BOSCH GWS 18V15 P Professional - ұнтақтағыш

GWS 18V15 P Professional - ұнтақтағыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GWS 18V15 P Professional BOSCH PDF форматында.

📄 565 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH GWS 18V15 P Professional - page 335
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GWS 18V15 P Professional

Санат : ұнтақтағыш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ұнтақтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GWS 18V15 P Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GWS 18V15 P Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GWS 18V15 P Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады. 1 609 92A 8XH | (21.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 335

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 8XH | (21.11.2023)336 | Қазақ u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. 1 609 92A 8XH | (21.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 337 u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Бұрыштық тегістеу машиналарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы Майдалау, егеуқұм қағазымен ажарлау, сым қылшақпен тазалау немесе кесу әрекеттеріне ортақ қауіпсіздік ескертулері: u Бұл электр құралы майдалағыш, ажарлағыш, сым қылшақ, саңылау кескіш немесе кескіш құрал ретінде пайдалануға арналған. Бұл электр құралымен бірге берілген барлық қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды, суреттерді және спецификацияларды оқып шығыңыз. Төменде келтірілген барлық нұсқаулардың орындалмауы ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақат алуға әкелуі

u Жылтырату сияқты әрекеттерді осы электр құралымен орындауға болмайды. Электр құралы үшін жарамайтын әрекеттер қауіпті жағдайды тудыруы және жарақат алуға әкелуі мүмкін. u Бұл электр құралын құрал өндірушісі арнайы жобаланбаған және белгілемеген жолмен түрлендірмеңіз. Мұндай түрлендіру нәтижесінде бақылау мүмкіндігінен айырылып, ауыр жарақат алуға

u Аспап өндірушімен жасалмаған немесе ұсынбаған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Керек-жарақ электр құралыңызға сай келсе де, қауіпсіз жұмыс істеу қамтамасыз етілмейді. u Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр·құралында·көрсетілген максималды айналымдар санына ·тең·болуы·керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін. u Пайдаланатын жұмыс құралының сыртқы·диаметрі мен·қалыңдығы электр·құралының·өлшемдеріне сай·болуы·керек. Дұрыс таңдалмаған керек – жарақтар дұрыс·қорғалмауы жəне·бақылаудан шығуы мүмкін. u Қосымша бекіткіштің өлшемдері электр құралының монтаждық жабдығының өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Электр құралының монтаждық жабдығына сәйкес келмейтін керек-жарақтар тепе- теңдіктен айырылуы, тым қатты дірілдеуі және бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкеле алады. u Зақымдалған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз. Әр пайдаланудан алдын абразивті дөңгелек сияқты керек-жарақтарды сынық пен жарықтарға, етек дискіні жарықтарға, тозу немесе артықшылықтарына, сым қылшақты бос немесе сынған сымдарға тексеріңіз. Егер электр құралы немесе керек-жарақтар түсіп кетсе, оның зақымдалмағанын тексеріңіз, қажет болса зақымдалмаған керек-жарақтарды орнатыңыз. Керек-жарақтарды тексеріп орнатудан соң, өзіңізді және басқа адамдарды айналып тұрған керек- жарақтар аймағынан алыстатып, электр құралын максималды жүктеусіз жылдамдықпен бір минут айналдырыңыз. Зақымдалған керек-жарақтар әдетте сынақ уақытында сынады. u Жеке·қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Пайдалану тәсіліне байланысты қорғаныш масканы немесе қауіпсіздік көзілдірігін қолданыңыз. Қажет болғанда, шаңнан қорғайтын масканы, құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз. Көз қорғанысы әртүрлі әрекеттердің барысында пайда болатын ұшпа·қоқысты тоқтатуға қабілетті болуы тиіс. Шаңнан қорғайтын маска немесе респиратор белгілі бір жұмыс өткізгенде пайда болатын ұсақ бөлшектерді сүзгілеуге қабілетті болуы тиіс. Өте қарқынды шудың әсері есту·қабілетінің жоғалуына әкелуі мүмкін. u Бөтен ·адамдардың жұмыс·аймағынан·қауіпсіз аймақта болуын қамтамасыз етіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғағыш жабдықтарды киюі керек. Дайындама бөлшектері немесе сынған керек-жарақтар ұшып, әрекет аймағынан тыс жайда жақарат тигізуі мүмкін. u Кескіш керек-жарақтың жасырын сымдарға тиюіне әкелуі мүмкін жұмысты өткізген кезде, электр құралын тек оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Қуаттандырылған сымға тиген жағдайда, электр құралының шығып тұрған металл бөлшектерін де қуаттандырып, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін. u Айналып тұрған аспап толық тоқтағанша электр құралын қоймаңыз. Айналып тұрған керек-жарақтар бетке тиіп, электр құралы бақылаудан шығуы мүмкін. u Электр құралын қасыңызда көтеріп тұрғанда қоспаңыз. Айналып тұрған аспаптарға кездейсоқ тию киіміңізді ұстап, аспапты денеңізге жақын апаруы

u Электр·құралының·желдету·саңылауларын жиі тазартыңыз. Қозғалтқыш желдеткіші шаңды корпус ішінде тартып, ұнтақталған металдың көп жиналуы электрленуге алып келі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 8XH | (21.11.2023)338 | Қазақ u Электр құралын жанатын материалдарға жақын пайдаланбаңыз. Ұшқындар·осы·материалдарды тұтандыруы мүмкін. u Суытқыш сұйықтықты қажет ететін жұмыс құралын ·пайдаланбаңыз. Су·немесе·басқа·да суытқыш сұйықтықты пайдалану электр·тоғының·соғуына·алып·келуі·мүмкін. Кері соққы және оған қатысты ескертулер: Қайтарым бұл соғылған немесе ұсталған айналып тұрған дөңгелек, етек диск, қылшақ немесе басқа керек-жараққа болатын реакция. Соғу немесе ұстау айналып тұрған аспаптың құлап кетуіне және электр құралының бақылаусыз айналуына, қарсы бағытта айналуына алып

Мысалы, егер абразивті дөңгелек дайындама арқылы соғылса, соғу жеріне кіретін дөңгелектің шеті материал бетіне кіріп, дөңгелектің көтерілуіне немесе атылып кетуіне алып кетуі мүмкін. Дөңгелек пайдалануғыша немесе одан әрі ұшуы мүмкін, бұл дөңгелек әрекетінің бағытына байланысты. Абразивті дөңгелектер осы жағдайда сынып кетуі де мүмкін. Қайтарым электр құралын қате пайдаланудан және/ немесе қате пайдалану әдістерінің немесе шарттарының салдарынан болатын жарақаттардың алды алады. u Электр·құралын·екі қолмен мықтап ұстаңыз, денеңіз·бен·қолыңызды кері соққыға қарсылық·көрсете·алатындай·ұстаңыз. Іске қосу кезінде кері соққыны немесе айналуға жауап әрекеттерді барынша бақылау үшін, бар болса, қосымша тұтқаны әрдайым қолданыңыз. Тиісті алдын алу шаралары қолданылған жағдайда, пайдаланушы айналуға жауап әрекеттерді немесе кері соққы күштерін бақылай алады. u Қолыңызды ешқашан айналып тұрған аспапқа жақындатпаңыз. Аспап қолыңызға қайтарым жасауы

u Денеңізді электр құрал қайтарымда жылжитын аймақта орналастырмаңыз. Қайтарым құралды қысылу кезінде дөңгелек айналуына қарсы бағытта

u Бұрыштарды, өткір жиектерді және т.б. өңдеген кезде айрықша сақ болыңыз. Керек-жарақтың секіруіне және ілініп қалуына жол бермеңіз. Бұрыштар, өткір жиектер немесе секіру айналып тұрған керек-жарақтың ілініп қалуына апарып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі мүмкін. u Ара шынжырын, ағаш кескіш жүзді, шеткі бос аралығы 10мм-ден ұзын болатын сегменттік алмасты дөңгелекті немесе тісті ара жүзін бекітпеңіз. Мұндай жүздер·жиі кері соққыны тудырып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға·әкеледі. Майдалау және кесу әрекеттеріне ортақ қауіпсіздік ескертулері: u Тек электр құралыңыз үшін көрсетілген дөңгелек түрлерін және таңдалған дөңгелек үшін жобаланған қорғағышты пайдаланыңыз. Бұл электр құралына жарамайтын дөңгелектер дұрыс қорғалмай, қауіпті болады. u Ортада қысылған дөңгелектің майдалайтын беті қорғағыштың астында орнатылуы керек. Дұрыс орнатылмаған қорғағыш, деңгейден шығып тұрған дөңгелек жақсы қорғалуы керек емес. u Қорғағыш электр құралына қатты орнатылып максималды қауіпсіздік үшін орналасуы қажет, осылай дөңгелектің минималды көлемі пайдаланушыға қарап тұрады. Қорғағыш пайдаланушыны сынған дөңгелек бөлшектерінен, дөңгелекке кездейсоқ тиюден және киімдерді жандыруы мүмкін ұшқындардан қорғайды. u Дөңгелектерді тек ұсынылған пайдалану түрлеріне сай қолдануы керек. Мысал: кесуші дөңгелек шетімен майдаламаңыз. Кесуші·дөңгелектер материалды шетімен кесуге арналған,·Дөңгелектерге·әсер ететін бүйірлік күштер ықпалынан олар сынуы мүмкін. u Таңдалған дөңгелек үшін әрдайым дұрыс өлшемдегі және пішіндегі зақымдалмаған фланецтерді пйдаланыңыз. Дұрыс·таңдалған ернемектер тегістеу дөңгелегінің тірегі болады және оның·сыну қаупінің алдын·алады. Кесуші дөңгелектердің фланецтері майдалау дөңгелегі фланецтерінен басқа болуы мүмкін. u Үлкенірек электр құралдарының тозған дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Үлкенірек электр құралына арналған дөңгелек кішірек құралдың жоғарырақ жылдамдығы үшін жарамсыз болып, жарылуы мүмкін. u Қос мақсатты дөңгелектерді пайдаланған кезде әрдайым орындалып жатқан әрекет үшін дұрыс қорғағышты пайдаланыңыз. Дұрыс қорғағыш пайдаланылмаған жағдайда, қажетті қорғаныс деңгейі қамтамасыз етілмей, ауыр жарақат алу қаупі туындауы

Кесу әрекеттеріне арналған қосымша қауіпсіздік ескертулері: u Кесуші дөңгелекті "қыспаңыз" немесе оны қатты баспаңыз. Кесікті тереңдетуге әрекет жасамаңыз. Дөңгелекке қатты басу жүктемені жəне дөңгелекті кесікте бұрауға немесе байланыстыруға сезімтал болуын жəне кері соққының немесе дөңгелек сынуының ықтималдығын арттырады. u Денеңізді айналдырылған дөңгелектің бір сызыққа немесе артына орналастырмаңыз. Дөңгелек денеңізден ары жылжыса, ықтимал қайтарым айналып тұрған дөңгелек пен электр құралын денеңізге тікелей жылжытуы мүмкін. u Дөңгелек қысылған немесе кез келген себеппен кесуге кедергі жасаған жағдайда, электр құралын өшіріп, дөңгелек толығымен тоқтағанша, электр құралын қозғалыссыз ұстаңыз. Кескіш дөңгелек қозғалып тұрғанда, дөңгелекті кесіктен шығарып алуға әрекеттенбеңіз, әйтпесе кері соққы пайда 1 609 92A 8XH | (21.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 339 болуы мүмкін. Дөңгелек қысылуының себебін жою үшін мәселені зерттеп, түзету шараларын қолданыңыз. u Құрал дайындамада тұрғанда электр құралын қайта қоспаңыз. Кесуді бастамас бұрын, алдымен·дөңгелекті·толық·айналым санына жеткізіп алыңыз. Әйтпесе, кескіш диск тұтылып, дайындамадан көтеріліп кетуі немесе·қері соққыға әкелуі мүмкін. u Тірек панельдері немесе кез келген тым үлкен дайындама дөңгелек қысылуы мен қайтарымның алдын алу үшін. Үлкен дайындамалар өз ауырлығынан иілуі мүмкін. Дайындама·кесу сызығына·жақын·жəне·дөңгелектің·екі жағынан·да тірелуі керек. u Бар қабырғаларда кіші кесікті немесе басқа көрінбейтін аймақтарда орындауда абайлаңыз. Шығып тұрған дөңгелек газ немесе су құбырларын, электр сымдарды немесе нысандарды кесуі мүмкін, ал бұл қайтарымға алып келуі мүмкін. u Қиғаш кесуге әрекеттенбеңіз. Дөңгелек·тым қатты·басылғанда,·жүктеме·жəне·дөңгелектің·кесікте· бұралуға·немесе·қысылуға бейімділігі және кері соққы немесе сыну мүмкіндігі артып, ауыр жарақат алу қаупі

Егеуқұм қағазымен ажарлау әрекеттеріне арналған қауіпсіздік ескертулері: u Дұрыс өлшемді егеуқұм дөңгелегінің қағазын пайдаланыңыз. Егеуқұм қағазын таңдаған кезде өндіруші ұсыныстарын орындаңыз. Егеуқұм дөңгелегінен тым қатты шығып тұратын үлкенірек егеуқұм қағазы жарылу қаупін тудырады және дөңгелектің ілініп қалуына, тозуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Сым қылшақпен тазалау әрекеттеріне арналған қауіпсіздік ескертулері: u Қылшықтың қарапайым әрекет етуі кезінде де қылшықтардың шашырайтындығын ескеріңіз. Қылшықты қатты басып, сымға күш түсірмеңіз. Сым қылшықтары жұқа киімге және/немесе теріге кіріп кетуі мүмкін. u Егер сым қылшақпен тазалау үшін қорғағышты пайдалану белгіленген болса, сым дөңгелектің немесе қылшақтың қорғағышпен жанасуына жол бермеңіз. Сым дөңгелектің немесе қылшақтың диаметрі жұмыс жүктемесіне немесе центрифугалық күштерге байланысты ұлғаюы мүмкін. Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары Қорғаныш көзілдірікті кийіңіз. Қорғаныш қаптаманы кесу үшін пайдалануға болмайды. Жарамды саптаманың көмегімен қорғаныш қаптаманы кесу үшін де пайдалануға болады. Электр құралын жұмыс барысында екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді түрде басқарылады. u Қылшақтар және алмасты бұрғылау коронкалары сияқты ішкі ирек оймалы алмалы-салмалы аспаптарда ажарлау шпинделінің макс. ирек ойма ұзындығына назар аудару керек. Шпиндель ұшы алмалы-салмалы аспаптың түбіне тимеуі керек. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. u Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. u Қуат өшсе, мысалы, аккумулятор шешілсе, сөндіргіш бекіткішін алыңыз және өшірулі күйге орнатыңыз. Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды. u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. u Алмалы-салмалы аспаптарды ғимарат ішінде, құрғақ, біркелкі температураға ие және қатып қалмайтын бөлмеде сақтаңыз. u Электр құралын тасымалдамас бұрын алмалы- салмалы аспаптарды шығарып алыңыз. Осылайша зақымдарға жол бермейсіз. u Байланысқан кескіш және ажарлағыш дискілер жарамдылық мерзіміне ие, бұл мерзімнен кейін оларды әрі қарай пайдалануға тыйым салынады. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі

u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі

u Абай болыңыз! Электр құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ Bosch Power Tools 1 609 92A 8XH | (21.11.2023)340 | Қазақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Электр құралын Bluetooth® бен медициналық құралдар, жанармай бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаубі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Bluetooth® бар электр құралын ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз. Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы су пайдаланбай металл, тас, пластик пен композиттік материалдарды кесуге және қылшақпен өңдеуге, металл, пластик пен композиттік материалдарды сыдырып алуға, сондай-ақ тастан жасалған материалдарды алмасты бұрғылау коронкаларымен бұрғылауға арналған. Бұл ретте дұрыс қорғаныш қаптаманың пайдаланылғанына көз жеткізіңіз (қараңыз „Пайдалану“, Бет349). Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз

Арнайы тегістеу құралдарымен тіркесімде электр құралды егеуқұм қағазымен тегістеу үшін пайдалануға

Электр құралын тастан жасалған материалдарды алмасты тостаған тәрізді дискілермен ажарлау үшін пайдалануға

(GWS18V-15 C / GWS18V-15 SC/ GWS18V-15 PSC) Электр құралының деректері мен реттеулерін, Bluetooth® Low Energy ModuleGCY42 (стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды) пайдаланылғанда, Bluetooth® радио технологиясы арқылы электр құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалдауға болады. Бейнеленген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Қорғаныш қаптамаға арналған құлыптан босату

(2) Корпустағы айналу бағытының көрсеткісі (3) Шпиндельді бұғаттау түймесі (4) Пайдаланушы интерфейсі (GWS18V-15SC, GWS18V-15PSC) (5) Ажыратқыш (GWS18V-15C, GWS18V-15SC) (6) Қақпақ (GWS18V-15C, GWS18V-15SC, GWS18V-15PSC үлгілерінде Bluetooth® Low Energy Module GCY42

(9) Стандартты қосымша тұтқа (беті оқшауланған)

(10) Діріл басқыш қосымша тұтқа (беті оқшауланған) (11) Ажыратқыш қосқышы (GWS18V-15P, GWS18V-15PSC) (12) Ажыратқышқа арналған құлыптан босату иінтірегі (GWS18V-15P, GWS18V-15PSC) (13) Ажарлауға арналған сорғыш қаптама

(14) Ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (15) Кесуге арналған қорғаныш қаптама

(16) Кесуге арналған қаптама (17) Тығыздауыш сақинасы бар тірек фланеці (18) Қатты металдан жасалған тостаған тәрізді диск

(21) Қапсырмасы бар жылдам қысқыш гайка (22) Ажарлау шпинделі (23) Қол қорғанысы

(24) Резеңке ажарлау тәрелкесі

(26) Тостаған тәрізді қылшақ

(27) Алмасты бұрғылау коронкасы

(29) Қысқыш гайканың екі саңылаулы кілті

(30) Айыр тәрізді кілт

(31) Тұтқа (беті оқшауланған) (32) Бағыттауыштары бар кесуге арналған қорғаныш

(33) Алмас кескіш диск

(34) Дискілі қылшақ (Ø 22,22 мм)

(35) Дискілі қылшақ (M14)

(36) Конустық қылшақ

(37) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (38) Кері соққы кезіндегі өшіру индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (39) Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесі (пайдаланушы интерфейсі) 1 609 92A 8XH | (21.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 341 (40) Айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (41) Смартфон белгісі (пайдаланушы интерфейсі) (42) Электр құралының күйі индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (43) Температура индикаторы (пайдаланушы интерфейсі)

Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз. Техникалық мәліметтер Бұрыштық ажарлау машинасы GWS 18V-15 C GWS 18V-15 SC GWS 18V-15 SC Өнім нөмірі 3601JH60.. 3601JH61.. 3601JH63.. Номиналды кернеу V= 18 18 18 Есептелген бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі

Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі

9800 3400–9800 2600–7400 Ажарлағыш дискінің/резеңке ажарлау тәрелкесінің макс. диаметрі мм 125 125 150 Ажарлау шпинделінің ирек оймасы M 14 M 14 M 14 Шпиндель ирек оймасының макс. ұзындығы мм 22 22 22 Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі ● ● ● Қайта іске қосылудан қорғаныс ● ● ● Жүріс тежегіші ● ● ● Айналу жиілігін алдын ала таңдау – ● ● Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына

кг 2,4–3,7 2,5–3,8 2,5–3,9 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 0...+35 0...+35 Жұмыс кезіндегі

және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 –20...+50 –20...+50 Үйлесімді аккумуляторлар GBA 18V... ProCORE18V... GBA 18V... ProCORE18V... GBA 18V... ProCORE18V... Толық қуат үшін ұсынылатын аккумуляторлар ProCORE18V... ≥5,5 Ah ProCORE18V... ≥5,5 Ah ProCORE18V... ≥5,5 Ah Ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар GAL 18... GAX 18... GAL 36... GAL 18... GAX 18... GAL 36... GAL 18... GAX 18... GAL 36... Деректерді тасымалдау

Bluetooth®4.2 (Low Energy) Bluetooth®4.2 (Low Energy) Bluetooth®4.2 (Low Energy) Сигнал арақашықтығы с 8 8 8 Максималды сигнал арақашықтығы

м 30 30 30 A) Жарамды алмалы-салмалы аспаптарды таңдау үшін ENIEC62841-2-3 бойынша есептелген бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі. Шынайы бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі қауіпсіздік тұрғысынан және технологиялық рұқсатты ауытқуларға байланысты төменірек

B) ProCORE18V8.0Ah аккумуляторымен 20–25°C температурасында есептелді және аккумулятор зарядының деңгейі мен құрылғының жұмыс температурасына байланысты

пайдаланылатын аккумуляторға (7), пайдаланылатын қорғаныш қаптамаға ((15), (14), (16)) және пайдаланылатын қосымша тұтқаға ((9), (10)) байланысты D) <0 °C температураларында қуаты шектелген

Bluetooth® Low Energy ModuleGCY42 стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды F) Мобильды терминалдар Bluetooth® төмен қуат құрылғылармен (4.2 нұсқасы) үйлесімді болуы және Generic Access Profile (GAP) қолдауы тиіс. G) Қол жеткізу қашықтығы сыртқы шарттарға, соның ішінде пайдаланылатын қабылдағыш құрылғыға байланысты қатты өзгешеленуі мүмкін. Жабық бөлмелердің ішінде және металл бөгеттерден (мысалы, қабырғалар, сөрелер, шабадан және т.б.) Bluetooth® қол жеткізу қашықтығы айтарлықтай қысқаруы мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 8XH | (21.11.2023)342 | Қазақ Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac. Бұрыштық ажарлау машинасы GWS 18V-15 P GWS 18V-15 PSC Өнім нөмірі 3601JH6A.. 3601JH6B.. Номиналды кернеу V= 18 18 Есептелген бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі

Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі

9800 3400–9800 Ажарлағыш дискінің/резеңке ажарлау тәрелкесінің макс. диаметрі мм 125 125 Ажарлау шпинделінің ирек оймасы M 14 M 14 Шпиндель ирек оймасының макс. ұзындығы мм 22 22 Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі ● ● Қайта іске қосылудан қорғаныс ● ● Жүріс тежегіші ● ● Айналу жиілігін алдын ала таңдау – ● Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай

кг 2,4–3,8 2,5–3,8 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 0...+35 Жұмыс кезіндегі

және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 –20...+50 Үйлесімді аккумуляторлар GBA 18V... ProCORE18V... GBA 18V... ProCORE18V... Толық қуат үшін ұсынылатын аккумуляторлар ProCORE18V... ≥5,5 Ah ProCORE18V... ≥5,5 Ah Ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар GAL 18... GAX 18... GAL 36... GAL 18... GAX 18... GAL 36... Деректерді тасымалдау

– Bluetooth®4.2 (Low Energy) Сигнал арақашықтығы с – 8 Максималды сигнал арақашықтығы

м – 30 A) Жарамды алмалы-салмалы аспаптарды таңдау үшін ENIEC62841-2-3 бойынша есептелген бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі. Шынайы бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі қауіпсіздік тұрғысынан және технологиялық рұқсатты ауытқуларға байланысты төменірек

B) ProCORE18V8.0Ah аккумуляторымен 20–25°C температурасында есептелді және аккумулятор зарядының деңгейі мен құрылғының жұмыс температурасына байланысты

пайдаланылатын аккумуляторға (7), пайдаланылатын қорғаныш қаптамаға ((15), (14), (16)) және пайдаланылатын қосымша тұтқаға ((9), (10)) байланысты D) <0 °C температураларында қуаты шектелген

Bluetooth® Low Energy ModuleGCY42 стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды F) Мобильды терминалдар Bluetooth® төмен қуат құрылғылармен (4.2 нұсқасы) үйлесімді болуы және Generic Access Profile (GAP) қолдауы тиіс. G) Қол жеткізу қашықтығы сыртқы шарттарға, соның ішінде пайдаланылатын қабылдағыш құрылғыға байланысты қатты өзгешеленуі мүмкін. Жабық бөлмелердің ішінде және металл бөгеттерден (мысалы, қабырғалар, сөрелер, шабадан және т.б.) Bluetooth® қол жеткізу қашықтығы айтарлықтай қысқаруы мүмкін. Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac. Шуыл және діріл туралы ақпарат GWS 18V-15 C GWS 18V-15 SC GWS 18V-15 SC 3601JH60.. . 3601JH61.. 3601JH63.. ENIEC62841-2-3 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. 1 609 92A 8XH | (21.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 343 GWS 18V-15 C GWS 18V-15 SC GWS 18V-15 SC Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады Дыбыстық қысым деңгейі Дыбыстық қуат деңгейі Kдәлсіздігі Құлақ қорғанысын тағыңыз! дБ(A) дБ(A)

Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және Kдәлсіздігі,ENIEC62841-2-3 бойынша есептелген: Үстіңгі беттерді ажарлау және абразивті кесу:

6,4 1,5 6,4 1,5 6,6 1,5 Ажарлағыш дискімен ажарлау:

3601JH6A.. 3601JH6B.. ENIEC62841-2-3 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады Дыбыстық қысым деңгейі Дыбыстық қуат деңгейі Kдәлсіздігі Құлақ қорғанысын тағыңыз! дБ(A) дБ(A)

Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және Kдәлсіздігі,ENIEC62841-2-3 бойынша есептелген: Үстіңгі беттерді ажарлау және абразивті кесу:

4,9 1,5 4,9 1,5 Ажарлағыш дискімен ажарлау:

< 2,5 1,5 < 2,5 1,5 Жұмсақ табақ металды немесе басқа үлкен бетті оңай дірілдейтін материалдарды ажарлау 15 дБ шамасына дейін көтерілген шуыл эмиссиясынының көрсеткішін тудыруы мүмкін. Арнайы ауыр дыбыс оқшаулағыш кілемшелердің көмегімен асқын шуыл эмиссиясын азайтуға болады. Асқын шуыл эмиссиясын шуыл сипаттарымен байланысты тәуекелдерді бағалау кезінде де, жарамды құлақ қорғанысын таңдау кезінде де есепке алу қажет. Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру. Bosch Power Tools 1 609 92A 8XH | (21.11.2023)344 | Қазақ Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі Электр құралы кенет кері соқса, мысалы, кесетін жерде сыналану орын алғанда, қозғалтқышқа қуат беру электроникамен тоқтатылады. Бұл ретте кері соққы кезіндегі өшіру индикаторы (38) жанады. Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі белсенді болғанда, күй индикаторы (42) қызыл түспен жыпылықтайды. Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) / (11) өшірулі күйіне келтіріп, электр қүралын қайта қосыңыз. Жүріс тежегіші Электр құралында электрондық Bosch Brake System жүйесі бар. Өшірген кезде, ажарлағыш құрал бірнеше секунд ішінде тоқтап қалады. Бұл жүріс тежегіші жоқ бұрыштық ажарлау машиналарымен салыстырғанда аяқтау уақыты айтарлықтай қысқарып, электр құралын ертерек қоюға мүмкіндік береді. Қайта қозғалу сақтағышы Қайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол

Қайта іске қосылудан қорғаныс белсенді болғанда, күй индикаторы (42) қызыл түспен жыпылықтайды. Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) / (11) өшірулі күйіне келтіріп, электр қүралын қайта қосыңыз. Қағылуда өшу Кіріктірілген соғылу кезіндегі өшіру жүйесі жерге құлап түскен электр құралын өшіреді. Бұл ретте күй индикаторы (42) қызыл түспен жыпылықтайды. Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (5) / (11) өшірулі күйіне келтіріп, электр қүралын қайта қосыңыз. Пайдаланушы интерфейсі (E суретін қараңыз) (GWS18V-15 SC/ GWS18V-15 PSC) Пайдаланушы интерфейсі (4) электр құралының айналу жиілігін алдын ала таңдау және күйін қарап шығу үшін пайдаланылады. Айналу жиілігін алдын ала таңдау (GWS18V-15 SC/ GWS18V-15 PSC) Нұсқау: ең көбі 6 айналу жиілігінің деңгейі бар айналу жиілігін жекелей алдын ала реттеу функциясы, Bluetooth

Low Energy ModuleGCY42 (стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды) пайдаланылғанда ғана қолжетімді

Әдепкі күйде 3 айналу жиілігінің деңгейі алдын ала реттелген. Арнайы қолданба (Bosch Toolbox App) арқылы 6 айналу жиілігінің деңгейін бағдарламалауға болады. Айналу жиілігі деңгейлерінің саны өзгертілгенде, бөлек деңгейлердің мәндері алдын ала реттеледі. Бұл жағдайда айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (40) ақ түспен жанады. Айналу жиілігінің мәні жекелей бағдарламаланған болса, айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (40) мұндай айналу жиілігінің деңгейінде көк түспен жанады (яғни негізгі реттеуге сәйкес емес). Айналу жиілігінің деңгейлерін әр 200мин

бойынша қадамдарда жекелей реттеуге болады. Бұл ретте деңгейлердің көтерілу логикасын (2≥1 / 3≥2 және т.с.с.) ескеріңіз. Төмендегі кестелерде деңгейлердің бағдарламаланған әр саны үшін алдын ала реттелген айналу жиілігінің мәндері (негізгі реттеулер) көрсетілген.

(125мм) Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі

Айналу жиілігі деңгейлерінің саны

Айналу жиілігі деңгейлерінің көрсетілген мәндері пайдаланылатын аккумулятор түріне, аккумулятор зарядының деңгейіне және құрылғының жұмыс температурасына байланысты. 1 609 92A 8XH | (21.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 345

(150мм) Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі

Айналу жиілігі деңгейлерінің саны

Айналу жиілігі деңгейлерінің көрсетілген мәндері пайдаланылатын аккумулятор түріне, аккумулятор зарядының деңгейіне және құрылғының жұмыс температурасына байланысты. Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (39) қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады. Төмендегі кестедегі деректер 3 алдын ала реттелген айналу жиілігінің деңгейімен зауыттық реттеу үшін ұсынылған мәндер болып табылады. Материал Қолданылуы Алмалы-салмалы

Айналу жиілігін алдын ала таңдау

Металл Бояуды кетіру Ажарлағыш диск 1 3400 2600 Металл Қылшақпен өңдеу, тотты кетіру Тостаған тәрізді қылшақ, егеуқұм

Ажарлау Ажарлағыш диск/ талшықты диск

Металл Сыдырып ажарлау Ажарлағыш диск 3 макс макс Металл Кесу Кескіш диск 3 макс макс Тас Кесу Алмас кескіш диск 3 макс макс u Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр құралында көрсетілген максималды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін. Аккумулятор Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Аккумуляторды енгізу Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Аккумуляторды шығару Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш

Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады. Bosch Power Tools 1 609 92A 8XH | (21.11.2023)346 | Қазақ Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады. Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді. Аккумулятор зарядының деңгейі пайдаланушы интерфейсінде де көрсетіледі (қараңыз „Күй индикаторлары“, Бет351). Аккумулятор түрі GBA 18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 3× жасыл 60–100% Үздіксіз жарық 2× жасыл 30–60% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–30% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумулятор түрі ProCORE18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 5× жасыл 80–100% Үздіксіз жарық 4× жасыл 60–80% Үздіксіз жарық 3× жасыл 40–60% Үздіксіз жарық 2× жасыл 20–40% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–20% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан

Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды

Low Energy ModuleGCY42 модулін (керек-жарақ) орнату Нұсқау:GWS18V-15 C, GWS 18V-15 SC жәнеGWS 18V-15 PSCэлектр құралдарында Bluetooth

Low Energy ModuleGCY42 керек-жарақ ретінде қолжетімді. Bluetooth

Low Energy ModuleGCY42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұқсаулықтан қараңыз. Қорғағыш аспапты орнату u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз. Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама Қорғағыш қаптаманы (14) электр құралының патронына қорғағыш қаптамасының кодтау жұдырықшалары патронға сәйкес келгенше салыңыз. Бұғаттаудан шығару иінтірегін (1) басып

Шпиндель мойнындағы қорғашғы қаптаманы (14) басып, қаптамадағы буртикті электр құралдың фланеціне отырғызыңыз және қорғағыш қаптаманы шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз. Қорғағыш қаптаманың (14) күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы (14) қажет күйге бұрыңыз. u Қорғаныш қаптаманы (14) әрдайым, құлыптан босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы қорғаныш қаптаманың (14) тиісті ойықтарына кіретіндей, реттеңіз. u Қорғағыш қаптаманы (14) оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай

u Керек-жарақтың айналу бағытында қорғаныш қаптаманы(14) тек құлыптан босату иінтірегін(1) пайдалану арқылы бұрауға болады! Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек. Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары (14) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді. 1 609 92A 8XH | (21.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 347 Тегістеуге арналған сорғыш қаптама Сырды, лакты және пластмассаны металл диск (18) арқылы шаңсыз тегістеу үшін, сорғыш қаптаманы (13) пайдалануға болады. Сорғыш қаптама (13) металды өңдеуге арналмаған. Сорғыш қаптамаға (13) сәйкес келетін Bosch шаң сорғышын жалғауға болады. Сорғыш қаптама (13) қорғағыш қаптама (14) сияқты орнатылады. Дөңгелек қылшақты ауыстыруға болады. Кесуге арналған қорғағыш қаптама u Кесу үшін кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (15) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қамтаманы (14) кесуге арналған қақпақпен (16) бірге пайдаланыңыз. u Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптама (15) сонымен бірге тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (14) ретінд де орнатылады. Кесуге арналған металл қақпақ Кесуге арналған металл қақпақты (16) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (14) орнатыңыз (A суретті қараңыз): қапсырманы кері бұрыңыз (➊). Қақпақты (16) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (14) кигізіңіз(➋). Қапсырманы қорғаныш қаптамаға мықтап басыңыз (14) (➌). Бөлшектеу үшін (B суретті қараңыз) қапсырмадағы түймені басып (➊), оны кері бұрыңыз (➋). Қақпақты (16) қорғаныш қаптамадан (14) шешіңіз (➌). Пластиктен жасалған кесуге арналған қаптама Пластиктен жасалған кесуге арналған жабынды(16) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға(14) орнатыңыз (C суретін қараңыз). Жабын(16) қорғаныш қаптамада(14) шерту дыбысымен және көрінетіндей

Бөлшектеу үшін (D суретін қараңыз) қорғаныш қаптамадағы(14) (➊) жабынды(16) сол немесе оң жаққа босатып, жабынды тартып шығарыңыз (➋). Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш

Бағыттауыштары бар кесуге арналған қорғаныш қаптама(32) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен бірдей орнатылады. Қосымша тұтқаны(9)/(10) сорғыш қаптамадағы қапсырма арқылы редуктор корпусына бекіту арқылы электр құралы сорғыш қаптамамен берік байланыстырылады. Бағыттауыштары бар сорғыш қаптамаға(32) арнайы Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сорғыш шлангіні сору адаптерімен сорғыш қаптаманың арнайы бекіткіш саңылауына

Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангідегі және керек- жарақтағы шаңнан пайда болған үйкеліс электрстатикалық зарядты тудырады, пайдаланушы бұл зарядты статикалық разряд ретінде сезуі мүмкін (қоршған ортаға және өзінің физиологиялық қалпына байланысты). Bosch компаниясы жалпы бойынша ұсақ шаңды және құрғақ материалдарды сору үшін антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ) пайдалануға кеңес береді. Қол қорғағышы u Резеңке ажарлау тәрелкесімен(24) немесе тостаған тәрізді қылшақпен/конустық қылшақпен/ алмас бұрғылау коронкасымен жұмыс істеу үшін әрдайым қол қорғанысын(23) киіп жүріңіз. Қол қорғанысын(23) қосымша тұтқамен(9)/(10)

Стандартты қосымша тұтқа/дірілдеуді бәсеңдететін қосымша тұтқа Қосымша тұтқаны (9)/(10) редуктор бастиегінің оң немесе сол жағында жұмыс істеу әдісіне байланысты бұрап бекітіңіз. u Электр құралын тек қосымша тұтқамен (9)/(10) бірге пайдаланыңыз. u Электр құралын қосымша тұтқа (9)/(10) зақымдалған жағдайда пайдалануды тоқтатыңыз. Қосымша тұтқаға (9)/(10) ешқандай өзгеріс енгізбеңіз. Дірілдеуді бәсеңдететін қосымша тұтқа (10) төмен дірілді, яғни, қолайлы және қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етеді. Ажарлауыш құралдарын орнату u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

u Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. Тегістеу шпинделін (22) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз. Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (3) басып, шпиндельді

u Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін. Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз. Алмас кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмас кесу шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткісі электр құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редукторлық бастағы көрсеткіні қараңыз). Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген. Bosch Power Tools 1 609 92A 8XH | (21.11.2023)348 | Қазақ Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін жылдам тартқыш сомынды (21) басқа аспапсыз пайдаланыңыз. Нұсқау: композиттік ажарлағыш немесе кескіш дискілерді жеткізілім жиынтығындағы тірек фланецінің(17) және жылдам қысқыш гайканың(21) көмегімен монтаждау кезінде аралық қабаттарды пайдалану қажет болады. Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін тығыздауыш сақинасы бар тірек фланецін(17) ажарлау шпинделіне(22) енгізіп, жылдам қысқыш гайканы(21) бұрап орнатыңыз. Жылдам тартқыш сомынды (21) тек макисмалдық диаметрі 150мм-ге дейін болған ажарлау/кесу дискілері үшін пайдаланыңыз. u Тез тартқыш сомынды (21)тек ажарлау немесе кесу дискісімен пайдалануға болады. u Бұзылмаған мінсіз жылдам тартқыш сомынды пайдаланыңыз (21). u Бұрап қоюда жылдам тартқыш сомынының жазылған жағы (21) ажарлау дискісіне көрсетпеуіне көз жеткізіңіз; бағыттама индекстік белгіге көрсетуі тиіс суретін қараңыз. u Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін тек қана жинақтағы жылдам қысу сомынын пайдаланыңыз (21). Ажарлау шпинделін бекіту үшін шпиндельді бұғаттау түймесін(3) басыңыз. Жылдам қысқыш гайканы(21) бекіту үшін жылдам қысқыш гайканың қапсырмасын жоғары қайырып, жылдам қысқыш гайканы сағат тілінің бағытымен күштеп бұраңыз. Содан кейін жылдам қысқыш гайканы бекіту үшін қапсырманы төмен қайырыңыз. Диск жиегінен тарту жеткілікті емес. Тиісінше бекітілген, зақымдалмаған жылдам қысқыш гайканы(21) қолмен босатуға болады. Ол үшін жылдам қысқыш гайканың қапсырмасын жоғары қайырып, жылдам қысқыш гайканы сағат тілінің бағытына қарсы күштеп бұраңыз. Ешқашан қатты бекемделген жылдам қысқыш гайканы құралдың көмегімен босатпаңыз, оның орнына екі саңылаулы гайка кілтін пайдаланыңыз. Тірек фланеці мен ажарлағыш/ кескіш дискіні орнатқаннан кейін, ажарлау шпинделі ирек оймасының ұзындығы кемінде 4мм болуы тиіс. Ажарлағыш құралдың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз, сонда ол электр құралының шығысында шпиндельден шығып кетпейді. Тірек фланецінде(17), ортаға келтіру буылтығының айналасында пластие бөлшек (тығыздауыш сақина) орнатылған. Тығыздауыш сақина жоқ немесе зақымдалған болса, тірек фланецін(17) ары қарай пайдаланбай тұрып, міндетті түрде ауыстыру керек. u Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз. Жарамды ажарлау құралдары Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу құралдарын пайдалануға болады. Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген айналымдар саны [мин

] немесе айналу жылдамдығы [м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен болмауы керек. Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе айналу жылдамдығын сақтаңыз. макс. [мм] [мм] [°] D b с d α [мин

125 21 – 22,2 – 11000 80 Редуктор бастиегін бұрау (F суретін қараңыз) u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

Редукторлық бастиекті 90° қадаммен бұрауға болады. Осылайша ажыратқышты арнайы жұмыс жағдайларына, мысалы, солақайлар үшін оңтайлы басқару күйіне келтіруге болады. 4 бұранданы толығымен бұрап босатыңыз(➊). Редукторлық бастиекті корпустан шығармай жаңа күйге баяу бұраңыз(➋). 4 бұранданы қайтадан мықтап тартыңыз(➌). Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

u Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз. u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

u Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз, «Статика туралы нұсқаулар» тарауын

u Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе, дайындаманы бекітіңіз. u Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз. u Электр құралды абразивті-кесу станинада пайдаланбаңыз. u Тегістеу және кесу дискілеріне суығанша тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. Пайдалану нұсқаулары Сыдырып тегістеу u Байланыстырылған ажарлағыш құралдардың көмегімен сыдырып ажарлау кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы(14) пайдаланыңыз. u Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін пайдаланбаңыз. u Сыдырып ажарлау кезінде кесуге арналған қорғаныш қаптама(15) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптама(14) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен(16) бірге дайындамаға соғылып, бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі мүмкін. 30°–40° еңкейту бұрышымен сыдырып ажарлау кезінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Электр құралын орташа қысыммен алға-артқа жылжытыңыз. Нәтижесінде дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және қатпарлар пайда болмайды. u Кесуге де, ажарлауға да рұқсат етілген байланыстырылған дискілер пайдаланылған кезде, кесуге арналған қорғаныш қаптаманы(15) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы(14) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен(16) бірге пайдалану керек. Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен үстіңгі беттерді

u Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен ажарлау кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы пайдаланыңыз(14). Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискімен (керек-жарақ), сонымен қатар дөңес беттерді және профильдерді де өңдеуге болады. Желпуіш тәрізді ажарлағыш дискілер әдеттегі ажарлағыш дискілермен салыстырғанда ұзағырақ қызмет етеді, азырақ шуыл шығарады және төменірек ажарлау температурасына ие болады. Ажарлау тәрелкесімен үстіңгі беттерді ажарлау u Резеңке тегістеу тәрелкесімен (24) жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (23) киіңіз. Ажарлау тәрелкесімен ажарлау әрекетін қорғаныш қаптамасыз орындауға болады. Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген. Bosch Power Tools 1 609 92A 8XH | (21.11.2023)350 | Қазақ Домалақ гайканы(28) бұрап бекітіңіз де, екі саңылаулы кілтпен тартыңыз. Тостаған тәрізді қылшақ/дискілі қылшақ/конустық

u Ажарлағыш қылшақтармен өңдеу кезінде әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы пайдаланыңыз(14). Тостаған тәрізді қылшақтармен/конустық қылшақтармен өңдеу әрекетін қорғаныш қаптамасыз орындауға болады. u Тостаған тәрізді немесе конустық қылшақпен жұмыстар өткізу үшін әрдайым қол қорғанысын(23) монтаждаңыз. u Дискілі қылшақтардың максималды рұқсат етілген өлшемдерінен асырған жағдайда, дискілі қылшақтардың сымдары қорғаныш қаптамаға тиіп, сынуы мүмкін. Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген. M14 ирек оймасы бар тостаған тәрізді қылшақты/ конустық қылшақты/дискілі қылшақты, ол шпиндель ирек оймасының шетіндегі ажарлау шпинделінің фланецімен тығыз жанасатындай, ажарлау шпинделіне бұрап бекіту қажет. Тостаған тәрізді қылшақты/конустық қылшақты/ дискілі қылшақты айыр тәрізді кілтпен бекемдеңіз. 22,22мм диаметрлі дискілі қылшақты бекіту үшін тығыздауыш сақинасы бар тірек фланецін(17) ажарлау шпинделіне(22) енгізіңіз, домалақ гайканы(28) бұрап бекітіңіз және оны екі саңылаулы кілтпен тартыңыз. Металды кесу u Металл материалдарды байланыстырылған кескіш дискілермен немесе алмас кескіш дискілермен кескен кезде әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы(15) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы(14) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен(16) бірге пайдаланыңыз. u Ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы(14) байланыстырылған кескіш дискілермен кесу жұмыстары үшін пайдаланған кезде, дискілер сынған жағдайда, ұшқын мен бөлшектер және диск бөліктері тиюінің артқан қаупі туындайды. Кескіш дискімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс беріліспен жұмыс істеңіз. Кескіш дискіге қысым түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз. Бүйірлік қысыммен айналғанда кескіш дискіні тоқтатпаңыз. Электр құралын әрқашан айналу бағытына қарсы жүргізу керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі туындайды. Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу кезінде кесуді ең аз көлденең қимада бастаңыз.

u Тасты материалдарды тас/бетонға арналған байланыстырылған кескіш дискілермен немесе алмас кескіш дискілермен кескен кезде әрдайым кесуге арналған бағыттауыштары бар сорғыш қаптаманы(32), кесуге арналған қорғаныш қаптаманы(15) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (14) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен бірге пайдаланыңыз(16). u Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз. u Шаңтұтқыш маскасын киіңіз. u Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу үшін пайдалануға болады. u Кесуге арналған қорғаныш қаптаманы(15), ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (14) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы(14) монтаждалған ажарлауға арналған қаптамамен(16) бірге бетон немесе кіркіш қалауда кесу және ажарлау әрекеттері үшін пайдаланған кезде, асқын шаң жүктемесі пайда болады және кері соққыға әкелуі мүмкін электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылудың артқан қаупі туындайды. Тасты кесу үшін алмас кескіш дискілерді пайдаланған

Бағыттауыштары бар қорғаныш қаптаманы(32) пайдалану үшін тас шаңын сорып алу үшін шаңсорғышты пайдалану керек. Bosch арнайы шаңсорғыштарды

Электр құралын өшіріңіз және бағыттауыштардың алдыңғы бөлігімен бөлшекке орнатыңыз. Электр құралын біркелкі, материалға сәйкес беріліспен жылжытыңыз. Құрамында қиыршық тас өте көп болатын аса қатты материалдарды, мысалы, бетонды өңдеу кезінде алмас кескіш диск қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас кескіш дискідегі ұшқын осыны білдіреді. Осы жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас кескіш дискіні бос жүріс күйінде, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт салқындатыңыз. Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және пайда болатын ұшқын алмас кескіш дискінің дөкір болғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады. Басқа материалдарды кесу u Пластик, композиттік материалдар және т.с.с. материалдарды байланыстырылған кескіш дискілермен немесе Carbide Multi Wheel кескіш дискілерімен кескен кезде әрдайым кесуге арналған қорғаныш қаптаманы(15) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы(14) монтаждалған кесуге арналған қаптамамен (16) бірге пайдаланыңыз. Бағыттауыштары бар сорғыш қаптаманы(32) пайдалану арқылы шаңның жақсырақ сорылуына қол жеткізесіз. 1 609 92A 8XH | (21.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 351 Алмас бұрғылау коронкаларымен жұмыс істеу u Құрғақ алмас бұрғылау коронкаларын пайдаланыңыз. u Алмас бұрғылау коронкаларымен жұмыстар өткізу үшін әрдайым қол қорғанысын(23) монтаждаңыз. Алмас бұрғылау коронкасын дайындамамен параллель етіп орнатпаңыз. Дайындаманы еңкейтіп және айналмалы қозғалыстармен батырыңыз. Ослайша алмас бұрғылау коронкасының оңтайлы суытылуына және ұзақ жарамдық мерзіміне қол жеткізесіз. Статика туралы нұсқаулар Көтергіш қабырғалардағы ойықтар ұлттық нормативтермен реттеледі. Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен

(GWS 18V-15 C/ GWS 18V-15 SC) Электр құралын Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті (5) алға жылжытыңыз. Қосқыш/өшіргішті (5) орнату үшін қосқыш/өшіргішті (5) төменге тірелгенше басыңыз. Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті (5) жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті (5) қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз. u Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін.

(GWS 18V-15 P/ GWS 18V-15 PSC) Электр құралын іске қосу үшін босату иінтірегін(12) алға жылжытып, ажыратқышты(11) жоғары қарай басыңыз. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты(11) жіберіңіз. u Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға алып келуі мүмкін. Күй индикаторлары Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (37) Мағынасы/себебі Шешімі жасыл Аккумулятор зарядталған – сары Аккумулятор заряды таусылған дерлік Аккумуляторды дереу алмастыру немесе

қызыл Аккумулятор заряды таусылған Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау Электр құралының күйі индикаторы(42) Мағынасы/себебі Шешімі Жасыл OK күйі – Сары Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау қызыл түспен жанып тұр Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау қызыл түспен жыпылықтап

Кері соққы кезіндегі өшіру жүйесі, қайта іске қосылудан қорғаныс немесе соғылу кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылды Электр құралын өшіріп қайта қосу Көк түспен жыпылықтап тұр

Электр құралы ақырғы мобильді

Bosch Power Tools 1 609 92A 8XH | (21.11.2023)352 | Қазақ Электр құралының күйі индикаторы(42) Мағынасы/себебі Шешімі құрылғымен байланыста немесе реттеулер

Bluetooth® Low Energy ModuleGCY42 стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды Температура индикаторы (43) Мағынасы/себебі Шешімі сары Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор) Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту қызыл Электр құралы қызып кетті және өшеді Электр құралын суыту Смартфон белгісі(41) Мағынасы/себебі

Bluetooth® радио технологиясының көмегімен, ақырғы мобильді құрылғы қосылған жағдайда, "Электр құралының күйі" индикаторына байланысты қосымша ақпарат қолжетімді болуы мүмкін.

Bluetooth® Low Energy ModuleGCY42 стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды Байланыс функциялары (GWS18V-15 C / GWS18V-15 SC/ GWS18V-15 PSC) Bluetooth® Low Energy ModuleGCY42 модулімен бірге (стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды) электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады: – Тіркеу және жекелендіру – Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару – Жалпы мәліметтер мен реттеулер

Bluetooth® Low Energy ModuleGCY42 (стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды) туралы ақпаратты берілген пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз. Электр құралының қолданбамен байланысын пайдаланушы интерфейсіндегі (4) айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесін (39) басу арқылы растау қажет. Қолданба оған қосылуға сұрау береді. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша 1 609 92A 8XH | (21.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 353 қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: *