LivingColors 6916431PH - қашықтан басқару пульті PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз LivingColors 6916431PH PHILIPS PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы LivingColors 6916431PH PHILIPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз қашықтан басқару пульті PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз LivingColors 6916431PH - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. LivingColors 6916431PH брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ LivingColors 6916431PH PHILIPS
Philips LivingColors қашықтан басқару құралын сатып алғаныңызға рахмет! Ол ағымдағы сәтке қолайлы жағдай жасау үшін әр түрлі Philips LivingColors, LivingWhites және LivingAmbiance өнімдерін жалғауға көмектеседі.
Бул нускаулык мына эрекеттерді орындауға көмектеседі:
- Жумысты бастау
- Жарыкпен жеке қолайлы орта жасау
- Жарык көріністерін жасау
- Жеке жарык түрлерін тандау және реттеу
- Жиі қойылатын сұрақтарға жауап беру
- Косымша колдау алу
1. Жумыс бастау
- Кашыктан баскару куралын каптамасынан шығарып алыңыз.
- Артындағы түймесін басып қашықтан басқару құралындағы батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Жинаққа кіретін 3 ААА батареясын (+ және – жақтарын көрсетілгендей қаратып) салыңыз.
-
Басқарылатын шам(дар)ды қашықтан басқару құралына жалғаңыз. Қашықтан басқару құралын LivingColors, LivingWhites немесе LivingAmbiance өнімдеріне жақындатыңыз, одан кейін «І» түймесін басып тұрыңыз. Шам алдымен 3 рет жыпылықтап, сосын жасыл түспен (жарық шамы түрлі түсті болса) қыскаша жыпылықтайды. «І» түймесін қашықтан басқару құралынан дыбыс шықканша басып тұрыңыз. Сонда шам қашықтан басқару құралына жалғанады. Басқа да шамдарды қашықтан басқару құралына осындай әдіспен жалғауға болады (50 шам жалғауға болады).
-
Жарыкпен жеке колайлы орта жасау

text_image
PHILIPS I *
text_image
Кашыктан баскару күралы Жарыкты тандау Өшіру / қосу Түсті тандау Түс қанықтығын арттыру / түс қанықтығын азайту Жарықтығын арттыру / жарықтығын азайту Реңк түймелеріLivingColors өнімдерімен өз ортаңызды жасауға болады. Ол үшін:
- Түс шенберіндегі керекті түсті түртіңіз. Түсті жаксарту үшін, саусакты түс шенберінің бойымен жылжытыңыз.
-
Түс қанықтығын өзгертіңіз (ағымдағы түске қосымша ақшылдық беру). Түсті қанықтыру үшін, түс қанықтығын арттыру түймесін, ал түсті ашық ету үшін, түс қанықтығын азайту түймесін басыңыз. Түс қанықтығын азайту түймесі басылып түрса, түссіз жарық қосылады.
-
Күнгірттеу. Жарыктың каркындылық деңгейін күнгірттеу түймелері арқылы арттырыңыз немесе азайтыңыз.
-
Түсті автоматты түрде ауыстыру режимін қосыңыз. Түс шенберін саусақпен айналдырып (бір толық айналым), «І» («Қосу») түймесін басып қалыңыз. Сигнал беріліп, LivingColors құралы автоматты түрде түсті ауыстыру режиміне ауысады, яғни шам автоматты түрде түстерді ауыстыра бастайды.
Түстердің ауысу жылдамдығын реттеуге болады. Жылдамдықты, сағат тілінің бағыты бойынша, жылдамнан (түс шеңберіндегі қою көк) баяуға (қүлгін) өзгертуге болады. Түс шеңберінің кез келген жерін түртуге болады. Түсті автоматты өзгерту режимінде түстердің қанықтығы мен ашықтығын да өзгертуге болады.
Туракты тус режиміне қайту үшін, тус шеңберін қайта айналдырып (бір толық айналым), «0»түймесін басыңыз.
- Шамдарды сөндіріңіз («0») және қосыңыз («І»).
LivingWhites өнімдері көмегімен жоғарыда сипатталғандай шамдарды қосу-сөндіру және күңгірттеу арқылы қолайлы орта жасауға болады. Ақ шамды сөндірген кезде, ол жарығы азайып баяу өшеді. Оны жылдам өшіру қажет болса, «0» түймесін қайта басыңыз.
3. Жарык көріністерін жасау
Егер белгілі бір жарык параметрі ұнаса (мысалы, аздап күңгірттенген қызыл), кейін оны оңай қалпына келтіру үшін осы көріністі сақтауға болады. Ол үшін, қашықтан басқару құралы сигнал бергенше Көрініс түймелерінің біреуін басып тұрыңыз. Көрініс басылған Көрініс түймесіне сақталады. Осы жолмен түсті автоматты өзгертудің белгілі бір режимін де сақтауға болады.
Жарыктарды қалауыңызша реттей беруге болады. Сақталған көріністі қалпына келтіру қажет болса, сақтау кезінде басылған Көрініс түймешігін басу жеткілікті болады.
Қашықтан бақару құралы бірнеше шамға жалғанған болса, көрініс барлық жалғанған шамдар үшін сақталады. Мысалы, кейбір шамдар қүңгірттенген, ал кейбіреуі қызғылт-
сары түсті болған көріністі сақтауға болады.
Ең көбі 3 көрініс (әр Көрініс түймесі үшін біреуден) сақтауға болады.
4. Жеке жарык турлерін тандау және реттеу
Қашықтан басқару құралына бірнеше шам жалғанған болса, олардың барлығын бірдей немесе жекелеп басқаруға болады. Шамды басқару үшін, оны таңдау қажет. Оны Шам таңдау түймелерін пайдаланып істеуге болады. Таңдалған кезде, шам жыпылықтайды және қашықтан басқару құралындағы шам таңдау көрсеткіші (лампа) жыпылықтайды. Бүл таңдалған шамды бөлек реттеуге болатынын білдіреді.
Ешбір шам таңдалмағанда (Шам таңдау көрсеткіші өшірулі болады), шамға жасалған барлық реттеулер қашықтан басқару құралына жалғанған барлық шамдарға қолданылады (мысалы, бөлмедегі барлық шамдарды күңгірттеуге болады).
5. Жиі койылатын сурактар
Төмендегі жағдайларда не істеу керек?
о Шам жанбайды
о Куат сымының шамға жалғанғанын тексеріңіз. Штепсельдік үштың розеткаға дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
о Куат сымын ажыратып, қайта жалғаңыз. Шам қыска уақытқа жанып, одан кейін сөнсе, оны қашықтан басқару құралы арқылы қайта қосыңыз.
о Шам қашықтан басқару құралына жауап бермейді
о Қашықтан басқару құралын лампаға осы нұсқаулықтың 1-бөлімде түсіндірілген әдіс бойынша байланыстырыңыз.
о Кашыктан баскару куралының ішіндегі батареяларды тексеріңіз.
Батареялар дұрыс салынған (+ және -) және зарядталған болуы керек.
Баскару куралы әлі де жұмыс істемесе, батареяларды ауыстырып көріңіз.
о Қашықтан басқару құралына жалғанатын шам қорабында SmartLink логотипі бар екенін тексеріңіз. Қорабында SmartLink логотипі бар өнімдерді ғана осы қашықтан басқару құралына жалғауға болады.
о Кашыктан баскару күралы пайдаланылғаннан кейін түймелер жыпылыктайды
о Бул қашықтан басқару құралындағы батарея заряды таусылғанын және оны ауыстыру керек екенін білдіреді.
о Түсті автоматты түрде алмастыру режимін қоса алмадым
о Бул қашыктан басқару құралы түс шеңберінің айналу әрекетін анықтамағанынан болуы мүмкін. Қайта көріңіз, толық айналым кезінде саусақты түс шеңберінен алмаңыз
о Менің сұрағым бүл тізімде жок
Желіdegі үлкен «Жи і қойылатын сұрақтар» бөлімін қараңыз. Оны мына тораптан көруге болады: www.philips.com/livingambiance. Сұраққа сонда да жауап таба алмасаңыз, Philips компаниясымен хабарласып көмек сұраңыз (6-бөлімdegі «Қосымша қолдау» тақырыбын қараңыз).
6. Косымша колдау
Кызмет көрсету:
Қосымша ақпарат керек болса немесе қандай да бір мәселелер пайда болса, www.consumer.philips.com мекенжайы бойынша Philips компаниясының веб-торабына өтіңіз немесе Philips жарықтандыру өнімдері бойынша байланыс орталығына мына тегін телефон арқылы хабарласыңыз: 00800-PHILIPSL немесе 00800-74454775
Кепілдік:
Өнім нүсқауларға сай және мақсаты бойынша қолданылған болса, Philips компаниясының екі жылдық кепілдігі жарамды болады. Кепілдік бойынша арыздар тек сатып алынған күні, сатқан мекеменің аты және өнім сипаттамасын қамтитын түпнұсқалы сатып алу қужаты (инвойс, сатқан мекеменің түбіртегі немесе чек) болса ғана, қабылданады.
Philips кепілдігі келесі жағдайларда жарамсыз болады:
- Сатып алу құжатында немесе өнім сипаттамасында кез келген нәрсе өзгертілген, сызылған, өшірілген немесе түсініксіз болғанда.
- Зақым, нашар байланыс немесе дұрыс қолданбау салдарынан жұмыс істемесе.
- Найзагай, су таскыны, өрт, дұрыс қолданбау немесе немқұрайдылық сияқты LivingColors шамдарына тікелей қатысты емес жағдайлар барысында зақым келгенде.
- LivingColors шамы ашылған немесе бөлшектенген жағдайда.
Қауіпсіздік нұсқаулары:
- Штепсельдік үшты және LivingColors шамдарын сүйық заттар мен ылғалдан аулақ ұстаңыз.
- LivingColors тек үй ішінде қолдануға арналған. Жуынатын бөлме сияқты ылғалды жерлерде немесе сыртта қолдануға болмайды.
- LivingColors балалар ойнайтын ойыншык емес.
• Беті ыстық жерге қоймаңыз - Қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында, сондай-ақ кепілдік шарттары бойынша LivingColors шамын және штепсельдік ұшты ашуға болмайды.
- Берілген куат адаптерін ғана пайдалану керек. Басқа адаптер LivingColors түрлі түсті және түссіз жарық шамын зақымдауы мүмкін.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету:
Сырып алмас үшін, LivingColors қашыктан басқару құралын тек жұмсақ дымқыл шүберекпен ғана сүрту керек.
Тазалау куралдарын колдануға болмайды.
Ыстық беттерге қоюға болмайды.
Коршаған орта:
құралды уақыты келгенде тастайтын болсаңыз, жөргілікті басқару органының нүсқауларына сүйеніп тастаңыз. Қашықтан басқару құралын тастамас бұрын, батареяларын алып тастаңыз. Батареяларды әдеттегі үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды. Оларды арнайы жинайтын орынға немесе Philips дилеріне апару керек. Осы екі жерде батареяларды қоршаған ортаға қауіпсіз жолмен жояды.
Техникалық сипаттары:
Батарея: 3 x Philips AAA LR03, 1.5 Вт
Сымсыз байланыс сипаттамасы:
Сымсыз радиожилік режимінің жилік диапазоны: 2405-2475 МГц
Сымсыз байланыс протоколы: IEEE 802.15.4
Жұмыс арналары: 11, 15, 20 немесе 25.
Коршаған орта сипаттары:
Температура (жұмыс): 0 мен 40 °C арасында
Температура (сақтау): -25 пен 60 °C арасында
Салыстырмалы ылғалдылық: 5 пен 95 % арасында, конденсациясыз