BOSCH GNH 18V64 Professional - Тігкіш

GNH 18V64 Professional - Тігкіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GNH 18V64 Professional BOSCH PDF форматында.

📄 385 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BOSCH GNH 18V64 Professional - page 221
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GNH 18V64 Professional

Санат : Тігкіш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Тігкіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GNH 18V64 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GNH 18V64 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GNH 18V64 Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 221 Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Жалпы электр құралды қауіпсіздік

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Bosch Power Tools 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023)222 | Қазақ Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңызды, киімді және қолғапты жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге тартылып қалуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. u Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 223 терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Шегеқаққыш машинаның қауіпсіздік ескертулері u Құралда шегелердің бар екендігіне әрдайым ескеріңіз. Шегеқаққыш машинаны ұқыпсыз пайдалану шегенің атылуына және жеке жарақат алуға алып келуі мүмкін. u Аспапты өзіңізге немесе кез келген басқа адамға қаратпаңыз. Күтпеген басылу шегелерді босатып, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін. u Аспапты дайындамаға қатты басқанда ғана істетіңіз. Егер құрал дайындамаға тимей тұрса, шеге нысаннан ұрылып ұшып кетуі мүмкін. u Егер шегелер құрал ішінде қысылса, құралды тоқ көзінен ажыратыңыз. Қысылған шегені алып тастау кезінде шегеқаққыш машина тоққа қосулы болса, ол кездейсоқ іске қосылуы мүмкін. u Қысылған шегені алып тастау барысында абайлаңыз. Механизмі қысу әсерінде болып, шеге қысылған күйден шығатын кезде күшпен босап кетуі

u Бұл шегеқаққыш машинаны электрлік кабельдерді қысу үшін пайдаланбаңыз. Ол электр кабельдерді орнатуға арналмаған болып электр кабельдердің оқшаулауын зақымдауы мүмкін, бұл арқылы ол элеткр тоқ соғу немесе өрт пайда болуына алып келуі мүмкін. u Шегеқаққыш машинаны шегелерді жүктеу немесе шығару, керек-жарақтарды баптау немесе өзгерту кезінде қуат көзінен ажыратыңыз. Шегеқаққыш машина қуат көзіне қосулы болса кездейсоқ іске қосылып, нәтижесінде дене жарақатын алуға әкелуі

u Шегелерді әсіресе жүктеу және шығару барысында пайдалану кезінде мұқият болыңыз. Шегелердің дене жарақатына әкелуі мүмкін өткір ұштары бар. u Бұл шегеқаққыш машинаны пайдаланбаған және бір пайдалану позициясынан басқасына жылжытқан жағдайда, саусағыңызды іске қосу механизмінен алшақ ұстаңыз. Күтпеген басылу шегені босатып, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі

u Шегенің жасырулы сыммен жанасуы мүмкін жұмысты орындау кезінде, шегеқаққыш машинаны оқшауланған ұстау беттерінен ұстаңыз. Егер шеге "кернеулі" сымға тисе, шегеқаққыш машинаның ашық металл бөлшектерін "кернеулендіріп", пайдаланушыны электрлік ток соғуы

u Шегеқаққыш машинаны пайдалану кезінде мықтап ұстаңыз. Шегеқаққыш машинаның басқарылмайтын кері соғуы кездейсоқ іске қосуға әкелуі мүмкін, нәтижесінде дене жарақатына әкеледі. u Дененің қол және аяқ сияқты барлық бөлігін құралдың атылу бағытынан алшақ ұстаңыз. Шеге дайындамаға, сондай-ақ оның артында тұрған кез- келген затқа кіріп, нәтижесінде дене жарақатына әкелуі мүмкін. u Шегеқаққыш машинаны пайдалану кезінде, дененің қол және аяқ сияқты барлық бөлігін шегенің дайындамаға қағылатын аймағынан алшақ ұстаңыз. Шеге ауытқып, дайындамадан шығып кетуі мүмкін, нәтижесінде дене жарақатына әкелуі мүмкін. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі

u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі

Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, Bosch Power Tools 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023)224 | Қазақ өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Мақсаты бойынша қолдану Электр құралы ағашқа шеге қағып кіргізуге арналған. Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға болады. Нұсқау: электр құралы металл не бетонға шеге қағуға арналмаған. GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: тұғырда, сатыда немесе басқа платформада жұмыс істеген және жұмыс күйін ауыстыру қажет болған кезде электр құралын автоматты кері қозғалыспен түйіспелі іске қосу режимінде пайдаланбаңыз. Бұл жағдайда тек резервтік реттілікпен бірмәртелі іске қосу режимін пайдаланыңыз. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Дайындама қорғағышы (2) Іске қосу сақтандырғышы (3) Итергіш каналды ашуға/жабуға арналған қыспа

(4) Тереңдік шектегішін реттеу индикаторы (5) Тереңдік шектегішінің реттегіш дөңгелегі (6) Іске қосу құрылғысы (7)

(12) Дайындама қорғағышын сақтау орны (13) Таспа ілмегі (14)

(15) Қорап қалқаны (16) Шеге қармағышы (17) Толтыру индикаторының көру терезесі (18)

(19) Тұтқа (беті оқшауланған) (20) Шеге таспасы

(21) Қорап серіппесі Пайдаланушы интерфейсі (22) Күй индикаторы (23) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (24) Төмен техникалық қызмет көрсету деңгейі (25) Жоғары техникалық қызмет көрсету деңгейі (26) Бастапқы күйге қайтару түймесі GNH 18V-64-2: (27) Жұмыс шамының түймесі (28) "Қосулы" жұмыс шамының индикаторы (29) "Өшірулі" жұмыс шамының индикаторы GNH 18V-64-2 M,GNH 18V-64 MD: (30) Режим түймесі (31) Бірмәртелі іске қосу индикаторы (32) Түйіспелі іске қосу индикаторы

Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз. Техникалық мәліметтер Аккумуляторлық шеге

GNH18V-64-2 GNH18V-64-2M GNH18V-64MD Өнім нөмірі 3601D821.. 3601D820.. 3601D822.. Номиналды кернеу В= 18 18 18 Іске қосу жүйелері – Қорғаныс реттілігі бар бір рет іске қосу тетігі

– Автоматты кері қозғалысы бар түйіспелі іске қосу тетігі

Қағылатын зат – Түрі Тұйықтаушы бүркеншігі

Тұйықтаушы бүркеншігі

D тәрізді бүркеншігі бар

– Ұзындығы мм 32–64 32–64 32–64 – Диаметрі мм 1,6 1,6 1,8 ga 16 16 15 – Бұрыш 20° 20° 34° 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 225 Аккумуляторлық шеге

GNH18V-64-2 GNH18V-64-2M GNH18V-64MD Қораптың макс. сыйымдылығы 105 105 105 Өлшемі (аккумуляторсыз) – Биіктігі мм 283 283 323 – Ені мм 96 96 95 – Дайындама қорғағышымен

EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай

кг 3,3–4,3 3,3–4,3 3,5–4,5 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 0...+35 0...+35 Жұмыс кезіндегі B)C)

сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 –20...+50 –20...+50 Үйлесімді аккумуляторлар GBA18V... ProCORE18V... GBA18V... ProCORE18V... GBA18V... ProCORE18V... Ұсынылатын аккумуляторлар GBA18V... ≥2,0А-сағ ProCORE18V... ≥4,0А-

Ұсынылатын зарядтағыш

GAL18... GAX18V... GAL36... GAL18... GAX18V... GAL36... GAL18... GAX18V... GAL36... A) пайдаланған аккумуляторға байланысты B) <0 °C температураларында қуаты шектелген C) GBA 18V... үлгісімен шектеулі қуат Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac. Шуыл/діріл туралы ақпарат GNH 18V-64-2 GNH 18V-64-2 M GNH 18V-64 MD EN60745‑2‑16бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: Дыбыстық қысым деңгейі дБ(A)

Дыбыстық қуат деңгейі дБ(A)

Құлақ қорғанысын тағыңыз! Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және Kдәлсіздігі,EN60745‑2‑16 бойынша есептелген:

1,5 1,5 1,5 Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр Bosch Power Tools 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023)226 | Қазақ құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру. Аккумулятор u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Аккумуляторды енгізу Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Аккумуляторды шығару Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш

Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде, оның түсіп кетуінен қорғайтын 2құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады. Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады. Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді. Аккумулятор зарядының деңгейі пайдаланушы интерфейсінде де көрсетіледі (қараңыз „Күй көрсеткіштері“, Бет228). Аккумулятор түрі GBA 18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 3× жасыл 60–100% Үздіксіз жарық 2× жасыл 30–60% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–30% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумулятор түрі ProCORE18V... Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 5× жасыл 80–100% Үздіксіз жарық 4× жасыл 60–80% Үздіксіз жарық 3× жасыл 40–60% Үздіксіз жарық 2× жасыл 20–40% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5–20% Жыпылықтайтын жарық 1× жасыл 0–5% Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан

Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды

u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

Қорапты жабдықтау (A1−A4 суреттерінқараңыз) u Құрылғыны реттеу, керек-жарақтарды алмастыру немесе электр құралын ары қою алдында 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 227 аккумуляторды шығарыңыз. Осы сақтық шарасы электр құралының кенет іске қосылуына жол

Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын пайдаланыңыз. Электр құралының қорап, ауыз және итергіш канал сияқты дәл бөліктері Bosch ұсынған қапсырма, шеге мен штифтеріне сәйкестендірілген. Басқа өндірушілер басқа болат сапасын және өлшемдерді пайдаланады. Нұсқау: тек "Техникалық деректер" кестесінде келтірілген қағылатын заттарды пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген қағылатын заттарды пайдалану электр құралының зақымдалуына және жарақат алуға әкелуі

Қорапты толтыру барысында электр құралын, ауыз (18) не өз денеңізге, не басқа адамдарға бағытталмайтындай ұстап тұрыңыз. – Қажет болса, қорап қалқанын (15) тазалаңыз да, қораптың (14) ластанбағанына көз жеткізіңіз. – Жарамды шеге таспасын (20) қораптың (14) ұшындағы Т тәрізді ойыққа салыңыз. – Шеге таспасын, соңғы шеге қорап серіппесінің (21) алдында жатқанша, алға қарай қорап ішіне жылжытыңыз. Нұсқау: электрондық бақылау жүйесі шегелердің қорапта бар-жоғын анықтайды. Іске қосу сақтандырғышы қораптың бос күйінде басылған жағдайда, қағу процесі іске қосылады. Осылайша бос қағу әрекеттеріне жол берілмейді. – Алдын ала керілген шеге қармағышын (16) қорап қалқанына (15) қарай басып, дәл сол уақытта қорап қалқанын толығымен қораптың (14) ұшына дейін

Нұсқау: қорап қалқаны қатты күш қолданусыз (тек саусақ күшімен) кері жылжытылуы керек. Қысылып қалған қорап қалқанының мынадай салдары бар: шеге қағылмайды, шеге итергіш каналда қармалып қалады ("Қысылу" бөлімін қараңыз) немесе шеге қате бұрышта

– Қорап қалқанын (15) басылған шеге қармағышымен (16), шеге қармағышы соңғы шеге үстінен жылжытылғанша және нәтижесінде шеге таспасы қорапқа толығымен алға кіргенше, абайлап алға қарай бағыттаңыз. Нұсқау: қорап қалқанының бағыттаусыз кері қармалып қалуына жол бермеңіз. Қорап қалқаны зақымдалуы мүмкін және саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.

Іске қосу жүйелері Резервтік реттілікпен бірмәртелі іске қосу Бұл іске қосу жүйесінде алдымен іске қосу сақтандырғышын (2) дайындамаға берік орнату керек. Қағылатын зат, іске қосу құрылғысы (6) басылғанда ғана

Содан кейін басқа қағу әрекеттерін, іске қосу құрылғысы мен іске қосу сақтандырғышы алдымен бастапқы күйіне жылжытылғаннан кейін ғана орындауға болады. Автоматты кері қозғалысы бар түйіспелі іске қосу (GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD) Бұл іске қосу жүйесінде алдымен іске қосу құрылғысын (6) басу және осы күйде ұстап тұру керек. Содан кейін қағылатын затты шығару үшін іске қосу сақтандырғышын дайындамаға берік орнату керек. Іске қосу құрылғысы (6) басылып тұрғанша, басқа қағу әрекеттерін басқа жерге қайта қондыру арқылы іске қосуға болады. Түйіспелі іске қосу режимінде шегені бірмәртелі іске қосу арқылы да қағуға болады. Қолданысқа енгізу

– Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (7) басыңыз. Пайдаланушы интерфейсі жанады. GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: бірмәртелі іске қосу белсенді болып, бірмәртелі іске қосу индикаторы (31) жанады. – Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7)

Шеге шығару − бірмәртелі іске қосу – Электр құралын қосыңыз. – Ауызды (18) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік

Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады. – Содан кейін іске қосу құрылғысын (6) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз. Сонда шеге шығарылады. – Электр құралын дайындамадан кері жылжытыңыз. – Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз. Шеге шығару − түйіспелі іске қосу (GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD) – Электр құралын қосыңыз. – Режим түймесін(30) қысқаша басу арқылы түйіспелі іске қосу режимін белсендіріңіз. Түйіспелі іске қосу индикаторы(32) жанады. – Іске қосу құрылғысын(6) басып тұрыңыз. Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады. – Ауызды(18) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын(1), іске қосу сақтандырғышы(2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз. Сонда шеге шығарылады. – Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын(6) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып

Bosch Power Tools 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023)228 | Қазақ – Режим түймесін(30) қайта басу арқылы бірмәртелі іске қосу режиміне ауысыңыз. Бірмәртелі іске қосу индикаторы(31) жанады. Пайдаланушы интерфейсі (B1–B2 суреттерін

GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: пайдаланушы интерфейсі (10) электр құралының жұмыс режимін таңдау және күйін көрсету үшін қолданылады. GNH 18V-64-2: пайдаланушы интерфейсі (10) жұмыс шамын қосу және өшіру, сондай-ақ электр құралының күйін көрсету үшін қолданылады. Күй көрсеткіштері Электр құралының күй индикаторы (22) Түсі Мағынасы Шешімі жасыл Электр құралы қосулы және пайдалануға

сары Оқиға назарыңызды талап етеді: критикалық температура, аккумулятор заряды таусылайын деп қалды немесе техникалық қызмет көрсету

– Электр құралын суытыңыз. – Аккумуляторды алмастырыңыз немесе зарядтаңыз. – Техникалық қызмет көрсетуге тапсырыс

қызыл Электр құралы жұмысқа дайын емес. Себебі: электр құралы қатты қызып кетті, аккумулятор заряды таусылды немесе механикалық ақау орын алды. – Электр құралын суытыңыз. – Аккумуляторды алмастырыңыз немесе зарядтаңыз. – Техникалық қызмет көрсетуге тапсырыс

қызыл түспен жыпылықтайды – Екінші ажыратқыш тым ерте басылды. – Екінші ажыратқыш 5 секунд ішінде басымалды, құрылғы автоматты түрде

– Ажыратқыштар қате реттілікпен қолданылды (мысалы, іске қосу құрылғысы, құрылғы түйіспелі іске қосу режиміне ауыстырылмас бұрын басылды) – Күй индикаторы жасыл түспен жанғанша

– Электр құралы жұмысқа қайтадан дайын. – Қағу процесін жаңадан орындаңыз және бұл ретте дұрыс іске қосу реттілігін сақтаңыз. – GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: пайдаланушы интерфейсі арқылы іске қосу жүйесін өзгертіңіз. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (23) Белгі Түсі Заряд деңгейі – – 20–100% сары 1–20% қызыл 0–1% Техникалық қызмет көрсету индикаторы Белгі Түсі Мағынасы Шешімі сары "Төмен" деңгейіндегі жоспарлы техникалық қызмет көрсету

Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. сары "Жоғары" деңгейіндегі жоспарлы техникалық қызмет көрсету

Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін техникалық қызмет көрсету есептегішін бастапқы күйге қайтару үшін бастапқы күйге қайтару түймесін (26) басыңыз. Жұмыс шамын қосу/өшіру (GNH 18V-64-2) Жұмыс шамын қосу немесе өшіру үшін жұмыс шамының түймесін (27) басыңыз. 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 229 Жұмыс шамын қосу/өшіру (GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD) Жұмыс шамы қағу процесінен бұрын автоматты түрде қосылып, қағу процесінен кейін автоматты түрде өшіп

Пайдалану бойынша нұсқаулар Әр жұмыс істеуден бұрын қауіпсіздік пен іске қосу құрылғыларының ақаусыз жұмыс істегенін және барлық бұрандалар мен гайкалардың берік бекітіліп тұрғанын тексеріңіз. Бұзылған немесе дұрыс жұмыс істемеген электр құралын дереу электр желісінен ажыратып, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Электр құралында нұсқаулардан тыс өзгерістерді орындамаңыз. Іске қосу сақтандырғышы сияқты электр құралының бөліктерін бөлшектемеңіз немесе бұғаттамаңыз. Жарамсыз құралдармен ешқандай "төтенше жөндеу" жұмыстарын өткізбеңіз. Электр құралына жүйелі түрде және тиісінше техникалық қызмет көрсету керек. Электр құралының, мысалы, төмендегі әрекеттер арқылы әлсізденуіне немесе зақымдалуына жол бермеңіз: – соғу немесе ою, – өндіруші рұқсат етпеген құрылымын өзгерту, – болат сияқты қатты материалдан жасалған шаблондарда жүргізу, – жерге құлату немесе жерде жылжыту, – балға ретінде пайдалану, – күш салып кез келген жұмыс істеу. Дайындама астында немесе артында не тұрғанын көріп алыңыз. Артыңызда адамдар тұрса, қабырға, төбе немесе еденге шеге атпаңыз. Шегелер дайындаманы тесіп, әлдекімге жарақат тигізуі мүмкін. Қағылған шегеге басқа шеге қақпаңыз. Бұл ретте шеге деформацияға ұшырап, шегелер қысылуы мүмкін немесе электр құралы бақылаусыз жылжуы мүмкін. Егер электр құралы суық қоршаған орта шарттарында қолданылатын болса, алғашқы шегелер әдеттегіден баяу қағылады. Электр құралы жұмыс істеу арқылы жылығаннан кейін, қалыпты жұмыс жылдамдығында қайтадан жұмыс істеу мүмкін болады. Соққыштың тозуын азайту үшін бос қағу әрекеттерін болдырмаңыз. Ұзақ жұмыс үзілістерінде немесе жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын өшіріңіз, аккумуляторды шығарыңыз және қорапты мүмкіндігінше босатыңыз. Қорапты босату (C1−C2 суреттерінқараңыз) – Қорап қалқанын (15), шеге қармағышын (16) баса отырып, шеге қармағыш соңғы шегені босатқанша, артқа тартыңыз да, содан кейін қорап қалқанын қораптың (14) басына дейін абайлап алға апарыңыз. Нұсқау: қорап қалқанының бағыттаусыз кері қармалып қалуына жол бермеңіз. Қорап қалқаны зақымдалуы мүмкін және саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін. – Электр құралын, қораптағы шегелер қорап серіппесіне (21) дейін артқа сырғып кеткенше бұраңыз. – Қорап серіппесін төмен басып, шегелерді шеге қармағышынан (16) өткізіп, қораптан (14)

Тереңдік шектегішін реттеу (D суретін қараңыз) Шегелердің қағылу тереңдігін реттегіш дөңгелекпен (5) реттеуге болады. – Қорапты (14) босатыңыз. – Шегелер тым терең қағылады: қағылу тереңдігін азайту үшін реттегіш дөңгелекті (5) "–" бағытымен бұраңыз. – Шегелер жеткілікті емес тереңдікте қағылады: қағылу тереңдігін арттыру үшін реттегіш дөңгелекті (5) "+" бағытымен бұраңыз. Тереңдік шектегішін реттеу индикаторы (4) тереңдік шектегішінің реттелуін бақылауға мүмкіндік береді. – Қорапты қайта жабдықтаңыз. – Жаңа қағылу тереңдігін сынақ дайындамада тексеріңіз. Қажет болса, жұмыс қадамдарын қайталаңыз. Қысылған жерлерді босату (E1−E2 суреттерін

Шегелер итергіш каналда қысылуы мүмкін. Бұл мәселе жиі орын алса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Нұсқау: егер қысылған жерді босатқаннан кейін, таңба бұдан былай кері жылжымаса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. – Іске қосу құрылғысын (6) жіберіңіз. – Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (9)

– Қорапты (14) босатыңыз. – Қыспа иінтіректі (3), итергіш канал ашыла алғанша, төмен қарай басыңыз. – Қысылған шегелерді алып тастаңыз. Ол үшін қажетінше қысқашты пайдаланыңыз. – Итергіш каналды жауып, қыспа иінтіректің (3) қапсырмасын итергіш каналдағы ілмекке іліңіз, содан кейін қыспа иінтіректі қайтадан жоғары итеріңіз. – Қорапты қайта жабдықтаңыз. Дайындама қорғағышын алмастыру (F суретін

Іске қосу сақтандырғышының (2) ұшындағы дайындама қорғағышы (1), электр құралы қағу әрекеті үшін тиісінше орналастырылған жағдайда, дайындаманы қорғайды. Дайындама қорғағышын алып тастауға және алмастыруға

– Іске қосу құрылғысын (6) жіберіңіз. – Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (9)

– Қорапты (14) босатыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023)230 | Қазақ – Дайындама қорғағышын іске қосу сақтандырғышынан тартып алыңыз. – Жаңа дайындама қорғағышын ашық ұшымен іске қосу сақтандырғышына салыңыз. Нұсқау: қосалқы дайындама қорғағышын қораптың (14) жоғарғы жағында сақтауға болады. Ол үшін дайындама қорғағышын сақтау орнына (12) кіргізіңіз. Тасымалдау және сақтау Электр құралын тасымалдау үшін, әсіресе сатыны қолданған немесе әдеттегіден тыс дене қалпында жылжытқан кезде өшіріңіз. Электр құралын жұмыс орнына тек тұтқасынан (19) ұстап және іске қосу құрылғысын (6) іске қоспай тасымалдаңыз. Электр құралын әрдайым аккумулятордан ажыратылған күйде және құрғақ, жылы жерде сақтаңыз. Егер электр құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болмаса, құралдың болат бөліктерін аздап майлаңыз. Бұл тот басудың алдын алады. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Техникалық қызмет көрсету жоспары – Қорапты (14) тазалаңыз. Жұмыс кезінде қорапта жиналатын пластик немесе ағаш жоңқасын шығарып алыңыз. Электр құралын жүйелі түрде сығылған ауамен тазалап тұрыңыз. Шара Дәлел Орындалуы Қорапты (14) және қорап қалқанын (15) тазалаңыз. Шеге қысылуына жол бермейді. – Қорап/қорап қалқанының механизмін сығылған ауамен күн сайын тазалап тұрыңыз. Іске қосу сақтандырғышының (2) тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз

Жұмыс қауіпсізідігін және электр құралының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. – Іске қосу сақтандырғышының механизмін күн сайын сығылған ауамен тазалап тұрыңыз. Ақаулықтарды жою Мәселе Себебі Шешімі Электр құралы жұмысқа дайын емес. Аккумулятор зарядталмаған немесе аккумулятор бұзылған. – Аккумуляторды толық зарядтаңыз немесе оны алмастырыңыз. Аккумулятор дұрыс орнатылмаған. – Аккумулятордың тұтқаға тірелгенін қамтамасыз етіңіз. 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 231 Мәселе Себебі Шешімі Аккумулятор температурасы тым жоғары немесе тым төмен. – Аккумулятор оңтайлы жұмыс температурасына (қайта) жеткенше

Аккумулятор түйіспелері, қозғалтқыш немесе көтергіш магнит ластанған немесе бұзылған. – Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз. Қорап (14) іші бос. – Қорапты қайта жабдықтаңыз. (қараңыз „ Қорапты жабдықтау (A1−A4 суреттерінқараңыз)“, Бет226) Іске қосу сақтандырғышы (2)

– Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз. Электроника бұзылған. – Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Пайдаланушы интерфейсі (10)

– Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Электр құралы жұмысқа дайын, бірақ шегелер шығарылмай жатыр. Төмендегі құрамдас бөліктердің ықтимал ақауы: – Іске қосу құрылғысы (6)

– Қозғалтқыш немесе трансмиссиялық таспа – Электроника – Резеңке таспалар – Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз. Бөгде заттар қағу механизмінде

– Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз. Бөгде заттар ауызда (18) немесе қорапта (14) жиналды. – Ауызды (18) немесе қорапты (14)

Бір шеге итергіш каналда қысылып

– Қысылған жерді босатыңыз. (қараңыз „Қысылған жерлерді босату (E1−E2 суреттерін қараңыз)“, Бет229) Қорап қалқаны (15) ақаулы. – Қажет болса, қорап қалқанын (15) тазалаңыз да, қораптың (14) ластанбағанына көз жеткізіңіз. Қорап қалқанының серіппесі тым әлсіз немесе бұзылған. – Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз. Пайдаланылатын қағылатын заттар рұқсат етілмейді. – Тек түпнұсқа керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға

Қорап (14) іші бос. – Қорапты қайта жабдықтаңыз. (қараңыз „ Қорапты жабдықтау (A1−A4 суреттерінқараңыз)“, Бет226) Bosch Power Tools 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023)232 | Қазақ Мәселе Себебі Шешімі Қате қағу реттілігі қолданылды. – Қағу процесін жаңадан орындаңыз және бұл ретте дұрыс іске қосу реттілігін сақтаңыз. – GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: пайдаланушы интерфейсі арқылы іске қосу жүйесін өзгертіңіз. Шегелер тым терең қағылып жатыр. Тереңдік шектегіші тым терең

– Тереңдік шектегішін қажетті тереңдікке дейін реттеңіз.(қараңыз „Тереңдік шектегішін реттеу (D суретін қараңыз)“, Бет229) Буфер тозған. – Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз. Шегелер қажетті тереңдікте қағылмай

Аккумулятор зарядталмаған немесе аккумулятор бұзылған. – Аккумуляторды толық зарядтаңыз немесе оны алмастырыңыз. Қағылатын заттар тым ұзын. – Тек түпнұсқа керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға

Тереңдік шектегіші тым жоғары

– Тереңдік шектегішін қажетті тереңдікке дейін реттеңіз.(қараңыз „Тереңдік шектегішін реттеу (D суретін қараңыз)“, Бет229) Электр құралы шегелерді өткізіп жатыр немесе ырғағы тым жоғары. Пайдаланылатын қағылатын заттар рұқсат етілмейді. – Тек түпнұсқа керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға

Қорап қалқанының серіппесі тым әлсіз немесе бұзылған. – Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз. Шегелер итергіш каналда жиі қысылып

Пайдаланылатын қағылатын заттар рұқсат етілмейді. – Тек түпнұсқа керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға

– Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Шегелер ескірген, шегелер арасындағы желім жапсыру күшінен

– Жаңа шеге жолағын пайдаланыңыз Шығарылған шегелер қисайған. Таңба зақымдалған. – Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сол жерде бөлікті алмастырыңыз. Шегеқаққыш машина рұқсат етілмеген материал (мысалы, бетон, тас) үшін пайдаланылған. – Шегеқаққыш машинаны тек рұқсат етілген материал үшін пайдаланыңыз. (қараңыз „Мақсаты бойынша қолдану“, Бет224) 1 609 92A 8U5 | (22.11.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 233 Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Аккумуляторлық шеге қаққыш Өнім нөмірі