HM5107WH - Блендер BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HM5107WH BRAUN PDF форматында.

BRAUN HM5107WH - Блендер
📄 100 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BRAUN HM5107WH - page 81
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Бренд Braun
Модель HM5107WH
Өнім түрі Көпфункциялы аспаздық робот (араластырғыш, шайқауыш, турағыш)
Өлшемдері (Ұзындығы x Ені x Биіктігі) Шамамен 20 x 10 x 15 см (қозғалтқыш блогы)
Салмағы Шамамен 1 кг
Қуат көзі Желі, 220-240 В, 50/60 Гц
Қуаты 400 Вт (шамамен)
Жылдамдықтар Turbo функциясы бар жылдамдықты реттегіш
Негізгі функциялары Араластыру, шайқау, илеу, турау, араластырғыш
Жинақтағы керек-жарақтар Аспаздық ілгектер (2), шайқауыштар (2), қол араластырғышы, өлшеуіш ыдыс, турау жинағы (ыдыс, қақпақ, пышақтар, тайғаққа қарсы сақина)
Турау ыдысының сыйымдылығы Көрсетілмеген (шамамен 500 мл)
Араластыру ыдысының сыйымдылығы Илеу үшін 1 кг-ға дейін ұн
Материалдар Қозғалтқыш блогы пластиктен, керек-жарақтар металл және пластиктен
Күтім және тазалау Қозғалтқыш блогын дымқыл шүберекпен тазалау; араластырғыш пен турау қақпағынан басқа керек-жарақтарды ыдыс жуғыш машинада жууға болады (ағын сумен). Пышақтар өте өткір: абайлап ұстау
Қауіпсіздік Біртіндеп іске қосу, араластырғыш/турау керек-жарағы үшін түймені босатқанда автоматты тоқтау; керек-жарақтарды алу үшін шығару түймесі
Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі Қуат сымын тек білікті маман ауыстыруы керек
Жалпы ақпарат Тек үйде пайдалануға арналған. Қозғалтқыш блогын суға батырмаңыз. Қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз. Кепілдік: өндірушіге жүгініңіз.

Жиі қойылатын сұрақтар - HM5107WH BRAUN

Braun HM5107WH қозғалтқыш блогын қалай тазалауға болады?
Қозғалтқыш блогын суға батыруға болмайды. Оны тек дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Тазалау алдында әрқашан құрылғыны ажыратыңыз.
Керек-жарақтарды ыдыс жуғыш машинада жууға бола ма?
Иә, қол араластырғышы мен турау қақпағынан басқа, олар тек ағын сумен тазаланады. Қозғалтқыш блогын ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
Турағышты қалай пайдалануға болады?
Пышақты ыдыстың орталық өзегіне салыңыз, тағамды қосыңыз, қақпақты жабыңыз, белгілерді туралап, қозғалтқыш блогын сағат тілімен 90° бұрап құлыптаңыз. Пайдалану кезінде қосу/өшіру түймесін басып тұрыңыз. Тоқтату үшін босатыңыз.
Пышақтармен қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?
Пышақтар өте өткір. Оларды әрдайым пластик жоғарғы бөлігінен ұстаңыз. Жұмыс кезінде пышақтарға қол тигізбеңіз. Алу үшін аздап бұрап, тартыңыз.
Нан қамырын илеу үшін қандай жылдамдық ұсынылады?
Аспаздық ілгектерді пайдаланыңыз. Баяу жылдамдықтан бастаңыз, содан кейін біртіндеп орташа жылдамдыққа дейін арттырыңыз. Ашытқылы қамыр үшін тегіс қамыр алғанша орташа жылдамдықты қолданыңыз.
Пайдаланғаннан кейін шайқауыштарды немесе ілгектерді қалай алуға болады?
Құрылғының ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Керек-жарақтарды босату үшін қозғалтқыш блогындағы eject (2) түймесін басыңыз.
Қол араластырғышымен ыстық сұйықтықтарды араластыруға бола ма?
Жоқ, алдымен кастрюльді оттан алыңыз, араластырғыштың қызып кетуіне жол бермеу үшін. Өлшеуіш ыдыс ыстық сұйықтықтарға жарамайды.
Кремді шайқау үшін ең аз мөлшер қандай?
Кем дегенде 100 мл сұйық кремді пайдаланыңыз. Жақсы көлем алу үшін ол жақсы салқын болуы керек. Сәйкес жылдамдықпен шайқауыштарды қолданыңыз.
Қол араластырғыш керек-жарағын қалай құрастыруға болады?
Араластырғыштағы белгіні қозғалтқыш блогындағы белгімен туралаңыз, салыңыз, содан кейін оны сағат тілімен 90° бұрап, құлыпталғанша бұраңыз. Алу үшін кері бағытта бұраңыз.
Құрылғы іске қосылмаса не істеу керек?
Ажыратылғыштың дұрыс салынғанын және кернеудің көрсетілгенге сәйкес екенін тексеріңіз. Қосу/өшіру қосқышының басылғанына көз жеткізіңіз (кейбір керек-жарақтар үшін оны басып тұрыңыз). Мәселе шешілмесе, сатудан кейінгі қызметке хабарласыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HM5107WH BRAUN

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Блендер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HM5107WH - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HM5107WH брендінің BRAUN.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HM5107WH BRAUN

Біздің өнімдер сапа, жұмыс өнімділігі мен сыртқы көрінісі бойынша ең жоғары талаптарға сай болатын етіп жасалады. Біз жаңа Braun құрылғыңыздың пайдасын толық көресіз деп үміттенеміз.

Пюре жабдығы

Осы өнімді пайдаланардан бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Ескертпе

• Жүздер өте өткір болады! Жарақаттануды болдырмау үшін жүздерді сақтықпен қолданыңыз. - Өткір кескіш пышақтарды ұстаған, шараны босатқан және тазалаған кезде абай болу қажет. - Қимылдау, сезіну немесе ойлау қабілеті шектеулі және тәжірибесі мен хабары жоқ тұлғаларға, құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану жайлы нұсқаулықтар берілген жағдайда және төнетін қауіпті түсінген жағдайда ғана қолдануына рұқсат етіледі. - Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. - Бұл құрылғыны балалардың қолданбауы тиіс. - Балалар құрылғы мен оның қуат сымынан алыстатылуы тиіс. - Егер қуатпен қамту сымы зақымдалған болса, жарақатты болдырмау үшін ол өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе ұқсас өкілеттігі бар тұлғалар тарапынан ауыстырылуы тиіс. - Қараусыз қалдырылса және жинау, бөлшектеу, тазалау немесе сақтауға қою алдында әрқашан құрылғыны розеткадан суырыңыз. • Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға ғана арналған және тағамдарды үй шаруасына қажетті мөлшерде ғана қолдану қажет. - Жеке жарақат алу қаупін азайту үшін қолдарыңызды, шашыңызды, киімдерді және қалақшалар мен басқа құралдарды араластырғыштар мен қамыр ілгектерінен қашық ұстаңыз. Жұмысы кезінде

қозғалыстағы бөлшектеріне қолыңызды тигізбеңіз.

  • Құрылғыны ағытпаға қоспас бұрын, ағытпаның, қуат күші құрылғыда көрсетілген қуат күшіне сай екеніне көз жеткізіңіз.
  • Алғаш рет пайдаланар алдында немесе қажет болған кезде, «Күтіп ұстау және тазалау» бөлімдеріндегі нұсқауларға сүйеніп, барлық бөлшектерін тазалаңыз.

Сипаттамасы

1 Жылдамдық реттегіш 2 Шығару түймесі 3 Қосу/Өшіру түймесі (I = қосу, 0 = өшіру) 4 Мотор бөлігі 5 Қойылтқыш / қамыр ілгектеріне арналған тесіктер 6 Қол блендер/ұсақтағыш тіркемесінің шығысы а Жүгірткі 7 Қамыр ілгектері 8 Қойылтқыштар 9 Қол блендер тіркемесі 10 Өлшегіш ыдыс 11 Турағыш саптамасы (егер жабдықталса)

а Турағыш қақпағы (беріліс қорабымен бірге) b Жүз с Турағыш ыдысы d Тұрақтандырғыш жүзіктің

Орауын ашу

Құрылғыны қораптан алып шығыңыз. Орауыштың барлық бөліктерін алып тастаңыз. Құрылғыда қалған жапсырмалар болса, алып тастаңыз (зауыттық затбелгіні алмаңыз).

Қол-араластырғышты пайдалану (А)

Қамыр ілгектері ашыған қамыр, паста қамыры, тәтті қамыр, ауыр ет қамырларын араластыруға қолайлы. Қойылтқыштарды торт және бисквит қамырлары, мыжылған картоп, көпіршітілген крем (кем дегенде 100 мл крем), жұмыртқа ағы мен қою ингредиенттер үшін қолданыңыз.

Тамақ мөлшері, уақыт және жылдамдық жайлы кеңестерді А нұсқаулығынан қараңыз.

Құрастыру және қолдану

• Жүгірткіні (ба) суретте көрсетілгендей орналастырып, оған қамыр ілгектерін (7) немесе бұлғауышты (8) салыңыз. - Ингредиенттерді ыдысқа салыңыз. • Қолданысқа қарай, жылдамдық деңгейін (1 ... турбо) жылдамдық реттегіш (1) арқылы таңдаңыз. Шашырамас үшін, әрқашан төмен деңгейлі жылдамдықпен бастап, жылдамдығын біртіндеп көтеріңіз. - Құрылғыны қосу/өшіру үшін, ауыстырып қосқышты (3) алға және артқа сырғытыңыз. - Қолданып болғаннан кейін, құрылғыны өшіріп, қамыр ілгектерін немесе қойылтқыштарды (2) түймесін басып, шығарыңыз.

Жоғарғы нәтижеге жету кеңестері

  • Торт құймалары және т.б. нәтижесі жақсы болу үшін барлық ингредиенттердің температурасы бірдей болуы тиіс. Май, жұмыртқалар немесе басқа тағамдарды тоңазытқыштан қолданысқа дейін біраз уақыт бұрын алып қою қажет.
  • Егер қаймақты көпіршітуге дейін жақсылап салқындатсаңыз, крем жақсы көпіршиді.
  • Мыжылған картоп біркелкі болып мыжылуы үшін қолданылатын барлық ингредиенттер ыстық болуы тиіс (картопты пісе салысымен мыжу керек).
  • Сары май немесе маргаринді, қант пен ванилинді тостағанның ішіне салыңыз. Баяу бастап, өте тез араласып айналғанға дейін жылдамдатыңыз. • Жұмыртқаларды қосыңыз және біркелкі қоймалжың қоспаға айналғанша, араластыра беріңіз.

Баяу бастап, өте тез араласып айналғанға дейін жылдамдатыңыз.

- Қалған құрамдас бөліктерді қосыңыз да, орташадан максимальды жылдамдыққа жеткізіп, бәрі тегіс болғанша араластырыңыз.

Рецепт мысалы: Ашыған қамыр

500 г еленген ұн

7 г құрғақ ашытқы

80 г қант

1 жұмыртқа

1 шымшым түз

250 мл жылы сүт

  • Ун мен күрғақ ашытқыны аяққа салыңыз. Қалған ингредиенттерді қосыңыз.
  • Орташа жылдамдықты таңдап, қамыр біркелкі болғанша илеңіз.

Қол-блендер саптамасын қолдану (В)

Қол араластырғыш тіркемесі тез әрі жеңіл араластырып бұлғайды. Оны тұздықтар, көжелер, қоймалжыңдар, майонез, диеталық және сәби тағамдарын жасау үшін қолданыңыз.

Құрастыру және қолдану

  • Жүгірткіні (6а) суретте көрсетілгендей орналастырыңыз. Қол-блендер саптамасын (9) тесікке кіргізгенде саптамадағы белгілерін мотордағы белгілермен қатарластырыңыз. Қол-блендерді сағат тілі бағытында 90° бұрап, кілт еткізіп бекітіңіз.
  • Құрылғыны қосуға дейін, қол-блендер саптамасын тігінен ыдысқа салыңыз. Қол-блендерді ыдысқа салғанда 2/3 бөлігінен асырмаңыз.
  • Жылдам және қарқынды түрде араластыру үшін, турбо жылдамдығы параметрлерін пайдаланыңыз.
  • Қол араластырғыш тіркемесін қолданғанда, ауыстырып қосқышты алға қарай сырғытып, ұстан тұрыңыз.
  • Егер тамақты пісіп жатқан қазанның ішінде тікелей араластыру қажет болса, блендер ысып кетпес үшін, қазанды оттан түсіріп алыңыз.
  • Құрылғыны өшіру үшін, саптаманы ыдыстан алмас бұрын, қосу/өшіру түймесін босатып, қуат көзінен ажыратыңыз.

- Қол-блендер саптамасын алу үшін, сағат тіліне қарсы 90° бұрап, тартып алыңыз.

Сактандыру!

Өлшегіш ыдысты (10) қол-блендермен ғана және шағын мөлшерлі тағамдармен ғана қолданыңыз.

Қойылтқышпен қолдануға болмайды.

Турағыш саптамасын қолдану (С)

Турағыш саптамасы ет, сыр, шөптер, сарымсақ, сәбіз, жаңғақтар, т.б. үшін қолдануға арналған.

Тамақ мөлшері, уақыт және жылдамдық жайлы кеңестерді С нұсқаулығынан қараңыз.

Қолданар алдында

• Пісірілген тағамдарды турағанда турағыш ыдысына салуға дейін суытып алыңыз. - Ет, сыр, пияз, сәбіздерді (5-ші беттегі кестені қараңыз) алдын ала тураңыз, шөптердің сабағын, жаңғақтардың қабығын, еттің сүйегі мен сіңірін алып тастаңыз. - Тұрақтандырғыш жүзіктің (11d) ыдысқа бекітілуін қадағалаңыз.

Құрастыру және қолдану

  • Сақтандыру: Жүздің пластик қабын абайлап алыңыз. Жүзі өте өткір! Жоғарғы жағындағы пластик бөлігінен ғана ұстаңыз.
  • Жүзді турау табақшасының орталық білігіне орнатыңыз. Төмен қарай басып, орнына бекітілуі үшін бір рет бұраңыз.
  • Турау ыдысына тағамды салып, қақпағын жабыңыз (11а).
  • Жүгірткіні (ба) суреттегідей орналастырып, ұсақтағыштың қақпағының істігін оның ішіне енгізіңіз, сонда ұсақтағыштың қақпағындағы белгі мен мотордағы белгі бір-біріне сәйкес келуі тиіс. Содан кейін мотор бөлігін 90°-қа сағат тілімен, бекітілгенше бұраңыз.
  • Ұсақтағыштың тіркемесін қолданып болғанда, ауыстырып қосқышты алға қарай сырғытып, ұстап тұрыңыз.
  • Түймесін басып, құрылғыны өшіріңіз және бөлшектемес бұрын қуат көзінен ажыратыңыз.
  • Мотор бөлігін алу үшін турағыш саптамасын қолыңызбен ұстап

тұрып, мотор бөлігін сағат тіліне қарсы 90° бұрап, көтеріп шешіп алыңыз.

• Усақтағыштың тостағанындағы өңделген тағамды алмас бұрын, ішіндегі пышақты сәл бұрап, оны орнынан суырып алып тастаңыз.

Сактандыру!

Мұз кесектері және кофе дәндері сияқты қатты тағамдар үшін пайдаланбаңыз.

Рецепт мысалы: Бал қосылған өрік (құймақ салмасы немесе тосап ретінде):

250 г қара өрік

350 г қою бал

  • Турау ыдысына қара өрік пен балды салыңыз.
  • Тоңазытқышқа 3°C температурамен 24 сағатқа қойыңыз. • 200 мл су құйыңыз (ванилин қосылған).
  • Турбо жылдамдықпен 1,5 секунд тураңыз.

Күту және тазалау (D)

  • Құрылғыны тазалауға дейін қуат көзінен ажыратыңыз.
  • Мотор бөлігін (4) дымқыл шүберекпен ғана сүртіңіз. Суға батыруға немесе үстінен су ағызуға болмайды.
  • Қол-блендер саптамасы (9) мен турағыш қақпағын (11а) ағып тұрған сумен ғана жуыңыз. Суға батырмаңыз.
  • Басқа бөлшектерін ыдыс жуатын машинамен жууға болады. Бетіне сызат түсіруі мүмкін ысқыш тазалағыш заттектерді қолданбаңыз.
  • Бояуы бар тағамдарды қолданғанда (мысалы, сәбіз), құрылғының пластик бөлшектерінің түсі өңі кетуі мүмкін. Бұл бөліктерді жуғанда өсімдік майымен сүртіңіз.

Техникалық сипаттамасы сияқты, қолданыс нұсқаулықтары да ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Өнім қолданыстан шыққанда басқа үй қоқысымен бірге тастамаңыз. Еліңіздегі Braun қызмет көрсету орталығына немесе тиісті жинау орталығына өткізуіңізге болады.

BRAUN HM5107WH - Күту және тазалау (D) - 1

Шығарылған жылы

Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым такташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді.

Мысалы: 30421 – Бұйым 2013

жылының 4 аптасында шығарылған.

EAC

Улгі НМ 5000- 5137
Кернеу 220 –240 В
Герц 50 – 60 Гц
Ватт 700-750Вт
Сақтаушарттары:температура:+5°C және +45°СЫлғалдылық: < 80%

Румынияда жасалған үшін Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ Германия Заңды өндіруші: Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ Карл-Улрих-Штрассе 1, 63263 Ной-Изенбург

Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек. Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды.

Импортер:

«Делонги» ААҚ, Ресей, 127055, Мәскеу қаласы, Сущёвская көшесі, 27/3-үй (27-үй, 3-құрылым) Тел. +7 (495) 781-26-76

Сақталу мерзімі: Шектелмеген Арылу жағдайлары: Қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес

Тасымалдау жағдайлары:

Тасымалдау кезінде құлатып алуға немесе шамадан тыс шайқалтуға болмайды.

Сату жағдайлары: Сату жағдайларын өндіруші көрсетпеген, бірақ олар жергілікті, мемлекеттік және халықаралық ережелер мен стандарттарға сай болуға тиіс.

Өндіруші зауыт:

De'Longhi Braun Household GmbH, Carl-Ulrich-Strasse 4, 63263 Neu Isenburg, Germany

Ақаулықты шешу

Мәселе Себебі Шешімі
Қол-миксер жұмыс істемейді.Электр қуаты жоқ. Құрылғының қуат көзіне қосылып түрғанын тексеріңіз. Уйдегі сақтандырғыш/автоматты өшіру Құрылғысын тексеріңіз. Жоғарыдағы себептер болмаса, Braun қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қол-миксер қосылғанда әдеттен тыс шуыл шығарады.Араластырғыштар қате ұяға енгізілген (кезекте).Араластырғыштарды дұрыс ұяға салыңыз.
Саптамасы немесе турағыш салынғанда, қосу түймесі "қосылу" күйінде түрмайды.Бұл қалыпты жағдай; құралдың арнайы қауіпсіздік функциясы.
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BRAUN

Модель : HM5107WH

Санат : Блендер