GST 90 E Professional BOSCH

GST 90 E Professional - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GST 90 E Professional BOSCH PDF форматында.

Page 131
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GST 90 E Professional

Санат : Ара

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GST 90 E Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GST 90 E Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GST 90 E Professional BOSCH

kk Пайдалану нұсқаулығының

Еуразия экономикалық одағына

(Кеден одағына) мүше

мемлекеттер аумағында

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану

құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы

нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.

Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.

Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің

корпусында жəне қосымшада көрсетілген.

Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы

бетінде көрсетілген.

Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім

қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен

бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған)

істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз

(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш

нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана

Iстен шығу себептерінің тізімі

– қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз

– қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз

– тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса,

– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

Пайдаланушының мүмкін қателіктері

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді

– жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз

– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

– тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы

– өнім корпусының зақымдалуы

1 609 92A 4V4 | (23.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 131

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

– Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек

– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің

әсерінен алыс сақтау керек

– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан

– орамасыз сақтау мүмкін емес

– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін

МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз

– +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада

өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы

ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген

механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады

– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды

пайдалануға рұқсат берілмейді

– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150

(5шарт) құжатын оқыңыз

– Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа

дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы

ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының

жинағындағы ескертулерді,

нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды

оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік

нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/

немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары

мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр

құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына

(желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын

электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ

немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды

жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

мүмкін. u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып

келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және

қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы

бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз.

Жерге косылған электр құралдарымен адаптер

айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар

мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін

төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз

жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

болады. u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген

су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе

тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді

ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы

бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған

немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін

жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта

пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу

қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы

(RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін

пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін

Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты

пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде

немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен

кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану

кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

мүмкін. u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы,

сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе

есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары

тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

кемейтеді. u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан

алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын

өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр

құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе

қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз

оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр

Bosch Power Tools 1 609 92A 4V4 | (23.04.2019)132 | Қазақ

құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе

сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.

u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең

салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген

жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды.

u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді

киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы

бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер,

әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер

арқылы тартылуы мүмкін.

u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу

құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы

болуына және тиісті ретте қолдануына көз

жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға

байланысты зияндарды кемейтеді.

u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң

масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей

отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр

жарақаттануға алып келуі мүмкін.

u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың

толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе

энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің

ақаулануы салдарынан электр құралының

жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,

бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған

жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)

қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан

шығарыңыз немесе алып – салмалы

аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы

бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.

u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес

білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу,

монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет

көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады.

u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған,

техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі

нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып

шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі.

u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі

немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар

олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның

бақылауында болмаса немесе электр құралын

пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды

Электр құралдарын пайдалану және күту

u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін

жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды

электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі

сенімді жұмыс істейсіз.

u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын

пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын

электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру

немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,

ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе

аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр

құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр

құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.

u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар

қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды

білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған

адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.

Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты

күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз

істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің

ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр

құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.

Зақымдалған бөлшектері бар құралды

пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр

құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға

u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде

сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір

кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай

u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы

аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай

пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен

орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр

құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және

май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар

мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді

қолдану мен бақылауға жол бермейді.

u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей

қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл

электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Жұқа аралар бойынша қауіпсіздік

u Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе

өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде

электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан

ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе

электр құралының метал бөлшектерін істетіп

пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.

u Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту

және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын

пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге

тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау

жоғалуына алып келуі мүмкін.

u Қолыңызды аралау аймағынан қашық ұстаңыз.

Дайындама астына тимеңіз. Ара полотносына тию

жарақаттану қаупін тудырады.

1 609 92A 4V4 | (23.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 133 u Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп

кері соғу қаупі пайда болады. u Аралауда тіреу тақтасының тұрақты тұруына көз жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе

керу соғуға алып келуі мүмкін. u Жұмысты аяқтағаннан соң электр құралын өшіріп, ара полотносы тоқтағаннан соң ғана оны кесіктен

шығарыңыз. Осы арқылы кері соғудан сақтанып,

электр құралының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр

құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. u Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз. Кисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы,

кесікті зақымдауы немесе кері соғуды тудыруы

мүмкін. u Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы тоқтатпаңыз. Ара полотносының бұзылуы, сынуы

немесе керу соғу себебі болуы мүмкін. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты

жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр

сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі

мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі

мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға

немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.

Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын

және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық

қауіпсіздік нұсқаулықтарын және

ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт

және/немесе ауыр жарақаттануларға алып

Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы қатты тірелген күйде ағаш, пластмасса,

метал, күйіктас тақта және резинада кесіктер мен

ойықтарды аралау үшін арналған. Ол тура және қисық

кесіктерді 45° бұрышта аралау үшін арналған. Ара

полотносы ұсыныстарына назар аударыңыз.

Көрсетілген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар

беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

Ажыратқыш бекіткіші (GST90BE)

Алты қырлы дөңбек кілт

Жоңқаны үрлеу жабдығының қосқышы

Тербелісті реттегіш иінтірек

Ара дискісін босатуға арналған SDS иінтірегі

Тұтқа (беті оқшауланған)

Ара дискісінің бекіткіші

Жарылудан сақтайтын пластина

Сорғыға арналған қаптама

Аспирациялық келте құбыр

Тіреу тақтасының бұрандасы

Параллель тірекке арналған бағыттауыш

Параллель тіректі реттегіш бұранда

Айналатын кескіштің ортаға келтіру ұштығы

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты

жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды

біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

Техникалық мәліметтер

Электрлі жұқа ара GST 90 E GST 90 BE

3 601 E8G 0.. 3 601 E8F 0..

Жүріс санын басқару ● ●

Номиналды тұтынылатын қуат Вт 650 650

Макс. кесу тереңдігі

– алюминийде мм 20 20

– болатта (қорытпалар) мм 10 10

Bosch Power Tools 1 609 92A 4V4 | (23.04.2019)134 | Қазақ

Электрлі жұқа ара GST 90 E GST 90 BE

Кесік бұрышы (сол/оң жақ), макс. ° 45 45

Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 2,3 2,6

Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.

Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат

GST 90 E GST 90 BE EN62841-2-11 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.

Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады:

Дыбыстық қысым деңгейі дБ(A)

Дыбыстық қуат деңгейі дБ(A)

Құлақ қорғанысын тағыңыз!

Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-11 бойынша есептелген:

Табақ металды ара дискісімен аралауT118A:

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл

эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша

өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен

салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы

тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.

Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр

құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр

құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы

аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса

дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл

бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды

қатты көтеруі мүмкін.

Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу

үшін құрал өшірілген және қосылған болып

пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл

дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару

Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша

қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр

құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,

қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

Жинау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Ара полотносын салу/алмастыру u Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.

Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт

пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.

Аралау дискісін таңдау

Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану

нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек қана бір

тұтқалы ара полотноларын (T-тұтқа) орнатыңыз. Ара

полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.

Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын

Ара дискісін орнату (Aсуретінқараңыз) u Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін

SDS иінтірегін(8) алға қарай тіркелгенше басып

тұрыңыз. Ара дискісін(10) кесік бағытындағы тістерімен

ара дискісінің бекіткішіне (13) тірелгенше жылжытыңыз.

Ара полотносын салуда ара полотносының арқасы

бағыттауыш дөңгелектің (9) ойығында жатуына көз

жеткізіңіз. u Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.

Ара дискісін алып тастау (Bсуретінқараңыз)

SDS иінтірегін(8) алға қарай тірелгенше басып, ара

дискісін(10) алып тастаңыз.

1 609 92A 4V4 | (23.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 135

Жарылудан сақтайтын пластина

Жарылудан сақтайтын пластина (14) (керек-жарақтар)

ағаш аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін.

Жарылудан сақтайтын пластинаны тек арнайы аралау

дискі түрлерінде және 0° кесік бұрышында пайдалану

тиіс. Тіреу тақтасын (5) жарылудан сақтайтын

пластинамен аралауда қырға жақын аралауда артқа

жылжыту мүмкін емес.

Жарылудан сақтайтын пластинаны (14) астыңғы жақтан

тіреу тақтасына (5) жылжытыңыз.

Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және

металлдар бар кейбір материалдардың шаңы

денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және

шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы

адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе

тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.

Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат

ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен

(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып

есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы

– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін

шаңсорғышты пайдаланыңыз.

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.

– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын

ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын

қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Қаптама (Dсуретінқараңыз)

Қаптама қалпағын (15) электр құралын шаңсоруға қосу

Қаптаманы(15) ұстағыш жанасудан қорғанысқа(11)

кіретіндей электр құралына орнатыңыз.

Қаптаманы(15) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік

кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға

қарай жанасудан қорғаныстан(11) тартып алыңыз.

Шаңсорғышты жалғау (E–Fсуреттерінқараңыз)

Аспирациялық келте құбырды(16) тіреу тақтасының(5)

Аспирациялық келте құбырдағы жұдырықшаE суретінде

көрсетілгендей электр құралының тиісті ойығына

кіргеніне көз жеткізіңіз.

Шаңсорғыш шлангын (17) (керек-жарақ) жоңқаларды

аспирациялық келте құбырға (16) қосыңыз. Сорғыш

шлангын (17) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).

Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу

әдістері көрсетілген.

Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан

сақтайтын пластинаны (14) орнатыңыз.

Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ

шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,

аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін

материалға лайықтауға мүмкіндік береді.

Реттеу тұтқышымен (7) тербелуді пайдалану кезінде де

0деңгейі тербеліс жоқ

Iдеңгей кіші тербеліс

IIдеңгей орташа тербеліс

IIIдеңгей үлкен тербеліс

Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс басқышы сынақ

тәжірибемен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды

– Кесік шеті қанша нәзік және таза болуы керек болса,

тербеліс басқышын сонша кіші реттеңіз немесе

– Жұқа заттектерді (мысалы металды) өңдегенде

тербелісті өшіріңіз.

– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші

тербелісті реттеңіз.

– Жұмсақ материалдарда және ағашты талшықтар

бағытында аралаған кезде максималдық тербеліспен

жұмыс істеуге болады.

Еңіс бұрышын реттеу (Gсуретінқараңыз)

Тіреуіш тақта (5) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға

Қаптаманы(15), аспирациялық келте құбырды(16) және

жарылудан сақтайтын пластинаны(14) қиғаш кесік жасау

кезінде пайдалану мүмкін емес.

– Аспирациялық келте құбырды(16) сәл төмен басып,

оны тіреу тақтасынан(5) тартып шығарыңыз.

– Қаптаманы(15) және аспирациялық келте

құбырды(14) алып тастаңыз.

– Бұранданы (19) алты қырлы дөңбек кілтпен(4)

босатып, тіреу тақтасын (5) желілік кабельге қарай

– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң

жән сол жағында 0° және 45° бұрыштарында тірелу

нүктелері бар. Тіреу тақтасын(5) шкалаға(18) сәйкес

қажетті күйге қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын

бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге болады.

Bosch Power Tools 1 609 92A 4V4 | (23.04.2019)136 | Қазақ

– Содан кейін тіреу тақтасын(5) ара дискісіне(10)

қарай тірелгенше жылжытыңыз.

– Бұранданы (19) қайтадан бұрап бекітіңіз.

Тіреу тақтасын жылжыту (Gсуретінқараңыз)

Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (5) арқыға

Бұранданы (19) босатып, тіреу тақтасын (5) желілік

кабельге қарай тірелгенше жылжытыңыз.

(19) бұрандамасын қайта берік бұрап қойыңыз.

Жылжытылған тіреу тақтасымен(5) аралау тек 0° еңіс

бұрышында орындалуы мүмкін. Оған қоса параллель

тіректі айналатын кескішпен(22) (керек-жарақ) және

жарылудан сақтайтын пластинамен(14) бірге

пайдалануға болмайды.

Жоңқа үрлеу құрылғысы

Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын

жоңқалардан бос сақтауға болады.

Жоңқа үрлеу жабдығын қосу: қатты жоңқа

жасалатын ағаш, пластмасса т.б. менен

жұмыс істегенде (6) өшіргішін

аспирациялық құбыр бағытында

Жоңқа үрлеу жабдығын өшіру: металда

жұмыс істеуде және шаңсору қосылғанда

өшіргішіт (6) ара полотносы бағытында

u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты

электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы

мәліметтеріне сай болуы қажет. 230В белгісімен

белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс

Қосу/өшіру (GST90E)

u Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу

мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.

Электр құралын қосу үшін ажыратқышты(2) ауыстырып-

қосқышта "І" көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты(2)

ауыстырып-қосқышта "0" көрсетілетіндей артқа

Қосу/өшіру (GST90BE)

u Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу

мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.

Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2)

Қосқыш/өшіргішті бекіту үшін (2) оны қысып ұстап

ысырманы (1) оңға немесе солға жылжытыңыз.

Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2)

жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (2) бұғатталған болса оны

алдымен басып сосын жіберіңіз.

Жүріс санын басқару (GST90BE)

Қосқышты/өшіргішті (2) басу күшін өзгерте отырып,

қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге

Қосқышты/өшіргішті (2) жай басқанда төменірек жүріс

санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны

Жүріс санын алдын ала таңдау

Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш

дөңгелек (3) көмегімен алдын ала таңдауға немесе

жұмыс кезінде өзгертуге болады.

Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау

жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы

Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен

алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету

Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды

пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара

полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.

3минут максималдық жүріс санында істетіңіз.

Пайдалану нұсқаулары

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

u Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден

u Кіші және жұқа дайындамаларды өңдеу кезінде

әрдайым тұрақты астыңғы бет немесе аралау

үстелін (керек-жарақ) пайдаланыңыз.

Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдары және т.б. бойынша

аралау алдында ине, бұрандалар және т.с.с. сияқты бөгде

заттардың бар-жоғын тексеріп, қажетінше алып тастаңыз.

Батырма аралар (H суретін қараңыз)

u Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты

жұмсақ материалдарды өңдеуге болады!

Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.

Жұқа ара 0° еңіс бұрышымен мүмкін болады.

Электр құралын тіреуіш тақтаның (5) арқа шетімен

дайындамаға ара дискісін (10) дайындамаға тигізбей

қойыңыз да қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр

құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр

құралын қатты дайындамаға басып ара полотносын

ақырын дайындамаға кіргізіңіз.

Тіреу тақтасы (5) толық бетімен дайындамада жатқанда

қажетті аралау сызығымен аралаңыз.

Айналатын кескіші бар параллель тірек (керек-жарақ)

Параллельді тіреуіш айналатын кескішпен (22) (керек-

жарақ) жұмыс істеу үшін дайындаманың қалыңдығы

максималдық 30мм болуы тиіс.

Параллельді кесіктер (I суретін қараңыз): Құлақты

бұранданы (21) босатып параллельді тірек шкаласын

тіреу тақтасының (20) бағыттауышында жылжытыңыз.

Кесік енін шкала мәні ретінде тіреу тақтасының ішкі

қырына реттеңіз. Орнату бұрандасын (21) бекітіңіз.

1 609 92A 4V4 | (23.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 137

Диск кесіктері (J суретін қараңыз): аралайтын диск кесік

сызығында аралау полотносы үшін жетерлік тесік

бұрғылаңыз. Ара полотносы кесік сызығына дәр тұруы

үшін тесікті фреза немесе егеумен өңдеңіз.

Орнату бұрандасын (21) бағыттайтын планканың басқа

жағына орнатыңыз. Бағыттайтын планканың шкаласын

тіреу тақтасының бағыттауышына (20) жылжытыңыз.

Дайындаманың араланатын кесігінің ортасында тесік

бұрғылаңыз. Ортаға дәлдеу ұшын (23) бағыттайтын

планканың ішкі тесігінен бұрғыланған тесікке салыңыз.

Радиусты шкала мәні ретінде тіреу тақтасының ішкі

қырына салыңыз. Орнату бұрандасын (21) бекітіңіз.

Суыту/майлау құралдары

Металды аралауда қызып кетуі себебінен кесік

сызығында суыту немесе майлау құралын сүру керек.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы

мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,

қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс

тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары

бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында

Ара полотносының бекіткішін жүйелі түрде тазалаңыз. Ол

үшін ара полотносын электр құралынан алып электр

құралын тегіс жерге жай қағыңыз.

Электр құралының қатты ластануы жұмыс ақаулықтарына

алып келуі мүмкін. Сол үшін қатты шаң жасалатын

материалдарды төменнен баспен араламаңыз.

u Төтенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша

шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті

жиі үрлеп, тазартып артық тоқтан сақтайтын

қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде тоқ

өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы

мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы

Егер шаң түсу бітеліп қалса, электр құарлын өшіріп

шаңсоруды шешіп шаң және жоңқаларды алып қойыңыз.

Бағыттауыш дөңгелекті (9) кейде бір тамшы маймен

Бағыттауыш роликті(9) жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

Тозған бөлшекті Bosch қызмет көрсету орталығында

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,

өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және

асқын температура көздерінің (температураның шұғыл

өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне

жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),

павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы

қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді

тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей

Федерациясының заңнамасымен белгіленген

мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан

пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)

жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік

талаптары орындалуы тиіс:

– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,

орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі

туралы мәліметтер беруге міндетті;

– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып

алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға

мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа

бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып

алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай

әрекеттерге жол бермеуі тиіс;

– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға

сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе

сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы

туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;

– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),

жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар

және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),

міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік

белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған

техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы

бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас

бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер

туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша

қолжетімді: www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және

олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру

кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық

тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен

электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету

барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош”

фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету

орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен

әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға

зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және

тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде

өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі

төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін

жөндеуге құқылы болады:

– механикалық зақымдардың жоқтығы;

Bosch Power Tools 1 609 92A 4V4 | (23.04.2019)138 | Română

– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу

белгілерінің жоқтығы;

– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату

туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік

талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;

– біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.

Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:

– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының

Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б.

сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін

қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі

туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:

– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);

– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате

қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін

бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған

ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз

белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда

болуы немесе электр құралы бөліктері мен

түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы,

жоғары температура әсерінен электр

қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

“Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй

“Гермес” БО, 7 қабат

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау

пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті

ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны

қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.

Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа

2012/19/EU ережесі және ұлттық заңдарға сайкес

пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек

жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы

Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған

директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және

төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз.

Техникалық құжаттар: *