KMX751ARD - ас үй роботы KENWOOD - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз KMX751ARD KENWOOD PDF форматында.

📄 404 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice KENWOOD KMX751ARD - page 330
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : KENWOOD

Модель : KMX751ARD

Санат : ас үй роботы

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз KMX751ARD - KENWOOD және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. KMX751ARD брендінің KENWOOD.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ KMX751ARD KENWOOD

Күтім көрсету және тазалау 332-333

Бөлшектер тізімі 334-335

Асүй құрылғысын пайдалану үшін 336-341

Пайдалану диаграммалары және пайдалану нұсқаулары 336-338

Крем шайқағышты құрастыру үшін

Шашыратқышты салу және қолдану 342-343

Құрал реттеу 343-344

Қызмет көрсету және тұтынушыларға

Ақаулықтарды жою нұсқаулығы

Осы нұсқаулықтарды мұқият оқыңыз және келешекте пайдалануға Алғаш пайдалану алдында бүкіл қаптама мен жапсырмаларды алып тастаңыз. (Құрылғы негізіндегі ақпараттық тақтайшаны алып тастауға болмайды.) Бөлшектерді жуу, мына бөлімді қараңыз: «Күтім жасау және Егер аша немесе кабель зақымдалған болса, ол қауіпсіздік мақсатында қауіптің алдын алу үшін Kenwood немесе өкілетті Kenwood жөндеушісі тарапынан ауыстырылуы керек. Құралдарды/тіркемелерді орнатпас бұрын немесе алып тастамас бұрын, қолданғаннан кейін және тазаламас бұрын, әрқашан жылдамдық реттегішін «O» өшірулі күйіне қойып, розеткадан ажыратыңыз. Дене мүшелеріңізді, шашыңызды, зергерлік бұйымдарыңызды және кең киімдеріңізді қозғалатын бөліктерден және бекітілген тіркемелерден әрқашан алыс ұстаңыз. Құрылғыны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Зақымдалған құралды Асүй құрылғысын қолданбаңыз. Оны тексертіңіз немесе жөндетіңіз: «Қызмет көрсету және тұтынушыларға кеңес» бөлімін Ешқашан саусақтарыңызды топсалы механизмге салмаңыз. Балалардың тартуы мүмкін жерге ешқашан сымды салбыратып Ас машинаның басы жоғары көтерілген жағдайда ешқашан қолданбаңыз. Қуат бөлігін, сымды немесе ашаны ешқашан ылғалдамаңыз. Тостаған құралын пайдаланған кезде, құрылғының жұмыс барысында тостағанның орнатылғанына үнемі көз жеткізіңіз. Бір уақытта бірнеше шығысты (тостаған құралының шығысы және төмен жылдамдықты шығыс) пайдаланбаңыз. Ешқашан рұқсат етілмеген тіркемені пайдаланбаңыз. Ұсынылатын қолданыс кестесінде көрсетілген максималды мөлшерлер мен жылдамдықтардан ешқашан аспаңыз. Тіркемені қолданған кезде, онымен бірге берілетін қауіпсіздік нұсқауларын оқыңыз. Олардың ыстық болуы мүмкін болғандықтан, ұзақ уақыт қолданған соң табақ құралдарын алған кезде абайлаңыз. Ол ауыр болғандықтан осы құралды көтерген кезде абайлаңыз. Көтермес бұрын, басының құлыпталғанын және табағының, құралдарының, сыртқы қақпақтары мен сымның қауіпсіздендірілгенін тексеріңіз. Миксердің басын бекітілген қондырғымен қозғап көтермеңіз, ас үй құрылғысы тұрақсыз болуы мүмкін. Құрылғыны жиек маңайында жұмыс істетпеңіз немесе жұмыс беткейінен шығып тұратындай етіп қоймаңыз немесе тіркеме орнатылған кезде оған күш түсірмеңіз, себебі бұл құрылғының тұрақсызданып, аударылып кетуіне және нәтижесінде зақым алуға әкелуі мүмкін. Құрылғыны жылжытқан кезде әрқашан тұғырық негізінен және миксер басынан ұстаңыз. Құрылғыны тостаған тұтқасынан көтеруге немесе алып жүруге болмайды.

Құралды дұрыс қолданбау нәтижесінде зақым келуі мүмкін. Қысқа қуат сымы шатасу немесе апаттық өшіп қалу салдарынан болатын қауіпті азайту үшін қолданылады. Ұзартқыш баусымдарды аса мұқият болған жағдайда пайдалануға болады. Ұзартқыш баусымды пайдаланған жағдайда:

1. Ұзартқыш сымның таңбаланған электрлік көрсеткіштері кемінде

құрылғының электрлік көрсеткіштеріне тең немесе одан жоғары болуы

2. Баусымды асүй үстелінен немесе үстелдің үстіңгі тақтайынан салбырап

тұрмайтындай етіп орналастыру керек, кері жағдайда балалар одан тартып қалуы немесе байқаусызда оған сүрініп қалуы мүмкін.

3. Ұзартқыш баусым жерге тұйықталған, 3 сымды болуы керек.

Құрылғының электрлік сипаттамалары құрылғының төменгі жағында көрсетілген. Бұл құрал олардың құралды қауіпсіз қолдануы туралы нұсқау берілсе немесе басқа адамның бақылауында болса және олардың туындауы мүмкін қауіп туралы түсінігі болса, білімі немесе тәжірибесі жеткіліксіз немесе физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті нашар адамдар қолдануға Бұл құралды балалар қолданбау керек. Құрал мен оның сымын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Құрылғымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін балаларды қадағалау Құрылғыны тек үй шаруасына байланысты қолданыңыз. Егер құрылғы өз міндетіне сай мақсатта қолданылмаса немесе берілген нұсқаулықты дұрыс сақтамаған жағдайда Kenwood компаниясы ешқандай жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Шыны тостаған O Пайдалану алдында тостаған құралдары дұрыс биіктікке реттелгенін және тостаған түбіне тимейтінін тексеріңіз – «құрал реттеу» бөлімін көріңіз. O Тостағанды пеш немесе плитаның үсті сияқты қатты ыстық беттерге жақындатпаңыз. O Ингредиенттерді кетіру үшін тостағанның ішкі жағын соқпаңыз. Арнайы күтім көрсету нұсқаулары Шыны - табиғи материал, осы табақты жасау кезінде тамаша көріністі қамтамасыз ету үшін мұқият күтіммен жасалған, дегенмен, кейбір кішкентай кемшіліктердің көрінуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай, табақтың жұмысына әсер етпейді деп күтіледі. Токқа қоспас бұрын

Электр көзінің құрылғының төменгі жағында көрсетілгенмен бірдей екенін тексеріңіз.

Бұл құрылғы тағаммен бірге қолданылатын материалдар мен заттар бойынша 1935/2004 ЕС ережесіне сай келеді.

Күтім көрсету және тазалау

Тазаламас бұрын әрқашан өшіріңіз және токтан ажыратыңыз. Төмен жылдамдық шығысында оны бірінші рет пайдаланғанда аздап май пайда болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай — оны жай ғана сүртіп

Қуат бөлігі мен саңылау қақпағы Дымқыл шүберекпен сүртіп, құрғатыңыз. O Абразивті заттарды ешқашан қолданбаңыз немесе суға батырмаңыз.

Тот баспайтын болат тостаған O Қолмен жуып, одан кейін жақсылап құрғатыңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жуыңыз. O Ешқашан металл қылшақты, болат жөкені немесе ағартқышты тот баспайтын болат тостағанды жуу үшін қолданбаңыз. Қаспақты алу үшін сірке қышқылын қолданыңыз. O Ыстықтан аулақ ұстаңыз (плита, пеш, микротолқынды пеш). Құралдар мен шашыратқыш O Қолмен жуып, одан кейін жақсылап құрғатыңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жуыңыз. Крем жасау қалақшасы O Тазаламас бұрын әрқашан икемді тазалағыш алмасты құралдан алыңыз. O Икемді тазалағыш алмас пен құралды сабынды суда жуып, одан кейін мұқият құрғатыңыз. Балама түрде бөліктерді ыдыс жуғыш машинада жууға болады. Ескертпе: Қолданбас бұрын және қолданып болған соң, құрал корпусының жағдайын тексеріңіз және тазалағыш алмастың жағдайын да жиі тексеріп тұрыңыз және тозу белгілері болса, ауыстырыңыз. Шыны тостаған O Табақты ыстық сабынды суда жуып, мұқият кептіріңіз. O Балама түрде ыдыс жуғыш машинада да жууға болады.

Миксер басы Тіркеменің шығару бөлігі Шығару қақпағы Құралдар ұясы Қосу/өшіру және жылдамдықты Миксер дайын индикатор шамы Миксер негізі Басын босату тетігі Сым қоймасы

К- талқандағыш Қамыр құралы

Тот баспайтын болаттан жасалған Шыны тостаған Крем жасау қалақшасы Былғау құралы Асүй құрылғысын пайдалану үшін Пайдалану диаграммалары және пайдалану нұсқаулары

Басқа шығыстарды пайдаланған кезде, тостағанда ешқандай құрал орнатылмағанына немесе сақталып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Бұлғау құралын қою қоспалар үшін (мысалы, құрама торттар немесе кілегей мен қант сияқты) Көрсетілген максималды сыйымдылықтардан асыруға болмайды, себебі машинаға артық жүк салынуы мүмкін. Кекс қанты мен тұнған майды араластырған кезде майды үнемі бөлме температурасында пайдаланыңыз немесе оны жұмсартыңыз. Бұйымды пайдалану алдында тіректер мен жұмыс беті таза әрі құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. Кілегей шайқағышты қамыр немесе қатты ингредиенттер сияқты күрделі рецепттермен, мысалы, жеміс тастары, сүйектері немесе қабықтары бар қоспалармен пайдаланбаңыз. Жұмыс істеп тұрғанда миксер басы көтерілетін болса, құрылғы дереу жұмысын тоқтатады. Миксерді қайта қосу үшін, миксер басын төмендетіп, жылдамдықты қосқышты «O» қалпына бұраңыз да, бірнеше секунд күтіңіз және жылдамдықты қайта таңдаңыз. Миксер жұмысын дереу жалғастыру керек. Миксер басы көтерілген кезде, «Миксер дайын индикатор шамы» өшеді. Басын төмендеткен кезде, миксердің пайдалануға дайын екенін көрсететін шам жанады. Бүктеу құралы Төмен жылдамдықта былғау жұмысын орындау талап етілетін кезде, жоғары жылдамдықты пайдаланбаңыз. Құрал ыстық ингредиенттерді араластыруға арналмаған, былғау құралын пайдаланбас бұрын ингредиенттерді суытып алыңыз.

Асүй құрылғысының артындағы басын босату тетігін көтеріңіз, сол уақытта ол көтерілген қалыпта құлыпталмайынша басын да көтеріңіз. Табақты негізге салыңыз. Тұтқаны тікелей құлыптамау таңбасының үстіне салыңыз, одан кейін тұтқа құлыптау таңбасының дәл үстінде болмайынша табақты жайлап бұраңыз. Шамадан тыс күш жұмсауға және қатты тартуға Тиісті ингредиенттерді араластыратын ыдысқа салыңыз. Қажетті жабдықты ұяшыққа орнатыңыз. Одан кейін басып жабдықты бекіту үшін айналдырыңыз. Асүй құрылғысының артқы жағындағы басын босату тетігін көтеріңіз, бір уақытта миксер басын да төмендетіңіз. Қуат беру құралын токқа қосыңыз, «Миксер пайдалануға дайын индикатор шамы» Жылдамдықты басқару тетігін бұру арқылы қалаған параметрді қосыңыз. Жабдықты алу үшін оны сағат тілі бағытымен жабдық ұяшығынан босатып алыңыз.

Егер К-талқандағыш тостағанның түбінен ингредиенттерді жинамаса, «Құралды реттеу» бөлімін қараңыз. Илеу функциясын меренга мусы, жеміс езбелері, Генуэз бисквиті мен суфлесі сияқты ауыр қоспаларға жеңіл қоспаларды араластыру және ұн мен жемісті торт қоспаларымен біріктіру үшін қолдануға болады. Миксер тұрақты баяу жылдамдықта жұмыс істейді.

Кекс қанты мен тұнған майды араластырған кезде майды үнемі бөлме температурасында пайдаланыңыз немесе оны жұмсартыңыз. Ингредиенттерді шашыратпас үшін, жылдамдықты жүйелі арттырыңыз. Кеңестер — К-талқандағыш Торттарды жасағанда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін әрқашан бөлме температурасындағы сары май мен маргаринді пайдаланыңыз. Рецептте басқаша көрсетілмесе, пастаға суық ингредиенттерді пайдаланыңыз.

Кеңестер — Бұлғау құралы Жұмыртқа бөлме температурасында болған кезде үздік нәтижелерге қол жетеді. Жұмыртқа ағын шайқау алдында шайқағышта немесе тостағанда май немесе жұмыртқа сарысы жоқтығына көз жеткізіңіз.

Кеңестер — Крем шайқағыш Кекс қанты мен тұнған майды араластырған кезде майды үнемі бөлме температурасында пайдаланыңыз немесе оны жұмсартыңыз.

Кеңестер — Қамыр құралы Машинаның қиын жұмыс істеп жатқанын естісеңіз, оны өшіріп, қамырдың жартысын шығарып, әрбір жартысына бөлек-бөлек істеңіз.

Кептірілген ашытқы (қайта жасауға қажет түрі): тостағанға жылы су құйыңыз. Одан кейін ашытқы мен қант қосып, көбіктенгенше шамамен 10 минутқа қалдырыңыз.. Таза ашытқы: ұнға аунатыңыз. Ашытқының басқа түрлері: өндіруші нұсқауларын орындаңыз. Қамырды майланған пластик қапшыққа немесе ас үй сүлгісімен жабылған тостағанға салыңыз. Содан кейін екі есе көтерілгенше жылы жерге қойып қойыңыз.

Кеңестер — Бүктеу құралы Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, жұмыртқа ақуызын немесе кремді қатты былғамаңыз, былғау құралы былғанған қоспа тым қатты болса, қоспаны дұрыс араластыра алмайды. Қоспаны тым ұзақ уақыт былғамаңыз, ауа кіріп кетіп, қоспа тым бос болып шығады. Қоспа жеткілікті түрде біріктірілгеннен кейін, тоқтатыңыз. Тұтқада немесе табақтың қапталдарында қалған араласпаған ингредиенттерді қалақшаны қолданып мұқият былғаңыз.

Электрондық жылдамдық датчигін басқару Миксеріңіз нан қамырын илеу немесе торт қоспасына жұмыртқа қосу сияқты әртүрлі жүктеме жағдайларында жылдамдықты реттеу үшін жасалған электрондық жылдамдық датчигін басқару құралымен жабдықталған. Миксердің жүктемені және таңдалған жылдамдықты реттеуі сияқты әрекеттерді орындау кезінде кейбір жылдамдықтағы ауытқуларды естуіңіз мүмкін, бұл қалыпты жағдай.

Ақ бидай ұнынан жасалған қамыр 1,35 кг ұн 13,5 г тұз 21,5 г жылдам әсер ететін кептірілген ашытқы 756 мл су 27 г шошқа майы немесе май

Тостағанды асүй құрылғысына салыңыз. Тостағанға суды құйып, содан кейін қалған ингредиенттерді салыңыз. Минималды жылдамдықпен 45–60 секунд немесе қамыр жасалғанша араластырыңыз. 1-жылдамдықта 3–4 минут илеңіз. Қамырды екі 2 фунт нан пішініне салыңыз немесе бөлкелерге бөліп, майланған пісірме табаққа салыңыз. Шай сүлгімен жауып, қамырды екі есе көтерілгенше жылы жерде 45–60 минутқа қалдырыңыз. 200 °C градуста 40 минут немесе бөлкелер үшін 15–20 минут пісіріңіз. Пицца қамыры 500 г ұн 30 г зәйтүн майы 7 г тұз 7 г ашытқы 300 мл су

Тостағанды асүй құрылғысына салыңыз. Барлық ингредиенттерді салыңыз. Қамырға арналған ілгекті орнатып, басын төмен түсіріңіз. Минималды жылдамдықта 1 минут араластырыңыз. 1-жылдамдықта 4 минут илеңіз. Қамырды ұн себілген жұмыс бетінде шар етіп пішіндеңіз. Қамырды дымқыл ас үй сүлгісімен жауып, жылы жерде 30–40 минутқа қалдырыңыз. 2 бөлікке бөліп, 2 15 см-лік пицца негізіне жайыңыз. Жарма себілген пісірме табаққа салыңыз. Пиццаны безендіріп, 240 °C температурада 10–15 минут пісіріңіз.

Крем шайқағышты құрастыру үшін Пайдалану диаграммалары және пайдалану нұсқаулары

Тазаламас бұрын әрқашан икемді тазалағыш алмасты құралдан алыңыз.

Ұяға тазалағыш алмастың негізін салу арқылы құралға икемді тазалағыш алмасын абайлап салып, ұшын жайлап бүгу арқылы бір жағын ойыққа салыңыз. Басқа жағымен қайталаңыз. Шашыратқышты салу және қолдану Пайдалану диаграммалары және пайдалану нұсқаулары

Араластыру кезінде ингредиенттерді шашыратқыштың бекітілген бөлімі арқылы табаққа тікелей қосуға болады. Құралдарды ауыстыру үшін шашыратқышты алып тастаудың қажеті жоқ.

Ол құлыпталғанша, миксер басын көтеріңіз. Табақты негізге салыңыз. Ол орнына толығыман салынбайынша миксер басының төменгі жағына шашыратқышты салыңыз. Бекітілген бөлімін көрсетілгендей салу керек. Қажетті құралды салыңыз. Миксер басын төмендетіңіз. Миксер басын көтеру және оны әрі қарай итеру арқылы шашыратқышты алыңыз. Құрал реттеу Пайдалану диаграммалары және пайдалану нұсқаулары

Жабдықтар зауытпен қамтылған тостағанға дұрыс биіктікте орнатылып, реттеуді қажет етпейді. Дегенмен де, құралды реттеуді қаласаңыз, қолайлы қалақшаны қолданыңыз: TYPE KMX75/KMX76 = 15 мм К- талқандағыш, Шайқағыш, крем жасау қалақшасы және былғау құралы Жабдықтар зауытпен қамтылған тостағанға дұрыс биіктікте орнатылып, реттеуді қажет етпейді. Дегенмен де, құралды реттеуді қаласаңыз, қолайлы 15 мм-лік қалақшаны қолданыңыз: Одан кейін төменгі нұсқауларды қараңыз:

Аспапты қуат көзінен ажыратыңыз. Миксердің басын көтеріп, бұлғау құралын, шайқағышты немесе бүктеу құралын Миксер басын төмендетіңіз. Тазалықты реттеу қажет болса, миксер басын көтеріп, құралды алып тастаңыз. Мінсіз болу үшін бұлғауышты, К-қалақшасын және былғау құралын табақтың 8 түбіне аздап тиетіндей етіп салу керек.

Крем жасау қалақшасы Тамаша түрде оны табақ бетіне тигізу керек, сонда ол араластыру кезінде табақты жайлап сүртеді. 4 Сәйкес сомынды бұрайтын кілтті қолданып, білікті реттеу мүмкін болатындай немесе сомынды босатыңыз. Жабдықты тостаған түбіне жақын орнату үшін білікті сағат тілінің бағытына қарсы бұрыңыз. Жабдықты тостаған түбінен алыс орнату үшін білікті сағат тілінің бағытымен бұрыңыз. 5 Сомынды қайта бұраңыз 6 Жабдықты миксерге бекітіп, миксер басын төмендетіңіз. (Оның күйін тексеріңіз, жоғарыда қараңыз). 7 Керек болса, жоғарыдағы қадамдарды жабдық дұрыс орнатылмағанша қайталаңыз. Одан кейін сомынды ақырын бұраңыз. Ескерту: сомынды бұрайтын кілт тек суреттеу мақсатымен көрсетілген. Қамыр құралы Бұл жабдық зауытта орнатылады және реттеуді қажет етпейді. Сым қоймасы

Қызмет көрсету және тұтынушыларға кеңес

Құрылғының жұмысында қандай да болмасын ақаулық туындайтын болса, көмек сұрамас бұрын, нұсқаулықтағы «Ақаулықтарды жою нұсқаулығы» бөлімін қараңыз немесе www.kenwoodworld.com торабына өтіңіз.

Өнім өнімді сатып алған елдегі тұтынушы құқықтары мен кез келген бар кепілдемеге қатысты барлық заңдарға сәйкес кепілдемемен берілетінін ескеріңіз.

Kenwood өнімі дұрыс жұмыс істемесе немесе қандай да болмасын кемшіліктер табылған болса, оны өкілетті KENWOOD қызмет көрсету орталығына әкеліңіз немесе беріп жіберіңіз. Ең жақын орналасқан KENWOOD қызмет көрсету орталығының жаңартылған деректерін www.kenwoodworld.com торабынан немесе еліңізге тән вебтораптан қараңыз.

Біріккен Корольдіктегі Kenwood компаниясы жобалаған және жасап шығарған. Қытайда жасалған.

ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚТЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ БОЙЫНША ЕУРОПАЛЫҚ (WEEE) ДИРЕКТИВАМЕН БІРГЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӨНІМДІ ДҰРЫС ТАСТАУҒА АРНАЛҒАН МАҢЫЗДЫ МӘЛІМЕТТЕР Өз жұмысын тоқтатқан кезде, өнім қалалық қалдық сияқты пайдаға асырылмауы керек. Ол қалдықтарды сыныптайтын қызметті атқаратын жергілікті биліктің арнайы мекемесіне немесе осы қызметті беруші сатушының орталығына жіберілуі керек.

Күн коды туралы ақпарат сіздің өніміңіздің төменгі бөлігінде немесе кестенің іші мен жанында орналасуы мүмкін. Күн коды жыл, ай кодтарынан кейін апта нөмірі түрінде көрсетіледі. Ескертпе: алғашқы екі сан жылға, ал соңғы екі сан апта санына қатысты болады. Мысалы: 4-апта, қаңтар, 2024 = 24T04

1000ВТ 1000ВТ 1000ВТ 1000ВТ Сақтау шарттары: Температура: +5ºC және +45°C аралығы Ылғалдылық: < 80% Сақтау мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі 2 жыл (тауарлардың арнайы түрлері үшін 5 жыл). Тастау шарттары Экологиялық талаптарға сай тастау керек. Тасымалдау шарттары Тасымалдау кезінде лақтыруға және шамадан тыс дірілдеуге жол берілмеу керек. Сату шарттары Сату шарттарын өндіруші белгілемейді, бірақ аймақтық, ұлттық және халықаралық ережелер мен стандарттарға сай болу керек. Адрес производителя: Kenwood Limited, New Lane, Havant, Hampshire PO9 2NH, UK Импортёр и уполномоченная организация на принятие претензий: ООО «Делонги», Россия, 127055, Москва, ул. Сущёвская, д. 27, стр. 3 Тел.: +7 (495) 781-26-76

Ақаулықтарды жою нұсқамасы

Шайқағыш немесе К-талқандағыш тостағанға соғылады немесе тостаған түбіндегі құрамдас бөліктерге жетпейді. Жабдықтар дұрыс емес биіктікте орналасқан және реттеуді қажет

Биіктікті сомынды бұрайтын кілт арқылы реттеңіз- «Жабдықты реттеу» бөлімін қараңыз. Ас үй құрылғысы алғаш рет токқа қосылған кезде, «Миксер дайын индикатор шамы» жыпылықтайды. Жылдамдықты реттегіш «O» күйінде емес. Жылдамдықты реттегішті тексеріп «O» күйіне келтіріңіз. Асүй құрылғысы жұмыс кезінде тоқтайды. «Миксер дайын индикатор шамы» жылдам жыпылықтайды. Аса жүктелуден қорғау немесе қыздырудан сақтау жүйесі жұмыс

Қуат көзінен ажыратып, аса жүктелгенін тексеріңіз. Жылдамдықты реттегішті «O» күйіне келтіріп, қайта қосыңыз. Құрылғы алғаш рет токқа қосылған кезде «Миксер пайдалануға дайын индикатор шамы» баяу жыпылықтайды. Асүй құрылғысы 30 минуттан көп қосулы түрде жұмыс жасамай қалдырылды. Жылдамдықты реттегішті «min» (мин) мәніне қойып, одан кейін құрылғыны қайта орнату үшін «O» мәніне қайтарыңыз.

Егер машина жүмыс жасамаса, кейбір құрамдас бөліктерін жүктелуін азайту үшін алып тастаңыз да қайта қосыңыз. Егер бұл да мәселені шешпесе, қуат көзінен ажыратып, 15 минутқа қалдырыңыз. Қуат көзіне қосып, жылдамдықты қайта таңдаңыз. Егер араластырғыш жоғарыдағы әрекеттерден кейін қайта қосылмаса, ары қарай кеңес үшін «тұтынушыларды қолдау» байланысыңыз. Slovenčina