SFC216100G - Шаңсорғыш GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SFC216100G GORENJE PDF форматында.

GORENJE SFC216100G - Шаңсорғыш
📄 132 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice GORENJE SFC216100G - page 70
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі 2-і 1-де сымсыз шансорғыш (құрғақ және дымқыл)
Моделі SFC216100G
Бренд Gorenje
Қуат көзі Қайта зарядталатын литий-ионды батарея, желілік адаптер қосылған
Зарядтау уақыты Шамамен 4 сағат (бағалау)
Таза су ыдысының сыйымдылығы Шамамен 400 мл (бағалау)
Лас су ыдысының сыйымдылығы Шамамен 200 мл (бағалау)
Сору жылдамдықтары 2 режим: ECO және MAX
Функциялар Құрғақ тазалау, дымқыл тазалау, роликтерді автоматты тазалау, қатты едендерді сору
Моторлы щетка Иә, шаштарды кесуге арналған кіріктірілген тарақпен
Қосылатын станция Иә, зарядтау және сақтаумен
Сүзгі Жууға болатын сүзгі (үлкен жақтау + кішкентай сүзгі)
Қауіпсіздік Қызып кетуден қорғау, резервуар толған кезде автоматты тоқтату, суға батырудан қорғау
Күтім Әр қолданудан кейін резервуарларды, роликтерді және сүзгілерді тазалау; өзін-өзі тазалау функциясы
Қосалқы бөлшектер Батарея, ролик, сүзгі, адаптер сатылымнан кейінгі қызметте қол жетімді
Кепілдік Батареяға 24 ай, құрылғыға 2 жыл (жергілікті заңнама бойынша)
Қолдану Тұрмыстық, тек ішкі кеңістікте

Жиі қойылатын сұрақтар - SFC216100G GORENJE

Шансорғышты қалай зарядтауға болады?
Шансорғышты желіге қосылған док станциясына қойыңыз. Зарядтау кезінде алдыңғы индикатор ақ түске өтеді, ал батарея толық зарядталғанда сөнеді.
Пайдалану кезінде қызыл индикатор жанса, не істеу керек?
Қызыл индикатор лас су резервуарының толғанын немесе роликке қалдықтардың кедергі келтіргенін көрсетеді. Резервуарды босатыңыз немесе щетканы тазалаңыз.
Сүзгілерді қалай тазалауға болады?
Лас су резервуарын, содан кейін сүзгінің үлкен жақтауын және кішкентай сүзгіні алыңыз. Оларды таза сумен жуыңыз және қайта орнату алдында толық кептіріңіз.
Шансорғыш іске қосылмайды, не істеу керек?
Батареяның зарядталғанын, құрылғының еңкейтілгенін (тік күйде жұмыс істемейді), лас су резервуарының толмағанын және қызып кетудің жоқтығын тексеріңіз.
Дымқыл тазалау функциясын қалай пайдалануға болады?
Таза су резервуарын (бөлме температурасы) толтырыңыз, оны іске қосыңыз, тұтқаны еңкейтіңіз және қосу/өшіру түймесін басыңыз. Құрылғы суды автоматты түрде роликтерге таратады.
Роликтерді автоматты тазалауды қашан және қалай пайдалануға болады?
Тазалаудан кейін шансорғышты желіге қосылған док станциясына қойыңыз, таза су резервуарын толтырыңыз, содан кейін автоматты тазалау түймесін басыңыз. Процесс шамамен 2 минутқа созылады.
Роликті щетка айналмаса, не істеу керек?
Батареяның зарядталғанын, роликтің заттармен немесе шаштармен бітелмегенін және дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Қайта өңдеу үшін батареяны қалай алуға болады?
Батареяның толық зарядсызданғанына көз жеткізіңіз, содан кейін нұсқаулықтағы суреттелген нұсқаулар бойынша оны алыңыз. Батареяны бөлек қайта өңдеу қажет.
Шансорғыш әдеттен тыс дыбыс шығарса, не істеу керек?
Лас су резервуарының толғанын немесе сору тесігінің бітелгенін тексеріңіз. Тиісті элементтерді босатыңыз немесе тазалаңыз.
Шансорғышты кілемдерде қолдануға бола ма?
Құрылғы тек қатты едендерге арналған. Оны кілемдерде немесе төсеніштерде қолданбаңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SFC216100G GORENJE

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SFC216100G - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SFC216100G брендінің GORENJE.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SFC216100G GORENJE

Аспапты қолдану кезінде берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды орындаңыз: Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз. // Алғаш қолданар алдында аспаптың тасымалдау қаптамасын, қорғайтын пленкасын және жапсырмаларын алып тастаңыз. // Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Қолданар алдында аспап бөлшектерін жинаңыз және бекітіңіз. // Аспапты құрғақ жабық ғимараттарда ғана қолданыңыз. // Аспапты өндіруші ұсынған бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Егер аспап құлаған, зақымдалған, ашық ауада сақталған немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз. // Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартады. // Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспап радио кедергілердің рұқсат етілетін деңгейлерін реттейтін электромагнитті өрістер мен нормалар жөніндегі барлық стандарттарға сәйкес келеді. // Аспап балалардың және физикалық немесе психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың қолдануына арналмаған. Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап жұмысы кезінде балаларды қадағалаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. // Балалар сегіз жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Қолданып болған соң, аспапты сөндіріңіз.

Қауіптілік

Аспапты және зарядтау базасын (немесе адаптерді) суға және басқа да сұйықтыққа батырмаңыз, ағын судың астында жумаңыз.

Маңызды ескертулер

Желілік шнуры бар аспапты немесе зарядтау базасын электр желісіне жалғар алдында номиналды кернеудің электр желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Аспап және зарядтау базасы (немесе адаптер, аспабыңыздың моделіне байланысты) бүлінген болса, оларды қолданбаңыз. Зарядтау базасы (немесе адаптер) бүлінген жағдайда аспапты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа бұйымдарды ғана қолданыңыз. Адаптерге трансформатор кірістірілген. Адаптерді ағытып алуға және ауыстыруға тыйым салынады, өйткені бұл қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. Аккумуляторды аспап жиынтығына кіретін адаптердің және зарядтау базасының көмегімен ғана зарядтауға болады. Зарядтау процесінде адаптердің қызуына жол беріледі (егер адаптер жеткізу жиынтығына кіретін болса, моделіне байланысты). Зарядтау кезінде аспапты сөндіріп қойыңыз. Аспапты сүзгілерсіз немесе сүзгілер блогысыз қолдануға тыйым салынады. Ауа шығаруға арналған саңылаулардың аспап жұмысы кезінде бітелмеуін қадағалаңыз. Шаңсорғыш бөлме ішінде жинау мақсатында үйде қолдануға арналған. Сору

қуатын және жинау тиімділігін сақтау үшін соратын саңылаулардың тазалығын қадағалаңыз. Түрбаның саңылауларын шаңнан, шаштан және ауа ағынын бітеуі мүмкін басқа да ластардан жиі тазалап тұрыңыз. Тұғырды немесе зарядтау базасын тазалар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз. Аспапты әлі де суымаған күлді, жоңқаларды, тұқылдарды, сіріңкелерді, сұйықтықтарды (мысалы, кілемдерге арналған көбік), өткір заттарды (жарықшақтарды және т.б.) жинау үшін қолдануға тыйым салынады. Соратын саңылауды өзіңізге жақындатпаңыз. Аспапты құрылыс қоқысын (ұсақ құм, ізбес, цемент) және принтерге арналған тонерді жинау үшін қолданбаңыз, өйткені бұл аспаптың сынуына алып келуі мүмкін.

Ақаулықтарды іздеу және жою

АқаулықЫқтимал себебіЖою
Щетка айналмайды.Аккумулятор разрядтанған.Аккумуляторды зарядтаңыз.
Щетканы ауыр зат қысып қалған немесе щеткаға көп шаш жиналып қалған.Ауыр заттарды және шаштарды алып тастаңыз.
Сорғыдан су берілмейді.Таза суға арналған резервуардағы су таусылған.Таза суға арналған резервуарды толтырыңыз.
Суды бөгде зат блоктап түр.Түтікті ластан тазалаңыз және лас суға арналған бакты тазалаңыз.
Зарядтаудан кейін қолдану уақыты қыска.Зарядтау уақыты жеткіліксіз.Аккумулятор шығын материалы болып табылады. Жаңа аккумуляторды сервис орталығынан ала аласыз.
Аккумулятор өзінің, ресурсін таувісты.

Қоршаған орта

GORENJE SFC216100G - Қоршаған орта - 1

Бұйым тұрмыстық қалдық ретінде жойылмауы тиіс. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн. Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз.

Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде қолданылатын электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату бойынша талаптарды анықтайды.

Кепілдік және сервис

Ақаулар туындаған кезде авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Авторлық сервис орталықтарының тізімін «Кепілді міндеттемелер» кітапшасынан және компания веб-сайтынан таба аласыз.

Ескертпе: Аккумулятор кепілдігі 12 ай.

Тек тұрмыста қолдануға арналған!

Қауіпсіздік мақсатында аспаптың кейбір бөліктері жеке қапталған және негізгі қаптамаға салынған. Алғаш қолданар алдында құрастыру және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулармен мұқият танысып шығыңыз. Алғаш қолданар алдында заттаңбалардың барлығын ақырын алып тастаңыз. Аспап үй жағдайында құрғақ тазалауға және тұрмыстық қолдануға арналған.

GORENJE SFC216100G - Кепілдік және сервис - 1

КОМПОНЕНТТЕР

1 Козғалтқышы бар корпус

2 Can 3 Тазалауға арналған түп және зарядтайтын док-станция 4 Аккумуляторға арналған зарядтау құрылғысы 5 Тазалауға арналған 1-гі 2 щетка

OPHATY

GORENJE SFC216100G - OPHATY - 1

Саптың жоғарғы бөлігін төменгі бөлігіне салу арқылы аспапты құрастырыңыз. // Егер барлығы дұрыс жасалған болса, жеңіл сырт еткен дыбыс естисіз. // Егер сапты ажыратқыңыз келсе, жіңішке құралды артқы бетіндегі саңылауға салыңыз және сапты көтеріңіз.

Док-станцияны суға төзімді жабыны бар еденге орнатыңыз. // Док-станция кез келген жылу көздерінен кемінде 1 метр қашықтықта тұруы тиіс. // Жеткізу жынтығына зарядтау құрылғысы кіреді. // Адаптерді зарядтау тартпасының төменгі бетіндегі саңылауға салу қажет. // Тазалауға арналған щетканы тартпадағы арнайы тағайындалған саңылауларына салу арқылы сақтаңыз.

GORENJE SFC216100G - OPHATY - 2

ҚОЛДАНУ

Шаңсорғыш аспапты зақымдауы мүмкін көбік түзетін жуу құралдарын, әйнекті, күлді, жанып жатқан немесе өткір заттарды жинауға арналмаған. Аспапты көбік түзетін жуу құралымен бірге қолданбаңыз, өйткені бұл шаңсорғышты зақымдауы мүмкін. // Шаңсорғыш еденнің қатты беттерін тазалау үшін қолданылады. // Пішімінің арқасында аспап еденнен 14 см дейінгі биіктіктегі беттерді тазалау үшін қолданыла алады. // Жетек блогының артқы бөлігінде жетек блогының зақымдалуының алдын алатын шағын дөңгелек бар. // Егер шаңсорғыш көлбеу күйде жұмыс жасаса, оның жұмысы баяулайды - бұл бактағы лас судың жетек блогына түсуінің және сәйкесінше аспаптың бұзылуының алдын алады. // Щетканы түрлі беттердің жиектерін тазалау үшін қолдануға болады. // Электрлік жетегі бар щетка тазалауды жеңілдетеді. // Шаңсорғышты құрғақ және дымқыл жинау үшін қолдануға болады. // Жоғарғы контейнер таза суға арналған, лас су және лас тазалау процесінде төменгі контейнерге жиналады. // Егер жұмыс барысында қызыл индикатор жанса, бұл лас суға арналған бактың толып қалғанын, оны босату қажеттігін білдіреді. Егер қызыл индикатор жануын жалғастырса, бұл шығыршыққа қоқыстың тұрып қалғанын немесе щеткаға ауа беру блокталғанын білдіреді. Бұл жағдайда щетканы тазалау қажет. // Аспапты өшірген кезде кейіннен өшіп қалатын ақ индикатор жанады.

  • Шаңсорғышты еденнің кез келген қатты беттерін тазалау үшін қолдануға болады. Бұл жағдайда жоғарғы контейнер бос болуы тиіс. // Сапты өзіңізге қарай бұрыштап қисайтып, қосу/өшіру батырмасын басыңыз. // Шаңсорғыш жұмысы кезінде лас үлкен контейнерге жиналады.
  • Шаңсорғышты құрғақ және дымқыл жинау үшін қолдануға болады. // Жоғарғы резервуар таза суға арналған. // Бактың қақпағын ағытып алыңыз, бөлме температурасындағы суды құйып, қақпақты орнына орнатыңыз. // Сапты бұрыштап қисайтып, қосу/өшіру батырмасын басыңыз. Шаңсорғыш бактағы суды анықтайды және оны шығыршықтарға беруді автоматты түрде бастайды. // Еденді электрлік жетегі бар щеткамен тазалау процесінде лас су мен қоқыс үлкен бакқа жиналады. // Шығыршықтар дымқылданған кезде шаңсорғышты сезімтал жабыны бар еденде қалдырмаңыз.

GORENJE SFC216100G - ҚОЛДАНУ - 1

ЗАРЯДТАУ

Шаңсорғышты док-станцияға орнату кезінде оны зарядтау үшін адаптерді шаңсорғыштың зарядтау құрылғысының кабеліне дұрыс қосыңыз. Щетканың төменгі бетінде саңылау бар, ол арқылы аспап док-станцияға орнатқан кезде автоматты түрде зарядталады. // Шаңсорғышты жылу көздерінен кемінде 1 м қашықтықта зарядтаңыз. // Док-станция мен щетканың төменгі бөлігі арасындағы жанасу аймағының дымқыл еместігіне көз жеткізіңіз. Аккумуляторды зарядтау кезінде алдыңғы индикатор ақ түспен жанады. Зарядтау аяқталғаннан кейін индикатор бір минуттан соң өшеді. // Аккумулятор заряды төмен болған кезде аспапты зарядтау қажеттігі туралы ескертетін ақ индикатор жанады.

GORENJE SFC216100G - ЗАРЯДТАУ - 1

Егер аспапты ауыстыруды қаласаңыз немесе аспап бұдан былай қажет болмаса, қоршаған ортаны қорғау туралы ұмытпауыңызды сұраймыз.

Шаңсорғышты кәдеге жаратпас бұрын аккумулятор батареясын ағытып алу қажет. // Аккумулятор батареясын қауіпсіз алу үшін оның толықтай разрядталғанына көз жеткізіңіз. Егер аспапта алмалы-салмалы аккумулятор батареясы болмаса, суреттеме брошюрада берілген нұсқауларды орындаңыз. // Аккумулятор батареясын кәдеге жарату үшін суреттелген нұсқаулықтарды орындаңыз.

GORENJE SFC216100G - ЗАРЯДТАУ - 2

ПАЙДАЛАНУ

Шаңсорғыш сабында үш функционалдық батырма бар.

  • Қосу/өшіру батырмасы. Шаңсорғышты қосу және өшіру үшін қолданылады.
  • Тазалау жылдамдығының батырмасы ECO (батарея зарядын үнемдеу режимі, бір зарядпен максималды жұмыс жасау уақыты), MAX (бір зарядта орташа жұмыс жасау уақыты).
  • Шығыршықтарды автоматты түрде тазалау батырмасы. Осы батырманы қолдану кезінде шаңсорғыштың док-станцияда тұрғанына және қорек көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз. Егер аккумулятор разрядталған болса, ол ішінара зарядталғанша күту қажет.

Өзін-өзі тазалау функциясы

Жинау аяқталғаннан кейін шаңсорғышты тазалау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз. Таза суға арналған бакты сумен толтыру қажет. // Лас суға арналған ыдысты босатыңыз. // Шаңсорғышты док-станцияға орнатыңыз және аккумулятордың ішінара зарядталғанына және док-станцияның қорек көзіне қосылғанына көз жеткізіңіз. // Саптағы автоматты түрде тазалау батырмасын басыңыз. // Автоматты тазалау процедурасы шамамен екі минутты алады. // Бактағы таза су айналып тұратын шығыршықтарға беріледі және осылайша тазартылады. Щетка үшін пайдаланушыға тазалау алдында артық шашты кесіп тастауға және осылайша аспапты тазалауды жеңілдетуге көмектесетін тарақ қарастырылған.

Бактар мен контейнерлерді тазалау:

Автоматты түрде тазалау аяқталғаннан кейін таза суға арналған бактың қақпағын алып, қалған суды төгу қажет. // Контейнер мен контейнер қақпағын жақсылап кептіріп алыңыз.

Лас суға арналған контейнерді шаңсорғыштан шығарып алыңыз. Үлкен сүзгінің жиектемесін шаң жинағыштан алыңыз да, үлкен сүзгіні ағытып алыңыз. Бөлшектердің барлығын мұқият жуыңыз, өйткені жүйелі емес тазалау кезінде жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Бөлшектердің барлығын толықтай кептіріп алыңыз.

Келесі қолдану алдында бөлшектердің барлығының құрастырылғанына және шаңсорғышқа дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Лас суға арналған бакты алдымен төменгі бөлігіне салу, содан соң жоғарғы бөлігіне бекіту қажет.

Электр жетегі бар щетканы тазалау

Щетканың артқы бетінде батырма бар. Оны басу арқылы шығыршықтың бүйірлік сабын босатыңыз, бұл оны щеткадан қауіпсіз алуға мүмкіндік береді. Кішкене щетканың көмегімен щетканың ішкі бөліктерін тазалай аласыз. Кішкене щетканың сабынан тарту арқылы шығыршыққа тұрып қалған шашты кесіп тастауға арналған шағын құралды алуға болады.

Жоғарғы бөлігінде щетка қақпағы бар, оны екі батырманы бір уақытта басу арқылы ағытып алуға болады. Қақпақты сүртіп, оны сумен шайыңыз.

Шығыршық пен қақпақты келесі қолдану алдында мұқият кептіріп алыңыз.

Шығыршықты кейін қарай щеткаға ақырын орнатыңыз. Егер шығыршық сабы щеткаға итеру кезінде сырт еткен дыбыс шығарса, шығыршықты дұрыс орнатқансыз.

Зарядтайтын док-станция

Док-станцияны суға батырмаңыз, бұл қорек көзін зақымдауы мүмкін. Оны дымқыл матамен сүртіп, содан соң кептіріңіз. Шаңсорғышты зарядтауға арналған ағытпаға қолыңызды тигізбеңіз.

Буклеттің басындағы суреттемелерді қараңыз.

Аспапты жетек блогына лас пен судың түсуінің алдын алатын сүзгісіз қолданбаңыз, әйтпесе шаңсорғыш бүлінуі немесе тіпті істен шығуы мүмкін.

Жүйелі түрде тазалау және дұрыс қолдану аспаптың қызмет ету мерзімін ұзартады.

АкауСебебіШешімі
Аспап зарядталмайды.Аша/розетка қосылысы босағанАдаптер ашасы мен розетканы тексеріңіз.
Дұрыс орналастырылмағанАспапты дұрыс орнатыңыз.
Батарея температурасы өте төмен/жоғарыЗарядтауды бастамас бұрын аккумулятор температурасы қалыпты деңгейге жеткенге дейін күтіңіз.
Қорек тактасы закымдалғанСатудан кейінгі қызмет көрсету бөлімімізге хабарласыңыз.
Аспап жұмыс жасамайды.Аккумулятор разрядтанғанТолықтай зарядтау үшін аспапты док-станцияға орналастырыңыз.
Аспапты вертикаль қуйдеҚосу үшін аспапты қисайтыңыз.
Лас суға арналған бак толып кеткенЛас суға арналған бакты босатыңыз.
Бітеліп қалу салдарынан қызып кетуден қорғаудың іске қосылуыБітеліп қалуды жойып, аспаптың, салқындауын күтіңіз
Сап пен лас суға арналған бак бекітілмегенҚолданбас бұрын дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Тазалау тиімділіпі төмендегенЕденге арналған щеткаға немесе түтікке қоқыстың жиналуыСоратын саңылаудағы/түтіктегі қоқысты алып тастаңыз
Сүзгінің, немесе сүзетін картридждің, бітелуіСүзгіні / сүзетін картриджді тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.
Шығыршықтың, немесе сүзгінің, шектен тыс тозуыШығыршықты немесе сүзетін картриджді ауыстырыңыз.
Қозғалтқыш дыбысы қалыпты емесЛас суға арналған бак толып кеткенЛас суға арналған бакты босатыңыз.
Сору саңылауы бітеліп қалған.Сору саңылауының бітелуін жойыңыз.
Еденге арналған щетка су бермейдіТаза суға арналған бак орнатылмаған.Таза суға арналған бакты тиісті тәсілмен орнатыңыз.
Таза суға арналған бактағы су жеткіліксіз.Бакқа таза суды толтырып күйыңыз.
Лас суға арналған бактың толу индикаторы жанып түр.Лас суға арналған бак толып кеткенЛас суға арналған бакты босатыңыз және тазалаңыз.
Шығыршық айналмайды/бітелу индикаторы жанадыШығыршыққа қоқыс оралып қалған, не болмаса шығыршық, орнатылмағанҚоқысты алып тастаңыз немесе шығыршықты орнына орнатыңыз.
Өзін-өзі тазалау функциясында ақау барЗарядтайтын док-станциямен байланыс нашарАспапты док-станцияға тиісті тәсілмен орналастырыңыз.
Лас суға арналған бак толып кеткен немесе дұрыс орнатылмағанЛас суға арналған бакты тазалаңыз және орнына орнатыңыз.
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : GORENJE

Модель : SFC216100G

Санат : Шаңсорғыш