PRA 10 8 LI - Радио BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз PRA 10 8 LI BOSCH PDF форматында.
| Бренд | Bosch |
| Модель | PRA 10 8 LI |
| Түрі | Портативті радио |
| Қоректену | 12 В желілік блок (100–240 В~, 50/60 Гц) немесе 10,8 В литий-иондық аккумулятор |
| Ұсынылатын аккумулятор | Bosch PBA 10,8 В... |
| Ұсынылатын зарядтау құрылғысы | Bosch AL 11.. CV |
| Сақтық батареялары | 2 × 1,5 В LR03/AAA типті |
| FM (ЖМ) жиілік диапазоны | 87,5 – 108 МГц |
| АЖ (Амплитудалық модуляция) жиілік диапазоны | 531 – 1602 кГц |
| Күшейткіштің номиналды қуаты | 2 × 5 Вт (желіден) |
| Салмағы (EPTA 01:2014 бойынша) | 1,7 кг |
| Жұмыс температурасының диапазоны | -10 °C-тан +40 °C-қа дейін |
| Зарядтау температурасының диапазоны | 0 °C-тан +45 °C-қа дейін |
| Сақтау температурасының диапазоны | -20 °C-тан +50 °C-қа дейін |
| Кіріктірілген эквалайзер | Иә, төмен және жоғары жиіліктерді қолмен реттеу (-5-тен +5-ке дейін) |
| Станцияларды есте сақтау | 5 ЖЖ + 5 АЖ, есте сақтау пернелері арқылы |
| Қосалқы аудио кіріс | 3,5 мм AUX IN ұясы |
| 12 В шығысы (керек-жарақтар үшін) | 12 В жалғау розеткасы |
| Дыбысты өшіру функциясы | Иә |
| Антенна | Телескопиялық шыбық антенна |
| Дисплей | Жарықтандырылған экран, батарея зарядының индикаторымен |
| Тазалау | Жұмсақ әрі дымқыл шүберекпен, еріткіштер мен жуғыш заттарсыз |
| Қорғаныс дәрежесі | Көрсетілмеген (құрғақ ішкі пайдалану) |
Жиі қойылатын сұрақтар - PRA 10 8 LI BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы PRA 10 8 LI BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Радио PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз PRA 10 8 LI - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. PRA 10 8 LI брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ PRA 10 8 LI BOSCH
Сәйкестік туралы сертификат Нөмірі TC RU C-DE.AЯ46.B.71281
Сайкестік туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 03.09.2020 дейін
„Сертификаттау және тестілеу жөніндегі аймақтық орган“ ЖАҚ „РОСТЕСТ– Мәскеу“ сертификаттау жөніндегі орган 119049, Мәскеу қаласы,
Житная, көш. 14, күр. 1
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Штекерлік қуат блогы

Сайкестік туралы сертификат Нөмірі ТС RU C-DE.AЯ46.B.64603
Сәйкестік туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 13.07.2019 дейін
„Сертификаттау және тестілеу жөніндегі аймақтық орган“ ЖАҚ „РОСТЕСТ – Мәскеу“ сертификаттау жөніндегі орган 119049, Мәскеу қаласы,
Житная, көш. 14, күр. 1
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Радио/Штекерлік қуат блогы
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
- Тұтқасы мен корпусы бүлінген болса, өнімді пайдаланбаңыз
- Өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- Ток сымы бүлінген немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- Жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
- Корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
- Көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- Қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
- Ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- Өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- күрғақ жерде сақтау керек
- жоғары температура кезінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
- сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес
- сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
- тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
- босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
- тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техни-
калық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтары мен нұсқауларды сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланған "Радио" сөзі желіден істейтін радиоларға (штекерлік қуат блогымен) және аккумуляторлық радиоларға (штекерлік қуат блогынсыз) қатысты.
Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған жағдайда ұстаңыз. Тәртіп немесе жарық болмаған жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. ▶ Штекерлік қуат блогының желі штекелі розеткаға сай болуы қажет. Айырды өзгерту мүмкін емес. Радиолармен штекер адаптерлерін пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген штекер және жарамды розеткаларды пайдалану электр тоғының соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Штекерлік қуат блогының кабелін орынды қолданыңыз, радионы тасымалдау, асып қою немесе штекелін розеткадан шығару үшін пайдаланбаңыз. Электр сымын жоғары температурадан, майдан, өткір қырлардан, электр құралының қозғалмалы бөлігінен қорғаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады. ▶ Радионы желі қосқышымен пайдалансаңыз, штекерлік қуат блогының қосу кабелін толық шығарыңыз. Әйтпесе, қосу кабелі қызып кетуі мүмкін.








106|Қазақша
Желі штекерін кез келген уақытта шығару мүмкіндігінің болатынына көз жеткізіңіз. Радионы тек желі штекерін тартып қана токтан ажырату мүмкін.

Радио мен штекерлік қуат блогын ылғал мен жаңбырдан сақтаңыз. Радиоға немесе штекерлік қуат блогына су кірсе, ол электр тоғының соғу қауіпін арттырады.
Радио немесе штекерлік қуат блогын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы ток соғуы қауіпін туындатады. ▶ Әр пайдаланудан алдын радионы, штекерлік қуат блогын, кабельді және штекерді тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз радионы пайдаланбаңыз. Радионы немесе штекерлік қуат блогын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқалық бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған радио, штекерлік қуат блогы, кабель және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады. ▶ Бұл радио балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген немесе тәжірибесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы радионы 8 жастан асқан балалардың және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген, не тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені қауіпсіз пайдалану туралы нұсқауынсыз және жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбаудан жарақаттанулар қауіпі пайда болады. ▶ Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде балаларды бақылаңыз. Балалардың радиомен ойнамауына көз жеткізіңіз. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.

Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
Қолданылмайтын аккумуляторды қағаз қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, бұрандалардан немесе контакттарға бөгет ете алатын басқа металл заттардан алыс жерде сақтаңыз. Аккумулятор контакттар арасындағы қысқа мерзімді тұйықталу себебінен күйіп қалу немесе өрт пайда болуы мүмкін. Дұрыс пайдаланбаған аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, тиген жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. - Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. ▶ Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне жарайды және оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдаланса, өрт себебі болуы мүмкін.
▶ Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch өніміңізде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті артық жүктеуден сақтайсыз. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Радиоға қосатын құрылғылардың қауіпсіздік және пайдалану нұсқаулықтарын мұқият орындаңыз.
Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға әкелуі мүмкін.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі радионың сипаттамасына қатысты.
1 Тұтқа 2 Динамик 3 Қосу-өшіру түймесі 4 Қолмен дыбыс реттеу "Equalizer" пернесі 5 "Vol -" дыбыс қаттылығы/терендіктер/биіктіктерді төмендету пернесі 6 "Vol+" дыбыс қаттылығы/терендіктер/биіктіктерді көтеру пернесі 7 Қадалық антенна 8 Дисплей 9 Бағдарламаны сақтау пернелері 10 Уақытты реттеу ⏻ пернесі 11 Төменде іздеу | пернесі 12 Жоғарыда іздеу ▶▶| пернесі 13 "Mute" дауыссыз ету пернесі 14 "Source" аудио көзін таңдау пернесі 15 Аккумулятор* 16 Аккумуляторды босату түймесі 17 Аккумулятор бөлімі 18 Батарея бөлімі қақпағының бұрандасы 19 Батарея бөлімі қақпағы 20 Сақтау бөлімшесінің қақпағы 21 Сақтау бөлімшесінің бұғаттау тұтқышы 22 "AUX IN" ұяшығы 23 12 В қосу ұяшығы 24 Штекерлік қуат блогы 25 Құрылғы штекері 26 AUX кабелі
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.








Қазақша | 107
Индикаторлық элементтер
а Радио жиілігінің көрсеткіші b Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы с Стерео қабылдау көрсеткіші d Дауыссыз ету көрсеткіші e Көп функциялық көрсеткіш f Аудио көзі көрсеткіші
Техникалық мәліметтер
| Мобильді радио PRA 10,8 LI | ||
| Өнім нөмірі | 3 603 JB1 0.. | |
| Буферлік батареялар | 2 x 1,5 В (LR03/AAA) | |
| Аккумулятор | В 10,8 | |
| EPTA-Procedure 01:2014 кужатына сай салмағы | кг 1,7 | |
| Рүқсат етілген қоршау температурасы | ||
| – з а р я д т а у д а | °C | 0...+45 |
| – жұмысында* | °C | -10...+40 |
| – с а к т а у д а | °C | -20...+50 |
| ұсынылған аккумуляторлер | PBA 10,8 V ... | |
| ұсынылатын зарядтау құралдары | AL 11.. CV | |
| Аудио жұмыс істеуі/радио | ||
| Жұмыс кернеуі | ||
| – ш т е к ер лі к қ ұа т блогын пайдалануда | В | 12 |
| – а к қ ү муляторды пайдалануда | В | 10,8 |
| Зорайтқыш атаулы қуаты (штекерлік қуат блогын пайдалануда) | 2 x 5 В т | |
| Қабылдау аумағы | ||
| – УҚТ | МГц | 87,5-108 |
| – ОТ | кГц | 531-1602 |
| * < 0 °C те мператураларда шектелген қуат Техникалық мәліметтер жинақтағы аккумулятормен жұмыс істеуге есептелген. | ||
| Штекерлік куат блогы | ||
| Өнім нөмірі | 1 600 A00 0.. | |
| Кіріс кернеуі | В~ 100–240 | |
| Жиїлік | Гц | 50/60 |
| Кіріс тоғы | МА | 500 |
| Шығыс кернеуі | В= | 12 |
| Шығыс тоғы | МА | 1500 |
| ЕРТА-Procedure 01:2014 кужатына сай салмағы | кг 0,2 | |
| Сақтық сыныпы | / | |
Жинау
Радионың токпен жабдықталуы штекерлік қуат блогы 24 немесе литий-иондық аккумулятор 15 арқылы орындалуы мүмкін.
Аккумулятормен пайдалану
Ескертпе: Радиоға арналмаған аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе радионың зақымдануына алып келуі мүмкін.
Ескертпе: Аккумулятор жарты зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз.
▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің радионыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартпай, кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Осылай аккумуляторды аккумулятор бөлімшесіне 17 аккумулятор түйіспелері аккумулятор бөлімшесінің 17 түйіспелерінде жататындай етіп орнатып, аккумулятор бөлімшесінде тіретіңіз.
Аккумулятор зарядтау күйінің индикаторы в дисплейде аккумулятор жетерлік кернеумен орнатылып, радио штекерлік қуат блогы 24 токқа қосылмаған жағдайда көрсетіледі.
Аккумулятор зарядтау күйінің индикаторы b ағымдық аккумулятор күйін көрсетеді. Егер аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы жыпылықтаса, аккумулятор зарядталуы керек.
| Керсеткіш | Куаты |
| ≥ 2/3 | |
| ≥ 1/3 | |
| < 1/3 | |
| Резерв | |
| Аккумулятор бос |
15 аккумуляторын алу үшін аккумулятордағы 16 ашу пернесін басып, 17 аккумулятор бөлімінен тартып шығарыңыз.
Штекерлік қуат блогымен пайдалану
Желі қуатына назар аударыңыз! Штекерлік қуат блогы ток көзінің қуаты штекерлік қуат блогының зауыттық тактайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
12 В қосу ұяшығының 23 қорғағыш қалпақшасын ашыңыз. 12 В штекерлік қуат блогының құрылғы штекерін 25 қосу ұяшығына 23 салыңыз. Штекерлік қуат блогын ток желісіне қосыңыз.








▶ Тек радионызға арналған түпнұсқалық Bosch штекерлік қуат блоктарын пайдаланыңыз. Тек осылай радионың кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мүмкін.
Ластанудан сақтау үшін 12 В қосу ұяшығының 23 сақтау қалпақшасын құрылғы штекерін шығарғанда қайта жабыңыз.
Штекерлік қуат блогын 24 пайдаланбағанда радионың сақтау бөлімшесінде сақтау мүмкін. Сақтау бөлімшесінің бұғаттау тұтқышын 21 және қақпағын 20 ашыңыз.
Буферлік батареяларды салу/алмастыру
Радиода сағатты сақтау үшін буферлік батареяларды салу керек болады. Ол үшін алкалин марганецтік батареялар ұсынылады.
Батарея бөлімін ашу үшін 18 бұрандасын босатып, батарея бөлімінің қақпағын 19 ашып қойыңыз. Буферлік батареяларды салыңыз. Батарея бөлімі қақпағының сыртындағы суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея бөлімшесінің қақпағын 19 қайта салып, бұрандамен 18 бұрап қойыңыз.
Радиода сағат сақталмай көрсеткіш әлсіз көрсетілгенде буферлік батареяларды алмастырыңыз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және куаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
▶ Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, буферлік батареяларды радиодан алып қойыңыз. Ұзақ уақыт жатқан буферлік батареялар тот басуы және зарядын жоғалтуы мүмкін.
Пайдалану
► Радионы сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. Радио тек құрғақ ішкі бөлмелерде пайдалануға арналған.
Аудио жұмысы
Қосу/өшіру
Радионы қосу үшін қосу-өшіру пернесін 3 басыңыз. 8 дисплейі қосылып соңғы өшіруден алдын реттелген аудио көзі қайталанады.
Ескертпе: Аккумуляторды алғаш рет пайдалануда немесе радионы ұзақ уақыт пайдаланбауда қосу-өшіру пернесін 3 қосу үшін бірнеше рет немесе ұзақ басу керек болады.
Дисплей 8 әр перне басылуында бірнеше секунд жанады.
Радионы өшіру үшін қосу-өшіру пернесін 3 қайта басыңыз. Аудио көзінің ағымдық параметрі сақталады.
Энергияны үнемдеу үшін радионы тек пайдаланарда ғана қосыңыз.
Дыбыс қаттылығын реттеу
Радионы қосудан соң орташа дыбыс қаттылығы (10 мәнінде) реттеледі.
Дыбыс қаттылығын көтеру үшін "Vol +" 6 пернесін, ал дыбыс қаттылығын төмендету үшін "Vol -" 5 пернесін басыңыз. "VL" дыбыс қаттылығы параметрі 0 мен 20 аралығындағы мәнмен дисплейде бірнеше секунд жанады.
Радио стансаларды реттеу немесе алмастырудан алдын дыбыс қаттылығын төменірек мәнге, сыртқы аудио көзін іске салудан алдын орташа мәнге реттеніз.
Дыбысты өшіру үшін "Mute" 13 пернесін басыңыз. Дыбысты қайта қосу үшін "Mute" 13 пернесін немесе "Vol +" 6 немесе "Vol -" 5 дыбыс қаттылығының пернелерін басыңыз.
Дыбысты реттеу
Оптималды дыбыс шығару үшін радио ішіне эквалайзер орнатылған.
Терендіктер аукымын қолмен өзгерту үшін "Equalizer" 4 пернесін бір рет басыңыз. Дисплейде "ВА" және терендіктер аукымының сақталған мәні көрсеткішінде пайда болады. Биіктіктер аукымы үшін "Equalizer" 4 пернесін қайта басыңыз, көрсеткіште "TR" мен биіктіктер аукымының сақталған мәні пайда болады.
Терендіктер немесе бийктіктер аукымын – 5 мен + 5 аралығында өзгерту мүмкін. Көрсетілген мәнді көтеру үшін "Vol +" 6 пернесін, ал төмендету үшін "Vol –" 5 пернесін басыңыз. Көрсеткіш соңғы перне басылуынан бірнеше секунд соң уақыт көрсеткішіне ауысса, өзгертілген мәндер автоматты сақталады.
Аудио көзін таңдау
Аудио көзін таңдау үшін "Source" 14 пернесін дисплейде керекті ішкі аудио көзі көрсеткіші f ("Радио стансаны реттеу/сақтау" 108 бетінде қараңыз) немесе сыртқы аудио көзі көрсеткіші ("Сыртқы аудио көздерін қосу" 109 бетінде қараңыз) көрсетілгенше баса беріңіз:
- "AUX": сыртқы аудио көзі (мысалы, CD плеер) 3,5 мм уяшығы 22 арқылы.
Қадаулы антенаны бағыттау
Радио орнатылған қадаулы антенна 7 менен жеткізіледі. Радио жұмыс істегенде қадаулы антеннаны ең жақсы қабылдау бағынына бұрыңыз.
Жетерлік қабылдау мүмкін болмаса, онда радионы жақсырақ қабылдау болатын жерге орнатыңыз.
Ескертпе: Радионы радио жабдықтарының, радио құрылғылардың немесе басқа электроникалық құрылғылар ортасында пайдалансаңыз, радио қабылдау төмендеуі мүмкін.
Радио стансаны реттеу/сақтау
Аудио көзін таңдау пернесін "Source" 14 f "FM" көрсеткіші ультра қысқа толқын (УҚТ) үшін немесе "АМ" көрсеткіші орташа толқын аумағы (ОТ) үшін пайда болғанша баса беріңіз.
Белгілі радио жиілігін реттеу үшін жоғарыда іздеу пернесін ►►► 12 басып, жиілікті көтеріңіз немесе төменде іздеу пернесін ►►► 11 басып жиілікті төмендетіңіз. Ағымдық жиілік дисплейде а көрсеткішінде пайда болады.









Жоғары сигнал қаттылығымен радио стансаларды
іздеу үшін жоғарыда іздеу пернесін ►►1 12 немесе төменде іздеу пернесін ◀◀11 басып қысқа басып ұстап тұрыңыз. Табылған радио стансаның жиілігі дисплейдегі а көрсеткішіне пайда болады.
Сәйкес сигналдың қабылдану күші жетерлік болса радио автоматты стерео қабылдауға өтеді. Дисплейде стерео қабылдау көрсеткіші с пайда болады.
Реттелген радио стансасын сақтау үшін бағдарламаны сақтау пернелерінің 9 бірін 3 секунд басып тұрыңыз. Индикаторда е "PR" мен таңдалған бағдарламаны сақтау пернесінің нөмірі пайда болғанда, станса сақталады. 5 УҚТ станса мен 5 ОТ стансаны сақтау мүмкін. Бос емес сақтау орны жаңа таңдалғанда жаңа реттелген радио стансамен қайта жазылады.
Сақталған радио стансаны ойнату үшін тиісті бағдарламаны сақтау пернесін 9 басыңыз. е индикаторында бірнеше секундке "PR" мен бағдарламаның нөмірі пайда болады.
Сыртқы аудио көздерін қосу
Кірістірілген радиомен түрлі сыртқы аудио көздерін ойнату мүмкін.
"AUX IN" ұяшығының 22 қорғағыш қалпақшасын шешіңіз. AUX кабелінің 26 бұрыштық 3,5 мм штекерін ұяшыққа салыңыз (суреттер бетіндегі суретке қараңыз). AUX кабелінің басқа штекерін сәйкес аудио көзіне қосыңыз. Қосылған аудио көзін ойнату үшін аудио көзін таңдау
"Source" 14 пернесін дисплейде f көрсеткішінде "AUX" пайда болғанша басыңыз.
AUX кабелінің штекерін алғанда ластанудан сақтау үшін "AUX IN" ұяшығының 22 қорғағыш қалпақшасын қайта орнатыңыз.
Уақыт көрсеткіші
Радиода бөлек энергиямен жабдықталатын уақыт көрсеткіші бар. Куаты жетерлік буферлік батареялар батарея бөлімшесіне салынса ("Буферлік батареяларды салу/алмастыру" 108 бетінде қараңыз), уақытты радио аккумулятор немесе штекерлік қуат блогы арқылы энергия жабдықталуынан ажыратылатын болса да сақтау мүмкін болады.
Уақытты реттеу
- Уақытты реттеу үшін уақытты реттеу пернесін сағаттар саны жыпылықтағанша 10 рет басыңыз.
- Жоғарыда іздеу пернесін ▶▶| 12 немесе төменде іздеу пернесін ◀◀11 дұрыс сағаттар саны көрсетілгенше баса беріңіз.
- 10 пернесін минуттар саны көрсеткішінде жыпылықтағанша қайта басыңыз.
- Жоғарыда іздеу пернесін ▶▶12 немесе төменде іздеу пернесін ◀◀11 дұрыс минуттар саны көрсетілгенше баса беріңіз.
- Уақытты сақтау үшін Ⓞ 10 пернесін үшінші рет басыңыз.
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Жаңа немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған аккумулятор толық сыйымдылығына шамамен 5 зарядтау-заряды таусылу циклынан кейін жетеді.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Ақаулар – Себептері және шешімдері
Себебі Шешімі Радио жұмыс істемей жатыр
| Энергия жабдыкталуы жок | Штекерлік куат блогы мен құрылғы штекерін немесе зарядталғанаккумуляторды (толық) салыңыз |
| Радио тым ыстық немесе тым сүық | Радио жұмыс темпера- турасына жеткенге дейін күтіңіз |
| Радио желілік жұмыста жұмыс істемей жатыр | |
| Штекерлік куат блогы немесе қосу кабелі закымдалған | Штекерлік куат блогы немесе қосу кабелін тексеріп, керек болса, алмастырыңыз |
| Қате штекерлік куат блогы салынған | Түпнұсқалық Bosch штекер- лік куат блогын пайдаланы-ңыз (қосалқы бөлшек ретінде де алу мүмкін) |
Радио аккумуляторлық жұмыста жұмыс істемей жатыр
| Аккумулятор ластанған | Аккумулятор контактілерін тазалау; мысалы, аккумуляторды бірнеше рет зарядтау науасына салып-шығарыңыз, кажет болса оны ауыстырыңыз |
| Аккумулятор бузылған | Аккумуляторды алмастыру |
| Аккумулятор тым ыстық немесе тым суық | Аккумулятор жұмыс температурасына жеткенше күтіңіз |
Радио істемей қалды
| Штекерлік куат блогынемесе аккумулятортолығымен салынбаған | Штекерлік куат блогыннемесе аккумулятордыдурыс және толық салыңыз |








110|Қазақша
Себебі: Радио қабылдау жақсы емес. Шешімі:
| Баска кұрылғылар немеседұрыс емес орнату жайыарқылы ақаулық | Радионы қабылдаужаксырақ болатын баскажерге қойыңыз немесебасқа электрондыққұрылғылардан ұзағырақорналастырыңыз |
Уақыт көрсеткіші ақаулығы
| Сағатың буферлікбатареялары бос | Буферлік батареялардыалмастырыңыз |
| Буферлік батареяларполюстары ауысып кеткен | Буферлік батареялардыдұрыс полюстарменсалыңыз |
Егер айтылған көмектесу шаралары арқылы қателік жойылмаса, онда өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін радионы таза ұстаңыз. Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС "Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек даңғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Радиоларды, штекерлік қуат блоктарын, аккумуляторларын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған ортаны қорғайтын ретте қадеге жарату орнына тапсыру қажет.
Радиоларды, штекерлік қуат блоктарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:

Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша жарамсыз электр құралдары және Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша зақымдалған немесе ескі аккумулятор/батареялар бөлек жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:
"Тасымалдау" тарауындағы, 110 бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.








