APC Power Pack M5 - Портативті батарея

Power Pack M5 - Портативті батарея APC - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Power Pack M5 APC PDF форматында.

📄 72 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice APC Power Pack M5 - page 55
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : APC

Модель : Power Pack M5

Санат : Портативті батарея

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Портативті батарея PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Power Pack M5 - APC және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Power Pack M5 брендінің APC.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Power Pack M5 APC

Qualcomm логотипі - жылдам зарядтау

Микро USB 5В / 2A кірісі

Өнімді пайдаланбас бұрын бұл нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және болашақта анықтама алу үшін сақтап қойыңыз.

  • Бұл құрылғыны қысқа тұйықтауға ұшыратпаңыз. Қысқа тұйықталуды болдырмау үшін құрылғыны метал заттардан алыс ұстаңыз (мыс., шаш қысқыштары және кілттер).
  • Бұл құрылғы пайдалану барысында ыстық болуы мүмкін, бұл қалыпты болып табылады. Оны абайлап ұстаңыз.
  • Бұл құрылғы пайдаланушы тарапынан жөнделе алмайдыҒ техникалық қолдау көрсетуге қатысты мәселелерге байланыс АРС компаниясына хабарласыңыз.
  • Бұл құрылғыны қыздырмаңыз немесе отқа тастамаңыз.
  • Құрылғыны тастамаңыз немесе оның үстіне ауыр заттарды қоймаңыз.
  • Бұл құрылғыны жоғары температудан немесе шаңды орталардан алшақ ұстаңыз.
  • Қалыпты пайдалану барысында шамадан тыс қызудың шығуына мүмкіндік беру үшін, құрылғыны ашық күйде ұстаңыз.
  • Алғаш рет пайдаланудың алдында M5 құрылғысын 4 сағат / М12 құрылғысын 8 сағат бойы зарядтаңыз.
  • USB шығыс порты мен USB кіріс портын таза және кедергі әсер етпейтіндей ұстаңыз. Бұл нұсқауларды орындамау жабдықтың зақымдалуына әкелуі мүмкін.54

Смартфон, тасымалданатын мультимедиа плеерлер мен планшеттер сияқты USB негізіндегі құрылғыларды зарядтау Құрылғыларды өніммен бірге ұсынылған түпнұсқалы USB кабелі немесе басқа USB зарядтау кабелінің көмегімен зарядтаңыз. Мобильді қуатпен қамту жинағын зарядталатын құрылғыға тиісінше жалғаңыз. Зарядтауды бастау үшін ҚУАТ түймешігін 1 секунд бойы басыңыз. a. M5 / M10 қуатпен қамту жинағымен құрылғыларды зарядтау b. Ауыспалы зарядтау режимі алдымен мобильді құрылғыны, ал кейін M5 / M10 мобильді қуатпен қамту жинағын зарядтайды. Қуатпен қамту жинағын зарядтау USB адаптері немесе компьютер қосылысы арқылы зарядтау Қуатпен қамту жинағын компьютердің USB шығыс портына немесе ұсынылған зарядтау кабелін пайдаланып USB зарядтау құрылғысына жалғаңыз (Ескертпе: Ұйқы режиміндегі кейбір компьютерлер бұл құрылғыны зарядтай алмайды.)

ылғы арқылы зарядтаудың қалыпты уақыты

~0,5x ~ 1x Ескертпе: Бұл кестедегі зарядтау уақыты шамамен көрсетілген. Олар құрылғы түріне, қоршаған орта жағдайларына немесе M5 және M10 құрылғысының батарея зарядының аяқталу деңгейіне байланысты. Батарея сыйымдылығының дисплейі батареяның қаншалықты зарядталуын көрсету үшін жанады. Барлық батарея сыйымдылығының ЖД шамдары жанғаннан кейін құрылғы толық зарядталды. Аяқталғаннан кейін зарядтау кабелін құрылғыдан ажыратыңыз. Бұл құрылғының қалған батарея зарядын тексеру Күту режимінде ҚУАТ түймешігін 1 секунд бойы басыңыз. Батарея сыйымдылығының дисплейінде қанша батарея зарядының қалғаны көрсетіледі.55

Күй көрсеткіштері Батарея сыйымдылығының

~ 100% сыйымдылық ~ 70% сыйымдылық ~ 40% сыйымдылық ~ 15% сыйымдылық

Төмен батарея деңгейінің дабылы Заряд аяқталды. Батареяның заряды толығымен аяқталды.

Батарея қалыпты зарядталуда

Батарея толығымен зарядталды

Ішкі ақаулық анықталды M5 / M10 қосу/өшіру

Қосу: M5 / M10 қосу үшін ҚУАТ түймешігін бір секунд ішінде бір рет басыңыз.

  • Өшірілген: M5 / M10 өшіру ҚУАТ түймешігін 3 секундтан артық уақыт бойы басу арқылы орындалады. Ескертпе: M5 / M10 құралынан барлық жалғанған құрылғылар ажыратылғаннан 6 минуттан кейін Ұйқы немесе Күту режиміне өтеді. Техникалық сипаттамалары

Техникалық сипаттама Үлгі нөмірі

M10 Сыйымдылығы 5000 мА/сағ 10000 мА/сағ

(максималды) 1,5A Есептік кіріс

5В тұрақты ток (5В тұрақты токтан басқа кернеуге қолдау көрсетілмейді)

4 деңгейлі сыйымдылық дисплейі

Екі біріктірілген (2) USB портының 2,4A максималды шығысы бар. Егер екі (2) құрылғы бірге 2,4A артық кернеу шығарса, жүктемеден қорғау тізбектері іске қосылып, шығысты өшіреді. Қазақ тілі© 2015 APC by Schneider Electric. APC және APC логотипі - Schneider Electric Industries S.A.S. немесе еншілес компанияларына тиесілі. Басқа барлық сауда белгілері олардың тиісті иелерінің меншігі болып

Батареяны қайта өңдеу туралы ақпарат Пайдаланылған немесе аяқталған батареяларды әрқашан тиісінше қайта өңдеуге өткізіңіз. Аяқталған батареяны сәйкесінше кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін тиісті мекемеге тапсырыңыз. Ақаулықтарды жою Мәселе және ықтимал себебі

Мобильді қуатпен қамту жинағын зарядтау мүмкін емес. Компьютер ұйқы режимінде. Компьютерді ұйқы режимінен ауыстырыңыз. Температура ұсынылған пайдалану температурасының ауқымынан тыс. Мобильді қуатпен қамту жинағы тиісті температура ауқымына жетпегенше, оның пайдалануын тоқтатыңыз. Зарядтау кабелі жұмыс істемейді. Зарядтау кабелінің жұмыс істеп тұрғанын мұқият тексеріңіз. Кедергі болған жағдайда микро USB портын тазалаңыз. Батарея сыйымдылығының ЖД шамдары зарядтау барысында бір уақытта жыпылықтайды. Мобильді қуатпен қамту жинағының пайдалануын тоқтатып, APC by Schneider Electric дилеріне немесе өкілетті APC by Schneider Electric қызмет көрсету агенттігіне хабарласыңыз. Мобильді қуатпен қамту жинағы кейбір құрылғыларды зарядтай алмайды. Қуатпен қамту жинағының қалған заряды төмен. Мобильді қуат жинағын зарядтаңыз. Мобильді қуатпен қамту жинағы анықталмауы және оған жалғанған құрылғыларды анықтай алмауы

Жалғанған құрылғыларды ажыратыңыз. Өнімді іске қосып, әр құрылғыны бір- бірлеп қайта жалғаңыз. Арнайы зарядтау кабелі қажет болмауы мүмкін. Мобильді қуатпен қамту жинағына жалғанған құрылғы(лар)да қысқа тұйықталу орын алды. Қысқа тұйықталу мобильді қуатпен қамту жинағының қауіпсіз режиміне өтуін тудыруы мүмкін. Қауіпсіздік режимін өшіру үшін, барлық құрылғыларды мобильді қуатпен қамту жинағынан ажыратып, мобильді қуатпен қамту жинағын зарядтау кезіндегідей USB зарядтағышына жалғаңыз. Мобильді қуатпен қамту жинағының қызметтік мерзімі аяқталуы немесе ақаулықтың анықталуы мүмкін. Жүйенің ақаулығы анықталған жағдайда жергілікті APC by Schneider Electric дилеріне немесе өкілетті APC by Schneider Electric қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Жергілікті APC by Schneider Electric дилеріне, өкілетті APC by Schneider Electric қызмет көрсету орталығына немесе APC by Schneider Electric тұтынушыларының қолдау орталығына хабарласыңыз. APC by Schneider Electric IT дүниежүзілік тұтынушыларға қолау көрсету қызметі Ел бойынша тұтынушыларға қолдау көрсету қызметі үшін, APC by Schneider Electric веб- сайтына кіріңіз: www.apc.com. Қазақ тіліРусский