GPB 18VH-6 SRC Professional - Радио BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GPB 18VH-6 SRC Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GPB 18VH-6 SRC Professional - Радио
📄 261 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GPB 18VH-6 SRC Professional - page 155
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Құрылыс радиосы
Бренд Bosch
Модель GPB 18VH-6 SRC Professional
Салмағы (батареясыз және кабельсіз) 8,4 кг
Желіден қуаттану 220-240 В, 50-60 Гц
Батареядан қуаттану Литий-ионды Bosch 18 В немесе 12 В батареялары (AMPShare серіктестері)
Дыбыс қуаты 2 × 24 Вт (орташа) + 40 Вт (бас)
Радио қабылдау DAB+ (174,928-239,200 МГц) және FM (87,5-108 МГц)
Bluetooth 5.4 нұсқасы
AUX ұясы 3,5 мм
USB порты (сыртқы зарядтау) USB Type-C, 1,5 А
Кіріктірілген батарея зарядтау Bosch 18В/12В батареяларын зарядтайды (макс 2,0 А)
Қорғаныс дәрежесі IP54 (су шашырауынан және шаңнан қорғалған)
Дыбыс функциялары DAB+/FM станциялары, Bluetooth, AUX, Multi-Speaker Stream, 10 жад, тонды реттеу
Экран Көпфункциялы дисплеймен
L-BOXX бекіту Иә (L-BOXX жәшіктерімен үйлесімді)
Жинақтағы керек-жарақ Орнатылатын қақпақ ашқыш
Сақтық батареялары 2 × 1,5 В LR03 (AAA) уақыт жады үшін
Пайдалану температурасы -20-дан +40 °C-қа дейін
Сатудан кейінгі қызмет Франция: 09 70 82 12 26, sav.outillage-electroportatif@fr.bosch.com

Жиі қойылатын сұрақтар - GPB 18VH-6 SRC Professional BOSCH

Радио арқылы батареяны қалай зарядтауға болады?
Радио желіге қосылуы керек. Үйлесімді батареяны (18 В немесе 12 В) арнайы ұяға салыңыз. Радио қосулы болса, зарядтау автоматты түрде басталады. Экран прогресті көрсетеді.
Радионы тек батареясыз желіден пайдалана аламын ба?
Иә, радио желіден жұмыс істейді (220-240 В). Батарея қажет емес, бірақ егер ол болса, ол зарядталады.
Смартфонымды Bluetooth арқылы қалай қосуға болады?
Радиода Bluetooth көзін таңдаңыз. Смартфоныңызда іздеуді бастаңыз: радио 'GPB 18VH-6 SRC xxxx' атауымен көрінеді. Қосылуды растаңыз. Дыбыстық сигнал байланысты растайды.
Радио қабылдау нашар болса не істеу керек?
Жақсырақ қабылдау үшін шыбық антеннаны тартып, тігінен бағыттаңыз. Радионы кедергі көздерінен (қозғалтқыштар, зарядтағыштар) алыс ұстаңыз. Мәзірде станцияларды автоматты іздеуді де іске қосуға болады.
Радионы қалай тазалау керек?
Жұмсақ, ылғалды шүберекті жуғыш затсыз немесе еріткішсіз пайдаланыңыз. Батарея ұясының қақпағы судың немесе шаңның кіруіне жол бермеу үшін жабық күйде қалуын қадағалаңыз.
Тонды алдын ала орнатуды қалай реттеуге болады?
Параметрлер түймесін басып, содан кейін 'Тонды реттеу' таңдаңыз. 'Сыртта', 'Іште', 'Дауыс' алдын ала орнатуларынан таңдаңыз немесе жоғары және төмен жиіліктерді қолмен реттеңіз.
Зарядтау ақауының көрсеткіші нені білдіреді?
Батарея ақаулы, дұрыс салынбаған немесе температура диапазонынан тыс (0-45 °C) болса, қате индикаторы жанады. Контактілердің тазалығын және батареяның үйлесімділігін тексеріңіз. Мәселе шешілмесе, сатудан кейінгі қызметке хабарласыңыз.
Жинақтағы қақпақ ашқышты қалай пайдалануға болады?
Қақпақ ашқышты жинақтағы бұрандалармен радионың артындағы арнайы орынға бекітіңіз. Содан кейін тәж қақпағы бар бөтелкелерді ашуға болады.
Радио USB арқылы сыртқы құрылғыларды зарядтай ала ма?
Иә, үстіндегі USB Type-C ұясы арқылы. Құрылғыңызды (смартфон және т.б.) сәйкес кабельмен қосыңыз. Радио қосулы болуы керек. Максималды зарядтау тогы 1,5 А.
Радионы зауыттық параметрлерге қалай қалпына келтіруге болады?
Параметрлер түймесін басып, 'Құрылғы туралы ақпарат' таңдаңыз, содан кейін 'Зауыттық мәндерге қалпына келтіру'. 'Иә' арқылы растаңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GPB 18VH-6 SRC Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Радио PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GPB 18VH-6 SRC Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GPB 18VH-6 SRC Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GPB 18VH-6 SRC Professional BOSCH

Пайдалану нұсқаулығының

ТҮПНҰСҚАСЫ

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында

қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.

Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.

Өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз

– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

– ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз

- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз

– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз

– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз

Шекті күй белгілері

- ток сымының тозуы немесе зақымдануы

- өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сақтау

  • құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
  • орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз

Тасымалдау

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулары

BOSCH GPB 18VH-6 SRC Professional - Қауіпсіздік нұсқаулары - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

▶ Бұл радио қабылдағыш балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген немесе тәжірибесі мен білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы радио қабылдағышты 8 жастан асқан балалардың және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген, не тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулықсыз және жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттану қаупі туындайды.

▶ Пайдалану, тазалау және техникалық қызмет көрсету кезінде балаларға мұқият болыңыз. Балалардың радио қабылдағышпен ойнамауына көз жеткізіңіз.

Тек Bosch литий-иондық аккумуляторларын немесе AMPShare серіктесі ұсынған аккумуляторларды (минималды қуаты 1,5 А·сағ) зарядтаңыз. Аккумулятор кернеуі радио қабылдағыш аккумуляторының зарядтау кернеуіне сәйкес келуі қажет. Қайта зарядталмайтын аккумуляторларды зарядтамаңыз. Кері жағдайда өрт немесе жарылыс қаупі пайда болады.

Радио қабылдағышты таза ұстаңыз. Құралдың ластануы ток соғу қауіпін тудырады.

▶ Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып кетуі мүмкін. Таза ауа жұтыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. Аккумуляторды тек өндірушінің немесе AMPShare серіктесінің өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады. Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. Әр пайдаланудан бұрын радио қабылдағышты, кабельді және ашаны тексеріңіз. Зақымдар байқалған жағдайда, радио қабылдағышты пайдаланбаңыз. Радио қабылдағыш пен ашаны өз бетіңізбен ашпаңыз және оларды тек білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Зақымдалған радио қабылдағыштар, кабельдер және ашалар электр тогының соғу қаупін арттырады. Желілік аша розеткамен үйлесімді болуы керек. Ашаны ешқандай жолмен өзгертуге болмайды. Ешқандай адаптер ашаларын радио қабылдағыштармен бірге қолданбаңыз. Өзгертілмеген ашаны және жарамды розеткаларды пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді. Радио қабылдағышты тасымалдау, асып қою немесе ашасын розеткадан шығару үшін кабельді

BOSCH GPB 18VH-6 SRC Professional - Қауіпсіздік нұсқаулары - 2

мақсатынан тыс пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір жиектерден немесе құрылғының жылжымалы бөліктерінен алшақ

ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель ток соғу қаупін арттырады.

BOSCH GPB 18VH-6 SRC Professional - Қауіпсіздік нұсқаулары - 3

Желіге қосылған қуат ашасын жаңбырдан немесе ылғалдан алшақ ұстаңыз. Сумен немесе ылғалмен жанасу ток соғу немесе қысқа тұйықталу қаупін арттырады.

Радио қабылдағышты ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда төмен дыбыс деңгейін орнатыңыз. Ұзақ уақыт аралығындағы жоғары дыбыс деңгейі есту қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін.

Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ графикалық белгілер (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз белгісінің/графикалық белгілердің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әрбір қолданысы лицензия бойынша жүзеге асырылады.

Радио қабылдағышты судың тікелей тиюінен қорғаңыз. Радио қабылдағыштың ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады. Аккумулятор бөлімінің қақпағын және жалғағыштар бөлімінің қорғаныш қалпағын мүмкіндігінше жабық ұстаңыз. Жабық қақпақтар радио қабылдағышты су мен шаңнан қорғайды.

Өнім және қуат сипаттамасы

Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.

Мақсаты бойынша пайдалану

Радио қабылдағыш жалғанған немесе Bluetooth® арқылы байланыстырылған қайнар көздерден әртүрлі жиіліктер диапазондарындағы радио бағдарламаларды ойнатуға және аудио сигналдарды ойнатуға арналған.

Радио қабылдағыш қайта зарядталатын Bosch литий-иондық аккумуляторларын немесе AMPShare серіктесінің аккумуляторларын зарядтауға арналған. Алайда сыртқы құрылғыларды USB Output Type-C порты арқылы зарядтауға болады.

Көрсетілген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі радио қабылдағыштың көрсетіліміне қатысты болып келеді.

(1) Тасымалдау тұтқасы (2) Дисплей (3) Динамик (4) L-BOXX құлпы (5) Дыбыс деңгейін реттеу түймесі (6) Бағдарламаны сақтау түймелері (7) Bluetooth® түймесі

(8) ОК түймесі (9) Реттеулер түймесі (10) Алға іздеу түймесі (11) Қосу/өшіру түймесі (12) Артқа іздеу түймесі (13) Аудио көзі түймесі (14) AUX порты (15) Сыртқы құрылғыларға арналған USB Output Type-C порты (16) Қадаулы антенна (17) Аккумулятор бөлімінің қақпағы (18) Аккумулятор бөлімі қақпағының құлыптау иінтірегі (19) Бөтелке ашқыштың бекіткіш бұрандалары (20) Бөтелке ашқыш (21) Жалғағыштар бөлімі (22) 12 В аккумулятор бекіткіші (23) Батарея бөлімінің қақпағы (24) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (25) Аккумулятор a) (26) Аккумуляторды босату түймесі a) (27) Аккумуляторды құлыптан босату тұтқасы (28) 18 В аккумулятор бекіткіші (29) AUX кабелі a)

a) Бұл керек-жарақ стандартты жеткізілім жиынтығына кірмейді.

Индикация элементтері

(a) Дыбысты өшіру индикаторы (b) Кідіріс индикаторы (c) Дыбысты алдын ала реттеу индикаторы (d) Кездейсоқ ойнату көрсеткіші (e) Аудио көзінің индикаторы (f) Multi-Speaker Stream тасымалдау индикаторы (g) Сақтау орнының индикаторы (h) Желі режимінің индикаторы (i) Аккумуляторды зарядтау режимінің қате индикаторы (j) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (k) Күй жолағы (l) Көп функциялы индикатор

Техникалық мәліметтер

Курылыс аландарынаарналған радио қабылдағышGPB 18VH-6 SRC
Өнім нөмірі3 601 DA6 2..
Әр орташа жийікті динамиктегіноминалды куатВт 24
Бас динамигінің номиналды куатыВт 40
DAB+ қабылдау диапазоны МГц 174,928–239,200
UKW қабылдау диапазоны МГц 87,5–108
Bluetooth®
– Уйлесімділігі Bluetooth® 5.4
– Қызметтік жиіліктер диапазоныМГц 2402–2480
– Тарату куаты, макс. мВт 8
Қуатпен жабдықтау
– Желі режимі
▪ Кернеу В 220–240
▪ Жиілік Гц 50–60
▪ Тұтынылатын ток, макс. А 2,5
– АккумуляторGBA 18V.../ProCORE18V....В 18
– Аккумулятор GBA 12V...В 12
Буферлік батареяларВ 2 × 1,5 BLR03 (AAA)
USB Output Type-C портының зарядтау тогы, макс.А 1,5
Литий-иондық аккумулятордың зарядтау тогы, макс.®А 2,0
Литий-иондық аккумулятордың зарядтау кернеуі (кернеуді автоматты түрде анықтау)V= 10,8–18
Салмағы®кг 8,4
Қорғаныс дәрежесі®
Қорғаныс класы
Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы°C 0 ... +35
Зарядтау кезіндегі рүқсат етілген аккумулятор температурасы°C 0 ... +45
Жұмыс істеп түрған кездегі рүқсат етілген қоршаған орта температурасы°C -20 ... +40
Сақтау кезіндегі рүқсат етілген қоршаған орта температурасы°C -20 ... +50
Yesынылатын 18 В аккумуляторлар
18 В аккумуляторлар үшін
Yesынылатын зарядтағыш құрылғылар
Yesынылатын 12 В аккумуляторлар
Кұрылыс аландарына арналған радио қабылдағышGPB 18VH-6 SRC
12 В аккумуляторлар үшін ұсынылатын зарядтағыш құрылғыларGAL 12... GAX 18...

A) температураға және аккумулятор түріне байланысты

B) Желілік қуат сымынсыз, қуат ашасынсыз және аккумуляторсыз салмағы

C) аккумулятор режимінде және аккумулятор бөлімінің қақпағы (17) мен жалғағыштар бөлімі (21) жабық болғанда

Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac.

Радио қабылдағышты электр қуатымен жабдықтау

Радио қабылдағышты қуатпен жабдықтаудың алғышарттары:

  • Желілік қосылым, – 18 В литий-иондық аккумулятор (GBA 18V.../ProCORE18V.... немесе AMPShare серіктесінің 18 В аккумуляторлары), – 12 В литий-иондық аккумуляторы (GBA 12V...). Радио қабылдағыш желілік қосылым арқылы электр желісіне қосылғаннан кейін, аккумулятор салынған болса да, қуатпен жабдықтау желілік қосылым арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда салынған аккумулятор автоматты түрде зарядталады.

Желілік қосылыммен жұмыс істеу

Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі радио қабылдағыштың фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.

Желілік қосылым арқылы жұмыс істеген кезде, дисплейде желі режимінің индикаторы (h) көрсетіледі.

Литий-иондық аккумулятормен (керек-жарақ) пайдалану (А суретін қараңыз)

Bosch компаниясы аккумуляторсыз радио қабылдағыштарды да сатады. Радио қабылдағыштың жеткізілім жиынтығына аккумулятордың кіретін-кірмейтінін қаптамадан анықтауға болады.

▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтағыш құрылғылар радио қабылдағышыңызда пайдаланылатын литий-иондық аккумуляторға сәйкес келеді.

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Аккумулятор бөлімі қақпағының құлыптау ілгерегін (18) ашып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (17) ашыңыз.

Қазақ

18 В аккумуляторлар пайдаланылған кезде, зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне (28) тірелгенше кіргізіңіз. 18 В аккумуляторларды шығарып алу үшін аккумуляторды құлыптан босату түтқасын (27), аккумулятор құлыптан босатылып, сыртқа шығатындай етіп тартыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.

12 В аккумуляторлар пайдаланылған кезде, зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне (22) тірелгенше кіргізіңіз. 12 В аккумуляторларды шығарып алу үшін аккумуляторды құлыптан босату түймелерін (26) басып, аккумуляторды аккумулятор бекіткішінен тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.

Аккумулятор бөлімінің қақпағын (17) жауып құлыптаңыз.

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумулятор салынған кезде, аккумулятордың (25) заряд деңгейін дисплейден (2) анықтауға болады.

18 В аккумулятор радио қабылдағыштан шығарылған болса, заряд деңгейін аккумулятордан да қарап шығуға болады.

Дисплейдегі аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумулятор салынғаннан кейін, аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (j) дисплейде көрсетіледі.

Аккумулятор режимі:

Индикатор Куаты
80-100%
60-80%
40-60%
20-40%
5-20%
0-5%

Желі режимі:

Желі режимінде аккумулятор салынған кезде, ол зарядтала бастайды. Зарядтау процесін аккумулятор заряды деңгейінің индикаторынан (j) анықтауға болады (индикатордағы соңғы жолақ жыпылықтайды).

18 В аккумулятордағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

18 В аккумулятор радио қабылдағыштан шығарылса, заряд деңгейін аккумулятордағы заряд деңгейі индикаторының жасыл түсті жарық диодтары арқылы қарап шығуға болады.

Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған өлшеу немесе түймесін басыңыз.

Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін, ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.

Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.

Уздіксіз жарык 3× жасыл 60–100%
Уздіксіз жарык 2× жасыл 30–60%
Уздіксіз жарык 1× жасыл 5–30%
Жыпылыктайтын жарык 1× жасыл 0–5%
Уздіксіз жарык 5× жасыл 80-100%
Уздіксіз жарык 4× жасыл 60-80%
Уздіксіз жарык 3× жасыл 40-60%
Уздіксіз жарык 2× жасыл 20-40%
Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-20%
Жыпылыктайтын жарык 1× жасыл 0-5%

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Буферлік батареяларды орнату/алмастыру

Радио қабылдағыштағы уақытты жадқа сақтау үшін буферлік батареяларды орнату керек. Ол үшін сілтілі-марганецтік батареялар ұсынылады.

Аккумулятор бөлімі қақпағының құлыптау ілгерегін (18) ашып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (17) ашыңыз.

Қажет болса, аккумуляторды (25) шығарып алыңыз.

Батарея бөлімінің қақпағын (23) ашу үшін ысырманы (24) басып, қақпақты алып тастаңыз.

Жеткізілім жиынтығындағы буферлік батареяларды салыңыз.

Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.

Батарея бөлімінің қақпағын (23) қайтадан орнатыңыз.

"РАДИО ДҰРЫС УАҚЫТТЫ КӨРСЕТПЕГЕНДЕ AAA БАТАРЕЯСЫН АУЫСТЫРЫҢЫЗ": Радио қабылдағышта сағат

сақталмай, индикатор әлсіз көрсетілгенде, буферлік батареяларды алмастырыңыз.

Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және куаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.

▶ Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, буферлік батареяларды радио қабылдағыштан шығарып алыңыз. Радио қабылдағыш ішінде ұзақ уақыт жатқан буферлік батареяларды тот басып, олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.

Монтаждау

Бөтелке ашқышын орнату

Радио қабылдағышқа бөтелке ашқышын (20) орнатуға және оның көмегімен темір тығындары бар бөтелкелерді ашуға болады.

Орнату орнында бар корпус бұрандалардың екеуін де босатыңыз. Бөтелке ашқышын (20) жеткізілім жиынтығындағы бекіткіш бұрандалармен (19) бұрап бекітіңіз (графикалық беттегі суретті қараңыз).

Радио қабылдағышты L-BOXX тетігіне бекіту

L-BOXX тетігін радио қабылдағыш астына бекіту үшін радио қабылдағыштың L-BOXX құлыптарын (4) екі жағынан да L-BOXX тетігіне тіреңіз. Босату үшін екі жақтағы L-BOXX құлыптарын ішке итеріңіз.

Нұсқау: радио қабылдағыш L-BOXX тетігімен бірге көтерілсе, L-BOXX салмағы ең көбі 40 кг құрауы керек.

Аудио режим

Қосу/өшіру

Радио қабылдағышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін (11) басыңыз. Дисплей (2) іске қосылып, радио қабылдағышты соңғы рет өшірген кезде, реттелген аудио көзі ойнатылады.

Радио қабылдағыштың маңызды реттеулері әрқашан дисплейдің күй индикаторында (к) көрсетіледі.

Егер 2 минут ішінде радио қабылдағыштағы ешбір түйме басылмаса, дисплейдің көп функциялы индикаторында (I) тек ағымдағы уақыт көрсетіледі. Кез келген түймені басқаннан кейін, дисплей қайтадан кеңейтілген индикацияны көрсетеді.

Радио қабылдағышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (11) дисплей өшкенше басыңыз. Аудио көзінің ағымдағы реттеуі жадта сақталады.

Радио қабылдағыш мына жағдайларда 20 минуттан кейін автоматты түрде өшіп қалады:

  • Bluetooth® арқылы байланыс орнату мүмкін болмаса,
  • Multi-Speaker Sound арқылы ойнату кезінде ешқандай трансляция табылмаса, – басқа тасығыштар арқылы ешқандай ойнату орындалмаса (немесе ойнату кідіртілген болса).

Дыбыс деңгейін реттеу

Радио қабылдағышты қосқаннан кейін, әрдайым төмен дыбыс деңгейі орнатылады.

Дыбыс деңгейін көтеру үшін дыбыс деңгейін реттеу түймесін (5) сағат тілінің бағытымен, ал дыбыс деңгейін төмендету үшін – сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз. Дыбыс деңгейінің реттеуі бірнеше секундқа дисплейде көрсетіледі.

Дыбысты өшіру үшін дыбыс деңгейін реттеу түймесін (5) қысқаша басуға болады. Дисплейде дыбысты өшіру индикаторы (a) пайда болады.

Дыбысты қайта қосу үшін дыбыс деңгейін реттеу түймесін не қысқаша басыңыз, не айналдырыңыз.

Реттеулерді өзгерту

Радио қабылдағыштың әртүрлі мәзірлері бойынша шарлау:

– Мәзір бойынша айналдыру немесе мәнді (мысалы, дисплей жарықтығы) өзгерту: ОК түймесін (8) басыңыз. – Белгіленген таңдауды (ақ фонда қара) растау: ОК түймесін (8) басыңыз. – Белгіленген ішкі мәзірге ауысу: ОК түймесін (8) басыңыз. – Ішкі мәзірден жоғарғы мәзірге қайтып оралу: <BACK> (Артқа) опциясын таңдап, ОК түймесін (8) басу арқылы растаңыз немесе артқа іздеу түймесін (12) басыңыз. - (Иә) опциясы арқылы процесті бастауға немесе (Жоқ) опциясы арқылы тоқтатуға болады.

Реттеулер туралы қосымша ақпаратты мәзіріне (қараңыз „Реттеулер мәзірі“, Бет 161) арналған тараудан қараңыз.

Мәзір ішінде 10 секунд ішінде ешқандай түйме басылмаса, радио қабылдағыш аудио режиміне қайтады.

Аудио көзін таңдау

Аудио көзін реттеу үшін аудио көзі түймесін (13) басыңыз.

Төмендегі аудио көздері қолжетімді:

  • : DAB+ арқылы сандық радио,
  • : УКХ арқылы аналогтік радио,
  • : Bluetooth® қосылымы арқылы сыртқы аудио көзі (мысалы, смартфон),
  • : Multi-Speaker Stream трансляциясын Bluetooth® қосылымы арқылы ойнату,
  • : жалғағыштар бөліміндегі 3,5 мм порт AUX (14) арқылы сыртқы аудио көзі (мысалы, CD ойнатқышы).

Ағымдағы аудио көзін аудио көзінің индикаторынан (е) анықтауға болады.

Өлшем жарамды болғанда, қосылған құрылғыны (мысалы, смартфон) тасымалдау тұтқасының (1) науасына орналастыруға болады.

160|Қазақ

Нұсқау: тым кішкентай немесе тым үлкен құрылғылар науа ішінен түсіп қалуы мүмкін екендігін ескеріңіз.

DAB+ радио станциясын реттеу/сақтау

опциясын аудио көзі ретінде таңдаңыз.

Колжетімді болса, соңғы реттелген DAB+ станциясы қайта ойнатылады.

Станцияның атауы көп функциялы индикатордың (I) жоғарғы жолағында пайда болады, ал астыңғы жолақта радио станция таратқан контент көрсетіледі.

– Станцияны ауыстыру үшін ОК түймесін (8) бұрап, қажетті станцияны таңдаңыз немесе артқа іздеу түймесін (12) немесе алға іздеу түймесін (10) басыңыз. – Реттелген таратқышты жадқа сақтау үшін қалаулы сақтау орнының бағдарламаны сақтау түймесін (6), сақтау орнының индикаторындағы (g) сақтау орнының нөмірі пайда болғанша, басыңыз. – Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін бағдарламаны сақтау түймелерінің (6) бірін қысқаша басыңыз. Сақтау орнының индикаторында (g) сақтау орнының нөмірі пайда болады.

Егер DAB+ радио станциясы табылмаса, <No DAB+

Station found – Please start AutoScan> индикациясы (DAB+ станциясы табылмады – автоматты іздеуді іске қосыңыз) көп функциялы индикаторда (I) пайда болады.

Бұл жағдайда немесе қабылдау мәселелері туындағанда DAB+ станцияларын іздеу процесін іске қосыңыз:

  • ОК түймесін (8) басыңыз. Болмаса, реттеулер түймесін (9) басуға және (DAB+ автоматты түрде іздеу) тармағын таңдауға да болады. – Дисплейде (DAB+ автоматты түрде іздеу әрекетін бастау керек пе?) көрсетіледі. (Иә) опциясы арқылы іздеу процесін бастауға немесе (Жоқ) опциясы арқылы өзгеріссіз артқа қайтуға болады.
  • Нұсқау: бағдарламаны сақтау түймелері (6) арқылы әлдеқашан сақталған станциялар іздеу кезінде жойылады.

UKW радио таратқышын реттеу/жадқа сақтау

опциясын аудио көзі ретінде таңдаңыз. Соңғы реттелген UKW жиілігі ойнатылады.

Станцияның жиілігі мен атауы көп функциялы индикатордың (I) жоғарғы жолағында пайда болады, ал астыңғы жолақта радио станция таратқан контент көрсетіледі.

– Жиілікті ауыстыру үшін ОК түймесін (8), қалаулы жиілік дисплейде көрсетілгенше бұраңыз. – Жоғарырақ сигнал қуатына ие келесі станцияны іздеу үшін артқа іздеу түймесін (12) немесе алға іздеу түймесін (10) қысқаша басыңыз. Табылған келесі станция дисплейде көрсетіледі және ойнатылады. – Реттелген таратқышты жадқа сақтау үшін қалаулы сақтау орнының бағдарламаны сақтау түймесін (6),

сақтау орнының индикаторындағы (g) сақтау орнының нөмірі пайда болғанша, басыңыз.

- Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін

бағдарламаны сақтау түймелерінің (6) бірін қысқаша басыңыз. Сақтау орнының индикаторында (g) сақтау орнының нөмірі пайда болады.

Радио қабылдағыш орнатылған қадаулы антеннамен (16) бірге жеткізіледі. UKW немесе DAB+ арқылы радио режимінде қадаулы антеннаны ең жақсы қабылдау бағытына бұраңыз.

Жеткілікті сигнал қабылдау мүмкін болмаса, радио қабылдағышты жақсырақ қабылдау мүмкіндігіне ие жерге қойыңыз.

Нұсқау: радио қабылдағышты радио жабдықтардың, радио құрылғылардың немесе басқа электрондық құрылғылардың ортасында және зарядтау режимінде пайдаланған кезде, радио сигналының қабылдануына кедергі жасалуы мүмкін.

Сыртқы аудио көздерін Bluetooth® арқылы ойнату/басқару

опциясын аудио көзі ретінде таңдаңыз. Ол үшін Bluetooth® түймесін (7) де қысқаша басуға болады. – Байланысты жаңадан орнату: сақталған аудио көздері қолжетімсіз болғанда немесе аудио көзінен Bluetooth® арқылы байланыс аяқталып, жаңа аудио көзін іздеу керек болғанда, байланысты іздеу процесін бастаңыз. Ол үшін Bluetooth® түймесін (7) 0,5 с ұзақ басыңыз. Іздеу барысында көп функциялы индикаторда (I) Bluetooth® белгісі жылдам ырғақпен жыпылықтайды. Сыртқы аудио көзі арқылы жаңа байланысты іске қосыңыз. Бұл әрекетті смартфондарда көбінесе Bluetooth® мәзіріндегі реттеулердің ішінде орындауға болады. Радио қабылдағыш GPB 18VH-6 SRC xxxx атауымен қолжетімді қайнар көз ретінде көрсетіледі. Бұл ретте аудио көзінің/смартфонның пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. - Қайта байланыстыру: егер радио қабылдағыш сыртқы аудио көзімен (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы әлдеқашан байланыстырылған болса және бұл аудио көзі қолжетімді болса, онда осы аудио көзімен байланысты автоматты түрде орнатылады. Байланыс орнату барысында көп функциялы индикаторда (I) Bluetooth® белгісі баяу ырғақпен жыпылықтайды. Сақталған аудио көзі қолжетімсіз болса, 2 мин кейін автоматты түрде байланысты іздеу процесі басталады. – Алдыңғы байланысты қайта орнату: радио қабылдағыш Bluetooth® арқылы қосылған соңғы 5 құрылғыны сақтайды. Осы құрылғылармен байланыс орнату үшін ОК түймесін (8) басып, қажетті аудио көзін таңдаңыз.

Нұсқау: жаңа құрылғы қосылса, бірінші болып сақталған құрылғы таңдау тізімінен жойылады.

Байланыс сәтті орнатылғаннан кейін, көтерілуші дыбыстық сигнал беріліп, аудио көзінің (е)

индикаторында белгісі пайда болады. Байланыс үзілсе немесе аяқталса, төмендеуші дыбыстық сигнал беріліп, белгісі өшіп қалады.

Bluetooth® қосылым қорының атауы көп функциялы индикатордың (1) жоғарғы жолағында көрсетіледі. Астыңғы жолақта қосылым қорынан таратылатын мәтін көрсетіледі.

Аудио көзінен ойнатуды бастаңыз. Аудио көзін радио қабылдағыш арқылы да басқаруға болады:

  • Тректі таңдау үшін алға іздеу түймесін (10) немесе артқа іздеу түймесін (12), қалаулы трекке қол жеткізгенше, қысқаша басыңыз.
  • Ойнатуды тоқтату үшін дыбыс деңгейін реттеу түймесін (5) басыңыз. Дисплейде кідіріс индикаторы (b) пайда болады.
  • Ойнатуды жалғастыру үшін дыбыс деңгейін реттеу түймесін (5) қайта басыңыз немесе бұраңыз. – Бір жолақтың ішінде алға немесе кері айналдыру үшін алға іздеу түймесін (10) немесе артқа іздеу түймесін (12), жолақтағы қажетті жерге жеткенше, басып тұрыңыз.

Erep Bluetooth® арқылы жұмыс режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің (6) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған таратқышқа ауысады.

Сыртқы аудио көздерін Multi-Speaker Sound арқылы ойнату/басқару

Multi-Speaker Sound жүйесі Bluetooth® арқылы бірдей стандартқа қолдау көрсететін құрылғылардың (мысалы, GPB 18V-6 C) кез келген санына ағындық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

опциясын аудио көзі ретінде таңдаңыз.

Multi-Speaker Stream қолжетімді болса, осы трансляциямен байланыс автоматты түрде орнатылады. Байланыс орнату барысында көп функциялы индикаторда (I) Multi-Speaker белгісі жыпылықтайды. Байланыс орнатылғанда, аудио көзінің (e) индикаторында белгісі пайда болады.

Аудио көзінен ойнатуды бастаңыз және басқарыңыз. Егер трансляцияны ойнату кезінде бағдарламаны сақтау түймелерінің (6) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио режимінде сақталған станцияға ауысады.

AUX арқылы сыртқы аудио көздерін ойнату (В суретін қараңыз)

Жалғағыштар бөлімінің (21) қорғаныш қалпағын ашып, AUX кабелінің (29) 3,5 мм ашасын AUX ұяшығына (14) енгізіңіз. AUX кабелін тиісті аудио көзіне жалғаңыз.

опциясын аудио көзі ретінде таңдаңыз. Аудио көзінен ойнатуды бастаңыз және басқарыңыз.

Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (21) қорғаныш қалпағын, AUX кабелінің ашасын шығарғанда, қайтадан жауып қойыңыз.

Егер AUX режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің (6) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған таратқышқа ауысады.

Multi-Speaker Sound арқылы ағымдағы ойнатуды көшіру

Аудио көзі Bluetooth® немесе AUX арқылы ойнатылса, бұл ойнату процесін басқа құрылғыларға Multi-Speaker Sound функциясының (мысалы, GPB 18V-6 C) көмегімен көшіруге болады.

- Multi-Speaker Sound арқылы тасымалдауды бастау үшін реттеулер түймесін (9) басып, (Multi-Speaker Stream трансляциясын бастау) опциясын таңдаңыз.

– Дисплейде (Multi-Speaker Stream бастау қажет пе?) көрсетіледі. (Иә) опциясы арқылы трансляцияны бастауға немесе (Жоқ) опциясы арқылы өзгеріссіз артқа қайтуға болады.

Multi-Speaker Stream трансляциясының барысында дисплейде Multi-Speaker Sound тасымалдау индикаторы (f) көрсетіледі.

Ойнатылатын аудио көзі ауыстырылса (мысалы, Bluetooth® түрінен AUX түріне), Multi-Speaker Sound арқылы тасымалдау орындала береді.

- Multi-Speaker Sound арқылы тасымалдауды аяқтау үшін реттеулер түймесін (9) басып, (Multi-Speaker Stream трансляциясын аяқтау) опциясын таңдаңыз.

– Дисплейде (Multi-Speaker Stream аяқтау қажет пе?) көрсетіледі. (Иә) опциясы арқылы трансляцияны аяқтауға немесе (Жоқ) опциясы арқылы өзгеріссіз артқа қайтуға болады.

Реттеулер мәзірі

Реттеулер мәзіріне өту үшін реттеулер түймесін (9) басыңыз.

Реттеулер мәзірінің ішінде күй жолағындағы (к) ағымдағы мәзірдің атауы көп функциялы индикатордағы (л) таңдамалы реттеуді білдіреді.

Мәзір таңдауы радио қабылдағыш орналасқан аудио жұмыс режиміне ішінара тәуелді болады.

Мәзір опциялары:

- ( және аудиокөздерінде) Мәзірден Multi-Speaker Stream трансляциясын бастауға болады.

- (Multi-Speaker Sound арқылы ағымдағы ойнатуды көшіру кезінде) Мәзірден қосылып тұрған Multi-Speaker Stream трансляциясын аяқтауға болады.

  • (<DAB++) аудио көзінде) Мәзірден DAB+ станциясын іздеу процесін бастауға болады.

Дыбыс реттеулерінің мәзірі: төмендегі дыбыстың алдын ала реттеулері арасында таңдауға болады:

  • (Сыртқы диапазон)
  • REQ Indoor> (Ішкі диапазон)
  • EQ Voice> (Тін)
  • опциясы таңдалған кезде, төмендегі ішкі мәзірде биіктікті ( ) пен тереңдікті ( ) қолмен реттеуге болады.
  • Таңдалған дыбыс реттеуі дисплейдегі дыбыс алдын ала реттеуінің индикаторында (с) пайда болады.

-

Уақыт реттеулері мәзірі: 12 сағ <12 Hour Format> және 24 сағ <24 Hour Format> уақыт пішімдерінің арасында таңдауға және уақытты қолмен реттеуге болады ( ). Егер аудио көзі ретінде уақыт деректерін тарататын радио станциясы таңдалған болса, осы уақыт автоматты түрде қабылданады.

-

Дисплей жарықтығы мәзірі: дисплейдің қалаулы жарықтығын реттеуге болады.

-

Құрылғы туралы ақпарат мәзірі: (Нұсқа) ішкі мәзірінде радио қабылдағыштың Bluetooth® атауын және бағдарламалық, пен аппараттық жасақтама нұсқасын қарап шығуға болады.

Reset> (Зауыттық реттеулерге қайтару) мәзірінде барлық мәзір реттеулерін қажетінше бастапқы күйге қайтаруға болады.

Зарядтау режимі

Егер радио қабылдағыш желілік қосылым арқылы электр желісіне қосылған болса (желі режимінің индикаторы (h) күй жолағында жанып тұрады), мына аккумуляторлардың бірін зарядтауға болады: Bosch 18 В литий-иондық аккумуляторы, AMPShare серіктесінің 18 В аккумуляторы немесе Bosch 12 В литий-иондық аккумуляторы.

Аккумулятор радио қабылдағышқа салынған және радио қабылдағыш қосылған кезде, зарядтау процесі автоматты түрде басталады. Аккумулятор зарядталып жатқан кезде, аккумулятор заряды деңгейінің индикаторында (j) соңғы жолақ жыпылықтап тұрады.

Аккумуляторды зарядтау режимінің қате индикаторы (і) жанса, бұл ішкі қатенің орын алғанын білдіреді.

– Аккумулятордың жұмысқа жарамды, толық зарядталған және таза екенін тексеріңіз. – Радио қабылдағыштың желілік ашасын суырып, қайтадан салыңыз.

  • Мәзір реттеулерін (Зауыттық реттеулерге қайтару) арқылы бастапқы күйге қайтарыңыз. – Аккумулятор температурасы 0°C және 45°C аралығындағы зарядтау температурасының диапазонынан тыс болғанда, зарядтау процесі тоқтатылады. – Мәселе шешілмесе, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Нұсқау: литий-иондық аккумуляторларды зарядтау процесі, радио қабылдағыш жоғарырақ дыбыс деңгейінде пайдаланылған және дәл сол уақытта USB порты арқылы сыртқы құрылғы зарядталған кезде де тоқтап қалуы мүмкін. Литий-иондық аккумуляторларды зарядтау процесін бастау үшін не дыбыс деңгейін төмендетіңіз, не USB порты арқылы зарядтауды аяқтаңыз.

Сыртқы құрылғыларды USB порты арқылы зарядтау (В суретін қараңыз)

USB жалғағышының көмегімен электр қуатымен USB арқылы жабдықтауға болатын құрылғыларды (мысалы, әртүрлі мобильді телефондар) зарядтауға болады. Максималды зарядтау тогы 1,5 А құрайды.

Жалғағыштар бөлімінің (21) қорғаныш қалпағын ашыңыз. Сыртқы құрылғыны жарамды кабель арқылы радио қабылдағыштағы сыртқы құрылғыларға арналған шығыс портына (15) жалғаңыз.

Сыртқы құрылғыларды зарядтау мүмкін болуы үшін, радио қабылдағышты қосу керек.

Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (21) қорғаныш қалпағын, зарядтағыш кабельді шығарғанда, қайтадан жауып қойыңыз.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін радио қабылдағышты таза ұстаңыз.

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы

050012

Мұратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз www.bosch-professional.kz ресми сайтынан ала аласыз.

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:

Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.

Үшінші тараптар (мысалы, әуе немесе жүк тасымалдау компаниясы) орауышқа және таңбаламаға қойылатын арнайы талаптарды сақтауы керек. Жіберілетін жүкті дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау сарапшыларымен хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай етіп ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

BOSCH GPB 18VH-6 SRC Professional - Кәдеге жарату - 1

Радио қабылдағыштарды, аккумуляторларды/батареяларды, керек-жарақтар мен орауыштарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеу орнына жіберу қажет.

BOSCH GPB 18VH-6 SRC Professional - Кәдеге жарату - 2

Радио қабылдағыштарды және аккумуляторларды/батареяларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз радио қабылдағыштарды және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.

Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.

Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:

Тасымалдау бөліміндегі, бетіндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 163) сенсорлық пернемен растаңыз.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GPB 18VH-6 SRC Professional

Санат : Радио