GSB 1622 RE Professional BOSCH

GSB 1622 RE Professional - бурғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GSB 1622 RE Professional BOSCH PDF форматында.

Page 115
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GSB 1622 RE Professional

Санат : бурғы

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бурғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GSB 1622 RE Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GSB 1622 RE Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GSB 1622 RE Professional BOSCH

kk Пайдалану нұсқаулығының

Еуразия экономикалық одағына

(Кеден одағына) мүше

мемлекеттер аумағында

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану

құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы

нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.

Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.

Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің

корпусында жəне қосымшада көрсетілген.

Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы

бетінде көрсетілген.

Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім

қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен

бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)

істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз

(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш

нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана

Iстен шығу себептерінің тізімі

– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз

– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз

– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,

– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

Пайдаланушының мүмкін қателіктері

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді

– жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз

– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы

– өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

– Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек

– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің

әсерінен алыс сақтау керек

– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан

– орамасыз сақтау мүмкін емес

– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін

МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз

– +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада

өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы

ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген

механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады

– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды

пайдалануға рұқсат берілмейді

– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150

(5шарт) құжатын оқыңыз

– Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа

дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы

ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының

жинағындағы ескертулерді,

нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды

оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік

нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/

немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары

мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр

құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына

(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын

электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ

немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды

жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

мүмкін. u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып

келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және

қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы

бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз.

Жерге косылған электр құралдарымен адаптер

айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар

мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін

төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз Bosch Power Tools 1 609 92A 57X | (21.04.2020)116 | Қазақ

жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды

қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген

су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады.

u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз.

Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе

тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді

ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы

бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған

немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін

u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы

жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта

пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу

u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану

керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы

(RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін

пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін

u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз,

жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты

пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде

немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен

кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану

кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз.

Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы,

сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе

есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары

тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне

және/немесе батареялар жинағына қосудан

алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын

өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр

құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе

қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз

оқиғаға алып келуі мүмкін.

u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу

сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр

құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе

сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.

u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең

салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген

жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды.

u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді

киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы

бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер,

әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер

арқылы тартылуы мүмкін.

u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу

құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы

болуына және тиісті ретте қолдануына көз

жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға

байланысты зияндарды кемейтеді.

u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң

масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей

отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр

жарақаттануға алып келуі мүмкін.

u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың

толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе

энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің

ақаулануы салдарынан электр құралының

жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,

бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған

жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)

қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан

шығарыңыз немесе алып – салмалы

аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы

бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.

u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес

білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу,

монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет

көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады.

u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған,

техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі

нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып

шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі.

u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі

немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар

олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның

бақылауында болмаса немесе электр құралын

пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды

Электр құралдарын пайдалану және күту

u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін

жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды

электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі

сенімді жұмыс істейсіз.

u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын

пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын

электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру

немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,

ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе

аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр

құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр

құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.

u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар

қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды

білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған

адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.

Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты

күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз

істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің

1 609 92A 57X | (21.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 117

ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр

құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.

Зақымдалған бөлшектері бар құралды

пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр

құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға

u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде

сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір

кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай

u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы

аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай

пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен

орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр

құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және

май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар

мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді

қолдану мен бақылауға жол бермейді.

u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей

қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл

электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Бұрғылар үшін қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары

u Перфораторлық бұрғылауда құлақ қорғағыштарын

кийіңіз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне

u Қосымша тұтқаны/тұтқаларды пайдаланыңыз.

Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі

u Кескіш керек-жарақ немесе бекіткіштер жасырын

сымдарға немесе өзінің сымына тиюі мүмкін

әрекеттерді орындаған кезде электр құралын

оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Егер кескіш керек-

жарақ немесе бекіткіштер жұмыс істеп тұрған сымға

тисе, электр құралының ашық металл бөлшектерін

белсендіріп, пайдаланушыға ток соғуы мүмкін.

Ұзын бұрғы қондырмаларын пайдалану үшін

қауіпсіздік нұсқаулары

u Бұрғы қондырмасының максималдық

жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс

істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма

дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке

жарақаттануға алып келуі мүмкін.

u Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және

қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде

бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма

дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке

жарақаттануға алып келуі мүмкін.

u Қондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты

баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп сынуға немесе

бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға алып

Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары

u Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз.

Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден

абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы

артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада

қысылса ол сыналады.

u Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап

бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары

мезеттер пайда болуы мүмкін.

u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе

қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен

салыстырғанда, берік ұсталады.

u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып

жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты

жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр

сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі

мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі

мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға

немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.

u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның

тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр

құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.

Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын

және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық

қауіпсіздік нұсқаулықтарын және

ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт

және/немесе ауыр жарақаттануларға алып

Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Мақсаты бойынша қолдану

Бұл электр құралы кірпіш, бетон және тастарды

перфораторлық бұрғылауға, алмас орнатылған бұрғымен

кірпіш пен силикат кірпішті құрғақ бұрғылауға

(шайылатын бұрғылауға жарамды емес) сондай-ақ, ағаш,

металл, керамика және пластмассаны бұрғылауға

арналған. Электрондық басқару жүйесі бар және оңға/

солға айналатын құрылғылар бұрғылауға және бұранда

Көрсетілген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар

беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

Тісті тәждік бұрғы патроны автоматты құлыптаумен

"Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-

Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш

Ажыратқышқа арналған бекіту түймесі

Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған

Беріліс ауыстырып-қосқышы

Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранда

Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)

Тұтқа (беті оқшауландырылған)

Бұрғылау патронының кілті

Әмбебап бит ұстағышы

Қолмен құлыптанатын тісті тоғыны бар бұрғылау

патронына арналған кілт

Қолмен құлыптанатын тісті тоғыны бар бұрғылау

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты

жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды

біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

стандартты (жинақта қамтылмайды)

Техникалық мәліметтер

Номиналды тұтынылатын

Макс. шығыс қуат Вт 840

Номиналды айналу жиілігі

Бос жүріс күйіндегі соққы саны

– Кірпіш қалау мм 162/82

Бұрғылау патронының қысу

Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу

және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.

Шуыл және діріл туралы ақпарат

EN62841-2-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының

Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл

деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым

деңгейі 92дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 103дБ(А). K

Құлақ қорғанысын тағыңыз!

Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық

қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-1 бойынша

Металл бойынша бұрғылау: a

Бетон бойынша соққымен бұрғылау: a

Бетон бойынша алмасты бұрғылау: a

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл

эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша

өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен

салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы

тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.

Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр

құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр

құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы

аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса

дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл

бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды

қатты көтеруі мүмкін.

Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу

үшін құрал өшірілген және қосылған болып

пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл

дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару

Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша

қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр

құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,

қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

Жинау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Қосалқы тұтқа (A суретін қараңыз) u Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге пайдаланыңыз (10).

Қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс қалпына қол жеткізу

үшін қосалқы тұтқаны (10) 12 күйге реттеуге болады.

1 609 92A 57X | (21.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 119

Қосалқы тұтқаның (10) төменгі бөлігін ➊ бұрау

бағытында бұрап, қосалқы тұтқаны (10) қажетті күйге

қайыруға болатындай етіп алға жылжытыңыз. Содан кейін

қосалқы тұтқаны (10) қайта кері тартып, төменгі бөлігін ➋

бағытында қайта бұрап бекітіңіз.

Бұрғылау тереңдігін реттеу

Тереңдік шектегішімен (7) қажетті бұрғылау тереңдігін X

Тереңдік шектегішін реттегіш қатпралы бұранданы (9)

босатып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (10)

Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші

ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігінеX тең

Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранданы (9)

қайтадан бұрап бекітіңіз.

u Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз.

Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты

Автоматты түрде құлыптанатын тісті тоғыны бар

бұрғылау патроны (D суретін қараңыз)

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (1) құралды енгізу

мүмкін болғанша бұрау арқылы ашыңыз.

Құралды енгізіңіз. Бұрғылау патронының кілтін (12) тісті

тоғыны бар бұрғылау патронының (1) тиісті

саңылауларына енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.

Қолмен құлыпталатын тісті тоғыны бар бұрғылау

патроны (E суретін қараңыз)

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (16) құрал

енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.

Бұрғылау патронының кілтін (15) тісті тоғыны бар

бұрғылау патронының (16) тиісті саңылауларына енгізіп,

құралды біркелкі бекітіңіз.

Алты қырлы бұрғы патроны кілтімен (15) эксцентрікті ➋

бұрау бағытында тірелгенше бұраңыз. Осылай тарту

қуаты қамтамасыз етіледі.

Алмалы-салмалы аспапты алу үшін эксцентрікті ➊ бұрау

бағытында бұрап тісті тәждік бұрғы патронын (16) бұрғы

патроны кілтімен (15) ашыңыз.

Қондырма биталарды (13) пайдаланғанда әрқашан

әмбебап ұстағышты (14) пайдаланыңыз. Тек шуруп

басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз.

Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"

ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне

Бұрғылау патронын ауыстыру

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Бұрғылау патронын бөлшектеу (F суретін қараңыз)

Тісті тәждік бұрғы патронын (1) бөлшектеу үшін айыр

тәрізді кілтті (17) (кілт ені 17мм) жетек шпинделінің кілт

жазықтығына орнатыңыз.

Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа

қойыңыз. Бұрғылау патронын (12) тісті тоғыны бар

бұрғылау патронындағы (1) үш ойықтың біріне енгізіп,

осы иінтіректің көмегімен бұрғылау патронын (1)

босатып, оны айналдыру бағыты бойынша бұраңыз ➊.

Бұрғылау патронына арналған кілтті (12) жеңіл ұру

арқылы тісті тоғыны бар бұрғылау патронын босатуға

болады. Бұрғылау патронының кілтін (12) тісті тоғыны

бар бұрғылау патронынан шығарып, тісті тоғыны бар

бұрғылау патронын толықтай бұрап шығарыңыз.

Бұрғылау патронын орнату (G суретін қараңыз)

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату кері реттілік

Бұрғылау патронын шамамен 80-85 Нм тарту

моментімен бұрап тарту қажет.

Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және

металлдар бар кейбір материалдардың шаңы

денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және

шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы

адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе

тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.

Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат

ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен

(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып

есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.

– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын

ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын

қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты

электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы

мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен

белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс

Айналу бағытын реттеу (H–Iсуретін қараңыз)

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (3) көмегімен

айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/

өшіргішті (5) басқанда бұл мүмкін емес.

Bosch Power Tools 1 609 92A 57X | (21.04.2020)120 | Қазақ

Оңға айналдыру: бұрғыдау және бұрандларды бұрап

кіргізу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3)

Солға айналдыру: бұрандаларды және сомындарды

босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының

ауыстырып-қосқышын (3) оңға жылжытыңыз.

Жұмыс режимін реттеу

Ауыстырып-қосқышты (2) "Бұрғылау"

белгісіне жылжытыңыз.

Ауыстырып-қосқышты (2) "Соққымен

бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.

Ауыстырып-қосқыш (2) тіреліп, қозғалтқыш

жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.

Механикалық берілісті таңдау

u Беріліс ауыстырып-қосқышынын (8) тоқтап тұрған

кезде немесе электр құралы жұмыс істеп тұрғанда

қозғалтуға болады. Дегенмен, оны толық жүктеме

кезінде немесе максималды жылдамдықта

Беріліс ауыстырып-қосқышы (8) арқылы 2 айналу

жиілігінің диапазонын таңдауға болады.

Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен

бұрау немесе жұмыс істеу үшін.

Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен

Максималдық бұрғылау

Бұрғы тәжін перфоратор

режимінде пайдалану.

Ауыстырып-қосқышты (2)

"Бұрғылау" белгісіне

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (5) басып

Басылған ажыратқышты (5) бекіту үшін бекіту түймесін

Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (5) жіберіңіз

немесе бекіту түймесімен (4) құлыптанған болса,

ажыратқышты (5) қысқа уақыт басып жіберіңіз.

Қорғауыш жалғастырғыш

Жоғары реакциялық моменттерді шектеу

үшін электр құрал артық жүктеме

ажыратқышымен (анти-ротациялық)

u Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе

бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.

Осында пайда болатын күш себебінен электр

құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта

u Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын

өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.

Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде

жоғары реактивті күш пайда болады.

Айналымдар/қағу санын реттеу

Ажыратқышты (5) басу күшін өзгерте отырып, қосылған

электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп

Ажыратқышты (5) жай басу төмен айналымдар/қағулар

санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны

Айналымдар санын/қағулар санын таңдау

Айналымдар санын таңдайтын реттеуші (6) арқылы

қажетті айналымдар санын/қағулар санын жұмыс істеу

кезінде реттеуге болады.

Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын

материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты

тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Қайта іске қосылудан қорғаныс

Қайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен

кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол

Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) өшірулі күйіне

келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

Пайдалану нұсқаулары

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

u Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген

күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары

сырғып кетуі мүмкін.

Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату

үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу

Плиткаларды бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты (2)

"Бұрғылау“ белгісіне орнатыңыз. Плитканы тесіп

өткеннен соң аустырып-аустырып қосышты

„перфоратормен бұрағылау“белгісіне өткізіп соққымен

Бетон, тас және құрылыста қатты метал бұрғысын

Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін

болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды

пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы

тиісті сапаға кепілдік береді.

1 609 92A 57X | (21.04.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 121

Бұрғы өткірлеу құралымен (керек-жарақ) 2,5–10 мм

диаметрлік спиральді бұрғыны өткірлеуге болады.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы

мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,

қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс

тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары

бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,

өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және

асқын температура көздерінің (температураның шұғыл

өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне

жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),

павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы

қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді

тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей

Федерациясының заңнамасымен белгіленген

мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан

пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)

жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік

талаптары орындалуы тиіс:

– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,

орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі

туралы мәліметтер беруге міндетті;

– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып

алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға

мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа

бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып

алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай

әрекеттерге жол бермеуі тиіс;

– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға

сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе

сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы

туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;

– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),

жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар

және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),

міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік

белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған

техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы

бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас

бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер

туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша

қолжетімді: www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және

олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру

кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық

тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен

электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету

барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош”

фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету

орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен

әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға

зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және

тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

“Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй

“Гермес” БО, 7 қабат

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау

пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті

ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде

өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі

төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін

жөндеуге құқылы болады:

– механикалық зақымдардың жоқтығы;

– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу

белгілерінің жоқтығы;

– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату

туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік

талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;

– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.

Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:

– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының

Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б.

сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін

Bosch Power Tools 1 609 92A 57X | (21.04.2020)122 | Română

қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі

туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:

– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);

– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате

қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін

бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған

ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз

белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда

болуы немесе электр құралы бөліктері мен

түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы,

жоғары температура әсерінен электр

қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы

Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны

қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.

Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа

2012/19/EU ережесі және ұлттық заңдарға сайкес

пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек

жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы

Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған

директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және

төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз.

Техникалық құжаттар: *