ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLM 50-27 GC Professional BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
Түпнұсқа нұсқаулық
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз; – жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз; – корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Эр пайдаланудан сон өнімді тазалау ұсынылады.
Сактау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек.
- Сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады. Сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін MEMСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз.
Тасымалдау
– Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады. – Босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – Тасымалдау шарттары талаптарын MEMCT 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді
көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса, бұл қауіпті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). ► Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып, басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. ▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. ▶ Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.


Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
▶ Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® құрылғысымен бірге пайдаланғанда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® құрылғысымен бірге медициналық құралдар, жанармай бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар және жарылғыш аймақтардың жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® құрылғысымен бірге ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc. компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Мақсаты бойынша қолдану
Өлшеу құралы қашықтықтарды, ұзындықтарды, биіктіктерді, аралықтарды, көлбеулерді өлшеуге және аудан мен аумақтарды есептеуге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Өлшеу нәтижелерін Bluetooth® арқылы басқа құрылғыларға көшіруге болады.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
(1) Bluetooth® түймесі (2) Функция түймесі [Func] (3) Минус/солға жылжыту түймесі [-] (4) Дисплей (5) Өлшеу түймесі [▲] (6) Плюс/оңға жылжыту түймесі [+] (7) Негізгі реттеулер түймесі [ ] (8) Қосу/өшіру/артқа түймесі [ ] (9) Тасымалдау белдігінің көзі A) (10) Лазер ескерту тақтасы (11) Сериялық нөмір (12) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (13) Батарея бөлімінің қақпағы (14) 1/4 дюймдік штатив ирек оймасы (15) Қабылдау линзасы (16) Лазер сәулесінің шығысы (17) Белдік қысқышы A) (18) Бұранда A) , белдік қысқышына арналған A) (19) Лазер нысандық тақтасы A)
(20) Лазер көру көзілдірігі A) (21) Штатив A) (22) Тасымалдау белдігі 4 (23) Қорғаныш қалта (24) Литий-иондық аккумулятор блогы A) (25) Литий-иондық аккумулятор блогы бекіткіші A) (26) USB Type-C® кабелі A) В) (27) USB Type-C® ұясының қақпағы A)
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
B) USB Type-C® және USB-C® – USB Implementers Forum ұйымының сауда белгілері.
Индикация элементтері (таңдамалы)
(a) Өлшеудің негізгі жазықтығы (b) Байланыс күйі

Bluetooth® қосылған, байланыс орнатылмаған

Bluetooth® қосылған, байланыс орнатылды
(c) Батарея индикаторы (d) Өлшеу мәндерінің жолақтары (e) Нәтижелер жолағы (f) Өлшеу функциясы (g) Еңіс бұрышының индикаторы (h) Күй панелі (i) Өлшеу функцияларының дисплей индикаторы (j) Негізгі реттеулердің дисплей индикаторы (k) Қосымша реттеулердің дисплей индикаторы
Техникалық мәліметтер
| Сандык лазер қашықтық өлшегіші | GLM 50-27 CG GLM 50-27 C |
| Өнім нөмірі | 3 601 K72 U.. 3 601 K72 T.. |
| Қашықтықты өлшеу |
Bosch Power Tools 1 609 92A 4ZJ | (14.10.2020)
418|Қазақ
| Сандык лазер қашықтық өлшегіші | GLM 50-27 CG GLM 50-27 C |
| Өлшеу диапазоны 0,05–50 м | A) | 0,05–50 mA) |
| Өлшеу диапазоны (жағымсыз жағдайлар) | 0,05–20 mB) | 0,05–20 mB) |
| Өлшеу дәлдігі ±1,5 мм | A) | ±1,5 mMA) |
| Өлшеу дәлдігі (жағымсыз жағдайлар) | ±3,0 mMB) | ±3,0 mMB) |
| Ең кіші индикация бірлігі 0,5 мм 0,5 мм | | |
| Жанама қашықтық өлшеу және ватерпас |
| Өлшеу диапазоны 0°–360° (4 x 90°) 0°–360° (4 x 90°) | | |
| Көлбеуді өлшеу |
| Өлшеу диапазоны 0°–360° (4 x 90°) 0°–360° (4 x 90°) | | |
| Өлшеу дәлдігі (әдеттері) ±0,2° | C)D) | ±0,2°C)D) |
| Ең кіші индикация бірлігі 0,1° 0,1° | | |
| Жалпы |
| Жұмыс температурасы –10 °C ... +45 °C | E) | -10 °C ... +45 °CE) |
| Рүқсат етілген зарядтау температурасының диапазоны | 0 °C ... +60 °C | 0 °C ... +60 °C |
| Сақтау температурасы –20 °C ... +70 °C –20 °C ... +70 °C | | |
| Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. | 90 % | 90 % |
| Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі | 2000 м | 2000 м |
| Ластану дәрежесі IEC 61010-1 стандарты бойынша | 2F) | 2F) |
| Лазер класы | 2 | 2 |
| Лазер түрі | 515 нм, < 1 мВт | 635 нм, < 1 мВт |
| Лазер сәулесінің айырмашылығы | < 1,5 мрад (толық бұрыш) | < 1,5 мрад (толық бұрыш) |
| Автоматты түрде өшіру құрылғысы шамамен мына уақыттан кейін |
| – Лазер | 20 с | 20 с |
Қазақ|419
| Сандык лазер қашықтық өлшегіші | GLM 50-27 CG GLM 50-27 C |
| – Өлшеу құралы (өлшеусіз) 5 мин | G) | 5 минG) |
| Салмағы EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай | 0,17 кг 0,17 кг |
| Өлшемдері 119 x 53 x 29 мм 119 x 53 x 29 мм |
| Қорғаныс дәрежесі IP 65 (шаң мен | IP 65 (шаң мен |
| шашыранды судан қорғалған) | шашыранды судан қорғалған) |
| Батареялар 2 x 1,5 B LR6 (AA) 2 x 1,5 B LR6 (AA) |
| Өлшем бірлігін реттеу м, фут, дюйм м, фут, дюйм |
| Аккумулятор блогы (керек- жарак) | Литий-ион Литий-ион |
| Түрі ВА 3.7V 1.0Ah А ВА 3.7V 1.0Ah А |
| Өнім нөмірі | 1 607 A35 0N8 1 607 A35 0N8 |
| USB зарядтау ұяшығы Type-C® | Type-C® |
| Үсынылатын USB Type-C® кабелі | 1 600 A01 6A8 1 600 A01 6A8 |
| Номиналды кернеу | 3,7 В— | 3,7 В— |
| Қуаты | 1,0 А-сағ | 1,0 А-сағ |
| Аккумуляторлық элементтердің саны | 1 | 1 |
| Штепсельдік куат блогы |
| Шығыс кернеу | 5,0 В— | 5,0 В— |
| Шығыс ток | 500 мА | 500 мА |
| Үсынылатын штепсельдік куат блогы | 2 609 120 713 (EU)2 609 120 718 (UK)1 600 A01 3A0 (ARG)1 600 A01 3A1 (MEX)1 600 A01 3A2 (BRL) | 2 609 120 713 (EU)2 609 120 718 (UK)1 600 A01 3A0 (ARG)1 600 A01 3A1 (MEX)1 600 A01 3A2 (BRL) |
| Деректерді тасымалдау |
| Bluetooth® | Bluetooth®(4.2 low-energy)H) | Bluetooth®(4.2 low-energy)H) |
Bosch Power Tools
1 609 92A 4ZJ | (14.10.2020)
420 | Қазақ
| Сандык лазер қашықтық өлшегіші | GLM 50-27 CG GLM 50-27 C |
| Қызметтік жиліктер диапазоны | 2402–2480 МГц 2402–2480 МГц |
| Макс. тарату куаты 8 мВт 8 мВт | |
A) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен өлшегенде, нысананың жоғары шағылысу дәрежесі (мысалы, ақ түспен боялған қабырға), әлсіз фондық жарықтандыру және 25 °C жұмыс температурасы үшін қолданылады. Оған қоса қашықтыққа байланысты болатын ±0,05 мм/м шамасындағы ауытқуды есепке алу керек. B) Өлшеу құралының алдыңғы жиегінен өлшегенде, нысананың жоғары шағылысу дәрежесі (мысалы, ақ түспен боялған қабырға), қатты фондық жарықтандыру және 25 °C жұмыс температурасы үшін қолданылады. Оған қоса қашықтыққа байланысты болатын ±0,15 мм/м шамасындағы ауытқуды есепке алу керек. C) Пайдаланушы 0° және 90° аралығында калибрлегеннен кейін; ±0,01°/градус және 45° (макс.) аралығындағы қосымша көтерілу ауытқуын ескеру қажет. Еңісті өлшеу үшін негізгі жазықтық ретінде өлшеу құралының сол жағы пайдаланылады. D) 25°C жұмыс температурасында E) Үздіксіз өлшеу режимінде макс. жұмыс температурасы +40°C құрайды. F) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде ток өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. G) Bluetooth® ажыратылған H) Bluetooth® төмен энергиялы аспаптарында модель мен операциялық жүйеге қарай байланыс орнату мүмкін болмайды. Bluetooth® аспаптары GATT профилін қолдауы керек. Өлшеу құралының фирмалық тақтайшасындағы сериялық нөмір (11) оны бірмағыналы түрде сәйкестендіруге көмектеседі.
Басқа құралдарға дерек тасымалдау
Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол белгілі мобильді терминалдарға Bluetooth® интерфейсімен (мысалы, смартфон, планшет) радиотехника арқылы деректерді тасымалдауға мүмкіндік береді.
Bluetooth® байланысы үшін талап етілетін жүйелік алғышарттар туралы www.bosch-pt.com Bosch интернет торабында табасыз.
▶ Баска мәліметтерді Bosch өнім вебсайтында табасыз.
Bluetooth® арқылы деректерді тасымалдау кезінде мобильді терминал мен өлшеу құралы арасында уақыт кідірістері пайда болуы мүмкін. Себебі екі құралдың бір-біріне қашықтығына немесе өлшеу нысанында болуы мүмкін.
Ақырғы мобильді құрылғыға деректерді тасымалдау үшін Bluetooth® интерфейсін іске қосу
Ақырғы мобильді құрылғыда Bluetooth® интерфейсінің белсенді болуын қамтамасыз етіңіз.
(1) түймесін басып, Bluetooth® мәзірін ашыңыз, ал (1) түймесін (немесе (6) [+] түймесін) басып, Bluetooth® интерфейсін іске қосыңыз. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса, жарамды өлшеу құралын сериялық нөмірі бойынша таңдаңыз. Сериялық нөмірді (11) өлшеу құралының фирмалық тақтайшасында табуға болады. Байланыс күйі мен белсенді байланыс (b) өлшеу құралының күй панелінде (h) көрсетіледі.
Функциялар көлемін кеңейту үшін Bosch қолданбаларын пайдалануға болады. Оларды ақырғы мобильді құрылғыға байланысты тиісті қолданба дүкендерінен сатып алуға болады.
(1) түймесін басып, Bluetooth® мәзірін ашыңыз, ал (1) түймесін (немесе (3) [-] түймесін) басып, Bluetooth® интерфейсін ажыратыңыз.
Монтаждау
Батареяларды салу/алмастыру
Өлшеу құралын пайдалану үшін сілті-марганец батареяларын немесе никель-металл гидрид аккумуляторларын (әсіресе төмен жұмыс температураларында) пайдалануға кеңес беріледі.
1,2 В аккумуляторлармен қуаттылыққа байланысты 1,5 В батареялармен салыстырғанда көбірек өлшеу әрекеттерін орындауға болады.
Батарея бөлімінің қақпағын (13) ашу үшін ысырманы (12) басып, қақпақты алып тастаңыз. Батареяларды немесе аккумуляторларды салыңыз. Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батареялар немесе аккумуляторлар зарядының деңгейі төмен болғанда, дисплейде батарея қуатын үнемдеу режимін іске қосуға сұрау пайда болады. Батарея қуатын үнемдеу режимі іске қосылғанда, батареяның қызмет ету уақыты ұзарып, дисплейдегі батарея белгісі сары түсті жиекпен қоршалады (қараңыз "Реттеулер" мәзірі (С суретін қараңыз), Бет 424).
Заряды бос батарея белгісі дисплейде алғаш рет пайда болғанда, бұл әлі де аз ғана өлшеу әрекеттерін орындауға болатынын білдіреді. Егер батарея белгісі бос болып, қызыл түспен жыпылықтаса, бұл өлшеу әрекеттерін ары қарай орындау мүмкін болмайтынын білдіреді. Батареяларды немесе аккумуляторларды алмастырыңыз.
Барлық батареяларды немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.
▶ Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяларды немесе аккумуляторларды өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт жатқан батареялар немесе аккумуляторлар тот басуы және зарядын жоғалтуы мүмкін.
Литий-иондық аккумулятор блогын (керек-жарак) енгізу/алмастыру
Литий-иондық аккумулятор блогын (24) енгізіңіз (А суретін қараңыз).
Литий-иондық аккумулятор блогын (24) шығару үшін бекіткішті (25) басыңыз да,
Литий-иондық аккумулятор блогын шығарып алыңыз.
Пайдалану
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін, оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
USB кабелін (26) жалғауға арналған USB ұясы және зарядтауды бақылау шамдары литий-иондық аккумулятор блогындағы (24) (керек-жарак) USB ұясы қақпағының (27) астында орналасқан. USB ұясының қақпағын (27) ашып, USB кабелін (26) жалғаңыз.
Зарядтау процесінің барысында дисплейдегі батарея индикаторы литий-иондық аккумулятор блогының (24) шынайы заряд деңгейінен өзгешеленуі мүмкін. Литий-иондық аккумулятор блогы (24) толықтай зарядталған кезде, зарядтауды бақылау шамы жасыл түспен жанып тұрады.
Зарядтау барысында зарядтауды бақылау шамы сары түспен жанып тұрады. Қызыл түсті зарядтауды бақылау шамы зарядтау кернеуі немесе зарядтау тогы жарамсыз екендігін білдіреді.
Іске қосу
▶ Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. ▶ Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен температуралық ауытқулар жағдайында алдымен өлшеу құралының температурасын дұрыс пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлап түсуден сақтаңыз. Өлшеу құралына қатты сыртқы әсерлер тигеннен кейін, жұмысты жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексерісін орындау керек (қараңыз „Дәлдікті тексеру және көлбеу өлшеуді калибрлеу (М суретін қараңыз)“, Бет 432) және (қараңыз „Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру“, Бет 432). ▶ Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Қосу/өшіру
- Өлшеу құралы мен лазерді қосу үшін өлшеу түймесін (5) [▲] қысқаша басыңыз.
- Өлшеу құралын лазерсіз қосу үшін қосу/өшіру/артқа түймесін (8) [ ] қысқаша басыңыз. Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын алғаш рет қосқан кезде, сізге дисплейдегі мәтін үшін қалаулы тілді реттеуге сұрау беріледі.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру/артқа түймесін (8) [ ☑] басып тұрыңыз.
Өлшеу құралын өшіргенде, жадта тұрған мәндер мен құрылғы реттеулері сақталады.
Өлшеу әдісі
Алғаш рет қосылғаннан кейін, өлшеу құралы ұзындықты өлшеу функциясында тұрады. Өлшеу құралы кейін әр қосылған соң соңғы пайдаланылған өлшеу функциясында тұрады. Басқа өлшеу функциясына ауысу үшін (2) [Func] түймесін басыңыз. Қалаулы өлшеу функциясын (6) [+ ] немесе (3) [- ] түймесі арқылы таңдаңыз (қараңыз „Өлшеу функциялары“, Бет 425). Өлшеу функциясын (2) [Func] түймесімен немесе өлшеу түймесімен (5) [Δ]ске қосыңыз.
Өлшеудің негізгі жазықтығы үшін үш реттеу қолжетімді (қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау (В суретін қараңыз)“, Бет 424).
Өлшеу құралын өлшеудің қажетті бастапқы нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз.
Нұсқау: егер өлшеу құралы қосу/өшіру/артқа түймесінің (8) [3] көмегімен қосылған болса, лазерді қосу үшін өлшеу түймесін (5) [▲] қысқаша басыңыз.
Өлшеуді босату үшін өлшеу түймесін (5) [▲] қысқаша басыңыз. Содан кейін лазер сәулесі өшеді. Кейінгі өлшеу үшін осы әрекетті қайталаңыз.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Нұсқау: өлшеу мәні әдетте 0,5 секунд және ең ұзағы шамамен 4 секунд ішінде көрсетіледі. Өлшеу ұзақтығы қашықтыққа, жарық жағдайына және мақсатты жазықтықтың қайтарғыштығына байланысты болады. Өлшеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесі автоматты түрде өшеді.
Негізгі жазықтықты таңдау (В суретін қараңыз)
Өлшеу үшін үш түрлі негізгі жазықтықтың арасынан таңдауға болады:
– өлшеу құралының артқы жиегі (мысалы, қабырғаға орналастырғанда), - өлшеу құралының алдыңғы жиегі (мысалы, үстел жиегінен өлшегенде), - ирек ойманың (14) ортасы (мысалы, штативпен өлшегенде)
Негізгі жазықтықты таңдау үшін (7) [###] түймесін басыңыз. Содан кейін өлшеу түймесінің (5) [▲] немесе (2) [Func] түймесінің көмегімен "Негізгі жазықтық" опциясын таңдаңыз. Сонан соң (6) [+] немесе (3) [-] түймесі арқылы қалаулы негізгі жазықтықты таңдаңыз. Өлшеу құралын әр қосқаннан кейін, соңғы таңдалған негізгі жазықтық алдын ала реттеледі.
"Реттеулер" мәзірі (С суретін қараңыз)
"Реттеулер" мәзіріне (j) кіру үшін (7) [фүймесін басыңыз.
(6) [+] немесе (3) [-] түймесі арқылы қалаулы реттеуді таңдап, оны өлшеу түймесінің (5) [▲] немесе (2) [Func] түймесінің көмегімен растаңыз.
Қалаулы реттеуді (6) [+] немесе (3) [-] түймесі арқылы таңдап, оны өлшеу түймесінің (5) [▲] немесе (2) [Func] түймесінің көмегімен растаңыз.
"Реттеулер" мәзірінен шығу үшін қосу/өшіру/артқа түймесін (8) [ Бқысқаша басыңыз.
Төмендегі реттеулер қолжетімді:
- Дыбысты қосу/өшіру – Дірілді қосу/өшіру : екі қысқа мерзімді діріл өлшеудің сәтті аяқталғанын білдіреді; ұзақ діріл өлшеудің сәтсіз аяқталғанын білдіреді.
- Дисплей жарығы – Батарея қуатын үнемдеу режимі : батарея қуатын үнемдеу режимі қосылып тұрғанда, дыбыс пен діріл ажыратылып, дисплей жарықтығы азаяды. Осылайша батареяның қызмет ету уақыты ұзарады. -Өлшем бірлігін ауыстыру ft/m
- Тілді реттеу
– PRO360 : алғаш рет іске қосу талап етіледі. Деректерді тек қана тиісті қолданба немесе ДК бағдарламасы арқылы тасымалдауға болады. Батареяны алмастырғаннан кейін PRO360 бағдарламасын қайта іске қосу үшін өлшеу құралын бір рет қосу керек. PRO360 бағдарламасын әрдайым қайта ажыратуға болады. PRO360 бағдарламасы туралы қосымша ақпарат www.pro360.com веб-сайтында берілген.
- Құрылғы туралы ақпарат i
- Әдепкі реттеулер
Өлшеу функциялары
Анықтама функциясы (D суретін қараңыз)
Өлшеу функциясын таңдау үшін (2) [Func] түймесін басыңыз. Қалаулы өлшеу функциясын (6) [+] немесе (3) [-] түймесі арқылы таңдаңыз.
Анықтама функциясын іске қосу үшін (7) [гүймесін басыңыз. Анықтама функциясы таңдалған өлшеу функциясы бойынша егжей-тегжейлі әрекеттер реттілігін көрсетеді.
Ұзындықты өлшеу
Лазер сәулесін қосу үшін өлшеу түймесін (5) [▲] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеу үшін өлшеу түймесін (5) [▲] қысқа мерзімді басыңыз. Өлшеу мәні төменде дисплейде көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген қадамдарды әр кейінгі өлшеу үшін қайталаңыз. Соңғы өлшеу мәні дисплейдің төменгі жағында тұрады, соңғының алдындағы өлшеу мәні жоғарысында тұрады т.б.
Үздіксіз өлшеу
Ұзақтықты өлшеу кезінде өлшеу құралын нысанаға жылжытуға болады, сонда өлшеу мәні шамамен әр 0,5 с сайын жаңарады. Мысалы, қабырғадан қажетті қашықтыққа дейін алыстауға болады, ағымдағы қашықтық әрдайым көрінеді.
Ұзақтықты өлшеу функциясын таңдаңыз. Төмендегі функциялардың бірін таңдаңыз:
– мин/макс: ең кіші және екі үлкен өлшеу мәні дисплейде үздіксіз көрсетіледі (J суретін қараңыз).
– үлкен әріптер: өлшеу мәні оқу мүмкіндігін жақсарту үшін үлкейтіліп көрсетіледі (К суретін қараңыз). – Өлшегіш таспа: қашықтық өлшегіш таспамен өлшегендей визуалды көрсетіледі (L суретін қараңыз). Нұсқау: өлшегіш таспа функциясында дисплейде таңбаламаға дейінгі қашықтық көрсетіледі. Анықтамалық нүкте өлшеу құралының жиегі болып табылмайды.
Лазер сәулесін қосу үшін өлшеу түймесін (5) [▲] қысқаша басыңыз.
Өлшеу құралын қажетті қашықтық дисплейдің астыңғы бөлігінде көрсетілгенше жылжытыңыз.

Узактыкты өлшеу функциясын аяктау үшін өлшеу түймесін (5) [▲] кыскаша басыңыз. Ағымдағы өлшеу мәні дисплейдің астыңғы жағында көрсетіледі. Өлшеу түймесін (5) [▲] кайта басқанда, узактыкты өлшеу қайта іске қосылады.
Узактыкты өлшеу 4 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
Ауданды өлшеу
Ауданды өлшеу функциясын тандаңыз.
Сонан соң ені мен ұзындығын дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Екі өлшеу арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Өлшенетін қашықтық ауданды өлшеу индикаторында жыпылықтайды.

Алғашқы өлшеу мәні дисплей жоғарысында көрсетіледі.
Екінші өлшеуді аяқтағаннан соң аудан автоматты есептеліп көрсетіледі. Соңғы нәтиже дисплей төменгі жағында көрсетіледі, ал бөлек өлшеу мәндері жоғарысында.
Көлемді өлшеу
Көлем өлшеуді тандаңыз.
Сонан соң енін, ұзындығын және терендігін дәйекті түрде ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Үш өлшеу арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады. Өлшенетін қашықтық көлемді өлшеу индикаторында жыпылықтайды.

Алғашқы өлшеу мәні дисплей жоғарысында көрсетіледі.
Ушінші өлшеуді аяктағаннан соң көлемі автоматты есептеліп көрсетіледі. Соңғы нәтиже дисплей төменгі жағында көрсетіледі, ал бөлек өлшеу мәндері жоғарысында.
Жанама қашықтықыт өлшеу
Жанама қашықтықты өлшеу үшін үш өлшеу функциясы бар, олар арқылы түрлі қашықтықтарды өлшеу мүмкін.
Жанама қашықтықты өлшеу сәуле жолында кедергі тұруы немесе нысандық аймақ қайтаратын жер ретінде қолжетімді болмауы себебінен тікелей өлшенбейтін қашықтықтарды өлшеуге қызмет етеді. Осы өлшеу әдісін тек тік бағытта пайдалану мүмкін. Көлденец бағыттағы ауытку өлшеу қателіктеріне алып келеді.
Нускау: жанама қашықтықты өлшеудің дәлдігі әрдайым тікелей қашықтықты өлшеуден төменірек болады. Пайдалану жағдайына байланысты ретте өлшеу қателігі тікелей қашықтықты өлшеу қателігінен үлкен болады. Өлшеу дәлдігін жақсарту үшін тағанды пайдалануды ұсынамыз (жабдықтар).
Өлшеулер арасында лазер сәулесі қосулы болып қалады.
a) Жанама биіктікті өлшеу (Е суретін қараңыз)
Жанама биіктікті өлшеу функциясын таңдаңыз.
Өлшеу құралының төменгі өлшеу нүктесімен бір биіктікте болуына көз жеткізіңіз. Өлшеу құралын негізгі жазықтықтан қайырып, қашықтықты "1" ұзындықты өлшегендей өлшеңіз (дисплейде қызыл сызық ретінде көрсетілген).

Өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығын өлшеу нәтижесі нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі. "1" қашықтығы мен "ɑ" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің (d) жолағында тұрады.
b) Қос жанама биіктікті өлшеу (F суретін қараңыз)
Өлшеу құралы оның вертикалды деңгейінде жататын барлық қашықтықтарды жанама өлшеуі мүмкін.
Қос жанама биіктікті өлшеу функциясын таңдаңыз.
Ұзындықты өлшегендей "1" және "2" қашықтықтарын осы реттілік бойынша өлшеңіз.

Өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығын өлшеу нәтижесі нәтижелер жолағында (е) көрсетіледі. "1", "2"
қашықтықтары мен "а" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің (д) жолағында тұрады.
Өлшеудің негізгі жазықтығы (мысалы, өлшеу құралының артқы жиегі) барлық өлшеу әрекеттеріндегідей өлшеу әдісінде бір
жайда болады.
с) Жанама ұзындықты өлшеу (G суретін қараңыз)
Жанама ұзындықты өлшеу функциясын таңдаңыз.
Өлшеу құралының ізделген өлшеу нүктесімен бір биіктікте болуына көз жеткізіңіз.
Содан кейін өлшеу құралын негізгі жазықтықтан қайырып, "1" қашықтығын ұзындықты өлшегендей өлшеңіз.

Өлшеу аяқталғаннан кейін қажетті "X" қашықтығы өлшеу нәтижесі ретінде нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі. "1" қашықтығы мен "ɑ" бұрышының өлшеу мәндері өлшеу мәндерінің (d) жолағында тұрады.
Қабырға ауданын өлшеу (Н суретін қараңыз)
Қабырға ауданын өлшеу бірнеше жалпы биіктікті бөлек аудандардың қосындысын есептеу үшін пайдаланылады. Көрсетілген мысалда Н бөлме биіктігі бірдей, бірақ Л ұзындығы әртүрлі болатын бірнеше қабырғаның жалпы ауданы есептеледі.
Қабырға ауданын өлшеу функциясын таңдаңыз.
Н бөлме биіктігін ұзындықты өлшегендей өлшеңіз. Өлшеу мәні жоғарғы өлшеу мәні жолағында көрсетіледі. Лазер қосылған күйде қалады.

Содан кейін бірінші қабырғаның L₁ ұзындығын өлшеңіз. Ауданы автоматты түрде есептеліп, нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі. Соңғы ұзындықты өлшеу мәні астыңғы өлшеу мәндері жолағында (d) тұрады. Лазер қосылған болып қалады.
Енді екінші қабырғаның L2 ұзындығын өлшеңіз. Өлшеу мәні жолағында (d) көрсетілген өлшеу мәні L1 ұзындығына қосылады.
Екі ұзындықтың (ортаңғы өлшеу мәні жолағында (d) көрсетілген) қосындысы сақталған Н биіктігіне көбейтіледі. Жалпы аудан мәні нәтижелер жолағында (e) көрсетіледі.
Кез келген басқа L х ұзындықтарын өлшеуге болады, олар автоматты түрде қосылып, Н биіктігіне көбейтіледі. Дұрыс ауданды есептеудің алғышарты - бірінші өлшенген ұзындықтың (мысалы, Н бөлме биіктігі) барлық бөлек аудандар үшін бірдей болуы.
Трассирлеу функциясы (І суретін қараңыз)
Трассирлеу функциясы анықталған ұзындықты (қашықтықты) өлшейді. Осы ұзындықтарды беттерге көшіріп, материалды бірдей өлшем бөліктеріне кесуге немесе каркастық гипскартон қабырғаларды орнатуға болады. Реттеуге болатын минималды ұзындық 0,1 м құрайды, максималды ұзындық 50 м құрайды.
Нұсқау: трассирлеу функциясында белгілеуге дейінгі қашықтық дисплейде көрсетіледі. Анықтамалық нүкте өлшеу құралының жиегі болып табылмайды. Трассирлеу функциясын таңдаңыз.
Қажетті ұзындықты (6) [+] немесе (3) [-] түймесімен орнатыңыз.
Трассирлеу функциясын өлшеу түймесін (5) [▲] басу арқылы іске қосып, бастапқы нүктеден баяу алыстаңыз.

Өлшеу құралы үздіксіз бастау нүктесіне дейін қашықтықты өлшейді. Онда анықталған ұзындықтар мен ағымдық өлшемдер көрсетіледі. Төменгі немесе жоғарғы көрсеткі жақындап жатқан немесе соңғы белгіге дейін ең қысқа қашықтықты көрсетеді.

Сол жақтық фактор белгіленген ұзындық неше рет жетілгенін көрсетеді. Жасыл түсті өлшеу мәні белгілеу мақсатында ұзындыққа қол жеткізуді көрсетеді.
Көк түсті өлшеу мәні анықтамалық мән дисплейден тыс болғанда нақты мәнді көрсетеді.
Еңісті өлшеу/сандық деңгей
Еңісті өлшеу/сандық деңгей функциясын таңдаңыз.
Өлшеу құралы екі күй арасында өзгертеді.

Сандық деңгей нысанның горизонталды немесе вертикалды бағытталуына қызмет етеді (мысалы, кір жуғыш машина, суытқыш және т.б.).
Егер 3° еңістен асып кетсе, дисплейде қызыл түсті шар жанады.

Еңісті өлшеу функциясы көтерілісті немесе еңісті өлшеу (мысалы, сатының, таяныштардың, жиһазды кірістірген кезде, құбырларды өткізген кезде және т.б.) үшін қолданылады.
Еңісті өлшеу үшін негізгі жазықтық ретінде өлшеу құралының сол жағы пайдаланылады.
Сақталған мән көрсеткіші
Әр орындалған өлшеудің мәні немесе ақырғы нәтижесі автоматты түрде жадта сақталады.
Ең көбі 30 мәнді (өлшеу мәнін немесе ақырғы нәтижені) шақыруға болады.
Сактау функциясын таңдаңыз [☐]

Дисплейдің жоғарғы жағында сақталған мәннің нөмірі, астыңғы жағында тиісті сақталған мән және сол жағында тиісті өлшеу функциясы көрсетіледі.
Сақталған мәндерді алға өткізу үшін (6) [+] түймесін басыңыз.
Сақталған мәндерді артқа өткізу үшін (3) [-] түймесін басыңыз.
Ең ескі мән жадта 1-орында, ал ең жаңа мән 30-орында тұрады
(30 сақталған мән қолжетімді болса). Кейінгі мәндерді жадқа сақтаған жағдайда, жадтағы ең ескі мән әрдайым жойылады.
Жадты өшіру
Бөлек сақталған мәндерді жою үшін бұл мәндерді таңдаңыз (қараңыз „Сақталған мән көрсеткіші“, Бет 430). Жою үшін алдымен қосу/өшіру/артқа түймесін (8) [ ] басып, содан кейін (2) [Func] түймесі арқылы растаңыз.
Бүкіл жадты тазарту үшін (7) [ ] түймесін басыңыз да, функциясын таңдаңыз.
Содан кейін (6) [+] түймесін басып, (2) [Func] түймесі арқылы растаңыз.
Мәндерді қосу/алу
Өлшеу мәндері немесе соңғы нәтижелерді қосу немесе алу мүмкін.
Мәндерді қосу
Төмендегі мысалда жазықтықтар қосу әрекеті сипатталған:
Ауданды "Ауданды өлшеу" бөлімі бойынша есептеңіз Ауданды өлшеу.

(6) [+] түймесін басыңыз. Есептелген аудан және "+" белгісі көрсетіледі.
Кейінгі ауданды өлшеу әрекетін іске қосу үшін өлшеу түймесін (5) [▲] басыңыз.
Ауданды "Ауданды өлшеу" бөлімі бойынша есептеңіз. Екінші өлшеу орындалғаннан кейін, екінші аудан өлшеу әрекетінің нәтижесі дисплейдің астыңғы
жағында көрсетіледі. Ақырғы нәтижені көрсету үшін өлшеу түймесін (5) [▲] қайтадан басыңыз.
Нұсқау: ұзындықты өлшеу кезінде, ақырғы нәтиже дереу көрсетіледі.
Қосу әрекетінен шығу үшін (2) [Func] түймесін басыңыз.
Мәндерді алу
Мәндерді алу үшін (3) [–] түймесін басыңыз. Кейінгі әрекеттер "Мәндер қосу" әдісіне ұқсас.
Өлшеу нәтижелерін жою
Қосу/өшіру/артқа түймесін (8) [ ] қысқаша басу арқылы барлық өлшеу функцияларында соңғы есептелген өлшеу мәнін жоюға болады. Қосу/өшіру/артқа түймесі (8) [ ] бірнеше рет қысқаша басылғанда, өлшеу мәндері кері реттілік бойынша жойылады.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
▶ Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Жалпы нұсқаулар
Қабылдау линзасын (15) және лазер сәулесінің шығысын (16) өлшеу кезінде жабуға болмайды.
Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжытуға тыйым салынады (ұзақтықты өлшеу және көлбеуді өлшеу функцияларын қоспағанда). Сол үшін өлшеу құралын мүмкіндігінше тұрақты тірек немесе бекіту аймағына қойыңыз.
Өлшеу аймағына әсерлер
Өлшеу аймағы жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне байланысты. Қатты бөгде жарықта лазер сәулесі жақсы көрінуі үшін лазер көру көзілдірігін (20) (керек-жарак) және лазер нысандық тақтасын (19) (керек-жарак) пайдаланып, мақсатты жазықтықты өшіріңіз.
Өлшеу нәтижесіне әсер ететін факторлар
Физикалық әсерлерге байланысты әртүрлі беттерде өлшеу кезінде қате өлшеу нәтижелері пайда болуы мүмкін. Бұларға төмендегілер жатады:
- мөлдір беттер (мысалы, әйнек, су), – шағылысатын беттер (мысалы, жылтыраған металл, әйнек), – борпылдақ беттер (мысалы, оқшаулағыш материалдар),
- құрылымдалған беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас).
Мұндай беттерде лазер нысандық тақтасын (19) (керек-жарак) қажетінше пайдаланыңыз.
Қате өлшеу нәтижелері қисық көзделген мақсатты жазықтықтарда да пайда болуы мүмкін.
Температурасы әртүрлі болатын ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу мәніне теріс әсер етуі мүмкін.
Дәлдікті тексеру және көлбеу өлшеуді калибрлеу (М суретін қараңыз)
Көлбеуді өлшеу дәлдігін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Бұл әрекет кері өлшеу арқылы орындалуы мүмкін. Ол үшін өлшеу құралын үстелге қойып, көлбеуді өлшеңіз. Өлшеу құралын 180° шамасына бұрап, көлбеуді қайтадан өлшеңіз.
Көрсетілген санның айырмашылығы ең көбі 0,3° құрауы тиіс.
Үлкен ауытқуларда өлшеу құралын қайта калибрлеу қажет. Ол үшін реттеулер ішінен таңдаңыз. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
Температураның шұғыл өзгеруінен немесе соққы жасалғаннан кейін, дәлдікті тексеруге және, қажет болса, өлшеу құралын калибрлеуге кеңес беріледі.
Температураның өзгеруінен кейін калибрлемес бұрын өлшеу құралының температурасын біраз уақыт ретке келтіру керек.
Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру
Өлшеу құралының дәлдігін төмендегідей тексеріңіз:
Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, ұзақтыққа байланысты өзгермейтін, шамамен 3–10 м өлшеу қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік саңылауы). Өлшеуді қолайлы жағдайларда өткізу керек, өлшеу бөлме ішінде өткізіліп, өлшенетін беттің аймағы тегіс және жақсы шағылысатын болуы керек.
Қашықтықты 10 рет өлшеңіз.
Жеке өлшемдердің ауытқуы орташа көлемнен ең көбі ±4 мм шамасынан аспауы керек, толық өлшеу ортасы қолайлы жағдайда өтуі керек. Дәлдікті кейінірек туралау мүмкін болуы үшін, өлшеу мәндерін жазып алыңыз.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штативті әсіресе үлкен қашықтықтарды өлшеу кезінде пайдалану керек. Өлшеу құралын 1/4 дюймдік ирек оймасымен (14) штативтің (21) немесе стандартты фото штативтің жылдам алмастыру тақтасына орнатыңыз. Оны жылдам алмастыру тақтасының бекіткіш бұрандасымен бекітіңіз.
Штативпен өлшеу үшін негізгі жазықтықты реттеулер ішінде реттеп шығыңыз (қараңыз „Негізгі жазықтықты таңдау (В суретін қараңыз)“, Бет 424).
Белдік қысқышы (керек-жарақ) (N суретін қараңыз)
Белдік қысқышының (17) көмегімен өлшеу құралын белдікке жайлы түрде ілуге болады.
Қате туралы хабар
Егер өлшеу дұрыс орындалмайтын болса, дисплейде "Error" деген қате туралы хабар көрсетіледі. Өлшеу әрекетін қайта іске қосыңыз.

Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Ақаулық айқындалса, дисплейде тек кейінгі белгі көрсетіліп өлшеу құралы өшеді. Бұл жағдайда өлшеу құралыңызды
сатушыңыз арқылы Bosch қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек жеткізілім жиынтығындағы қорғаныш қаптың (23) ішінде сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Қабылдау линзасына (15) көзілдірікке немесе фотоаппарат объективіне күтім көрсеткендей күтім көрсетіңіз.
Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғайтын қалтасында (23) жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тараптар (мысалы, әуе көлігі немесе жөнелту қызметі) орауышқа және белгілеуге қойылатын арнайы талаптарды орындауы тиіс. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау сарапшысымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Өлшеу құралын, аккумуляторын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған ортаны қорғайтын ретте кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Өлшеу құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша жарамсыз өлшеу құралдары және Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша зақымдалған немесе ескі аккумулятор/батареялар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі, бетіндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 434) сенсорлық пернемен растаңыз.