GAL 12V40 Professional - Батарея BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GAL 12V40 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Батарея PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GAL 12V40 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GAL 12V40 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GAL 12V40 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Bosch Power Tools 1 609 92A 5RF | (28.07.2023)178 | Қазақ Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын 1 609 92A 5RF | (28.07.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 179 пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Бұрыштық ажарлағышқа арналған қауіпсіздік туралы ақпарат Майдалау немесе кесу әрекеттеріне ортақ қауіпсіздік ескертулері: u Бұл электр құралы майдалағыш немесе кескіш құрал ретінде пайдалануға арналған. Бұл электр құралымен бірге берілген барлық қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды, суреттерді және спецификацияларды оқып шығыңыз. Төменде келтірілген барлық нұсқаулардың орындалмауы ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақат алуға әкелуі
u Ажарлау, сым қылшақпен тазалау, жылтырату немесе саңылау кесу сияқты әрекеттер бұл электр құралымен орындалмауы тиіс. Электр құралы үшін жарамайтын әрекеттер қауіпті жағдайды тудыруы және жарақат алуға әкелуі мүмкін. u Бұл электр құралын құрал өндірушісі арнайы жобаланбаған және белгілемеген жолмен түрлендірмеңіз. Мұндай түрлендіру нәтижесінде Bosch Power Tools 1 609 92A 5RF | (28.07.2023)180 | Қазақ бақылау мүмкіндігінен айырылып, ауыр жарақат алуға
u Аспап өндірушімен жасалмаған немесе ұсынбаған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Керек-жарақ электр құралыңызға сай келсе де, қауіпсіз жұмыс істеу қамтамасыз етілмейді. u Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр·құралында·көрсетілген максималды айналымдар санына ·тең·болуы·керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін. u Пайдаланатын жұмыс құралының сыртқы·диаметрі мен·қалыңдығы электр·құралының·өлшемдеріне сай·болуы·керек. Дұрыс таңдалмаған керек – жарақтар дұрыс·қорғалмауы жəне·бақылаудан шығуы мүмкін. u Қосымша бекіткіштің өлшемдері электр құралының монтаждық жабдығының өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Электр құралының монтаждық жабдығына сәйкес келмейтін керек-жарақтар тепе- теңдіктен айырылуы, тым қатты дірілдеуі және бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкеле алады. u Зақымдалған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Әр пайдаланудан алдын абразивті дөңгелек сияқты керек-жарақтарды сынық пен жарықтарға, етек дискіні жарықтарға, тозу немесе артықшылықтарына, сым қылшақты бос немесе сынған сымдарға тексеріңіз. Егер электр құралы немесе керек-жарақтар түсіп кетсе, оның зақымдалмағанын тексеріңіз, қажет болса зақымдалмаған керек-жарақтарды орнатыңыз. Керек-жарақтарды тексеріп орнатудан соң, өзіңізді және басқа адамдарды айналып тұрған керек- жарақтар аймағынан алыстатып, электр құралын максималды жүктеусіз жылдамдықпен бір минут айналдырыңыз. Зақымдалған керек-жарақтар әдетте сынақ уақытында сынады. u Жеке·қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Пайдалану тәсіліне байланысты қорғаныш масканы немесе қауіпсіздік көзілдірігін қолданыңыз. Қажет болғанда, шаңнан қорғайтын масканы, құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз. Көз қорғанысы әртүрлі әрекеттердің барысында пайда болатын ұшпа·қоқысты тоқтатуға қабілетті болуы тиіс. Шаңнан қорғайтын маска немесе респиратор белгілі бір жұмыс өткізгенде пайда болатын ұсақ бөлшектерді сүзгілеуге қабілетті болуы тиіс. Өте қарқынды шудың әсері есту·қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. u Бөтен ·адамдардың жұмыс·аймағынан·қауіпсіз аймақта болуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғағыш жабдықтарды киюі керек. Дайындама бөлшектері немесе сынған керек-жарақтар ұшып, әрекет аймағынан тыс жайда жақарат тигізуі мүмкін. u Кескіш керек-жарақтың жасырын сымдарға тиюіне әкелуі мүмкін жұмысты өткізген кезде, электр құралын тек оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Қуаттандырылған сымға тиген жағдайда, электр құралының шығып тұрған металл бөлшектерін де қуаттандырып, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін. u Айналып тұрған аспап толық тоқтағанша электр құралын қоймаңыз. Айналып тұрған керек-жарақтар бетке тиіп, электр құралы бақылаудан шығуы мүмкін. u Электр құралын қасыңызда көтеріп тұрғанда қоспаңыз. Айналып тұрған аспаптарға кездейсоқ тию киіміңізді ұстап, аспапты денеңізге жақын апаруы
u Электр·құралының·желдету·саңылауларын жиі тазартыңыз. Қозғалтқыш желдеткіші шаңды корпус ішінде тартып, ұнтақталған металдың көп жиналуы электрленуге алып келі мүмкін. u Электр құралын жанатын материалдарға жақын пайдаланбаңыз. Ұшқындар·осы·материалдарды тұтандыруы мүмкін. u Суытқыш сұйықтықты қажет ететін жұмыс құралын ·пайдаланбаңыз. Су·немесе·басқа·да суытқыш сұйықтықты пайдалану электр·тоғының·соғуына·алып·келуі·мүмкін. Кері соққы және оған қатысты ескертулер: Қайтарым бұл соғылған немесе ұсталған айналып тұрған дөңгелек, етек диск, қылшақ немесе басқа керек-жараққа болатын реакция. Соғу немесе ұстау айналып тұрған аспаптың құлап кетуіне және электр құралының бақылаусыз айналуына, қарсы бағытта айналуына алып
Мысалы, егер абразивті дөңгелек дайындама арқылы соғылса, соғу жеріне кіретін дөңгелектің шеті материал бетіне кіріп, дөңгелектің көтерілуіне немесе атылып кетуіне алып кетуі мүмкін. Дөңгелек пайдалануғыша немесе одан әрі ұшуы мүмкін, бұл дөңгелек әрекетінің бағытына байланысты. Абразивті дөңгелектер осы жағдайда сынып кетуі де мүмкін. Қайтарым электр құралын қате пайдаланудан және/ немесе қате пайдалану әдістерінің немесе шарттарының салдарынан болатын жарақаттардың алды алады. u Электр·құралын·екі қолмен мықтап ұстаңыз, денеңіз·бен·қолыңызды кері соққыға қарсылық·көрсете·алатындай·ұстаңыз. Іске қосу кезінде кері соққыны немесе айналуға жауап әрекеттерді барынша бақылау үшін, бар болса, қосымша тұтқаны әрдайым қолданыңыз. Тиісті алдын алу шаралары қолданылған жағдайда, пайдаланушы айналуға жауап әрекеттерді немесе кері соққы күштерін бақылай алады. u Қолыңызды ешқашан айналып тұрған аспапқа жақындатпаңыз. Аспап қолыңызға қайтарым жасауы
u Денеңізді электр құрал қайтарымда жылжитын аймақта орналастырмаңыз. Қайтарым құралды қысылу кезінде дөңгелек айналуына қарсы бағытта
1 609 92A 5RF | (28.07.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 181 u Бұрыштарды, өткір жиектерді және т.б. өңдеген кезде айрықша сақ болыңыз. Керек-жарақтың секіруіне және ілініп қалуына жол бермеңіз. Бұрыштар, өткір жиектер немесе секіру айналып тұрған керек-жарақтың ілініп қалуына апарып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі мүмкін. u Ара шынжырын, ағаш кескіш жүзді, шеткі бос аралығы 10мм-ден ұзын болатын сегменттік алмасты дөңгелекті немесе тісті ара жүзін бекітпеңіз. Мұндай жүздер·жиі кері соққыны тудырып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға·әкеледі. Майдалау және кесу әрекеттеріне ортақ қауіпсіздік ескертулері: u Тек электр құралыңыз үшін көрсетілген дөңгелек түрлерін және таңдалған дөңгелек үшін жобаланған қорғағышты пайдаланыңыз. Бұл электр құралына жарамайтын дөңгелектер дұрыс қорғалмай, қауіпті болады. u Ортада қысылған дөңгелектің майдалайтын беті қорғағыштың астында орнатылуы керек. Дұрыс орнатылмаған қорғағыш, деңгейден шығып тұрған дөңгелек жақсы қорғалуы керек емес. u Қорғағыш электр құралына қатты орнатылып максималды қауіпсіздік үшін орналасуы қажет, осылай дөңгелектің минималды көлемі пайдаланушыға қарап тұрады. Қорғағыш пайдаланушыны сынған дөңгелек бөлшектерінен, дөңгелекке кездейсоқ тиюден және киімдерді жандыруы мүмкін ұшқындардан қорғайды. u Дөңгелектерді тек ұсынылған пайдалану түрлеріне сай қолдануы керек. Мысал: кесуші дөңгелек шетімен майдаламаңыз. Кесуші·дөңгелектер материалды шетімен кесуге арналған,·Дөңгелектерге·әсер ететін бүйірлік күштер ықпалынан олар сынуы мүмкін. u Таңдалған дөңгелек үшін әрдайым дұрыс өлшемдегі және пішіндегі зақымдалмаған фланецтерді пйдаланыңыз. Дұрыс·таңдалған ернемектер тегістеу дөңгелегінің тірегі болады және оның·сыну қаупінің алдын·алады. Кесуші дөңгелектердің фланецтері майдалау дөңгелегі фланецтерінен басқа болуы мүмкін. u Үлкенірек электр құралдарының тозған дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Үлкенірек электр құралына арналған дөңгелек кішірек құралдың жоғарырақ жылдамдығы үшін жарамсыз болып, жарылуы мүмкін. u Қос мақсатты дөңгелектерді пайдаланған кезде әрдайым орындалып жатқан әрекет үшін дұрыс қорғағышты пайдаланыңыз. Дұрыс қорғағыш пайдаланылмаған жағдайда, қажетті қорғаныс деңгейі қамтамасыз етілмей, ауыр жарақат алу қаупі туындауы
Кесу әрекеттеріне арналған қосымша қауіпсіздік ескертулері: u Кесуші дөңгелекті "қыспаңыз" немесе оны қатты баспаңыз. Кесікті тереңдетуге әрекет жасамаңыз. Дөңгелекке қатты басу жүктемені жəне дөңгелекті кесікте бұрауға немесе байланыстыруға сезімтал болуын жəне кері соққының немесе дөңгелек сынуының ықтималдығын арттырады. u Денеңізді айналдырылған дөңгелектің бір сызыққа немесе артына орналастырмаңыз. Дөңгелек денеңізден ары жылжыса, ықтимал қайтарым айналып тұрған дөңгелек пен электр құралын денеңізге тікелей жылжытуы мүмкін. u Дөңгелек қысылған немесе кез келген себеппен кесуге кедергі жасаған жағдайда, электр құралын өшіріп, дөңгелек толығымен тоқтағанша, электр құралын қозғалыссыз ұстаңыз. Кескіш дөңгелек қозғалып тұрғанда, дөңгелекті кесіктен шығарып алуға әрекеттенбеңіз, әйтпесе кері соққы пайда болуы мүмкін. Дөңгелек қысылуының себебін жою үшін мәселені зерттеп, түзету шараларын қолданыңыз. u Құрал дайындамада тұрғанда электр құралын қайта қоспаңыз. Кесуді бастамас бұрын, алдымен·дөңгелекті·толық·айналым санына жеткізіп алыңыз. Әйтпесе, кескіш диск тұтылып, дайындамадан көтеріліп кетуі немесе·қері соққыға әкелуі мүмкін. u Тірек панельдері немесе кез келген тым үлкен дайындама дөңгелек қысылуы мен қайтарымның алдын алу үшін. Үлкен дайындамалар өз ауырлығынан иілуі мүмкін. Дайындама·кесу сызығына·жақын·жəне·дөңгелектің·екі жағынан·да тірелуі керек. u Бар қабырғаларда кіші кесікті немесе басқа көрінбейтін аймақтарда орындауда абайлаңыз. Шығып тұрған дөңгелек газ немесе су құбырларын, электр сымдарды немесе нысандарды кесуі мүмкін, ал бұл қайтарымға алып келуі мүмкін. u Қиғаш кесуге әрекеттенбеңіз. Дөңгелек·тым қатты·басылғанда,·жүктеме·жəне·дөңгелектің·кесікте· бұралуға·немесе·қысылуға бейімділігі және кері соққы немесе сыну мүмкіндігі артып, ауыр жарақат алу қаупі
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары Қорғаныш көзілдірікті кийіңіз. Қорғаныш қаптаманы кесу үшін пайдалануға болмайды. Жарамды саптаманың көмегімен қорғаныш қаптаманы кесу үшін де пайдалануға болады. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі Bosch Power Tools 1 609 92A 5RF | (28.07.2023)182 | Қазақ мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. u Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. u Қуат өшсе, мысалы, аккумулятор шешілсе, сөндіргіш бекіткішін алыңыз және өшірулі күйге орнатыңыз. Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды. u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. u Электр құралын тасымалдамас бұрын алмалы- салмалы аспаптарды шығарып алыңыз. Осылайша зақымдарға жол бермейсіз. u Байланысқан кескіш және ажарлағыш дискілер жарамдылық мерзіміне ие, бұл мерзімнен кейін оларды әрі қарай пайдалануға тыйым салынады. u Алмалы-салмалы аспаптарды ғимарат ішінде, құрғақ, біркелкі температураға ие және қатып қалмайтын бөлмеде сақтаңыз. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы су пайдаланбай металл, тас, пластик, композиттік материалдар мен ағашты кесуге және металды сыдырып алуға арналған. Бұл ретте дұрыс қорғаныш қаптаманың пайдаланылғанына көз жеткізіңіз (қараңыз „Пайдалану“, Бет185). Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Корпустағы айналу бағытының көрсеткісі (2) Шпиндельді бұғаттау түймесі (3)
(6) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (7) Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (8) Ажарлау шпинделі (9) Тұтқа (беті оқшауланған) (10) Кесуге арналған қорғаныш қаптама (11) Шайбасы бар қысқыш бұранда (12) Кескіш диск
(13) Алты қырлы дөңбек кілт
Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз. Техникалық мәліметтер Ажарлағыш GWS 12V-76 Өнім нөмірі 3601JF20.. Номиналды кернеу В= 12 Есептелген бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі
Ажарлағыш дискінің макс.
мм 76 Бекіткіш диаметрі мм 10 Салмағы EPTA- Procedure01:2014 құжатына
кг 0,70–0,90 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 Ұсынылатын аккумуляторлар GBA 12V... 1 609 92A 5RF | (28.07.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 183 Ажарлағыш GWS 12V-76 Ұсынылатын зарядтағыш
GAL 12... GAX 18... A) Жарамды алмалы-салмалы аспапттарды таңдауға арналған ENIEC62841-2-3 стандарты бойынша есептелген бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі. Бос жүріс күйіндегі нақты айналу жиілігі есептелген бос жүріс күйіндегі айналу жиілігінен аспауы керек, сондықтан ол төмен.
пайдаланылатын аккумуляторға(4) және пайдаланылатын қорғаныш қаптамаға((7), (10)) байланысты C) <0 °C температураларында қуаты шектелген Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac. Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат ENIEC62841-2-3 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 78дБ(A) құрайды. K дәлсіздігі=3дБ. Шуыл деңгейі жұмыс барысында белгіленген шамалардан артық болуы мүмкін. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Жұмсақ табақ металды немесе басқа үлкен бетті оңай дірілдейтін материалдарды ажарлау 15 дБ шамасына дейін көтерілген шуыл эмиссиясынының көрсеткішін тудыруы мүмкін. Арнайы ауыр дыбыс оқшаулағыш кілемшелердің көмегімен асқын шуыл эмиссиясын азайтуға болады. Асқын шуыл эмиссиясын шуыл сипаттарымен байланысты тәуекелдерді бағалау кезінде де, жарамды құлақ қорғанысын таңдау кезінде де есепке алу қажет. Жалпы діріл мәндері a
(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, ENIEC62841-2-3 бойынша есептелген: Бетті ажарлау (бастапқы ажарлау) және кесу:
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру. Аккумулятор Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Аккумуляторды енгізу Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Аккумуляторды шығару Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймелерін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы 3 жасыл түсті жарық диоды аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді. Заряд деңгейінің индикаторы қосылғаннан кейін 3секунд ғана жанып тұрады. Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 3× жасыл 60–100% Үздіксіз жарық 2× жасыл 30–60% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–30% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Артық жүктемеден жылу қорғанышы Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген аккумулятор температурасы аралығы өтілсе айналымдар саны қысқарып, электр құралы өшеді. Төменделген айналымдар санында электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға жеткеннен соң немесе төменделген жүктелуде толық айналымдар санымен жұмыс істейді. Автоматты өшуде электр құралын автоматты ретте өшіріп, аккумуляторды суытыңыз да, электр құралын қайта қосыңыз. Температураны бақылау/артық жүктемеден қорғаныс индикаторы Қызыл түсті жарық диодты индикатор аккумуляторды қатты қызып кетуден және қозғалтқышты артық жүктемеден қорғайды. Жарық диодты индикатор тұрақты түрде қызыл түспен жанып тұрса, бұл аккумулятор температурасының тым Bosch Power Tools 1 609 92A 5RF | (28.07.2023)184 | Қазақ жоғары екендігін білдіреді және электр құралы автоматты түрде өшіп қалады. – Электр құралын өшіріңіз. – Жұмысты жалғастырудан бұрын аккумуляторды
Жарық диодты индикатор қызыл түспен жыпылықтаса, бұл электр құралының бұғатталғанын білдіреді және ол автоматты түрде өшіп қалады. Электр құралын дайындамадан тартып алыңыз. Бұғатталу мәселесі шешілгеннен кейін, электр құралы жұмысын жалғастырады. Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
Қорғағыш аспапты орнату u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз. Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама u Ажарлау кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы пайдаланыңыз(7). Кесуге арналған қорғағыш қаптама u Кесу кезінде әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы(10) пайдаланыңыз. u Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз. Қорғаныш қаптаманы орнату (A суретін қараңыз) Кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (10) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (7) тірелгенше енгізіңіз. Қорғаныш қаптаманы реттеу (Aсуретін қараңыз) Қорғаныш қаптаманы қажетті күйге бұрап, оны бекітіңіз. Бұл ретте ешқандай құралдар қажет болмайды. u Қорғағыш қаптаманы (7) оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
Ажарлауыш құралдарын орнату u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
u Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. Ажарлау шпинделін (8) және барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз. Ажарлағыш құралдарды қысу немесе босату үшін шпиндельді бұғаттау түймесін (2) алға қарай жылжытып, дәл сол уақытта ажарлағыш құралды бұрау арқылы ажарлау шпинделін реттеп шығыңыз. u Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін. Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз. Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (корпустағы айналу бағытының көрсеткісін
Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген. Нұсқау: композиттік ажарлағыш немесе кескіш дискілерді жеткізілім жиынтығындағы шайбасы бар қысқыш бұранданың(11) көмегімен монтаждау кезінде аралық қабаттарды пайдалану қажет емес. Ажарлағыш/кескіш дискіні босату үшін шпиндельді бұғаттау түймесін (2) алға қарай жылжытып, дәл сол уақытта ажарлағыш/кескіш дискіні (12) бұрау арқылы ажарлау шпинделін (8) реттеп шығыңыз (B1 суретін
Алты қырлы дөңбек кілттің (13) көмегімен шайбасы бар қысқыш бұранданы (11) алып тастап, ажарлағыш/кескіш дискіні (12) шешіңіз (B2 суретін қараңыз). Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін шайбасы бар қысқыш бұранданы (11) бұрап кіргізіңіз. Бұранданы алты қырлы дөңбек кілтпен (13) бұранданың шайбасы ажарлағыш/кескіш дискімен (12) тегіс жанасқанша тартыңыз (B3 суретін қараңыз). Содан кейін шпиндельді бұғаттау түймесін (2) өз орнына жылжытыңыз (B4 суретін қараңыз). u Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы 1 609 92A 5RF | (28.07.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 185 қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз. Жарамды тегістеу құралы Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу құралдарын пайдалануға болады. Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген айналымдар саны [мин
] немесе айналу жылдамдығы [м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен болмауы керек. Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе айналу жылдамдығын сақтаңыз. макс. [мм] [мм] D b s d α [мин
76 3 10 10 >0 19500 80 Ажарлағыш/кескіш дискіні таңдау
(шегелермен), пластик, ПВХ, композиттік материалдар, акрилді шыны,
Expert for Inox Тот баспайтын болат, болат Expert Hard Ceramic Плитка, қатты
Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (3) алға жылжытыңыз. Қосқыш/өшіргішті (3) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (3) төменге тірелгенше басыңыз. Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (3) жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (3) қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз. u Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулары u Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын
u Жеңіл құрылыс материалдарын кесу кезінде материал өндірушісінің заңды нұсқаулары мен ұсыныстарын орындаңыз. u Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе, дайындаманы бекітіңіз. u Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз. u Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз. u Электр құралды абразивті-кесу станинада пайдаланбаңыз. u Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. Егер электр құралы электростатикалы ретте зарядталса, орнатылған электроника электр құралын өшіреді. Электр құралын қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (3)
Сыдырып тегістеу u Бастапқы ажарлау кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы(7) пайдаланыңыз. u Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін пайдаланбаңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 5RF | (28.07.2023)186 | Қазақ u Бастапқы ажарлау кезінде, кесуге арналған қорғаныш қаптама(10) дайындамаға соғылып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі мүмкін. 30°–40° еңкейту бұрышымен сыдырып ажарлау кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Электр құралын орташа қысыммен алға-артқа жылжытыңыз. Нәтижесінде дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және қатпарлар пайда болмайды. u Кесу үшін де, ажарлау үшін де рұқсат етілген композиттік дискілер пайдаланылған кезде, кесуге арналған қаптаманы(10) пайдалану керек. Металдарды кесу u Кесу кезінде әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы(10) пайдаланыңыз.Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама(7) композиттік ажарлағыш дискілермен кесу жұмыстары үшін пайдаланған кезде, ұшқын мен бөліктердің және дискінің сынуынан дискі фрагменттерінің асқын шығу қаупі туындайды. Кескіш дискімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс беріліспен жұмыс істеңіз. Кескіш дискіге қысым түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз. Бүйірлік қысыммен айналғанда кескіш дискіні тоқтатпаңыз. Электр құралын әрқашан айналу бағытына қарсы жүргізу керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі
Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.
u Кесу кезінде әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы(10) пайдаланыңыз. u Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз. u Шаңтұтқыш маскасын киіңіз. u Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу үшін пайдалануға болады. Тасты кесу үшін алмасты кескіш дискілерді пайдаланған
Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмасты кескіш диск қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмасты кескіш дискіде пайда болатын ұшқын осыны
Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмасты кескіш дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт салқындатыңыз. Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын ұшқын алмасты кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады. Басқа материалдарды кесу u Пластик, композиттік материалдар және т.с.с. материалдарды композиттік кескіш дискілермен немесе Carbide Multi Wheel кескіш дискілерімен кескен кезде әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы(10) пайдаланыңыз. Статика туралы нұсқаулар Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен
Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), 1 609 92A 5RF | (28.07.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 187 міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: *
Notice-Facile