EasyHedgeCut 55 - Қоршау кескіштері BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EasyHedgeCut 55 BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Қоршау кескіштері PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EasyHedgeCut 55 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EasyHedgeCut 55 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EasyHedgeCut 55 BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Белгілердң мағынасы Қолдану нұсқаулығын оқыңыз. Жауын жауып тұрғанда қолданбаңыз. Орнату, тазалау немесе жөндеу жұмыстарын өткізу алдында, желі кабелі оралып, кесіліп немесе бұзылып қалғанда, немесе электр бұйымды бақылаусыз қалдырғаныңызда бақ электр бұйымын өшіріп алып, желі ашасын желі розеткасынан шығарып қойыңыз. Қолдарыңызды пышақтан ұзақта ұстаңыз. Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды F 016 L94 104 | (28.09.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 113 жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Bosch Power Tools F 016 L94 104 | (28.09.2020)114 | Қазақ u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
Бақ қайшылары үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары u Дене мүшелерінің барлығын құрал пышағынан алыс ұстаңыз. Пышақ іске қосылып жұмыс істеп тұрғанында кесілген заттарды электр құралдан шығармаңыз, немесе кесілетін материалдарды ұстамаңыз. Пышақтар құрал өшіріліп қойылғаннан кейін де әлі жылжып тұрады. Бақ қайшысын қолданғанда бір сәт алаңғасарлық пен абайсыздық ауыр апаттарға апара алады. u Бақ қайшысын тасымалдағанда, оның пышағы өшіріліп және тоқтап тұрғанда, тұтқасынан ұстап тасымалдап, құралдың қосу/өшіру түймешігін баспаңыз. Бақ қайшысын ұқыпты түрде ұстап тасымалдау құралдың өз-өзімен іске қосылып кету қауібін және осының саласынан пайда бола алатын жаралану қауіптерін азайтады. u Бақ қайшысын тасымалдаған немесе сақтаған уақытта пышақтарды үстінен әрқашан қорғау жапқышымен жауып қою керек. Бақ қайшысын ұқыпты түрде қолдану оның пышағынан пайда бола алатын жаралану қауібін азайтады. u Құралдан ішінде қыстырылып қалған кесілген заттарды алып тастау алдынан немесе құралда күту жұмыстарын өткізу алдынан алдымен қосу/ өшіру түймешіктері өшіріліп, құрал айыры шығарылып қойылғанын тексеріп алыңыз. Құрал ішінде қысылып қалған заттарды алу барысында немесе құралды күту жұмыстарын өткізу барысында бақ қайшысының өз-өзімен іске қосылып кетуі ауыр жаралануларға апара алады. u Құрал пышағы көзбен көрінбейтін тоқ кабелдеріне немесе өзінің кабеліне тиіп қала алатындығынан бақ қайшысын тек қана оның оқшауланған тұтқаларынан ұстаңыз. Кесу пышағы кернеу өткізетін бір кабелімен жаңалысып қалғанда бақ қайшының металдан жасалған бөлшектері кернеу астына түсіп, электр тоқ соққыға апара алады. u Электр қуатқа қосу кабелін және электр тоқ өткізетін кабельдерін бұталар кесу аумағынан ұзақта ұстаңыз. Электр қуатқа қосу кабелі немесе электр тоқ өткізетін кабельдері бұталар немесе тал- шіліктер арасында, көрінбейтін түрде орналасып жатып, пышақ арқылы кесііліп кетуі мүмкін. u Бақ қайшысын ауа райы нашар болып тұрған жағдайларда, әсересе найзағай түсу қауібі пайда болғанда, қолданбаңыз. Құралды осындай ауа райы жағдайларында қолданбау найзағай түсу қауібін
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Бұл құрал физикалық, сенсорлық немесе психикалық қабілеттері шектелген, немесе бұл құралды қолдану үшін керекті тәжірибесі және/немесе білімі болмаған адамдар арқылы (осылардың арасында балалар да) тек өздерінің бақылау астында болып, немесе осы құралды қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен танысқаннан кейін ғана қолданыла
Балалардың электр құралымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек. u Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарыла алынады. u Бұйымды қолдану алдында құралдың сақтандыру құрылғылары мен тұтқаларының барлығы F 016 L94 104 | (28.09.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 115 орнатылып қойылғанын тексеріңіз. Құрал толығымен құрастырылып орнатылмаған жағдайда немесе құралда рұқсат етілмеген өзгертулері өткізілген жағдайларда құралды ешқашан іске қосып қолданбаңыз. u Құралды қолдану алдынан оның пышақ деңгегін әрқашан күту бүріккіш спрэймен майлап өңдеңіз. u Электр құралын жерге қою алдынан алдымен оның әбден тоқтауына дейін күтіңіз. u Электр бұйым қолданылып жатқан уақытта оның аймағында 3метрлік аралық ішінде басқа адамдар немесе жануарлардың болмауы қажет. Жұмыс өткізіліп жатқан аумақта электр бұйым қолданушы үшінші тараптарға қарай жауапты болады. u Бақ қайшысын ешқашан пышақ діңгегінен ұстамаңыз. u Балаларға немесе осы қолдану нұсқаулармен таныс болмаған адамдарға бақ қайшысын қолдануға рұқсат етпеңіз. Құрал қолданылып жатқан елдегі ұлттық заңдар мен ережелері арқылы қолданушы жасының шектелуі мүмкін. u Жақын жерде басқа адамдар, әсіресе балалар немесе үй жануарлары бар болғанда бақ қайшысын ешқашан сыртқа шығарып қолданбаңыз. u Электр бұйым иесі немесе қолданушысы басқа адамдардың денсаулығына немесе осылардың мүлігіне түскен апаттар немесе шығындар үшін жауапты болады. u Аяқ киімін кимей немесе жеңіл ашық сандалын ғана киіп жүргеніңізде бақ қайшысын қолданбаңыз. Әрқашан тұрақты аяқ киімдері мен ұзын шалбар киіп жүріңіз. Тұрақты қалың қолғапшалар, тайғанамайтын аяқ киімін және қорғау көзәйнектерін киіп жүруіңіз лазым. Электр бұйымның жылжитын бөлшектері ішіне кіріп кете алатын тым кең киім немесе әшекейлер өнімдерін киіп жүрмеңіз. u Қиылып кесілетін бұталар мен ағаштарды мұқият тексеріп, үстінде не жанында болған сымдар немесе басқа бөтен заттарды алдымен жинап алып тастаңыз. u Құралды қолдану алдынан әрқашан қию құралдың пышағы, пышақ бұрандалары немесе басқа бөлшектерінің тозған немесе бұзылған түрде болмағанын тексеріңіз. Бұзылған немесе тым тозып кеткен кесу құралымен ешқашан жұмыс істемеңіз. u Апат жағдайларда бақ қайшысын дереу тоқтата алу үшін, оның қолдану бойынша нұсқаулығын толығымен оқып шығыңыз. u Бақ қайшысымен кесу әрекеттерін тек қана күн жарықтығында немесе күші жеткілікті болған жасанды жарықтықта өткізіңіз. u Қорғау құралдары бұзылған күйде болғанда немесе олар құрастырылып орнатылмағанында бақ қайшысын ешқашан қолданбаңыз. u Бақ қайшысын қолдану алдынан онымен бірге қорапта болған барлық тұтқыштар мен қорғау құралдарының құрастырылып орнатылғанын тексеріп алыңыз. Толығымен құрастырып орнатылмаған электр бұйымды немесе рұқсат етілмеген өзгертулері бар бақ қайшысын ешқашан іске қосып қолданбаңыз. u Бақ қайшысын ешқашан оның қорғау құралынан
u Бақ қайшысын қолдану барысында әрқашан тұрақты қалыпта тұруыңызға назар аудара отырып, тепе- теңдекті сақтап жүріңіз. u Бұталарды кесу барысында Өзіңіз естімей қала алатын қауіп сәттеріне дайын болу үшін, Өзіңіздің жұмыс істеп жатқан жеріңізді жақсылап танып алыңыз. u Бақ қайшысының лайықты жұмыс қалпын қамтамасыз ету үшін сомдар, бүркеншіксіз шегелер және бұрандалардың барлығының нық түрде бекітіліп құрастырылып қойылуын тексеріп алыңыз. u Бақ қайшысын құрғақ, жоғары жерде немесе құлыппен жабылған, балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз. u Бұзылған немесе әбден тозып кеткен бөлшектерді қауіпсіздік себептерінен ауыстырып жүріңіз. u Өзіңізде лайықты арнайы техникалық біліміңіз болмаған жағдайда бұйымда жөндеу жұмыстарын өткізбеңіз. u Ауыстырылатын бөлшектері Bosch фирмасының бұйымдары болғанына назар аударыңыз. u Жылжып тұратын кесу пышағын түртіп кетуден қорғау үшін, бақ қайшысының екі тұтқаларының әрқайсысы пышақтан қорғау айырғышымен жабдықталған. Бақ қайшысын іске қосып қолдану үшін тұтқа айырғыштарының екеуі де бір уақытта бірге басылуы тиіс. Бақ қайшысын, ол қосылып тұрған кезде де, оның айырғыштары басылмағанда немесе айырғыштардың тек біреуі ғана басылған жағдайларда қолданбаңыз. Электр қауіпсіздігі Ескерту! Техникалық немесе тазалау жұмыстары алдынан электрбұйымды өшіріп, кабель ашасын электррозеткасынан шығарып алыңыз. Электр тоққа қосу кабелінің зақымданып, кесіліп немесе оралып қалғанында да жоғарыдағыдай әрекеттеніңіз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Өзіңіздің бақ құралыңыз қорғау оқшалануымен жабдықталып, жерге тұйықталуын талап етпейді. Қолданыстық кернеуі келесі мәндерде болады: 230 В ауыспалы тоқ қуаты, 50 Гц (Еуропа Одағына кірмейтін елдер үшін 220 В немесе 240 В, 50 Гц мәндері де қолданылады). Тек қана рұқсат етілген ұзарту кабелдерін қолданыңыз. Мәліметтер мен ақпараттарды тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету үшін рұқсаты бар арнайы орталықтарыңыздан алуыңызға
Қауіпсіздікті арттыру үшін бүліну тоғының ең жоғары деңгейі 30мА болған FI қосқышын (RCD) қолданыңыз. Осы FI қосқышын әр қолдану алдынан тексеріп алу қажет Желі немесе ұзарту кабелдерін жылжымалы бөлшектерден ұзақ ұстап, кернеу өткізу бөлшектеріне Bosch Power Tools F 016 L94 104 | (28.09.2020)116 | Қазақ тиіп қалуын болдырмау үшін кабелдердің бұзылып қалуына жол бермеңіз. Кабелмен біріктірілетін бөлшектері (штепсель айыры мен электр розеткалары) құрғақ түрде болып, жерде жатпаулары тиіс. Желі кабельдері мен ұзарту кабелдерін әрдайым оларда бұзылып қалуын білдіретін белгілерінің жоқ болуына көз жеткізу үшін тексеріп, оларды тек қана ақаусыз қалыпта болғанда қолдануыңыз лазым. Электр бұйымның желі кабелі зақымданып бұзылған қалыпта болғанда, оны тек қана арнайы рұқсаты бар Бош компаниясының жөндеу шеберханасы мамандары арқылы жөндетуіңіз лазым. Тек рұқсат етілген ұзартқыш кабельдерін пайдаланыңыз. EN61242 / IEC61242 немесе IEC60884-2-7 нормаларына сай болатын ұзарту кабелдерін, ұзарту сымдары мен кабель атанақтарын ғана қолданыңыз. Электр бұйымымен жұмыс істеу барысында ұзарту кабелін қолданғыңыз келсе, ол үшін сымдардың төмендегідей көлденең қима мөлшерлері талап етіледі: – сымның көлденең қимасы: 1,25мм
– Ұзарту кабельдері үшін максималдық ұзындығы 30м, немесе дифференциалдық қорғау айырғышы бар кабель атанақтары үшін ұзындығы: 60м Нұсқау: Ұзарту кабелі қолданғанда, оның – қауіпсіздік бойынша нұсқаулықта көрсетілгендей – электррозетка арқылы өзіңіздің электр жүйеңіздің қорғау сымымен жапсарланған лайықты қорғау сымы бар болуы керек. САҚТАНДЫРУ: Нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларға сай болмаған ұзарту кабелдер қауіп тұдыра алады. Ұзарту кабелі, электррозеткасы және біріктіруші су өткізбейтін, сыртқы орталар үшін рұқсат етілген болуы керек.
Төмендегі белгілер қолдану нұсқаулығын оқу және түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағынасын есте сақтаңыз. Белгілерді дұрыс түсіну құралды дұрыс әрі одан да сенімдірек түрде пайдалануға көмек болады. Белгі Мағына Қорғау қолғабын киіп жүріңіз Қорғаныш көзілдірігін киіңіз Қозғалыс бағыты Белгі Мағына Реакция бағыты
CLICK! Естілетін шуылдар Рұқсат етілмеген қолдану әрекеттер Құрамдас бөлшектер/қосалқы
Бұйым сипаттамасы мен техникалық спецификациясы Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен сақтандырулардың барлығын оқыңыз. Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен сақтандыруларын ұстанбау не орындамау электр соққысына, өрт шығуына және/ немесе ауыр жарақаттануға апара алуы мүмкін. Қолдану нұсқаулығының артқы бөлшегінде берілген суреттерге назар аударыңыз. Мақсатты қолданылуы Бұл бақ электр бұйымытұрмыстық үй немесе әуесқой бақтарда бұталар мен тал-шіліктерді кесу және қысқартып кесу үшін арналған. Бейнеленген компоненттер (A және B суреттерін қараңыз) Бейнеленген құрамды бөлшектерінің нөмірленуі құралдың графикалық беттерде бейнеленуі негізінде
(1) тұтқа (айырылған тұтқа беті) (2) Қосқыш/өшіргіш (3) Қосқыш / өшіргіштің қосылуына қарсы бұғаттау (4) Қол қорғағышы (5)
(6) Қорғаныстық қаптамасы (7)
елге байланысты Техникалық мәліметтер Бақ қайшысы EasyHedgeCut 45 EasyHedgeCut 46 EasyHedgeCut 50 EasyHedgeCut 55 Өнім нөмірі 3600H47A.. 3600H47A06 3600H47B.. 3600H47C.. F 016 L94 104 | (28.09.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 117 Бақ қайшысы EasyHedgeCut 45 EasyHedgeCut 46 EasyHedgeCut 50 EasyHedgeCut 55 Атаулы тұтыну қуаты Вт 420 420 450 450 Бос айналу сәті мин
3400 3400 3400 1700/3400 Кесу ұзындығы мм 450 450 500 550 Тісті ашылуы мм 16 16 16 16 “EPTA-Procedure 01:2014” құжатына сай салмағы кг 2,6 2,6 2,7 2,8 Сақтық сыныбы / II / II / II / II Сериялық нөмірі бақ электрбұйымының тақташасында қараңыз Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Шуыл және дірілдеу бойынша мәліметтер Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәні (мәндері) стандартталған техникалық сынақтар әдісіне сай өлшеніп, электр бұйымдарды салыстыру арқылы басқа құралмен қолдана алынуына көз жеткізіңіз. Құрал үшін белгіленген жалпы тербеліс мәні (мәндері) мен белгіленген шуыл эмиссия мәнін (мәндерін) жүктеменің бастапқы мәнін бағалау үшін де қолдана алынуына назарыңызды аударамыз. Тербеліс және шуыл мәндері мен электр құралдың қолданып жатқан уақытында болған мәндері арасында ауытқу пайда болуы мүмкін, бұл осы құралдың қолдану түрі мен тәсіліне, әсіресе осы құралмен өңделетін өнімдердің түріне байланысты болады; – керек болғанда, құрал пайдаланушыны қорғау үшін электр құрал пайдаланып жатқан уақытындағы тербеліс жүктемесін бағалау негізінде қарастырылған, лайықты шараларды белгілеп қолдану лазым (бұл үшін электр құралдың жұмыс циклдарының барлығын ескеріп жүру лазым, мысалы, электр құралдың өшіріліп қойған уақыттары және оның қайта іске қосып бірақ ешбір жүктемесіз тұрған уақыттары). Шуыл эмиссия мәндері EN 62841-4-2:2019 нормасына сай белгіленген. Электр құралдың “A” қылып белгіленген шуыл деңгейі әдетте төмендегідей болады: дыбыс қысымының деңгейі 75дБ(A); дыбыс қуатының деңгейі 95дБ(A). “К” терістігі 2,0 дБ. Құлақты қорғау құралдарын киіп жүріңіз!
жалпы тербелу мәні (үш бағыттық векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі EN 62841-4-2:2019 стандартына сай белгіленген:
u Желі кернеуіне назар аударыңыз! Электр тоқ беру ауызының кернеуі электр бұйымның тақташасындағы техникалық мәліметтеріне сай болуы тиіс. Қосу/өшіру (C және D суреттерін қараңыз) Құралды іске қосу үшін алдымен қосуды бұғаттау түймешігін басып (3), жібермей баса ұстап беріңіз. Одан кейін Қосқышты/өшіргішті (2) басып, жібермей біраз баса ұстап тұрыңыз. Құралды өшіру үшін алдымен қосуды бұғаттау түймешігін босатып (3), одан кейін Қосқыш/өшіргішті (2) босатып
Бақ қайшысымен жұмыс істеу (E суретін
Бақ қайшысын біркелкі түрде кесу жолымен алға қарай жылжытыңыз. Екіжақты пышақ ұстағышы арқасында екі бағытта кесу немесе бір жақтан басқа жаққа қарай тербелгіш қозғалыстарының өткізілуі мүмкін болады. Бұталарды алдымен бүйірінен, одан кейін үстіңгі жақтарынан кесіңіз. Бұталардың бүйірлерін біркелкі түрде тегіс қылып кесу үшін, бұтаны оның өсу бағытымен, яғни төменнен жоғарыға қарай кесуіңіз лазым. Бұталарды жоғарыдан төменге қарай кескен жағдайда жұқалау бұтақтар тысқа қарай шығып тұрып, осының салдарынан бұталарда жұқа жерлер немесе саңылаулардың пайда болуы мүмкін. Кесу барысының соңында бұтаның үстіңгі жағын біркелкі түрде кесу үшін, бұтаның бүкіл ұзындығы бойынша Өзіңізге керекті биіктікте реттеуіш жібін керіп қойыңыз. Басқа заттардың, мысалы сымдардың, кесіліп қалмауына назар аударып жүріңіз. Себебі бұл пышақтың немесе жетектің зақымданып қалуына апара алады. Қателерді белгілеу Bosch Power Tools F 016 L94 104 | (28.09.2020)118 | Қазақ Симптомдар Мүмкін болған себептер Көмек Бақ қайшысы жұмыс істемей тұр Электр желі кернеуі жоқ Тексеріп алып, іске қосыңыз Электр желі розеткасы бұзылған қалыпта Басқа электр розеткасын қолданыңыз Желілік кабелі зақымданған Желілік кабелін тексеріп алыңыз, осы кабель зақымданған қалыпта болса Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Ұзарту кабелі зақымданып бұзылған қалыпта Ұзарту кабелін тексеріңіз, зақымданып бұзылған болса ауыстырыңыз Тежегіш қосылып кетті Сақтандырғышты ауыстырыңыз Бақ қайшысы үзіліммен жұмыс
Бақ электр бұйымының ішкі кабель жүйесі
Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Қосу/өшіру түймешігі бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Қозғалтқыш жылжып тұрса да, пышақтар тұрып қалады Ішкі жүйелік қателер Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Пышақтар қызып
Пышағы дөкір Пышақ діңгектерін қайратып алыңыз Пышақта кетіктер бар Пышақ діңгектерін тексертіңіз Жағармайдың жеткіліксіз жағылуы себебінен үйкелістің тым жоғары болуы Үстінен жағармайды бүркіп шашыңыз Қатты вибрациялар/
Бақ электр бұйымы бұзылған Техникалық қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз Техникалық күтім және қызмет
Күту, тазалау және сақтау u Бақ электр бұйымы бойынша жұмыстарын өткізу алдында әрқашан алдымен желі ашасын розеткадан шығарып алыңыз. u Қауіпсіз және қалыпты түрде жұмыс істей алу үшін бақ элект рбұйымыг таза қалыпта сақтап жүріңіз. Бақ электр бұйымы үстінен басқа заттарды қоймаңыз. Қауіпсіз және қалыпты түрде жұмыс істей алу үшін, электр бұйымы мен ауалау саңылауларын таза қалыпта сақтап жүріңіз. Электр бұйымы үстінен ешқашан су шашпаңыз. Электр бұйымын ешқашан суға малмаңыз. Электр бұйымын қауіпсіз және құрғақ, балалар қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр бұйымы үстінен басқа заттарды қоймаңыз. Электр бұйымымен қауіпсіз түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ете алу үшін сомдар, бұрандамалар мен бұрандаларының барлығы нық түрде бекітілгенің тексеріп алыңыз. Электр бұйымын тексеріп, тозып немесе бұзылып кеткен бөлшектерін қауіпсіздік себептерінен ауыстырыңыз. Ауыстырылатын бөлшектері Bosch фирмасының бұйымдары болғанына алдын ала назар аударыңыз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), F 016 L94 104 | (28.09.2020) Bosch Power ToolsRomână | 119 міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Бақ қайшысы Өнім нөмірі
Notice-Facile