AdvancedLeafBlower 36V-750 - Демпфер BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз AdvancedLeafBlower 36V-750 BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз үрлегіш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | AdvancedLeafBlower 36V-750 |
| Номиналды кернеу | 36 V |
| Батарея түрі | Литий-ионды GBA 36V (2,0 Ah / 4,0 Ah / 6,0 Ah) |
| Ауа ағынының макс. жылдамдығы | 200 км/сағ |
| Көлемдік шығын макс. | 780 м³/сағ |
| Батареясыз салмағы | 2,8 кг |
| Батареямен салмағы | 3,5–4,1 кг (сыйымдылығына байланысты) |
| Акустикалық қысым деңгейі | 84 дБ(А) |
| Діріл шығару мәні | < 2,5 м/с² |
| Жылдамдық реттегіші | Айнымалы |
| Қосымша саптама кіреді | Иә |
| Сақтау температурасы | -20 °C -тан +60 °C-қа дейін |
| Пайдалану температурасы | 0 °C -тан +40 °C-қа дейін |
| Қауіпсіздік | Батареяны қосарлы құлыптау, артық жүктемеден қорғау |
| Күтім | Саңылауларды жұмсақ щеткамен тазалау |
| Кепілдік | Bosch сатудан кейінгі қызметіне хабарласыңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - AdvancedLeafBlower 36V-750 BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы AdvancedLeafBlower 36V-750 BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Демпфер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз AdvancedLeafBlower 36V-750 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. AdvancedLeafBlower 36V-750 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ AdvancedLeafBlower 36V-750 BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.
Істен шығу себептерінің тізімі
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз
- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық әсер етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді - тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз - Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Бұйымдағы белгілердің мағыналары

Қауіптер бойынша жалпы нұсқаулар.

Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.

Жауын жауып тұрғанда қолданбаңыз.

САҚТАНДЫРУ: Жан-жаққа шашылып қалатын бөлшектерінен сақ болыңыз.

САҚТАНДЫРУ: Айналада тұрған адамдарды құрал қолданған жерге жақындатпаңыз.

Электр бұйымы іске қосылып тұрғанда қолдарыңыз, аяқтарыңыз немесе кең киімдеріңіздің оның саңылауларына тиіп қалуына жол бермеңіз.

Ротациялық ауа үрлегіші. Құрал іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда қолдарыңызбен, аяқтарыңызбен, ұзын шаштарыңызбен немесе кең киіміңізбен
құрал саңылауларынан ұзақ ұстап жүріңіз.

Қорғау құлақшалары мен қорғау көзәйнектерін киіп жүріңіз.

САҚТАНДЫРУ: Құралда күту және жөндеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен құрал аккумуляторын шығарып алыңыз.
Электр құралдар бойынша жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды
оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. ▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық бақылаудың жоғалуына алып келуі мүмкін. Электр бұйымы қолданылып жатқан уақытта оның аймағында 3 метрлік аралық ішінде басқа адамдар немесе жануарлардың болмауы қажет. Лас пен кірді ешқашан құрал айналасында тұрған адамдар бағытына қарай үрлеп шашуға болмайды.
▶ Құралды пайдалану барысында естіле алынбайтын қауіптерді ескере отырып әрекет етіңіз. ▶ Құралды жерге қойғаныңызда оның үстінен сүрініп қалмауыңызға назар аударып жүріңіз. Электр бұйымын қолданушы басқа адамдардың денсаулығына немесе олардың мүлкіне түскен зақымдар немесе пайда болатын апаттар үшін жауапты болады. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарда жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары ток соғу қаупі пайда болады. Электр құралды жаңбырдан, сыздан қорғаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. ▶ Құралды ауа райы нашар болған жағдайларда, әсіресе күн күркірегенде немесе дауыл көтерілгенде пайдаланбаңыз.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды кемейтеді. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Құралды ұстап жүріп жүгірмеңіз. ▶ Құралды әрқашан тек қана жер үстінен тұрып, бел биіктікте пайдаланыңыз. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Өшіру қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Қолтұтқалар мен ұстау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен ұстау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Электр бұйымының үстіне ешқашан су шашпаңыз. Электр бұйымын ешқашан суға малмаңыз. Электр бұйымды тек қана лайықты түрде орнатылып қойылған шүмегімен пайдаланыңыз. Үрлегіш құралымен тек қана бақ қалдықтарын үрлеп тазалаңыз. Үрлегіш құралын ыстық, жанғыш немесе жарылғыш заттардың жанында пайдаланбаңыз немесе осындай заттарды осы құралмен үрлеп тазаламаңыз. Қар немесе өз-өзімен ұшып кете алатын заттарды үрлегіш құралымен үрлеп тазаламаңыз. Үрлегіш құралын көлік түрлері үшін қозғалтқыш ретінде қолданбаңыз (мысалы, скейтбордтар үшін).
Өшіріп қойғаннан кейін де бақ құралы бірнеше секунд бойы әлі істеп тұрады (тұрақты ауа ағымы). Бақ құралын қайта іске қосу алдында оның қозғалтқышының тоқтағанын күтіңіз. Бақ құралын қайта-қайта өшіріп қоса бермеңіз. Бұл құрал физикалық, сенсорлық немесе психикалық қабілеттері шектелген, немесе бұл құралды қолдану үшін қажетті тәжірибесі және/немесе білімі жоқ адамдар (соның ішінде балалар) тек өздерінің бақылауында болып, немесе осы құралды қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен танысып, мүмкін болатын тәуекелдермен танысқаннан кейін ғана қолдана алады. Балалардың электр құралымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүріңіз. Салқындату саңылауларының барлығын кірден тазалап жүріңіз. Бұйымды өзгерту бойынша ешбір жұмыстарды өз бетіңізбен өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту жұмыстары бақ электр бұйымыңыздың қауіпсіздігін зақымдап, шуылдар мен вибрациялардың өсіп күшеюіне апара алады. Құралды әрқашан, әсіресе температура деңгейі төмен болған жағдайларда, төменірек жылдамдық деңгейінен бастап іске қосыңыз. Төмен, суық температура жағдайларында жоғарырақ айналымдар саны таңдалса, құрал осы енгізілген саннан төменірек айналымдар санымен іске қосылып, одан кейін ғана енгізілген айналымдар санына баяу жетуі мүмкін. Электр бұйымының үстіне басқа заттарды қоймаңыз. Тынысқа шаңның тартылып қалуы мүмкін болу себебінен құралды жабық бөлмелер мен ғимараттарда пайдаланбаңыз. Құралда күтілмеген дыбыстар немесе дірілдер, әсіресе желдеткіш жағынан, пайда болған жағдайда құралды техникалық қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.
Қауіпсіздік нұсқаулары мен аккумуляторды оңтайлы түрде пайдалану бойынша нұсқаулар
Аккумуляторды құралға енгізу алдында құрал өшіріліп қойылған қалыпта болғанын тексеріп алыңыз. Аккумуляторды қосылып тұрған бақ электрбұйымына енгізу апаттарға апара алады. Тек қана осы бақ электрбұйымы үшін арналған арнайы Bosch аккумуляторларын қолданыңыз. Басқа түрлі аккумуляторларды қолдану жаралану және өрт қауібіне апара алады. Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.


Аккумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауібі бар.
Колданылмаған аккумуляторды қағаз қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, бұрандалардан немесе контактілерге бөгет ете алатын басқа металл заттардан алыс жерде сақтаңыз. Аккумулятордың контактілері арасындағы қысқа мерзімді тұйықталу себебінен күйіп қалу немесе өрт пайда болуы мүмкін. Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз. Жарылу қаупі бар. ▶ Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдылықтан қорғап жүріңіз. Бұл электр бұйымын температура аумағы -20 °C және 50 °C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Бұл электр бұйымын, мысалы, жазда көлікте қалдырмаңыз. - Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап жүріңіз.
Өнім және қуат сипаттамасы

Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен сақтандырулардың барлығын оқыңыз. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен сақтандыруларын ұстанбау не орындамау
электр соққысына, өрт шығуына және/немесе ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
Қолдану нұсқаулығының артқы бөлігінде берілген суреттерге назар аударыңыз.
Мақсатты қолданылуы
Бұл электр бұйымы жапырақтарды және бақ қалдықтарын, мысалы шөп, бұтақтар мен шыбықтарды, және қарағайдың қылқандарын үрлеп жинау үшін мақсатталған.
Бейнеленген құрамдас бөлшектер (А суретін қараңыз)
Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде беріледі.
(1) Ауа ағым жылдамдылығын реттеуіш (2) Қосқыш/өшіргіш
(3) Аккумуляторды бұғаттан босату түймешігі (4) Аккумулятор (5) Бекітпе нүктесі (6) Шүмек (7) Қуаттандыру құралы a)
(8) Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіш (9) Ауа кірісі (10) Зауыттық тақташасы / Сериялық нөмірі a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Жапырақтарды жинайтын батареялы үрлегіш AdvancedLeafBlower 36V-750 | ||
| Өнім нөмірі | 3 600 НС6 0.. | |
| Атаулы кернеуі A) | В | 36 |
| Ауа ағым жылдамдылығы, максималдық A) | км/сағ 200 | |
| Өткізу қабілеті, макс. м | 3 /сағ 780 | |
| Салмағы "ЕРТА-Procedure 01:2014" A) нормасына сай | ||
| – аккумуляторсыз кг 2,8 | ||
| – аккумулятормен кг 3,5 (2,0 Ah) – 4,0 (4,0 Ah) – 4,1 (6,0 Ah) | ||
| Сериялық нөмірі Электр бұйымының такташасында қараңыз | ||
| сақтау кезі үшін ұсынылатын сыртқы ауа температурасы | °C -20 ... +60 | |
| жұмыс барысындағы ұйғарынды сыртқы ауа температурасы B) | °C 0 ... +40 | |
| Аккумулятор түрі GBA 36V | 2,0 Ah, 4,0 Ah, 6,0 Ah | |
A) пайдаланған аккумуляторға байланысты
B) <0 °C температураларында қуаты шектелген
Шуыл және дірілдеу бойынша мәліметтер
| 3 600 HC6 0.. | ||
| Шуыл эмиссия мәндері EN 50636-2-100 нормасына сай белгіленген | ||
| Электр бұйымның “А” қылып белгіленген шуыл деңгейі келесілерге сай болады: | ||
| – Дыбыс қысымы деңгейі дБ(А) | 84 | |
| – “К” өлшеу дәлсіздігі дБ | = 2,5 | |
| а, жалпы тербелу мәні (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі EN 50636-2-100 стандартына сай белгіленген | ||
| – а, -тербелмелі эмиссия мәні м/с | 2 | < 2,5 |
| – “К” өлшеу дәлсіздігі м/с | 2 | = 1,5 |
Құрастырып орнатылуы мен қолданылуы
Назар аударыңыз: Электрбұйымды тазалау және реттеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен электр бұйымды өшіріп, аккумуляторын шығарып алыңыз. Жұмыс қауіпсіздігін одан да артыру үшін, құрал аккумуляторы қос бұғаттау жүйесімен жабдықталған. Аккумуляторды бақ құралының қуат беру жүйесінен ажырату үшін бұғаттан шығару түймесін бір рет басыңыз, бірақ аккумуляторды бақта,
құралдың ішінде қалдырып, және бақ құралын іске қоспай отыра тасымалдау үшін, оны екінші бұғатта қалдырыңыз.
▶ Құрал жұмысының ең жақсы нәтижелеріне қол жеткізе алу үшін бақ құралдың аккумуляторын толығымен қуаттандырылған түрде қолданыңыз. Аккумулятордың қуаттандырылу күйін аккумулятордағы түймесіне басып және жарық диодтық индикаторы арқылы тексеріп отыруға болады.
Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде беріледі.
Әрекет мақсаты Сурет Бет
| Сату және жеткізу көлемі | A | 152 |
| Шүмекті кұрастырып орнату | B | 152 |
| Аккумуляторды енгізу/ куаттандыру | C | 153 |
| Қосу/өшіру | D | 153 |
| Ауа ағым жылдамдылығын орнатып реттеу | E | 153 |
| Жұмыс бойынша нұсқау | F | 153 |
| Техникалық күтім | G | 154 |
| Құрамдас бөлшектері | H | 154 |
Белгілер
Төмендері белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады.
Белгі Мағына
| Козғалыс бағыты | |
| Іске қосу | |
| Өшіру | |
| сиск | Естілетін шуылдар |
| Құрамдас бөлшектері |
Қателерді белгілеу
Келесі кестеде қателер мен бөгеттер симптомдары көрсетіліп, электр бұйымыңыз дұрыс істемей қалып тұрғанда осыларды шешу жолдары көрсетіледі. Қателер мен бөгеттерді осы кесте бойынша белгілеп жоя алмасаңыз, техникалық көмек көрсететін лайықты сервис орталығымен хабарласыңыз.
Назар аударыңыз: Қателерді белгілеу алдынан алдымен құралды өшіріңіз.
Назар аударыңыз: Апаттық жағдай пайда болғанда немесе құрылғы бөлшектері бұзылып қалған жағдайда құралды дереу тоқтатып, аккумуляторын шығарып алыңыз.
Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек
| Бақ электр бүйымыістемей түр | Аккумулятор құатсызданып қалған Аккумуляторды құаттандырып алыңыз | |
| Аккумулятор дұрыс енгізіліп орнатылмаған | Аккумуляторды дұрыс енгізіңіз (С суретін қараңыз) | |
| Аккумулятор тым суық/тым ыстық Аккумуляторды жылытып/суытып алыңыз.Құралды әрқашан төменірек айналымдар сандарын қолдана отырып іске қосыңыз | ||
| Бақ электр бүйымы ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз | ||
| Бақ электр бүйымыүзілістермен жұмысістеп түр | Қосу/өшіру түймешігі бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз | |
| Ауа ағым жылдамдылығын реттеуіші ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз | ||
| Қатты вибрациялар/шуылдар | Бақ электр бүйымы бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз | |
| Жұмыс ұқыты үшінбатареяның біртолтыруы жеткіліксіз | Аккумулятор ұзак ұқыт бойы қолданбаған немесе тек біраз ұқыт бойы ғана қолданған | Аккумуляторды толы қуйге дейін кұаттандырыңыз |
| Аккумулятор ақаулы Аккумуляторды алмастырыңыз | ||
| Бақ электр бүйымыүрлемей түр | Қақпак бітеліп қалған Қақпақты жапырақтардан тазалаңыз | |
| Ауа ағысытөменделген | Ауа кірісі бұғатталып қалған Ауа кірісін бұғattaудан босатыңыз | |
| Аккумулятор тым суық Құралды әрқашан төменірек айналымдар сандарын қолдана отырып іске қосыңыз | ||
| Шумегі орнатылаалынбай түр | Қате түрде құрастырып орнатылуы | Шумекті лайықты дұрыс түрде орнатыңыз (В суретын қараңыз) |
Техникалық күтім және қызмет көрсету
Күту, тазалау және сақтау
▶ Өнімді тек білікті маманға және түпнұсқа бөлшектермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша қауіпсіздіктің сақталуына кепіл беріледі.
Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:
- Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
- Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы 050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
- біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін
қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
- табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Тасымалдау
Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Электр құралдары, аккумуляторлар, керек-жарақтар мен қаптама материалдары экологиялық тұрғыдан лайықты түрде кәдеге жаратылуы тиіс.

Электр құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды тұрмыстық қалдықтар контейнерлеріне тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша, қолдану үшін жарамсыз электр құралдары және, Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша, зақымдалған немесе тозған аккумуляторлар/батареялар іріктеліп жиналып, экологиялық тұрғыдан лайықты түрде кәдеге жаратылуы тиіс.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 100).