K3 Power Control - жоғары қысымды тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз K3 Power Control Kärcher PDF форматында.

Kärcher K3 Power Control - жоғары қысымды тазалағыш
📄 144 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice Kärcher K3 Power Control - page 135
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы K3 Power Control Kärcher

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жоғары қысымды тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз K3 Power Control - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. K3 Power Control брендінің Kärcher.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K3 Power Control Kärcher

KÄRCHER Уй және бақша қосымшасы ..... 135

Коршаган ортаны корғау 135

Бүйымды мақсатына сөйкес қолдану.... 135

Керек-жарак және қосалқы бөлшектер ..... 135

Жеткізілім жинағы 135

Курылғының сипаттамасы.... 136

Корғаныс күрал-жабдыктары 136

Кұрылғыдағы белгілер.... 136

Орнату 136

Пайдалануға енгізу.... 137

Пайдалану.... 137

Тасымалдау.... 138

Сактау 138

Кутім және техникалық қызмет көрсету ...... 139

Акаулар кезіндегі көмек.... 139

Кепілдік 139

Техникалық мағлұматтар 140

ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация.... 140

Жалпы нұсқаулар

Kärcher K3 Power Control - Жалпы нұсқаулар - 1

Kärcher K3 Power Control - Жалпы нұсқаулар - 2

Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген

қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.

Оларға сай әрекет етіңіз.

Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.

KÄRCHER Үй және бақша қосымшасы

KÄRCHER Үй және бақша қосымшасында:

  • Монтаждау және пайдалануға беру туралы ақпарат
  • Қолдану салалары туралы ақпарат
  • Кеңестер мен амалдар
  • Толық ақаулықтарды іздеумен FAQ
  • KÄRCHER қызмет көрсету орталығына қосылу Қосымшаны мына жерден жүктеуге болады:

Google Play-ден алыңыз

Kärcher K3 Power Control - KÄRCHER Үй және бақша қосымшасы - 2

Kärcher K3 Power Control - KÄRCHER Үй және бақша қосымшасы - 3

  • Google Play™ және Android™ Google Inc. компаниясының маркалары немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
  • Apple® және App Store® бүл Apple Inc. компаниясының маркалары немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау

Kärcher K3 Power Control - Қоршаған ортаны қорғау - 1

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Kärcher K3 Power Control - Қоршаған ортаны қорғау - 2

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп

төндіруі ықтимал, құнды қайта өндірілетін материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.

Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.

Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар туындайтын жұмыстарды (мысалы, қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы бар жуу аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдармен жұмыстарды кәрізге бұрылатын герметикалық жұмыс аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды су қоймаларына немесе жерге төкпеніз.

Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)

Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.kaercher.de/REACH

Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану

Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына арналған қысымда ғана пайдаланыңыз.

Қысыммен жуу аппараты машиналарды, тасымалдау құралдарын, құрылымдарды, құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бай-бақша жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен тазалауға арналған.

Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер

Тек түпнұсқалық керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.

Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.

Жеткізілім жинағы

Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.

Құрылғының сипаттамасы

Осы нұсқаулықта максималды комплектациядағы құрылғы сипатталған. Үлгіге қарай жеткізілім комплектациясында айырмашылықтар болады (Қаптаманы қараңыз).

Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз Сурет А

① Көліктің дөңгелегі ② Түтіктерді сақтау орны ③ Жоғары қысымды пистолетті сақтау/тұрақ орны ④ Тұрақты кірді кетіруге арналған Power Control ағынды құбырларға арналған бүріккіш түтігі, қысым деңгейі: ҚАТТЫ ⑤ Ең көп таралған тазалау жұмыстарына арналған Power Control Vario Power бүріккіш түтігі, қысым деңгейі: ҚАТТЫ / ОРТАША / ЖҮМСАҚ / MIX ⑥ Power Control жоғары қысымды пистолеті ⑦ Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажырату батырмасы ⑧ Жоғары қысымды пистолет тұтқасы ⑨ Қысым көрсеткіші (MIX / 1-ЖҰМСАҚ / 2-ОРТАША / 3-ҚАТТЫ) ⑩ Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы ⑪ «0/OFF» / «I/ON» ажыратқышы ⑫ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель ⑬ Қуат сымын сақтауға арналған ілмек ⑭ Жылжытуға арналған сап ⑮ Тасымалдауға арналған сап, суырмалы ⑯ Жоғары қысымды құбыршекке арналған тез жалғанатын қосылыс ⑰ Зауыт тақтайшасы ⑱ Жоғары тегеурінді құбыршек ⑲ Жуу құралына арналған сүзгісі және қақпағы бар жуу құралына арналған сорғыш шланг ⑳ Жуғыш затқа арналған ыдыс ㉑ Су жеткізуге арналған кіріктірілген елегі бар жалғағыш ㉒ Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы ㉓ **Қарапайым қосылатын бақша құбыршегі = Толдамалдунаеметріз ½ дюйм (13 мм) = ҰЗЫНДЫҒЫ 7,5 м кем емес ㉔*Жуғыш щетка, жуғыш құралдармен жұмыс істеуге жарамды ㉕ *Күшті көпіретін жуғыш құралға арналған көбік саптамасы ㉖ *Жуғыш құрал ыдысы * қосымша, **қосымша талап етіледі

Қорғаныс құрал-жабдықтары

△АБАЙЛАҢЫЗ

Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-жабдықтары

Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.

Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз.

Ажыратқыш

Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына кедергі болады.

Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы

Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттайды және құрылғының кездейсоқ іске қосылуына кедергі болады.

Автоматты түрде өшу функциясы

Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді және жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан кезде сорғы қайтадан қосылады.

Құрылғыдағы белгілер

Kärcher K3 Power Control - Құрылғыдағы белгілер - 1

Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға, жануарларға, жұмыс істеп тұрған электрлік құрылғыға және құрылғының өзіне бағыттауға тыйым салынады. Құрылғыны аяздан қорғаңыз.

Kärcher K3 Power Control - Құрылғыдағы белгілер - 2

Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.

Орнату

Суреттерді графикалық беттен қараңыз. Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген бөлшектерді монтаждаңыз.

Дөңгелектерді монтаждау

  1. Дөңгелектерді құрылғыға бекітіңіз. Сурет В

Тұтқаны монтаждаңыз

  1. Тасымалдау тұтқасын бекітіңіз.
  2. Тұтқаны бекітіңіз. Сурет С

Жуғыш зат ыдысын жабыңыз

  1. Жуғыш құралға арналған бакты қақпақпен жабыңыз.

Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны монтаждау

  1. Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз. (Сурет Е)

Пайдалануға енгізу

  1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
  2. Жоғары тегеурінді кұбыршекті тез жалғағыш қосылысқа ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылатындай салыңыз.
  1. Жоғары тегеурінді кұбыршекті жоғары тегеурінді пистолетке ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылғанша сала беріңіз.

Нұсқау

Бурандалы түтіктің дұрыс қалыпта тұруын бақылаңыз.

  1. Жоғары тегеурінді кұбыршекті тартып, бекіністің сенімділігін тексеріңіз.
  2. Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.

Су беру

Сумен қамтамасыз ету кәсіпорнының нұсқауларын сақтаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Ластанған судың келтіретін залалы

Судағы ластанулар сорғының және оның жабдықтарының зақымдануына алып келеді. KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс беру нөмірі 4.730-059).

Су құбырына қосылу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Құрылғының су қосылымында шлангінің

Aquastop-пен байланысы

Сорғының зақымдануы

Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.

Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.

  1. Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
  2. Бакша кубыршегін су кубырына косыңыз.
  3. Су кубырының шумегін толыктай ашыңыз. Сурет Н

Пайдалану

НАЗАР АУДАРЫНЫ

Сорғының құрғақтай жұмыс істеуі

Курылғының закымдануы

Егер құрылғыда 2 минут бойы қысым пайда болмаса, онда оны өшіріңіз және Ақаулар кезіндегі көмек- бөлімдегі нүсқауларды сақтаңыз.

Power Control жүйеси

Жоғары крысымды пистолеттегі крысым көрсеткіші Power Control бүріkkішімен жұмыс істеу кезінде ағымдағы белгіленген крысым деңгейін көрсетеді. Нұсқау

Материалдардың сезімталдығы олардың ескілігіне және жагдайына байланысты әртурглі болуы мүмкін. Сондықтан ұсыныстар міндетті емес. Нұсқау

Кысым көрсеткіші беттерді тазартқышпен және басқа керек-жарактармен жұмыс жасаганда маңызды емес.

КөрсеткішҚысым деңгейіМысалы, мыналар үшін ұсынылады.
Kärcher K3 Power Control - Power Control жүйеси - 1ҚАТТЫАшық агрегаты бар тас төсемнен немесе бетоннан, асфальттан, металл беттерден, бақша ыдыстарынан (арбалар, күректер және т. б.) жасалған тас террассалар
Kärcher K3 Power Control - Power Control жүйеси - 2ОРТАША Автомобильдер/мотоциклдер, кірпіш беткейлер, сыланған қабырғалар, пластикалық жићаз
Kärcher K3 Power Control - Power Control жүйеси - 3ЖұМСАҚ Ағаш беттер,велосипедтер, құмтас беттері, ротан жићазы
Kärcher K3 Power Control - Power Control жүйеси - 4МИХ Тазалау құралдарымен пайдалану

Жоғары крысыммен жұмыс істеу режимі НАЗАР АУДАРЫНЫ

Боялған немесе сезімтал беттердің

зақымдалуы

Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған жағдайда беттері зақымдалады.

Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем емес шегіністі сақтаңыз.

Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.

  1. Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бурай отырып, бекітіңіз. Сурет I
  2. Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
  3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
  4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
  5. Қысым индикаторында қажетті қысым деңгейі көрсетілгенге дейін Power Control Vario Power шүмегін бұраңыз.

Жуғыш щеткамен жұмыс істеу режимі НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Бояудың зақымдалуы

Лас жуғыш щеткенің әсерінен беткі қабаттың зақымдануы.

Жуғыш щеткені пайдаланар алдында оның лас еместігіне және қоқыстың жоқтығына көз жеткізіңіз.

Нұсқау

Жуғыш шөткені пайдаланатын кезде құрылғы аз қысыммен жұмыс істейді. Бұл ретте жуғыш құралдарды араластыруға болады.

  1. Жуғыш шөткені жоғары қысымды пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.

Тазалау құралдарымен пайдалану ҚАУІП

Техникалық төлқұжатты сақтамау

Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.

Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары бойынша нұсқауларды қараңыз.

Нұсқау

Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде араластыруға болады.

Нұсқау

KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат етіңіз немесе біздің каталогты немесе тазалағыш заттар туралы ақпараттық парақтарымызды сұраңыз.

  1. Жуғыш құралдың ерітіндісін жуғыш құралға арналған бакке толтырыңыз. Жуғыш құралға арналған қаптамадағы мөлшерлері туралы мәліметтерді қараңыз.
  1. Жуғыш құралға арналған бакты қақпақпен жабыңыз.
  1. Құрылғыдағы жуғыш құралға арналған бакты сарт етіп жабыңыз.
  2. Vario Power tetirin пайдаланыңыз.
  3. Бүріккіш түтікті «МІХ» бағытына жоғары қысымды пистолетте «МІХ» пайда болғанша бұраңыз. Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су ағысына араластырылады.
  4. Опция ретінде көбік саптамасын пайдаланыңыз.

а Көбікке арналған саптаманы жуғыш құралға бөтелкесіне қосыңыз.

b Көбікке арналған саптаманы жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.

Сурет К

¥сынылатын жуу тәсілі

  1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке шашыңыз және сінуге қалдырыңыз (кептірмей).
  2. Еріген балшыкты жоғары тегеурінді ағыспен шайып тастаңыз.

Жуғыш құралмен жуғаннан кейін

  1. Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып тастаңыз.

Жұмысты тоқтату

  1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз. Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде жоғары қысым қалады.
  2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз. Сурет L
  3. Шүмегі бар жоғары тегеурінді пистолетті сақтауға арналған қалыпқа орнатыңыз.
  4. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).

Жұмыстың аяқталуы

⚠АБАЙЛАҢЫЗ

Жүйедегі қысым

Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу. Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.

  1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
  2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
  3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд бойы басып тұрыңыз. Жүйеде қалған қысым тасталады.
  4. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
  5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
  6. Құрылғыны су құбырының желісінен ажыратыңыз.
  7. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
  8. Желі істікшесін токтан ажыратыңыз.

Тасымалдау

△АБАЙЛАНЫЗ

Салмақтың сақталмауы

Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.

Құрылғыны көшіру

  1. Құрылғыны тұтқасынан көтеріңіз және көшіріңіз.

Құрылғыны сүйреу

  1. Тұтқаны естілетін шыртылға дейін тартыңыз.
  2. Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.

Автомобильмен тасымалдау

  1. Жуғыш құралға арналған ыдысты босатыңыз.
  2. Құрылғыны қисаймайтындай және құламайтындай етіп бекітіңіз.

Сақтау

АБАЙЛАҢЫЗ

Салмақтың сақталмауы

Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.

Құрылғыны ұстау

  1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
  2. Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
  3. Жоғары тегеурінді пистолетте ажырату батырмасын басыңыз және жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
  4. Жоғары тегеурінді құбыршек құрылғыдан ажыратыңыз.
  5. Жоғары тегеурінді шлангты сақтау үшін құрылғыға жинаңыз.
  6. Желі баусымын және жабдықтарды құрылғыға салып қойыңыз.

Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды сақтаңыз, Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.

Аяздан қорғау

НАЗАР АУДАРЫНЫ

Катып қалу қаупі

Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан зақымдалуы мүмкін.

Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен құрғатып алыңыз.

Құрылғыны суық әсерінен қорғаңыз.

Мынаны орындау қажет:

● Құрылғы су құбырынан ажыратылған. Жоғары тегеурінді құбыршек ажыратылған.

  1. Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
  2. Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
  3. Құрылғыны өшіріңіз.
  4. Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық жабдықтарымен бірге сақтаңыз.

Күтім және техникалық қызмет көрсету

ЕСКЕРТУ

Кернеу астындағы бөлшектермен жанасу кезіндегі зақымдар

Құрылғыны өшіріңіз.

Желілік штепсельді розеткадан шығарыңыз.

Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді, яғни оған қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажет емес.

Су беруге арналған қосқыштағы сүзгіні тазалау

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Су беруге арналған қосқыштағы сүзгінің зақымдануы

Лас судың әсерінен құрылғының зақымдануы. Сүзгіні су беруге арналған қосқышқа салмас бұрын зақымдарға тексеріңіз.

Қақталған жағдайда, сүзгіні су беруге арналған қосқышта тазартыңыз.

  1. Су беруге арналған қосқыштан муфтаны алып тастаңыз.
  2. Сүзгіні қысқышпен шығарыңыз.
  3. Сүзгіні су ағынының астында жуыңыз. Сурет М
  4. Сүзгіні су беруге арналған қосқышқа салыңыз.

Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау

Ұзақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.

  1. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегінен сүзгіні алып тастаңыз.
  2. Сүзгіні су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет N

Ақаулар кезіндегі көмек

Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.

⚠️ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар

Құрылғыны өшіріңіз.

Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.

Құрылғы жұмыс істемейді

  1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
  2. Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек көзінің кернеуімен сәйкес келе ме, жоқ па, тексеріңіз.
  3. Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.

Құрылғы қысым тудырмайды

Су жеткізу жеткіліксіз

  1. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
  2. Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па, тексеріңіз. Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.
  3. Су жеткізуге арналған жалғағыштан електі кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
  4. Електі су ағысының астында жуып алыңыз.

Құрылғыдағы ауа.

  1. Құрылғыны желдетіңіз:

а) Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2 минутқа қосыңыз. b) Жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз және су көпіршіксіз шықпағанша күтіңіз. с) Шүмекті қосыңыз.

  1. Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау: а) Саптаманың саңылауынан. b) Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып алыңыз.
  2. Келген судың мөлшерін тексеріңіз.

Құрылғының саңылаулылығы

  1. Құрылғының шағын саңылаулылығын оның конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті саңылаулылық кезінде авторландырылған сервистік қызметке жүгініңіз.

Жуғыш құрал сіңбейді

  1. Vario Power бүріккіш түтігін қолданыңыз және оны «МИХ» күйіне бұраңыз.
  2. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегіндегі сүзгіні тазалаңыз.
  3. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін иілуге тексеріңіз.

Кепілдік

Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.

(Мекенжайы артқы жағында берілген)

Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған.

Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:

Мысалы: 30190

3 Өндірілген жылы

0 Өндірілген ғасыры

9 Өндірілген айының екінші саны

0 Өндірілген айының бірінші саны

Сонымен бұл мысалда 30190 коды

09 /(2)013 өндірілген күнін білдіреді.

Техникалық мағлұматтар

Электр желісіне қосу

Кернеу V220-240
Фаза ~ 1
Жилік Hz 50-60
Тутынылатын ток А 6
Корғаныс класы IPX5
Корғау класы II
Желіні шамадан тысжуктелуден А 10
корғау (инерциялық)

Суды қосу

Құрылғының техникалық сипаттамалары

Жұмыс қысымыMPa8
Максималды қолжетімді қысымMPa12
Берілетін мөлшері, суl/min5,5
Максималды берілген мөлшеріl/min6,3
Берілетін мөлшері, жуғыш құралдарl/min0,3
Жоғары тегеурінді пистолеттің кері тебу қүшіN12

Өлшемдері мен салмағы

Типтік жұмыс салмағыkg5,4
¥зындығыmm297
Еніmm280
Биіктігіmm677

EN 60335-2-79 стандартына сәйкес есептелінетін мән

Колдағы дірілдің мәніm/s2<2,5
Белгісіздік Кm/s20,6
Дыбыс қысымының деңгейі LpAdB(A)74
Белгісіздік KpAdB(A)2
Шу деңгейі LWA+ белгісіздік KWАdB(A)90

Техникалық өзгерістер рұқсат етілген.

ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация

Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік және денсаулық қорғау бойынша ЕО директиваларының талаптарына сәйкес келетіні мәлімдейміз. Бізбен келісусіз машинаның конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз күшін жояды.

Бұйым: Жоғарғы қысымды жуғыш

Типі: 1.676-xxx

Қолданыстағы ЕО директивалары

2000/14/EG

2014/30/EU

2006/42/EG (+2009/127/EG)

2011/65/EU

Қолданылатын біріздендірілген стандарттар

EN 50581

EN 55014-1: 2006+A1: 2009+A2: 2011

EN 55014-2: 2015

EN 60335-1

EN 60335-2-79

EN 61000-3-2: 2014

EN 61000-3-3: 2013

EN 62233: 2008

Сәйкестікті бағалаудың қолданбалы әдісі

2000/14/EC: V қосымшасы

Дыбыс қуаттылығының деңгейі дБ(А)

Өлшенді: 87

Кепілдік береді: 90

Қол қойғандар басқарманың тапсырмасы мен

уәкілдігі бойынша әрекет етеді.

H. JennerKärcher K3 Power Control - Дыбыс қуаттылығының деңгейі дБ(А) - 1

Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:

C. Райзер (S. Reiser)

Alfred Kärcher SE & Co. KG

Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Kärcher

Модель : K3 Power Control

Санат : жоғары қысымды тазалағыш