GCD 12 JL - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCD 12 JL BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCD 12 JL - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCD 12 JL брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCD 12 JL BOSCH
kk Пайдалану нұсқаулығының
на електроінструменті.
Еуразия экономикалық одағына
(Кеден одағына) мүше
мемлекеттер аумағында
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану
құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің
корпусында жəне қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы
бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім
қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен
бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)
істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш
нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана
Iстен шығу себептерінің тізімі
– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз
– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді
– жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
– Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің
әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан
– орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін
МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз
– +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада
өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы
ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген
механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды
пайдалануға рұқсат берілмейді
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69
(5шарт) құжатын оқыңыз
– Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа
дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы
ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының
жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды
оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары
мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр
құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына
(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын
электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. 1 609 92A 8KU | (01.03.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 197
u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада
пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ
немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды
жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы
u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан
алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып
u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық
аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және
қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы
бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін
u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс.
Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз.
Жерге косылған электр құралдарымен адаптер
айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар
мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін
u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар
сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз
жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды
қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген
су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады.
u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз.
Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе
тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді
ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы
бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған
немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін
u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы
жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта
пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу
u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану
керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы
(RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін
пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін
u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз,
жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты
пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде
немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен
кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану
кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз.
Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы,
сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе
есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары
тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды
u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне
және/немесе батареялар жинағына қосудан
алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын
өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр
құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе
қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз
оқиғаға алып келуі мүмкін.
u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу
сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр
құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе
сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең
салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген
жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды.
u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді
киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы
бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер,
әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер
арқылы тартылуы мүмкін.
u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу
құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы
болуына және тиісті ретте қолдануына көз
жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға
байланысты зияндарды кемейтеді.
u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң
масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей
отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып – салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу,
монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет
көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады.
u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған,
техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып
шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі.
u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның
бақылауында болмаса немесе электр құралын
пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды
Bosch Power Tools 1 609 92A 8KU | (01.03.2023)198 | Қазақ
Электр құралдарын пайдалану және күту
u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
Металл кескіш араларға арналған қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
u Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны
электр·құралында·көрсетілген максималды
айналымдар санына ·тең·болуы·керек. Есептелген
жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар
сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
u Пайдаланатын жұмыс құралының
сыртқы·диаметрі мен·қалыңдығы
электр·құралының·өлшемдеріне сай·болуы·керек.
Дұрыс таңдалмаған керек – жарақтар
дұрыс·қорғалмауы жəне·бақылаудан шығуы мүмкін.
u Жеке·қорғаныс құралдарын (қауіпсіздік
көзілдірігін, қорғаныс қалқаны, бас киім және т.б.)
пайдаланыңыз. Пайдалануға байланысты
қорғағыш масканы, қауіпсіздік көзілдіріктерін
қолданыңыз. Керек болғанда, шаң маскасын,
құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті
бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай
алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз.
Түрлі·жұмыстар барысында пайда болатын
ұшатын·бөтен бөлшектерден·қорғайтын қауіпсіздік
көзілдірігін пайдаланыңыз. Шаң маскасы немесе
респиратор ұсақ бөлшектерден, шаңнан қорғауы
керек. Ұзақ шулар есту·қабілетін жоғалтуға әкелуі
u Басқа адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз
арақашықтықта тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс
аймағына кіретін әрбір адам жеке қорғаныс
жабдығын киіп жүруі қажет. Дайындаманың немесе
бұзылған алмалы-салмалы аспаптың сынықтары
лақтырылып, тікелей жұмыс аймағынан тыс жерге де
зақым келтіруі мүмкін.
u Жалғағыш сымды айналып тұрған алмалы-
салмалы аспаптардан алшақ ұстаңыз. Құрылғыны
бақылау мүмкіндігінен айырылсаңыз, жалғағыш сым
кесіліп немесе ілініп, алақаныңыз немесе қолыңыз
айналып тұрған алмалы-салмалы аспапқа түсіп қалуы
u Электр·құралының·желдету·саңылауларын жиі
Қозғалтқыш·желдеткіші·корпус·ішіне·шаң
тартып,·метал ұнтағының жиналуы·электр·тогымен
жарақаттану қауіпін тудыруы мүмкін.
u Электр құралын жанатын материалдарға жақын
пайдаланбаңыз. Электр·құралын·ағаш·сияқты·тез
тұтанатын бетте·орнатқанда·пайдаланбаңыз.
Ұшқындар·осы·материалдарды тұтандыруы мүмкін.
u Суытқыш сұйықтықты қажет ететін жұмыс
құралын ·пайдаланбаңыз. Су·немесе·басқа·да
суытқыш сұйықтықты пайдалану
электр·тоғының·соғуына·алып·келуі·мүмкін.
u Әрдайым сіз таңдаған ара дискісі үшін өлшемі мен
пішіні жарамды, зақымдалмаған қысқыш
фланецтерді пайдаланыңыз. Жарамды фланецтер
ара дискісін тіреп, оның сынып қалу мүмкіндігін
u Ара дискілері мен фланецтер электр құралының
шпинделімен толықтай үйлесімді болуы тиіс.
Электр құралының шпинделімен үйлесімді емес
алмалы-салмалы аспаптар біркелкі емес айналады,
1 609 92A 8KU | (01.03.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 199
қатты дірілдейді және бақылау мүмкіндігінен
айырылуға әкелуі мүмкін.
u Зақымдалған ара дискілерін пайдаланбаңыз. Әр
пайдаланудан бұрын ара дискілерінде сынықтар
мен жарықтардың бар-жоғын тексеріңіз. Электр
құралын немесе ара дискісін түсіріп алсаңыз, оның
зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріп
шығыңыз немесе зақымдалмаған ара дискісін
пайдаланыңыз. Ара дискісін тексеріп орнатқаннан
кейін, өзіңіз бен айналадағы адамдарды
айналатын ара дискісінің жазықтығынан шығарып,
электр құралын бір минут ішінде ең жоғары айналу
жиілігімен жұмыс істетіңіз. Зақымдалған ара
дискілері көбінесе осы сынақты өткізу кезінде
Кері соққы және тиісті·ескерту нұсқамалары
Кері соққы ілініп қалған немесе бұғатталып айналған ара
дискісінен пайда болатын кенет реакция болып
табылады. Ілініп қалу немесе бұғатталу айналып тұрған
алмалы-салмалы аспаптың кенет тоқтап қалуына әкеледі.
Нәтижесінде бақыланбайтын абразивті кескіш агрегат
пайдаланушыға қарай жоғары үдейді.
Ара дискісі дайындамада тұрып қалса немесе бұғатталса,
дайындамаға батып қалған ара дискісінің жиегі қысылып
қалуы және нәтижесінде ара дискісінің дайындамадан
ыршуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Мұндай
жағдайда да ара дискілері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралын дұрыс пайдаланбаудан
немесе пайдаланушының қателігінен пайда болады.
Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын
қолдану арқылы болдырмауға болады.
u Электр·құралын·мықтап ұстаңыз,
денеңіз·бен·қолыңыз кері соққыға
қарсылық·көрсете·алатын·күйде·ұстаңыз.·. Сақтық
шаралары сақталатын болса,
пайдаланушы·жоғары·бағытталған кері соққыны
бақылауына ала алады.
u Айналып тұрған ара дискісінің алдындағы және
артындағы аймаққа жақындамаңыз. Кері соққы
орын алған жағдайда, абразивті кескіш агрегат
пайдаланушыға қарай жоғары қозғалады.
u Шынжырлы немесе ағаш жоңқасына арналған
дискіні және саңылау ені 10мм шамасынан артық
болған сегменттерге бөлінген алмасты дискіні
пайдаланбаңыз. Мұндай алмалы-салмалы аспаптар
жиі кері соққыны тудырады немесе электр құралын
бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғады.
u Ара дискісінің бұғатталуын немесе артық басу
қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесіктер
жасамаңыз. Ара дискісіне артық жүктеме түсіру оның
еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және осылайша
кері соққының немесе ара дискісінің сыну мүмкіндігін
u Егер ара дискісі қысылып қалса немесе жұмыста
үзіліс жасасаңыз, электр құралын өшіріп, ара
дискісі тоқтағанша абразивті кескіш агрегатты
қозғалыссыз ұстаңыз. Еш жағдайда әлі айналып
жатқан ара дискісін кесілген жерден шығаруға
әрекеттенбеңіз, әйтпесе кері соққы пайда болуы
мүмкін. Қысылу себебін анықтаңыз және жойыңыз.
u Электр құралы әлі дайындамада болған кезде, оны
қайтадан іске қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып, ара дискісіне толық айналу жиілігіне жетуге
мүмкіндік беріңіз. Кері жағдайда ара дискісі тұрып
қалуы, дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
u Ара дискісінің қысылып қалуынан кері соққы
қаупін барынша азайту үшін үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы ара
дискісінің екі жағынан, кесік сызығының жанында да,
жиекте де тіреу керек.
u Дайындаманы ұстау үшін мүмкін болса
қысқыштарды пайдаланыңыз. Дайындаманы
қолмен ұстасаңыз, қолыңызды ара дискісінен
кемінде 100мм қашықтықта ұстаңыз. Қысу үшін
немесе қолмен ұстау үшін тым кіші бөлшектерді
кесу үшін бұл араны пайдаланбаңыз. Егер қолыңыз
ара дискісіне тым жақын болса, дискіге тиюден
шығатын ұшқындардан жарақаттану қауіпі жоғары
u Дайындама тұрақты болып тіреуіш пен үстелге
қысылуы немесе тірелуі керек. Дайындаманы
дискіге жылжытпаңыз немесе қолмен апармаңыз.
Қысылмаған немесе жылжымалы дайындамалар
жоғары жылдамдықта лақтырылып жарақаттауы
u Араны дайындамаға басыңыз. Араны
дайындамадан тартпаңыз. Кесік істеу үшін ара
басын көтеріп, дайындама жоғарысынан кеспей
өткізіңіз, қозғалтқышты іске қосыңыз, ара басын
төмен басып, араны дайындамаға басыңыз. Тартып
аралау ара дискісін дайындама үстіне шығарып,
дискіні операторға қарай лақтыруы мүмкін.
u Қолыңызды ешқашан ара дискісінің алдында
немесе артында кесу сызығына қоймаңыз. Басқа
қолмен дайындаманы ұстау, мысалы, дайындаманы
ара дискісінің оң жағында сол қолмен ұстау немесе
u Ара дискісі айналып тұрған кезде, бекіткіш астына
қол сұқпаңыз. Қол мен айналып тұрған ара
дискісінің арасындағы 100 мм шамасындағы
қауіпсіз арақашықтықтан асырмаңыз (ара
дискісінің екі жағына да қолданылады). Айналып
жатқан ара дискісінің қолыңызға дейінгі
арақашықтығы анықталмауы және сіз ауыр жарақат
u Кесуден алдын дайындаманы тексеріңіз. Егер
дайындама қисайтылған немесе
деформацияланған болса, оны сыртқы
қисайтылған жағымен тіреуішке қысыңыз.
Әрдайым кесік бойы дайындама, тіреуіш және
үстел арасында аралық болмауына көз жеткізіңіз.
Бұрылған немесе қисайған дайындамалар ширап,
Bosch Power Tools 1 609 92A 8KU | (01.03.2023)200 | Қазақ
жылжып не айналып тұрған ара дискісін қысып қалуы
мүмкін. Дайындамада шеге немесе басқа бөгде
денелер болмауы тис.
u Электр құралын үстелде басқа құралдар
болмағанда ғана пайдаланыңыз; үстел үстінде тек
дайындама болуы тиіс. Айналып тұрған ара дискімен
жанасатын шағын қалдықтар немесе басқа заттар
жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
u Бір уақытта тек бір ғана дайындаманы аралаңыз.
Жинап қойылған бірнеше дайындамалар дұрыс
қысылмай не бекітілмей аралау кезінде дискіні қысуы
немесе жылжуы мүмкін.
u Сондықтан электр құралын пайдаланбас бұрын
тегіс әрі берік жұмыс бетіне қойыңыз. Тегіс әрі
берік жұмыс беті электр құралының тұрақсыз болуына
u Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу
бұрышының параметрін өзгерткеніңізде,
реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс
реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне
тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты “ҚОСУ”дан алдын
және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін
бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі
болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз.
u Үстелдің жоғарғы жағынан кең немесе ұзын болған
дайындамалар үшін, мысалы, үстел ұзартқыштары
немесе таяныштар арқылы өлшенген тіректерді
қамтамасыз етіңіз. Электр құралының үстелінен ұзын
немесе кең болған дайындамалар берік тірелмеген
жағдайда аударылып кетуі мүмкін. Кесілген металл
бөлігі немесе дайындама аударылған жағдайда,
астыңғы қорғаныш қаптама көтерілуі немесе айналып
тұрған дискіден бақылаусыз лақтырылуы мүмкін.
u Үстел кеңейткіші немесе қосымша тіреуі орнына
басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты
бекітілмесе дискі қысылуы немесе дайындама кесу
кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған
дискіге жақындатуы мүмкін.
u Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып
тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген
болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген
бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін.
u Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ
материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе
бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен
соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі тістеп
дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы
u Дайындамаға тиюден алдын дискі толық
жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама
лақтырылу қауіпін кемітеді.
u Дайындама қысылып қалған немесе диск
бұғатталған жағдайда, электр құралын өшіріңіз.
Барлық жылжымалы бөліктер тоқтап қалғанша
күтіңіз, желілік ашаны суырып алыңыз және/
немесе аккумуляторды шығарыңыз. Содан кейін
қысылып қалған материалды алып тастаңыз.
Мұндай бұғатталған затты ажырату әрекетін
жалғастырғанда, бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз
немесе электр құралына зақым келтіруіңіз мүмкін.
u Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара
басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығарар
алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып
тұрған кезде оған қолды жақындату өте қауіпті.
u Толық емес кесікті орындағанда немесе өшіргішті
жібергенде тұтқаны ара басы толығымен төменгі
күйге түскенше қатты ұстаңыз . Араның тоқтау
әрекеті ара басын кездейсоқ төменгі тартып
жарақаттану қауіпіне алып келуі мүмкін.
u Электр құралы жұмыс істеп тұрғанда кесу
қалдықтарын және т.б. кесу аймағынан
шығармаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен
қозғалыссыз күйге келтіріп, электр құралын өшіріңіз.
u Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз.
Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
u Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары
өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін.
u Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
u Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған
кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті
сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған
ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
u Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау
дискілері немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге,
артық үйкеліске, тұрып қалуға және кері соққыға
u Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және
өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз.
Араның орнату құралдарына сай болмаған жүздер
теңерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді.
u Қорғағыш қаптаманың дұрыс істеп, бос жылжуын
қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптаманы ешқашан
ашық жағдайында қыспаңыз.
u Еденді металл жоңқасы мен материал қалдығынан
таза ұстаңыз. Сырғанап кетуіңіз немесе сүрініп
u Электр құралын жұмыс аймағында өңделетін
дайындамаға дейін реттегіш құралдар, металл
жоңқасы және т.б. болмағанда ғана
пайдаланыңыз. Айналып тұрған ара дискісімен
жанасатын металл бөліктері немесе басқа бөгде заттар
пайдаланушыға жоғары жылдамдықпен тиюі мүмкін.
u Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан
қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы
аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
u Ара дискісін тек қосулы күйінде дайындамаға
апарыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамаға ілініп,
кері соққы қаупі туындайды.
1 609 92A 8KU | (01.03.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 201
u Ешқашан электр құрал үстіне тұрмаңыз. Электр
құралы түсіп сіз аралау дискісіне тисеңіз қатты
жарақаттанулар пайда болуы мүмкін.
u Электр құралын тек құрғақ кесіктер үшін
пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол
электр тоғының соғу қауіпін арттырады.
u Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін
u Электр құралы лазер ескерту белгісімен бірге
жеткізіледі ("Белгілер және олардың мағанасы"
Лазер сәулесін адамдарға немесе
жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз
де тікелей немесе шағылысқан лазер
сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың
көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға
әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
u Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту
орындамаңыз. Осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталған реттеу мүмкіндіктерін қауіпсіз пайдалану
u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
u Абай болыңыз – егер осы жерде берілген
пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа
құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері
орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі
u Орнатылған лазерді басқа түрдегі лазерге
алмастырмаңыз. Осы электр құралына сай болмаған
лазер адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда
маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
Белгілер мен олардың мағынасы
тұтынушы лазер өнімі
Электр құралы айналып тұрғанда,
аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара
дискісіне тию жарақаттану қаупін
Белгілер мен олардың мағынасы
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл
әсерінен есту қабілетіңіз зақымдалуы
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.
Аралау дискісінің өлшемдеріне назар
аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз
аспап шпинделіне сай келуі керек.
Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану
керек болса, жалғастырғыш тетік
өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына
және тесіктерінің диаметріне және
аспап шпинделінің диаметріне сай
болуына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен
жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді
Ара дискісінің диаметрі белгідегі
дерекке сай болуы тиіс.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы тік қойылатын құрылғы ретінде ара
дискілерінің көмегімен бойлық және көлденең кесіктерді
тік жүріс немесе көлденең 45° еңіс бұрышымен металл
заттарды су пайдаланбай орындауға арналған.
Бұл өнім EN50689 стандартына сәйкес тұтынушы
лазерлік өнімі болып табылады.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері
графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне
қатысты болып келеді.
Лазерден қорғаныш қалпақша
Маятниктік қорғаныш қаптама
Жылдам құлпын ашу құралы
Аралау үстелі ұзартқышының қыспа иінтірегі
Аралау үстелінің ұзартқышы
Алты қырлы дөңбек кілт (6 мм) / крест
Бұрыштық тіректі реттеуге арналған қысқыш
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс
Лазер ескерту тақтасы
Лазерге арналған ажыратқыш (кесік
сызығының қиылысу белгісі)
Монтаждық саңылаулар
Жоңқа жылжымалы жәшігі
Астыңғы бекіткіш бұранда (қаптама тақта /
маятниктік қорғаныш қаптама)
Жоғарғы бекіткіш бұранда (қаптама тақта /
маятниктік қорғаныш қаптама)
Ара дискісін бекітуге арналған ішкі алты
Еңіс бұрышының шкаласы (көлденең)
Лазерді орналастыруға арналған реттегіш
бұранда (параллельдік)
Бұрыш индикаторының бұрандасы
Лазер сәулесінің шығысы
Техникалық мәліметтер
Металл бөлгіш ара GCD 12 JL
Номиналды тұтынылатын
Бос жүріс күйіндегі айналу
Металл бөлгіш ара GCD 12 JL
Салмағы EPTA-Procedure
01:2014 құжатына сай
дискілерінің өлшемдері
Орта диск қалыңдығы мм 1,8–2,5
Саңылау диаметрі мм 25,4
Макс. дайындама өлшемдері: (қараңыз „Рұқсат етілген дайындама
өлшемдері“, Бет204)
Мәліметтер 220В шамасындағы номиналды кернеуге [U]
арналған. Өзге кернеу және елге тән нұсқалар жағдайында бұл
мәліметтер өзгешеленуі мүмкін.
Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ
пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін.
Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз:
www.bosch-professional.com/wac.
Шуыл бойынша ақпарат
ENIEC62841-3-9 бойынша есептелген шуыл
эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 100дБ(A); дыбыстық қуат деңгейі 113дБ(A). K
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні
нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару
мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген
және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
Жинау u Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
1 609 92A 8KU | (01.03.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 203
Жинақтағы барлық бөліктерді абайлап орауыштан
Бүтін орауыш материалын электр құрылғысы мен
жинақтағы керек-жарақтардан алып тастаңыз.
Электр құралын алғаш рет іске қосудан бұрын төменде
келтірілген бөліктердің барлығы жинақта бар-жоғын
– Ара дискісі орнатылған металл бөлгіш ара
– Алты қырлы дөңбек кілт / крест ойықты бұрауыш (12)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш
аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің
ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру
керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін
және қысылмағанын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Стационарлық немесе икемді монтаждау
u Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.Ж.
Жұмыс аймағына монтаждау (Aсуретін қараңыз)
– Электр құралын арнайы бұрандалы қосылыммен
жұмыс аймағына бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (23)
Икемді монтаждау (ұсынылмайды!)
Ерекше жағдайларда электр құралын жұмыс аймағына
берік монтаждау мүмкін болмаса, көмек ретінде аралау
үстелінің (25) аяқтарын тиісті тірекке (мысалы, верстак,
тегіс еден және т.б.) электр құралын бекітпей қоюға
Ара дискісін алмастыру (B1–B4суреттерін
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
u Шпиндель бекіткішін (3) тек аспап шпинделі тоқтап
тұрғанда пайдаланыңыз. Әйтпесе электр құралын
зақымдауыңыз мүмкін.
u Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
Ара дискісін алып тастау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бекіткіш бұранданы(26) (шамамен 2 айналымға)
крест ойықты бұрауышпен(12) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Бекіткіш бұранданы(27) (шамамен 6 айналымға)
крест ойықты бұрауышпен(12) босатыңыз.
Бұранданы толық бұрап шығармаңыз.
– Бұғаттау иінтірегін (1) басып, маятниктік қорғаныш
қаптаманы(4) тірелгенше жоғары қайырыңыз.
– Содан кейін маятниктік қорғаныш қаптаманы(4)
қаптама панельмен(21) бірге бекіткіш
бұрандадан(27) артқа қарай тартып, маятниктік
қорғаныш қаптама бағыттауыш болты(28) арқылы
қамытта(22) ұсталуы тиіс.
– Алты қырлы дөңбек бұранданы(29) жинақтағы алты
қырлы дөңбек кілтпен(12) бұрап, дәл сол уақытта
шпиндель бекіткішін(3) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін(3) басып тұрып, бұранданы(29)
сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
– Қысқыш фланецті(30) алып тастаңыз.
– Ара дискісін(31) алып тастаңыз.
Қажет болса, барлық монтаждалатын бөліктерді орнатпас
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (32)
u Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара
дискісіндегі көрсеткі бағыты) маятниктік
қорғаныш қаптамадағы көрсеткі бағытымен
сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланецті (30) және бұранданы (29)
орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (3) тірелгенше
басып, бұранданы сағат тілінің бағытымен тірелгенше
– Шпиндель бекіткішін (3) қайтадан босатыңыз. Қажет
болса, тұтқаны қолмен жоғары қарай тартыңыз.
– Бекіткіш иінтіректі (1) басып, маятниктік қорғаныш
қаптаманы (4) қаптама панельмен (21) бірге бекіткіш
бұранданың (27) астына қайтадан жылжытыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (4) ара дискісі толық
жабылғанша баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– (27) және (26) бекіткіш бұрандаларын қайтадан бұрап
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (Cсуретін
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (14) әртүрлі жұмыс
орындарына тасымалдау кезінде электр құралын
қолайлы пайдалануға көмектеседі.
Bosch Power Tools 1 609 92A 8KU | (01.03.2023)204 | Қазақ
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасынан (16) сәл төмен басып,
тасымалдау кезіндегі қорғанысты (14) босатыңыз.
– Тасымалдау кезіндегі қорғанысты (14) толық сыртқа
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Нұсқау: тасымалдау кезіндегі қорғаныс ішке
басылмағанына көз жеткізіңіз, әйтпесе манипуляторды
қажетті тереңдікке бұрау мүмкін болмайды.
Электр құралының қорғауышын орнату (тасымалдау
– Манипуляторды тасымалдау кезіндегі қорғаныс (14)
ішке толық басылғанша төмен қарай жылжытыңыз.
Тасымалдау бойынша қосымша нұсқаулар (қараңыз
„Тасымалдау“, Бет206).
Жұмыс істеуге дайындық
Аралау үстелін ұзарту (Dсуретін қараңыз)
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
Аралау үстелін қосымша ұзартқыш (11) арқылы солға
қарай ұзартуға болады.
– Қыспа иінтіректі (10) төмен қарай қайырыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (11) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қыспа
иінтіректі (10) қайтадан жоғары қарай тартыңыз.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (Eсуретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 0° және 45° аралығында реттеуге
Маңызды реттеу параметрлері бұрыштық тіректегі (6)
тиісті белгілермен белгіленген. 0° және 45° күйлер тиісті
шектік тірекпен қамтамасыз етіледі.
– Бұрыштық тіректің (6) қысқыш тұтқасын (13)
– Бұрыштық тіректі (6) бұрыш индикаторы (33) қажетті
еңіс бұрышын шкалада (34) көрсеткенше бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) қайтадан тартыңыз.
Кесік сызығын белгілеу (Fсуретін қараңыз)
Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайндаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш
қаптаманы ашпай дәл орналастыруға болады.
– Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен(19) қосыңыз.
– Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы,
қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы
Дайындаманы бекіту (Gсуретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек. Мықтап қысу
үшін тым кішкентай болатын дайындамаларды өңдемеңіз.
Ұзын және ауыр дайындамаларды бос шетінен басып
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
– Дайындаманы бұрыштық тірекке (6) қойыңыз.
– Бекіту шпинделін (7) дайындамаға жылжытып,
дайындаманы шпиндель тұтқасының (9) көмегімен
– Шпиндель тұтқасын (9) босатыңыз.
– Жылдам құлпын ашу құралын (8) ашып, бекіту
шпинделін (7) дайындамадан ары тартыңыз.
Жұмыс істеу бойынша нұсқаулар
Аралау бойынша жалпы нұсқаулар
Ара дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Ара
дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
тіреуіш планканы орналастыру үшін тік қырлы болуы тиіс.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
Рұқсат етілген дайындама өлшемдері
Максималды дайындамалар:
Еңіс бұрышы (көлденең)
Минималды дайындамалар
(=бекіту шпинделімен (7) мықтап қысуға болатын
барлық дайындамалар): ұзындығы 80мм
макс. кесік тереңдігі (0°/0°): 115мм
Шаң/жоңқа сорғыш (Hсуретін қараңыз)
Қорғасын бояу, минералдар және металл сияқты
материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы
мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
1 609 92A 8KU | (01.03.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 205
Белгілі бір металл шаңы, әсіресе мырыш, алюминий
немесе хром сияқты қорытпалармен байланыстырылған
жағдайда қаупті болып табылады. Асбестік материалды
техник мамандар ғана өңдеуі тиіс.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
– P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес
Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын
нұсқамаларды ұстаныңыз.
Ара дискісі (31) шаңнан, жоңқадан немесе дайындама
сынықтарынан аралау үстелінің (25) тесігінде бұғатталуы
– Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан
– Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Жоңқа жылжымалы жәшігін (24) тартып шығарыңыз
да, оны толықтай босатыңыз.
u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Пайдаланушының күйі (Iсуретін қараңыз)
u Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, саусақ пен қолыңызды айналатын ара
дискісінен алшақ ұстаңыз.
– Манипулятор алдында қолыңызды айқастырмаңыз.
Қосу (Jсуретін қараңыз)
– Іске қосу үшін ажыратқышты (17) басып тұрыңыз.
Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (17)
бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты
түрде басып тұру қажет.
Бекіту тұтқышы (1) басылғанда ғана манипуляторды
төмен жылжыту мүмкін болады.
– Сондықтан аралау үшін ажыратқышты тартуға қоса
бекіткіш иінтіректі (1) де басу керек.
Бірқалыпты іске қосу
Электрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде
айналу жиілігін шектеп, қозғалтқыштың қызмет ету
– Өшіру үшін ажыратқышты (17) жіберіңіз.
– Дайындаманы өлшемдерге сәйкес мықтап қысыңыз.
– Қажет болса, қажетті көлденең еңіс бұрышын реттеп
– Электр құралын қосыңыз.
– Бекіткіш иінтіректі (1) басып, манипуляторды
тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
– Манипуляторды баяу жоғары қарай жылжытыңыз.
Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын
ток көзіне жалғау керек.
u Лазерді реттеу кезінде (мысалы, манипуляторды
жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
Тексеру: (K1суретін қараңыз)
– Дайындамада тікелей кесік сызығын сызыңыз.
– Бекіткіш иінтіректі (1) басып, манипуляторды
тұтқасынан (16) баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу
қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулесін қосқышпен (19) қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік
сызығының бүтін ұзындығы бойынша дайындама үстінде
Реттеу: (K2суретін қараңыз)
– Реттегіш бұранданы (35) жинақтағы крест ойықты
бұрауышпен (12) лазер сәулесі бүтін ұзындығы
бойынша кесік сызығына параллель болғанша
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Бұрыш индикаторын туралау (Lсуретін қараңыз)
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Бұрыштық тіректің (6) қысқыш тұтқасын (13)
– Бұрыштық тіректі (6) тірелгенше 0° күйіне бұраңыз.
Bosch Power Tools 1 609 92A 8KU | (01.03.2023)206 | Қазақ
– Бұрыштық калибрді 90° шамасына реттеп, оны
бұрыштық тірек (6) пен ара дискісінің (31) арасына,
аралау үстеліне (25) орнатыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүтін ұзындығы бойынша
бұрыштық тіректе жатуы тиіс.
– Бұрыштық тіректі (6) бұрыштық калибрдің иіні бүтін
ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) қайтадан тартыңыз.
– Бұранданы (36) жинақтағы крест ойықты бұрауышпен
(12) босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің
– Бұранданы қайтадан тартыңыз.
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Электр құралына бекітуге келмейтін барлық керек-
жарақтарды алып тастаңыз.
Пайдаланылмайтын ара дискілерін тасымалдау үшін
жабық контейнерлерге салыңыз.
– Электр құралын әрдайым тасымалдау тұтқасынан (20)
u Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
аспабын пайдаланыңыз, ешқашан қорғаныш
аспаптарды пайдаланбаңыз.
Техникалық және сервистік
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
u Электр құралыңыздың желдеткіш саңылауын
жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы
құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып
электр қаупін тудыруы мүмкін.
u Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша
шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті
жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын
қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ
өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы
мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы
u Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындауы тиіс. Осылайша электр құралының
қауіпсіздігі сақталады.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
1 609 92A 8KU | (01.03.2023) Bosch Power ToolsRomână | 207
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош”
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
“Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй
“Гермес” БО, 7 қабат
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде
өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі
төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін
жөндеуге құқылы болады:
– механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу
белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату
туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік
талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б.
сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін
қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі
туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате
қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін
бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған
ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз
белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда
болуы немесе электр құралы бөліктері мен
түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы,
жоғары температура әсерінен электр
қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны
қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.
Электр құралдарды үй қоқысына
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа
2012/19/EU ережесі және ұлттық заңдарға сайкес
пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек
жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және
электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу
мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы
Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған
директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және
төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз.
Техникалық құжаттар: *
Notice-Facile