GBL 18V750 Professional - Демпфер BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GBL 18V750 Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GBL 18V750 Professional - Демпфер
📄 186 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GBL 18V750 Professional - page 111
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Құрал түріСымсыз үрлегіш
БрендBosch
МодельGBL 18V750 Professional
Номиналды кернеу18 В
Ауа ағынының макс. жылдамдығы198 км/сағ
Макс. көлемдік шығын780 м³/сағ
Салмағы (батареясыз)2,8 кг
Салмағы (ProCORE 5,5 Ah батареясымен)3,8 кг
Салмағы (ProCORE 8,0 Ah батареясымен)3,8 кг
Салмағы (ProCORE 12,0 Ah батареясымен)4,1 кг
Үйлесімді батареяларGBA 18V..., ProCORE18V... (1,5 Ah, 5,5 Ah, 8,0 Ah, 12 Ah)
Ұсынылатын зарядтағыштарGAL 18..., GAX 18...
Ауа ағыны жылдамдығын реттегішИә (өзгермелі)
Батарея зарядының индикаторыЖШД (батареяда)
Рұқсат етілген жұмыс температурасы-10 °C-тан +40 °C-қа дейін
Зарядтауға ұсынылатын температура0 °C-тан +35 °C-қа дейін
Акустикалық қысым деңгейі82 дБ(А)
Діріл шығару мәні< 2,5 м/с²
Пайдалану мақсатыЖапырақтар мен бақ қалдықтарын үрлеу
Күтім және тазалауДымқыл шүберекпен тазалаңыз, суға батырмаңыз
ҚауіпсіздікКөз және есту қорғанышын киіңіз, қашықтықты сақтаңыз
Сатудан кейінгі қызметBosch : sav.outillage-electroportatif@fr.bosch.com
КепілдікШарттар үшін нұсқаулықты қараңыз

Жиі қойылатын сұрақтар - GBL 18V750 Professional BOSCH

GBL 18V750 үрлегішін қалай іске қосу керек?
Батареяның дұрыс салынғанына және толық зарядталғанына көз жеткізіңіз. Іске қосу үшін Қосу/Өшіру қосқышын басыңыз. Ауа ағынын реттеу үшін жылдамдық реттегішін пайдаланыңыз.
Bosch GBL 18V750-мен қандай батареяны пайдалану керек?
Тек үйлесімді Bosch батареяларын пайдаланыңыз: GBA 18V... немесе ProCORE18V... (1,5 Ah, 5,5 Ah, 8,0 Ah, 12 Ah). Жақсырақ өнімділік үшін Bosch кемінде 3,0 А·сыйымдылықты ұсынады.
Батареяны қалай зарядтау керек?
Сәйкес зарядтағышты пайдаланыңыз (GAL 18... немесе GAX 18...). Зарядтағышты қосып, батареяны салыңыз. ЖШД индикаторы заряд күйін көрсетеді. Толық зарядтау бірнеше сағат алуы мүмкін.
Үрлегіш іске қосылмайды, не істеу керек?
Батареяның зарядталғанын және дұрыс енгізілгенін тексеріңіз. Егер батарея тым ыстық немесе тым суық болса, бөлме температурасына келуін күтіңіз. Егер мәселе шешілмесе, Bosch сатудан кейінгі қызметіне хабарласыңыз.
Үрлегішті қалай тазалау керек?
Тазалау алдында батареяны алыңыз. Беттерді дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Ешқашан еріткіштерді қолданбаңыз немесе құрылғыны суға батырмаңыз. Желдету тесіктерін құрғақ щеткамен үнемі тазалаңыз.
Үрлегішті жаңбыр астында қолдануға бола ма?
Жоқ, құралды жаңбырға немесе шамадан тыс ылғалға ұшыратпаңыз. Құрылғы су өткізбейді және су электр бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін.
Үрлегіш пен батареяны қалай сақтау керек?
Құрылғы мен батареяны құрғақ, аяздан қорғалған жерде, -20 °C пен 50 °C аралығында сақтаңыз. Ұзақ уақыт сақтау үшін батареяны алыңыз. Жазда батареяны автомобильде қалдырудан аулақ болыңыз.
Қалыпсыз шу немесе діріл болған жағдайда не істеу керек?
Құрылғыны дереу тоқтатып, батареяны алыңыз. Саптаманың бітелмегенін тексеріңіз. Егер мәселе шешілмесе, жөндеу үшін Bosch сатудан кейінгі қызметіне хабарласыңыз.
Үрлегіш жөндеуге жарамды ма?
Иә, Bosch сатудан кейінгі қызметті және қосалқы бөлшектерді ұсынады. Бөлшектелген көріністер үшін www.bosch-pt.com сайтына кіріңіз немесе 09 70 82 12 99 (Франция) нөмірі бойынша СҚҚ-ға хабарласыңыз.
Қандай қауіпсіздік қашықтығын сақтау керек?
Пайдалану кезінде балаларды, жануарларды және басқа адамдарды кемінде 3 метр қашықтықта ұстаңыз. Ешқашан адамдарға қарай үрлемеңіз. Көз және есту қорғанышын киіңіз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GBL 18V750 Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Демпфер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GBL 18V750 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GBL 18V750 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GBL 18V750 Professional BOSCH

Пайдалану нұсқаулығының

түпнұсқасы

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған)

істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.

Істен шығу себептерінің тізімі

  • көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

Пайдаланушының мүмкін қателіктері

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

Шекті күй белгілері

– ток сымының тозуы немесе зақымдануы - өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сактау

  • Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
  • Орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз
  • +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.

Тасымалдау

  • Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді
  • Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз
  • Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Бақ электр бұйымындағы белгілердің мағыналары

BOSCH GBL 18V750 Professional - Бақ электр бұйымындағы белгілердің мағыналары - 1

Қауіптер бойынша жалпы нұсқаулар.

112|Қазақ

BOSCH GBL 18V750 Professional - 112|Қазақ - 1

Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.

BOSCH GBL 18V750 Professional - 112|Қазақ - 2

Жауын жауып тұрғанда қолданбаңыз.

BOSCH GBL 18V750 Professional - 112|Қазақ - 3

САҚТАНДЫРУ: Жан жаққа шашылып қалатын бөлшектерінен сақ болыңыз.

BOSCH GBL 18V750 Professional - 112|Қазақ - 4

САҚТАНДЫРУ: Айналада тұрған адамдарды құрал қолданылған жерге жақындатпаңыз.

BOSCH GBL 18V750 Professional - 112|Қазақ - 5

Электр бұйымы іске қосылып тұрғанда қолдарыңыз, аяқтарыңыз немесе кең киімдеріңіздің оның саңылауларына тиіп қалуына жол бермеңіз.

BOSCH GBL 18V750 Professional - 112|Қазақ - 6

Ротациялық ауа үрлегіші. Құрал іске қосылып жұмыс істеп тұрғанда қолдарыңызбен, аяқтарыңызбен, ұзын шаштарыңызбен немесе кең киіміңізбен

құрал саңылауларынан ұзақ ұстап жүріңіз.

BOSCH GBL 18V750 Professional - 112|Қазақ - 7

Көз және құлақты қорғайтын құралдарды киіп жүріңіз.

BOSCH GBL 18V750 Professional - 112|Қазақ - 8

САҚТАНДЫРУ: Құралда күту және жөндеу жұмыстарын өткізу алдынан алдымен құрал аккумуляторын шығарып алыңыз.

Электр құралдар бойынша жалпы қауіпсіздік нұсқаулары

ЕСКЕРТУ

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,

нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік

нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелімен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі

Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. ▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Электр бұйым қолданылып жатқан уақытта оның аймағында 3 метрлік аралық ішінде басқа адамдар немесе жануарлардың болмауы қажет. Лас пен

Кірді ешқашан құрал айналасында тұрған адамдар бағытына қарай үрлеп шашуға болмайды.

▶ Құралды пайдалану барысында естіле алынбайтын қауіптерді ескере отырып әрекет етіңіз. ▶ Құралды жерге қойғаныңызда оның үстінен сүрініп қалмауыңызға назар аударып жүріңіз. Электр бұйым қолданушысы басқа адамдардың денсаулығына немесе осылардың мүлігіне түскен зақымдар немесе пайда болатын апаттар үшін жауапты болады. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.

Электр қауіпсіздігі

Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары ток соғу қауіпі пайда болады. Электр құралды жаңбырдан, сыздан қорғаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қауіпін арттырады. ▶ Құралды ауа райы нашар болған жағдайларда, әсіресе күн күркірегенде немесе дауыл көтерілгенде пайдаланбаңыз.

Жеке қауіпсіздік

Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды кемейтеді. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Құралды ұстап жүріп жүгірмеңіз. ▶ Құралды әрқашан тек қана жер үстінен тұрып, бел биіктікте пайдаланыңыз. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Өшіру қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып-салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.

Электр құралдарын пайдалану және күту

▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. ▶ Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Электр бұйымының үстіне ешқашан су шашпаңыз. Электр бұйымын ешқашан суға малмаңыз. Электр бұйымды тек қана лайықты түрде орнатылып қойылған шұмегімен пайдаланыңыз. ▶ Үрлегіш құралымен тек қана бақ қалдықтарын үрлеп тазалаңыз. Үрлегіш құралын ыстық, жанғыш немесе жарылғыш заттардың жанында пайдаланбаңыз немесе осындай заттарды осы құралмен үрлеп тазаламаңыз. Қар немесе өз-өзімен ұшып кете алатын заттарды үрлегіш құралымен үрлеп тазаламаңыз. Үрлегіш құралын көлік түрлері үшін

қозғалтқыш ретінде қолданбаңыз (мысалы, скейтбордтар үшін).

Өшіріп қойылғаннан кейін де бақ құралы бірнеше секунд бойы әлі істеп тұрады (тұрақты ауа ағымы). Бақ құралын қайта іске қосу алдында алдымен оның қозғалтқышының тоқтағанын күтіңіз. Бақ құралын қайта-қайта өшіріп қоса бермеңіз. Бұл құрал физикалық, сенсорлық немесе психикалық қабілеттері шектелген, немесе бұл құралды қолдану үшін керекті тәжірибесі және/немесе білімі болмаған адамдар (соның ішінде балалар) тек өздерінің бақылауында болып, немесе осы құралды қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен танысып, мүмкін болатын тәуекелдермен танысқаннан кейін ғана қолданыла алады. Балалардың электр құралымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек. ▶ Салқындату саңылауларының барлығын кірден тазалап жүріңіз. Бұйымды өзгерту бойынша ешбір жұмыстарды өз бетіңізбен өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту жұмыстары бақ электр бұйымыңыздың қауіпсіздігін зақымдап, шуылдар мен вибрациялардың өсіп күшеюіне апара алады. ▶ Құралды әрқашан, әсіресе температура деңгейі төмен болған жағдайларда, төменірек жылдамдылық деңгейінен бастай отырып іске қосыңыз. Төмен, суық температура жағдайларында жоғарырақ айналымдар саны таңдалса, құрал осы енгізілген саннан төменірек айналымдар санымен іске қосылып, одан кейін ғана енгізілген айналымдар санына баяу жетуі мүмкін. Электр бұйымы үстіне басқа заттарды қоймаңыз. Тынысқа шаңның тартылып қалуы мүмкін болу себебінен құралды жабық бөлмелер мен ғимараттарда пайдаланбаңыз. ▶ Құралда күтілмеген дыбыстар немесе дірілдер, әсіресе желдеткіш жағынан, пайда болған жағдайда құралды техникалық қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.

Қауіпсіздік нұсқаулары мен аккумуляторды оңтайлы түрде пайдалану бойынша нұсқаулар

Аккумуляторды құралға енгізу алдында құрал өшіріліп қойылған қалыпта болғанын тексеріп алыңыз. Аккумуляторды қосылып тұрған бақ электрбұйымына енгізу апаттарға апара алады. Тек қана осы бақ электрбұйымы үшін арналған арнайы Bosch аккумуляторларын қолданыңыз. Басқа түрлі аккумуляторларды қолдану жаралану және өрт қауібіне апара алады. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.

BOSCH GBL 18V750 Professional - Қауіпсіздік нұсқаулары мен аккумуляторды оңтайлы түрде пайдалану бойынша нұсқаулар - 1

Аккумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.

▶ Куралды пайдаланбаған уақытта аккумуляторды қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, бурандалардан және түйіспелердің тұйықталуына әкелуі мүмкін басқа ұсақ темір заттардан алыс жерде сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. Аккумулятор зақымданған болса немесе дұрыс пайдаланылмаса, бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аймағына таза ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті артық жүктеуден сақтайсыз. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға әкеліп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Аккумулятордың қысқа тұйықталуын болдырмаңыз. Жарылу қаупі бар. ▶ Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдылықтан қорғаңыз. Бақ электр бұйымын температура аумағы -20 °C және 50 °C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Бақ электр бұйымын, мысалы, жазда көлікте қалдырмаңыз. - Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап жүріңіз.

Өнім және қуат сипаттамасы

BOSCH GBL 18V750 Professional - Өнім және қуат сипаттамасы - 1

Қауіпсіздік бойынша нұсқаулар мен сақтандырулардың барлығын оқыңыз. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар мен сақтандыруларды ұстанбау немесе орындамау

электр соққысына, өрт шығуына және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін.

Қолдану нұсқаулығының артқы бөлігінде берілген суреттерге назар аударыңыз.

Мақсатты қолданылуы

Бақ электр бұйымы жапырақтарды және бақ қалдықтарын, мысалы шөп, бұтақтар мен шыбықтарды, және қарағайдың қылқандарын үрлеп жинау үшін мақсатталған.

Бейнеленген құрамдас бөлшектер (А суретін қараңыз)

Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде беріледі.

(1) Ауа ағым жылдамдылығын реттеуіш (2) Қосқыш/өшіргіш (3) Зауыттық тақташасы / Сериялық нөмірі (4) Ауа кіретін тесік (5) Шүмек (6) Бекітпе нүктесі (7) Қуаттандыру құралы a) (8) Аккумулятордың қуаттандырылу күйін көрсеткіш 3) (9) Аккумулятор a)

(10) Аккумуляторды бұғаттан босату түймешігі a)

a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.

Техникалық мәліметтер

Жапырактарды жинайтын батареялы үрлегіш GBL 18V-750
Өнім нөмірі3 600 HD2 000
Атаулы кернеуі A) В18
Ауа ағым жылдамдылығы, максималдық A) км/сағ 198
Өткізу қабілеті, макс. м 3 /сағ 780
Салмағы "EPTA-Procedure 01:2014" A) нормасына сай
– аккумуляторсыз кг 2,8
– аккумулятормен кг 3,8 (ProCORE 5,5 Асағ)- 3,8 (ProCORE 8,0 Асағ)- 4,1 (ProCORE 12,0 Асағ)
Сериялық нөмірі Электр бұйымының тақташасында қараңыз
қуаттандыру кезіндегі үйғарынды қоршаған орта температурасы°C 0 ... +35

Қазақ | 115

Жапырақтарды жинайтын батареялы үрлегіш GBL 18V-750

Жумыс кезіндегі 8) және сақтау кезіндегі рүқсат етілген қоршаған орта температурасы°C -10 ... +40
үйлесімді аккумуляторлар GBA 18V...ProCORE18V..1,5 Ah, 5,5 Ah, 8,0 Ah, 12 Ah
ұсынылатын аккумуляторлар ProCORE18V... 5,5 Асағ
ұсынылатын қуаттандыру құралдары GAL 18...GAX 18...

A) пайдаланған аккумуляторға байланысты

В) <0 °C температураларында қуаты шектелген

Шуыл және дірілдеу бойынша мәліметтер

3 600 HD2 000

Шуыл эмиссия мәндері EN 50636-2-100:2014 нормасына сай белгіленген

Электр бұйымның "А" деп белгіленген шуыл деңгейі келесілерге сай болады:

– Дыбыс крысымы деңгейі дБ(А)82
– “К” олшеу дәлсіздігі дБ= 3,0

ah жалпы тербелу мәні (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі EN 50636-2-100:2014 стандартына сай белгіленген

- a1 -тербелмелі эмиссия мәні м/с2< 2,5
- “K” өлшеу дәлсіздігі м/с2= 1,5

Аккумулятор

Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады.

▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумулятормен сәйкес.

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз.

Bosch компаниясы қуаты кемінде 3,0 Асағ болатын аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.

Аккумуляторды шығару

Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр

куралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.

Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуден қорғайтын 2 құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап тұрады.

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады. Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.

Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.

Уздіксіз жарык 3× жасыл 60–100%
Уздіксіз жарык 2× жасыл 30–60%
Уздіксіз жарык 1× жасыл 5–30%

Жарық диоды, қуаты

Уздіксіз жарык 5× жасыл 80-100%
Уздіксіз жарык 4× жасыл 60-80%
Уздіксіз жарык 3× жасыл 40-60%
Уздіксіз жарык 2× жасыл 20-40%
Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-20%
Жыпылықтайтын жарык 1× жасыл 0-5%

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Құрастырып орнатылуы мен қолданылуы

Назар аударыңыз: Электр құралда реттеу немесе тазалау жұмыстарын өткізу алдынан алдымен электр құралды өшіріп, аккумуляторын шығарып алыңыз. Жұмыс қауіпсіздігін одан да артыру үшін, құрал аккумуляторы қос бұғаттау жүйесімен жабдықталған. Аккумуляторды бас құралының қуат беру жүйесінен ажырату үшін бұғаттан шығару

Түймесін бір рет басыңыз, бірақ аккумуляторды бақта, құралдың ішінде қалдырып, және бақ құралын іске қоспай отырып тасымалдау үшін, оны екінші бұғатта қалдырыңыз.

Құрал жұмысының ең жақсы нәтижелеріне қол жеткізу үшін бақ құралдың аккумуляторын толығымен қуаттандырылған түрде қолданыңыз. Аккумулятордың қуаттандырылу күйін аккумулятордағы түймесін басып және жарық диодтық индикаторы арқылы тексеріп отыруға болады.

Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде беріледі.

Әрекет мақсаты Сурет Бет

Сату және жеткізілім көлеміA181
Шүмекті құрастырып орнатуB181
Аккумуляторды енгізу/қуаттандыруC182
Қосу/өшіруD182
Ауа ағым жылдамдылығынорнатып реттеуE182
Жұмыс бойынша нұсқауF182
Техникалық күтімG183

Белгілер

Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады.

Белгі Мағына

Козғалыс бағыты
Іске қосу
Өшіру
CLICKЕстілетін шуылдар
Құрамдас бөлшектері

Қателерді белгілеу

Келесі кестеде қателер мен бөгеттер симптомдары көрсетіліп, электр бұйымыңыз дұрыс істемей қалып тұрғанда осыларды шешу жолдары көрсетіледі. Қателер мен бөгеттерді осы кесте бойынша белгілеп жоя алмасаңыз, техникалық көмек көрсететін лайықты сервис орталығымен хабарласыңыз.

Назар аударыңыз: Қателерді белгілеу алдынан алдымен құралды өшіріңіз.

Назар аударыңыз: Апаттық жағдай пайда болғанда немесе құрылғы бөлшектері бұзылып қалған жағдайда құралды дереу тоқтатып, аккумуляторын шығарып алыңыз.

Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек

Бақ электр бүйымыістемей түрАккумулятор құатсызданып қалған Аккумуляторды құаттандырып алыңыз
Аккумулятор дұрыс енгізіліп орнатылмағанАккумуляторды дұрыс енгізіңіз (С суретін қараңыз)
Аккумулятор тым суық/тым қызып қалған Аккумуляторды жылытып/суытып алыңыз.Құралды әрқашан төменірек айналымдар сандарын қолдана отырып іске қосыңыз
Бақ электр бүйымы ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Бақ электр бүйымыүзілістермен жұмысістеп түрҚосу/өшіру түймешігі бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Ауа ағым жылдамдылығын реттеуіші ақаулы Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Қатты вибрациялар/шуылдарБақ электр бүйымы бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз
Жұмыс ұқыты үшін батареяның бір толтыруы жеткіліксізАккумулятор ұзақ ұақыт бойы қолданбаған немесе тек біраз ұақыт бойы ғана қолданғанАккумуляторды толы күйге дейін кұаттандырыңыз
Аккумуляторы бос немесе ақау Аккумуляторды алмастырыңыз
Бақ электр бүйымы үрлемей түрҚақпақ бітеліп қалған Қақпақты жапырақтардан тазалаңыз
Ауа ағысы төменделгенАуа кірісі бұғатталып қалған Ауа кірісін бұғattaудан босатыңыз
Аккумулятор тым суық Құралды әрқашан төменірек айналымдар сандарын қолдана отырып іске қосыңыз
Шумегі орнатыла алынбай түрҚате түрде құрастырып орнатылуыШумекті лайықты дұрыс түрде орнатыңыз (В суретын қараңыз)

Техникалық күтім және қызмет көрсету

Күту, тазалау және сақтау

▶ Өнімді тек білікті маманға және түпнұсқа бөліктермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Осылайша қауіпсіздіктің сақталуына кепіл беріледі. Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін.

Күту, тазалау және сақтау

Кір мен ласты ылғал шуберекпен тазалаңыз. Ешқашан еріткіштерді пайдаланбаңыз.

Электр бұйымының үстінен ешқашан су шашпаңыз. Электр бұйымын ешқашан суға малмаңыз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:

www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық

тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы 050012

Муратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау

118 | Română

пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:

  • механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
  • біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.

Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:

  • форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар; – барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.

Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:

  • табифи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар окшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

Тасымалдау

Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.

Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

BOSCH GBL 18V750 Professional - Кәдеге жарату - 1

Электр құралдары, аккумуляторлар, керек-жарақтар мен қаптама материалдары экологиялық тұрғыдан лайықты түрде кәдеге жаратылуы тиіс.

BOSCH GBL 18V750 Professional - Кәдеге жарату - 2

Электр құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды тұрмыстық қалдықтар контейнерлеріне тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша, қолдану үшін жарамсыз электр құралдары және, Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша, зақымдалған немесе тозған аккумуляторлар/батареялар іріктеліп жиналып, экологиялық тұрғыдан лайықты түрде кәдеге жаратылуы тиіс.

Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.

Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:

Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 118).

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GBL 18V750 Professional

Санат : Демпфер