GAS 55 M AFC Professional - Шаңсорғыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GAS 55 M AFC Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Су және шаң сорғыш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GAS 55 M AFC Professional |
| Сүзгі классы | M (VLE ≥ 0,1 мг/м³ шаңдар) |
| Номиналды тұтынылатын қуат | 1 200 Вт |
| Ыдыстың жалпы көлемі | 55 л |
| Сұйықтықтар үшін таза көлем | 40 л |
| Шаң қапшығының көлемі | 27 л |
| Максималды сирету (сорғыш) | 230 гПа |
| Максималды сирету (турбина) | 254 гПа |
| Максималды ағын (сорғыш) | 36 л/с |
| Максималды ағын (турбина) | 74 л/с |
| Максималды сору қуаты | 1 380 Вт |
| Бүктемелі сүзгінің белсенді беті | 0,615 м² |
| Салмағы (EPTA бойынша) | 16,2 кг |
| Қорғаныс индексі | IPX4 |
| Дыбыс қысымының деңгейі | 70 дБ(А) (типтік), 80 дБ(А) аса алады |
| Қуат көзі | 230 В, 50–60 Гц |
| Негізгі функциялар | Құрғақ/сұйық сору, автоматты қосу/өшіру, автоматты сүзгі тазалау (AFC), ағынды бақылау, қуат реттегіш |
| Қауіпсіздік | Ыдыс толғанда автоматты тоқтау (өткізгіш сұйықтықтар), дыбыстық сигнал, бұрылатын дөңгелектің тежегіші |
| Кіретін керек-жарақтар | Сору шлангі, еден/ерін сорғыш, түзу сорғыш, түтік, бұрыш, адаптер, бір реттік қап, жалпақ бүктемелі сүзгі |
| Күтім | Деңгей датчиктерін тазалау, сүзгіні ауыстыру, ыдысты босату |
| Сатудан кейінгі қызмет | Bosch, қосалқы бөлшектер www.boschpt.com сайтында қолжетімді |
Жиі қойылатын сұрақтар - GAS 55 M AFC Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GAS 55 M AFC Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GAS 55 M AFC Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GAS 55 M AFC Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GAS 55 M AFC Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпараты өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (ендіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз – көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. - тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Сорғыш үшін қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
▶ Бұл шаңсорғыш балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген, тәжірибесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттанулар қауіпі пайда болады.
▶ Балаларға абай болыңыз. Балалардың шаңсорғышпен ойнамауына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ
Шаңсорғышты пайдалану, соратын заттектер мен оларды
дұрыс жою туралы қажетті ақпаратты алғаннан соң ғана шаңсорғышты пайдаланыңыз. Нұсқаулықтарды дөл орындау орынсыз пайдалану мен жарақаттануларды азайтады.
ЕСКЕРТУ
Шаңсорғыш құрғақ заттектерді және тиісті шаралар арқылы
сұйықтықтарды да соруға арналған. Сұйықтықтар тиюі ток соғу қаупін арттырады.
▶ Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер сияқты жанғыш немесе жарылатын сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе жарылуы мүмкін.
Розетканы тек пайдалану нұсқаулығында белгіленген мақсаттарда пайдаланыңыз.
мақсаттарда пайдаланыңыз.
Көбік немесе су шықса, шаңсорғышты бірден өшіріп, контейнерін тазалаңыз.
Кері жағдайда шаңсорғыш зақымдануы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Шаңсорғышты тек ішкі бөлмелерде сақтау қажет. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Сұйықтық толтыру сенсорын жүйелі түрде тазалап, оның зақымдалмағанын тексеріңіз. Кері жағдайда шаңсорғыш дұрыс істемеуі мүмкін. Электр құралды ылғалды ортада пайдалану қажет болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді. ▶ Шаңсорғышты тиісті тәртіппен жерге қосылған ток желісіне қосыңыз. Розетка мен ұзартқышта жұмыс істейтін қорғайтын сым болуы қажет. Әр пайдаланудан алдын шаңсорғышты, кабельді және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз, шаңсорғышты пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқа бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған шаңсорғыш, кабель және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады. Кабельді баспаңыз немесе оны жаншып тастамаңыз. Айырды розеткадан шығару немесе шаңсорғышты жылжыту үшін кабельді тартпаңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады.
▶ Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді. Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. - Шаңсорғышты тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы шаңсорғыш қауіпсіздігін сақтайсыз.
Шаңсорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шаңды жұтады.
Босату мен жөндеуді, соның ішінде шаң жинау контейнерін тазалауды мамандарға орындатыңыз. Тиісті химиялық затқа қарсы киім қажет болады. Шаңсорғышты толық сүзгі жүйесінсіз пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.
▶ Пайдалану алдында сорғыш шлангтың ақаусыз болуына көз жеткізіңіз. Шаң таралмауы үшін сорғыш шлангі шаңсорғышқа қосулы тұрсын. Шаңды жұтып жіберу мүмкін. ▶ Шаңсорғыш үстіне отырмаңыз. Шаңсорғышты бұзуыңыз мүмкін. Желі кабелін және сорғыш шлангын абайлап пайдаланыңыз. Олардың өзге адамдарға зиян келтіруі мүмкін. ▶ Шаңсорғышты тікелей бағытталған су ағынымен тазаламаңыз. Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Белгілер
Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы



АБАЙ БОЛЫНЫЗ! Барлық қауіпсіздік нұсқауларын және ескертпелерін оқып шығыңыз. Қауіпсіздік нұсқауларын және ескертпелерін сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін.
IEC/EN 60335-2-69 бойынша М класындағы шектік мәні ≥ 0,1 мг/м³ болған денсаулыққа зиянды шаңды құрғақ соруға арналған шаңсорғыш
АБАЙ БОЛЫНЫЗ! Шаңсорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шаңды жұтады. Босату мен жөндеуді, соның ішінде шаң жинау контейнерін тазалауды мамандарға орындауға тапсырыңыз. Тиісті қорғаныш киімі қажет болады. Шаңсорғышты толық сүзгі жүйесінсіз пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.
Белгілер мен олардың мағынасы

Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш керек-жарақтарын және/немесе электр құралын бос орынды үнемдеп сақтау үшін шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде L-Boxx шертуге болады.

L-Boxx шертілгенде шаң соруға болмайды. Шаңсорғыштың ауырлық орталығы жоғары жылжытылады. Шаңсорғыш құлауы мүмкін. Жарақаттану мен зақымдану қаупі бар.

Ең көбі бір ғана L-Boxx шертіңіз.
max. 1 L-Boxx max. 15 kg
L-Boxx және ішіндегісінің салмағы 15 кг-нан артық болмауы тиіс.

Тасымалдау үшін шаңсорғышты кран ілгішіне ілмеңіз.
Шаңсорғышты кранмен көтеруге болмайды. Жарақаттану мен зақымдану қаупі бар.

Шаңсорғыш үстіне отырмаңыз, баспаңыз немесе тұрмаңыз.
Кері жағдайда шаңсорғыш құлауы немесе зақымдануы мүмкін. Жарақат алу қаупі бар.


Іске қосу/тоқтату автоматикасы
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңды сору Шаңсорғыш автоматты түрде қосылып, шамалы уақыттан соң қайта өшеді

Жиналған шаңды сору

15 15 мм шланг диаметрі үшін ауа ағынын бақылау
22 22 мм шланг диаметрі үшін ауа ағынын бақылау
35 35 мм шланг диаметрі үшін ауа ағынын бақылау

Min/Max Сору қуатын бірқалыпты реттеу:
– шаңның үлкен мөлшері пайда болатын жұмыстарға арналған максималды сору қуаты
– шаңның азырақ көлемі пайда болатын жұмыстар үшін және жалғанған электр құралы мен дайындама беті арасындағы сору қуатын реттеу үшін (мысалы, ажарлау кезінде) қолданылатын азайтылған сору қуаты

AFC Сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC = Automatic Filter Cleaning)

Жалғанған электр құралының рұқсат етілген қосылым қуаты туралы деректер (елге байланысты)
Өнім және қуат сипаттамасы
Мақсаты бойынша қолдану
Құрылғы ағаш жоңқасын және жанбайтын құрғақ шаңды, жанбайтын сұйықтықтарды және су мен ауа қоспасын алу, сору, тасымалдау және ажыратуға арналған.
Шаңсорғышта шаңның пайда болуы тексеріліп, ол М шаң класына сәйкес келеді. Ол кәсіпорындарда, мысалы, шеберханада, өнеркәсіпте және зауыттарда пайдалануға қойылатын жоғары талаптарға сай келеді.
IEC/EN 60335-2-69 бойынша М класындағы шаңсорғыштарды тек шектік мәні ≥ 0,1 мг/м³ болған денсаулыққа зиянды шаңды сору үшін пайдалануға болады.
Шаңсорғышты тек барлық қызметтерді толық бағалап, шектеусіз орындай алатын болғанда немесе тиісті нұсқаулықтарды алғаннан соң пайдалану керек.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдас бөліктердің нөмірлері суреттері бар беттердегі шаңсорғыштың сипаттамасына негізделген.
(1) Контейнер (2) Шаңсорғыш жалғағышына арналған тығын (3) Шланг қысқышы (4) Сорғыш шланг ұстағышы (5) Электр құралының розеткасы (6) Ауа ағынын реттегіш (7) Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (8) Сору қуатын реттегіш (9) AFC түймесі
(10) Тұтқа
(11) L-Вохх патроны
(12) Бағыттайтын қапсырма
(13) Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігі
(14) Кабель ұстағышы
(15) Шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің құлпы
(16) Жүгіргі дөңгелек
(17) Баскару дөңгелегінің тежегіші
(18) Баскару дөңгелегі
(19) Бағыттайтын деңгелек капсырмасы
(20) Сузгі каптамасының пластинасы
(21) Тесік кондырма/кисайған кондырмага арналған ұстағыш
(22) Сору кубырларына арналған ұстағыш
(23) Ағызу шлангісі
(24) Едендік саптамаға арналған ұстағыш
(25) Сору адаптері
(26) Косымша сору саңылауы
(27) Сорғыш шланг
(28) Кисайған қондырма (29) Кокыс кабы (30) Жалпак қатпарлы сүзгі (ПЭС) (31) Тесік кондырма (32) Резенке жиек (33) Кылшакты жолдар (34) Едендік саптама (35) Сору кубыры (36) Шланг устағышының патроны (37) Батырма (38) Бакылау жарык диоды (39) Сузгі каптамасы (40) Толтыру деңгейінің датчиктері
Техникалық мәліметтер
| Ынғалды/құрғақ,шаңсорғыш | GAS 55 М AFC |
| Өнім нөмірі | 3 601 JC3 3.. |
| Номиналды тұтынылатын куат Вт 1200 | |
| Жиілік Гц 50–60 | |
| Контейнер көлемі (брутто) л 55 | |
| Нетто салмағы (сұйықтық) л 40 | |
| Шаң жинағыш қаптың көлемі л 27 | |
| макс. төменгі қысымA) | |
| – Шаңсорғыш гПа 230 | |
| – Турбина гПа 254 | |
| макс. көлемді ағынA) | |
| – Шаңсорғыш л/с | 36 |
| M3/c 0,036 | |
| – Турбина л/с | 74 |
| M3/c 0,074 | |
| макс. сору куаты Вт 1380 | |
| Қатпарлы сүзгі ауданы м | 2 0,615 |
| Шаң класы М | |
| Салмағы ЕРТА-Procedure01:2014 сай | кг 16,2 |
| Қорғаныс класы | ⊕/І |
| Қорғаныс түрі | IPX4 |
A) ∅ 35 мм және ұзындығы 3 м сору шлангымен өлшелген Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бүл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
182 | Казак
Iске косу/токтату автоматикасы
Жұмыс кернеуі максималды қуат
минималды қуат
230 В 2200 Вт 100 Вт
Жалғанған электр құралының рұқсат етілген қосылым қуаты туралы мәліметтер. Елге тән басқа үлгілерде осы мәндер өзгешеленуі мүмкін. Шаңсорғыштың розеткасындағы мәліметтерге назар аударыңыз.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN 60335-2-69 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.
Шаңсорғыштың амплитуда бойынша өлшенген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 70 дБ(А) құрайды. К дәлсіздігі = 3 дБ. Жұмыс орнындағы шуыл деңгейі 80 дБ(А) шамасынан артық болуы мүмкін.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Тербелу жалпы мәндері an (үш бағыттың векторлық сомасы) және К дәлсіздігі EN 60335-2-69: an<2,5 м/с², K = 1,5 м/с² бойынша реттелген.
Орнату
▶ Барлық жұмыстардан алдын шаңсорғыш айырын розеткадан шығарыңыз.
Сорғыш шлангінің ұстағышын орнату (А суретін қараңыз)
- Сорғыш шлангінің ұстағышын (4) жоғарыдан арнайы патрондарға (36) тірелгенше кіргізіңіз.
Сорғыш шлангіні орнату (В суретін қараңыз)
– Сорғыш шлангіні (27) шланг қысқышына (3) салып, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: Сору шлангісінде және жабдықтарда шаң үйкелісінен электр заряды пайда болады, оны пайдаланушы статикалық ток разряды арқылы сезуі мүмкін (қоршаған орта әсерлеріне және дене сезімталдығына байланысты).
Жалпы ретте Bosch антистатикалық сору шлангісін (жабдықты) майда шаң немесе құрғақ материалдарды сору кезінде пайдалануды ұсынады.
Сору керек-жарақтарын орнату (С суретін қараңыз)
Сорғыш шлангісі (27) қысқыш жүйемен жабдықталған, оған сору керек-жарақтарын (сорғыш адаптер (25), қисайған қондырма (28)) қосуға болады.
- Қисайған қондырманы (28) сорғыш шлангісіне (27) сорғыш шлангісінің екі батырмасы (37) дыбыспен ілінгенше салыңыз.
- Содан кейін қажетті сору керек-жарақтарын (едендік қондырма, тесік қондырма, сорғыш құбыр және т.б.) қисайған қондырмаға (28) салыңыз.
– Шешу үшін батырмаларды (37) ішіне басып, құрамдас бөліктерді ажыратыңыз.
– Сору адаптерін (25) сору шлангісіне (27) сору шлангісінің екі басу түймешесі (37) дыбыспен ілінгенше салыңыз.
– Шешу үшін басу түймешелерін (37) ішіне басып, бөліктерді ажыратыңыз.
Қоқыс қабын немесе шаң жинағыш қапты орнату/шығару (құрғақ шаң сору) (D суретін қараңыз)
М шаң класы бойынша заттарды құрғақ сору үшін қоқыс қабын (29) немесе шаң жинағыш қапты орнату қажет.
Шектік мәні ≥ 1 мг/м³ болатын немесе болмайтын заттар (L шаң класы бойынша) сорылса, контейнерге тікелей соруға болады.
Нұсқау: сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC) функциясын өшіру қағаз сүзгі қабын пайдалану кезінде міндетті, ал тоқыма сүзгі қабын пайдалану кезінде қажетті болып табылады (қараңыз „Сүзгіні автоматты түрде тазалау (І суретін қараңыз)“, Бет 184).
ЕСКЕРТУ
Шаңсорғыш денсаулыққа зиян келтіретін шаңды жұтады.
Босату мен жөндеуді, соның ішінде шаң жинау контейнерін тазалауды мамандарға орындатыңыз.
Тиісті химиялық затқа қарсы киім қажет болады. Шаңсорғышты толық сүзгі жүйесінсіз пайдаланбаңыз. Кері жағдайда денсаулығыңызға зиян келуі мүмкін.
Қоқыс қабын орнату
– Құлыптарды (15) ашып, шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (13) ашыңыз.
– Қоқыс қабын (29) толтыру саңылауымен бірге алға қарай контейнер (1) ішіне енгізіңіз.
– Толтыру саңылауын жалғағыш фланецтен оның қуысына дейін тартыңыз.
– Қоқыс қабының (29) контейнердің (1) ішкі қабырғаларымен толығымен жанасқанына көз жеткізіңіз.
– Қоқыс қабының (29) қалдығын контейнер (1) шетінен қағыңыз.
– Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (13) орнатып, құлыптарды (15) жабыңыз.
Қоқыс қабын шығару және құлыптау
– Құлыптарды (15) ашып, шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (13) ашыңыз.
– Толы қоқыс қабын (29) жалғағыш фланецтен артқа қарай тартып шығарыңыз.
– Қоқыс қабын (29) зақымдамай контейнерден (1) ақырындап шығарыңыз. Қоқыс қабының жалғағыш фланецке немесе басқа өткір заттарға тимегеніне көз жеткізіңіз.
– Желімдеу таспасының қаптамасын шешіп, қоқыс қабын желімдеңіз. Содан кейін қоқыс қабын (29) толтыру саңылауының астынан тартылған желімдеу таспасының қаптамасымен байлаңыз.
Шаң қабын алмастыру/орнату (керек-жарақ)
- Құлыптарды (15) ашып, шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (13) ашыңыз. – Толық шаң қабын қосу фланецінен шығарыңыз. Шаң қабының тесігін қақпағымен жабыңыз. Жабық шаң қабын шаңсорғыштан контейнерден (1) алып қойыңыз.
- Жаңа шаң қабын шаңсорғыш ернемектік біріктіргішіне кигізіңіз. Шаң қабының контейнер (1) ішінде толықтай жатуына көз жеткізіңіз.
- Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (13) орнатып, құлыптарды (15) жабыңыз.
Резеңке жиекті орнату (ылғалды сору) (Е суретін қараңыз)
Нұсқау: өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (L шаң класы) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
– Қылшақты жолды (33) арнайы құралдың көмегімен едендік саптамадан (34) көтеріп алыңыз.
- Резеңке жиекті (32) едендік саптамаға (34) салыңыз.
Нұсқау: резеңке жиектерінің құрылымды жағы сыртқа қарап тұруы керек.
L-BOXX шерту (F суретін қараңыз)
Шаңсорғышты тасымалдау және шаңсорғыш керек-жарақтарын және/немесе электр құралын бос орынды үнемдеп сақтау үшін шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінде L-BOXX шертуге болады.
- L-BOXX патрондарын (11) шертіңіз.
L-BOXX шертілгенде шаң соруға болмайды. Шаңсорғыш салмағы жоғары жылжытылады. Шаңсорғыш құлауы мүмкін. Жарақаттану мен зақымдану қаупі бар.
▶ Шаңсорғышты шертілген L-BOXX тұтқасынан көтермеңіз. Шаңсорғыш L-BOXX тұтқасы үшін өте ауыр болып табылады. Жарақаттану мен зақымдану қаупі бар.
Пайдалану
▶ Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдалануға ендіру
Желі куатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты шаңсорғыштың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В деп белгіленген
зарядтау құралдарын 220 В шамасында да пайдалануға болады.
▶ Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет алыңыз.
Шаңсорғышты төмендегі материалдарды сору үшін пайдалануға болады:
– Шектік мәні ≥ 0,1 мг/м³ болған шаң Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар аймақтарда пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш шлангіні (27) шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінен (13) толық алыңыз.
Құрғақ сору
Жиналған шаңды сору
– Ауа ағынын реттегішті (6) пайдаланылған шланг диаметріне сай реттеңіз.
- Шаңсорғышты іске қосу үшін, жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Сору" белгісіне жылжытыңыз.
- Шаңсорғышты өшіру үшін, жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Шаңсорғыш ауа ағынын бақылау құралымен жабдықталған. Ауа ағынын бақылау құралы "Сору" жұмыс режимінде 20 м/с шамасына реттелген, бұл ауа ағынын реттегіштің (6) күйіне байланысты болмайды.
Егер бұл мән төмендесе, мысалы, сорғыш шлангідегі сорылған, толған шаң қабы немесе қосылған жалпақ қатпарлы сүзгі себебінен, дыбыстық сигнал беріледі. Бұл жағдайда шаңсорғышты өшіріп, "Ақаулықтарды жою" тарауында сипатталғандай тексеріңіз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңды сору (G суретін қараңыз)
Ауа бөлмеге шықса, бөлмеде жеткілікті ауа алмасу көрсеткіші (L) болуы керек. Тиісті заңдарға назар аударыңыз.
Шаңсорғышқа жерге қосылған розетка (5) кіріктірілген. Осы жерге сыртқы электр құралын жалғауға болады. Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген қосылым қуатына назар аударыңыз.
Сору орнында жеткілікті шаңның тасымалдануын қамтамасыз ету үшін ауа ағыны қосылған электр құралы үшін минималды ауа ағынынан кем болмауы керек.
| Шланг диаметрі Ауа ағынының реттелген | |
| мәні | |
| 35 мм 57,9 м | 3 /caf |
| 22 мм 41,2 м | 3 /caf |
| 15 мм 12,7 м | 3 /caf |
– Ауа ағынын реттегішті (6) пайдаланылған шланг диаметріне сай реттеңіз. - Сору адаптерін (25) орнатыңыз (қараңыз „Сору адаптерін орнату“, Бет 182).


- Сору адаптерін (25) электр құралының сору штуцеріне салыңыз.
Нұсқау: сорғыш шлангіге ауа кірісі аз болған электр құралдарымен жұмыс істегенде (мысалы, жұқа ара, ажарлағыш т.б.), қосымша ауа саңылауы (26) сору адаптерінде (25) ашық болуы тиіс. Тек осылайша сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы ақаусыз жұмыс істеуі мүмкін.
Ол үшін қосымша ауа саңылауының (26) үстіндегі сақинаны саңылау барынша ашылғанша бұраңыз.
– Шаңсорғыштың іске қосу/тоқтату автоматикасын іске қосу үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Іске қосу/тоқтату автоматикасы" белгісіне орнатыңыз.

Осы жұмыс режимінде ауа ағыны реттегіштері (6) параметрге сәйкес электрондық түрде бақыланады. Дұрыс таңдалған параметрде жеткілікті шаң тасымалдануы қамтамасыз етіледі.
- Шаңсорғышты қолданысқа енгізу үшін розеткаға (5) жалғанған электр құралын іске қосыңыз. Шаңсорғыш автоматты түрде іске қосылады.
– Электр құралын өшіріп, соруды тоқтатыңыз. Іске қосу/тоқтату автоматикасы сорғыш шлангіде қалған шаңды сорып шығару үшін 15 секундқа дейін қосымша жұмыс істейді.
– Шаңсорғышты өшіру үшін, жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Егер дыбыстық сигнал берілсе, шаңсорғышты "Ақаулықтарды жою" тарауында сипатталғандай тексеру керек.
Ылғалды шаң сору (Н суретін қараңыз)
▶ Шаңсорғышпен бензин, май, алкоголь, еріткіштер сияқты жанғыш немесе жарылғыш сұйықтықтарды сормаңыз. Ыстық немесе жанатын шаңдарды сормаңыз. Жарылу қаупі бар бөлмелерде шаңсорғышты пайдаланбаңыз.
Шаңдар, булар немесе сұйықтықтар жануы немесе жарылуы мүмкін.
▶ Шаңсорғышты сорғы ретінде пайдалануға болмайды. Шаңсорғыш ауа және су қоспасын соруға арналған.
Нұсқау: өткізу деңгейіне қойылатын талаптар (L шаң класы) құрғақ сору функциясы үшін ғана расталды.
Ылғал шаңсору алдындағы жұмыс қадамдары
– Қажет болса, қоқыс қабын (29) немесе шаң жинағыш қапты шығарып алыңыз.
Нұсқау: су мен қатты заттек қосындысын сору кезінде оңай қоқысқа тастау үшін ылғал сүзгі қабын (керек-жарақ) пайдаланыңыз, ол сұйықтықты қатты заттектерден ажыратады.
– Резеңке жиекті (32) едендік саптамаға (34) орнатыңыз (қараңыз „Резеңке жиекті орнату (ылғалды сору) (Е суретін қараңыз)“, Бет 183). – Сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC) функциясын өшіріңіз (қараңыз „Сүзгіні автоматты түрде тазалау (I суретін қараңыз)“, Бет 184).
– Шаңсорғышты іске қосу үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Сору" белгісіне жылжытыңыз.
Шаңсорғыш толтыру деңгейінің датчиктерімен (40) жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жетсе, шаңсорғыш өшеді. Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз.
Нұсқау: ток өткізбейтін сұйықтықтарды сору кезінде (мысалы, бұрғылау эмульсиясы, майлар) шаңсорғыш контейнердің толы күйінде өшпейді. Толтыру деңгейін жүйелі түрде тексеру және контейнерді дер кезінде босату керек.
Ылғал шаң сору кезінде дыбыстық сигнал берілсе, шаңсорғыштың жұмыс қауіпсіздігі төмендемейді.
Ақаулықты жою үшін ешқандай шара қолдану қажет емес.
– Шаңсорғышты өшіру үшін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (7) "Өшіру" белгісіне жылжытыңыз. – Ағызу шлангісін (23) ұстағышынан суырып, кір суды ағызу шлангісі арқылы ағызыңыз. – Шаңсорғышты тасымалдау үшін тығынды (2) шланг патронына (3) бұрап бекітіңіз. – Контейнерді (1) босатыңыз.
Ылғал шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу үшін:
– Жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) шығарып, оны жақсылап кептіріңіз. – Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (13) алып, сүзгі қаптамасын (39) ашыңыз және екеуін де жақсылап кептіріңіз.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау (1-суретті қараңыз)
Сүзгіні автоматты түрде тазалау (AFC = Automatic Filter Cleaning) кезінде жалпақ қатпарлы сүзгі (30) бүкіл 15 секунд бойы ауа соққысы арқылы тазаланады (импульстік шуыл).
Сору қуаты жеткіліксіз болса, сүзгіні тазалау қажет.
Сүзгі тазалауды жүйелі түрде пайдалану арқасында сүзгінің пайдалану мерзімі ұзарады.
Сүзгінің оңтайлы пайдалану мерзіміне қол жеткізу үшін сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек ерекше жағдайда ғана өшіріңіз, мысалы, таза сұйықтықты сору немесе қағаз сүзгі қабын пайдалану кезінде.
Беті ластанған жалпақ қатпарлы сүзгі толықтай жұмысқа қабілетті. Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп тазарту керек емес және мұндай әрекеттерден сүзгіге зақым келуі мүмкін.
Нұсқау: сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы зауытта қосылады.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек құрылғы қосулы болғанда қосуға/өшіруге болады.
- AFC функциясын ажырату
AFC түймесін (9) басыңыз. Бақылау жарықдиоды (38) өшеді.
- AFC функциясын іске қосу
AFC түймесін (9) басыңыз. Бақылау жарық диоды (38) жасыл түспен жанады.
Техникалық күтім және қызмет көрсету
Қызмет көрсету және тазалау
▶ Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді. Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз. ▶ Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Шаңсорғышты қызмет көрсететін қызметкерлер мен өзге адамдарға қауіп тудырмайтын ретте ажырату, тазалау және қызмет көрсету керек. Тәуекелдерге жол бермеу үшін, шаңсорғышты бөлшектеу алдында тазалау керек. Шаңсорғышты бөлшектеу жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек. Қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Қызмет көрсеткен соң қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған адам сүзгінің зақымдалуы, шаңсорғышқа ауа кірмейтіндігі және бақылау құрылғысының жұмыс істеуі сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет. Ластанған ортада тұрған М класындағы шаңсорғыштардың сыртқы жағы және барлық машина бөліктері тазаланып, герметикпен өнделуі тиіс. Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
Жалпақ қатпарлы сүзгіні шығару/алмастыру (J1–J2 суреттерін қараңыз)
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сүзгіні жүйелі түрде тазалаңыз.
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) дереу алмастырыңыз.
– Пластинаны (20) тартып, сүзгі қаптамасын (39) ашыңыз. – Жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) қалқасынан ұстап, оны жоғары қарай шығарыңыз. – Жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) шығару кезінде түсетін шаң мен кірді ылғалды шүберекпен сүзгі қаптамасының (39) жиегінен кетіріңіз. ПЭС және ПТФЭ жалпақ қатпарлы сүзгісін су ағынының астында шаюға болады. – Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) орнатып, оның берік және дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. – Сүзгі қаптамасын (39) қайтадан жауып қойыңыз (шерту дыбысымен тірелуі тиіс).
– Контейнерді (1) стандартты выскаланбайтын тазалау құралымен тазалап кептіріңіз.
Толтыру деңгейінің датчиктерін тазалау (К суретін қараңыз)
Толтыру деңгейінің датчиктерін (40) қажетінше тазалаңыз.
– Құлыптарды (15) ашып, шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (13) шығарып алыңыз.
– Толтыру деңгейінің датчиктерін (40) жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
– Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (13) орнатып құлыптарды (15) жабыңыз.
Сактау мен тасымалдау
Сақтау (L суретін қараңыз)
– Желілік кабельді кабель ұстағышына (14) ораңыз. – Керек-жарақтарды өзінің арнайы ұстағыштарына салыңыз: сору құбырларын (35) - (22) ұстағыштарына, тесік қондырманы (31) - (21) ұстағышына, едендік саптаманы (34) - (24) ұстағышына. – Сорғыш шланг ұстағышының (4) ілмек таспасын ашып, сорғыш шлангіні (27) шаңсорғыш жоғарғы бөлігінің айналасынан ұстағышқа (4) салыңыз. Ілмек таспаларды қайта іліңіз. – L-Boxx қорабын патрондарына (11) шертіңіз. – Шаңсорғышты құрғақ бөлмеге қойыңыз және рұқсатсыз пайдаланудан қорғаңыз. – Баскару дөңгелектерін (18) бекіту үшін баскару дөңгелектерінің тежегішін (17) төмен басыңыз.
Тасымалдау (М суретін қараңыз)
– Шаңсорғышты тасымалдау үшін тығынды (2) шланг патронына (3) бұрап бекітіңіз. – Шаңсорғышты тек тұтқасынан (10) ұстап тасымалдаңыз. – Бағыттайтын қапсырманы (12) пайдаланып, шаңсорғышты жылжытыңыз немесе шаңсорғышты баскыш алаңының үстінен тартыңыз.
186|Қазақ
Ақаулықтарды жою
▶ Егер ақаулық пайда болса, (мысалы, сүзгі бұзылған болса) шаңсорғышты дереу өшіру керек
болады. Қайта іске қосудан алдын ақаулықты жою керек.
Ақаулық Шешім
| Сору турбинасы жұмыс істемей түр. – Желілік кабельді, желілік ашаны, сақтандырғышты, розетканы және толтыру деңгейінің датчиктерін (40) тексеріңіз. | |
| Сору турбинасы өшеді. | – Контейнерді (1) босатыңыз. |
| Сору турбинасы контейнер босатылғаннан кейін де жұмыс істемей түр. | – Шаңсорғышты өшіріп, 5 секунд күтіңіз, 5 секунд өткеннен кейін қайта қосыңыз. |
| – Толтыру деңгейінің датчиктерін (40) және датчиктердің (40) бос орнын қылшақлен тазалаңыз. | |
| Сору қуаты темендеді. | – Сору саптамасын, сору құбырын (35), сорғыш шлангіні (27) немесе жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) жиналып қалған кірден тазартыңыз. |
| – Қоқыс қабын (29) немесе шаң жинағыш қапты алмастырыңыз. | |
| – Сүзгі қаптамасын (39) дұрыс бекітіңіз. | |
| – Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (13) дұрыс орнатып, құлыптарын (15) жауып қойыңыз. | |
| – Жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) алмастырыңыз. | |
| Шаң сору кезінде шаң шығып жатыр | – Жалпақ қатпарлы сүзінің (30) дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. |
| – Жалпақ қатпарлы сүзгіні (30) алмастырыңыз. | |
| Өшіру автоматикасы (ылғал шаң сору) жұмыс істемей түр. | – Толтыру деңгейінің датчиктерін (40) және датчиктердің (40) бос орнын қылшақлен тазалаңыз. |
| Сүйықтықтар ток өткізбейтін болса немесе көбік пайда болса, өшіру автоматикасы жұмыс істемейді. | |
| – Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз. | |
| Дыбыстық ескерту сигналы беріледі. | Тым төмен сору қуаты орнатылған. |
| – Сору қуатын реттегішті (8) жоғарырақ мәнге орнатыңыз. | |
| Дұрыс емес шланг диаметрі орнатылған. | |
| – Ауа ағынын реттегішті (6) сору шлангінің дұрыс диаметріне сәйкес орнатыңыз. | |
| Сорғыш шланг (27) бітелген немесе буктелген. | |
| – Бітелісті немесе бүктелуді кетіріңіз. | |
| Қоқыс қабы/шаң жинағыш қап толып кетті. | |
| – Қоқыс қабын (29) немесе шаң жинағыш қапты алмастырыңыз. | |
| Жалпақ қатпарлы сүзгі (30) ластанған. | |
| – Жаопақ қатпарлы сүзгіні тазалаңыз немесе қажет болса, алмастырыңыз. | |
| Жалғанған электр құралы арқылы жеткілікті ауа ағыны өтпей жатыр. | |
| – Қосымша ауа саңылауын (26) сору адаптерінде (25) ашыңыз: сору адаптеріндегі сақинаны қосымша ауа саңылауы толығымен ашылғанша бұрап тұрыңыз. | |
| – Бар болса: электр құралының қосымша ауа саңылауын ашыңыз. | |
| Бақылау электроникасы қате жұмыс істеп түр. | |
| – Bosch өкілетті сервистік орталығына хабарласыңыз. | |
Ақаулық Шешім
| Сүзгіні автоматы түрде тазалау функциясы жұмыс істемей түр. | – Сүзгі тазалау функциясын іске қосыңыз (АFC түймесін (9) басыңыз). |
| – Сорғыш шлангіні (27) жалғаныз. | |
| Сүзгіні автоматы түрде тазалау функциясын өшіру мүмкін емес. | – Bosch өкілетті сервистік орталығына хабарласыңыз. |
| Сүзгіні автоматы түрде тазалау функциясын қосу мүмкін емес. | – Bosch өкілетті сервистік орталығына хабарласыңыз. |
Керек-жарақтар
| Керек-жарак нөмірі | |
| Қағаз сүзгі қабы (құрғақ) 2 607 432 035 | |
| Тоқымалы сүзгі қабы (құрғақ) 2 607 432 037 | |
| Ылғал сүзгі қабы (ылғалды) 2 607 432 039 | |
| Қоқыс қабы (ПЭ) (құрғақ/ылғалды) | 2 607 432 043 |
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.
Қазақстан Республикасы 050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Ciz: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Кәдеге жарату
Шаңсорғышты, оның жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Шаңсорғышты үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар
бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі және мемлекеттік заңдарға сәйкес пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.