GCM 80 SJ Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCM 80 SJ Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCM 80 SJ Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCM 80 SJ Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCM 80 SJ Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз 1 609 92A A0B | (28.08.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 207 – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы Bosch Power Tools 1 609 92A A0B | (28.08.2024)208 | Қазақ болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
Бұрыштық ара үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Бұрыштық ара ағаш немесе ағаш сияқты өнімдерді аралауға арналған, оларды абразивті кесу дөңгелектерімен брус, шыбық, шеге және т.б. сияқты темір материалдарды аралауға пайдалану мүмкін емес. Абразивті аралаудағы ұшқындар төменгі тіреуішті, ішпек және басқа бөлшектерді жандырады. u Дайындаманы ұстау үшін мүмкін болса қысқыштарды пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен ұстасаңыз, қолыңызды ара дискісінен кемінде 100мм қашықтықта ұстаңыз. Қысу үшін немесе қолмен ұстау үшін тым кіші бөлшектерді кесу үшін бұл араны пайдаланбаңыз. Егер қолыңыз ара дискісіне тым жақын болса, дискіге тиюден шығатын ұшқындардан жарақаттану қауіпі жоғары
u Дайындама тұрақты болып тіреуіш пен үстелге қысылуы немесе тірелуі керек. Дайындаманы дискіге жылжытпаңыз немесе қолмен апармаңыз. Қысылмаған немесе жылжымалы дайындамалар жоғары жылдамдықта лақтырылып жарақаттауы
u Араны дайындамаға басыңыз. Араны дайындамадан тартпаңыз. Кесік істеу үшін ара басын көтеріп, дайындама жоғарысынан кеспей өткізіңіз, қозғалтқышты іске қосыңыз, ара басын төмен басып, араны дайындамаға басыңыз. Тартып аралау ара дискісін дайындама үстіне шығарып, дискіні операторға қарай лақтыруы мүмкін. 1 609 92A A0B | (28.08.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 209 u Қолыңызды ешқашан ара дискісінің алдында немесе артында кесу сызығына қоймаңыз. Басқа қолмен дайындаманы ұстау, мысалы, дайындаманы ара дискісінің оң жағында сол қолмен ұстау немесе терісі өте қауіпті. u Ешқашан қолыңызды ағаш жоңқаларын немесе басқа себептен дискі айналып тұрғанда ара дискісіне 100 мм-ден жақын тіреуіш арқасына апармаңыз. Айналып тұрған араның жақындығы дұрыс айқындалмай сіз қатты жарақаттануыңыз
u Кесуден алдын дайындаманы тексеріңіз. Егер дайындама қисайтылған немесе деформацияланған болса, оны сыртқы қисайтылған жағымен тіреуішке қысыңыз. Әрдайым кесік бойы дайындама, тіреуіш және үстел арасында аралық болмауына көз жеткізіңіз. Бұрылған немесе қисайған дайындамалар ширап, жылжып не айналып тұрған ара дискісін қысып қалуы мүмкін. Дайындамада шеге немесе басқа бөгде денелер болмауы тис. u Үстел барлық аспаптар, ағаш жоңқалары т.б. бос болмағанша араны пайдаланбаңыз. Кіші сынықтар немесе бос ағаш бөлшектері не басқа нысандар айналып тұрған дискіге тисе, олар жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін. u Бір уақытта тек бір ғана дайындаманы аралаңыз. Жинап қойылған бірнеше дайындамалар дұрыс қысылмай не бекітілмей аралау кезінде дискіні қысуы немесе жылжуы мүмкін. u Пайдаланудан алдын бұрыштық араның тегіс, тұрақты жұмыс аймағына бекітілуін немесе орналастырылуын қамтамасыз етіңіз. Тегіс және тұрақты жұмыс аймағы бұрыштық араның қимылдап кету қауіпін кемітеді. u Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу бұрышының параметрін өзгерткеніңізде, реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты “ҚОСУ”дан алдын және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз. u Үстелден үлкен дайындамалар үшін үстел кеңейткіші, аралау сандалы, т.б. сияқты көмекші аспаптар арқылы дұрыс ұстауды қамтамасыз етіңіз. Бұрыштық ара үстелінен ұзын немесе кең дайындамалар сенімді ұсталмаса аударылуы мүмкін. Егер кесілген бөлшек немесе дайындама аударылса, ол төменгі тіреуішті көтеруі немесе айналып тұрған дискімен лақтырылуы мүмкін. u Үстел кеңейткіші немесе қосымша тіреуі орнына басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты бекітілмесе дискі қысылуы немесе дайындама кесу кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған дискіге жақындатуы мүмкін. u Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін. u Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі тістеп дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы
u Дайындамаға тиюден алдын дискі толық жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама лақтырылу қауіпін кемітеді. u Егер дайындама немесе дискі тұрып қалса, бұрыштық араны өшіріңіз. Барлық істеп тұрған бөлшектердің тоқтағанын күтіп, ашаны қуат көзінен шығарыңыз /немесе батарея жинағын шығарыңыз. Сосын тұрып қалған материалды шығарыңыз. Дайындама тұрып қалған кезде аралауды жалғастыру бұрыштық араның бақылауы жоғалуына немесе зақымдалуына алып келуі мүмкін. u Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығарар алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып тұрған кезде оған қолды жақындату өте қауіпті. u Толық емес кесікті орындағанда немесе өшіргішті жібергенде тұтқаны ара басы толығымен төменгі күйге түскенше қатты ұстаңыз . Араның тоқтау әрекеті ара басын кездейсоқ төменгі тартып жарақаттану қауіпіне алып келуі мүмкін. u Ара бастиегі ең астыңғы күйге жеткен кезде, тұтқаны жібермеңіз. Ара бастиегін әрдайым қолмен ең жоғарғы күйге қайтарыңыз. Егер ара бастиегі бақылаусыз жылжыса, бұл жарақат алу қаупін тудыра алады. u Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін. u Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске, тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін. u Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін. u Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз. Араның орнату құралдарына сай болмаған дискілер теңерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді. u Электр құралы істеп тұрғанда кесу қалдықтарын, ағаш жоңқаларын т.б. кесу аймағынан алыстатпаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен тоқтау күйіне келтіріп, электр құралын өшіріңіз. u Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз. Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады. Bosch Power Tools 1 609 92A A0B | (28.08.2024)210 | Қазақ
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі. Белгілер мен олардың мағынасы Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз. Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы
Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ немесе қолды осы аймақтан мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз. Тік еңіс бұрыштарында аралау кезінде жылжымалы тіреуіш планканы сыртқа қарай тарту керек. Жылжымалы тіреуіш планканы жылжыту үшін ортаңғы бұғаттау бұрандасын босату керек. Екі сыртқы бекіткіш бұранданы босатуға
D d Ара төсемінің өлшемдерін ескеріңіз (ара төсемінің диаметрі D, саңылау диаметрі d). Саңылау диаметрі d аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі керек. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара төсемінің қалыңдығына және саңылау диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Мүмкіндігінше ара төсемімен бірге жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз. Ара төсемінің диаметрі D белгідегі дерекке сәйкес келуі керек. Белгілер мен олардың мағынасы Сондай-ақ "Техникалық деректер" тарауындағы "Жарамды ара төсемдерінің өлшемдері" бөлімін
Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы тік қойылатын құрылғы ретінде қатты және жұмсақ ағашта, сондай-ақ жоңқалық және талшықтық плиталарда кесудің түзу бағытымен бойлық және көлденең кесу жұмыстарын орындауға арналған. Бұл ретте -47° және +47° аралығындағы көлденең еңіс бұрыштары және 0° және +45° аралығындағы тік еңіс бұрыштары болуы мүмкін. Тиісті ара дискілерін пайдаланған кезде алюминий профильдері мен пластикті аралауға болады. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Монтаждық саңылаулар (2) Аралау үстелінің қысқыш бұрандасы (3) Аралау үстелінің ұзартқышы (4) Ұстау ойықтары (5) Еңіс бұрышының шкаласы (көлденең) (6) Жылжымалы тіреуіш планка (7) Бұрандалы қысқыш (8) 45° стандартты еңіс бұрышына арналған тірек
(9) 45° еңіс бұрышына арналған тіреуіш бұранда (тік) (10) Кез келген еңіс бұрышына арналған қысқыш тұтқа (тік) (11) Тарту аспабының бекіткіш бұрандасы (12) Тарту аспабы (13) Жоңқаны шығаруға арналған келте құбыр (14) Жоңқа бағыттауышы (15)
(17) Манипуляторды босатуға арналған бұғаттау
(18) Қорғаныш қаптама 1 609 92A A0B | (28.08.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 211 (19) Маятниктік қорғаныш қаптама (20) Сырғанақ дөңгелек (21) Тіреуіш планка (22) Аралау үстелі (23)
(24) Еңіс бұрышына арналған бұрыш индикаторы
(25) Кез келген еңіс бұрышын бекіткіш тетік
(26) Еңіс бұрышын алдын ала реттеу иінтірегі
(27) Аударылудан қорғаныс (28) Стандартты еңіс бұрышына арналған ойықтар
(29) Шпиндель бекіткіші (30) Тасымалдауға арналған бекіткіш (31) Еңіс бұрышының шкаласы (тік) (32) Еңіс бұрышының индикаторы (тік) (33) 0° еңіс бұрышына арналған тіреуіш бұранда (тік) (34) 0° стандартты еңіс бұрышына арналған тірек (тік) (35) Алты қырлы дөңбек кілт (5мм) / крест ойықты
(36) Ара дискісін бекітуге арналған ішкі алты қырлы
(37) Қысқыш фланец (38) Ішкі қысқыш фланец (39) Ара дискісі (40) Жылжымалы тіреуіш планканың бұғаттау
(41) Бұрандалы қысқыш саңылаулары (42) Бұрандалы өзек (43) Ішпек бұрандалары (44) Бұрыш индикаторының бұрандасы (тік) (45) Бұрыш индикаторының бұрандасы (көлденең) Техникалық мәліметтер Панельдік ара GCM80SJ GCM800SJ GCM8000SJ GCM80SJ GCM800SJ GCM8000SJ Өнім нөмірі 3601M190.. 3601M1906. Номиналды тұтынылатын қуат Вт 1400 1250 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі мин
Іске қосу тогының шектеулері ● ●
кг 14,1 14,1 Қорғаныс класы /II /II Жарамды ара төсемдерінің өлшемдері Ара төсемінің диаметрі мм 216 216 Орта диск қалыңдығы мм 1,3–1,8 1,3–1,8 Макс. кесік ені мм 3,3 3,3 Саңылау диаметрі мм 30 30 A) Желілік қуат сымынсыз және қуат ашасынсыз салмағы Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Рұқсат етілген дайындама өлшемдері (қараңыз „Рұқсат етілген дайындама өлшемдері“, Бет215) Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac. Шуыл бойынша ақпарат EN62841-3-9 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. 3601M190..: Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 91дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 104дБ(А). Kдәлсіздігі=3дБ. Құлақ қорғанысын тағыңыз! 3601M1906.: Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 90дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 103дБ(А). Kдәлсіздігі=3дБ. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
Bosch Power Tools 1 609 92A A0B | (28.08.2024)212 | Қазақ Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару мәнін арттырады. Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
u Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол бермеңіз. Орнату кезінде және электр құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры тоққа қосылмауы керек. Жеткізу көлемі Пайдалану нұсқаулығында берілген жеткізу көлемінің сипаттамасына назар аударыңыз. Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз: – Ара дискісі орнатылған панельдік ара – Бұрандалы қысқыш (7) – Бекіткіш жинағы бар аралау үстелінің ұзартқышы (3) (2x қысқыш бұранда (2), тарту сақтандырғышы ретіндегі 2x крест ойықты бұранда) – Алты қырлы дөңбек кілт / крест ойықты бұрауыш (35) Нұсқау: Электр құралын зақымданулар барлығына тексеріңіз. Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер кедергісіз істеуін және қысылмауын немесе бөліктер зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек. Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек. Аралау үстелінің ұзартқыштарын монтаждау (A суретінқараңыз) Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (3) көмегімен солға немесе оңға үлкейтуге болады. – Аралау үстелінің ұзартқыштарын (3) аралау үстеліндегі саңылаулар арқылы шегіне дейін өткізіңіз. – Электр құралын жинақтағы екі крест ойықты бұранда тарту сақтандырғышы ретінде орнатылатындай етіп
Крест ойықты бұрандаларды аралау үстелінің ұзартқыштарындағы (3) арнайы ирек оймаға бұрап кіргізіңіз және крест ойықты бұрауышпен (35) тартып
– Электр құралын кері аударып, қысқыш бұрандаларды (2) аралау үстелінің ұзартқыштарын (3) бекіту үшін аралау үстеліндегі (22) арнайы ирек оймаға бұрап кіргізіңіз. Қатты немесе икемді орнату u Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж. Жұмыс аймағында орнату (B1 суретін қараңыз) – Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс аймағында бекітіңіз. Ол үшін (1) тесіктері көмектеседі. Bosch жұмыс үстелінде монтаждау Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған. u Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. u Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін мінсіз құру маңызды болып қалады. – Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
Иілмелі орнату (ұсынылмаған!) (B2 суретін қараңыз) Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде құлаудан сақтағышты орнату керек. u Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай, максималдық горизонтальды және/ немесе вертикальды еңіс бұрышындағы аралау кезінде құлауы мүмкін. – Құлаудан сақтауды (27) электр құрал жұмыс аймағында тура тұрғанша бұраңыз. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
1 609 92A A0B | (28.08.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 213 Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін. – Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз. – Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз. – Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз. Сыртқы сорғыш Шаң сору үшін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (13) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 35 мм) де жалғауға болады. – Шаңсорғыш шлангісін жоңқаны шығаруға арналған келте құбырға (13) жалғаңыз. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Ара дискісін алмастыру (C1−C4 суреттерін
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз. Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге сәй және EN847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз. Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді. Аралау дискісін шешу – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Ішкі алты қырлы бұранданы (36) алты қырлы дөңбек кілтпен (35) бұрап, дәл сол уақытта шпиндель бекіткішін (29) тірелгенше басыңыз. – Шпиндель бекіткішін (29) басып тұрып, бұранданы (36) сағат тілінің бағытымен бұрап шығарыңыз (сол жақ ирек ойма!). – Қысқыш фланецті (37) алып тастаңыз. – Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, маятниктік қорғаныш қаптаманы (19) тірелгенше артқа
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстап, ара дискісін (39) шығарып алыңыз. – Маятниктік қорғаныш қаптаманы қайтадан төмен қарай баяу апарыңыз. Аралау дискісін орнату u Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз! Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас бұрын тазалап шығыңыз. – Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, маятниктік қорғаныш қаптаманы (19) тірелгенше артқа қайырыңыз және осы күйде ұстаңыз. – Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (38)
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы қайтадан төмен қарай баяу апарыңыз. – Қысқыш фланецті (37) және бұранданы (36) орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (29) тірелгенше басып, бұранданы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (Dсуретінқараңыз) Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (30) электр құралын әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы пайдалануға көмектеседі. Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі) – Манипуляторды тұтқасында (16) аз төмен басып тасымалдау қорағауышын (30) босатыңыз. – Тасымалдау қорғағышын (30) толық сыртқа тартыңыз. – Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз. Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
– Бекіткіш бұранда (11) тарту аспабын (12) қысса, оны босатыңыз. Манипуляторды толығымен алға тартып, тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш бұранданы қайтадан тартыңыз. – Аралау үстелін (22) бұғаттау үшін бекіткіш тетікті (25) тартып қойыңыз. – Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, манипуляторды тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз. – Манипуляторды тасымалдау бекіткіші (30) толықтай ішке басылғанша төмен жылжытыңыз. Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып бұғатталған. Жұмыс істеуге дайындау Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады. Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
Bosch Power Tools 1 609 92A A0B | (28.08.2024)214 | Қазақ Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді. Тіреуіш планканы жылжыту (Eсуретін қараңыз) Тік еңіс бұрышында аралау кезінде жылжымалы тіреуіш планканы (6) жылжыту керек. – Бұғаттау бұрандасын (40) жеткізілім жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (35) босатыңыз. Екі сыртқы бекіткіш бұранданы босатуға болмайды! – Жылжымалы тіреуіш планканы (6) толықтай сыртқа қарай тартыңыз. – Бұғаттау бұрандасын (40) қайтадан мықтап тартыңыз. Тік еңіс бұрышында аралағаннан кейін жылжымалы тіреуіш планканы (6) кері жылжытыңыз (бұғаттау бұрандасын (40) босатыңыз; тіреуіш планканы (6) толығымен ішке жылжытыңыз; бұғаттау бұрандасын қайтадан тартып қойыңыз). Аралау үстелін ұзарту (Fсуретін қараңыз) Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып тіреу керек. Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (3) көмегімен солға немесе оңға үлкейтуге болады. – Қысқыш бұранданы (2) босатыңыз. – Аралау үстелінің ұзартқышын (3) қажетті ұзындыққа дейін сыртқа тартыңыз. – Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш бұранданы (2) қайтадан тартып қойыңыз. Дайындаманы бекіту (Gсуретін қараңыз) Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек. Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз. – Дайындаманы (6) және (21) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз. – Жинақтағы бұрандалы қысқышты (7) арнайы саңылауларға (41) енгізіңіз. – Бұрандалы қысқыштың бұрандалы өзегін (42) дайындама биіктігіне бейімдеңіз. – Бұрандалы өзекті (42) тартып, осылайша дайындаманы бекітіңіз. Көлденең еңіс бұрышын реттеу Горизонтальды стандартты еңіс бұрышын реттеу (H суретін қараңыз) Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін аралау үстелінде ойықтар (28)
45°; 22,5°; 15° 15°; 22,5°; 45° – Бекіткіш тетік (25) тартылған болса, оны босатыңыз. – Иінтіректі (26) бастып, аралау үстелін (22) қажетті ойыққа дейін солға немесе оңға бұраңыз. – Иінтіректі жіберіңіз. Иінтірек ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс. – Бекіткіш тетікті (25) қайтадан тартыңыз. Кез келген көлденең еңіс бұрышын реттеу Көлденең еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады. – Бекіткіш тетік (25) тартылған болса, оны босатыңыз. – Иінтіректі (26) тартыңыз, аралау үстелін (22) реттегіш тетігінен солға немесе оңға бұрап, бұрыш индикаторының (24) көмегімен қажетті көлденең еңіс бұрышын реттеңіз. – Бекіткіш тетікті (25) қайтадан тартыңыз. Тік еңіс бұрышын реттеу Тік еңіс бұрышын 0° (сол жақ) және 45° (оң жақ) аралығындағы диапазонда реттеуге болады. Жиі қолданылатын тік еңіс бұрыштарын жылдам әрі дәлме-дәл реттеу үшін 0° және 45° бұрыштары үшін берік позициялар қолданылады. Кез келген тік еңіс бұрышын реттеу (I суретін
– Жылжымалы тіреуіш планканы (6) толықтай сыртқа қарай тартыңыз. – Қысқыш тұтқаны(10) босатыңыз. – Манипуляторды тұтқасынан (16), бұрыш индикаторында (32) қажетті тік еңіс бұрышы көрсетілгенше қайырыңыз. – Манипуляторды осы күйде ұстап, қысқыш тұтқаны (10) қайтадан бұрап бекітіңіз. Пайдалануға ендіру u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. Қосу (Jсуретін қараңыз) – Іске қосу үшін ажыратқышты (15) басып тұрыңыз. Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (15) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет. Бұғаттау ажыратқышы (17) басылғанда ғана манипуляторды төмен жылжыту мүмкін болады. – Сондықтан аралау үшін ажыратқышты (15) іске қосумен қатар бұғаттау ажыратқышын (17) да басуыңыз керек.
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (15) жіберіңіз. Іске қосу тогының шектеулері Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр құралын қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16Асақтандырғышта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Нұсқау: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын 1 609 92A A0B | (28.08.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 215 шектеу керек емес. Электр құралын қызмет көрсету орталығына жіберу керек.
Жалпы аралау нұсқаулары u Бекіту тетігі(25) мен қысу тұтқасын (10) аралаудан алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін. u Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе оларды лайықтаңыз. Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз. Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді пайдаланыңыз. Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек. Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек. Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп, еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы күйінде бекітілуі керек. Оператордың күйін (K суретін қараңыз) u Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз. Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады. – Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын аралау дискісінен алыстатыңыз. – Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз. Жүріспен аралау – Тарту аспабымен (12) (кең дайындамаларды) кесу үшін тартылған бекіткіш бұранданы (11) босатыңыз. – Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын реттеп шығыңыз. – Дайындаманы (6) және (21) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз. – Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз. – Манипуляторды ара дискісі дайындама алдында тұрғанша (6) және (21) тіреуіш планкаларынан ары
– Электр құралын қосыңыз. – Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, манипуляторды тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз. – Енді манипуляторды (6) және (21) тіреуіш планкаларына қарай басып, дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз. – Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз. – Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз. Тарту қозғалысынсыз аралау (қыршу) (Lсуретін
– Тарту қозғалысынсыз кесіктер жасау үшін (кіші дайындамалар) тартылған бекіткіш бұранданы (11) босатыңыз. Манипуляторды (6) және (21) тіреуіш планкаларына қарай тірелгенше жылжытып, бекіткіш бұранданы (11) қайтадан тартып қойыңыз. – Қажет болса, қалаулы көлденең және/немесе тік еңіс бұрышын реттеп шығыңыз. – Дайындаманы (6) және (21) тіреуіш планкаларына қарай басыңыз. – Дайындаманы өлшемдерге сәйкес қысыңыз. – Электр құралын қосыңыз. – Бұғаттау ажыратқышын (17) басып, манипуляторды тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз. – Дайындаманы бірқалыпты жүріспен аралаңыз. – Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз. – Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз. Пайдалану нұсқаулары Рұқсат етілген дайындама өлшемдері Макс. дайындамалар саны: Көлденең еңіс
Тік еңіс бұрышы Биіктігі x ені
0° 0° 70 x 270 45° 0° 70 x 190 0° 45° 45 x 270 Мин. дайындамалар саны (= жинақтағы бұрандалы қысқыш(7) арқылы ара дискісінен сол немесе оң жақта қысуға болатын барлық дайындамалар): 100 x 40мм (ұзындығы x ені) Макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 70мм Арнайы дайындамалар Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде, оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің арасында бос орын пайда болмауы тиіс. Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет. Ішпектерді алмастыру (Mсуретін қараңыз) Ішпектер (23) электр құралын ұзақ пайдаланғаннан кейін тозуы мүмкін. Ақаулы ішпектерді алмастырыңыз. – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Бұрандаларды (43) алты қырлы дөңбек кілтпен (35) бұрап шығарып, ескі ішпектерді алып тастаңыз. – Жаңа оң жақ ішпекті салыңыз. – Ішпекті бұрандалармен (43) мүмкіндігінше ең оң жағына бұрап қойыңыз да, ара дискісі ықтимал тарту қозғалысының бүкіл ұзындығында ішпекке тимеуі
Bosch Power Tools 1 609 92A A0B | (28.08.2024)216 | Қазақ – Жұмыс қадамдарын жаңа сол жақ ішпек үшін дәл осылай қайталаңыз. Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады. Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі сенімді түрде өткізеді. Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз – Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз. – Аралау үстелін (22) 0° ойығына (28) дейін бұраңыз. Тұтқыш (26) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек. Тексеріңіз (N1 суретін қараңыз) – Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне (22) қойыңыз. Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара дискісінде (39) жатуы керек. Реттеу (N2суретін қараңыз) – Қысқыш тұтқаны (10) босатыңыз. – Тіреуіш бұранданың (33) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10мм)
– Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз. – Қысқыш тұтқаны (10) қайтадан тартыңыз. – Содан кейін тіреуіш бұранданың (33) контргайкасын қайтадан бұрап бекітіңіз. Егер бұрыш индикаторы (32) реттегеннен кейін шкаланың (31) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (44) стандартты крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен туралаңыз. 45° стандартты тік еңіс бұрышын реттеу – Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Аралау үстелін (22) 0° ойығына (28) дейін бұраңыз. Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс. – Қысқыш тұтқаны (10) босатып, манипуляторды қол тұтқасынан (16) тірелгенше солға (45°) бұраңыз. Тексеру (O1суретін қараңыз) – Бұрыштық калибрді 45° шамасына реттеп, оны аралау үстеліне (22) қойыңыз. Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде (39) жатуы керек. Реттеу (O2суретін қараңыз) – Қысқыш тұтқаны (10) босатыңыз. – Тіреуіш бұранданың (9) контргайкасын стандартты дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10мм)
– Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша ішке немесе сыртқа бұраңыз. – Қысқыш тұтқаны (10) қайтадан тартыңыз. – Сонан соң тіреуіш бұранданың (9) контргайкасын қайтадан бұрап бекітіңіз. Егер бұрыш индикаторы (32) реттелген соң 45° белгімен (31) шкаласында бір сызықта болмаса, алдымен қисайту бұрышы мен бұрыш индикаторының 0° параметрін тексеріңіз. Сосын қисайту бұрышының 45° параметрін тексеріңіз. Бұрыш индикаторын (көлденең) туралау (Pсуретін
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз. – Аралау үстелін (22) 0° ойығына (28) дейін бұраңыз. Иінтірек (26) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Бұрыш индикаторы (24) шкаланың (5) 0° белгісімен бір сызықта болуы керек.
– Бұранданы (45) жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісімен
– Бұранданы қайтадан тартыңыз. Тасымалдау (Qсуретін қараңыз) Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі қадамдарды орындау керек: – Бекіткіш бұранда (11) тартылған болса, оны босатыңыз. Манипуляторды толық алға тарта отырып, бекіткіш бұранданы қайтадан бұрап бекітіңіз. – Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз. – Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық керек-жарақтарды алып тастаңыз. Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз. – Көтеру немесе тасымалдау үшін ұстау ойықтарынан (4) аралау үстелі (22) жағынан ұстаңыз. u Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш аспаптарды пайдаланбаңыз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін, электр құралды және желдету саңылауларын таза қалыпта ұстаңыз. Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл 1 609 92A A0B | (28.08.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 217 өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Маятниктік қорғаныш қаптама (19) әрдайым еркін қозғалуы және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік қорғаныш қаптама айналасындағы аймақты әрқашан таза ұстаңыз. Әрбір жұмыс қадамынан кейін сығылған ауамен үрлеп шығару немесе қылшақтың көмегімен шаңды және жоңқаны кетіріңіз. Сырғанақ дөңгелекті (20) жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Шуылды төмендетуге арналған шаралар Өндіруші шаралары: – Жұмысты бірқалыпты бастау – Шуылды төмендету үшін арнайы құрастырылған ара дискісімен жеткізу Пайдаланушы шаралары: – Тұрақты жұмыс аймағында дірілсіз орнату – Шуылды төмендету функциялары бар ара дискілерін
– Ара дискісі мен электр құралын жүйелі түрде тазалау Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталық өнімді жөндеу және күтім, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба аласыз: www.bosch-pt.com Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мұнда таба аласыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Bosch Power Tools 1 609 92A A0B | (28.08.2024)218 | Română Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.) Кәдеге жарату Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет. Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз! Тек қана ЕО елдері үшін: Әрі қарай пайдалануға жарамайтын электр құралдарын бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз. Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Панельдік ара Өнім нөмірі
Notice-Facile