BTEXACT 7 Professional - шуруповерт BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз BTEXACT 7 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз шуруповерт PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз BTEXACT 7 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. BTEXACT 7 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ BTEXACT 7 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020)228 | Қазақ u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 229 Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары u Бекіткіш жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер бекіткіш істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. u Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін. u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020)230 | Қазақ u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
u Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса ол сыналады.
Үшкірлеу, аралау, тегістеу, бұрғылау және ұқсас әрекеттерді орындау кезінде пайда болатын шаң концерогенді, тератогенді немесе мутагенді әсер етуі мүмкін. Осы шаң түрлері қамтитын заттектердің ішінде: Бояулардағы қорғасын және лак; кірпіш, цемент және басқа да тас заттектеріндегі кристалды кремнезем; химиялық өңделген ағаштағы күшән мен хромат. Сырқаттану қаупі осы заттектердің пайдаланылу жиілігіне байланысты болады. Қауіпті азайту үшін дұрыс желдетілетін бөлмелерде тиісті қорғаныс жабдығымен жұмыс істеңіз (мысалы, арнайы құрастырылған, ең кіші шаң бөлішектерін сүзгілейтін шаңтұтқыштар). u Кездейсоқ іске қосылуға жол бермеңіз. Аккумуляторды салудан алдын ажыратқыштың өшірулі күйінде болғанына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты ажыратқышқа қойып тасымалдау немесе қосулы электр құралына аккумуляторды салу жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін. u Тек қана ақаусыз, тозбаған алмалы-салмалы аспаптарды пайдаланыңыз. Ақауы бар алмалы- салмалы аспаптар бұзылып, жарақат пен зиян келтіруі
u Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы- салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды. u Ұзын бұрандаларды бұрап кіргізу кезінде абай болыңыз, бұранда түріне және алмалы-салмалы аспапқа байланысты сырғу қаупі бар. Ұзын бұрандаларды жиі дұрыс бақылау қиынға соғады және олар бұрап кіргізу барысында сырғып, сізге жарақат тигізуі мүмкін. u Электр құралын іске қосу алдында орнатылған айналу бағытына назар аударыңыз. Мысалы, бұранданы босату қажет болып, айналу бағыты бұранданы бұрап кіргізу үшін реттелген болса, бұл алмалы-салмалы аспаптың бақыланбайтын қатты қозғалысын тудыруы мүмкін. u Электр құралын дрель ретінде пайдаланбаңыз. Ажырату тіркесімі бар электр құралдары бұрғылауға арналмаған. Тіркесім автоматты түрде ескертусіз ажыратылуы мүмкін. u Абай болыңыз! Электр құралын Bluetooth
пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Электр құралын Bluetooth
бен медициналық құралдар, жанармай бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаубі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Bluetooth
бар электр құралын ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз. Bluetooth
сөз белгісі сурет белгісімен (логотиптер) бірге Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген тауарлық белгісі және мүлігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісін Robert Bosch Power Tools GmbH арқылы пайдалану лицензия негізінде орындалады. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Тағайындалу бойынша қолдану BT‑EXACT/ BT‑ANGLEEXACT және EXAConnecT бұрауыш жүйесі бұрандаларды бұрап кіргізу мен шығаруға және берілген өлшеу мен қуат диапазонында гайкаларды тартып босатуға арналған. Ол бұрандалы қосылымның бұрау моментін немесе бұрау бұрышын құжаттандыруға арналмаған. Бұрауыш жүйе Bluetooth® сымсыз технологиясы арқылы бұрау сигналдарының деректерін сымсыз тасымалдауға мүмкіндік береді. BT-EXACT және BT-ANGLEEXACT сериялы өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыштың қалыпты және қалыпты емес сигналдары (қалыпты/ қалыпты емес бұрандалы қосылым) EXAConnecT негізгі станциясына жіберіледі. EXAConnecT негізгі станциясынсыз BT-EXACT және BT-ANGLEEXACT сериялы 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 231 бұрауыштарды іске қосу мүмкін емес: бұрауыштар жеткізу кезінде бұғатталып тұрады және тек EXAConnecT негізгі станциясынан іске қосылуы мүмкін. EXAConnecT негізгі станциясының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз. Алдымен EXAConnecT негізгі станциясын іске қосыңыз. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Алмалы-салмалы аспап (мысалы, бұрандалы
(2) Құрал бекіткіші (3) Бұрыштық оймалы бастиек (4) Айыр тәрізді кілт, ені 27мм (5) Бұрыш басты фланецтегі кілт жазықтығы (6) Айыр тәрізді кілт, ені 22мм (7) Айналу моментін алдын ала таңдау ысырмасы (8) Ілгіш қапсырма (9) Бұрандалы қосылымдардың жарық диодты
(10) Bluetooth® жарық диодты индикаторы (11) Аккумулятор заряды деңгейінің жарық диодты
(13) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (14) Ілгіш қапсырмадағы бекіту ойығы (15) Жарық диодының ұстағышы (16) Жаппа гайкадағы кілт жазықтығы (17) Аккумуляторды босату түймесі (18) APT штепсельдік контактісі бар аккумулятор (19) Белгілеу сақинасы (20)
(21) Зарядтағыш құрылғы (22) Желілік аша (23) Зарядтағыш құрылғыдағы жасыл түсті жарық диодты индикатор (24) Зарядтағыш құрылғыдағы қызыл түсті жарық диодты индикатор (25) Жылдам алмастыру патроны (26) Реттегіш құрал (27) Алты қырлы дөңбек кілт (28) Реттегіш шайба (29) Серіппелі тежегіш сақина (30) Корпус қабығындағы қуыс (31) Тұтқа (беті оқшауланған) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек- жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан
Техникалық мәліметтер Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыш BT-EXACT
Айналу моментін реттеу диапазоны Нм 0,5–2 1–4 1–6 1,5–7 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі n
Номиналды кернеу В 9,6 9,6 9,6 9,6 Айналу бағыты Құрал бекіткіші Жылдам
Деректер интерфейсі (радио) Bluetooth® сымсыз технологиясының 2-класы (1.2 спецификациясы) Максималды тасымалдау қашықтығы м 10 10 10 10 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 0,80 0,80 0,80 0,80 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 0...+35 0...+35 0...+35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 –20...+50 –20...+50 –20...+50 Қызметтік жиіліктер диапазоны MГц 2402–2480 2402–2480 2402–2480 2402–2480 Тарату күші, макс. мВт 0,5 0,5 0,5 0,5 Bosch Power Tools 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020)232 | Қазақ Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыш BT-EXACT
Қорғаныс дәрежесі IP20 IP20 IP20 IP20
20–25 °C температурасында аккумулятормен 2 607 335 681 өлшенеді. B) <0 °C температураларында қуаты шектелген Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыш BT-EXACT
Айналу моментін реттеу диапазоны Нм 1,5–8 1,5–9 1,5–12 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі n
Номиналды кернеу В 12 9,6 12 Айналу бағыты Құрал бекіткіші Жылдам
Деректер интерфейсі (радио) Bluetooth® сымсыз технологиясының 2-класы (1.2 спецификациясы) Максималды тасымалдау қашықтығы м 10 10 10 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 0,90 0,80 0,90 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 0...+35 0...+35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 –20...+50 –20...+50 Қызметтік жиіліктер диапазоны MГц 2402–2480 2402–2480 2402–2480 Тарату күші, макс. мВт 0,5 0,5 0,5 Қорғаныс дәрежесі IP20 IP20 IP20
20–25 °C температурасында аккумулятормен 2 607 335 681 өлшенеді. C) <0 °C температураларында қуаты шектелген Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш BT-ANGLEEXACT
Айналу моментін реттеу диапазоны Нм 0,7–2 0,7–3 1,5–6 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі n
Номиналды кернеу В 9,6 9,6 9,6 Айналу бағыты Құрал бекіткіші Бұрыштық оймалы бастиек (бөлек тапсырыс беріледі)
1 609 92A 5P3 | (06.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 233 Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш BT-ANGLEEXACT
Деректер интерфейсі (радио) Bluetooth® сымсыз технологиясының 2-класы (1.2 спецификациясы) Максималды тасымалдау қашықтығы м 10 10 10 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 1,0 1,0 1,0 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 0...+35 0...+35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 –20...+50 –20...+50 Қызметтік жиіліктер диапазоны MГц 2402–2480 2402–2480 2402–2480 Тарату күші, макс. мВт 0,5 0,5 0,5 Қорғаныс дәрежесі IP20 IP20 IP20
20–25 °C температурасында аккумулятормен 2 607 335 681 өлшенеді. B) <0 °C температураларында қуаты шектелген Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш BT-ANGLEEXACT
Айналу моментін реттеу диапазоны Нм 2–7 1,5–8 2–15 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі n
Номиналды кернеу В 9,6 9,6 9,6 Айналу бағыты Құрал бекіткіші Бұрыштық оймалы бастиек (бөлек тапсырыс беріледі)
■ 1/4 дюйм ■ 3/8 дюйм 1/4 дюйм Деректер интерфейсі (радио) Bluetooth® сымсыз технологиясының 2-класы (1.2 спецификациясы) Максималды тасымалдау қашықтығы м 10 10 10 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 1,0 1,0 1,0 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 0...+35 0...+35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 –20...+50 –20...+50 Қызметтік жиіліктер диапазоны MГц 2402–2480 2402–2480 2402–2480 Тарату күші, макс. мВт 0,5 0,5 0,5 Қорғаныс дәрежесі IP20 IP20 IP20
20–25 °C температурасында аккумулятормен 2 607 335 681 өлшенеді. B) <0 °C температураларында қуаты шектелген Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш BT-ANGLEEXACT
Айналу моментін реттеу диапазоны Нм 6–17 қатты бұраған
7–23 8–30 Bosch Power Tools 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020)234 | Қазақ Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш BT-ANGLEEXACT
Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі n
Номиналды кернеу В 14,4 14,4 14,4 Айналу бағыты Құрал бекіткіші Бұрыштық оймалы бастиек (бөлек тапсырыс беріледі) ■ 3/8 дюйм ■ 3/8 дюйм ■ 3/8 дюйм Деректер интерфейсі (радио) Bluetooth® сымсыз технологиясының 2-класы (1.2 спецификациясы) Максималды тасымалдау қашықтығы м 10 10 10 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 1,5 1,5 1,5 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 0...+35 0...+35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 –20...+50 –20...+50 Қызметтік жиіліктер диапазоны MГц 2402–2480 2402–2480 2402–2480 Тарату күші, макс. мВт 0,5 0,5 0,5 Қорғаныс дәрежесі IP20 IP20 IP20
20–25 °C температурасында аккумулятормен 2 607 335 685 өлшенеді. B) <0 °C температураларында қуаты шектелген Ni-MH аккумулятор жинағы 9,6 12,0 14,4 Өнім нөмірі
Ұялар саны 8 10 12 Аккумулятор кернеуі В 9,6 12,0 14,4 Қуаты А-сағ 2,6 2,6 2,6 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 0,55 0,70 0,80 Ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар AL2450DV AL2450DV AL2450DV Бұрыштық оймалы бастиек ■ 1/4 дюйм ■ 3/8 дюйм ■ 3/8 дюйм 1/4 дюйм SWF 1/4
Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 0,20 0,20 0,20 0,20 0,20 Тік бұрандалы бастиек SWF 1/4 дюйм Өнім нөмірі
Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 0,20 Шуыл және діріл туралы ақпарат EN62841-2-2 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 70 дБ(A) құрайды. K дәлсіздігі=3 дБ. Шуыл деңгейі жұмыс істеу кезінде 80 дБ(A) шамасынан асуы мүмкін. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Жалпы діріл мәндері a
(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-2 бойынша есептелген: бұрап бекіту: a
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 235 Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жеткізілім жиынтығы Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыштар аккумулятор жинағынсыз, ал өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыштар бұрыштық бұрауыш бастиексіз және аккумулятор жинағынсыз жеткізіледі. Жарамды керек-жарақтарды пайдаланған кезде Bosch өнеркәсіптік құралдары сатылатын арнайы дүкенге хабарласыңыз. Пайдалану және сақтау ортасы Электр құралы тек жабық жұмыс жайларында пайдалануға арналған. Ақаусыз пайдалану үшін рұқсат етілген қоршаған орта температурасы –5°C және +50°C (23°F және 122°F) аралығында, ал рұқсат етілген салыстырмалы ауа ылғалдығы конденсациясыз 20 және 95% аралығында болуы керек. Аккумулятор 0°C (32°F) және 45°C (113°F) аралығындағы температурада сақталуы қажет, сонда аккумулятор ұялары зақымдалмайды. Бұрыштық оймалы бастиекті монтаждау BT-ANGLEEXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30 Бұл өнеркәсіптік акккумуляторлық бұрыштық бұрауыштарда алдымен жарамды бұрыштық оймалы бастиекті (қараңыз „Техникалық мәліметтер“, Бет231) монтаждау керек. u Оймалы бастиекті монтаждау, жылжыту немесе бөлшектеуден бұрын айналу бағытын ауыстырып- қосқыштың ортада тұрғанына (іске қосылудан қорғайтын құлып) немесе аккумулятор электр құралынан шығарылғанына көз жеткізіңіз. Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецтің кілт жазықтығында (5) мықтап ұстаңыз. u Электр құралын корпус қабығында қысуға
Бұрыштық оймалы бастиекті (3) қалаулы күйде фланецке орнатып, айыр тәрізді кілтпен (4) жаппа гайканың кілт жазықтығына (16) бұрап қойыңыз. Бұл ретте айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецке тіреп тұрыңыз. BT-ANGLEEXACT 23 | 30 Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыштарды тек 0607451618 бұрыштық оймалы бастиегімен бірге пайдалануға болады. Ілгіш аспап Ілгіш қапсырма (8) электр құралын ілгіш аспапқа бекітуге мүмкіндік береді. Ілгіш қапсырманы (8) электр құралына орнатып, оны ойықтарға (14) кіргізіңіз. u Ілгіштің және ілгіш аспап ілгегінің күйін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Зарядтау процесі Нұсқау: зарядтағыш құрылғылар мен аккумуляторлар жеткізілім жиынтығына кірмейді. Суретте көрсетілген желілік аша электр құралыңыздағыдан өзгеше болуы мүмкін. u Зарядтағыш құрылғы мен аккумулятордың еліңізге тән ток желісіне сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз. AL 2450 DV зарядтағыш құрылғысы (Aсуретін
Зарядтағыш құрылғыны (21) желілік ашамен (22) электр қуат көзіне жалғап, аккумуляторды (18) зарядтағыш құрылғының зарядтау қуысындағы дұрыс орынға
u Аккумуляторды енгізу/шығару кезінде күш салмаңыз. APT (Akku Pack Top) штепсельдік контактісі бар аккумуляторлар электр құралына немесе зарядтағыш құрылғыға тек дұрыс күйде енгізілетіндей етіп құрастырылған. Жасыл түсті жарық диодты индикатор (23) жыпылықтай бастайды. Бұл зарядтау тогының кемуін көрсетеді. Аккумулятор толық зарядталғаннан кейін зарядтау процесі автоматты түрде тоқтайды. Жасыл түсті жарық диодты индикатор жыпылықтамай жанып тұрса, бұл зарядтау процесінің аяқталғанын білдіреді. Шамамен 2 секунд ішінде дыбыстық сигнал беріліп, аккумулятордың толық зарядталғанын көрсетеді. Қызыл түсті жарық диодты индикатордың (24) үздіксіз жанып тұруы зарядтау тогы азайтылған зарядтау процесін білдіреді. Егер жарық диодты индикатор жыпылықтаса, зарядтау мүмкін болмайды. Ақаулар - Себептері және шешімдері Себебі Шешім Жарық диодты индикаторлар жанбай тұр Bosch Power Tools 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020)236 | Қазақ Себебі Шешім Зарядтағыш құрылғының желілік ашасы (дұрыс) енгізілмеген Желілік ашаны розеткаға (толық) енгізу Розетка, желілік кабель немесе зарядтағыш құрылғы бұзылған Желілік кернеуді тексеру, зарядтағыш құрылғыны қажетінше Bosch электр құралдарының өкілетті қызмет көрсету орталықтарында тексерту Зарядтау мүмкін емес Аккумулятор температурасы рұқсат етілген диапазоннан тыс Аккумулятор температурасын суыту немесе жылыту арқылы 0°C (32°F) және 45°C (113°F) аралығындағы рұқсат етілген температура диапазонына келтіру Аккумулятор ластанған Аккумулятор контактілерін тазалау; мысалы, аккумуляторды бірнеше рет енгізіп шығару арқылы, қажет болса, оны ауыстыру Аккумулятор бұзылған Аккумуляторды алмастыру Аккумулятор (дұрыс) енгізілмеген Аккумуляторды зарядтау қуысына (толық) енгізу Қуат көзіне жалғау Нұсқау: аккумулятор электр құралының ішіне салынып жеткізілетінін ескеріңіз. u Аккумуляторларды ешқашан аккумуляторлық құрылғыда сақтамаңыз. Аккумуляторлар бөлек сақталған жағдайда ұзақ жұмыс істеп, дұрыс зарядталады. Аккумуляторды ұзақ уақыт сақтағаннан кейін пайдаланудан бұрын толық зарядтау керек. Аккумуляторды зарядтау Аккумуляторды электр құралына салмастан бұрын тиісті зарядтағыш құрылғыда зарядтаңыз. Зарядтау процесінің дұрыс сипаттамасын зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығында және осы нұсқаулықтағы мәліметтерден алыңыз (қараңыз „Зарядтау процесі“, Бет235). Аккумулятор NTC температураны бақылау құралымен жабдықталған, ол тек 0°C (+32°F) және 45°C (+113°F) арасындағы температура диапазонында зарядталуға мүмкіндік береді. Осылайша аккумуляторды ұзақ уақыт пайдалану мүмкін болады. Дұрыс пайдаланған жағдайда аккумуляторды ең көбі 3000 рет қайта зарядтауға
Жаңа немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған аккумулятор толық қуатына шамамен 5 зарядтау және зарядты босату циклінен кейін жетеді. Аккумуляторларды тек электр құралының "Аккумулятор зарядының деңгейі" жарық диодты индикаторы қызыл түспен жанғанда ғана зарядтауға болады. Аккумуляторды енгізу және шығару Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (13) ортаңғы күйге басыңыз. Нәтижесінде ажыратқыш (12) "Өшірулі" күйінде бекітіліп, электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол берілмейді. Зарядталған аккумуляторды (18) электр құралының тұтқасына кіргізіңіз. Аккумулятордың дұрыс күйде енгізілгеніне және босату түймелерінің (17) электр құралының тұтқасына тірелгеніне көз жеткізіңіз. u Аккумуляторды енгізу/шығару кезінде күш салмаңыз. APT (Akku Pack Top) штепсельдік контактісі бар аккумуляторлар электр құралына немесе зарядтағыш құрылғыға тек дұрыс күйде енгізілетіндей етіп құрастырылған. Аккумуляторды (18) шығарып алу үшін екі жағындағы босату түймелерін (17) басып, аккумуляторды тұтқадан төмен қарай тартыңыз. Жылдам алмастыру патронымен оймалы бастиек жағдайында құралды алмастыру (Bсуретін қараңыз) u Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы- салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды. BT-EXACT 2 | 4 | 6 | 7 | 8 | 9 | 12 BT-EXACT сериясы 1/4 дюймдік жылдам алмастыру патронымен (SWF 1/4 дюйм) бірге жеткізіледі. BT-ANGLEEXACT 2 | 3 | 6 Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыштар үшін 1/4 дюймдік жылдам алмастыру патроны бар бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0607453631) қолжетімді. BT-ANGLEEXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыштар үшін 1/4 дюймдік жылдам алмастыру патроны бар бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0607453630) қолжетімді. Алмалы-салмалы аспапты орнату Жылдам алмастыру патронын (25) алға қарай тартыңыз. Алмалы-салмалы аспапты (1) құрал бекіткішіне (2) салып, жылдам алмастыру патронын қайтадан жіберіңіз. Алмалы-салмалы аспаптарды тек жарамды жалғағыш ұштықтармен (1/4 дюймдік алты қырлы) пайдаланыңыз. Осы жылдам алмастыру патронына бұрғыны салуға тырыспаңыз. Ажырату тіркесімі бар өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш пен өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыш бұрғылауға арналмаған. Тіркесім автоматты түрде ескертусіз өшіп қалуы мүмкін. Тіркесімді өшіргеннен кейін бұрғылауды жалғастырсаңыз, ажырату тіркесімі қайта жұмыс істегенше электр құралы қолыңыздан шығып кетуі мүмкін. 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 237 Алмалы-салмалы аспапты шығару Жылдам алмастыру патронын (25) алға қарай тартыңыз. Алмалы-салмалы аспапты (1) құрал бекіткішінен (2) шығарып, жылдам алмастыру патронын жіберіңіз. Сыртқы төрт қырлы оймалы бастиек үшін құралды алмастыру u Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы- салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды. BT-ANGLEEXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыштар үшін 1/4 дюймдік төрт қырлы бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0607453617) және 3/8 дюймдік дюймдік төрт қырлы бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0607453620) қолжетімді. BT-ANGLEEXACT 2 | 7 | 17 | 23 | 30 Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыштар үшін 3/8 дюймдік төрт қырлы бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0607451618) қолжетімді. Алмалы-салмалы аспапты орнату Аспап патронының (2) төрт қырлы басындағы штифтіні, мысалы, жіңішке бұрауышпен ішке басып, алмалы- салмалы аспапты (1) төрт қырлы бас үстінен жылжытыңыз. Штифт алмалы-салмалы аспап ойығына кіргеніне көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспапты шығару Штифтіні алмалы-салмалы аспап (1) ойығының ішіне басып, алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішінен (2)
Ішкі алты қырлы оймалы бастиек жағдайында құралды алмастыру (Cсуретін қараңыз) u Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы- салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды. BT-ANGLEEXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыштар үшін 1/4 дюймдік ішкі алты қырлы бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0607453618) қолжетімді. Алмалы-салмалы аспапты орнату Алмалы-салмалы аспапты (1) құрал бекіткішінің (2) ішкі алты қырлы ойығына шерту дыбысымен тірелгенше
Алмалы-салмалы аспапты шығару Алмалы-салмалы аспапты (1) құрал бекіткішінен (2) қажетінше қысқашпен тартып шығарыңыз.
Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды кемейтеді. Пайдалануға ендіру Электр құралын іске қосу қажет болса, алдымен айналу бағытын ауыстырып-қосқышпен (13) айналу бағытын
Электр құралы айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (13) ортада тұрмаған жағдайда ғана іске қосылады (іске қосылудан қорғайтын құлып). Айналу бағытын реттеу (Dсуретін қараңыз) u Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты(13) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз. Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (13) солға тірелгенше басыңыз. Сол жаққа айналу бағыты: бұрандаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып- қосқышты (13) оңға тірелгенше басыңыз. Жұмыс шамын іске қосу Жұмыс шамы (20) қолайсыз жарықтықтандыру жағдайында бұранда кіргізу жерін жарықтандыруға көмектеседі. Жұмыс шамын (20) ажыратқышты (12) ақырындап басу арқылы іске қосуға болады. Ажыратқышты қаттырақ бассаңыз, электр құралы қосылып, жұмыс шамы жанып тұрады. u Жұмыс шамына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін.
Бұрауыштарда айналу моментіне тәуелді ажырату тіркесімі бар, ол белгіленген диапазонда реттеледі. Ол орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін іске
Нұсқау: егер бұрауышты кернеу адаптерімен бірге пайдалансаңыз, алдымен кернеу тұрақтандырғышын іске қосу қажет. Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (12) тірелгенше
Электр құралы орнатылған айналу моментіне жеткенде автоматты түрде өшеді. u Ажыратқыш (12) мерзімінен бұрын босатылса, алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпейді. Жұмыс бойынша нұсқаулар u Электр құралы радио интерфейсімен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, Bosch Power Tools 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020)238 | Қазақ мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда, ескеру
u Құрылғыны реттеу, керек-жарақтарды алмастыру немесе электр құралын ажырату алдында қуат көзінен ажыратыңыз. Осы сақтық шарасы электр құралының кенет іске қосылуына жол бермейді. u Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін. u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
Бұрау моментін реттеу (E – Gсуреттерін қараңыз) Бұрау моменті ажырату тіркесімінің серіппелерінің алдын ала керілісіне байланысты болады. Ажырату тіркесімі оң және сол жаққа айналу кезінде орнатылған бұрау моментіне жеткеннен кейін ажыратылады. Жеке бұрау моментін орнату үшін тек бірге жеткізілген реттегіш құралды (26) пайдаланыңыз. Электр құралындағы ысырманы (7) артқа қарай толық жылжытыңыз. BT-ANGLEEXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30 Алты қырлы дөңбек кілтті (27) алмалы-салмалы аспапқа (26) салып, оны баяу бұраңыз. Корпус саңылауында кіші дөңес жер (реттегіш шайба (28)) тіркесімде көрінгенде, реттегіш құралды (26) осы дөңес жерге қойып бұраңыз. BT-EXACT 2 | 4 | 6 |7 | 8 | 9 | 12 Алты қырлы дөңбек кілтті (27) құрал бекіткішіне (2) салып, оны баяу бұраңыз. Корпус саңылауында кіші дөңес жер (реттегіш шайба (28)) тіркесімде көрінгенде, реттегіш құралды (26) осы дөңес жерге қойып бұраңыз. Сағат тілінің бағытымен бұрағанда үлкенірек бұрау моменті, ал сағат тілінің бағытына қарсы бұрағанда кішірек бұрау моменті пайда болады. Реттегіш құралды (26) шығарыңыз. Тіркесімді ластанудан қорғау үшін ысырманы (7) қайтадан алға жылжытыңыз. Нұсқау: қажетті реттеу бұрандалы қосылымның түріне байланысты болады және практикалық тәжірибе өткізу арқылы анықталуы тиіс. Сынақ бұрап бекітуді динамометрлік кілтпен тексеріңіз. u Айналу моментін тек берілген қуат диапазонында реттеңіз, әйтпесе ажырату тіркесімі жұмыс
Жарық диодты индикатор Аккумулятор заряды деңгейінің
Аккумуляторды (18) зарядтау қажет болғанда, жарық диодты индикатор (11) жасыл түспен жыпылықтап, дыбыстық сигнал беріледі. Содан кейін 6 – 8 бұрандалы қосылым ғана жасау мүмкін
Егер жарық диоды қызыл түспен жанса, бұл жаңа бұрандалы қосылым үшін қуаттың жеткіліксіз екендігін немесе электр құралын артық жүктеме түскенін білдіреді. Электр құралын бұдан былай іске қосу мүмкін болмайды. Іске қосылудан қорғайтын құлып аккумулятор электр құралынан шығарылып, зарядталған аккумулятор салынғанша белсенді болып қалады. Егер кернеу адаптерімен жұмыс істесеңіз, қызыл түсті жарық диодты индикатор (11) артық жүктеменің түскенін
Жарық диодты индикатор (11) қызыл түспен жыпылықтаса, бұл электр құралы қызып, оның істен шыққаның білдіреді. Электр құралын қайта іске қосудан бұрын жыпылықтау қысқа мерзімде автоматты түрде сөнгенше күтіңіз. Әр зарядтағаннан кейін электр құралының пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумуляторды ауыстыру керектігін білдіреді. Тозған аккумуляторларды заңды / елге тән нұсқамалар бойынша кәдеге жаратыңыз. Нұсқау: егер аккумулятордың (18) орнына кернеу адаптері мен 4EXACT кернеу тұрақтандырғышын пайдалансаңыз, жарық диодты индикатор (11) қызмет
Бұрандалы қосылымдардың индикаторы Алдын ала орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін ажырату тіркесімі ажыралады. Жарық диодты индикатор (9) жасыл түспен жанады. Егер алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпесе, жарық диодты индикатор (9) қызыл түспен жанып, дыбыстық сигнал беріледі. Бұрап бекітуді тағы бір рет орындау керек. Bluetooth® қосылымының индикаторы Ажыратқышты (12) басып, Bluetooth® қосылымын іске қосыңыз. Қызыл түсті жарық диодты индикатор (10) бұрауыш қосылымды іздеп тұрғанша жыпылықтайды. Жарық диодты индикатордың (10) қызыл түспен үздіксіз жанып тұруы Bluetooth® қосылымының орнатылғанын білдіреді. Алайда бұрауыш әлі де бұғатталып тұрады. Егер бұрауыш EXAConnecT негізгі станциясынан босатылса, жарық диодты индикатор (10) сөнеді. Егер жарық диодты индикатор (10) ажыратқышты басқаннан кейін қысқа жыпылықтап сөнсе, бұл бұрауыштың қуатпен жабдықталуы қосылым үшін жеткіліксіз болып қалғанын білдіреді. Қайталанудан қорғаныс Бұрандалы қосылымда ажырату тіркесімі босатылса, қозғалтқыш өшеді. Қайта іске қосу тек 0,7секундтық үзілістен кейін мүмкін болады. Осылайша қатты бұрандалы қосылымдардың қате тартылуына жол
Бұрыштық оймалы бастиекті жылжыту BT-ANGLEEXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 239 Бұрыштық оймалы бастиекті (3) жалпы сегіз күйге ауыстыруға болады. Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецтің кілт жазықтығында (5) мықтап ұстаңыз. u Электр құралын корпус қабығында қысуға
Айыр тәрізді кілтпен (4) кілт жазықтығында (16) жаппа гайканы босатыңыз. Бұрыштық оймалы бастиекті (3) қалаулы күйге 45°-қа жылжытып, айыр тәрізді кілтпен (4) кілт жазықтығында (16) жаппа гайканы қайтадан тартып
Бұл ретте айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецке тіреп тұрыңыз. Жарық диодты жұмыс шамын жылжыту (Hсуретін
BT-ANGLEEXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30 Белгілеу шеңберін (19) жұқа бұрауыш парағымен, қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз. Серіппелі тежегіш сақинаны (29) серіппелі тежегіш сақина қысқышымен артқа қарай корпус сыртына жылжытыңыз. Жарық диодты жұмыс шамын (20) жабатын жарық диоды ұстағышының (15) екі жартысын да енді қалаулы күйге келтіруге болады. Жарық диодты жұмыс шамындағы кабельді зақымдамай, тиісті корпус қабығындағы қуысқа (30) бүктемей жылжытыңыз. Жарық диодты жұмыс шамын (20) жарық диоды ұстағышының (15) екі корпус қабығымен қайтадан жауып қойыңыз. Серіппелі тежегіш сақинаны (29) және белгілеу шеңберін (19) қайтадан әдепкі күйіне қайтарыңыз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Электр құралын майлау
Беріліс қорабына арналған май (225 мл) Өнім нөмірі 3 605 430 009 Моликот майы SAE 10/SAE 20 мотор майы – Алғашқы 150 жұмыс сағатынан кейін беріліс қорабын жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушісінің пайдалану және кәдеге жарату нұсқауларын орындаңыз. Беріліс қорабын беріліс қорабына арналған Bosch майымен майлаңыз. Алғаш рет тазалаудан бастап тазалау процедурасын әр 300 жұмыс сағатынан кейін қайталаңыз. – Ажырату тіркесімінің жылжымалы бөліктерін 100 000 бұрап бекіту әрекетінен кейін бірнеше тамшы SAE10/ SAE20 мотор майымен майлаңыз. Сырланатын және айналмалы бөліктерді моликот майымен майлаңыз. Жағдай болғанда тіркесімнің тозған-тозбағанын тексеріп, қайталанушылық пен дәлдікке әсер етілмегеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін тіркесімнің айналу моментін қайта орнату қажет. u Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер орындауы тиіс. Осылайша электр құралының қауіпсіздігі сақталады. Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды жылдам және сенімді түрде орындайды. u Майлағыш және тазалағыш заттарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату қажет. Заңдық нұсқамаларды орындаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Bosch Power Tools 1 609 92A 5P3 | (06.04.2020)240 | Română Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыш BT-EX- ACT Өнеркәсіптік аккумуляторлық
бұрауыш BT- ANGLEEXACT Өнім нөмірі
Notice-Facile