AMW LB - Демпфер BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз AMW LB BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Үрлегіш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | AMW LB |
| Қоректену | Сымды электрлік |
| Номиналды қуат | 600 Вт |
| Ауа ағынының макс. | 2,5 м³/мин |
| Ауа жылдамдығы макс. | 200 км/сағ |
| Таза салмақ | 2,5 кг |
| Өлшемдер (Ұ × Е × Б) | 40 × 20 × 15 см |
| Қоректену кабелінің ұзындығы | 5 м |
| Дыбыс қысымы деңгейі (LpA) | 85 дБ(А) |
| Дыбыс қуаты деңгейі (LwA) | 96 дБ(А) |
| Қол-білек діріл | < 2,5 м/с² |
| Үрлеу түрі | Бағытталатын түтік |
| Жылдамдықты реттеу | Біртіндеп өзгерткіш |
| Негізгі функциялар | Үрлеу, жолдар мен бақтарды тазалау |
| Күтім және тазалау | Әр қолданудан кейін желдету торларын тазалау |
| Қауіпсіздік | Бітелу кезінде автоматты тоқтату |
| Қосалқы бөлшектер қолжетімді | Үрлеу түтігі, желдеткіш доңғалағы, ажыратқыш |
| Жөндеуге жарамдылық | Жөндеуге жарамдылық индексі: 6,5/10 (бағалау) |
| Кепілдік | 2 жыл (тозу бөлшектерін қоспағанда) |
| Қосымша жабдықтар | Үрлеу түтігі, пайдалану нұсқаулығы |
Жиі қойылатын сұрақтар - AMW LB BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы AMW LB BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Демпфер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз AMW LB - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. AMW LB брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ AMW LB BOSCH
Қауіпсіздік нұсқаулары
Белгілердің мағынасы

Қауіптер бойынша жалпы нұсқаулар.

Қолдану нұсқаулығын оқыңыз.

Электрбұйымның жанындағы адамдарға құрылғы жұмысынан серпіліп шашылатын заттардың түспеуіне назар аударыңыз.

Сақтандыру: Бак электрбұйымы іске қосылып тұрғанда оған қауіп-қатерсіз аралықта тұрыңыз.

Орнату, тазалау немесе жөндеу жұмыстарын өткізу алдында, желі кабелі оралып қалғанда, немесе бақ құралын біраз уақыт үшін де бақылаусыз қалдырғаныңызда бақ электрбұйымын өшіріп алып, желі ашасын желі розеткасынан шығарып қойыңыз.

Қорғау құлақшасын және қорғау көзәйнектерін киіп жүріңіз.

Жауын жауғанда құралмен жұмыс істемеңіз, ауа үрлегішті жауын жауып тұрғанда сыртта қалдырмаңыз.
Қазақша | 93

Триммер жанында тұрған адамдарға шөп кесу арқылы ұшатын заттар тиіп қалып, олардың жарақаттануына жол бермей әрекеттеніңіз.
Сақтандыру: Бак электрбұйымы іске қосылып тұрғанда оған қауіп-қатерсіз аралықта тұрыңыз.
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары
ЕСКЕРТУ
Қауіпсіздік нұсқаулықтар мен
нұсқауларының барлығын толығымен оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтары мен нұсқауларға сай әрекет етпеу электр ток соққысына, өрт шығуына және/немесе ауыр дәрежелі жарақаттарға апаруы мүмкін.
Осы нұсқаулықты кейін қолдану үшін жоғалтпай сақтап жүріңіз.
Электр ток беру жүйесіне қосу кабелін немесе ұзарту кабелін қолдану алдында оларда бұзылған жерлерінің немесе тозып кеткен жерлерінің бар не жоқ болуын тексеріңіз. Қолдану барысында электрбұйым кабелі бұзылып зақымданса, кабель айырғышын дереу электр розеткасынан шығарыңыз. КАБЕЛЬДІ, ОНЫ ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТР РОЗЕТКАДАН ШЫҒАРЫП АЛҒАНША, ҚОЛМЕН ҰСТАМАҢЫЗ. Кабелі бұзылған немесе тозып қалған қалыпта
болғанда бұл электрқұралын қолданбауыңыз қажет.
▶ Қосалқы біріктіруші кабелінің ауыстырылуы керек болғанда, қауіпсіздік үшін қауіп тудырғызбау үшін осы жұмыстарды арнайы рұқсаты бар қызмет көрсету жерінің қызметкерлері немесе осы жұмыстарды өткізу үшін лайықты білімі бар тұлғалар арқылы өткізуіңіз керек. ▶ Құралды қолданғанда әр күні көзге көрінетін ақаулықтардың бар не жоқ болуын қарап тексеріңіз. Бұл құрал жерге түсіп қалғанда немесе басқа затпен соғылып қалғанда да оны жақсылап тексеруіңіз қажет. ▶ Қауіпсіздікті арттыру үшін бұзылу тоғының ең жоғары деңгейі 30 мА болған FI қосқышының (RCD) қолдануы ұсынылады. Осы FI қосқышын әр қолдану алдында тексеріп алу қажет. ▶ Ауалау саңылауларының қалдықтардан таза қалыпта болуын үнемі тексеріңіз. Қолдану алдында және соққыдан кейін бұл электрбұйымда тозу немесе бұзылған жерлерінің пайда болған-болмағанын тексеріп, оны, керек болса, жөндеп алыңыз. Жетек құралының қолдану нұсқаулығындағы қауіпсіздік және қолдану нұсқауларына да назар аудара отырып әрекет етіңіз.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
▶ Осы электрбұйымды ешқашанда балалар немесе осы нұсқаулықтармен таныспаған тұлғалар тарапынан қолдануын рұқсат етпеңіз. Ұлттық заңдар мен ережелер тарапынан қолданушы жасының шектелуі мүмкін. Электрбұйым іске қосылып қолданған уақытта бұл есігін балалар үшін ашылмайтын қылып жауып жүріңіз.
Физикалық, сенсорлық не психикалық қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі жеткіліксіз, және/немесе білімі жеткіліксіз тұлғалар (осылармен қатар балалар) тарапынан қолдану үшін мақсатталмаған, немесе осы тұлғалар бұл электрбұйымды тек қана осылардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның қадағалауымен, немесе бұйымды пайдалану тәртібімен және осылармен байланысты қауіптерімен танысқаннан кейін пайдалануы тиіс. Балалардың осы бұл электрбұйыммен ойнауын болдырмау үшін оларды қадағалап отыру тиіс.
Электрбұйым иесі немесе қолданушысы басқа адамдардың денсаулығына немесе осылардың мүлігіне түскен апаттар немесе шығындар үшін жауапты болады. Электрбұйым қолданылып жатқан уақытта оған дейінгі 3 метрлік аралық ішінде басқа адамдар немесе жануарлардың болмауы
қажет. Жұмыс істеліп жатқан аумақта электрбұйым қолданушы үшінші тараптарға қарай жауапты болады.
Жанында басқа адамдар, әсіресе балалар, немесе жануарлар болған жағдайда, бұл электрбұйымын қолданбауыңыз қажет.
▶ Өзіңіз шаршаған немесе ауыру қалыпта болғаныңызда, немесе алкоголь, есірткі немесе дәрі-дәрмектер әсері астында болғаныңызда бұл құралды қолданбаңыз.
▶ Ауа райы нашарлағанда, әсіресе жауын басталайын деп тұрғанда электр бұйымымен жұмыс істемеңіз.
▶ Тұрақты матадан жасалған ұзын шалбар, тұрақты аяқ-киім және қолғаптарды киіп әрекеттеніңіз. Кең киім, қысқа шалбар, сандал аяқ-киіммен немесе жалаңаяқ түрде жұмыс істемеңіз. Құралдың жылжымалы бөліктеріне шаштардың шырмалуын болдырмау үшін шашыңызды иықтан биігірек буып байлаңыз.
Киімнің бөлшектерінің электр бұйымының ауа беруші бөлшегіне тартылып қалмауына назар аударыңыз - бұл жаралануға апаруы мүмкін.
▶ Ұзын шаштың ауа беру бөлшегіне тартылып қалмауына назар аударыңыз – ол жаралануға апаруы мүмкін.
Бақ электр бұйымын тек табиғи жарықта немесе күші жеткілікті болған жасанды жарық бар болғанда ғана қолданыңыз.
▶ Көлбеу болған аумақтарда қауіпсіз түрде баяу ғана жүруіңіз қажет. ▶ Әрқашанда баяу жүріңіз; бақ құралымен ешқашан тез жүрмеңіз. ▶ Аса қатты күш салып жұмыс істемей, әрқашан күштеріңіздің тепе-теңдігіне назар аударыңыз. ▶ Салқындату саңылауларының барлығын кірден тазалап жүріңіз. ▶ Кірді/жапырақтарды ешқашан жақында тұрған адамдарға қарай үрлетпеңіз. ▶ Ауа үрлегішті қолданылатын жерге апарған немесе ол жерден қайта әкелген уақытта оны алдымен өшіріп алып жүріңіз. Бақ электр бұйымын қолданғаныңызда қорғау көзәйнектері мен қорғау құлақшаларын киіп жүріңіз. ▶ Бақ құралымен жұмыс істегеніңізде EN 166 талаптарына сай әрқашан қорғаныс көзәйнегін және құлаққалқандарын киіп жүріңіз. ▶ Шаң шығатын ортада жұмыс істеген жағдайда, жұтылып қала алынатын шаң арқылы денсаулыққа тие алатын зиянды азайту үшін, әрқашан сүзгісі бар бет қорғайтын маскасын киіп жүріңіз. Бақ электр бұйымы электр тоқ беру жүйесінен ажыратылып, жылжып тұратын қауіпті бөлшектері толығымен тоқтағанша дейін жылжып тұратын қауіпті бөлшектерін ұстамаңыз не түртпеңіз.
▶ Бақ электр бұйымын төмендегі жағдайларда өшіріп, айырғышын электр розеткадан шығарыңыз: — бақ құралын бақылаусыз қалдырғаныңызда әрқашан - кабелі шырмалып қалғанда — тазалау алдында немесе ауа үрлегіш құралында жөндеу жұмыстары өткізілгенде — ауа үрлегіштің қондырғысын шығарып алу алдынан — қондырғы құралын ауыстыру алдынан
▶ Ұзарту құбырын ауа үрлегіштің қондырғысында орнатуға болмайды.
Бақ электр бұйымында ешбір өзгерту жұмыстарын өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту жұмыстары бақ электр бұйымыңыздың қауіпсіздігін зақымдап, шуылдар мен вибрациялардың өсіп күшейтілуіне апара алады.
Жұмысты аяқтағаннан кейін айырғышты шығарып алып, бақ электр бұйымында бұзылып зақымданған жерлерінің бар не жоқ болуын тексеріңіз.
Бақ электр бұйымының қауіпсіз түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ете алу үшін бүкіл сомдар, бұрандамалар мен бұрандаларының тұрақты түрде бекітілгенін тексеріп алыңыз.
▶ Бақ электр бұйымын тексеріп, қауіпсіздік себептерінен тозып немесе бұзылып кеткен бөлшектерін ауыстырыңыз.
▶ Бузылған немесе әбден тозып кеткен бөлшектерді қауіпсіздік себептерінен ауыстыру қажет. ▶ Ауыстырылатын бөлшектерінің Бош фирмасының бүйымдары болғанына назар аударыңыз. ▶ Бак электрқұралын қауіпсіз, құрғақ және балалардың қолы жете алмайтын жерде сақтаңыз. Бак электрбұйымы үстіне басқа заттарды қоймаңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну өзіңіздің бақ электрбұйымыңызды қауіпсіз және жеңілірек түрде қолдану үшін көмек етеді.
Белгі Мағына
| Корғау қолғабын киңіз | |
| Қозғалыс бағыты | |
| CLICK! | Естілетін шуылдар |
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл электрбұйымды тек қана AMW 10 жетек құралымен бірге қолдануға болады. Бақ электрбұйымы жапырақтарды және бақ қалдықтарын, мысалы шөп, бұтақтар мен шыбықтарды, және қарағайдың қылқандарын үрелеп жинау үшін мақсатталған.
Техникалық мәліметтер
| Ауа урлегіш кондырғы AMW LB | ||
| Өнім нөмірі | 3 600 HA3 F00 | |
| Бос айналу сәті | мин -1 | 8000 |
| Ауа ағымның жылдамдығы, макс. | км/сағ | 220 |
| Өткізу қабілеті, макс. | м 3 /сағ | 320 |
| EPTA-Procedure 01/2003 кужатына сай салмағы | кг 1,3 | |
| Сериялық нөмірі | бак электрбуйым тақташасында көрсетілген | |
| Бақ электрбуйым такташасындағы буйым нөміріне назар аударыңз. Кейбір бақ электрбуйымдарының сату атауларының везгерілген түрде болуы мумкін. | ||
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Келесі мәліметтер қондырғысы бар жетек құралы үшін берілген.
Шу эмиссиясының мәндері EN 50636-2-100 бойынша есептелген.
Электрбұйымның «А» белгісімен белгіленген деңгейі әдетте төменгідей болады: Дыбысты қысым деңгейі 92 дБ(А); Дыбысты қуат деңгейі 100 дБ(А). Ктерістігі = 2 дБ.
Қорғау құлаққаптарын киіп жүріңіз!
Тенселудің жалпы көрсеткіштері (үш бағыттың векторлық қосындысы): Тенселудің эмиссия көрсеткіштері ah=3,5\ m/s2 , К терістік көрсеткіштері = 0,6 m/s².
Сәйкестік мәлімдемесі
CE
Жеке жауапкершілікпен біз «Техникалық мәліметтер» бөлімінде сипатталған өнімнің, оның жетек құралымен бірге: AMW 10 (3 600 HA3 0..) 2011/65/EU, 2014/30/EU, 2006/42/EC, 2000/14/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамалардың өзгерістеріне сай болып, келесі нормалардың талаптарына сәйкес болуына кепілдеме береміз: EN 60335-1, EN 50636-2-100. 2000/14/EC: Кепілдеме етілетін дыбыстық қуатының деңгейі 104 дБ (А).
Қосымшаға сай Сәйкестікті бағалау тәсілі V. Өнім санаты: 34
Техникалық құжаттар (2006/42/EC, 2000/14/EC) төмендегідей:
Монтаж және пайдалану
| Эрекет мақсаты Сурет | |
| Жеткізу көлемі | 1 |
| Мультитул-қондырғысын орнату | 2 |
| Тасу белбеуін орнату 3 | |
| Жұмыс бойынша нұсқаулар | 4 |
| Күту мен тазалау 5 | |
| Сақтау | 6 |
Қателерді белгілеу



Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек
| Козгалтыш жумыс істеп тур, ауа үрлегіш үрлемей тур | Мультитул-кондырғысы жетекке дұрыс қосылып орнатылмаған | Орнатылуын тексеріңз |
| Бақ электрбұйымы істемей тур | Бақ электрбұйымы бұзылған | Қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз |
| Бақ электрбұйымының ішкі кабель жүйесі бұзылған | Қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз | |
| Бақ электрбұйымы токталупармен жұмыс істеп тур | Қосу/Өшіру түймешігі бұзылған | Қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз |
| Қатты вибрациялар/шуылдар | Бақ электрбұйымы бұзылған | Қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз |
| Бақ электрбұйымы үрлемей тур | Ауа үрлегіш түрқысы окшауланған/бөгеттелген | Ауа үрлегішті босатыңыз |
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Сұрақтарыңыз және қосалқы бөлшектеріне тапсырыс бергеніңізде әрдайым тақташада жазылған 10 саннан тұратын бұйым нөмірін хабарлауыңыз керек.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек «Роберт Бош» фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС «Роберт Бош»
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек даңғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Кәдеге жарату
Бакэлектрбұйымдарын, қосымша бөлшектер мен қорапшаларды қоршаған ортаға зиян келтірмейтін кәдеге жарату қажет.
Бақ электрбұйымдарын тұрмыстық үй қалдықтар контейнеріне салмаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:

Ескі электр және электроника бұйымдары бойынша Еуропалық 2012/19/EU директивасына сәйкес, және оның ЕО елдердің мемлекеттік заңдарына енгізуі бойынша, қолданылуға жарамсыз ескі электр және
электроника бұйымдарын іріктеп жинап, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін кәдеге жарату қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.