DGE5661HM - DGE5661HM-942022568 - плита AEG - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit

Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil DGE5661HM - DGE5661HM-942022568 AEG au format PDF.

Page 149
Assistant notice
Powered by ChatGPT
En attente de votre message
Informations produit

Marque : AEG

Modèle : DGE5661HM - DGE5661HM-942022568

Catégorie : плита

Téléchargez la notice de votre плита au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice DGE5661HM - DGE5661HM-942022568 - AEG et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil DGE5661HM - DGE5661HM-942022568 de la marque AEG.

MODE D'EMPLOI DGE5661HM - DGE5661HM-942022568 AEG

AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіншіліктерін барынша толық қолдану үшін бірнеше минутыңызды бөліп, осы ақпаратты оқып шығыңыз. Біздің веб-сайтымызға кіріңіз жəне: Қолдану жөніндегі кеңестерді, брошюраларды, ақауларды іздеу жəне кетіру жөніндегі ақпаратты, сервистік ақпаратты алыңыз: www.aeg.com Үздік қызмет алу үшін өз бұйымыңызды тіркеңіз: www.aeg.com/productregistration Өз бұйымыңызға керек-жарақтарды, шығын материалдарын жəне түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді сатып алыңыз: www.aeg.com/shop

ТАПСЫРЫСКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ СЕРВИС

Əрқашан түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді қолданыңыз. Авторластырылған сервис орталығына жүгінген кезде, сізде келесі деректердің бар екендігіне көз жеткізіңіз үлгісі, бұйым нөмірінің коды (PNC), сериялық нөмірі. Ақпаратты төлқұжат тақтайшасынан табуға болады. Ескерту / сақтық шаралары жəне қауіпсіздік туралы ақпарат Жалпы ақпарат жəне кеңестер Қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат Ақпарат алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Құрылғыны орнатар жəне оны қолданар алдында нұсқауды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау немесе пайдалану нəтижесінде туындаған зақым немесе нұқсандар үшін өндіруші жауапкершілік алмайды. Келешекте пайдалану үшін осы нұсқаулықты қауіпсіз əрі қол жетімді жерде сақтаңыз. 1.1 Балалар мен мүгедектердің қауіпсіздігі • Бұл құрылғыны кемінде 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен адамдар немесе тиісті тəжірибесі мен білімі жоқ адамдар тек оларды тиісті қадағалау немесе осы құрылғыны пайдалануға байланысты қауіптерді түсінгендеріне кепілдік беретін құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулықтан өткеннен соң ғана қолдануы мүмкін. • 3-8 жас аралығындағы балалар жəне кең жəне күрделі сипаттағы мүгедектер, егер оларға тұрақты бақылау қамтамасыз етілмесе, құрылғыны пайдалана алмайды. • 3 жасқа дейінгі балалар, егер оларға тұрақты бақылау қамтамасыз етілмесе, құрылғыны пайдалана алмайды • Балалар құрылғыны ойыншық ретінде қолдана алмайды. • Қаптаманы балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз жəне дұрыс түрде утилизациялаңыз. • Балалар мен жануарлар жұмыс істейтін құрылғыға қол жеткізе алмайды. • Балаларға құрылғыны бақылаусыз тазартуға немесе қызмет көрсетуге рұқсат берілмейді. 1.2 Жалпы қауіпсіздік ережелері • Құрылғы пештердің, плиталардың жəне басқа да ас даярлауға арналған құрылғылардың үстінен үйде пайдаланылуына арналған. • Кез келген техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бастамас бұрын, құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз. • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қолжетімді бөлшектер, ас үй аспаптарымен бірге қолдану кезінде қызуы мүмкін. • Құрылғымен бірге келетін бекіту бұрандаларын ғана пайдаланыңыз; егер олар жеткізілмесе, орнату нұсқаулығында ұсынылған бұрандаларды пайдаланыңыз. • Құрылғыны бекіту үшін желімді пайдаланбаңыз.

• Егер басқасы орнату бойынша нұсқаулықта көрсетілмеген болса, газды аспаптың төменгі бөлігімен даярлауға арналған ас үй жабдықтары орналасқан ас үй пешінің бетімен арасындағы минималды арақашықтық 65 см-ді құрауы керек. Егер ас үй пешін орнату бойынша нұсқаулықта үлкен арақашықтық көрсетілген болса, оны ескеру қажет. • Өңделген ауаның шығарылуы қолданыстағы жергілікті заңнамаға сəйкес даярлануы керек. • Газды немесе басқа да жанармай түрлерін, соның ішінде ашық отты жағатын жағымсыз газдардың кері ағымының құрылғыға кіру қауіпін болдырмау үшін құрылғы орнатылған бөлмеде жақсы желдету жүйесі қарастырылған болуы керек. • Желдету саңылауының жабық еместігіне жəне құрылғымен алынатын ауа басқа құрылғылардың түтінін жəне буын жоюға арналған ауа құбырына берілмейтіндегіне көз жеткізіңіз (орталықтан жылыту жүйесі, термосифондар, су жылытқыштары жəне т.б.). • Құрылғы басқа құрылғылармен жұмыс істеген кезде бөлмедегі максималды вакуум 0,04 мбар аспауы керек. • Қуат сымын зақымдап алмауы үшін мұқият болыңыз. Зақымдалған қуат сымын алмастыру үшін біздің өкілетті қызмет көрсету орталығына немесе элетрикке хабарласыңыз. • Құрылғы қуат көзіне тікелей қосылған болса, электр сымдары құрылғыны осы көзден мүлдем ажыратуға мүмкіндік беретін ажыратқышпен жабдықталуы керек. Толық ажыратылу III санатындағы асқын кернеу үшін белгіленген шарттарға сай болуы керек. Ажырату үшін пайдаланылатын құрылғы сымдық қағидаларға сəйкес тұрақты сымдармен қосылуы керек. • Құрылғы астындағы жалынды қолданбаңыз. • Құрылғыны қауіпті немесе жарылғыш заттарды жəне материалдар мен буларды жою үшін пайдаланбаңыз. • Беттік материалдың нашарлауына жол бермеу үшін құрылғыны үнемі тазалап отыру керек. • Құрылғыны жұмсақ шүберекпен үнемі сүртіп тұрыңыз. • Құрылғының бетін тазалау үшін бумен тазалағыштарды, су бүріккішін, абразивті тазалағыштарды немесе өткір металл қырғыштарды қолданбаңыз. Тек бейтарап жуғыш заттарды пайдаланыңыз.

• Өрт қаупін болдырмау үшін май сүзгілерін үнемі тазалап (кем дегенде əрбір 2 ай сайын) жəне құрылғыдан майларды алып тастаңыз. •Құрылғының ішін тазалау үшін матаны немесе щетканы пайдаланыңыз.

2. ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР 2.1 Орнату НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жарақат алу, тоқ соғу, күйіп қалу немесе құрылғыны зақымдау қаупі бар. • Құрылғыны орнату тек білікті маманмен орындалуы керек. • Зақымдалған құрылғыны орнатпаңыз жəне қолданбаңыз. • Құрылғымен бірге келген орнату нұсқауларын сақтаңыз. • Құрылғының үлкен салмағын ескере отырып, əрқашан оны жылжытқан кезде мұқият болыңыз. Əрқашан қорғаныс қолғаптарын жəне толық жабық аяқ киімді пайдаланыңыз. • Құрылғыны орнатпас бұрын, барлық орауыштарды, жапсырмаларды жəне қорғаныш пленкаларын алып тастаңыз. • Қ а б ы р ғ а д а ғ ы с а ң ы л ау а р қ ы л ы ауаны өткізбеңіз, егер бұл мақсатқа арналмаған болса.

2.2 Электр қосылымы НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өрт жəне ток соғу қаупі бар • Электр қосылымын тек білікті маман орындауы тиіс. • Кестедегі параметрлердің қуат көзінің сипаттамаларына сəйкес келетініне көз жеткізіңіз. • Егер ( ) белгісі техникалық ақпараттық тақтайшасында басылмаған болса, құрылғыны жерге қондыру керек. • Əрқашан дұрыс орнатылған жəне толық оқшауланған розетканы пайдаланыңыз. • Қуат сымын аспалы қалыпта қалдырмаңыз.

Бірнеше розетк алар немесе ұзартқыш сымдары бар адаптерлерді пайдаланбаңыз. • Розетка бос болса, құрылғыны оған қоспаңыз. • Құрылғыны қуат сымын тарту арқылы ажыратпаңыз. Əрқашан айырғышты тартып шығарыңыз. • Элек тр тоғымен зақымданудан сақтайтын жəне оқшауланған бөлшектерге қарсы қорғаныс құралдары о н ы қ ұ р а л д а рд ы п а й д а л а н ус ы з бөлшектеуіне жол берілмейтіндей орнатылуы керек. • Құрылғының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Бос жəне сəйкес келмейтін қуат сымы буындардың қызып кетуіне себеп болуы мүмкін. • Құрылғыны орнату аяқталғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатқаннан кейін қуат көзіне қол жеткізе алатыныңызға көз жеткізіңіз.

2.3 Қолдану НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жарақат алу жəне ток соғу қаупі бар. • Құрылғы тек тамақ пісіруге арналған. Оны көрсетілгеннен өзгеше мақсатта қолданбаңыз. • Құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз. • Құрылғыны дымқыл қолмен немесе сумен байланыста пайдаланбаңыз. • Құрылғымен бірге берілген керекжарақтарды ғана пайдаланыңыз. • Асты даярлау мен қуыру барысында майлар жалынмен немесе ыстық заттармен жанаспауы керек. • Ашық грильдерді қолданбаңыз. • Құрылғыны басқа заттарды сақтауға арналған түпқойма ретінде қолданбаңыз. • Құрылғының жарық көзіне тікелей қарау

үшін үлкейтуге арналған əйнектерді, көзілдіріктерді немесе басқа ұқсас оптикалық аспаптарды пайдаланбаңыз.

2.4 Қызмет көрсету • Құрылғыны жөндеу үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. • Тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерін пайдаланыңыз.

4. БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жарақат немесе тұншығып қалу қаупі бар. • Құрылғыны дұрыс утилизациялау туралы ақпаратты жергілікті билік органдарына хабарласып алуға болады. • Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз. • Құрылғы жанындағы қуат сымын кесіп тастаңыз жəне оны утилизациялаңыз.

3. ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ КӨРСЕТУ

Eрт қаупін болдырмау үшін май сүзгілерін тозу деңгейіне жеткізбестен, кем дегенде 2 ай сайын тазартыңыз. Kолмен немесе ыдыс жуғышта бейтарап жуғыш зат көмегімен тазалаңыз. Ыдыс-аяқ жуғышта тазалаған кезде сүзгілердің əлсіз өзгеруі олардың жұмысына ешқандай əсер етпейді.

Жүргізілген көмір сүзгісі тазаланбайды жəне оны жаңартуға болмайды жəне əр төрт айда бір рет қолданғаннан кейін немесе аса қарқынды пайдалану жағдайында жиі ауыстырылуы керек.

А батырмасы: жарықты ажыратқыш. В батырмасы: бірінші жылдамдықты ауыстырғыш / ҚОСУ/ӨШІРУ қозғалтқышы. С батырмасы: екінші жылдамдықты ауыстырғыш / ҚОСУ/ӨШІРУ сигналы. Егер сорынды өшірулі болса, осы батырманы басу жəне 3 секунд бойы ұстап тұру бұрыштық сүзгілер сигналын ҚОСАДЫ (жарықдиод L2 екі рет жыпылықтайды). Қайта басу жəне 3 секунд бойы ұстап тұру сигналды ӨШІРЕДІ (жарықдиод L2 екі рет жыпылықтайды). Өздігінен сигнал өшірулі. D батырмасы: үшінші жылдамдықты ауыстырғыш / қайта жүктеу. Егер сорынды өшірулі болса, осы батырманы басу жəне 3 секунд бойы ұстап тұру сүзгі сигналын (май жəне бұрыштық сүзгілер) ҚАЙТА ЖҮКТЕУГЕəкеледі, ал жарықдиод L3 үш рет жыпылықтайды. Е батырмасы: жоғары жылдамдықты ауыстырғыш / қашықтықтан басқару. Егер қозғалтқыш жұмыс істеп тұрса, бұл батырма 6 минутқа жоғары жылдамдықты белсендіреді (жарықдиод 4 жанады); осы кезеңнің соңында қозғалтқыш автоматты түрде осы функцияны пайдаланғанға дейін белгіленген жылдамдыққа автоматты түрде ауысады. Егер сорынды өшірулі болса, осы батырманы басу жəне 3 секунд бойы ұстап тұру қашықтықтан басқару жүйесімен

инфрақызыл диапазонда байланысты қосады/өшіреді. Қашықтықтан басқару жүйесі қосулы кезде, жарықдиод 4 екі рет жыпылықтайды; қашықтықтан басқару жүйелері өшірулі кезде, жарықдиод 4 рет жыпылықтайды. Жарықдиод L5: Сүзгі сигналы. Жанып тұрған жарықдиод L5 май сүзгілерін тазалау қажеттілігін білдіреді (40 сағат жұмыс). Жыпылықтаушы жарықдиод L5 бұрыштық сүзгілерді ауыстыру (160 сағат жұмыс) жəне май сүзгілерін тазалау қажеттілігін білдіреді. Егер сору моделі сүзгілік емес болса жəне бұрыштық сүзгілермен жабдықталмаса, онда май сүзгілерін ғана тазалау керек. Сүзгі сигналы шамамен 30 секунд дыбысталады. Сағат есептеуішті ҚАЙТА ЖҮКТЕУДІ өткізу үшін, сорынды қосулы кезде D нүктесін басып, 3 секунд бойы ұстап тұру керек.

НҰСҚАСЫ СҮЗГІЛЕУІШ НЕМЕСЕ АРНАЛЫ? Сорғыш сүзгі немесе арна нұсқасы болуы мүмкін. Қандай түрді орнату керек екенін шешу керек. Ең жақсы өнімділік үшін, сорғыштың түтікше нұсқасын орнатуды ұсынамыз (мүмкіндігінше). Арна нұсқасы Сорғыш ауаны тазалайды жəне оны шығару түтігі арқылы шығарады. Сүзгі нұсқасы Сорғыш ауаны тазалайды жəне таза ауаны бөлмеге қайтарады.

6.ЖАРЫҚТАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ

Егер шағылысушы зақымдалған болса, оны тек өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе қауіпті болдырмау үшін бірдей дағдыға ие адам ауыстыруы керек.

7.ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ белгісімен белгіленген материалдар қайта өңделуі керек. Орам материалдарын өңдеу үшін оларды дайындалған қоқыс контейнерлеріне салыңыз. Қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау үшін электр жəне электрондық жабдықтардың қалдықтары қайта өңделуі тиіс. белгісімен белгіленген құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайды. Өнімді қалдықтарды өңдеуші жергілікті ұйымға немесе жергілікті билік органдарына хабарласу керек.