GST 18V155 SC Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GST 18V155 SC Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GST 18V155 SC Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GST 18V155 SC Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GST 18V155 SC Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 195 Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Bosch Power Tools 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022)196 | Қазақ Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 197 Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Жұқа аралар бойынша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. u Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Қолыңызды аралау аймағынан қашық ұстаңыз. Дайындама астына тимеңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін тудырады. u Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады. u Аралауда тіреу тақтасының тұрақты тұруына көз жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе керу соғуға алып келуі мүмкін. u Жұмысты аяқтағаннан соң электр құралын өшіріп, ара полотносы тоқтағаннан соң ғана оны кесіктен шығарыңыз. Осы арқылы кері соғудан сақтанып, электр құралының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. u Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз. Кисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті зақымдауы немесе кері соғуды тудыруы
u Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы тоқтатпаңыз. Ара полотносының бұзылуы, сынуы немесе керу соғу себебі болуы мүмкін. u Электр құралын тек тірек тақтасымен бірге қолданыңыз. Тірек тақтасынсыз жұмыс істеген кезде, электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылу қаупі
u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі
Bosch Power Tools 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022)198 | Қазақ u Абай болыңыз! Электр құралын Bluetooth
пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Электр құралын Bluetooth
бен медициналық құралдар, жанармай бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаубі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Bluetooth
бар электр құралын ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз. Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы қатты тірелген күйде ағаш, пластик, металл, керамикалық плитка, резеңке және ламинат/HPL (жоғары қысымды ламинат) бойынша кесіктер мен ойықтарды аралауға арналған. Ол тік және қиғаш кесіктер жасауға арналған. Ара төсемдері бойынша ұсыныстарға назар аударыңыз. Электр құралының деректері мен реттеулері кіріктірілген Bluetooth
технологиясы арқылы электр құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалданады. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Тұтқа (беті оқшауланған) (2) Пайдаланушы интерфейсі (3) Смартфон индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (4) ASC индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (GST18V‑155SC) (5) Электр құралының күйі индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (6) Жұмыс шамының индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (7) Жұмыс шамының түймесі (пайдаланушы интерфейсі) (8) Жүріс саны деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (9) Жүріс санын алдын ала таңдау түймесі (пайдаланушы интерфейсі) (10) Аккумулятор
(12) Аспирациялық келте құбырды құлыптан босату
(13) Тірек тақтасы (14) Пластик жылжыма (15) Ара төсемінің бағыттауышы (16)
(17) Жанасудан қорғаныс (18) Ара төсемінің бекіткіші (19) Ара төсемін босатуға арналған SDS иінтірегі (20)
(22) Тербелісті реттегіш иінтірек (23) Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысының қосқышы (24) Ара төсемінің бағыттауышын реттегіш саңылау (25) Ажыратқышты іске қосылудан қорғайтын құлып (GST18V‑155BC) (26) Алты қырлы дөңбек кілт (27) Жарылудан сақтайтын пластина (28) Сорғыға арналған қаптама (29) Аспирациялық келте құбыр (30) Сорғыш шланг
(31) Параллель тіректің бағыттауышы (32) Параллель тіректің реттегіш бұрандасы
(34) Бағыттауыш шина
(35) Бағыттауыш шина адаптері
(36) Айналмалы кескіш
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Аккумуляторлық жұқа ара GST 18V-155 SC GST 18V-155 BC Өнім нөмірі 3601EB00.. 3601EB10.. Номиналды кернеу V= 18 18 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 199 Аккумуляторлық жұқа ара GST 18V-155 SC GST 18V-155 BC Бос жүріс саны n₀ мин
800–3800 0–3800 Жүріс мм 26 26 Макс. кесік тереңдігі – ағашта мм 155 155 – алюминийде мм 20 20 – болатта (қорытпалар) мм 10 10 Салмағы EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай кг 2,3–3,3
Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0…+35 0…+35 Жұмыс кезіндегі
және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20…+50 –20…+50 Ұсынылатын аккумуляторлар GBA 18V… ProCORE18V… GBA 18V… ProCORE18V… Ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар GAL 18… GAX 18… GAL 36… GAL 18… GAX 18… GAL 36… Деректерді тасымалдау Bluetooth®
Bluetooth® 4.2 (Low Energy) Bluetooth® 4.2 (Low Energy) Макс. сигнал арақашықтығы
м 30 30 Қызметтік жиіліктер диапазоны MГц 2400–2483,5 2400–2483,5 Тарату күші, макс. мВт <1 <1 A) пайдаланған аккумуляторға байланысты B) <0 °C температураларында қуаты шектелген C) Мобильды терминалдар Bluetooth
төмен қуат құрылғылармен (4.2 нұсқасы) үйлесімді болуы және Generic Access Profile (GAP) қолдауы тиіс. D) Қол жеткізу қашықтығы сыртқы шарттарға, соның ішінде пайдаланылатын қабылдағыш құрылғыға байланысты қатты өзгешеленуі мүмкін. Жабық бөлмелердің ішінде және металл бөгеттерден (мысалы, қабырғалар, сөрелер, шабадан және т.б.) Bluetooth® қол жеткізу қашықтығы айтарлықтай қысқаруы мүмкін. Шуыл/діріл туралы ақпарат
GST18V‑155SC GST18V‑155BC
EN62841‑2‑11 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: Дыбыстық қысым деңгейі дБ(A)
Дыбыстық қуат деңгейі дБ(A)
Құлақ қорғанысын тағыңыз! Жалпы діріл мәндері a
(үш бағыттың векторлық қосындысы) және Kдәлсіздігі,EN62841‑2‑11 бойынша есептелген: Жоңқа тақтаны ара төсемімен аралауT144DP:
1,5 1,5 Табақ металды ара дискісімен аралауT118AF (4-дәрежелі жүріс санымен):
1,5 1,5 Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Bosch Power Tools 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022)200 | Қазақ Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру. Аккумулятор Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Аккумуляторды енгізу Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Аккумуляторды шығару Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады. Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады. Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді. Аккумулятор зарядының деңгейі пайдаланушы интерфейсінде де көрсетіледі (қараңыз „Күй индикаторлары“, Бет203). Аккумулятор түрі GBA 18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 3× жасыл 60–100% Үздіксіз жарық 2× жасыл 30–60% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–30% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумулятор түрі ProCORE18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 5× жасыл 80–100% Үздіксіз жарық 4× жасыл 60–80% Үздіксіз жарық 3× жасыл 40–60% Үздіксіз жарық 2× жасыл 20–40% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–20% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 201 Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
Ара полотносын салу/алмастыру u Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін. Аралау дискісін таңдау Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек қана бір тұтқалы ара полотноларын (T-тұтқа) орнатыңыз. Ара полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы керек. Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын пайдаланыңыз. Ара төсемін енгізу және ара төсемінің бағыттауышын реттеу (A–Bсуреттерінқараңыз) u Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін
Қажет болса, қаптаманы (28) алып тастаңыз. SDS иінтірегін(19) алға қарай тірелгенше тартып, сол күйде ұстап тұрыңыз. Ара төсемін(16) кесік бағытындағы тістерімен ара төсемінің бекіткішіне (18) тірелгенше жылжытыңыз. Ара төсемін енгізген кезде ара төсемінің ара төсемі бағыттауышының(15) қысқыштары арасында өткеніне көз жеткізіңіз. u Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін. Кесу нәтижесі жақсы болуы үшін, ара төсемі бағыттауышының(15) қысқыштарын, ара төсемін қыспай, ара төсеміне(16) барынша жақын орналастырыңыз. Арақашықтықты ара төсемінің қалыңдығына бейімдеу үшін ара төсемі бағыттауышының бір қысқышын реттеңіз. Алты қырлы дөңбек кілтті(26) тірек тақтасындағы реттегіш саңылауға(24) салыңыз. Алты қырлы дөңбек кілтті реттегіш саңылаудың жанындағы таңбаламаға сәйкес бұраңыз (сағат тілінің бағытымен: арақашықтықты азайту; сағат тілінің бағытына қарсы: арақашықтықты арттыру). Ара төсемінің еркін қозғалу мүмкіндігі сақталғанына көз жеткізіңіз. Ара дискісін алып тастау (Cсуретінқараңыз) SDS иінтірегін(19) алға қарай тірелгенше тартып, ара төсемін(16) шығарып алыңыз. Жарылудан сақтайтын пластина (Dсуретінқараңыз) Жарылудан сақтайтын пластина (27) (керек-жарақ) ағашты аралау кезінде үстіңгі беттің жарылып кетуіне жол бермейді. Жарылудан сақтайтын пластинаны тек белгілі бір ара дискілерінің түрлерімен бірге пайдалануға
Жарылудан сақтайтын пластинаны(27) алдыңғы жақтан тіреу тақтасына(13) кіргізіңіз. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Қаптама (Eсуретінқараңыз) Қаптама қалпағын (28) электр құралын шаңсоруға қосу алдында орнатыңыз. Қаптаманы (28) (керек-жарақ) ұстағышпен бірге бүйірінен жанасудан қорғанысқа (17) орнатыңыз. Жанасу қорғанысының басқа жағындағы қаптаманы ұстағыш жанасудан қорғанысқа тірелетіндей етіп нық
Қаптаманы (28) шаңсорғышсыз жұмыс істеу үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы бір жағынан ұстап алып, жанасудан қорғаныстан (17) алға қарай тартып
Шаңсорғышты жалғау (F–Hсуреттерінқараңыз) Аспирациялық келте құбырды енгізу немесе шығару алдында аккумуляторды(10) шығарып алыңыз. Аспирациялық келте құбырды(29) тіреу тақтасының(13) ойығына орнатыңыз. Шаңсорғыш шлангын (30) (керек-жарақ) жоңқаларды аспирациялық келте құбырға (29) қосыңыз. Сорғыш шлангын (30) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар). Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген. Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Аспирациялық келте құбырды(29) қайтадан шығарып алу үшін құлыптан босату түймесін(12) басып, аспирациялық келте құбырды тірек тақтасынан(13) тартып алыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022)202 | Қазақ
Пайдалану түрлері u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
Тербелісті реттеу Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға мүмкіндік береді. Реттеу тұтқышымен (22) тербелуді пайдалану кезінде де реттеуге болады. 0деңгейі Тербеліс жоқ Iдеңгей Кіші тербеліс IIдеңгей Орташа тербеліс IIIдеңгей (MAX) Үлкен тербеліс Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
– Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз немесе тербелісті толығымен өшіріңіз. – Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде тербелісті өшіріңіз. – Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші тербелісті реттеңіз. – Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады. Жоңқа үрлеу құрылғысы Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын жоңқалардан бос сақтауға болады. Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын қосу: ағаш, пластик және т.с.с. бойынша үлкен шаң көлемін тудыратын жұмыстар үшін қосқышты (23) I позициясына итеріңіз. Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын өшіру: металл бойынша және өшірулі шаңсорғышпен жұмыс істеу үшін қосқышты (23) 0 позициясына итеріңіз. Пайдалануға ендіру Қосу/өшіру (GST18V‑155SC) u Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз. Электр құралын қосу үшін оң немесе сол жақ ажыратқышты(21) тірелгенше алға жылжытып, содан кейін жіберіңіз. Нұсқау: қосқан кезде кенет қосылудың алдын алу үшін ажыратқышты(21) өшіргенге қарағанда сәл ұзақ алға қарай итеру қажет. Электр құралын өшіру үшін оң немесе сол жақ ажыратқышты(21) қайтадан тірелгенше алға жылжытып, содан кейін жіберіңіз. Қосу/өшіру және жүріс санын басқару (GST18V‑155BC) Электр құралын қосу үшін алдымен белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты(25) басыңыз және оны ажыратыңыз. Содан кейін ажыратқышты(21) басып тұрыңыз. Қосқышты/өшіргішті (21) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
Қосқышты/өшіргішті (21) жай басқанда төменірек жүріс санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
Максималды жүріс саны пайдаланушы интерфейсінде реттелетін жүріс санының деңгейіне байланысты. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты(21) жіберіңіз. Іске қосылудан қорғайтын құлыпты(25) іске қосу үшін белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты
Соғылу кезіндегі өшіру жүйесі Кіріктірілген соғылу кезіндегі өшіру жүйесі жерге құлап түскен электр құралын өшіреді. Егер соғылу кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылса, күй индикаторы (5) қызыл түспен жыпылықтайды. Өшіру себебі туралы ақпаратты Bosch Toolbox қолданбасынан
Элект құралын қайта қосу: – GST18V‑155SC: оң немесе сол жақ ажыратқышты(21) екі рет тірелгенше алға жылжытып, содан кейін жіберіңіз. – GST18V‑155BC: ажыратқышты(21) басып тұрыңыз. Соғылу кезіндегі өшіру жүйесін Bosch Toolbox қолданбасы арқылы ажыратуға болады. Пайдаланушы интерфейсі Пайдаланушы интерфейсі мына мақсаттар үшін пайдаланылады: – электр құралының күйін көрсету – жұмыс шамын қосу/өшіру – жүріс санын алдын ала таңдау/басқару – ASC жүйесін жүріс санының 6-деңгейінде басқару үшін (GST18V‑155SC, әдепкі реттеу күйінде) – қолданбадағы ескертулерді көрсету үшін (температураға байланысты артық жүктемеден қорғаныс, соғылу кезіндегі өшіру жүйесі) 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 203 Күй индикаторлары
индикаторыны ң (5) түсі Мағынасы Шешімі – Электр құралы өшірулі – Жасыл Электр құралы қосулы және жұмысқа дайын – Сары Критикалық температураға жетті Ара төсемін шығарып алып, электр құралын суыту үшін шамамен 3минут максималды жүріс санымен жұмыс істетіңіз. Аккумулятор заряды таусылған дерлік Аккумуляторды зарядтаңыз. Қызыл Электр құралы қызып кетті. Электр құралын суытыңыз. Аккумулятор заряды таусылған Аккумуляторды зарядтаңыз. Қызыл түспен жыпылықтайды Соғылу кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылды Мобильді құрылғыдағы хабарды оқып
Көк Электр құралы Bluetooth® арқылы ақырғы мобильді құрылғыға қосылған
жыпылықтайды Деректерді тасымалдау – Жарық диодты жұмыс шамын қосу/өшіру Жұмыс шамын(20) қосу немесе өшіру үшін жұмыс шамының түймесін(7), жұмыс шамының индикаторында(6) қажетті күй көрсетілгенше басыңыз. u Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін. Жүріс санын алдын ала таңдау Жүріс санын алдын ала таңдау түймесінің(9) көмегімен жүріс санын алдын ала таңдауға және жұмыс барысында өзгертуге болады. Жүріс санын алдын ала таңдау түймесін, қажетті жүріс санының деңгейі жүріс санының индикаторында(8) пайда болғанша басыңыз. Электр құралын өшірген кезде, соңғы реттелген жүріс санының деңгейі жадқа сақталады. Қолжетімді жүріс санының деңгейлері: – GST18V‑155SC: жүріс санының 1–6 деңгейлері және ASC бар жүріс санының қосымша 6-деңгейі (ASC индикаторы(4) жанып тұр) – GST18V‑155BC: жүріс санының 1–6 деңгейлері; сондай-ақ жүріс санын ажыратқыш(21) арқылы реттелген жүріс саны деңгейінің максималды жүріс санына дейін басқаруға болады Мәндерді де, алдын ала реттелген жүріс саны деңгейлерінің санын да Bosch Toolbox қолданбасы арқылы өзгертуге болады. Қажетті жүріс саны материал мен жұмыс шарттарына байланысты болып табылады және оны тәжірибе арқылы анықтауға болады. Жүріс санын пластик пен металл бойынша аралау кезінде төмендетуге кеңес беріледі. Жүріс санын ASC (Adaptive Speed Control) арқылы басқару (GST18V‑155SC) Дәл кесік жасау үшін ара төсемін дайындамаға қоймас бұрын жүріс санын ASC көмегімен автоматты түрде төмендетуге болады. Егер ара төсемі дайындамаға тисе, жүріс саны реттелген деңгейге автоматты түрде көтеріледі. Әдепкі реттеу күйінде жүріс санының 6-деңгейі ASC жүйесімен немесе жүйесінсіз қолжетімді. ASC жүйесімен пайдалану үшін жүріс санын алдын ала таңдау түймесін(9), ASC индикаторы(4) жанғанша және жүріс саны деңгейінің индикаторында(8) A пайда болғанша
Bosch Toolbox қолданбасы арқылы ASC жүйесін қосымша жүріс санының деңгейлері үшін де қосуға немесе өшіруге болады. Реттеулер өзгертілген жағдайда, ASC жүйесінің қосулы күйінде тек ASC индикаторы(4) жанады, жүріс саны деңгейінің индикаторында(8) бұдан былай A көрсетілмейді. Пайдалану нұсқаулары u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
u Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
u Кіші немесе жұқа дайындамаларды өңдеуде әрдайым жылжымайтын тіреуішті пайдаланыңыз. Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдары және т.б. бойынша аралау алдында ине, бұрандалар және т.с.с. сияқты бөгде заттардың бар-жоғын тексеріп, қажетінше алып тастаңыз. Жұқа аралар ең бастысы бүгілген кесіктер жасау үшін жобаланған. Bosch сұрыпталымында тік кесіктер немесе домалақ кесіктер жасауға мүмкіндік беретін керек- жарақтар да бар (жұқа ара үлгісіне қарай, мысалы, Bosch Power Tools 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022)204 | Қазақ параллель тірек, бағыттауыш шина немесе айналмалы
Қолмен басқарылатын жұқа араларға әдетте "қашу" қасиеті тән, яғни белгілі бір жағдайларда бұрыш пен кесік дәлдігі қамтамасыз етілмейді. Дәлдікке шешуші әсер ететін факторларға ара төсемінің қалыңдығы, кесік ұзындығы және дайындаманың материал тығыздығы мен қалыңдығы жатады. Сондықтан таңдалған жүйенің кесу нәтижесі қызметтік талаптарыңызға сәйкес келетіндігін тексеру үшін әрдайым сынақ кесіктер жасаңыз. Параллель тірек (керек-жарақ) (Iсуретінқараңыз) Параллель тірекпен (33) жұмыс істеу үшін дайындаманың қалыңдығы ең көбі 30мм құрауы тиіс. Реттегіш бұранданы(32) босатып, параллель тіректің шкаласын тірек тақтасындағы бағыттауыш(31) арқылы жылжытыңыз. Тірек тақтасының ішкі жиегінде қажетті кесік енін шкала мәні ретінде реттеп шығыңыз. Реттегіш бұранданы(32) бұрап бекітіңіз. Бағыттауыш шина адаптері (керек-жарақ) (Jсуретінқараңыз) Бағыттауыш шина адаптері(35) төмендегі жағдайларда қажет болады: – бағыттауыш шинаның(34) (керек-жарақ) көмегімен тік сызықты кесіктер жасау үшін – айналмалы кескішпен(36) (керек-жарақ) айналма кесіктер жасау үшін Пластик жылжыманың(14) тірек тақтасына(13) монтаждалғанына көз жеткізіңіз. Электр құралын бағыттауыш шина адаптеріне(35) енгізіңіз. Бағыттауыш шина адаптерін пайдалану үшін оның пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. Айналмалы кескіш (керек-жарақ) (Kсуретінқараңыз) Айналмалы кескіштің(36) және бағыттауыш шина адаптерінің(35) көмегімен дәл айналма кесіктер жасауға болады. Айналмалы кескішті пайдалану үшін оның пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. Суыту/майлау құралдары Металды аралауда қызып кетуі себебінен кесік сызығында суыту немесе майлау құралын сүру керек. Байланыс функциялары Қолданбаны пайдалануға арналған жүйелік алғышарттар Жүйелік алғышарттар Ақырғы мобильді құрылғы (планшет,
Android6.0 (және кейінгілері) iOS11 (және кейінгілері) Қолданбаны орнату және орналастыру Өзара байланыс функцияларын пайдалану үшін алдымен ақырғы құрылғыға тән қолданбаны орнату қажет. – Қолданбаны қолданбалар дүкені (AppleApp Store, Google Play Store) арқылы жүктеп алыңыз. Нұсқау: тиісті AppStore пайдаланушы тіркелгісі қажет
Қолданба атауы iOS Android Bosch Toolbox – Содан кейін қолданбада MyTools немесе Connectivity тармағын таңдаңыз. – Ақырғы мобильді құрылғыңыздың дисплейінде электр құралыңыздың ақырғы құрылғымен байланыстыру үшін барлық қалған қадамдары көрсетіледі. Bluetooth® арқылы деректерді тасымалдау Кіріктірілген Bluetooth
Low Energy Module модулі сигналды жүйелі түрде жіберіп тұрады. Қоршаған ортаға байланысты электр құралының анықталуына дейін бірнеше тарату аралығы қажет болуы мүмкін. Егер электр құралы анықталмаса, төмендегіні тексеріңіз: – Ақырғы мобильді құрылғыға дейінгі қашықтық тым
Ақырғы мобильді құрылғы мен электр құралының арасындағы қашықтықты қысқартыңыз. – Мобильді терминалда Bluetooth® өшіріп қайта
Электр құралының енді анықталуын тексеріңіз. Электр құралына қатысты функциялар Bluetooth® Low Energy Module модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады: – Тіркеу және дербестеу – Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару – Жалпы мәліметтер мен реттеулер
– Жүріс санының деңгейлерін бағдарламалау – ASC жүйесін қосу/өшіру және басқару (GST18V‑155SC) – Ескерту хабарлары (температураға байланысты артық жүктемеден қорғаныс, соғылу кезіндегі өшіру жүйесі) Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 205 u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Ара полотносының бекіткішін жүйелі түрде тазалаңыз. Ол үшін ара полотносын электр құралынан алып электр құралын тегіс жерге жай қағыңыз. Электр құралының қатты ластануы жұмыс ақаулықтарына алып келуі мүмкін. Сол үшін қатты шаң жасалатын материалдарды төменнен баспен араламаңыз. Егер шаң түсу бітеліп қалса, электр құарлын өшіріп шаңсоруды шешіп шаң және жоңқаларды алып қойыңыз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); Bosch Power Tools 1 609 92A 6Y3 | (27.07.2022)206 | Română – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Аккумуляторлық
Notice-Facile