GDR 10 8 V-EC Professional - бұрау BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GDR 10 8 V-EC Professional BOSCH PDF форматында.
| Бренд | Bosch |
| Модель | GDR 10 8 V-EC Professional |
| Өнім түрі | Сымсыз соққылы бұрауыш |
| Номиналды кернеу | 10,8 V |
| Бос жүріс жылдамдығы | Реттеу 1: 0 - 1200 айн/мин Реттеу 2: 0 - 2600 айн/мин |
| Соққы саны | Реттеу 1: 0 - 2700 мин⁻¹ Реттеу 2: 0 - 3100 мин⁻¹ |
| Максималды момент (қатты бұрау) | 110 Нм (ISO 5393 бойынша) |
| Бұранданың максималды диаметрі | 8 мм |
| Құрал ұстағыш | 1/4" алты қырлы ойыс |
| Салмағы (EPTA 01/2003 бойынша) | 0,9 кг |
| Қуат көзі | Литий-ионды аккумулятор 10,8 В (GBA 10,8V модельдері) |
| Үйлесімді зарядтағыштар | AL 11.. сериясы |
| Жұмыс температурасының диапазоны | -20 °C -тан +50 °C -қа дейін |
| Зарядтау температурасының диапазоны | 0 °C -тан +45 °C -қа дейін |
| Дыбыс қысымының деңгейі | 87 дБ(А) (K=3 дБ белгісіздік) |
| Дыбыс қарқындылығының деңгейі | 98 дБ(А) (K=3 дБ белгісіздік) |
| Діріл (бұранда/гайкаларды бұрау) | a_h = 10,5 м/с² (K=1,5 м/с²) |
| Негізгі функциялар | Бұрау және босату, гайкаларды қатайту және босату, 2 алдын ала орнатылған жылдамдық, PowerLight шамы, ECP қорғаныс тоқтату |
| Қауіпсіздік | Ескертулерді оқыңыз, дыбыс қорғанысын киіңіз, қолғаптарды пайдаланыңыз, жұмыс аймағын таза ұстаңыз |
| Күтім және тазалау | Желдету саңылауларын жұмсақ щеткамен үнемі тазалаңыз; кез келген күтім алдында аккумуляторды алып тастаңыз |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (Франция: 0811 360122) немесе bosch-pt.fr сайтында онлайн тапсырыс беріңіз |
| Жеткізілетін керек-жарақтар | Қос бітік, әмбебап бітік ұстағыш, белбеу клипі, түсті клип (нұсқаға байланысты) |
Жиі қойылатын сұрақтар - GDR 10 8 V-EC Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GDR 10 8 V-EC Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бұрау PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GDR 10 8 V-EC Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GDR 10 8 V-EC Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GDR 10 8 V-EC Professional BOSCH
ҚҚ Пандалану нұсқаулығының
ТҮП НҰСҚАСЫ
Сертификат мәліметтерін ораманың тіркеме парағында табасыз.
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген.
Импорттаушы контактілік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
- тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
- корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– ток сымының тозуы немесе зақымдануы - өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
- сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
- тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
- босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
- тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары
ЕСКЕРТУ
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған „Электр құрал“ атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелімен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған жағдайда ұстаңыз. Тәртіпсіз немесе жарықсыз жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиналған жарылыс қаупі бар қоршауда электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып, шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар және басқа адамдарды алыс жерге шеттетіңіз. Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құралы штепселінің айыры розеткаға сыйюы керек. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес. Жерге қосулы электр құралдармен ешқандай адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр ток соғу қаупін төмендетеді. ▶ Құбыр, жылытатын жабдық, плита және суытқыш сияқты жерге қосулы құралдар сыртына тимеңіз. Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тоғының соғу қаупі артады. Электр құралдарын ылғалдан, сыздан сақтаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. Электр құралын алып жүру, асып қою немесе айырын розеткадан шығару үшін кабельді пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір шеттерден немесе құралдың қозғалатын бөліктерінен алыс жерде ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз, тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдалану электр тоғының соғу қаупін төмендетеді. Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану қажет болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану тоқ соғу қаупін төмендетеді.
Адамдар қауіпсіздігі
Сак болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. Шаршаған жағдайда немесе еліткіш, алкоголь немесе дәрі әсері астында электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақаттану қаупін төмендетеді. Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр құралын тоққа және/немесе аккумуляторға қосуда, оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе құрылғыны қосулы күйде тоққа қосу, жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын реттейтін аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз. Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт жарақаттануларға алып келуі мүмкін. ▶ Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз. Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін. ▶ Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс пайдаланылуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. ▶ Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. ▶ Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады. Электр құралдарына арналған аккумуляторларды ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін. ▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
128 | Қазақша
Қағатын бұрауыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Бұранданың жасырын тоқ сымына тиюі ықтимал жұмыстарды орындауда құралды оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз. Бұранда тоқ өтетін сымға тиген жағдайда металды құрал бөлшектеріне тоқ беріліп, соғуына алып келуі мүмкін. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.

Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
- Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден қорғалған болады. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Техникалық мәліметтер
| Аккумуляторлық қағатын бурауыш | GDR 10,8 V-EC | GDS 10,8 V-EC | |
| Өнім нөмірі | 3 601 JE0 0.. 3 601 JE0 1.. | ||
| Жұмыс кернеүі | B= 10,8 10,8 | ||
| Бос айналу сәті | |||
| – Параметр 1 | мин -1 | 0 – 1200 | 0 – 1200 |
| – Параметр 2 | мин -1 | 0 – 2600 | 0 – 2600 |
| Қағулар саны | |||
| – Параметр 1 | мин -1 | 0 – 2700 | 0 – 2700 |
| – Параметр 2 | мин -1 | 0 – 3100 | 0 – 3100 |
| * < 0°C те м ператураларда шектелген куат | |||
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы берілген өлшем аймағында бұрандаларды бұрап кіргізу немесе шығаруға және сомындарды бұрап бекіту немесе босатуға арналған.
Осы электр құралының жарығы электр құралының тікелей жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Аспап патроны 2 Бекіту төлкесі 3 „PowerLight“ шырағы 4 „PowerLight“ шамының пернесі 5 Айналымдар саны көрсеткіші 6 Электрондық айналымдар санын таңдау пернесі 7 Аккумуляторды босату түймесі 8 Аккумулятор 9 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы 10 Қосқыш/өшіргіш 11 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы 12 Тұтқа (беті оқшауландырылған) 13 Қос бита* 14 Кондырма биталардың әмбебап ұстағышы* 15 Кондырма бита* 16 Айналмалы-салмалы аспап (мысалы бұрандалы сомын) * 17 Қайыс ұстағышы* 18 Түсті қысқыш* *Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.















| Аккумуляторлық қағатын бурауыш | GDR 10,8 V-EC | GDS 10,8 V-EC | |
| ISO 5393 бойынша қатты материалдардағы ең кеп айналдыру моменті | Нм 110 115 | ||
| Машина бурандасы-Ø | мм | M4 - M12 | M4 - M12 |
| шуруптардың ең үлкен диаметрі | мм 8 8 | ||
| Аспап пантроны | 1⁄4" Алты қырлы ойықтық | ■ 3/8" | |
| EPTA-Procedure 01/2003 құжатына сай салмағы | кг 0,9 0,9 | ||
| Рүқсат етілген қоршау температурасы | |||
| - з а р я д т а у д а | °C | 0...+45 | 0...+45 |
| - пайдалану * мен сақтауда | °C | -20...+50 | -20...+50 |
| ұсынылған аккумуляторлер | GBA 10,8V ... GBA 10,8V ... | ||
| ұсынылатын зарядтау құралдары | AL 11.. AL 11.. | ||
| * <0 °C температураларда шектелген куат | |||
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Шу эмиссиясының мәндері EN 60745-2-2 бойынша есептелген.
А-мен белгіленген электр құралының шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс қысымы 87 дБ(А); дыбыс қуаты 98 дБ(А). Өлшеу дәлсіздігі К = 3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жиынтық діріл мәні ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі EN 60745-2-2 стандартына сай анықталған:
Төмендегі максималды рұқсат етілген бұранда мен гайкаларды тарту: ah=10,5\ m/c2 , K=1,5 м/ c2 .
Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745 ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен, басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттырады.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Сәйкестік мәлімдемесі

Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер“ де сипатталған өнімнің 2009/125/EC (1194/2012 бұйрық), 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуіріне дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірінен соң 2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамаларына өзгерістерімен бірге сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз: EN 60745-1, EN 60745-2-2.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідей: Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Аккумуляторды шығарып алыңыз (А суретін қараңыз)
Тек керек-жабдықтар бетінде көрсетілген зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection (ECP)” арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты түрде өшкеннен соң қосқышты/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды шығару үшін 8 аккумуляторды босату түймесін 7 басыңыз және аккумуляторды электр құралдан шығарыңыз. Бұл кезде күш қолданбаңыз.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар. Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қауілін тудыруы мүмкін.
GDR 10,8 V-EC:
Алмалы-салмалы аспапты орнату (В суретін қараңыз)
Бекіту төлкесін 2 алға тартып, алмалы-салмалы аспапты тірелгенше аспап патронына 1 жылжытып, бекіту төлкесін 2 жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Кондырма биталарды 15 14 шарлық ысырмасы бар эмбебап бита ұстағышы арқылы орнатыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Бекіту төлкесін 2 алдынға жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шешіңіз.
GDS 10,8 V-EC: (С суретін қараңыз)
▶ Алмалы-салмалы аспаптарды орнатқанда, олардың аспап патронында бекем тұруына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронымен бекем біріктірілген болмаса, ол бұрау кезінде босап кетуі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты 16 аспап патронының 1 квадратына салыңыз.
Жүйеге байланысты ретте алмалы-салмалы аспап 16 аспап патронында 1 аздап бос тұрады; бұл жұмыс істеуіне/қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны 1 алмалы-салмалы аспаппен электр қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмы арқылы жүргізіледі.
Жұмыс әдісі екі басқышқа бөлінеді:
Бұрау мен тарту (қағу механизмі жұмыста).
Қағу механизмі бұранда қатып, қозғалтқыш жүктелгенде іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш күшін бір қалыпты бұрап, қағуларға айналдырады. Бұранда немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше орындалады.
Пайдалануға ендіру
Реверсивті ауыстырып-қосқыш 9 орташа қуатқа реттеп, электр құралын кездейсоқ қосылуынан сақтайсыз. Зарядталған аккумуляторды 8 алдынан электр құралының тұтқасына аккумулятор бекем бұғатталғанша салыңыз.
Айналу бағытын орнату (D суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 9 көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті 10 басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу және сомындарды тарту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 9 солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 9 оңға тірелгенше басыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 10 басып тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 10 жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті 10 басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті 10 жай басқанда, электр құрал төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші артқанда айналымдар саны артады.
Айналымдар санын/қағулар санын таңдау
6 пернесімен керекті айналымдар санын/қағулар санын 2 басқышта таңдау мүмкін. 6 пернесін айналымдар саны көрсеткішінде 5 керекті параметр көрсетілгенше басыңыз. Таңдалған параметр сақталады.
Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
„PowerLight“ шамын қосу/өшіру
3 шамын іске қосу үшін 4 пернесі. 3 шамын өшіру үшін 4 пернесін қайта басыңыз.
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы 11 бірнеше секунд жартылай немесе толық басылған қосқыш/өшіргіш 10 күйінде аккумулятордың зарядталғанын көрсетеді және 3 жасыл жарық диодын қамтиды.
Жарық диоды қуаты
Үздіксіз жарық 3 х жасыл ≥ 2/3
Үздіксіз жарық 2 х жасыл ≥ 1/3
Үздіксіз жарық 1 х жасыл < 1/3
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген аккумулятор температурасы аралығы етілсе өнімділігі қысқарады немесе электр құралы өшеді. Электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға жеткеннен соң толық өнімділікпен жұмыс істейді.
Қазақша | 131
▶ Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
күйде салыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспаптар түсіп кетуі мүмкін.
Бұрау моменті қағу ұзақтығына байланысты. Максималды бұрау моменті барлық қағулар арқылы жетілген бұрау моменттерінің қосындысынан шығады. Максималды бұрау моменті 6 – 10 секундтық қағу ұзақтығынан соң жетіледі. Бұдан былай тарту, бұрау моменті минималды көлемге көтеріледі.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту бұрау моменті үшін есептеу керек. Дәл жетілген тарту бұрау моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі біріктірулер
Сынауда бір қағу әдісінде жетілген бұрау моменттері өлшеніп, диаграммаға түсірілсе бұрау моменті әдісінің қисық сызығы пайда болады. Қисық сызық биіктігі максимальды жетілетін бұрау моментіне сай, құламалығы жетілетін уақытты көрсетеді.
Бұрау моментінің әдісі төмендегі факторларға байланысты:
- Бұранда/сомындардың қаттылығы
- Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
- Бұралатын материал қаттылығы
- Бұрандалы қоспаның майланғаны
Сай ретте төмендегі пайдалану жағдайлары пайда болады:
- Қатты тірек металдан металға біріктіруде төсемдік шеңберлерді пайдаланғанда пайда болады. Қысқа қағу уақытынан соң максималды бұрау моментіне жетіледі (құламалы сипаттамалы сызық). Керек болмаған ұзақ қағу уақыты машинаға зиян тигізеді.
- Иілгіш тірек металдан металға біріктіруде, бірақ серіппелі шеңбер, дискілік серіппе, тіректі болт немесе конустық тіректік бұрандаларды/сомындарды және ұзартқыштарды пайдалануда пайда болады.
- Жұмсақ тірек металды ағашқа біріктіруде немесе тірек ретінде қорғасынды немесе талшықты шеңберлерді пайдалануда пайда болады.
Иілгіш немесе жұмсақ тіректе максималды тарту бұрау моменті қатты тіректен төмен болады. және ұзақ қағу уақыты талап етіледі.
Максималды бұрандалар тарту бұрау моменті үшін нысана көлемдер
деректер Нм ретінде берілген, кернеу көлденең қимасынан есептелген; аққыштық шегінің қолдануы 90 % (үйкелу коэффициенті μ жап = 0,12). Бақылау үшін тарту бұрау моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
| DIN 267 бойынша | Стандартты бурандалар | Берік бурандалар | |||||||||
| 3.6 | 4.6 | 5.6 | 4.8 | 6.6 | 5.8 | 6.8 | 6.9 | 8.8 | 10.9 | 12.9 | |
| M 6 | 2.71 | 3.61 | 4.52 | 4.8 | 5.42 | 6.02 | 7.22 | 8.13 | 9.7 | 13.6 | 16.2 |
| M 8 | 6.57 | 8.7 | 11 | 11.6 | 13.1 | 14.6 | 17.5 | 19.7 | 23 | 33 | 39 |
| M 10 | 13 | 17.5 | 22 | 23 | 26 | 29 | 35 | 39 | 47 | 65 | 78 |
| M 12 | 22.6 | 30 | 37.6 | 40 | 45 | 50 | 60 | 67 | 80 | 113 | 135 |
| M 14 | 36 | 48 | 60 | 65 | 72 | 79 | 95 | 107 | 130 | 180 | 215 |
| M 16 | 55 | 73 | 92 | 98 | 110 | 122 | 147 | 165 | 196 | 275 | 330 |
Ұсыныстар
Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті алдын ала бұрғылау керек.
Ескертпе: Ешқандай кіші металды бөліктердің электр құралына түспеуіне көз жеткізіңіз.
Қайыс ұстағышы (Е суретін қараңыз)
Қайыс ұстағышымен 17 мысалы, электр құралын қайысқа асуға болады. Сонда, екі қолыңыз бос болып, электр құралы жұмыс істеуге дайын болады.
Түсті қысқыш (F суретін қараңыз)
Түсті қысқышпен 18 электр құралды жеке ретте белгілеу мүмкін.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ щеткамен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар. ▶ Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
(1)
132 | Қазақша
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде электр құралының зауыттық тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС „Роберт Бош“
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек даңғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.
Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша 2012/19/EU директивасына және 2006/66/EC нормасына сай жарамсыз электр құралдарды, ақаулы немесе пайдаланылған
аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинау керек және экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.
Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:
„Тасымалдау“ тарауындағы, 132 бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.