BOSCH GCR 180 Professional - бурғы

GCR 180 Professional - бурғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCR 180 Professional BOSCH PDF форматында.

📄 283 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BOSCH GCR 180 Professional - page 168
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GCR 180 Professional

Санат : бурғы

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бурғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCR 180 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCR 180 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCR 180 Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз Bosch Power Tools 1 609 92A 4NJ | (03.04.2019)168 | Қазақ – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. ЕСКЕРТУ ! Электр құралдарды пайдаланған кезде негізгі қауіпсіздік шараларын әрдайым орындай керек, ол арқылы өрт, тоқ соғу және жеке жарақаттану қауібін төменегілермен бірге кемейтесіз. Осы нұсқаулардың барлығын осы өнімді пайдаланар алдынада оқыңып алыңыз және нұсқауларды сақтап қойыңыз. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. 1 609 92A 4NJ | (03.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 169 u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Алмасты бұрғы қауіпсіздік нұсқаулары u Суды талап ететін бұрғылауды орындаған кезде, суды пайдаланушының жұмыс аймағынан ары ағызыңыз немесе сұйықтық жинайтын құрылғыны пайдаланыңыз. Осындай алдын алу шаралары пайдаланушы жұмыс аймағын құрғақ сақтап тоқ соғу қауіпін кемейтеді. u Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. u Алмасты бұрғымен бұрғылауда құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. u Ұшы қысылғанда, төменге қысуды тоқтатып аспапты өшіріңіз. Ұшы қажалуының себебін табып оны жоюға әрекет жасаңыз. u Алмасты бұрғы жұмысын қайта іске қосудан алдын ұшы еркін бұралуын тексеріңіз. Егер ұшы қажалса, ол іске қосылмауы, аспапты артық жүктеуі мүмкін, немесе алмасты бұрғыны дайындамадан босатуы

u Бұрғы стендін анкерлермен және қысқыштармен дайындамаға қысуда, пайдаланған анкерлеу машинаны пайдалануды ұстап жылжытпауға қабилетті екенін тексеріңіз. Егер дайындама әлсіз немесе тесіктермен болса, анкер шығып кетіп бұрғыны дайындамадан шығаруы мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 4NJ | (03.04.2019)170 | Қазақ u Бұрғы білтегін вакуумдық жастықшамен дайындамаған бекітуде, жастықшаны тегіс, таза, тесіксіз бетте бекітіңіз. Плитка немесе композиттік қаптама сияқты ламинация істелген беттерде бекітпеңіз. Егер дайындама тегіс, жалпақ немее жақсы бекітілген болмаса, жастықша дайындамадан шығып кетуі мүмкін. u Бұрғылаудан алдын немесе бұрғылау кезінде жетерлік вакуум болуына көз жеткізіңіз. Егер вакуум жетерлік болмаса, жастықша дайындамадан шығып кетуі мүмкін. u Бұрғылауды ешқашан тек вакуумдық жастықшамен бекітілген машинамен орындамаңыз, тек қана төмен қарай бұрғылауда. Егер вакуум жоғалған болса, жастықша дайындамадан шығып кетуі мүмкін. u Қабырға немесе төбеден өткізіп бұрғылауда, басқа жағында адамдар және жұмыс аймағын қорғауды қамтамасыз етіңіз. Ұшы тесіктен өтіп басқа жағында түсіп кетуі мүмкін. u Бұл құрылғыны бас жоғарысында сумен бұрғылау үшін пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. u Сырғанамайтын аяқ киімін киіп жүріңіз. Осылайша жылтыр беттерде сырғанау себебінен пайда болатын жарақат алудың алдын аласыз. u Электр құралын ешқашан жинақтағы авариялық тоқ қрғағыш өшіргішісіз (PRCD) пайдаланбаңыз. u Не жұмыс аймағындағы адамдарға, не электр құралының өзіне шығып жатқан су тимегеніне назар аударыңыз. u Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін. u Бұрғылайтын білдекті орнатудан бұрын бұрғылау тірегін құрастырыңыз. Кедергісіз жұмысты қамтамасыз ету үшін дұрыс құрастыру керек. u Бұрғылайтын білдекті пайдаланудан бұрын бұрғылау тірегіне бекітіңіз. Бұрғылайтын білдек бұрғылау тірегінен сырғып кетсе, бұл бақылаудың жоғаруына әкелуі мүмкін. u Бұрғылау тірегін берік, тегіс бетте бекітіңіз. Егер бұрғылау тірегі сырғитын немесе тербелетін болса, бұрғылайтын білдекті бірқалыпты және сенімді басқару мүмкін болмайды. u Бұрғылайтын білдектің жалғағыш кабелін жұмыс аймағынан алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тогының соғу қауіпін

u Бұрғылау тірегіне артық жүктеме түсірмеңіз және оны саты немесе тірек ретінде пайдаланбаңыз. Бұрғылау тірегіне артық жүктеме түсіру немесе үстінде тұру нәтижесінде бұрғылау тірегінің салмақ орталығы артып, аударуына алып келуі мүмкін. u Пайдаланылмайтын бұрғылау тірегін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Құрылғымен таныс емес немесе осы нұсқауларды оқымаған адамдарға оны пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында құрылғылар қауіпті

u Бұрғылау тірегінде немесе бұрғылайтын білдекте кез келген жұмыстарды өткізу алдында, жұмыс үзілістерінің кезінде және бұрғылау тірегін пайдаланбайтын кезде бекіткіш тежегішті бұрап бекіту арқылы бұрғылау тірегін кенет қозғалудан

u Электр құралын тек қорғаныш сымы бар және өлшемі жеткілікті ток желілерінде пайдалануға

u Бұрғылау станинасын жұмыс кезінде әрдайым дюбель немесе вакуумның (керек-жарақ) көмегімен бекітіп, алмасты бұрғы білдек пен бұрғылау коронкасы орнатылған бұрғылау станинасын кездейсоқ аударылудан сақтап

u Су өткізетін шлангтар, жалғау бөліктері және су жинау сақинасы (керек-жарақ) күйінің дұрыс болуын тексеріңіз. Зақымдалған немесе тозған бөліктерді пайдаланудан бұрын алмастырыңыз. Электр құралының бөліктерінен судың шығуы ток соғу қауіпін арттырады. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Мақсаты бойынша қолдану Тасымалды алмасты бұрғы білдек GDB180WE+ GCR180 Алмасты бұрғы білдек Электр құралы алмасты ылғалды бұрғылау коронкасымен және су ағызу құбырымен бірге бетон мен темір бетонды ылғалды бұрғылауға арналған. Электр құралы сорғыш құрылғымен (су жинау сақинасы мен ылғалды/құрғақ сорғыш) бірге пайдалануға болады. Электр құралы алмасты құрғақ бұрғылау коронкаларымен және арнайы сорғыш құрылғымен бірге кірпіш, құм тас, газды бетон және плиткаларда құрғақ бұрғылауға арналған. 1 609 92A 4NJ | (03.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 171 Электр құралын стационарлық режимде тек GCR180 алмасты бұрғылау станинасымен бірге пайдалануға болады. Бас үстінен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Алмасты бұрғылау станинасы Алмасты бұрғылау станинасы Bosch ұсынған GDB180WE алмасты бұрғы білдегін орнатуға арналған. Басқа құрылғыларды орнатуға болмайды. Алмасты бұрғылау станинасын дюбельдің көмегімен еденге немесе қабырғаға орнатуға болады. Алмасты бұрғылау станинасын вакуум (керек-жарақ) көмегімен еденге немесе (қосымша бекіткішпен) қабырғаға орнатуға болады. Бас үстінен бекітуге рұқсат

Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген компоненттердің нөмірлері графикалық беттердегі электр құралы мен бұрғылау станинасының сипаттамасына негізделген. Алмасты бұрғы білдек (1)

(2) Ажыратқышқа арналған реттеу түймесі (3) Тігінен туралау деңгейі (4) Көлденеңінен туралау деңгейі (5) Беріліс ауыстырып-қосқышы (6) Жұдырықша жалғастырғыш (7) Бұрғылау шпинделі (8) Бұрғылау коронкасы

(9) Тұтқа (беті оқшауланған) (10) Су жапқыш шүмек (11) Шүмекке жалғағыш бөлшек (12) Су жеткізу адаптері (13) Сору адаптері (14) Аспирациялық келте құбыр

(16) Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD)

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Алмасты бұрғылау станинасы (17) Айналатын крест (беті оқшауланған) (18) Құрылғы қысқышының бұрандасы (19) Құрылғы қысқышы (20) Бұрғылау бағаны (21) Бұрғылау бұрышын реттеуге арналған жоғарғы

(22) Нивелирлеу бұрандасы (23) Су жинау сақинасы

(24) Бұрғылау бұрышының реттеудің төменгі

(25) Төменгі плита (26) Тістік рейка (27) Бұрғылау бұрышын реттеуге арналған қыспа

(29) Бекіткіш тежегіш (30) Кірпіш қалау дюбелі/бетон дюбелі

(31) Жылдам қысқыш шпиндель

(32) Жылдам қысқыш шпиндельдің қатпарлы

(33) Су жинау сақинасының қыспа серіппесі

(34) Сырғанау бағыттауыштары (35) Сырғанау бағыттауыштарының алты қырлы гайкасы (10дана) (36) Сырғанау бағыттауыштарының бұрандалы штифті (10дана)

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Тасымалды алмасты бұрғы білдек GDB180WE+ GCR180 Алмасты бұрғы білдек GDB 180 WE Өнім нөмірі 3601A898.. Номиналды тұтынылатын

Вт 2000 Өнімділік Вт 1340 Номиналды айналу жиілігі n

Саңылау диаметрі – кірпіш қалауда оңтайлы мм 40–180 – кірпіш қалауда ықтимал мм 0–180 – бетонда оңтайлы мм 40–150 – бетонда ықтимал мм 0–180 Құрал бекіткіші 11/4 дюймUNC макс. сумен жабдықтау

бар 3 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 5,2 Қорғаныс класы /I Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Алмасты бұрғылау станинасы GCR 180 Өнім нөмірі 3601A90100

– Биіктігі мм 767 – Ені мм 205 – Қалыңдығы мм 423,5 Bosch Power Tools 1 609 92A 4NJ | (03.04.2019)172 | Қазақ Алмасты бұрғылау станинасы GCR 180 Құрылғы қысқышының

мм 60 Бұрғылау коронкасының өлшемдері, макс. – Диаметрі мм 180 – Су жинау сақинасымен бірге диаметрі мм 132 – Ұзындығы мм 530 Бұрғылау жүрісі, макс. мм 514 Жұмыс ұзындығы, макс. мм 455 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 9,5 Шуыл бойынша ақпарат EN62841‑3‑6 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 88дБ(A); дыбыстық қуат деңгейі 99дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K=3дБ. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де

Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару мәнін арттырады. Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Бұрғылау станинасын монтаждау Бұрғылау бағанын туралау Бұрғылау бағанын (20) тік күйге келтіріңіз. Астыңғы бұранданы (24) орнатыңыз (графикалық беттегі суретті қараңыз). Астыңғы бұранданы (24) тартып, жоғарғы бұранданы (21) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17мм) бекітіңіз. Қыспа гайканы (27) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 24мм) тартып қойыңыз. Айналатын крест Айналатын кресттің (17) үш қапсырмасын айналатын кресттің орта төлкесіне тірелгенше бұрап кіргізіңіз. Айналатын крест (17) бұрғылау кезінде қос иін ретінде қызмет етеді. Бұрғылау үшін айналатын крестті қажетінше тегершікке (28) солға немесе оңға тірелгенше жылжытыңыз. Айналатын крестті алып тастау үшін қатты тартып

Бекіткіш тежегіші бар берілісті бұғаттау тетігі Алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын бекіткіш тежегішті (29) тегершік (28) астындағы бос бұрандалы саңылауға бұрап енгізіңіз. Бұрғылау станинасындағы барлық жұмыстар үшін, жұмыс үзілістерінде және пайдаланбаған кезде берілісті бұғаттаңыз. Ол үшін бекіткіш тежегішті (29) бұрап

Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (29) айналатын крест (17) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз. Электр құралын орнату (A суретін қараңыз) Бекіткіш тежегіш (29) тартылғанына көз жеткізіңіз. Құрылғы қысқышындағы бұранданы (18) айыр тәрәзді кілтпен (кілт ені 13мм) босатыңыз. Электр құралын қысылатын мойыншасын жоғары қаратып құрылғы қысқышына (19) тірелгенше енгізіңіз. Электр құралын құрылғы қысқышына барлық ажыратқыштар қолжетімді болатындай және электр құралындағы шаң сору/суды суыту жалғағышы бұрғылау әрекетіне кедергі жасамайтындай етіп бұрап кіргізіңіз. Бұранданы (18) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 13мм) тартып қойыңыз. Айналатын крестті (17) бұрғылау әрекеті үшін оңға немесе солға қарай тегершікке (28) жылжытыңыз. u Электр құралының құрылғы қысқышында берік бекітіліп тұрғанын тексеріңіз. Электр құралын бұрғылау станинасынан шығару кезінде әрекетті кері реттілік бойынша орындаңыз. Бұрғылау станинасын бекіту Нұсқау: бұрғылау станинасын саңылаусыз бекітіңіз. Осылайша бұрғылау коронкасының қысылуына және сегменттерінің тозуына жол бермейсіз. Астыңғы беттің түрі және сипаттарына байланысты бұрғылау станинасын дюбель немесе вакуум арқылы жоспарланған саңылауға бекітіңіз. Бұрғылау станинасын бекітуден бұрын орналастыру Қажетті саңылау ортасын астыңғы бетте сызып қойыңыз. Бұрғылау үшін пайдаланылған коронканың сыртқы өлшемін саңылау ортасымен орталық ретінде белгілеңіз. Бұрғылау станинасын (электр құралы орнатылған) дюбельмен немесе вакууммен орнатылған бұрғылау коронкасы белгіленген өлшемдерге түсетіндей етіп

1 609 92A 4NJ | (03.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 173 Дюбельмен бекіту (B суретін қараңыз) Бұрғылау станинасын дюбельдермен (керек-жарақ) кірпіш қалауда немесе бетонда бекіту үшін бөлек бекіткіш саңылауды бұрғылаңыз. Дюбель саңылауы – жоспарланған саңылау ортасының аралығы

200–300мм Дюбель саңылауы үшін төмендегі өлшемдер қолданылады: Диаметрі Тереңдігі Кірпіш қалау 20мм 85мм Бетон 16мм 50мм Бір бетондық дюбельді кергі сынамен немесе кірпіш қалау дюбелімен (30) орнатыңыз. Жылдам қысқыш шпиндельді (31) дюбельге бұрап енгізіңіз. Бұрғылау станинасы мен астына қоятын шайбаны орнатып, қатпарлы гайкамен (32) бұрап бекітіңіз. Қатпарлы гайканы нивелирлегеннен кейін айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 27мм) тартып қойыңыз. Вакууммен (керек-жарақ) бекіту Бұрғылау станинасын вакууммен бекіту үшін стандартты вакуумдық сорап және Bosch вакуумдық жинағы (керек- жарақ) қажет болады. Ваккуумдық сорап төмендегі талаптарға сай болуы керек: Көлемдік ағын: 6м

Вакуум кемінде: 80% (−800мбар) Вакууммен бекіту үшін астыңғы бет жылтыр және тегіс болуы керек. Сылау немесе кірпіш қалауда орнату мүмкін

Вакуумдық қосылым пайда болғанда нивелирлеу бұрандаларын (22) астыңғы бетке сәл орнатып, бұрғылау станинасы нық тұрып, тығыздауыш сақина бос тұруы керек. Әйтпесе бұрғылау станинасы тығыздауыш сақинада қатты босап тұрады. Вакуумдық сорапты және Bosch вакуумдық жинағын жалғау үшін олардың пайдалану бойынша нұсқаулықтарын оқып ұстаныңыз. u Вакуумдық сорап пен вакуумдық жинақтың қауіпсіздік және жұмыс нұсқауларын қатал орындау қажет! Нивелирлеу (вакууммен бекіткенде емес) Нивелирлеу бұрандаларын (22) деңгей (3) электр құралында (тігінен монтаждау кезінде) немесе деңгей (4) электр құралында (көлденеңінен монтаждау кезінде) дәл тураланатындай етіп бір-бірден бұрап енгізіңіз немесе

Бұрғылау станинасын дюбель бекіткішімен бекітіңіз. Бұрғылау коронкасын орнату/алмастыру u Бұрғылау тірегінде немесе бұрғылайтын білдекте кез келген жұмыстарды өткізу алдында, жұмыс үзілістерінің кезінде және бұрғылау тірегін пайдаланбайтын кезде бекіткіш тежегішті бұрап бекіту арқылы бұрғылау тірегін кенет қозғалудан

Бұрғылау коронкасын таңдау Bosch бұрғылау коронкаларында түсті кодтау бар: – Ылғалды бұрғылау коронкалары: көк – Құрғақ бұрғылау коронкалары: ақ боз Бұрғылау коронкасын орнату u Бұрғылау коронкаларын орнатудан бұрын тексеріп шығыңыз. Тек ақаусыз бұрғылау коронкаларын орнатыңыз. Зақымдалған және деформацияланған бұрғылау коронкалары қауіпті жағдайларды тудыруы

Орнатудан бұрын бұрғылау коронкаларын тексеріп шығыңыз. Бұрғылау коронкасының бұрандасын аздап майлаңыз немесе тот басудан қорғайтын затты себіңіз. 11/4 дюйм UNC бұрғылау коронкасын (8) бұрғылау шпинделіне (7) бұрап қойыңыз. u Бұрғылау коронкасының нық бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекітілген бұрғылау коронкалары жұмыс кезінде босап, сізге қауіп төндіруі

Бұрғылау коронкасын алып тастау u Бұрғылау коронкасын алмастыру кезінде қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Электр құралы ұзақ уақыт жұмыс істесе, бұрғылау коронкасы қызып кетуі

Бұрғылау коронкасын (8) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 41мм) босатыңыз. Бұл ретте екінші айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 32мм) бұрғылау шпинделінің (7) артқы ілмегін тіреп тұрыңыз. Сулы суыту/щаңсоруды қосыңыз Дымқыл немесе құрғақ бұрғылау коронкалары жетерлік ретте суымаса, алмас бөлшектері зақымдануы мүмкін немесе бұрғылау коронкасы тесікті жабуы мүмкін. Сол үшін дымқыл бұрғылауда сулы суыту жетерлік болуына көз жеткізіңіз, ал құрғақ бұрғылауда шаңсору жұмыс

Бар тесікті үлкейту үшін оны әбден жабып бұрғылау коронкасын жетерлік суыту керек. u Қосылған шлангтар, бұғаттау клапандары немесе жабдықтар бұрғылауға кедергі жасамауы керек. Сумен суытуды жалғау Суға жалғағыш адаптерді (12) жұдырықша жалғастырғышқа (6) орнатып, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап бекітіңіз. Су жапқыш шүмекті (10) бұрап бекітіңіз. Су жеткізу құбырын шүмекке жалғағыш бөлшекке (11) жалғаңыз. Суды жылжымалы қысымдалған су багынан (керек- жарақ) немесе стационарлық су жалғағышы арқылы жеткізуге болады. Bosch Power Tools 1 609 92A 4NJ | (03.04.2019)174 | Қазақ Ылғалды бұрғылау кезінде саңылаудан шығатын суды жинау үшін су жинау сақинасы мен ылғалды/құрғақ сорғыш (екеуі де керек-жарақ) қажет болады. Су жинау сақинасын суды сору үшін монтаждау (C суретін қараңыз) Су жинау сақинасы (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер“, Бет176) GCR180 алмасты бұрғылау станинасымен және GDB180WE алмасты бұрғы білдегімен бірге пайдалануға арналған. Саңылауды қажетті бұрғылау диаметрі үшін тығыздауыш қақпақта кесіп алыңыз. Қыспа серіппені (33) едендік тақта (25) мен бұрғылау бағаны (20) арасындағы саңылауға тірелгенше жылжытыңыз. Бұл ретте қыспа серіппенің бұрыштық бөлігі төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз. Су жинау сақинасын қалпына келтіріп, қыспа серіппені су жинау сақинасындағы тіреу нүктелеріне қойыңыз. (Қыспа серіппедегі ұштардағы қапсырмалар қыспа серіппені жоғары қарай тартуға арналған.) Серіппенің керу күші арқылы су жинау сақинасы тығыздауышымен бірге астыңғы бетке басылып, ылғалды/құрғақ сорғыштың вакуумымен бірге судың шығып кетуіне жол бермейді. Шаңсорғышты жалғау Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. Сору адаптерін (13) жұдырықша жалғастырғышқа (6) орнатып, оны сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап

Осы жүйеге мақұлданған және ұсынылған ылғалды/ құрғақ сорғыштың (қараңыз „Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер“, Бет176) сорғыш шлангісін (15) аспирациялық келте құбырға (14) енгізіңіз.

Бұрғылау бұрышын өзгерту u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Бұғылау станинасында әр реттегеннен кейін барлық бұрандаларды қайтадан бұрап бекітіңіз. Бұрғылау бұрышын реттеуге арналған астыңғы бұранданы (24) айыр тәрізді кілтпен кілт ені 17мм) босатып, алып тастаңыз. Жоғарғы бұранданы (21) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17мм) босатыңыз. Қыспа гайканы (27) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 24мм) босатыңыз. Бұрғылау станинасын қажетті бұрғылау бұрышына орнатыңыз. Қыспа гайканы (27) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 24мм) қайтадан тартып қойыңыз. Жоғарғы бұранданы (21) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17мм) бұрап бекітіңіз. u Бұрғылау станинасы тек қыспа гайка (27) және бұрышты реттеуге арналған бұранда (21) қайтадан тартылғанда ғана орнатылуы мүмкін. Бұрғылағаннан кейін бұрғылау бағанын (20) кері реттілік бойынша тік күйге (0° бұрғылау бұрышы) қайтып орнатыңыз. Ол үшін астыңғы бұранданы (24) қайта орнатып, айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 17мм) бұрап бекіту керек. Қолданысқа енгізу u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. u Жұмысты бастамас бұрын жауапты инженермен, сәулетшімен немесе құрылыс басқармасымен жоспарланған саңылаулар жөнінде кеңесіңіз. Арматураларды тек құрылыс инженерінен рұқсат алып ажыратыңыз. u Бұрғылау кезінде, қабырға немесе еденді тесу кезінде тиісті бөлмелерде кедергілердің жоқтығын тексеріп шығыңыз. Құрылыс орнын жауып, кернді қорама қалып арқылы құлаудан қорғаңыз. Жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD) жұмысын тексеру Жұмысты әр бастамас бұрын жылыстау тогынан қорғаныс автоматының (PRCD)(16) ақаусыз жұмыс істеуге қабілетін тексеріп шығыңыз: – Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD) TEST түймесін басыңыз. Қызыл түсті бақылау индикаторы сөнеді. – RESET түймесін басыңыз. Электр құралы енді қосылуы

Егер қызыл түсті бақылау индикаторы TEST түймесі басылғанда сөнбесе немесе электр құралын қосу кезінде қайта-қайта сөніп тұрса, электр құралын өкілетті Bosch клиенттерге қызмет көрсету орталығында тексерту керек. u Жылыстау тогынан қорғаныс автоматы (PRCD) ақаулы болса, электр құралын пайдалануға

Жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)(16) RESET түймесін басыңыз. 1 609 92A 4NJ | (03.04.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 175 Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (10) өткелге

Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1) басып

Басылған ажыратқышты бұғаттау үшін реттеу түймесін (2) тағы басыңыз.

Ажыратқышты (1) жіберіңіз. Ажыратқыш бұғатталған болса, оны алдымен басып, сонан соң жіберіңіз. Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (10) бұрап бекітіңіз. Жұмыс соңында шүмекке жалғағыш бөлшекті (11) су жеткізу құбырынан ажыратыңыз. Су жапқыш шүмекті (10) ашып, қалған суды ағызыңыз. Іске қосу тогының шектеулері Электр құралының электроникасы қозғалтқышты бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу тогына жол бермейді. Қайта іске қосылудан қорғаныс Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол

Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс автоматындағы (PRCD)(16) RESET түймесін басыңыз. Содан кейін ажыратқышты (1) өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз. Айналу жиілігін алдын ала таңдау Беріліс ауыстырып-қосқышы (5) екі айналу жиілігін алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін

– 1-беріліс: 80–180мм – 2-беріліс: 25–60мм Жұмыс бойынша нұсқаулар u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (29) айналатын крест (17) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз. 1-ші берілісте бұрғылау коронкасы дірілсіз дайындамаға бұралғанша төмен айналу жиілігімен бұрғылаңыз. Содан кейін қажет болса, 2-ші беріліске ауысыңыз. Бұрғылау кезіндегі басу қысымын бұрғыланатын дайындамаға бейімдеңіз. Бірқалыпты қысыммен бұрғылаңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау коронкасын саңылаудан шығарыңыз, сонда бұрғылау қоқысын немесе шаңын алмас сегменттерінен кетіру мүмкін

Электр құралының айналатын крестін (17) қажетті бұрғылау тереңдігіне дейін бұраңыз. Содан кейін бұрғылау коронкасы толық көрінгенше кері бұраңыз. Максималды жұмыс ұзындығына қол жеткізу үшін кернді ол бұрғылау коронкасын толық толтырғанда алып тастау керек. Содан кейін бұрғылау коронкасын саңылауға қайта салып, максималды тереңдікке дейін бұрғылаңыз. Артық жүктеме ажыратқышы Бұрғылау коронкасы қысылса немесе ілінсе, бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Мұндай жағдайда тозу және қызып кетудің алдын алу үшін электр құралын бірден өшіріңіз. Бұрғылау коронкасын тиісті айыр тәрізді кілтпен оңға және солға бұрап босатыңыз. Бұл ретте электр құралын саңылаудан абайлап тартып шығарыңыз. Артық жүктемеден қорғаныс Артық жүктеме шегінен асырған жағдайда электр құралы қатты дірілдей бастайды. Басу қысымын электр құралы қалыпты жұмыс істегенше кішірейтіңіз. Басу қысымы кішірейтілмесе, электр құралы өшіп қалады. Содан кейін электр құралын бірден қайта қосуға болады, бірақ төменірек басу қысымымен жұмыс істеу қажет болады. Кернді алып тастау Ылғалды бұрғылау: бұрғылағаннан кейін суды кішкене ағызып, бұрғылау коронкасы мен керн арасындағы бұрғылау қоқысын шайып жіберіңіз. Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған болса, жұмсақ ағашпен немесе пластик бөлшекпен бұрғылау коронкасын қағып, кернді босатыңыз. Қажет болса, кернді таяқпен бұрғылау коронкасының шеткі жағынан итеріп шығарыңыз. Нұсқау: бұрғылау коронкасын қатты заттармен қақпаңыз (деформациялау қаупі бар)! Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Тісті рейканы (26) және бұрғылау бағанының (20) бағыттауыш беттерін әрдайым таза ұстаңыз. Бұрғылау шпинделін (7) жұмыс соңында тазалап шығыңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау шпинделі мен бұрғылау коронкасына (8) тот басудан қорғайтын затты

Bosch Power Tools 1 609 92A 4NJ | (03.04.2019)176 | Қазақ Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Сырғанау бағыттауыштарын қосымша дәлдеу (D суретін қараңыз) Уақыт өте келе сырғанау бағыттауыштары (34) тозып, сырғанау бағыттауыштары мен бұрғылау бағаны арасында саңылау пайда болуы мүмкін. Осы жағдайдың алдын алу үшін сырғанау бағыттауыштарын қосымша дәлдеу қажет. Барлық он алты қырлы гайканы (35) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 13мм) босатыңыз. Содан кейін бұрандалы штифттерді (36) саңылау барынша азайғанша бірқалыпты тартыңыз. Барлық он алты қырлы гайканы қайтадан бұрап бекітіңіз. Үйкелісқа қарсы қабат (қызыл түсті) тозғанда ғана сырғанау бағыттауыштарын алмастыру қажет болады. Бұл тек қызыл түсті бояу жойылып, негізгі материал көрінгенде қажет болады. Алмастыру жұмысын өкілетті Bosch электр құралдарына қызмет көрсету орталығында өткізуге кеңес беріледі.

Электр құралы орнатылған бұрғылау станинасын сақтауға қоюға болады. Ол үшін электр құралын айналатын кресттің (17) көмегімен едендік тақтаға қарай барынша ары бұраңыз да, аударылу қаупінің алдын алыңыз. Қауіпсіз тасымалдау үшін электр құралын бұрғылау станинасынан шығарыңыз. Керек-жарақтар/қосалқы бөлшектер Су жинау сақинасы (GCR180) 2 608 550 621 Су жинау сақинасына арналған тығыздауыш қақпақ (GCR 180)

Бекіткіш жинағы: – бетон үшін 2 608 002 000 – кірпіш қалау үшін 2 607 000 745 Бетонға арналған дюбельдер жинағы 2 608 002 001 Вакуумдық жинақ 2 608 550 623 Вакуумдық жинаққа арналған тығыздауыш резеңке (GCR180)

Қысымдалған су багы 2 609 390 308 Адаптер G1/2 дюйм 2 608 598 043 Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 35MAFC Ылғалды/құрғақ сорғыш GAS 55MAFC Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: *