MAKITA BAC01 - Генератор

BAC01 - Генератор MAKITA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз BAC01 MAKITA PDF форматында.

📄 224 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice MAKITA BAC01 - page 200
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : MAKITA

Модель : BAC01

Санат : Генератор

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Генератор PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз BAC01 - MAKITA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. BAC01 брендінің MAKITA.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ BAC01 MAKITA

Түрлендіргіш өнімділігі (PDC1200 пайдаланылғанда) Әрдайым берілетін ватт: 1 400 Вт (ВА) Ең жоғарғы ватт: 2 800 Вт (ВА) АТ розеткасы * Модуляцияланбаған синусоидалық толқын 50 Гц немесе 60 Гц, 2 дана. Кернеу: Токтың аккумуляторлық түрлендіргішіндегі нұсқауды қараңыз. (Шығыс кернеу әр елде әртүрлі болады). USB-порт A түрі: 5 В, 2,4 А, 2 дана. C түрі: USB-PD 30 Вт, 2 дана. Темекі тұтатқышының

PDC1200 (1 000 Вт кезде) 56 мин. PDC01 (750 Вт кезде, BL1860B x 2) 10 мин. Өлшемдері (Ұ x Е x Б) (бүкіл ілгектер бүктеліп тұрғанда) 395 мм x 345 мм x 163 мм Таза салмағы (тек токтың аккумуляторлық түрлендіргіші) 7,3 кг

  • Тек Бразилияда Кернеу айнымалы ток розеткасының жанында көрсетілген. ** Пайдалану уақыты шамалап көрсетілген және қуат көзіне, қуаттау күйіне және пайдалану жағдайына қарай өзгеше болуы мүмкін.
  • Зерттеу мен әзірлеудің үздіксіз бағдарламасына байланысты осы құжаттағы техникалық сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
  • Техникалық сипаттамалары әр елде әр түрлі болуы мүмкін. Пайдалануға болатын қуат көзі Портативті қуат беру блогы PDC1200 / PDC01*
  • Пайдалануға болатын аккумулятор картриджі бөлімінде сипатталған аккумулятор картридждерін пайдаланыңыз.
  • Жоғарыда берілген қуат көздерінің кейбірі тұрып жатқан жеріңізде жоқ болуы мүмкін.
  • Қуат көзін пайдалану алдында, нұсқаулықты және ондағы сақтандыру белгілерін оқып шығыңыз. ЕСКЕРТУ: жоғарыда көрсетілген қуат көздерін ғана пайдаланыңыз. Басқа қуат көздерін пайдалансаңыз, жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін. Пайдалануға болатын аккумулятор картриджі Тек PDC01 НАЗАР САЛЫҢЫЗ: PDC01 пайдаланылғанда: — Шығыс қуат 750 Вт (ВА) шамасынан асып кетсе, токтың аккумуляторлық түрлендіргіші аккумулятордың қорғау жүйесіне байланысты қуат беруді тоқтатады. Бұл жағдайда, шығыс қуатты 750 Вт (ВА) немесе одан кем деңгейде ұстаңыз. — Қолданыстағы аккумулятор басқа аккумуляторға ауыстырылса, пайдалану шарттарына қарай токтың аккумуляторлық түрлендіргіші қуат бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда, қуатты қайта шығара бастау үшін шығыс қуат түймешігін басыңыз. — Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін пайдалану үшін екі немесе төрт аккумулятор картриджі қажет болады. Екі аккумулятор картриджін пайдалансаңыз, біреуін 1-ші немесе 2-ші аккумулятор портына, екіншісін 3-ші немесе 4-ші аккумулятор портына орнатыңыз. Аккумулятор картриджі BL1815N / BL1820B / BL1830B* / BL1840B* / BL1850B* / BL1860B*
  • : Ұсынылған аккумулятор201 ҚАЗАҚША
  • Жоғарыда берілген аккумулятор картридждерінің кейбірі тұрып жатқан жеріңізде жоқ болуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: жоғарыда көрсетілген аккумулятор катридждерін ғана пайдаланыңыз. Аккумулятор картридждерінің басқа түрлерін пайдалансаңыз, жарақат алуыңыз және/немесе өрт шығуы мүмкін.

Төменде жабдықта пайдаланылуы мүмкін белгілер көрсетілген. Пайдалану алдында олардың мағынасын түсініп алыңыз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып

Ni-MHLi-ion Тек ЕО елдеріне арналған Жабдықта қауіпті құрамдастардың болуына байланысты, электрлік және электрондық жабдықтардың, аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Электрлік және электрондық құрылғыларды немесе батареяларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға

Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдықтары және аккумуляторлар мен батареялар және аккумуляторлар мен батареялардың қалдықтары, сондай-ақ олардың ұлттық заңнамаға бейімделуі туралы Еуропалық директиваға сәйкес, электрлік жабдықтардың, батареялардың және аккумуляторлардың қалдықтары бөлек жиналуы және қоршаған ортаны қорғау ережелеріне сәйкес жұмыс істейтін тұрмыстық қалдықтарды жинау пунктіне жеткізілуі керек. Бұл жабдыққа орналастырылған айқас сызықпен сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі арқылы көрсетіледі. Қолдану мақсаты Құрылғы Makita портативті қуат беру блогының қуатын түрлендіріп, әртүрлі қылып шығаруға

ЕСКЕРТУ: пайдалану алдында, осы токтың аккумуляторлық түрлендіргішімен бірге қолданылатын өнімнің нұсқаулығын оқып

Токтың аккумуляторлық түрлендіргішінің қауіпсіздік техникасы бойынша ескертулер

1. Құрылғы жақсы істеуі және ұзақ уақыт

қызмет етуі үшін, токтың аккумуляторлық түрлендіргішін төмендегі жағдайлардан қорғау керек: — коррозиялық газ және сұйықтық; — тұзды бу және майлы бу; — механикалық әсер және діріл; — жоғары ылғалдылық; — шектен асатын температура (тым суық немесе тым ыстық) Қолайлы қоршаған орта температурасы -10 °C және 40 °C (14 °F және 104 °F) аралығын

— электр-магниттік шу (мысалы, электрлік дәнекерлеу машинасы, жоғары қуатты

2. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін

кедір-бұдыры жоқ көлденең бетке және орнықты жерге қойыңыз. Әйтпесе құрылғы құлап кетуі мүмкін.

3. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін

тасығанда, қуат көзін және қуат шығысына қосылған құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. Әйтпесе құрылғы құлап кетуі

4. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін

тасығанда, тасу тұтқаларын міндетті түрде екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін кез келген басқа бөліктен ұстап тасымаңыз. Әйтпесе құрылғы құлап кетуі мүмкін.

5. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін

дымқыл қолмен пайдаланбаңыз. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін жаңбырда немесе ылғалды жағдайларда пайдаланбаңыз. Электр тогы соғуы мүмкін. Токтың аккумуляторлық түрлендіргіші су

6. Розеткаларға және ауа тесіктеріне

жапсырма шегелер, сым темірлер сияқты металл заттарды немесе басқа ұсақ металл заттарды салмаңыз. Электр тогы соғуы

7. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін

бөлшектемеңіз. Электр тогы соғуы мүмкін.

8. Құлатып алған кездегідей, токтың

аккумуляторлық түрлендіргішінің қатты соққы алуына жол бермеңіз. Электр тогының соғуына себеп болатын ақаулық орын алуы

9. Қозғалмалы бөлшектердің ығысып

кетпегенін және тұтылып қалмағанын, бөлшектердің зақымдалмағанын және жұмысқа теріс әсер ете алатын басқа жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымдалған болса, құрылғыны жөндеген соң бірақ пайдаланыңыз. Жазатайым оқиғалардың көбі құрылғыларға дұрыс техникалық күтім көрсетілмегендіктен орын

10. Міндетті түрде тиісті айнымалы ток

жиілігіне орнатыңыз. Әйтпесе ақаулық орын алуы және адамдар жарақат алуы мүмкін.202 ҚАЗАҚША

11. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін

айналасында тез тұтанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң сияқты заттардан тұратын жарылу қаупі бар орталарда пайдалануға болмайды. Кішкентай статикалық қуат немесе ұшқын шаңдарды немесе буларды тұтатып, өрт шығаруы немесе жарылыс орын алуы мүмкін.

12. Ауа тесіктерін ештеңе жаппауы немесе

бітемеуі тиіс. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін ауа тесіктерін ештеңе жаппайтын жерде пайдаланыңыз. Ақаулық орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

13. Пайдаланған кезде, кабельге шалынып

қалмаңыз. Кабельді қалтасына салып

14. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін

медициналық жабдықта пайдаланбаңыз. Күтпеген ақаулық салдарынан жазатайым оқиға орын алуы мүмкін.

15. Өрт, шамадан тыс қызу, жарылыс,

электролиттің ағуы, электр тогының соғуы немесе жарақат алу қаупін азайту үшін төмендегі сақтық шараларын орындаңыз. — Токтың аккумуляторлық түрлендіргішінің номиналды қуатынан асатын құрылғыны жалғамаңыз. — Жалпы айнымалы ток электр желісіне тікелей жалғамаңыз.

16. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін

іште, жақсы желдетілетін және ылғалдылық деңгейі төмен жерде сақтаңыз.

17. Сақтаған кезде, токтың аккумуляторлық

түрлендіргішін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Әйтпесе ауыр жағдай орын алуы мүмкін.

18. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін

аяқпен баспаңыз. MAKPAC адаптерімен немесе қуат көзімен орнатқан кезде, токтың аккумуляторлық түрлендіргішін қатты соғып алмаңыз. Ондай жағдайда, ақаулық пайда болуы немесе адам жарақаттануы мүмкін.

19. Айнымалы ток шығысындағы жерге қосу

істігіне арналған ұяшықта кернеу мен ток жоқ. Бұл өнімді жерге қосудың қажеті жоқ, себебі ол жалпы айнымалы ток желісіне жалғанып тұрған жоқ. Аккумулятормен жұмыс істейтін құрылғыға арналған қауіпсіздік бойынша ескертулер Аккумулятормен жұмыс істейтін құрылғыны пайдалану және күтім

1. Кездейсоқ іске қосылуды болдырмаңыз.

Аккумулятор жинағын жалғамас бұрын, құрылғыны жинамай тұрып немесе тасымалдамас бұрын, ауыстырып- қосқышы өшірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз. Құрылғыны саусағыңызды ауыстырып-қосқышына қойып тасымалдау немесе ауыстырып-қосқышы қосулы құрылғыны қуат көзіне қосу жазатайым оқиғаға әкеп соғуы мүмкін.

2. Қандай да бір түзетулер жасау, керек-

жарақтарды ауыстыру немесе құрылғыны сақтау алдында аккумулятор жинағын құрылғыдан ажыратыңыз. Осындай алдын алу шаралары құрылғының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.

3. Тек өндіруші көрсеткен зарядтау

құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт қаупін тудыруы мүмкін.

4. Жабдықтарды тек көрсетілген аккумулятор

блоктарымен ғана пайдаланыңыз. Кез келген басқа аккумулятор блоктарын пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қаупін тудыруы

5. Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,

оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер, шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз. Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.

6. Дұрыс пайдаланбаған кезде

аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін; тиіп кетпеуге тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз, сумен шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан шыққан сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп болуы мүмкін.

7. Зақымдалған немесе өзгертілген

аккумулятор блогын немесе құрылғыны пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.

8. Аккумулятор блогын немесе құрылғыны

от не шамадан тыс жоғары температура әсерінен сақтаңыз. От немесе 130 °C шамасынан жоғары температура әсері жарылысқа әкелуі мүмкін.203 ҚАЗАҚША

9. Зарядтауға қатысты нұсқаулардың

барлығын орындаңыз және аккумулятор блогын немесе құрылғыны көрсетілген температура ауқымынан тыс зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамау немесе көрсетілген ауқымнан тыс температурада зарядтау аккумуляторды зақымдауы және өрт шығу қаупін арттыруы мүмкін.

10. Жөндеу жұмыстарын білікті маман тек тиісті

қосалқы бөлшектерді пайдалана отырып орындауы тиіс. Бұл өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

11. Құрылғыны немесе аккумулятор

жинағын пайдалану және күтім көрсету нұсқауларында сипатталғаннан басқа жолмен өзгертуге немесе жөндеуге әрекет

Аккумулятор картриджіне арналған маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

1. Аккумулятор картриджін пайдаланбас

бұрын, (1) аккумулятордың зарядтау құрылғысындағы, (2) аккумулятордағы және (3) аккумуляторды пайдаланатын өнімдегі барлық нұсқаулар мен ескерту білгілерін оқып шығыңыз.

2. Аккумулятор картриджін бөлшектемеңіз

немесе өз бетіңізше ашып жөндемеңіз. Ол өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.

3. Егер аккумулятор картридждің пайдалану

уақыты бірталай қысқарған болса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Бұл қызып кету, ықтимал күйіктер немесе тіпті жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.

4. Егер электролит көзіңізге тиген болса,

көзіңізді таза сумен шайыңыз және дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл көру қабілетінен айырылуға әкеп соқтыруы

5. Аккумулятор картридждің жалғасуларын бір

бірімен матастырмаңыз: (1) Клеммаларды кез келген ток өткізгіш материалдарға тигізбеңіз. (2) Аккумулятор картриджін ішінде шегелер, тиындар, т.б. басқа металл заттары бар контейнерде сақтамаңыз. (3) Аккумулятор блогын суға салмаңыз немесе жаңбыр астында қалдырмаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің тұйықталуы үлкен ток ағынының пайда болуына, қызып кетуге, ықтимал күйіктерге және тіпті бұзылуға себеп болуы мүмкін.

6. Құрылғыны және аккумулятор картриджін

температурасы 50 °C (122 °F) шамасындағы немесе одан асатын жерлерде сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.

7. Аккумулятор блогы қатты зақымдалған

немесе толығымен тозған болса да, оны отқа жақпаңыз. Аккумулятор блогы отта жарылып кетуі мүмкін.

8. Аккумулятор картриджін шегелеуге,

кесуге, басуға, лақтыруға, құлатуға немесе оны қатты затпен соғуға болмайды. Бұл әрекеттер өрт, шамадан тыс қызу немесе жарылу жағдайларына алып келуі мүмкін.

9. Зақымдалған аккумуляторды

10. Жинаққа кіретін литий-ионды

аккумуляторлар денсаулыққа және қоршаған ортаға зиянды заттар заңнамасы талаптарына сәйкес қарастырылады. Коммерциялық тасымалдау үшін, мысалы, үшінші тараптар, экспедиторлар үшін қаптамада және таңбалауда арнайы талаптар сақталуы тиіс. Жіберілетін өнімді дайындау үшін қауіпті заттар бойынша сарапшы маманмен кеңесу керек. Сонымен қатар ұлттық ережелерді де толық қарап шығыңыз. Ашық түйіспелерді жауып, аккумуляторды қаптамаға қозғалмайтындай етіп орналастырыңыз.

11. Аккумулятор картриджін кәдеге жаратқан

кезде, оны құрылғыдан шығарып алып, қауіпсіз жерде кәдеге жаратыңыз. Аккумуляторды кәдеге жаратуға қатысты жергілікті ережелерді орындаңыз.

12. Аккумуляторларды тек Makita компаниясы

көрсеткен өнімдермен бірге пайдаланыңыз. Аккумуляторларды үйлесімді емес өнімдерге орнату өртке, қызып кетуге, жарылысқа немесе электролит ағуына әкеп соқтыруы мүмкін.

13. Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы

пайдаланылмайтын болса, құрылғыдағы аккумуляторды алып тастау керек.

14. Аккумулятор картриджін пайдалану кезінде

және пайдаланғаннан кейін, ол қызып, күйікке немесе төмен температуралы күйікке әкелуі мүмкін. Ыстық аккумулятор картридждерімен жұмыс істегенде сақ

15. Пайдаланғаннан кейін құрылғының

клеммасын бірден ұстамаңыз, ол күюге себеп болатындай ыстық болуы мүмкін.

16. Аккумулятор картриджінің клеммаларына,

саңылауларына және ойықтарына жоңқа, шаң немесе кірдің тұрып қалуын болдырмаңыз. Бұл құрылғының немесе аккумулятор картриджінің өнімділігінің нашарлауына немесе сынуына алып келуі

17. Құрылғы жоғары вольтты электрлік

қуат желілері жанында пайдалануға жарамды болмаса, аккумуляторлық картридждіжоғары вольтты электрлік қуат желілері жанында пайдаланбаңыз. Бұл құрылғының немесе аккумулятор картриджінің істен шығуына немесе сынуына алып келуі

18. Аккумуляторды балалардан аулақ ұстаңыз.

ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАҢЫЗ.204 ҚАЗАҚША САҚ БОЛЫҢЫЗ: Тек түпнұсқа Makita аккумуляторларын пайдаланыңыз. Түпнұсқа емес Makita аккумуляторларын немесе өзгертілген аккумуляторларды пайдалану нәтижесінде өрт, жарақат алу немесе зақымдалуға себеп болатын аккумулятор жарылуына әкелуі мүмкін. Ол сондай-ақ Makita құрылғысы мен зарядтау құрылғысы үшін Makita кепілдігінің күшін жояды. Аккумулятордың максималды қызмет ету мерзімін сақтау бойынша кеңестер

1. Аккумулятор картриджін қуаты толығымен

отырмас бұрын зарядтаңыз. Құрылғының қуаты аз екендігін байқаған кезде, құрылғы жұмысын тоқтатып, аккумулятор картриджін зарядтаңыз.

2. Толығымен зарядталған аккумулятор

картриджін ешқашан қайта зарядтамаңыз. Артық зарядтау аккумулятордың қызмет ету мерзімін қысқартады.

4. Аккумулятор картриджін пайдаланбаған

уақытта оны құрылғыдан немесе зарядтау құрылғысынан алыңыз.

5. Егер аккумулятор картриджін ұзақ уақыт

бойы (алты айдан артық) пайдаланбаған болсаңыз, оны зарядтаңыз. БӨЛШЕКТЕР СИПАТТАМАСЫ ► Сурет1

3. Қуат шығару панелі

PDC1200 қуат беру блогымен ғана пайдаланыңыз.

PDC01 қуат беру блогымен ғана пайдаланыңыз.

11. USB шығыс түймешігі

12. Айнымалы ток шығару түймешігі

13. Жиілікті ауыстыру түймешігі

14. 12 В тұрақты ток шығару түймешігі

15. Дыбыстық сигнал түймешігі

16. Шығыс қуат индикаторы

Шығыс қуат индикаторының түсініктемесін беретін бөлімді қараңыз.

17. USB A түрі, 1-шығыс

18. USB A түрі, 2-шығыс

19. USB C түрі, 1-шығыс

20. USB C түрі, 2-шығыс

21. Айнымалы токтың 1-шығысы

22. Айнымалы токтың 2-шығысы

23. 12 В тұрақты ток шығысы (темекі

тұтатқышының адаптеріне арналған) ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток шығысы елге қарай әртүрлі болуы мүмкін.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: қуат көзін орнатқан немесе шығарған кезде, токтың аккумуляторлық түрлендіргішін және қуат көзін мықтап ұстаңыз. Мықтап ұстамасаңыз, олар қолыңыздан сырғып кетіп сізді жарақаттауы немесе Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін және қуат көзін зақымдауы мүмкін. САҚ БОЛЫҢЫЗ: пайдаланбай тұрып, кабель дұрыстап салынғанына және розетка штекерге толық тығылғанына көз жеткізіңіз. Қуат көзін орнату PDC1200 қуат блогында Қуат көзін суретте көрсетілгендей токтың аккумуляторлық түрлендіргішіне жалғаңыз. САҚ БОЛЫҢЫЗ: қуат көзі токтың аккумуляторлық түрлендіргішіне мықтап орнатылғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе ол токтың аккумуляторлық түрлендіргішінен абайсызда түсіп кетіп, сізді немесе қасыңыздағы адамды жарақаттауы мүмкін. Суретте көрсетілгендей қызыл индикатор көрініп тұрса, қуат көзі толығымен құлыпталған жоқ. ► Сурет2: 1. Қызыл индикатор205 ҚАЗАҚША Қуат көзін шығарған кезде, құлыптау түймешігін төмен басып тұрып қуат көзін жоғары көтеріңіз. ► Сурет3: 1. Құлыптау түймешігі PDC01 үлгісі үшін Қуат көзін суретте көрсетілгендей токтың аккумуляторлық түрлендіргішіне жалғаңыз. ► Сурет4 Қуат көзін шығару үшін орнату процедурасын керісінше орындаңыз. Қуат көзін жалғау

1. Штекердің қақпағын ашыңыз.

2. Розеткадағы көрсеткі белгісі мен токтың

аккумуляторлық түрлендіргішіндегі көрсеткіні туралап, розетканы штекерге толық кигізіңіз. ► Сурет5: 1. Қақпақ 2. Штекер (кіріс) 3. Розетка

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: розетканы күштеп кигізбеңіз. Розетка оңай кигізілмесе, ол дұрыс салынып жатқан жоқ. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: ажыратқан кезде, кабельді емес, розетканы ұстап тартыңыз. Әйтпесе кабель зақымдалып, ақаулық пайда болуы мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: қуат көзі жалғанбаған кезде, штекердің қақпағын міндетті түрде мықтап жабыңыз. Әйтпесе токтың аккумуляторлық түрлендіргішіне бөгде заттар кіріп, ақаулық пайда болуы мүмкін. Кабель қалтасы Кабельді суретте көрсетілгендей қалтасына салуға

► Сурет6 MAKPAC орнату Қосымша керек-жарақ Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін суретте көрсетілгендей MAKPAC кейсінің үстіңгі немесе астыңғы жағына жалғауға болады. ► Сурет7 САҚ БОЛЫҢЫЗ: токтың аккумуляторлық түрлендіргішінің MAKPAC кейсіне төрт ысырмамен мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе құрал құлап, жарақаттауы мүмкін.

► Сурет8: 1. Қуат түймешігі

1. Қуат көзін қосу үшін оның қуат түймешігін

2. Құрылғыңызды тиісті шығысқа жалғаңыз.

Айнымалы ток шығысын пайдаланған кезде, жиілікті ауыстыру түймешігін басып тұрып тиісті жиілікті

ЕСКЕРТПЕ: жиілікті беріліп тұрған айнымалы ток тоқтаған кезде ғана таңдауға болады. ЕСКЕРТПЕ: жиілік параметрі есте сақталады. Токтың аккумуляторлық түрлендіргіші келесі жолы сол параметрмен іске қосылады.

3. Пайдаланғыңыз келетін шығыс қуат түймешігін

Токтың аккумуляторлық түрлендіргіші ток шығара бастайды және іске қосылған шығыс қуат түймешігі

4. Тоқтату үшін шығыс қуат түймешігін қайта

5. Қуат көзін өшіру үшін оның қуат түймешігін

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: токтың аккумуляторлық түрлендіргішінің шығысы номиналды қуат шегінде болса да, іске қосылу үшін көп қуатты қажет ететін құрылғыны пайдалана алмауыңыз мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: токтың аккумуляторлық түрлендіргіші кей USB құрылғыларға қуат бермеуі мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: токтың аккумуляторлық түрлендіргішіне USB құрылғыны қосу алдында, USB құрылғыдағы деректердің сақтық көшірмесін міндетті түрде жасап

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: сатылатын қуат блоктарын пайдаланып, токтың аккумуляторлық түрлендіргішімен қуат көзін қуаттау мүмкін емес. Шығыс қуат индикаторының түсініктемесі ► Сурет9

  • Шығыс қуат индикаторы шыққан қуатқа сәйкес
  • Шығыс қуат 1 400 Вт (ВА) шамасына жеткенде, "1400" шамы қызыл түсті болып жанады. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішіне шамадан тыс күш түскенде, бұл шам қызыл түсті болып жыпылықтай бастайды.206 ҚАЗАҚША Дыбыстық сигналды қосу/өшіру ► Сурет10: 1. Дыбыстық сигнал түймешігі Дыбыстық сигналды қосу/өшіру үшін дыбыстық сигнал түймешігін басып тұрыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Дыбыстық сигнал параметрі есте сақталады. Токтың аккумуляторлық түрлендіргіші келесі жолы сол параметрмен іске қосылады. Қорғаныс жүйесі Токтың аккумуляторлық түрлендіргішінің төмендегі қорғаныс жүйесі бар. Шамадан тыс жүктемеден

Әр шығыс төмендегідей шамадан тыс жүктемеден

  • Айнымалы токтың шығысы Шамадан тыс қуатты анықтағанда, токтың аккумуляторлық түрлендіргіші шығарылған бүкіл айнымалы токты ажыратады және үзік- үзік дыбыстық сигнал береді.
  • USB шығысы Әдеттегіден жоғары токты анықтағанда, токтың аккумуляторлық түрлендіргіші жоғары ток өтетін USB шығысын ажыратады.
  • 12 В тұрақты ток шығысы Әдеттегіден жоғары токты анықтағанда, токтың аккумуляторлық түрлендіргіші шығарылған 12 В тұрақты токты ажыратады және үзік-үзік дыбыстық сигнал береді. Айнымалы токтың, USB мен 12 В тұрақты токтың жалпы шығыс қуаты белгілі бір уақыт бойы токтың аккумуляторлық түрлендіргішінің номиналды шығыс қуатынан асып кетсе, қуаттың шығуы толығымен тоқтайды және ұзақ дыбыстық сигнал беріледі. Бұл жағдайда, қуат көзін өшіріңіз және токтың аккумуляторлық түрлендіргішінің шамадан тыс жүктелуіне себеп болған жұмысты тоқтатыңыз. Содан кейін қуат көзін өшіріп қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Токтың аккумуляторлық түрлендіргішіне шамадан тыс күш түскенде, шығыс қуат индикаторының "1400" шамы қызыл түсті болып жыпылықтайды. ЕСКЕРТПЕ: Дыбыстық сигнал қосқыштар панеліндегі кез келген түймешік басылғанда

Қызып кетуден қорғаныс Қызып кеткенде, токтың аккумуляторлық түрлендіргіші шығарылған бүкіл қуатты ажыратады және үзбей дыбыстық сигнал береді. Бұл жағдайда, қайта іске қосу алдында токтың аккумуляторлық түрлендіргішін суытып алыңыз. Зарядтың шамадан тыс таусылуынан қорғаныс Қуат көзінің қалған қуаты азайған кезде, үзік-үзік дыбыстық сигнал беріледі және іске қосылған шығыс қуат түймешігі жыпылықтайды. Бұл жағдайда, қуат көзін шығарып, қуаттаңыз. Қуат көзінің қалған қуаты одан да кем болғанда, шығарылған бүкіл ток ажыратылады. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

САҚ БОЛЫҢЫЗ: қарап тексеру немесе техникалық күтімін орындау алдында, міндетті түрде қуат көзінің шығарылғанына көз жеткізіңіз. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: жалғағышты сумен жууға болмайды. Ақаулық орын алуы мүмкін. НАЗАР САЛЫҢЫЗ: осы өнімнің бетін анда- санда сабынды суға малынған шүберекпен

НАЗАР САЛЫҢЫЗ: Жанармайды, бензинді, сұйылтқышты, спиртті немесе соған ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз. Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін. Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген басқа техникалық қызмет көрсету немесе реттеу әрдайым Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы Makita компаниясының өкілетті немесе зауыттық қызмет көрсету орталықтары тарапынан орындалуы керек.

Токтың аккумуляторлық түрлендіргіші кір болса, оны құрғақ шүберекпен немесе сабынды суға сәл малынған шүберекпен сүртіңіз.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: тазалаған соң, фильтрді қайта орнату керек. Токтың аккумуляторлық түрлендіргішін фильтрсіз пайдалансаңыз, ақаулық орын алуы мүмкін. Фильтрді суретте көрсетілгендей тартып шығарыңыз. Фильтрді жуыңыз, содан кейін кептіріңіз. ► Сурет11: 1. Фильтр Фильтрді орнату үшін шығару процедурасын керісінше орындаңыз.207 ҚАЗАҚША

КЕРЕК-ЖАРАҚТАР САҚ БОЛЫҢЫЗ: Бұл керек-жарақтар мен қондырмалар осы нұсқаулықта көрсетілген Makita құралымен бірге пайдалануға ұсынылады. Кез келген басқа керек-жарақтар мен қондырмаларды пайдалану адамдардың жарақаттануына әкелуі мүмкін. Керек-жарақты немесе қондырманы тек өз мақсатында ғана қолданыңыз. Осы керек-жарақтар туралы қосымша мәлімет алу үшін көмек қажет болса, жергілікті Makita қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

  • Портативті қуат беру блогы
  • Makita түпнұсқа аккумуляторы және зарядтау
  • MAKPAC ЕСКЕРТПЕ: Тізімдегі кейбір элементтер стандартты керек-жарақтар ретінде құралдың қаптамасында болуы мүмкін. Олар елге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.208