5 WCM - жоғары қысымды тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз 5 WCM Kärcher PDF форматында.

Kärcher 5 WCM - жоғары қысымды тазалағыш
📄 150 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Kärcher 5 WCM - page 143
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Жоғары қысымды тазалағыш
Бренд Kärcher
Модель 5 WCM (K 5 WCM)
Кернеу 230 V ~
Жиілік 50 Гц
Қосылған қуат 2,1 кВт
Жұмыс қысымы 12,5 МПа
Рұқсат етілген ең жоғары қысым 14,5 МПа
Су шығыны 7,5 л/мин
Ең жоғары шығын 8,3 л/мин
Жуғыш зат шығыны 0,3 л/мин
Салмағы 13,9 кг (WCM) / 14,4 кг (Premium)
Өлшемдері (Ұ × Е × Б) 329 × 369 × 901 мм (WCM) / 389 × 369 × 901 мм (Premium)
Ең жоғары беру температурасы 40 °C
Ең жоғары сору биіктігі 0,5 м
Дыбыс қысымы деңгейі 70 дБ(А)
Дыбыс қуаты деңгейі 86 дБ(А)
Қол-білек тербеліс мәні 2,1 м/с²
Қозғалтқыштың термиялық қорғанысы Иә
Авто-тоқтату функциясы Иә
Пистолетті құлыптау Иә
Сүңгі түрі Vario Power және Rotabuse
Шланг орауышы Иә (нұсқасына қарай)
Кіріктірілген сақтау орындары Кабель, шланг, сүңгілер және пистолет үшін
Қолдану Жеке тұрмыстық

Жиі қойылатын сұрақтар - 5 WCM Kärcher

Жуғыш затты қалай қолдануға болады?
Vario Power сүңгісін SOFT күйіне қойып пайдаланыңыз. Жуғыш заттың сору түтігін тазалау ерітіндісі бар ыдысқа жалғаңыз. Төмен қысым жуғыш затты сумен араластырады. Құрғақ бетке шашыңыз, сіңдіріп қойыңыз, содан кейін жоғары қысыммен шаю.
Қолданғаннан кейін құрылғыны қалай сақтау керек?
Қолданғаннан кейін, шүмек жабық күйде пистолетті 30 секунд басып тұрып қысымды ағызыңыз. Жоғары қысымды шлангты ажыратып, орауышқа немесе сақтау орнына салыңыз. Сүңгілер мен пистолетті өз орындарына орналастырыңыз. Құрылғыны толығымен босатып, аяздан қорғаңыз.
Құрылғы қысым бермейді, не істеу керек?
Су берілісін тексеріңіз: шүмек ашық, шығын жеткілікті. Су қосқыштың торын тазалаңыз (оны жалпақ қысқышпен бұрап алыңыз). Ауаны шығару үшін құрылғыны сүңгісіз іске қосып, су көпіршіксіз шыққанша жұмыс істетіңіз. Саптаманы да тексеріңіз: кірді түйреуішпен алыңыз.
Электр ұзартқышын қолдануға бола ма?
Иә, бірақ ол қуатқа сәйкес болуы керек (2,1 кВт). Қимасы жеткілікті (кемінде 1,5 мм²) және толық жазылған ұзартқышты пайдаланыңыз. Кернеу төмендеген жағдайда қозғалтқыш гуілдеп дыбыс шығаруы мүмкін: алдымен пистолетті басыңыз, содан кейін қуатты қосыңыз.
Ең жоғары қысым қандай?
Жұмыс қысымы 12,5 МПа, ал рұқсат етілген ең жоғары қысым 14,5 МПа. Беттерді зақымдамау үшін осы мәндерден асырмаңыз.
Құрылғыны аяздан қалай қорғау керек?
Құрылғыны толығымен босатыңыз: су беруді өшіріңіз, жоғары қысымды шлангты шешіңіз, қалдық суды шығару үшін 1 минут қуатқа қосыңыз. Оны аяздан қорғалған бөлмеде сақтаңыз. Қыста құрылғыда ешқашан су қалдырмаңыз.
Неліктен жуғыш зат сорылмайды?
Vario Power сүңгісінің толық SOFT күйіне бұрылғанына көз жеткізіңіз. Жуғыш заттың сору түтігі бүгілмегенін және сүзгінің таза екенін тексеріңіз. Сүзгіні ағынды сумен тазалаңыз.
Қандай керек-жарақтар жеткізіледі?
Құрылғы Vario Power сүңгісімен, Rotabuse сүңгісімен, жоғары қысымды пистолетпен, жоғары қысымды шлангпен және жуғыш заттың сору түтігімен бірге жеткізіледі. Қосымша керек-жарақтар (щетка, бет тазалағыш) қосымша ретінде қолжетімді.
Су сүзгісін қалай тазалау керек?
Су беру қосқышының муфтасын бұрап алыңыз. Торды жалпақ қысқышпен алыңыз. Оны ағынды сумен тазалап, қайта салыңыз. Зақымдалған тор сорғыны бұзбау үшін ауыстырылуы керек.
Резервуардағы суды қолдануға бола ма?
Иә, KÄRCHER сору түтігімен (жөн. 2.643-100). Оны сумен толтырып, қосқышқа бұрап, резервуарға батырыңыз. Ең жоғары сору биіктігі 0,5 м.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы 5 WCM Kärcher

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жоғары қысымды тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз 5 WCM - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. 5 WCM брендінің Kärcher.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 5 WCM Kärcher

Қоршаған ортаны қорғау 143

Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану.... 143

Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ..... 143

Жеткізілім жинағы 143

Құрылғының сипаттамасы.... 143

Қорғаныс құрал-жабдықтары 144

Құрылғыдағы белгілер.... 144

Орнату 144

Пайдалануға енгізу.... 144

Пайдалану.... 145

Тасымалдау.... 146

Сақтау 146

Күтім және техникалық қызмет көрсету ..... 146

Ақаулар кезіндегі көмек.... 147

Кепілдік 147

Техникалық сипаттамалары.... 148

ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация.... 148

Жалпы нұсқаулар

Kärcher 5 WCM - Жалпы нұсқаулар - 1

Kärcher 5 WCM - Жалпы нұсқаулар - 2

Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген

қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз.

Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.

Қоршаған ортаны қорғау

Kärcher 5 WCM - Қоршаған ортаны қорғау - 1

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Kärcher 5 WCM - Қоршаған ортаны қорғау - 2

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп

төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделетін материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.

Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар туындайтын жұмыстарды (мысалы, қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы бар жуу аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.

Жуғыш құралдармен жұмыстарды кәрізге бұрылатын герметикалық жұмыс аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.

Кейбір елдерде қоғамдық су қоймаларынан су алуға тыйым салынады.

Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)

Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH

Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану

Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына арналған қысымда ғана пайдаланыңыз.

Қысыммен жуу аппараты машиналарды, тасымалдау құралдарын, құрылымдарды, құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бай-бақша жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен тазалауға арналған.

Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер

Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.

Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.

Жеткізілім жинағы

Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.

Құрылғының сипаттамасы

Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз. Сурет А

Сурет B

① Көліктің дөңгелегі ② Су жеткізуге арналған кіріктірілген елегі бар жалғағыш ③ Жуғыш затты соратын түтік ④ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель

⑤ Желі кабеліне арналған бөлігі

⑥ Шланг орамы

⑦ Жоғары қысымды түтікке арналған ұстағыш

⑧ Киын кетірілетін дақтар үшін фрезалары бар шүмек

⑨ Тазалаудың жалпы жұмыстарына арналған Vario Power шүмегі: Жұмыс қысымын «Жұмсақ» күйден «Қатты» күйге баяу көтеруге болады. Жұмыс қысымын өзгерту үшін жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз және шүмекті қалаған күйге бұраңыз. Бүріккіш SOFT күйіне толығымен бұралған жағдайда, жуғыш құралды қосуға болады.

⑩ Жоғары тегеурінді пистолет ⑪ Жоғары қысымды шлангіні жоғары қысымды пистолеттен ажырату түймесі

⑫ Жоғары қысымды пистолет тұтқасы

⑬ Жоғары қысымды пистолеттің фиксаторы

⑭ Жоғары тегеурінді құбыршек

⑮ «0/OFF» / «I/ON» ажыратқышы

⑯ Ағынды құбырларды сақтау

⑰ Жоғары қысымды шлангті/желіге қосылу кабелін сақтау

⑱ Тасымалдау тұтқасы

⑲ Жоғары қысымды пистолетті сақтау

⑳ Жоғары қысымды қосу үшін жылдам муфта

(21) Зауыт тақтайшасы

② Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы

③ Бақша шлангісі (матамен нығайтылған, диаметрі – кемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы – кемінде 7,5 м, стандартты жылдам байланыстыратын жалғағышпен)

(24) ** Ашық ыдыстардан су жіберуге арналған KÄRCHER сорғыш шлангісі (тапсырыс № 2.643-100)

25 Бурандалар

⑳ Жоғары қысымды шлангқа арналған қысқыш

** қосымша талап етіледі

Қорғаныс құрал-жабдықтары

⚠АБАЙЛАҢЫЗ

Жетіспейтін немесе өзгертілген қорғаныс құрал-жабдықтары!

Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.

Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз, алып тастамаңыз немесе өшірмеңіз.

Ажыратқыш

Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына кедергі болады.

Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы

Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттайды және құрылғының кездейсоқ іске қосылуына кедергі болады.

Автоматты түрде өшу функциясы

Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді және жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан кезде сорғы қайтадан қосылады.

Қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы

Токты артық тұтынған кезде қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы құрылғыны өшіреді.

Құрылғыдағы белгілер

Kärcher 5 WCM - Құрылғыдағы белгілер - 1

Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға, жануарларға, жұмыс істеп тұрған электрлік құрылғыға және құрылғының өзіне бағыттауға тыйым салынады. Құрылғыны аяздан қорғаңыз.

Kärcher 5 WCM - Құрылғыдағы белгілер - 2

Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.

Орнату

Суреттерді графикалық беттен қараңыз.

Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген бөлшектерді монтаждаңыз.

Жиынтықтан бұранданы және сәйкес келетін бұрауышты дайындап қойыңыз.

Тасымалдау тұтқасын орнатыңыз

  1. Тасымалдау тұтқасын бекітіңіз.
  2. Тасымалдау тұтқасын 3 бұрандамен бекітіңіз. Сурет C

Жоғары қысымды шланг/желіге қосу кабелі үшін қойманы орнату

  1. Жоғары қысымды шланг/желіге қосу кабелінің ұстағышын тасымалдау тұтқасының ортасындағы ұстағышта сақтау. Сақтау орны сырт етіп бекітіледі.

Сурет D

Бүріккіш түтікке арналған қойманы орнатыңыз

  1. Бүріккіш түтікке арналған қойманы құрылғыдағы ұстағышқа итеріңіз.
  2. Сактауды соңғы күйінде нық ұстаңыз және бұрандамен бекітіңіз.

Cypet E

Жоғары қысымды пистолетке арналған қойманы орнатыңыз

  1. Жоғары қысымды пистолетке арналған қойманы құрылғыдағы ұстағышқа сырғытыңыз.
  2. Сактауды соңғы күйінде нық ұстаңыз және бұрандамен бекітіңіз.

Cypet F

Желіге қосу кабелі үшін сақтауды орнатыңыз

Шланг орамы жоқ құрылғылар

  1. Желіге қосу кабеліне арналған қойманы сырттан тасымалдау түтқасындағы ұстағышқа итеріңіз.
  2. Сактауды соңғы күйінде нық ұстаңыз және бұрандамен бекітіңіз.

Cypet G

Жоғары қысымды шланг орамын орнатыңыз

Шланг орамы бар құрылғылар

  1. Шланг орамасының ұстағышын бекітіңіз.
  2. Ұстағышты 2 бұрандамен бекітіңіз. Сурет Н
  3. Шланг орамын бекітіңіз. Шланг орамы сырт етіп бекітіледі. Сурет I

Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны монтаждау

  1. Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз. Сурет J

Пайдалануға енгізу

  1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
  2. Жоғары тегеурінді құбыршекті толық шешіп, ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.

Нұсқау

Шланг орамы бар құрылғылар: Жұмыс кезінде жоғары қысымды шланг, шланг орамынан толығымен шығарылуы керек.

  1. Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолетке ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылғанша сала беріңіз.

Сурет К

Нұсқау

Бүріккіш түтіктің дұрыс қалыпта тұруын бақылаңыз.

  1. Жоғары тегеурінді құбыршекті тез жалғағыш қосылысқа ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылатындай салыңыз.

Cypet L

  1. Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің сенімділігін тексеріңіз.
  2. Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.

Су беру

Сумен қамтамасыз ету кәсіпорнының нұсқауларын сақтаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Ластанған судың келтіретін залалы

Судағы ластанулар сорғының және оның жабдықтарының зақымдануына алып келеді. KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс беру нөмірі 4.730-059).

Су құбырына қосылу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Құрылғының су қосылымында шлангінің Aquastop-пен байланысы

Сорғының зақымдануы

Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.

Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.

  1. Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
  2. Бакша кубыршегін су кубырына косыңыз. Сурет М
  3. Су кубырының шумегін толыктай ашыңыз.

Ашык ыдыстардан суды айданыз

Бул крысыммен жууға арналған аппарат кері клапаны бар KÄRCHER сору құбыршегімен (арнайы жабдык, тапсырыс беру № 2.643-100) беткі суларды, мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеден немесе тогандардан ағызуға жарайды (Ағызудың максималды биіктігін бөлімнен қараңыз Техникалық сипаттамалары).

Сору жұмыстарын жүргізу кезінде су жеткізу үшін жалғағыш муфта талап етілмейді.

  1. Сору кубыршегін сумен толтырыңыз.
  2. Сорғыш шлангіні құрылғыдағы су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз және су көзіне жіберіңіз (мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеге).

Курылғыдағы ауаны жою

  1. Курылғыны косыңыз («І/ОН»).
  2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
  3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Кұрылғы қосылады.
  4. Кұрылғыны су жоғары тегеурінді пистолеттен көпіршіктерсіз шықпағанша максимум 2 минут жұмыс істетіңіз.
  5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
  6. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.

Пайдалану

НАЗАР АУДАРЫНЫ

Сорғының құрғақ жұмыс істеуі

Құрылғының зақымдануы

Егер құрылғыда 2 минут бойы қысым пайда болмаса, онда оны өшіріңіз және Ақаулар кезіндегі көмек бөліміндегі нұсқауларды сақтаңыз.

Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі

НАЗАР АУДАРЫНЫ

Боялған немесе сезімтал беттердің зақымдалуы

Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған жағдайда беттер зақымдалады.

Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем емес шегіністі сақтаңыз.

Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.

  1. Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
  2. Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
  3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
  4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.

Cypet N

Тазалау құралдарымен пайдалану

⚠️ҚАУІП

Техникалық төлқұжатты сақтамау

Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.

Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары бойынша нұсқауларды қараңыз.

Нұсқау

KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат етіңіз немесе біздің каталогты немесе тазалағыш заттар туралы ақпараттық парақтарымызды сұраңыз.

Нұсқау

Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде араластыруға болады.

  1. Корпустан жуғыш құралға арналған сору құбыршегінің талап етілетін ұзындығын тартыңыз.
  2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
  3. Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
  4. Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз. Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су ағысына араластырылады.

Сурет О

Ұсынылатын жуу тәсілі

  1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке шашыңыз және сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
  2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен шайып тастаңыз.

Жуғыш құралмен жуғаннан кейін

  1. Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып тастаңыз.

Жұмысты тоқтату

  1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз. Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде жоғары қысым қалады.
  2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз. Сурет Р
  3. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).

Жұмыстың аяқталуы

⚠АБАЙЛАҢЫЗ

Жүйедегі қысым

Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.

  1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
  2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
  3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд бойы басып тұрыңыз. Жүйеде қалған қысым тасталады.
  4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
  5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
  6. Құрылғыны су құбырының желісінен ажыратыңыз.
  7. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
  8. Желі істікшесін токтан ажыратыңыз.

Тасымалдау

△АБАЙЛАҢЫЗ

Салмақтың сақталмауы

Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.

Құрылғыны сүйреу

  1. Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.

Автомобильмен тасымалдау

  1. Құрылғыны қисаймайтындай және құламайтындай етіп бекітіңіз.

Сақтау

△АБАЙЛАҢЫЗ

Жарақат алу және зақымдану қаупі бар!

Құрылғы көлбеу беттерде аударылып кетуі мүмкін.

Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.

Құрылғыны ұстау

  1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
  2. Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
  3. Жоғары тегеурінді пистолетте ажырату батырмасын басыңыз және жоғары тегеурінді кұбыршекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
  4. Жоғары тегеурінді кұбыршекке арналған тез жалғағыш қосылыстың корпусын тетікпен көрсетілген бағытта басыңыз және жоғары тегеурінді кұбыршекті шығарыңыз.
  5. Жоғары тегеурінді кұбыршекті салыңыз. Шланг орамы жоқ құрылғылар Шлангты сақтау үшін құрылғыға ораңыз. Шланг орамы бар құрылғылар

a Жоғары тегеурінді кұбыршектің бір ұшын шланг орамасының алдыңғы жағындағы саңылауға салыңыз. b Жоғары тегеурінді құбыршекті орау үшін нінді бұраңыз. с Жоғары тегеурінді құбыршекті екінші қолыңызбен бағыттаңыз. Сурет Q

d Шыршықталған жоғары қысымды шлангты жоғары қысымды шланг қысқышымен шланг орамына бекітіңіз.

Сурет R

  1. Курылғыдағы желі кабелін салыңыз.
  2. Бүріккіш түтіктің екеуін де, жоғары қысымды пистолетті де тиісті қоймаға қойыңыз.

Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды сақтаңыз, Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.

Аяздан қорғау

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Қатып қалу қаупі

Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан зақымдалуы мүмкін.

Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен құрғатып алыңыз.

Құрылғыны суық әсерінен қорғаңыз.

Мынаны орындау қажет:

• Құрылғы су құбырынан ажыратылған. • Жоғары тегеурінді құбыршек ажыратылған. 1. Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»). 2. Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып біткенше максимум 1 минут күтіңіз.

  1. Құрылғыны өшіріңіз.
  2. Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық жабдықтарымен бірге сақтаңыз.

Күтім және техникалық қызмет көрсету

Кернеуде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар

Құрылғыны өшіріңіз.

Желілік штепсельді розеткадан шығарып алыңыз.

Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, яғни оған қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажет емес.

Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електі тазалау

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електің зақымдалуы

Лас судың әсерінен құрылғының зақымдалуы. Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас бұрын зақымдарға тексеріңіз.

Қақталған жағдайда, електі су жеткізуге арналған жалғағышта тазартыңыз.

  1. Су жеткізуге арналған жалғағыштан муфтаны алып тастаңыз.
  2. Електі шығарыңыз.
  3. Електі су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет S
  4. Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салыңыз.

Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау

Ұзақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.

  1. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегінен сүзгіні алып тастаңыз.
  2. Сүзгіні су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет Т

Ақаулар кезіндегі көмек

Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.

Kärcher 5 WCM - Ақаулар кезіндегі көмек - 1

Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар

Құрылғыны өшіріңіз.

Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.

Құрылғы жұмыс істемейді

  1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
  2. Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек көзінің кернеуімен сәйкес келе ме, жоқ па, тексеріңіз.
  3. Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
  4. Қозғалтқыштың артық жүктелуі кезінде оның қорғаныс автоматы істемей қалса:

а) Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»). b) Құрылғыны 1 сағатқа сууға қойыңыз. c) Құрылғыны қосыңыз «І/ОН» және оны қайтадан пайдалана бастаңыз.

Егер жиі ақаулар туындап жатса, онда құрылғыны сервистік қызметте тексеру керек.

Құрылғы іске қосылмайды, қозғалтқыш гуілдеп тұр

Элсіз желінің әсерінен немесе ұзартушы кабельді пайдаланудың әсерінен кернеудің құлауы.

  1. Қосатын кезде алдымен жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз, ал содан кейін құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).

Құрылғы қысым тудырмайды

Су жеткізу жеткіліксіз.

  1. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
  2. Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па, тексеріңіз.
  3. Шүмектің реттелімін тексеріңіз.
  4. Максималды сору биіктігі асып кеткен жоқ па, тексеріңіз.

Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.

  1. Су жеткізуге арналған жалғағыштан електі кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
  2. Електі су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет S

Құрылғыдағы ауа.

  1. Құрылғыны желдетіңіз:

а Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2 минутқа қосыңыз. b Жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз және су көпіршіксіз шықпағанша күтіңіз. с Шүмекті қосыңыз.

  1. Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:

а Саптаманың саңылауынан. b Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып алыңыз.

  1. Келген судың мөлшерін тексеріңіз.

Құрылғының саңылаулылығы

  1. Құрылғының шағын саңылаулылығын оның конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті саңылаулылық кезінде авторландырылған сервистік қызметке жүгініңіз.

Жуғыш құрал сіңбейді

  1. Vario Power шүмегін пайдаланыңыз және оны «SOFT» бағытына тірелгенге дейін бұраңыз.
  2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегіндегі сүзгіні тазалаңыз.
  3. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін иілуге тексеріңіз.

Кепілдік

Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.

(Мекенжайы артқы жағында берілген)

Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған.

Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:

Мысалы: 30190

3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 1 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны

Сонымен бұл мысалда 30190 коды

09/(2)013 өндірілген күнін білдіреді.

Техникалық сипаттамалары

K 5 WCM WCM
Premium
Электр желісіне косу
КернеуV230
Фаза ~ 11
Жилік Hz 50 50
Косылу куаттылығы kW 2,1 2,1
Корғаныс класыIPX5IPX5
Корғау класы I
Желіні шамадан тыс жуктелуден корғау (инерциялық)A1010
Суды косу
Енгізу қысымы (макс.)MPa1,21,2
Енгізу температурасы (макс.)°C40 40
Енгізу саны (мин.)l/min1010
Сору биіктігі (макс.)m0,50,5
Құрылғының техникалық сипаттамалары
Жұмыс қысымыMPa12,512,5
Максималды қолжетімді қысымMPa14,514,5
Берілетін мөлшері, суl/min7,57,5
Максималды берілген мөлшеріl/min8,3 8,3
Берілетін мөлшері, жуғыш құралдарl/min0,3 0,3
Жоғары тегеурінді пистолеттің кері тебу қүшіN2020
Өлшемдері мен салмағы
Типтік жұмыс салмағыkg13,914,4
Үзындығыmm329 389
Еніmm369 369
Биіктігіmm901 901
EN 60335-2-79 стандартына сәйкес есептелінетін мән
Қолдағы дірілдің мәніm/s 2 2,1 2,1
Белгісіздік Кm/s 2 0,7 0,7
Дыбыс қысымының деңгейі L pA dB(A)70 70
Белгісіздік K pA dB(A)33
Шу деңгейі L WA + белгісіздік K WA dB(A)86 86

(EO) 2019/1781 қосымшасына сәйкес алып тастау себебі 2-бөлім (12): j) Техникалық өзгерістер енгізілуі мүмкін.

ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация

Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік және денсаулық қөрғау бойынша ЕО директиваларының талаптарына сәйкес келетіні мәлімдейміз ғзізбен келісусіз машинаның конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз қүшін жояды. Бүйым: Жоғарғы қысымды жуғыш Типі: 1.324-xxx

Қолданыстағы ЕО директивалары

2006/42/EG (+2009/127/EG)

2014/30/EU

2011/65/EU

2000/14/EG

2009/125/EG

Қолданылатын нұсқама(лар)

(EO) 2019/1781

Қолданылатын біріздендірілген стандарттар

EN 60335-1

EN 60335-2-79

EN 62233: 2008

EN 55014-1: 2017 + A11: 2020

EN 55014-2: 2015

EN 61000-3-2: 2014

EN 61000-3-3: 2013

EN IEC 63000: 2018

Сәйкестікке қолданылатын тексеру әдісі

2000/14/EC: V косымшасы

Дыбыс куаттылығының деңгейі дБ(А)

Өлшенді: 84

Кепілдік береді: 86

Қол қойғандар басқарманың тапсырмасы мен уәкілдігі бойынша әрекет етеді.

Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:

С. Райзер

Alfred Kärcher SE & Co. KG

Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Kärcher

Модель : 5 WCM

Санат : жоғары қысымды тазалағыш