Tastea BJ551B - шай аппараты TEFAL - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Tastea BJ551B TEFAL PDF форматында.

📄 74 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice TEFAL Tastea BJ551B - page 64

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Tastea BJ551B TEFAL

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

L'email reste privé : il sert seulement à vous prévenir si quelqu'un répond à votre question.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз шай аппараты PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Tastea BJ551B - TEFAL және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Tastea BJ551B брендінің TEFAL.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Tastea BJ551B TEFAL

  • Құрылғыны алғаш рет пайдаланбастан бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: өндіруші нұсқауларды орындамай, пайдаланғаны үшін жауапты
  • Осы құрылғыны дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдар (соның ішінде балалар) олардың қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауында болған және одан осы құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқау алған жағдайда пайдалана
  • Бұл құрылғыны балалар пайдаланбауы керек. Құрылғыны және оның сымын балалардың қолы жетпейтін жерде
  • Олар бақылауда болса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөнінде нұсқау берілсе және қауіп-қатерлерді түсінетін болса, бұл құрылғыны дене, сезу немесе ақыл- ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар пайдалана алады.
  • Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
  • Бұл құрылғыны 8 жастағы және сегізден асқан балалар ересектердің қарауында болса немесе оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беріліп, олар соған қатысты қауіптерді түсінген жағдайда пайдалана алады. Тазалау және пайдаланушының техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ересектердің қарауынсыз 8 жасқа толмаған және сегізден аспаған балалар орындамау керек. Құрылғыны және оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
  • Құрылғы тек үйде пайдалануға арналған. Оны мынадай кепілдік берілмеген ортада қолдануға болмайды. – дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орталарындағы қызметкерлердің ас үй бөлмелерінде; – фермаларда; – қонақ үйлерде, мотельдерде және басқа тұрғын үй орталарында; – төсек пен таңғы ас берілетін орындарда.
  • Құралды ешқашан су деңгейінің максималды белгісінен асырып және минималды деңгейі 0,5 л-ден төмен етіп толтырмаңыз.
  • Егер құрылғы толып кетсе, су шашырауы мүмкін.
  • Су қайнаған кезде ешқашан қақпақты ашпаңыз.
  • Құрылғыны тек қақпағы құлыпталған күйде, негізімен және қаққа қарсы сүзгісімен бірге пайдалану керек.
  • Құрылғыны, негізін немесе қуат сымын және ашасын ешқашан суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
  • Қуат сымы немесе ашасы зақымдалған болса, құрылғыны ешқашан пайдаланбаңыз. Ток сымы зақымдалса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе тиісті біліктілігі бар маман ауыстыруы керек.
  • Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
  • ЕСКЕРТУ! Тазалау, толтыру немесе құю кезінде коннекторға төгіліп кетпес үшін сақ болыңыз.
  • Құрылғыны тазалау үшін әрдайым тазалау нұсқауларын

– Құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз. – Құрылғыны ыстық күйінде тазаламаңыз. – Дымқыл шүберекпен немесе ысқышпен тазалаңыз. – Құрылғыны ешқашан суға салмаңыз немесе оны ағып жатқан судың астына қоймаңыз.

  • ЕСКЕРТУ: бұл құрылғыны дұрыс пайдаланбаған жағдайда, жарақат алу қаупі бар.
  • Шайнекті тек ауыз суды қайнату үшін пайдаланыңыз.
  • ЕСКЕРТУ! Қыздыру элементінің бетін пайдаланғаннан кейін біраз уақытқа дейін жылу сақталып тұрады.
  • Құрылғы 4000 метрден төмен биіктікте орналасқан үйдің ішінде қолдануға арналған.
  • Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін бұл құрылғы қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді: (Төменгі кернеу директивасы, Электромагниттік үйлесімділік, Қоршаған орта, Тағам тиетін материалдар.).
  • Бұл өнім тек тұрмыста қолдануға арналған. Коммерциялық мақсатта пайдаланған, орынсыз пайдаланған немесе нұсқаулар орындалмаған жағдайда, өндіруші ешқандай жауапкершілік көтермейді және кепілдік күші жойылады.129128
  • Шайнекті тек ауыз суды қайнату үшін пайдаланыңыз.
  • Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға немесе іштей жерге қосылған ұзартқышқа қосыңыз. Құрылғының техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген кернеу электр желісінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріңіз. Бірнеше аша қосылатын адаптерді пайдаланбаңыз.
  • Шайнекті қолыңыз су немесе жалаңаяқ болған кезде пайдаланбаңыз.
  • Шайнекті және оның табанын ыстық жерге қоймаңыз, мысалы ыстық плита үстіне қоймаңыз немесе оны ашық оттың жанында пайдаланыңыз.
  • Шайнектің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын байқасаңыз, оны бірден электр тоғынан ажыратыңыз.
  • Тоқтан ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз.
  • Құрылғы құлап кетпес үшін қуат сымын үстелдің немесе жұмыс бетінің шетінен іліп қоймаңыз.
  • Құрылғы қосылып тұрған кезде әрдайым қырағы болыңыз, әсіресе, шүмектен шыққан будан абай болыңыз, ол өте ыстық болады.
  • Жұмыс кезінде тот баспайтын болаттан жасалған шайнектердің корпусы қатты қызатындықтан абай болыңыз. Шайнектің тұтқасын ғана ұстаңыз.
  • Су қайнаған кезде сүзгіні немесе қақпақты ешқашан
  • Шайнек тоққа қосылып тұрған кезде оны ешқашан қозғалтуға болмайды.
  • Қағы түсірілмегендіктен тиісті түрде жұмыс істемейтін немесе мүлде жұмыс істемейтін шайнектерде кепілдік күшін
  • Құрылғыны ылғалдан және аяздан қорғаңыз.
  • Құрылғыны ұзақ уақыт бойы қолданып болғаннан кейін және оны тазалаған кезде токтан суырыңыз.
  • Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін бұл құрылғы қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді: (Төменгі кернеу директивасы, Электромагниттік үйлесімділік, Қоршаған орта, Тағам тиетін материалдар.). СИПАТТАМАСЫ A Қақпағы B Шай себеті C Тұтқасы D Шайнек E Басқару түбі E1 Қосу/өшіру түймесі E2 Температура таңдау түймесі E3 Демдеу уақытын таңдау түймесі E4 Жылы ұстауды таңдау түймесі E5 Экран АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫНДА Өнімнің судағы өнімділігі өндіріс кезінде 100% тексеріледі. Өнім ішінде әлі де су болуы мүмкін. Бұл біздің өніміміздің сапасы мен гигиенасына зиян келтірмейді.

1. Шай қайнатқыштың ішіндегі және сыртындағы барлық орамдарды, жапсырмаларды

және керек-жарақтарды алыңыз.

2. Кабельдің ұзындығын түбінің астынан ағытып реттеңіз. Кабельді ұяға салыңыз.

(1-сурет) Шайнекті суға толтырыңыз, іші лас болуы мүмкін болғандықтан екі-үш рет шайыңыз. Шайнекті, шай себетін және қақпақты бөлек шайыңыз.131130

1. Түбін тегіс, тұрақты және ыстыққа төзімді бетке қойыңыз, сонда су

шашырамайды немесе кез келген жылу көзі әсер етпейді.

  • Шайнектің тұтқасынан ұстап, қақпақты себетпен бірге шығарып алыңыз(2/3 сурет). Шай қайнатқышты қақпақсыз пайдаланбаңыз. Егер қақпақ жоғалса немесе сынса, сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  • Шай қайнатқышты тек берілген түбімен пайдалану керек.

3. Шайнекке қажетті мөлшерде су құйыңыз (4-сурет)

  • Түбіне қойылған шайнекке ешқашан су құймаңыз.
  • Су құйғанда ең жоғарғы деңгейден асырмаңыз немесе ең төменгі деңгейден түсірмеңіз. Егер ол минималды деңгейге дейін толтырылмаса, температура дәлдігіне қол жеткізу мүмкін емес (температура дәлдігі +/- 3°C).
  • Егер шайнек тым толып кетсе, қайнаған су төгілуі мүмкін. Шай қайнатқышты сусыз қосуға болмайды. Шайнекті қоспас бұрын, қақпақтың жабық екендігіне көз жеткізіңіз.
  • Шай себетін қайтадан шайнекке салмаңыз.

4. Шайнекті түбіне қойыңыз және ҚАПҚЫҚТЫ АЛМАСТЫРЫҢЫЗ (5-сурет). Шай

қайнатқыштың қуат кабелін жалғаңыз.

  • түбі жанып, нақты уақытта судың температурасын көрсетеді.(5-сурет)

5. Шай қайнатқышты іске қосу

A. Температураны таңдау – Температураны таңдау түймесін (6-сурет) басып, температураны таңдаңыз: 40°C, 60°C, 70°C, 80°C, 85°C, 90°C, 95°C немесе 100°C. – Температураны таңдау индикаторының шамы 4 рет жыпылықтайды және дыбыстық сигнал шығарады, шайнек қыза бастайды (7-сурет). – Ескертпе! Автоматты түрде іске қосу алдында бағдарламаны қосу/өшіру түймесін басу арқылы бастауға болады. – Қажетті температураға жеткенде шай қайнатқыш тоқтап, екі рет дыбыстық сигнал шығарады (8-сурет). B. Шай демдеу – Шайнекті түбінен алмай, шай себетінің қақпағын шығарып алыңыз (9-сурет) – Шай себетін қажетті мөлшерде шай жапырақтарымен немесе шай қалташасымен толтырыңыз. (10-сурет) – Шайнектегі шай себетін орнына қойыңыз, қақпаққа қолыңыз тиіп кетіп, күйіп қалмаңыз (11-сурет). – Шай себетінің қақпағын орнына салыңыз (12-сурет). – Демдеу уақытын таңдау түймесін (13-сурет) басып, температураны таңдаңыз: 1 мин, 2 мин, 3 мин, 4 мин, 5 мин, 6 мин, 7 мин, 8 мин, 9 мин немесе 10 мин Ескертпе! Шайыңыз автоматты түрде алдын ала таңдалған температурада құйылады. – Демдеу уақыты жеткеннен кейін шай қайнатқыш тоқтап, екі рет дыбыстық сигнал шығарады (14-сурет). Ескертпе! Автоматты түрде іске қосу алдында бағдарламаны қосу/өшіру түймесін басу арқылы бастауға болады. – Шай шамадан тыс құйылмауы үшін шай себетін шайнектен алып, қақпағын алмастырыңыз (15-сурет), шайыңыз дайын (16-сурет). C. Жылы ұстау функциясы Шай құйылғаннан кейін алдын ала таңдалған температураны (максимум 95°C) қалаған уақытқа дейін ұстап тұруға болады. – Шайнекті оның басқару түбіне қойыңыз (17-сурет). – Жылы ұстауды таңдау түймесін (18-сурет) басып, уақытты таңдаңыз: 1 сағат, 2 сағат, 3 сағат, 4 сағат, 5 сағат, 6 сағат, 7 сағат немесе 8сағат. Жылы ұстау функциясы аяқталғаннан кейін: – Шай қайнатқыш тоқтап, екі рет дыбыстық сигнал шығарады. D. Өшіру және күту режимі Егер бағдарлама жалғаспаса және ешқандай түйме басылмаса, машина автоматты түрде күту режиміне өтеді және 5 минуттан кейін сөнеді. Құрылғыны қосу/өшіру түймесін басу арқылы қайтадан қосуға болады. Егер сіз машинаны қолмен өшіргіңіз келсе, қосу/өшіру түймесін басып тұрыңыз. МӘСЕЛЕЛЕР ТУЫНДАҒАНДА ШАЙ ҚАЙНАТҚЫШТА АЙҚЫН ЗАҚЫМ ЖОҚ

  • Шай қайнатқыш жұмыс істемейді немесе қайнамай тұрып тоқтайды – Шай қайнатқыштың дұрыс қосылғанын тексеріңіз. – Шай қайнатқыш сусыз қосылды немесе қақтың жиналуы қызып кетуді тоқтату механизмін қосты: шай қайнатқышты суытып, оны сумен толтырыңыз. Егер қақ жиналған болса, алдымен қақты кетіріңіз. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАЙ ҚАЙНАТҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ Оны тоқтан ажыратыңыз. Оны суытып, дымқыл губкамен тазалаңыз.

Шай қайнатқышты, оның түбін, сымды немесе электр ашасын ешқашан суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз: электр қосылымдары немесе ажыратқыш суға немесе басқа сұйықтыққа тимеуі керек.

Тазалағыштарды қолданбаңыз.

Шай қайнатқыш демдеуді аяқтаған кезде, суық су құйып, температураны кенеттен өзгертпеңіз.

Өнім бөліктерін ыдыс жуғышқа салмаңыз.

Қақпақ тығыздағышы қақпақты тазарту оңай болу үшін алынбалы етіп жасалған. ҚАҚТАН ТАЗАРТУ Үнемі қақтан тазалап отырыңыз, айына кемінде бір рет немесе егер су қатты болса, одан да жиірек тазалап отырыңыз. Шай қайнатқышты қақтан тазалау үшін:

  • Ақ сірке суын қолдану: – Шайнекті 0,5 л ақ сірке суымен толтырыңыз. – Қыздырмай, 1 сағатқа қалдырыңыз.
  • Лимон қышқылын қолдану: – 0,5 л су қайнатыңыз. – 25 г лимон қышқылын қосып, 15 минут қоя тұрыңыз.
  • Шайнекті босатып, 5 немесе 6 рет шайыңыз. Қажет болса, қайталаңыз. Шай себеті мен қақпақты қақтан тазалау үшін: Шай себеті мен қақпағын ақ сірке суына немесе сұйылтылған лимон қышқылына

Ұсынылған әдістен басқа қақтан тазалау әдісін ешқашан қолданбаңыз.133132

Оны қосыңыз: шай қайнатқыш шамамен 15 минуттан кейін қайтадан жұмысын бастауы

ШАЙ ҚАЙНАТҚЫШТЫ ТҮСІРІП АЛСАҢЫЗ, СУ АҒЫП ТҰРСА НЕМЕСЕ ҚУАТ СЫМЫНА, АШАСЫНА НЕ БОЛМАСА ТҮБІНДЕ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІНДЕЙ ЗАҚЫМ БОЛСА. Шай қайнатқышты сатудан кейінгі қызмет көрсету орталығына қайтарыңыз, тек олар жөндеу жүргізуге құқылы. Шай қайнатқышпен бірге берілген кітапшадағы кепілдік шарттары мен орталықтардың тізімін қараңыз. Шай қайнатқыштың төменгі жағында оның түрі мен сериялық нөмірі көрсетілген. Бұл кепілдік тек өндірістік кемшіліктер мен үйдегі қолданыс барысында туындаған ақауларды ғана жабады. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтамау салдарынан туындаған кез келген сыну немесе зақым кепілдікке

Өндіруші тұтынушылардың мүдделері үшін кез келген уақытта шай өндірушілерінің сипаттамаларын немесе компоненттерін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

Шай қайнатқышты пайдалануды тоқтатыңыз. Шай қайнатқышты немесе оның қауіпсіздік құралдарын бөлшектеуге ешқандай әрекет жасалмауы керек.

Егер қуат сымы зақымдалса, қауіп-қатердің алдын алу үшін оны өндіруші, оның сатылғаннан кейінгі қызмет көрсету орталығы немесе тиісті біліктілігі бар маманға ауыстыруы тиіс. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ Құрылғыда қайта жөндеуге және кәдеге жаратуға болатын материалдар көп. Оны жергілікті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын жерде қалдырыңыз. ТҰРМЫСТА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ Бала үшін күйік немесе тіпті кішкентай болса да, кейде ауыр болуы мүмкін. Есеген кезде балаларыңызға ас үйдегі ыстық заттардан сақ болуға үйретіңіз. Шай қайнатқышты және оның қуат сымын жұмыс үстелінің артқы жағына балалардың қолы жетпейтін жерде орналастырыңыз. Егер жазатайым оқиға орын алса, күйген жерді тез салқын ағын су астында ұстаңыз, қажет болса дәрігерге қоңырау шалыңыз.

Кез келген жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін: балаңызды немесе нәрестеңізді сусынмен немесе ыстық сусынмен бірге көтеріп жүрмеңіз. АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ КЕСТЕСІ

сипаттамасы Себептері Шешімдер Шай қайнатқыш қызбайды Шай қайнатқыш қуат блогына дұрыс қойылмаған Шай қайнатқышты алып, қайтадан қуат блогына қойыңыз Басқару панелінің шамы сөніп тұр, бірақ өнім қызады Индикатор шамын қосуда мәселе бар немесе индикатор шамы зақымдалған Уәкілетті қызмет көрсету орталығына жөндеуге жіберіңіз Дисплейде «E0» көрсетіледі Температура сенсорындағы

Уәкілетті қызмет көрсету орталығына жөндеуге жіберіңіз Дисплейде «E1» көрсетіледі Температура сенсорындағы

Уәкілетті қызмет көрсету орталығына жөндеуге жіберіңіз Дисплейде «E3» көрсетіледі Температураны реттеу қатесі Шай қайнатқышты 1 минутқа сөндіріп, орнына қойып, жаңа бағдарламаны бастаңыз. Мәселе шешілмесе, өкілетті қызмет көрсету орталығына жіберіп,

Дисплейде -- -- көрсетіледі Шай қайнатқыш қуат блогында

Шай қайнатқышты қуат блогына

Дисплейде «E4» көрсетіледі Температураны реттеу қатесі немесе құрғақ (сусыз) қызу Қалпына келтіру үшін қосу/өшіру пернесін басыңыз135134

Нұсқаулық көмекшісі
Powered by Anthropic
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : TEFAL

Модель : Tastea BJ551B

Санат : шай аппараты