GAS 18V10 L Professional - Шаңсорғыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GAS 18V10 L Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GAS 18V10 L Professional - Шаңсорғыш
📄 227 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GAS 18V10 L Professional - page 135
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Бренд Bosch
Модель GAS 18V10 L Professional
Санат Сымсыз су және шаң сорғыш
Қуат түрі Литий-ионды батарея 18 В
Тұтынылатын қуат 260 Вт
Кернеу 18 В
Ыдыстың жалпы сыйымдылығы 10 л
Таза сыйымдылық (сұйықтықтар) 6 л
Максималды сиретілу (сорғыш) 90 гПа
Максималды сиретілу (турбина) 115 гПа
Максималды шығын (сорғыш) 24 л/с (86 м³/сағ)
Максималды шығын (турбина) 34 л/с (122 м³/сағ)
Бір зарядтауға арналған автономия Батареяға байланысты өзгереді (мысалы, 4 мин/Ач)
Сүзу класы L (IEC/EN 60335-2-69)
Қорғау дәрежесі IPX4
Шу деңгейі 79 дБ(А)
Салмақ (EPTA бойынша) 5,1–6,1 кг (аккумуляторға байланысты)
Пайдалану температурасы -20-дан +50 °C-қа дейін
Ұсынылатын зарядтау температурасы 0-ден +35 °C-қа дейін
Үйлесімді батареялар GBA 18V... / ProCORE18V...
Үйлесімді зарядтағыштар GAL 18... / GAX 18... / GAL 36...
Негізгі функциялар Құрғақ сору, сұйықтықтарды сору, үрлеу
Сүзу жүйесі Сөмкесіз, Rotational Airflow
Жиынтықтағы керек-жарақтар Иілгіш шланг, адаптер, бұрышты сорғыш, тік сорғыш, еден сорғыш, сору түтігі
Күтім және тазалау Сүзгі мен резервуарды үнемі тазалаңыз

Жиі қойылатын сұрақтар - GAS 18V10 L Professional BOSCH

GAS 18V10 L сорғышын қалай қосу керек?
Қосу/Өшіру түймесіне (3) қысқаша басыңыз. Тоқтату үшін қайта басыңыз. Түйме 5 секундтан артық ұсталса, сорғыш іске қосылмайды.
Бұл сорғышпен қандай батареяларды қолдануға болады?
Bosch компаниясының GBA 18V... немесе ProCORE18V... аккумуляторларын қолданыңыз. Үйлесімді зарядтағыштар: GAL 18..., GAX 18... және GAL 36...
Осы сорғышпен сұйықтықтарды соруға бола ма?
Иә, сорғыш жанбайтын сұйықтықтарды соруға арналған. Алдымен ыдысты босатыңыз және сүзгіні тазалаңыз. Максималды деңгейге жеткенде қалтқы арқылы құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Сүзгіні қалай тазалау немесе ауыстыру керек?
Бекіткіштерді (2) ашыңыз, жоғарғы бөлігін алыңыз, сүзгіні (33) тоқтағанша бұрап, шығарыңыз. Оны қағыңыз немесе таза сумен шайыңыз, содан кейін қайта орнатпас бұрын толық кептіріңіз.
Сорғыш қуаты төмендесе не істеу керек?
Ыдыстың (1) толы емес екенін және сүзгінің (33) ластанбағанын тексеріңіз. Резервуар мен сүзгіні тазалаңыз. Мәселе сақталса, батареяны зарядтаңыз немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қолданғаннан кейін сорғышты қалай сақтау керек?
Түтіктерді бекіткіштерге (25) салыңыз, иілгіш шлангты тірекке (27) ораңыз және ілмекті (36) бекітіңіз. Сорғышты тұтқадан (6) немесе белдіктен ұстап көтеріңіз. Құрғақ жерде сақтаңыз.
Сорғышты сүзгісіз пайдалануға бола ма?
Жоқ, сорғышты сүзгісіз (33) пайдалануға болмайды. Әр қолданар алдында оның жақсы күйде екенін тексеріңіз.
ProCORE18V 12 Ah аккумуляторы үшін батарея бөлігінің қақпағын қалай ауыстыру керек?
Бұрандаларды (22) бұрап алыңыз, қақпақты (12) алыңыз және жиынтықтағы мөлдір қақпақты (23) орнатыңыз. Бекіту тірегін төмен итеріп орнатыңыз.
Қандай маңызды қауіпсіздік ережелері бар?
Асбест немесе бук шаңы сияқты қауіпті шаңдарды сормаңыз. Күтім кезінде қорғаныс құралдарын киіңіз. Құрылғыға су бағыттамаңыз және тек ұсынылған батареяларды пайдаланыңыз.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін оған қалай күтім жасау керек?
Аккумуляторды ылғалдан қорғаңыз және -20-дан 50 °C дейінгі температурада сақтаңыз. Желдету саңылауларын құрғақ щеткамен тазалаңыз. Автономия айтарлықтай төмендесе, аккумуляторды ауыстырыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GAS 18V10 L Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GAS 18V10 L Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GAS 18V10 L Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GAS 18V10 L Professional BOSCH

Пайдалану нұсқаулығының

ТҮПНҰСҚАСЫ

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында

қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.

Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.

Өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпараты өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз

- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз - көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз

Шекті күй белгілері

– ток сымының тозуы немесе зақымдануы

- өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сақтау

  • Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
  • Орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз

Тасымалдау

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. - тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.

Сорғыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары

BOSCH GAS 18V10 L Professional - Сорғыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт

және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

▶ Бұл шаңсорғыш балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген, тәжірибесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар қауіпі пайда болады.

▶ Балаларға абай болыңыз. Балалардың шаңсорғышпен ойнамауына көз жеткізіңіз. ▶ Сорылатын заттек бойынша қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін сақтаңыз. Шамшат/емен ағашының шақын немесе асбесті сормаңыз. Тас шақын тек GAS 18V-10 L бірге (Bosch ұсынған) пайдалануға мақұлданған сору жүйелерімен бірге соруға болады. Бұл заттектер канцерогенді болып табылады.

ЕСКЕРТУ

Шаңсорғышты пайдалану, соратын заттектер мен оларды

дұрыс жою туралы қажетті ақпаратты алғаннан соң ғана шаңсорғышты пайдаланыңыз. Нұсқаулықтарды дәл орындау орынсыз пайдалану мен жарақаттануларды азайтады.

Шаңсорғыш құрғақ заттектерді және тиісті шаралар арқылы

сұйықтықтарды да соруға арналған. Сұйықтықтар тиюі ток соғу қаупін арттырады.

▶ Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер сияқты жанғыш немесе жарылғыш сұйықтықтарды соруға болмайды. Сондай-ақ, жанып тұрған немесе жарылғыш шанды соруға болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.

Көбік немесе су шықса шаңсорғышты бірден өшіріп,

контейнерін тазалаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш зақымдануы мүмкін.

▶ НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Шаңсорғышты тек ішкі бөлмелерде сақтау қажет. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Калтқыны жүйелі түрде тазалап, оның зақымдалмағанын тексеріңіз. Кері жағдайда шаңсорғыш дұрыс істемеуі мүмкін. Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. ▶ Шаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш қауіпсіздігін сақтайсыз.

Сорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шанды жұтады.

Босату және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін, соның ішінде шаң жинағыш контейнерді тазалау бойынша жұмыстарды мамандандырылған кәсіпорындарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті қорғаныс жабдығы қажет болады. Сорғышты толық және мұқият енгізілген сүзгі жүйесінсіз пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.

▶ Пайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін

сорғыш шлангі шаңсорғышқа қосулы тұрсын. Шанды жұтып жіберу мүмкін.

  • Шаңсорғышты тікелей бағытталған су ағынымен тазаламаңыз. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінің ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.

BOSCH GAS 18V10 L Professional - ЕСКЕРТУ - 1

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.

Сорғышты иық белдігінен ұстаған кезде пайдаланбаңыз. Сору кезінде иық белдігіне шырмалып қалып, құлауыңыз мүмкін. ▶ Иық белдігін тек қана сорғышпен бірге пайдаланыңыз.

Белгілер

Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

BOSCH GAS 18V10 L Professional - Белгілер мен олардың мағынасы - 1

BOSCH GAS 18V10 L Professional - Белгілер мен олардың мағынасы - 2

ЕСКЕРТУ! Барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді оқып шығыңыз.

Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін.

BOSCH GAS 18V10 L Professional - Белгілер мен олардың мағынасы - 3

IEC/EN 60335-2-69 бойынша L класындағы шектік мәні > 1 мг/м³ болған денсаулыққа зиянды шаңды құрғақ соруға арналған сорғыш

BOSCH GAS 18V10 L Professional - Белгілер мен олардың мағынасы - 4

ЕСКЕРТУ! Сорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шаңды жұтады. Босату және техникалық қызмет көрсету әрекеттерін, соның ішінде шаң жинағыш контейнерді тазалау бойынша жұмыстарды мамандандырылған кәсіпорындарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті қорғаныс жабдығы қажет болады. Сорғышты толық және мұқият енгізілген сүзгі жүйесінсіз пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.

Өнім және қуат сипаттамасы

Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Сорғыш тұтанбайтын құрғақ шаңды, тұтанбайтын сұйықтықтарды және су мен ауа қоспасын жинау, сору, тасымалдау және ажыратуға арналған. Сорғыштың шаң тудыру қабілеті тексеріліп, ол L шаң класына сәйкес келеді. Ол кәсіпорындарда, мысалы, шеберханаларда, өнеркәсіпте және зауыттарда пайдалануға қойылатын аса жоғары талаптарға сай келеді.

IEC/EN 60335-2-69 стандарты бойынша L шаң класындағы сорғыштарды тек жарылыстың шектік мәні

1 мг/м³ болған жағдайда денсаулыққа зиянды шаңды сору үшін пайдалануға болады.

Шаңсорғышты тек барлық қызметтерді толық бағалап, шектеусіз орындай алатын болғанда немесе тиісті нұсқаулықтарды алғаннан соң пайдалану керек.

Айналмалы ауа ағыны

Қапсыз сүзгі жүйесі шаң қаптарын пайдаланудан сақтайды. Лас контейнердің ішкі қабырғасында жиналады.

Көрсетілген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдас бөліктердің нөмірлері суреттері бар беттердегі шаңсорғыштың сипаттамасына негізделген.

(1) Контейнер

(2) Сорғыштың жоғарғы бөлігіне арналған құлып

(3) Қосу/өшіру түймесі

(4) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

(5) Сорғыштың жоғарғы бөлігі

(6) Тасымалдау тұтқасы

(7) Сорғыш шланг/еден қондырмасы ұстағышының бекіткіші

(8) Шланг бекіткіші

(9) Бекіткіш осьтер

(10) Сорғыш құбыр/саңылау қондырмасы ұстағышының бекіткіші

(11) Аккумулятор бөлімінің қақпағын құлыптан босату түймесі

(12) Аккумулятор бөлімінің қақпағы

(13) Сорғыш шланг

(14) Сору адаптері

(15) Кисайған кондырма

(16) Саңылау кондырмасы

(17) Еден кондырмасы

(18) Сорғыш кұбыр

(19) Аккумулятор бөлімі

(22) Бекіткіш бурандалар

(23) Калка

(24) Аккумулятор бөлімі қақпағының ұстағышы

(25) Сорғыш құбыр мен саңылау қондырмасының ұстағышы

(26) Ұстағышқа (27) арналған бекіткіш бұранда

(27) Сорғыш шланг пен еден қондырмасының ұстағышы

(28) Батырма

(29) Иық белдігі a)

(30) Жылжымалы ролик a)

(31) Жылжымалы ролик бекіткіші

(32) Қосымша ауа саңылауы

(33) Сүзгі

(34) Қалтқы

(35) Сүзгі ұстағышы

(36) Сорғыш шлангінің ілмегі

a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.

Техникалық мәліметтер

Аккумуляторлық сулы/курғак сорғышGAS 18V-10 L
Өнім нөмірі3 601 JC6 3..
Аккумуляторлық сулы/құрғақ сөрғышGAS 18V-10 L
Кернеу В 18
Номиналды тұтынылатын куат Вт 260
Контейнер көлемі (брутто) л 10
Таза көлемі (сұйықтық) л 6
Макс. вакуум A)
– Сорғыш B) гПа 90
– Турбина гПа 115
Макс. әткізу көлемі A)
– Сорғыш B) л/с м3/сағ 2486
– Турбина л/с м3/сағ 34122
Әр аккумулятор заряды үшін жұмыс ұзактығымин/А-сағ4
Шаң класы L
Салмағы ЕРТА-Procedure01:2014 құжатына сайкг 5,1–6,1с)
Қорғаныс дәрежесі IPX4
Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қөршаған орта температурасы°C 0 ... +35
Жұмыс кезіндегі D) және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қөршаған орта температурасы°C –20 ... +50
ұсынылатын аккумуляторларGBA 18V...ProCORE18V...
ұсынылатын зарядтағыш құрылғыларGAL 18...GAX 18...GAL 36...

A) 20-25 °C температурасында GBA 18V 6.3Ah аккумуляторымен өлшенеді. B) Сорғыш шлангімен (13) және қисайған қондырмамен (15) есептелген. C) Пайдаланылған аккумуляторға байланысты. D) <0 °C температураларында қуаты шектелген. Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac.

Шуыл және діріл туралы ақпарат

EN 60335-2-69 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.

Сорғыштың амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 79 дБ(А) құрайды. К дәлсіздігі = 2 дБ. Шуыл деңгейі жұмыс барысында белгіленген шамалардан артық болуы мүмкін. Құлақ қорғанысын тағыңыз!

Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 60335-2-69 бойынша есептелген:

an lt; 2,5 м/с2, K = 1,5 м/с2.

Аккумулятор

Bosch аккумуляторы жоқ сымсыз сорғышты да сатады. Сорғыштың жеткізілім жиынтығына аккумулятордың кіретінін қаптамадан анықтауға болады.

▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің сорғышыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумулятормен сәйкес.

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Аккумуляторды орнату және шығару (А1-А2 суреттерін қараңыз)

  • Аккумуляторды енгізу барысында күш салмай әрекеттеніңіз. Аккумулятор электр құралға тек дұрыс күйде енгізіле алынатындай қылып құрастырылған. Жақсы және сенімді істеу үшін аккумулятор бөлімшесі мен шахтасын әрдайым таза және құрғақ ұстаңыз. – Босату түймесін (11) басып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) ашыңыз. – Аккумуляторды (20) аккумулятор науасына (19) шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
  • Аккумуляторды (20) шығарып алу үшін аккумулятордағы босату түймесін (21) басып, аккумуляторды науасынан (19) тартып шығарыңыз.
  • Аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) жауып қойыңыз.

Аккумулятор бөлімінің қақпағын алмастыру (А3-А5 суреттерін қараңыз)

ProCORE18V 12Ah аккумуляторын пайдалану қажет болса, аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) жабу қажет емес. Бұл жағдайда аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) арнайы жобаланған қалқаға (23) ауыстыруға болады.

Ылғалды немесе сулы ортада сорғышты тек жабық аккумулятор бөлімінің қақпағымен пайдалануға болады.

Аккумулятор бөлімінің қақпағын бөлшектеу (А3 суретін қараңыз)

Аккумуляторды (20) аккумулятор науасынан (19) шығарыңыз.

Екі бекіткіш бұранданы (22) (ST4×12) PH1 крест ойықты бұрауышымен шығарып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) алып тастаңыз.

Қалқаны енгізу (А4 суретін қараңыз)

Аккумулятор бөлімі қақпағының ұстағышын (24) төмен итеріп, қалқаны (23) жылжытыңыз.

Қалқаны шығару (А5 суретін қараңыз)

Крест ойықты бұрауышты орнатыңыз, қалқаны (23) сәл артқа қарай жылжытып, қалқаны тартып алыңыз.

Аккумулятор бөлімі қақпағының ұстағышын (24) төмен қарай итеріңіз.

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумулятор енгізілген кезде, аккумулятор зарядын сорғыштың аккумулятор заряды деңгейінің индикаторында (4), ал аккумулятор шығарылған кезде, аккумулятордың өзінен анықтауға болады.

Сорғыштағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Сорғышты қосқаннан кейін, аккумулятор зарядының деңгейі индикаторының (4) 5 жасыл түсті жарық диоды жеке-жеке жанып сөнеді. Содан кейін жарық диодтары аккумулятордың (20) заряд деңгейін көрсетеді.

Аккумулятордағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Аккумулятор сорғыштан шығарылса, заряд деңгейін аккумулятордағы заряд деңгейі индикаторының жасыл түсті жарық диодтары арқылы қарап шығуға болады. Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған түймесін басыңыз.

Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін, ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді.

Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.

Үздіксіз жарық 3× жасыл 60–100 %

Үздіксіз жарық 2× жасыл 30-60%

Үздіксіз жарық 1× жасыл 5-30 %

Үздіксіз жарық 5× жасыл 80–100 %

Үздіксіз жарық 4× жасыл 60–80 %

Үздіксіз жарық 3× жасыл 40–60 %

Үздіксіз жарық 2× жасыл 20-40 %

Үздіксіз жарық 1× жасыл 5-20 %

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшакпен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Монтаждау

▶ Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны тазалаудан, құрылғыны реттегеннен, жабдықтарды алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.

Сору керек-жарақтары үшін ұстағыштарды орнату (В суретін қараңыз)

– Сорғыш құбыр мен саңылау қондырмасының ұстағышын (25) жоғарыдан арнайы бекіткішке (10) тірелгенше кіргізіңіз.

– Сорғыш шланг пен еден қондырмасының ұстағышын (27) жоғарыдан арнайы бекіткішке (7) кіргізіп, бекіткіш бұранданы (26) бұрап бекітіңіз.

Сору шлангын орнату (С суретін қараңыз)

- Сору шлангын (13) шланг қысқышына (8) сору шлангының екі басу түймешесі (28) тірелгенше салыңыз.

Нұсқау: Соруда сору шлангында және жабдықтарында шаң үйкелісі арқылы электр заряд пайда болады, оны пайдаланушы статикалық ток ажыралуы арқылы сезуі мүмкін (қоршаған орта әсерлеріне және дене сезімдігіне байланысты).

Сорғыш шланг (13) қысқыш жүйесімен жабдықталған, оған сору керек-жарақтарын (сору адаптері (14), қисайған қондырма (15)) жалғауға болады.

Сору адаптерін немесе қисайған қондырманы орнату (D суретін қараңыз)

Сору адаптерін (14) немесе қисайған қондырманы (15) сорғыш шлангіге (13) екі батырма (28) шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.

Бөлшектеу үшін батырмаларды (28) ішке басып, құрамдас бөліктерін ажыратыңыз.

– Керек болса, сору құбырларын (18) бір-біріне қатты салып, сосын қисайған қондырмаға салыңыз (15). – Еден қондырмасын (17) немесе ойықтық қондырманы (16) сору құбырына (18) немесе қисық қондырмаға (15) салыңыз.

Иық белдігін бекіту (керек-жарақ) (Е суретін қараңыз)

Тасымалдау белдігі сорғышты тасымалдау және бекіту үшін жарамды!

Иық белдігінің (29) карабинін сорғыштың бекіткіш көздеріне (9) кіргізіңіз.

Жылжымалы роликтерді монтаждау (керек-жарақ) (F суретін қараңыз)

Жылжымалы роликтердің (30) 4 бекіткіш штифтін жылжымалы ролик бекіткіштеріне (31) шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.

EN 12529 стандарты бойынша басқа да жылжымалы роликтерді (бекіткіш штифтінің диаметрі 11 мм) пайдалануға болады.

▶ Сорғышты пайдаланбас бұрын ролик тежегіштерінің жұмыс істеу қабілетін тексеріп шығыңыз.

Пайдалану

▶ Шаңсорғышқа қызмет көрсету немесе оны тазалаудан, құрылғыны реттегеннен, жабдықтарды алмастырудан немесе шаңсорғышты сақтауға қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.

▶ Шағылу қауіпі себебінен жұмыс аймағы таза және жинаған болуына көз жеткізіңіз.

Пайдалануға ендіру

▶ Шаңсорғышты сүзгісіз пайдалануға болмайды. ▶ Тек зақымдалмаған сүзгіні (сызатсыз, тесіксіз және т.б.) пайдаланыңыз. Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз. ▶ Сорудан алдын сүзгі қатты орнатылғанын тексеріңіз. ▶ Сорудан алдын аккумуляторлық бөлімше қақпағы қатты жабылғанын қамтамасыз етіңіз. ▶ Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет алыңыз. ▶ Инертті шаңды заңды шектік мәндерге қол жеткізілмегені көрсетілген электр құралы мен сорғыш жүйеден тұратын шынайы белгіленген тіркесімдердің көмегімен ғана сорыңыз. Дәлелдемелерді мына мекенжай бойынша қараңыз: http://www.bosch-professional.com/dust.

140 | Қазақ

Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде пайдаланбаңыз.

Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш шлангіні (13) әрдайым сорғыш шланг ұстағышынан (27) толығымен жазыңыз.

Қосу/өшіру

Сорғышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін (3) басыңыз.

Сорғышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (3) қайтадан басыңыз.

Қауіпсіздік тұрғысынан сорғыш қосу/өшіру түймесі (3)

5 секундтан ұзақ басылғанда қосылмайды.

Құрғақ сору

Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңды сору (G суретін қараңыз)

▶ Ауа бөлмеге қайтып оралса, бөлмеде жеткілікті ауа алмасу дәрежесі болуы керек. Тиісті заңдарға назар аударыңыз. – Сору адаптерін (14) немесе қисайған қондырманы (15) орнатыңыз (қараңыз „Сору адаптерін немесе қисайған қондырманы орнату (D суретін қараңыз)“, Бет 139). – Сору адаптерін (14) немесе қисайған қондырманы (15) электр құралының аспирациялық келте құбырына енгізіңіз.

Тек (14) сору адаптері пайдаланылғанда:

Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара, ажарлағыш және т.б.), сору адаптеріндегі (14) қосымша ауа саңылауы (32) ашық болуы тиіс. Осылай сорғыштың және электр құралының жалпы қуаты жақсарады. Ол үшін сақинаны қосымша ауа саңылауы (32) арқылы саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.

Ылғал шаңсору

▶ Шаңсорғышпен бензин, май, спирт, еріткіштер сияқты жанғыш немесе жарылғыш сұйықтықтарды соруға болмайды. Ыстық, жанып тұрған немесе жарылғыш шаңды соруға болмайды. Шаңсорғышты жарылу қаупі бар жайларда пайдалануға болмайды. Шаң, бу немесе сұйықтықтар тұтануы немесе жарылуы мүмкін.

Ылғал шаңсору алдында

- Контейнерді (1) босатыңыз.

– Сүзгіні (33) тазалап, сорғышқа қайтадан салыңыз (қараңыз „Сүзгіні тазалау/алмастыру (І1–І2 суреттерін қараңыз)“, Бет 141).

Сорғыш қалтымен (34) жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жеткен кезде, сору тоқтатылады.

Эр ылғалды шаңсору алдында

  • Контейнерді (1) босатыңыз.
  • Суды сүзгіден (33) төгіңіз.

Ылғал шаңсорудан соң зең басудың алдын алу үшін

– Сорғыш жоғарғы бөлігін (5) шешіп жақсы құрғатыңыз.

– Сүзгіні (33) шешіп оны да әбден кептіріңіз (қараңыз „Сүзгіні тазалау/алмастыру (ІІ–І2 суреттерін қараңыз)“, Бет 141).

Техникалық күтім және қызмет

Техникалық қызмет көрсету және тазалау

▶ Шансорғышка қызмет көрсету немесе оны тазалаудан, құрылғыны ретегеннен, жабдықтарды алмастырудан немесе шансорғышты сақтауға қоюдан алдын аккумуляторды шығарып қойыңыз. Осы сақтық шарасы шансорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді. Дурыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз. ▶ Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шантүтқыш маскасын киіңіз.

Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін, сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет көрсетуші мамандар мен басқа түлғаларға қауіп төнбейді. bjқтимал тәукелдерге жол бермеу үшін сорғышты бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек.

Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс жабдығын киңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек. Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған түлға сүзгінің зақымдалуы, сөрғыштың саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет.

Кір айналада түрған L класындағы сорғыштардың сырты және барлық агрегат бөліктерін тазалау және герметикпен өндеу қажет. Техникалық қызмет көрсету және жәндеу жұмыстарын орындау кезінде тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бүл бөліктерді өткізбейтін каптарда қалдықтарды жою бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.

– Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шуберекпен тазалап тұрыңыз. – Ластанған зарядтау контактілерін құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

Ыдысты тазалау (Н1-Н2 суреттерін қараңыз)

(1) контейнерін әр пайдаланудан соң тазалап оптималды шаңсорғыштың оптималды куатына жетіңіз.

– Құлыптарды (2) ашып, шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (5) ашыңыз. – (1) контейнерін қоқыс контейнерінің үстіне қағыңыз. – Қажет болса, контейнерді дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

Қажет болса, сүзгіні тазалаңыз (қараңыз „Сүзгіні тазалау/алмастыру (І1–І2 суреттерін қараңыз)“, Бет 141).

– Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (5) орнатып, құлыптарды (2) жабыңыз.

Сүзгіні тазалау/алмастыру (I1-I2 суреттерін қараңыз)

Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.

Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.

  • Құлыптарды (2) ашып, сорғыштың жоғарғы бөлігін (5) алып тастаңыз. – Сүзгіні (33) айналу бағытымен тірелгенше бұрап, оны сүзгі ұстағышынан (35) шығарып алыңыз.
  • Сүзгіні кептіру:

Сүзгіні (33) жарамды қоқыс контейнеріне қағып алыңыз. Сүзгі пластиналарының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.

Максималды сору күшіне қол жеткізу үшін сүзгі пластиналарын жұмсақ шүберекпен тазалап шығыңыз. немесе

Дымқыл сүзгі:

Сүзгіні (33) ағынды су астында шайып, содан кейін жақсылап кептіріңіз.

Немесе

Зақымдалған сүзгіні (33) алмастырыңыз.

  • Сүзгіні (33) сүзгі ұстағышы (35) арқылы енгізіп, оны айналу бағытымен тірелгенше бұраңыз.
  • Сорғыштың жоғарғы бөлігін (5) қайта орнатып, құлыптарды (2) жауып қойыңыз.

Құлыптардың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Ақаулықтар

Сору қуаты жеткіліксіз болса, төмендегілерді тексеріңіз:

- Контейнер (1) толған ба?

▷(қараңыз „Ыдысты тазалау (Н1-Н2 суреттерін қараңыз)“, Бет 140).

- Сүзгі (33) шаңмен бітелген бе?

▷(қараңыз „Сүзгіні тазалау/алмастыру (I1-I2 суреттерін қараңыз)“, Бет 141).

Контейнерді (1) жүйелі түрде босату және сүзгіні (33) тазалау арқылы оңтайлы сору қуаты қамтамасыз етіледі. Сору өнімділігіне қол жеткізу мүмкін болмаса, Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

Сақтау (J суретін қараңыз)

  • Сору құбырларын (18) ұстағыштарға (25) салыңыз.
  • Саңылау қондырмасын (16) сору құбырына (18) салыңыз.
  • Еден қондырмасын (17) ұстағышқа (27) салыңыз.
  • Сорғыш шлангіні (13) астыңғы жақтан ұстағышқа (27) орап, ілмекті (36) бекітіңіз. – Сорғышты тек тасымалдау тұтқасынан (6) немесе иық белдігінен (бар болса) ұстап тасыңыз. – Сорғышты құрғақ бөлмеге қойыңыз және рұқсатсыз пайдаланудан қорғаңыз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:

www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы 050012

Мұратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз www.bosch-professional.kz ресми сайтынан ала аласыз.

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:

Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады.

Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.

Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай етіп ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

BOSCH GAS 18V10 L Professional - Кәдеге жарату - 1

Шаңсорғыш, аккумуляторлар, жабдықтар мен орамалар қоршаған ортаны сақтайтын ретпен кәдеге жаратуға апарылуы керек.

BOSCH GAS 18V10 L Professional - Кәдеге жарату - 2

Аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз шаңсорғыштарды және 2006/66/ЕС еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.

Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.

Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:

Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 141).

Румын тілі

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GAS 18V10 L Professional

Санат : Шаңсорғыш