DeX Station EEMG950 - смартфон SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз DeX Station EEMG950 SAMSUNG PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз смартфон PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз DeX Station EEMG950 - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. DeX Station EEMG950 брендінің SAMSUNG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ DeX Station EEMG950 SAMSUNG
Мультимедиалық док-станцияның көмегімен мобильді құрылғының мүмкіндіктерін теледидарға немесе мониторға жалғау арқылы. Сонымен қатар, пернетақта немесе тінтуір сияқты жақын құрылғыларды қоса аласыз.
Жұмысты бастамас бұрын оқыңыз Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз. Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Мультимедиалық док-станцияны пайдаланудың алдында, оның құрылғыңызбен үйлесімді екенін тексеріңіз. Нұсқаулық белгішелер Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайларАбайлаңыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты бүлдіруі мүмкін жағдайларЕскерім: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат Қораптың ішіндегісі Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз: Мультимедиалық док-станция Жылдам бастау нұсқаулығы Құрылғымен бірге берілген элементтер және кез келген қол жетімді қосалқы құралдар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Берілген элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы мүмкін. Сыртқы түрі және сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Қосымша қосалқы құралдарды жергілікті Samsung сатушысынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында олардың құрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз. Тек Samsung рұқсат еткен қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін. Қосалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана байланысты болады. Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат Samsung веб-сайтында ұсынылған.
Құрылғының сыртқы көрінісі Сымды LAN портыHDMI портыЗарядтағыш порты (USB Type-C)USB порты (USB Type-C)Құндақ/телефон тұғырыЖелдеткіш саңылауыМобильді құрылғы ағытпасы (USB Type-C) USB Type-C кабелін пайдаланыңыз. Егер микро USB кабелі қосылса, мультимедиалық док-станция ақаулы болуы мүмкін.
Мультимедиалық док- станцияны пайдалану Мультимедиалық док-станцияны және мобильді құрылғыны жалғау
Зарядтағышты мультимедиалық док-станцияның зарядтағыш портына (USB Type-C) жалғаңыз.
Samsung тарапынан бекітілген зарядтағыштарды ғана қолданыңыз (9 В/1,67 А, 9 В/2 А, 12 В/2,1 А). Егер жылдам зарядтау керек болса, жылдам зарядтауға қолдау көрсететін Samsung тарапынан бекітілген зарядтағыштарды ғана қолданыңыз (12 В/2,1 А).
Сатып алынған мультимедиалық док-станцияға байланысты тағы да бір зарядтағышты сатып алу қажет болуы мүмкін. Пайдаланылатын зарядтағыш түріне қарай шағын USB ағытпасын пайдалану керек болуы мүмкін. Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розеткасынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.
4Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
HDMI кабелінің бір шетін мультимедиалық док-станцияның HDMI портына қосып, кабельдің басқа шетін ТД немесе монитор HDMI портына тығыңыз. HDMI кабелі бөлек сатылады.
Егер Wi-Fi желісін немесе мобильді құрылғының сымсыз деректерін пайдалану керек болмаса, сымды LAN желісін сымды LAN портына қосу арқылы сымды желіні пайдаланыңыз. Сымды LAN желісінсіз мобильді құрылғыға жалғанатын мобильді желіні пайдалана
Құндақты телефонның тұғыры ретінде пайдалану үшін құндақтың алдындағы түймесін басыңыз. Мобильді құрылғы ағытпасы пайда болады. Телефон тұғырының бұрышын өзгерту кезінде саусақтарыңызды күйдіріп алмаңыз.
5Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Мобильді құрылғының көп мақсатты ұясын мультимедиалық док-станциядағы мобильді құрылғы ағытпасына қосыңыз. Мобильді құрылғыда Samsung DeX іске қосылады. Мобильді құрылғы ағытпасы (USB Type-C) Егер мобильді құрылғыға қайырмалы құндақ немесе қатты құндақ сияқты белгілі бір құндақты кигізсеңіз, мультимедиалық док-станцияны пайдалана алмайсыз.
6Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Пайдалану қажет экран режимін таңдаңыз. Samsung DeX режимінен немесе экран көшірмесін көрсету режимінен таңдай аласыз. SAMSUNG DeX БАСТАУ: мобильді құрылғының экраны өшеді және қосылған теледидарда немесе жұмыс үстелі режиміндегі мониторда пайда болады. SCREEN MIRRORING РЕЖИМІНЕ АУЫСУ: мобильді құрылғыға ұқсас экран қосылған теледидарда немесе мониторда пайда болады.Экран көшірмесін көрсету режиміSamsung DeX режимі Алғаш таңдалған экран режимі жүйелі байланыстарға қолданылады. Қосымша ақпаратты Экран режимін өзгерту бөлімінен қараңыз. Егер Samsung DeX режимі экранын басқару керек болса, тінтуірді жалғауыңыз қажет. Қосымша ақпаратты Пернетақта немесе тінтуір жалғау бөлімінен қараңыз. Құрылғыны қосу кезіндегі сақтық шаралары
Мультимедиалық док-станцияны тек зарядтағышқа қосулы тұрғанда ғана пайдалана аласыз. Мультимедиалық док-станцияның USB порттарына тек пернетақтаны, тінтуірді немесе USB сақтау құрылғысын қосыңыз. Құрылғыларды зарядтау немесе жоғары сыйымдылықты құрылғыларды осы порттарға қосу дұрыс істемеуі мүмкін. Желдеткіштің саңылауы мен мобильді құрылғы ағытпасының ішін сұйықтықтан немесе шаңнан қорғаңыз. Сұйықтық немесе шаң әсері мультимедиалық док-станцияның дұрыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Мобильді құрылғы мультимедиалық док-станцияға қосулы кезде оны жылжытпаңыз. Бұлай істеу мобильді құрылғының ағытпасына нұқсан келтіруі мүмкін. Мультимедиалық док-станцияны мобильді құрылғыға қосқаннан кейін мобильді құрылғының дауыс тану мүмкіндігін пайдаланған кезде, дауыс тану мүмкіндігі дұрыс орындалмауы мүмкін.
7Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Құрылғы қосылымын аяқтау Мобильді құрылғы мен ТД немесе монитор арасындағы байланысты аяқтау үшін, мобильді құрылғыны мультимедиалық док-станциядан алыңыз. Пернетақта немесе тінтуір жалғау Samsung Dex режимін пайдалану үшін, тінтуірді жалғаңыз. Сымды тінтуірді және пернетақтаны мультимедиалық док-станцияның USB портына жалғаңыз немесе сымсыз тінтуірді және пернетақтаны жалғанған мобильді құрылғының Bluetooth мүмкіндігіне қосыңыз.Егер пернетақта қосылса, виртуалды пернетақта экранда көрсетілмейді. Экранда виртуалды пернетақта көрсету үшін, Қон-лар қолданбасынан Samsung DeX
Samsung DeX вирт. пернетақта көрсету қосқышын белсендіру үшін таңдаңыз. Кабель арқылы жалғау Егер сымды пернетақта немесе тінтуір пайдалану керек болса, USB кабельдерін мультимедиалық док-станцияның USB порттарына қосыңыз.
8Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Сымсыз немесе Bluetooth арқылы жалғау Сымсыз тінтуірді және пернетақтаны немесе Bluetooth тінтуірін және пернетақтасын жалғай аласыз. Құрылғылар туралы қосымша ақпаратты құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. Сымсыз тінтуір және пернетақта: сымсыз қабылдағышты USB портына салу. Bluetooth тінтуірі және пернетақтасы: Bluetooth арқылы мобильді құрылғыға жалғау. Samsung DeX режимін пайдалану Компьютерге ұқсас интерфейс ортасында мобильді құрылғы мүмкіндіктерін пайдалана аласыз. Мобильді құрылғы қолданбаларын іске қосуға және мобильді құрылғы хабарландырулары мен күйін тексеруге болады. Егер Samsung DeX режимі экранын басқару керек болса, тінтуірді жалғауыңыз қажет. Қосымша ақпаратты Пернетақта немесе тінтуір жалғау бөлімінен қараңыз.
Кейбір қолданбалар немесе мүмкіндіктер Samsung DeX режимін пайдалану кезінде қолжетімсіз болуы мүмкін. Samsung DeX режимін іске қосу шаралары
Samsung DeX режимін іске қосқанда немесе ажыратқанда, кейбір қолданбаларды ескермегенде ағымдағы қосулы қолданбалар жабылады. Егер мобильді құрылғы келесі режимдерде пайдаланылса, Samsung DeX режимін іске қосу мүмкін емес: қуат үнемдеу режимі, ультра қуат үнемдеу режимі, өнімділік режимі, төтенше режим және қауіпсіз режим.
9Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Егер ТД-да немесе мониторда HDCP (Кең жолақты сандық мазмұнды қорғау) жүйесіне қолдау көрсетілсе, Samsung DeX режимі экраны көрсетілмеуі мүмкін.
Samsung DeX режимінде тек Full HD ажыратымдылығына қолдау көрсетіледі және мобильді құрылғыдағы кейбір мазмұн ТД-да немесе мониторда әр түрлі көрсетілуі
Samsung DeX режимін пайдалану кезінде батарея қолданысына қолжетімді уақыт қысқаруы мүмкін.
Егер Samsung DeX режимінің параметрлері өзгертілсе, мобильді құрылғы параметрлері де өзгертіледі. Егер Samsung DeX режимінің параметрлері өзгертілсе, мобильді құрылғының кейбір параметрлері өзгермеуі мүмкін.
Samsung DeX режимін ең соңғы нұсқасына жаңарту үшін, серверден микробағдарламаны жүктеп алыңыз. Бұл тек Wi-Fi желісіне қосылған кезде қолжетімді. Бастапқы экранды пайдалану Тапсырма тақтасыҚолданбалар түймесіТаңдаулы қолданбаларКүй тақтасыЖылдам кіретін құралдар тақтасы
Таңдаулы қолданбалар: бастапқы экранға жиі пайдаланылатын қолданбаларды қосып, оларды жылдам іске қосыңыз.
Қолданбалар түймесі: мобильді құрылғыға орнатылған қолданбаларды көру немесе іске
Тапсырма тақтасы: ағымдағы қосулы қолданбаларды көру.
Күй тақтасы: мобильді құрылғы күйін немесе хабарландыруларын көру. Көрсетілген белгішелер мобильді құрылғының ағымдағы күйіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. таңдап, мобильді құрылғының әр түрлі мүмкіндіктерін жылдам параметрлер тізімінен қосыңыз және өшіріңіз.
Жылдам кіретін құралдар тақтасы: виртуалды пернетақта, дыбыс деңгейі, скриншот және табу құралы мүмкіндіктерін жылдам пайдалану.
10Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Кіріс қоңырауын қабылдау Samsung DeX режимін пайдалану кезінде, жалғанған ТД немесе монитор көмегімен кіріс қоңырау қабылдай аласыз. Егер телефон қоңырауы қабылданса, жалғанған ТД-дан немесе монитордан кіріс қоңырау мәзірін таңдаңыз. Мобильді құрылғы динамигі қоңырауға жауап беруге пайдаланылады. Кіріс қоңырау қабылдау үшін, спикерфон орнына мобильді құрылғыны пайдалану үшін мобильді құрылғыны мультимедиалық док-станциядан алыңыз. Кіріс қоңырау экранының мобильді құрылғыда пайда болуына бірнеше секунд кетуі мүмкін. Қолданба таңбашаларын қосу Қолданбалар түймесін таңдап, таңбаша жасау керек қолданбаны таңдап, оны Бастапқы экранға сүйреңіз. Қолданба таңбашасы Бастапқы экранға қосылады. Динамиктерді орнату Мобильді құрылғы динамиктерінен ТД немесе монитор динамиктеріне немесе басқа аудио құрылғыларына өзгертуге болады. Тапсырма жолағынан
Дыбыстың шығуы тармағын таңдап, қажетті құрылғыны
Жылдам қатынас құралдар тақтасын пайдалану
: виртуалды пернетақтаны көрсету.
: қоңырау рингтондары, музыка және бейнелер, хабарландырулар және жүйе дыбыстары дыбыс деңгейін реттеу.
: скриншотқа түсіру және түсірілген экранды әр түрлі жолдармен пайдалану, мысалы сурет салу, жазу, қиып алу немесе бөлісу.
: іздеу өрісіне кілтсөз енгізумен мобильді құрылғыдан мазмұн іздеу. Нақтырақ нәтижелерді алу үшін іздеу өрісінің астындағы
опциясын таңдап, сүзгі мәліметтерін
11Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Бастапқы экран опциялары Бастапқы экранда қосылған тінтуірдің оң жақ түймесін басқан кезде Бастапқы экран опцияларын пайдалана аласыз. Реттеу әдісі: бастапқы экранда қолданбаларды орналастыру әдісін таңдау. Тазалау: таңдалған орналастыру әдісіне сәйкес Бастапқы экранға қолданбалар немесе қалталар орналастыру. Samsung DeX түсқағаздары: бастапқы экран және құлыпталған экран үшін Samsung DeX режимінің тұсқағаз параметрлерін өзгертіңіз. Қолданбаларды іске қосу Samsung DeX режиміндегі мобильді құрылғысына орнатылған қолданбаларды іске қосыңыз.Қолданбалар түймесі таңдалса, мобильді құрылғы қолданбалары тізімі пайда болады. Қолданбаны таңдап іске қосыңыз. Бірнеше қолданбаны ашып, оларды бір уақытта іске қосуға және компьютер пайдалану кезінде көп тапсырманы орындауға болады.Кейбір қолданбалар Samsung DeX режимін пайдалану кезінде қолжетімсіз болуы мүмкін. Ерекше қолданбаларды іске қосу Samsung DeX ерекше қолданбаларын жүктеп алыңыз немесе іске қосыңыз. Қолданбалар түймесін таңдап,
Samsung DeX қолданбасы тармағын таңдаңыз.
12Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Параметрлерді теңшеу Samsung DeX режимі параметрлерін теңшеңіз. Қосылған Қолданбалар немесе монитордан Қолданбалар қолданбасын іске қосып, Samsung DeX
Samsung DeX экран уақыты бітті : дисплейдің артқы жарығын өшіру алдында Samsung DeX режимі күту уақытын орнату.
Samsung DeX ұсқағаздары : бастапқы экран және құлыпталған экран үшін Samsung DeX режимінің тұсқағаз параметрлерін өзгертіңіз.
Меңзер жылдамдығы : тінтуірдің меңзер жылдамдығын реттеу.
Samsung DeX вирт. пернетақта көрсету : пернетақтаны қосу кезінде қосылған экранда виртуалды пернетақтаны көрсету.
Samsung DeX туралы : Samsung DeX бағдарламалық жасақтамасы туралы ақпаратты көру және Samsung DeX бағдарламалық жасақтамасын жаңарту. Samsung DeX параметрінің опциялары тек Samsung DeX іске қосу кезінде пайда
13Мультимедиалық док-станцияны пайдалану
Экран көшірмесін көрсету режимін
Мобильді құрылғының экраны қосулы қалып, қосылған теледидарда немесе мониторда пайда болады. Мобильді құрылғының әр түрлі мазмұнын қосылған ТД немесе монитор кең экранынан қараңыз. Пернетақтаны немесе тінтуірді жалғаусыз Экран көшірмесін көрсету режимін пайдалануға болады. Экранды жалғанған мобильді құрылғымен басқарыңыз. Экран режимін өзгерту Экран режимін өзгерту үшін қосылған Қолданбалар, монитордан немесе мобильді
Қолданбалар қолданбасын іске қосып,
Қосымша байланыс параметрлері
HDMI режимі тармағын таңдап, Samsung DeX
Screen Mirroring опциясын таңдаңыз. Таңдалған экран режимі жүйелі байланыстарға қолданылады.
Ақаулықтарды жою Samsung сервис орталығына хабарласпай тұрып, келесі шешімдерді қолданып көріңіз. Мультимедиалық док-станция немесе қосылған құрылғылар қатады Егер мультимедиалық док-станция немесе қосылған құрылғылар қатып қалса немесе тұрып қалса, мұны қосылған мобильді құрылғыны өшіріп қайта қосу арқылы шешіп көріңіз.Егер мультимедиалық док-станция немесе қосылған құрылғылар жауап бермесе, құрылғыларды мультимедиалық док-станциядан ажыратып қайта қосыңыз.Егер ақаулық әлі де шешілмей жатса, Samsung сервис орталығына хабарласыңыз. Мультимедиалық док-станция нұсқаулықта сипатталғаннан басқаша жұмыс істейді Қол жетімді функциялар қосылған құрылғыға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Экран қатынасы дұрыс емес Қосылған теледидар немесе монитор мәзірінен экран қатынасын реттеңіз.
15Авторлық құқық Copyright © 2017 Samsung Electronics Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған. Samsung Electronics компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіс, электрондық немесе механикалық, соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды. Сауда белгілері
SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар тиісті иелерінің меншігі болып
Notice-Facile