HD 6/15 M PU - жоғары қысымды жуғыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HD 6/15 M PU Kärcher PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жоғары қысымды жуғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HD 6/15 M PU - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HD 6/15 M PU брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HD 6/15 M PU Kärcher
Бұйымды алғаш рет қолдану алдында осы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды жəне түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. Оларға сай əрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де кейін пайдалану немесе кейінгі пайдаланушылар үшін сақтап қойыңыз. ● Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқаулармен қоса, заңмен белгіленген жалпы қауіпсіздік жəне қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерге назар аударуыңыз қажет. ●Құрылғыдағы нұсқаулары мен ескертулері бар тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған маңызды нұсқауларды береді. Қауіп деңгейлері
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау. 몇 АБАЙЛАҢЫЗ ● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау. НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау. Жеке қорғаныс құралы
Құрылғыдағы жұмыстарды орындау үшін тиісті қолғапты пайдаланыңыз.
Пайдалану нұсқаулығында дыбыстық қысымның деңгейі 80 дБ(A)-ден жоғары көрсетілсе, құлақаспап пайдалану қажет, пайдалану нұсқаулығындағы Техникалық сипаттар бөлімін қараңыз.
немесе лас тамшыларынан өзіңізді қорғау үшін, қолайлы қорғайтын киімдерді жəне қорғаныш көзілдірігін пайдаланыңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде аэрозоль булары туындауы мүмкін. Бұл аэрозоль булармен тыныс алу денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Аэрозольмен демалудың алдын алу үшін, тазарту қажет бетке жəне қоршаған орта жағдайларына қарай қажетті қорғаныс шараларын қабылдау үшін, жұмыс беруші өндірістік қауіптерді бағалауға міндетті. Ағызып апаратын аэрозольдерді қорғау үшін FFP 2 немесе одан жоғары кластың респираторлары қажет
Ыстық сумен жоғары қысымды жуғыштарды ішкі жану қозғалтқыштарында қолданған кезде пайдаланылған газдар мен күйе пайда болуы мүмкін. Пайдаланылған газдарды жұтсаңыз жəне күйені ұстасаңыз, денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Пайдаланылған газдарды жұтуға жəне күйемен жанасуға қарсы қажетті қорғаныс шараларын анықтау қажет. Сондықтан пайдаланылған газдардан қорғану үшін тиісті тыныс алу маскасын жəне күйеден қорғану үшін тиісті қолғапты қолданыңыз. Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы
ҚАУІП ● Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы балалардан алыс ұстау қажет. 몇 ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны тек нұсқауға сəйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды ескеріңіз жəне құрылғымен жұмыс істеген кезде, бөгде тұлғаларды, əсіресе балаларды қадағалаңыз. ● Құрылғыны физикалық, психикалық жəне ойлау қабілеті жеткіліксіз адамдардың, тəжірибесі/білімі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына болмайды. ● Құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау берілген немесе құрылғыны пайдалану мүмкіндігін растаған жəне осы мақсатқа нақты тағайындалған адамдарға
пайдалануға рұқсат етілген. ● Балаларды бұйыммен ойнамайтындай етіп қадағалап тұрыңыз. ● Балаларға немесе жастарға құрылғыны басқаруға рұқсат етілмейді.
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз. Ток соғу қаупі ҚАУІП ● I қорғаныс сыныбы бар құрылғыны сəйкес жерге тұйықталған қуат көзіне қосу керек. ● Зауыт тақтайшасында көрсетілген кернеу желі кернеуіне сəйкес келу керек. ● Розетканың сақтандырғыштармен минималды қорғанысын қамтамасыз етіңіз, пайдалану нұсқаулығындағы Техникалық сипаттар бөлімін қараңыз. ● Құрылғыны тек ақаулардан автоматты қорғаныспен (макс. 30 мА) пайдалануға рұқсат етіледі. ● Ешқашан қуат ашасы
розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз. ● Ұзартқыштың желі ашасы мен муфта су өтпейтін болу жəне суда болмау керек. Жалғаулық муфтаның еденде жатпауы керек. Розеткалардың мин. еденнен 60 мм жоғары биіктікте болуына кепілдеме беретін кабельдік барабандарды қолданыңыз. ● Барлық ток беретін бөлшектері судың енуінен қорғалған болу керек. 몇 ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны IEC 60364-1 стандартына сəйкес электрик маман орындаған қуат көзіне жалғаңыз. ● Əрбір іске қосу алдында желі кабелі мен желі ашасында зақым белгілерінің жоқтығын тексеріңіз. Желі кабелі зақымдалған жағдайда құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Зақымдалған желі кабелін дереу авторизацияланған сервистік қызмет/электрик мамандар күшімен ауыстыру керек. ● Жаншу, қысу, созу немесе осыған ұқсас əрекетпен желі кабелін немесе ұзартқышты зақымдап алмауға тырысыңыз. Желі кабелін жоғарғы температура, май жəне өткір жиектер əсерінен қорғау керек. ● Желіге қосу үшін əзірлеуші рұқсат еткен желілік сымды ғана қолданыңыз, бұл шарт желілік сымды ауыстырған кезде де əрекет етеді. Тапсырыс № жəне түрі. Пайдалану нұсқаулығынқараңыз. ● Үйлесімді емес электр ұзартқыштарының қауіпті болуы мүмкін. Ашық аспан астында жұмыс істеген кезде жеткілікті қимасы бар, тиісінше таңбаланған жəне əзірлеуші рұқсат еткен электр ұзартқыш сымды ғана қолданыңыз. ● Желіге немесе ұзартқыш электр сымдарына қосуға қолданылатын байланыстырғыш муфталар су74 Қазақша өткізбеушілігі жəне механикалық беріктігі бірдей дəл сондай муфталармен ауыстырылуы керек. 몇 АБАЙЛАҢЫЗ ● Ұзақ тоқтап тұрғанда жəне пайдаланып болған соң құрылғыны басты ажыратқышпен ажыратып, ашаны желіден
НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Қосу процестері кернеудің қысқа уақытқа төмендеуіне əкеледі. ● Электр желісінің сипаттамалары қанағаттанарлық болмаған кезде, кейбір құрылғылардың жұмысы шектеулі болады. ● Желінің толық кедергісі 0,15 Ом-нан аз болған кезде құрылғы жұмысында ақау байқалмайды.
몇 ЕСКЕРТУ ● Жоғары қысым түтік құбыры зақымдалған кезде құрылғыны іске қосуға рұқсат етілмейді. Зақымдалған жоғары қысым түтік құбырын тез арада ауыстыру қажет. Əзірлеуші ұсынған түтік құбыр мен байланыстарды ғана қолдануға рұқсат етіледі. Тапсырыс № Пайдалану нұсқаулығынанқараңыз. ● Барлық байланыстырғыш түтік құбырлардың резьбалық байланысы бітеу болуы керек. НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Сумен жабдықтау кəсіпорныңыздың нұсқауларын сақтаңыз.
Құрылғыны қауіпті аймақтарда (мыс., АЖҚС) қолданған кезде сəйкес қауіпсіздік ережелерін
Жарылыс қаупі бар аймақтарда пайдалануға тыйым салынады.
Еріткіштерді, құрамында еріткіштері бар сұйықтықты немесе сұйытылмаған қышқылдарды сіңірмеңіз. Оларға мысалы, бензин, бояуды еріткіштер немесе пеш отыны жатады. Аэрозоль булары жоғары уыттылыққа ие, жарылысқа қауіпті жəне улы.
Зақымдалған автокөлік қақпақтары/ниппель қақпақтары өмірге қауіпті. Автокөлік қақпақтарының/ниппель қақпақтарының жоғарғы қысыммен зақымдалуы мүмкін жəне жарылуы мүмкін. Мұның алғашқы себебі қақпақтың түсуінің өзгеруі болуы мүмкін. Қақпақтарды/қақпақтардың ниппелін тазалау кезінде бүріккіштердің мин. 30 см ара қашықтығын сақтау керек. 몇 ЕСКЕРТУ ● Əсер ету аймағында сəйкес қорғаныс киімдері жоқ адамдар болатын болса, құрылғыны қолданбаңыз. ● Жоғары қысымды тазартқыштың ұңғысы қысқа болса, жоғары қысымды ағынға қолдың кездейсоқ түсіп кетуі мүмкін. Ұңғысының ұзындығы 75 см-ден қысқа нүктелік бүріккіштерді немесе роторлық бүріккіштерді пайдаланбаңыз. ● Жоғары қысымды ұңғыдан шыққан су ағынының беріліс күші жоғары. Ұңғы еңкейтілсе , күші жоғары бағытталған. Тапанша пен ұңғыны берік ұстау қажет. ● Еңкейтілген бүріккіш құрылғыларды пайдаланған кезде беріліс күші мен айналдыру күші өзгеруі мүмкін. ● Киімді немесе аяқ киімді тазалау үшін, өзіңізге жоғарғы қысым ағынын бағыттамаңыз. ● Жоғарғы қысым ағынын адамдарға, жануарларға, белсенді электр жабдықтарына немесе құрылғының өзіне бағыттамаңыз. ● Жоғарғы
ағынымен денсаулыққа қауіпті заттарды (мыс., асбест) қамтитын затты тазаламаңыз. ● Əрбір іске қосу алдында құрылғыны жəне құрамдас бөліктерін тексеріңіз, мыс, жоғарғы қысым шлангінің, шашыратқыш пистолет пен қорғаныс құрылғысының сəйкес қалыпта жəне қауіпсіз пайдаланылатынын тексеріңіз. Зақымдалу болған жағдайда құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Зақымдалған компоненттерін дереу ауыстыру керек. ● Тек қана өндіруші ұсынатын жоғарғы қысым шлангісін, арматураны жəне муфтаны пайдаланыңыз. 몇 АБАЙЛАҢЫЗ ● Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда қараусыз қалдырмаңыз. ● Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрса, қаптаманы ашпаңыз. ● Жұмыс кезінде жоғары қысымды тапанша иінтірегін тірелгенше баспаңыз. ● Ыстық сумен жұмыс істегеннен кейін түтік құбырды суытыңыз немесе құрылғының салқын сумен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз. ● Құрылғының негізі тегіс, берік болуы қажет. ● Қауіпсіздік техникасы мен
денсаулығын сақтау талаптарына сəйкес келу үшін, бетті тазарту алдында өндірістік қауіптерді бағалаумен танысу қажет. Қажет болса, тиісті сақтық шараларын орындау қажет. НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Құрылғыны 0 °C- тан төмен температурада қолданбаңыз. ● Қозғалтқыштарды майтұтқыштарды жууға арналған орындарда ғана тазарту қажет. Тазалау құралдарымен пайдалану 몇 АБАЙЛАҢЫЗ ● Тазалау құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз. ● Тазарту құралдарын қолданған кезде əзірлеушінің тазарту құралына қатысты қауіпсіздік паспортын сақтау қажет, əсіресе, бұл жеке қорғаныс құралдарына арналған нұсқауларға қатысты. ● Жеткізілетін немесе өндіруші ұсынатын тазалау құралдарын ғана пайдаланыңыз. Басқа тазалау құралдарын немесе химикалийді пайдалану құрылғы қауіпсіздігіне əсер етуі мүмкін. ● Ұсынылған тазарту құралдарын пайдалану алдында сұйылту керек. Материалдар құрамында қоршаған ортаны ластайтын қышқылдар, сілтілер немесе заттар болмағандықтан, олар пайдалануға сенімді болып есептеледі. Тазартқыш құралдар көзге түскен кезде оны судың көп мөлшерімен жуып, дəрігерге көріну керек. Тазартқыш құралдарын байқаусызда жұтып қойған кезде тез арада дəрігерге қаралу қажет. > 2,5 м/с² (Пайдалану нұсқаулығында Техникалық сипаттар ) бір қолды дірілдеу мəні бар құрылғы 몇 АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны ұзақ қолданған кезде қолдағы қан айналымы бұзылуы мүмкін. Щеткамен жұмыстың жалпы ұзақтығын орнатпау керек, себебі ол көптеген факторларға байланысты болады:
Жеке нашар қан айналымға бейімділік (жиі саусақтарыңыз салқындайды, саусақтарыңыз
Қоршаған орта температурасы төмен. Қолды қорғау үшін жылы қолғаптарды қолданыңыз.
Щетканы мықтап ұстау салдарынан қан айналымының нашарлауы.
Үзіліспен жұмыс істеуге қарағанда, үздіксіз жұмыс істеу зиян. Құрылғыны тұрақты жəне ұзақ қолданған кезде жəне саусақтардың шаншуы, салқын саусақтар сияқтыPortuguês do Brasil 75 қан айналымының нашарлау белгілері бірнеше рет пайда болғанда, дəрігерге қаралу қажет. Пневматикалық шиналардағы құрылғылар 몇 АБАЙЛАҢЫЗ ● Бұралатын дискілері бар құрылғыларға арналған: Шиналардағы қысымды реттеу алдында дискінің барлық бекіткіш бұрандалары тығыз бұралғанына көз жеткізіңіз. ● Шиналардағы қысымды реттеу алдында компрессордағы қысым редукторы дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз. ● Шиналардағы максималды жарамды. Қысымнан асыруға рұқсат
Шинада жəне, қажет болса, дискіде шиналардағы қысымды есептеу қажет. Əртүрлі мəндер болған кезде ең аз мəнді ұстау қажет. Ыстық суға арналған құрылғылар, бензинді қозғалтқышы бар құрылғылар, іштен жанатын қозғалтқыштары бар құрылғылар ҚАУІП ● Сəйкес келмейтін жанармайды қолданудан жарылу қаупі. Пайдалану нұсқаулығында көрсетілген жанармаймен ғана толтырыңыз. 몇 ЕСКЕРТУ ● Пайдаланылған газдар улы. Пайдаланылған газдармен дем алуға рұқсат етілмейді. Құрылғыны пайдаланған кезде ғимараттарды жеткілікті желдетіп, пайдаланылған газдарды шығару қажет. ● Жанармаймен толтырған кезде, жанармайдың ыстық беттерге түспейтініне көз жеткізбеңіз.
Күйік қаупі. Пайдаланылған газдарға арналған саңылауға еңкеймеңіз жəне саңылауды қолмен ұстамаңыз. Жанарғы жұмысы кезінде жылытқыш қазанға жанаспаңыз.
Пайдаланылған газдарды шығаруға арналған саңылауды жабуға рұқсат етілмейді.
Пайдаланылған газдар шыққан кезде ауаға арналған кіріс саңылаулар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Пайдалану нұсқаулығындағы бензин қозғалтқышы бар құрылғыларға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды сақтаңыз. Күтім жəне техникалық қызмет көрсету 몇 ЕСКЕРТУ ● Тазарту, техникалық қызмет көрсету жəне бөлшектерді ауыстыру алдында құрылғыны өшіру қажет, ал желіден қуат алатын құрылғыларда штекерін розеткадан қосымша суыру керек. ● Құрылғыда жəне құрылғының керек- жарақтарында кез келген жұмысты істемес бұрын жүйеден қысымды шығару қажет. 몇 АБАЙЛАҢЫЗ ● Құрылғыны рұқсат етілген сервистік қызмет көрсету орталықтарында қауіпсіздік техникасы бойынша барлық негізгі нұсқауларды білетін осы саладағы мамандар жөндеуі қажет. НАЗАР АУДАРЫҢЫ ● Өндірістік мақсатта қолданылатын тасымалы құрылғылардың қауіпсіздігін тексерген кезде, қолданыстағы жергілікті нұсқауларды ұстану керек. ● Қысқа тұйықталу немесе басқа зақымдар. Құрылғыларды түтік құбырдағы су ағынымен немесе жоғары қысым астында тазартуға тыйым салынады. ● Ацетонды, сұйытылмаған қышқылдарды немесе еріткіштерді қолданбаңыз, себебі олардың құрылғыда қолданылатын материалдарды зақымдауы мүмкін. Құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер 몇 АБАЙЛАҢЫЗ ● Тек əзірлеуші рұқсат еткен құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. Түпнұсқа құрал-жабдықтар мен түпнұсқа қосалқы бөлшектер құрылғыны сенімді жəне үздіксіз пайдалануға кепілдік береді. ● Қауіпті болдырмау үшін жөндеу жəне қосалқы бөлшектерді орнату жұмыстарын тек уəкілетті қызмет көрсету орталығына тапсырыңыз.
Notice-Facile