UniversalLeafBlower 18V-130 - Батарея BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз UniversalLeafBlower 18V-130 BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Батарея PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз UniversalLeafBlower 18V-130 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. UniversalLeafBlower 18V-130 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ UniversalLeafBlower 18V-130 BOSCH
Қауіпсіздік нұсқаулары Бақ электр бұйымындағы белгілердің
Қауіптер бойынша жалпы нұсқаулар. F 016 L94 665 | (18.09.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 119 Қолдану нұсқаулығын оқыңыз. Жауын жауып тұрғанда қолданбаңыз. САҚТАНДЫРУ: Жан жаққа шашылып қалатын бөлшектерінен сақ болыңыз. САҚТАНДЫРУ: Айналада тұрған адамдарды құрал қолданған жерге жақындатпаңыз. Электр бұйымы іске қосылып тұрғанда қолдарыңыз, аяқтарыңыз немесе кең киімдеріңіздің оның саңылауларына тиіп қалуына жол бермеңіз. Ротациялық ауа үрлегіші. Құрал іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда қолдарыңызбен, аяқтарыңызбен, ұзын шаштарыңызбен немесе кең киіміңізбен құрал саңылауларынан ұзақ ұстап жүріңіз. Көз және құлақты қорғайтын құралдарды киіп жүріңіз. САҚТАНДЫРУ: Құралда күту және жөндеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен құрал аккумуляторын шығарып алыңыз. Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр Bosch Power Tools F 016 L94 665 | (18.09.2023)120 | Қазақ құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе F 016 L94 665 | (18.09.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 121 дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Бақ үрлегіш құралы бойынша қауіпсіздік
u Бақ құралын қолайсыз ауа райы жағдайларында, әсіресе найзағай жақындап келе жатқанда, пайдаланбаңыз. Құралды осындай ауа райы жағдайларында қолданбау найзағай соғу қаупін
u Құлақ қорғау құралын және көзәйнектерін киіп жүріңіз. Лайықты қорғаныш құралдары жарақаттану қаупін төмендетеді. u Бақ құралымен жұмыс істеп жүргеніңізде әрқашан сырғанамайтын және қорғай алатын аяқ киімін киіп жүріңіз. Аяқ киімін кимей немесе ашық сандал аяқ киімін ғана киіп жүргеніңізде бақ құралын қолданбаңыз. Осы нұсқауларды ұстану аяқтардың жарақаттанып қалу қаупін азайтады. u Желдеткіш саңылауларына тартылып қала алатын кең киімдерді немесе шарфтар, баулар, шынжырлар, галстуктар секілді аксессуар бөлшектерін киіп жұмыс істемеңіз. Ұзын шаштарды жауып қойыңыз немесе артқа қарай, олап желдеткіш саңылауларына тартылып қалмайтындай қылып, жинап жүріңіз. Осы аталған заттардың бірі желдеткіш саңылауларын тартылып қалса, бұл жарақаттану қаупін арттыруы мүмкін. u Бақ құралын пайдалану барысында басқа адамдарды бақ құралдан алыс ұстаңыз. Кесілетін өнімдердің жан-жаққа ұшып жатуы жарақаттану қаупін арттыра алуы мүмкін. u Үрлеу саптама шүмегін ешқашан адамдарға, жануарларға немесе терезе қарай бағыттамаңыз. Жапырақ жинау үрлегішін ағаштар, көліктер және қабырғалар секілді қатты заттардың жанында қолданғанда аса абай болыңыз, себебі жан-жаққа үрленіп шашырайтын заттардан олардан кері секіріп кетіп соғуы мүмкін. Жан-жаққа ұшып кететін заттар басқалардың мүлкін зақымдап және жарақаттану қаупін арттыра алуы мүмкін. u Бақ құралын темекі, сіріңке немесе ыстық күл сияқты жанып жатқан немесе түтіндеп жатқан заттарды жинау немесе үрлеп жинау үшін пайдаланбаңыз. Осындай тұтану көздері өрт қаупін арттыруы мүмкін. u Желдеткіш қозғалып тұрған кезде оны ұстамаңыз не түртпеңіз. Бақ құралын өшіріп қойып, үрлегіш толығымен тоқталғанынша дейін күте тұрыңыз. Үрлегішті бұғаттап және бітеп тұратын заттарды алып тастамас бұрын алдымен штепсельдік айырын шығарып қойыңыз. Осының арқасында осы жылжып тұратын бөлшектер арқылы пайда бола алатын жарақаттану қаупі азайтылады. u Құралдың ішінде қыстырылып қалған кесілген заттарды алып тастау алдынан немесе бақ құралында күту жұмыстарын өткізу алдынан алдымен Қосу/Өшіру түймесінің өшіріліп қойылғанына көз жеткізіңіз. Құрал ішінде қысылып қалған заттарды алу барысында немесе құралды күту жұмыстарын өткізу барысында бақ құралдың өз- өзімен іске қосылып кетуі ауыр жарақаттанулар қаупін арттыруы мүмкін. Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Үрлегіш құралын ыстық, жанғыш немесе жарылғыш заттарының жанында үрлемеңіз немесе пайдаланбаңыз. Қар немесе өз-өзімен ұшып кете алатын заттарды үрлегіш құралымен үрлеп тазаламаңыз. Үрлегіш құралын көлік түрлері үшін қозғалтқыш ретінде қолданбаңыз (мысалы, скейтбордтар үшін). u Өшіріп қойылғаннан кейін де бақ құралы бірнеше секунд бойы әлі істеп тұрады (тұрақты ауа ағымы). Бақ құралын қайта іске қосу алдынан алдымен оның қозғалтқышының тоқталыуына дейін күтіңіз. Бақ құралын қайта-қайта өшіріп қоса бермеңіз. u Бұл құрал физикалық, сенсорлық немесе психикалық қабілеттері шектелген, немесе бұл құралды қолдану үшін керекті тәжірибесі және/ немесе білімі болмаған адамдар арқылы (осылардың арасында балалар да) тек өздерінің бақылау астында болып, немесе осы құралды қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен танысқаннан кейін ғана қолданыла алады. Балалардың электр құралымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек. Bosch Power Tools F 016 L94 665 | (18.09.2023)122 | Қазақ u Салқындату саңылауларының барлығын кірден тазалап жүріңіз. u Бұйымды өзгерту бойынша ешбір жұмыстарын өзбасыңызбен өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту жұмыстары бақ электр бұйымыңыздың қауіпсіздігін зақымдап, шуылдар мен вибрациялардың өсіп күшейтілуіне апара алады. u Құралды әрқашан, әсіресе температура деңгейі төмен болған жағдайларда, төменірек жылдамдылық деңгейінен бастай отырып іске
u Тынысқа шаңның тартылып қалуы мүмкін болу себебінен құралды жабық бөлмелер мен ғимараттарды пайдаланбаңыз. u Электр бұйымы үстінен басқа заттарды қоймаңыз.u Үрлеу саптама шүмегін пайдаланған кезде үрленетін заттарды шамадан тыс үрлемеңіз. Аккумуляторды оңтайлы пайдалану бойынша
u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
Акумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауібі бар. u Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз. Жарылу қауібі бар. u Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
Өнім және қуат сипаттамасы Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен сақтандырулардың барлығын оқыңыз. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен сақтандыруларын ұстанбау не орындамау электр соққысына, өрт шығуына және/немесе ауыр жарақаттануға апара алуы мүмкін. Қолдану нұсқаулығының артқы бөлшегінде берілген суреттерге назар аударыңыз. Мақсатты қолданылуы Бақ электр бұйымы жапырақтарды және бақ қалдықтарын, мысалы шөп, бұтақтар мен шыбықтарды, және қарағайдың қылқандарын үрлеп жинау үшін мақсатталған. Үрлеу саптама шүмегін тек қана орташа өлшемді саңылаулары бар үрлемелі секіру алаңдары үшін пайдаланыңыз.
Бейнеленген құрамдас бөлшектер (A суретін
Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде
(1) Ауа ағымының жылдамдығын реттегіш / Қосу/
(3) Бекітпе нүктесі (4) Шүмек үшін ұзартқыш (5)
(6) Үрлеу саптамасы (7) Аккумулятор (8) Аккумуляторды бұғаттан босату түймешігі (9) Қуаттандыру құралы
Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз. Техникалық мәліметтер Жапырақтарды жинайтын батареялы үрлегіш UniversalLeafBlower 18V-130 Өнім нөмірі 3 600 HA0 600 Атаулы кернеуі
В 18 Ауа ағым жылдамдылығы, максималдық
км/сағ 245 Өткізу қабілеті, макс. м
– аккумуляторсыз кг 1,3 F 016 L94 665 | (18.09.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 123 Жапырақтарды жинайтын батареялы үрлегіш UniversalLeafBlower 18V-130 – аккумулятормен кг 1,6 кг (2,5 Асағ) Сериялық нөмірі Электр бұйымының тақташасында қараңыз қуаттандыру кезіндегі ұйғарынды қоршаған орта температурасы °C 0 … +35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C -20 … +50 үйлесімді аккумуляторлар PBA аккумуляторы 18В...Вт- ≥ 1,5 Aсағ ұсынылатын аккумуляторлар PBA аккумуляторы 18В...Вт- ≥ 2,5 Aсағ ұсынылатын қуаттандыру құралдары AL 18…AL18В
пайдаланған аккумуляторға байланысты
<0 °C температураларында қуаты шектелген 1,5-Aсағ аккумуляторын <5⁰C температура деңгейінде пайдаланған жағдайда, жылдамдықты арттырмас бұрын желдеткіш бірнеше минут төмен жылдамдықпен жұмыс істеуі керек. Шуыл және дірілдеу бойынша мәліметтер 3 600 HA0 600 Шуыл эмиссия мәндері IEC 62841-4-6:2022 / EN 50636-2-100:2014 нормасына сай белгіленген Электр бұйымның “A” қылып белгіленген шуыл деңгейі келесілерге сай болады: – Дыбыс қысымы деңгейі дБ(A)
– “K” өлшеу дәлсіздігі дБ = 3
жалпы тербелу мәні (үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі IEC 62841-4-6:2022 / EN 50636-2-100:2014 стандартына сай белгіленген – a
< 2,5 – “K” өлшеу дәлсіздігі м/с
= 1,5 Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәні (мәндері) стандартталған техникалық сынақтар әдісіне сай өлшеніп, электр бұйымдарды салыстыру арқылы басқа құралмен қолдана алынуына көз жеткізіңіз. Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәнін (мәндерін) жүктеменің бастапқы мәнін бағалау үшін де қолдана алынуына назарыңызды аударамыз. Тербеліс және шуыл мәндері мен электр құралдың қолданып жатқан уақытында болған мәндері арасында ауытқу пайда болуы мүмкін, бұл осы құралдың қолдану түрі мен тәсіліне, әсіресе осы құралмен өңделетін өнімдердің түріне байланысты болады; керек болғанда, құрал пайдаланушыны қорғау үшін электр құрал пайдаланып жатқан уақытындағы тербеліс жүктемесін бағалау негізінде қарастырылған, лайықты шараларды белгілеп қолдану лазым (бұл үшін электр құралдың жұмыс циклдарының барлығын ескеріп жүру лазым, мысалы, электр құралдың өшіріліп қойған уақыттары және оның қайта іске қосып бірақ ешбір жүктемесіз тұрған уақыттары). Құрастырып орнатылуы мен
u Назар аударыңыз: Электрбұйымды тазалау және реттеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен электр бұйымды өшіріп, аккумуляторын шығарып
u Жұмыс қауіпсіздігін одан да арттыру үшін, құрал аккумуляторы қос бұғаттау жүйесімен жабдықталған. Аккумуляторды бақ құралының қуат беру жүйесінен ажырату үшін бұғаттан шығару түймесін бір рет басыңыз, бірақ аккумуляторды бақта, құралдың ішінде қалдырып, және бақ құралын іске қоспай отыра тасымалдау үшін, оны екінші бұғатта қалдырыңыз. Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде
Әрекет мақсаты Сурет Бет Сату және жеткізілім көлемі
Шүмекті құрастырып орнату
Bosch Power Tools F 016 L94 665 | (18.09.2023)124 | Қазақ Әрекет мақсаты Сурет Бет Ауа ағымының жылдамдығын реттеу / Қосу/Өшіру
Жұмыс бойынша нұсқау
Үрлеу саптама шүмегі бойынша жұмыс нұсқау
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады. Белгі Мағына Қозғалыс бағыты
CLICK! Естілетін шуылдар Құрамдас бөлшектері Қателерді белгілеу Келесі кестеде қателер мен бөгеттер симптомдары көрсетіліп, электр бұйымыңыз дұрыс істемей қалып тұрғанда осыларды шешу жолдары көрсетіледі. Қателер мен бөгеттерді осы кесте бойынша белгілеп жоя алмасаңыз, техникалық көмек көрсететін лайықты сервис орталығымен хабарласыңыз. Назар аударыңыз: Қателерді белгілеу алдынан алдымен құралды өшіріңіз. Назар аударыңыз: Апаттық жағдай пайда болғанда немесе құрылғы бөлшектері бұзылып қалған жағдайда құралды дереу тоқтатып, аккумуляторын шығарып алыңыз. Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек Бақ электр бұйымы істемей тұр Аккумулятор қуатсызданып қалған Аккумуляторды қуаттандырып алыңыз Аккумулятор дұрыс енгізіліп орнатылмаған Аккумуляторды дұрыс енгізіңіз (C суретін
Аккумулятор тым суық/тым ыстық Аккумуляторды жылытып/суытып алыңыз. Құралды әрқашан төменірек айналымдар сандарын қолдана отырып іске қосыңыз Бақ электр бұйымы ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Бақ электр бұйымы үзілістермен жұмыс
Қосу/өшіру түймешігі бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Ауа ағым жылдамдылығын реттеуіші ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Қатты вибрациялар/
Бақ электр бұйымы бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Жұмыс ұақыты үшін батареяның бір толтыруы жеткіліксіз Аккумулятор ұзақ уақыт бойы қолданбаған немесе тек біраз уақыт бойы ғана қолданған Аккумуляторды толы күйге дейін қуаттандырыңыз Аккумуляторы бос немесе ақау Аккумуляторды алмастырыңыз Бақ электр бұйымы үрлемей тұр Қақпақ бітеліп қалған Қақпақты жапырақтардан тазалаңыз
төменделген Ауа кірісі бұғатталып қалған Ауа кірісін бұғаттаудан босатыңыз Аккумулятор тым суық Құралды әрқашан төменірек айналымдар сандарын қолдана отырып іске қосыңыз Шүмегі орнатыла алынбай тұр Қате түрде құрастырып орнатылуы Шүмекті лайықты дұрыс түрде орнатыңыз (B суретын қараңыз) F 016 L94 665 | (18.09.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 125 Техникалық күтім және қызмет
Күту, тазалау және сақтау u Өнімді тек білікті маманға және түпнұсқа бөліктермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша қауіпсіздіктің сақталуына кепіл беріледі. u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Күту, тазалау және сақтау Құралды сақтауға қою алдынан оны алдымен шүберекпен тазалап алыңыз. Саптаманы тазалағанда және құрастырып орнатқанда құрал қозғалтқышының өшіріліп қойылғанын және аккумуляторының ажыратылып қойылғанын тексеріңіз. Ешқашан еріткіштерді пайдаланбаңыз. Электр бұйымы үстінен ешқашан су шашпаңыз. Электр бұйымын ешқашан суға малмаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Notice-Facile