсақ резеңкелі саптама.

Суды айқас ағын түрінде бағыттайтын, күш салмай мұқият тазалау үшін дақтарды ақырын кетіретін жұмсақ резеңкелі саптама.

Ескертпе: Қорапқа сатып алынған өнімнің конфигурациясына сәйкес көрсетілген барлық зат кірмеуі мүмкін.

Режимдер мен қарқындылықтар Режимдер (тек арнайы модельдер) Моделіңізге байланысты Cordless Power Flosser бір немесе екі түрлі режиммен жабдықталған. Егер сізде екі режимі бар құрылғы болса, қажетті режимді таңдау үшін стандартты тазалау режимі мен терең тазалау режимін ауыстырып қосатын режим түймесін басыңыз. Егер сізде бір режимді құрылғы болса, ол әлдеқашан тазалау режиміне қойылған. Clean (2000 және 3000 сериялары) Бұл режим реттеуіш арқылы жақсы тазалау үшін тұрақты су қысымымен қамтамасыз етеді. Реттеуіш 15 секунд сайын ағын судың қысқа кідірісі арқылы аузыңыздың келесі бөліміне ауысу уақытын ұсынады. Бұл Cordless Power Flosser құрылғысында реттеуіш іске қосылған күйінде жеткізіледі.

Реттеуішті іске қосу немесе өшіру үшін Cordless Power Flosser өшірулі болғанда, қарқындылық таңдау түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. - Өшірілген кезде батареяның индикатор шамы бір рет сары болып жыпылықтайды - Іске қосылған кезде батареяның индикатор шамы екі рет жасыл болып жыпылықтайды Deep clean (3000 сериясы) бұл режим терең тазалауға арналған күшті әрі жеңіл пульстері арқылы тістерден өткізетін Pulse Wave технологиясын қолданады. Pulse Wave технологиясы арқылы су ағыны қарқындылығы жағынан артады және кемиді, тістердің арасындағы келесі орынға саптаманы жылжыту кезінде қысқа кідіріс жасаңыз.

Қарқындылықтары Cordless Power Flosser құрылғысының үш түрлі қарқындылық параметрі бар. Қарқындылықты қажетті параметрге өзгерту үшін қарқындылық түймесін басыңыз. Ескертпе: Электрлік тіс шайғышты ең төменгі қарқындылықпен пайдалана бастап біртіндеп бірнеше апта ішінде қарқындылықты арттырған дұрыс.

Іске кірісу Cordless Power Flosser құрылғысын зарядтау 1 Зарядтау портын шығару үшін Cordless Power Flosser құрылғысының артындағы зарядтау портын ақырын тартып бұраңыз.

510 Қазақша 2 USB-A кабелін Cordless Power Flosser құрылғысының артындағы зарядтау портына қосыңыз. Ескертпе: USB-A кабелін жалғамас бұрын, сап толық құрғақ болсын.

3 USB-A кабелін 5V USB қабырға адаптеріне жалғаңыз. Ескертпе: Жүйе адаптері барлық модельдерінің жинағына кірмейді. Тек 5V IPX4 адаптерін пайдаланыңыз. 4 Батарея индикаторы зарядтау кезінде жыпылықтайды (көріңіз «Зарядтау»). Ескертпе: Батареяны толық зарядтауға 8 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін, бірақ Cordless Power Flosser құрылғысын толық зарядтамай тұрып пайдалануға болады. Ескертпе: Зарядталмай тұрған кезде Cordless Power Flosser құрылғысындағы зарядтау портының қақпағын орнына салыңыз.

Ыдысты сумен толтыру Ыдысқа жылы су құйыңыз. Ыдысқа құюдың екі оңай әдісі бар. Ескертпе: Ыдысқа құю кезінде максималды толтыру сызығынан асырмаңыз. Ескертпе: Ыдысқа құярдың және құрылғыны қолданар алдында, зарядтағышты Cordless Power Flosser құрылғысынан алыңыз. опция-1:

Ыдыстың жоғарғы жағын бір жағына жатқызып, ыдысқа жылдам құю порты арқылы су құйыңыз. 2-опция:

1 Ыдысты ажырату үшін бұраңыз, ыдысқа кең саңылауы арқылы су құйыңыз. 2 Ыдысқа су құйыңыз.

3 Ыдысты орнына бұрап бекітіңіз.

Саптамаларды салу және алу Қажетті саптаманы сапқа кигізіңіз. Сырт еткен дыбыс шыққанша, саптаманы басыңыз. Ескертпе: Саптаманың толық салынғанына көз жеткізіп, құрылғының жоғарғы жағымен шайыңыз.

Саптаманы алу үшін саптаманы босату түймесін басып, саптаманы саптан тартып шығарыңыз.

Cordless Power Flosser құрылғысын пайдалану 1 Құрылғыны қоспас бұрын, саптаманың ұшын бақалшаққа бағыттаңыз. Cordless Power Flosser құрылғысын қосу үшін саптағы қосу/өшіру түймесін басыңыз. Суды бақалшаққа ағызыңыз. Құрылғыдан су тартылған кезде, оны өшіріңіз. 2 Саптама ұшын аузыңызға салыңыз. Бақалшаққа қарай еңкейіп, шашыратпау үшін саптама ұшын ерніңізбен жартылай жабыңыз. Су аузыңыздан бақалшаққа құйылу үшін орын жеткілікті қалсын.

3 Cordless Power Flosser құрылғысын қосу үшін саптағы қосу/өшіру түймесін басыңыз. 4 Cordless Power Flosser қосылған кезде: Ескертпе: Пайдалану кезінде саптаманы босату түймесін баспаңыз. a саптаманың ұшын қызыл иектің үстіне 90° бұрышпен қойыңыз. Ескертпе: Quad Stream саптамасын ақырын басыңыз, сонда саптама ұшы қызыл иегіңіз бен тістеріңізге тиеді. b Үстіңгі не астыңғы жақтағы артқы тістеріңізден бастап саптама ұшын қызыл иек бойымен кіргізіп, әр тістің арасында аздап ұстаңыз.

Тістеріңіздің бір доғасын ішінен де (15 секунд), сыртынан да (15 секунд) барлығы 30 секунд тазалаңыз.

Ескертпе: Тістеріңіздің ішкі жақтарын тазалауды ұмытпаңыз.

Ескертпе: Саптама бұрғышпен саптама ұшын бұрып, тістің ішкі жақтарын тазалау үшін саптама ұшын орналастыруға болады. d Тістеріңіздің екінші доғасын ішкі жағынан 15 секунд және сыртқы жағынан 15 секунд тазалау үшін осы процедураны қайталаңыз, тістердің маңайы мен аралары кемінде бір минут тазалансын. Ескертпе: Cordless Power Flosser құрылғысындағы қосу/өшіру түймесін басу арқылы су ағынын тоқтата аласыз. Ескертпе: Cordless Power Flosser 2 минуттан кейін автоматты түрде өшеді. Ескертпе: Пайдалану кезінде ыдыстың суын ауыстыратын болсаңыз, ыдысқа қайта су құярда құрылғыны сөндіріп қойыңыз, сосын тістердің айналасындағы және арасындағы барлық орын кем дегенде бір минут тазаланғанша тоқтаған жерден жалғастырыңыз.

Quad Stream саптамасымен ортодонтикалық брекеттерді тазалау 1 Ортодонтикалық брекеттердің айналасын тазалау үшін саптама ұшын әр брекеттің үстіңгі жағына қойыңыз.

2 Келесі тістегі брекетке жылжудан бұрын брекеттің маңында саптама ұшын ақырын бұраңыз.

Пайдаланғаннан кейін 1 Cordless Power Flosser құрылғысын өшіріңіз. 2 Ыдысты ажырату және босату

514 Қазақша 3 Саптың үстіңгі жағындағы саптаманы босату түймесін басып, саптаманы саптан алыңыз 4 Саптаманы ағын сумен шайыңыз 5 Саптамадағы, саптың сыртындағы және ыдыстағы артық суды құрғатыңыз 6 Саптаманы қайтадан сапқа салыңыз немесе ыдысқа саптама сақтау мүмкіндігін пайдаланыңыз (көріңіз «Сақтау»). Ескертпе: Құрғатуды жеңілдету үшін ыдыс жағындағы су құю портын ашық ұстаңыз немесе пайдалану кезеңдері арасында Cordless Power Flosser құрылғысын бөлшектеп қойыңыз.

Зарядтау Батареяның күйі Бұл Cordless Power Flosser кемінде 25 шаю сеансымен қамтамасыз етеді, әр сеанс 1 минутқа созылады. Тазалау сеансын аяқтаған кезде немесе Power Flosser құрылғысын тоқтатқан кезде, батарея индикаторы батарея күйін көрсетеді. Ескертпе: Құрылғы 2 минут пайдаланғаннан кейін өшеді. Электрлік тіс шайғыш зарядталып жатқанда

Жасыл болып жанып тұр

Жасыл болып жыпылықтап тұр Ескертпе: Батарея толық зарядталғанша, индикатор жыпылықтайды. Қосылған кезде толық зарядталып болса, жарық 30 секунд жасыл болып жанады, содан кейін сөнеді Электрлік тіс шайғыш зарядталмай тұрғанда

Жасыл болып жанып тұр

Жасыл болып жыпылықтап тұр

Сары болып жыпылықтап тұр

Сары болып 5 секунд жыпылықтайды да, электрлік тіс шайғыш автоматты түрде сөнеді

Ескертпе: Батарея қуатының аздығын білдіретін индикатор пайда болған кезде, электрлік тіс шайғыш кемінде 3 сеанспен қамтамасыз етеді, әр сеанс 1 минутқа созылады.

Тазалау Cordless Power Flosser құрылғысын аптасына бір рет тазалап тұру қажет. Құрылғы мен аксессуарларды төмендегідей тазалаңыз. Аксессуарлар модельге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Ескерту: Зарядтайтын сым мен адаптер жалғанғанда, Cordless Power Flosser құрылғысын тазаламаңыз. Тазалаудан бұрын құрылғыны розеткадан суырып, зарядтау портының қақпағын жабыңыз. Ыдыс Ыдысты Cordless Power Flosser құрылғысынан ақырын бұрап алыңыз. Ыдысты жылы сумен сабындап жууға немесе ыдыс жуғыш машинаның үстіңгі сөресінде жууға болады. Сап Қажет болған жағдайда сапты жұмсақ шүберек пен жұмсақ сабынның көмегімен тазалауға болады. Саптамалар - Тұрақты тазалап тұру: Саптаманы саптан алыңыз. Саптама ұшын жылы сумен шайыңыз. - Бірнеше айда немесе саптама кірлеп кеткен кезде: саптаманы 2 бөлігіне су және 1 бөлігіне сірке суы құйылған контейнерге 5 минут салып қойыңыз. Саптаманы жылы сумен шайыңыз. Ішкі компоненттер, құбыршек және сап Ыдысқа жылы су құйып, ақ сірке суынан 1-2 шай қасық салыңыз. Саптаманы бақалшаққа қарай бағыттаңыз,

516 Қазақша сосын ыдыс босағанша, Cordless Power Flosser құрылғысын қосып, Cordless Power Flosser құрылғысының ішінен ерітіндіні өткізіңіз. Ыдысқа таза жылы суды толтырып құйып, оны шайыңыз. Саптама сақтау қорабы Сақтау қорабын жылы сумен сабындап жууға немесе ыдыс жуғыш машинаның үстіңгі сөресінде жууға болады. Сапарлық қалта Сапарлық қалтаны жұмсақ шүберекпен және жылы сумен сабындап жуып тазалаңыз. Сапарлық қалтаны шүберекпен сүртіп құрғатыңыз.

Сақтау Ыдыс ішінде саптама сақтау Cordless Power Flosser құрылғысы конструкциясы бойынша Cordless Power Flosser сабының түбінен алынған бір саптаманы ыдыста сақтауға болады. Бұл функцияны пайдалану үшін: 1 Ыдысты ажырату үшін бұраңыз.

2 Саптың артындағы саптаманы шығару түймесін басып, саптаманы шығарып алыңыз.

3 Саптаманың түбін электрлік тіс шайғыштың түбіне салыңыз.

4 Ыдысты орнына бұрап бекітіңіз. Ескертпе: Бұл функцияны қолданар алдында, ыдыстың ішін және саптаманы құрғатыңыз. Ескертпе: Құрғатуды жеңілдету үшін ыдыс жағындағы су құю портын ашық ұстаңыз немесе пайдалану кезеңдері арасында Cordless Power Flosser құрылғысын бөлшектеп қойыңыз. Ескертпе: Егер өнім ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, оны электр розеткасынан ажыратып, оны тазалаңыз, одан кейін күн сәулесі тікелей түспейтін салқын әрі құрғақ жерде сақтаңыз.

Ескерту: Ыдысқа басқа заттарды салмаңыз. Атап айтқанда, зарядтайтын сымды немесе жүйе адаптерін ыдыстың ішінде сақтамаңыз

Ауыстыру Саптамаларды 6 сайын немесе зақымдалған кезде бірден ауыстырыңыз. Аксессуарларды немесе қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін philips.com сайтына кіріңіз немесе жергілікті Philips Sonicare дилеріне барыңыз.

Модель нөмірінің орны Құрылғыңыздың модель нөмірін қораптан қараңыз. 2000 сериясы - (HX3801 барлық моделіне арналған) 3000 сериясы - (HX3804, HX3805, HX3806 барлық моделіне арналған)

Кепілдік және қолдау көрсету Өнім туралы ақпаратты, қолдауды және онлайн пайдаланушы нұсқауларын мына сайттан қараңыз: www.philips.com/support немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.

Кепілдік шектеулері Халықаралық кепілдік шарттары келесі бөлшектерді қамтымайды: - Резервуар - Саптамалар

Рұқсат етілмеген қосалқы бөлшектерді немесе саптамаларды пайдаланудан келген зақым Дұрыс пайдаланбаудан, асыра пайдаланудан, немқұрайлылықтан, енгізілген өзгерістерден немесе рұқсатсыз жөндеуден туындаған зақым Қалыпты тозу, соның ішінде сынып кету, сырылу, мүжілу, түсінің өзгеруі немесе түссіздену

Бұл белгі электр өнімдері мен батареяларды күнделікті үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайтынын білдіреді. Электр өнімдері мен батареяларды бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз.

Кірістірілген қайта зарядталатын батареяны алу ҚҰРАМЫНДА ЛИТИЙ-ИОНДЫ ҚАЙТА ЗАРЯДТАЛАТЫН БАТАРЕЯ БАР. ДҰРЫС ҚАЙТА ӨҢДЕЛУІ НЕМЕСЕ ТАСТАЛУЫ ҚАЖЕТ. Өнім тасталған кезде, кірістірілген қайта зарядталатын батареяны білікті маман алуы қажет. Кірістірілген қайта зарядталатын батареяларды алу нұсқауларын www.philips.com/support веб-сайтынан табуға болады.