KHE 2845 Q - балға METABO - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз KHE 2845 Q METABO PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы KHE 2845 Q METABO
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз балға PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз KHE 2845 Q - METABO және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. KHE 2845 Q брендінің METABO.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ KHE 2845 Q METABO
Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі мен сериялық нөмірі бойынша сәйкестендірілетін осы бұрғылайтын және қашайтын балғалар *1) директивалардың *2) және стандарттардың барлық тиісті қаулыларына *3). техникалық құжаттамаларға сәйкес келеді *4) - 3-бетті қараңыз. Бұрғылайтын және қашайтын балғалар тиісті керек-жарақтың көмегімен перфораторлық бұрғылармен және қашаулармен бетон, тас және басқа да материалдар бойынша және бұрғылау коронкаларымен кірпіш пен ұқсас материалдарда жұмыс істеуге, сондай-ақ металл, ағаш және т.с.с. бойынша соққысыз бұрғылауға және бұрауға арналған. Мақсатынан тыс пайдаланудан болған зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының ережелерін және белгіленген қауіпсіздік нұсқауларын орындау керек. Жеке басыңызды және электрлік құралыңызды қорғау үшін осы белгі қойылған мәтіндік үзінділерді
ЕСКЕРТУ – Жарақат алу қаупін азайту үшін пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. ЕСКЕРТУ – Аталмыш электрлік құралмен бірге берілген барлық қауіпсіздік бойынша нұсқаулар, жалпы нұсқаулар, суреттер мен техникалық деректерді оқып шығыңыз.
нұсқауларды орындамау ток соғу, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Электрлік құралыңызды тек қана осы құжаттармен бірге табыстаңыз.
4.1 Барлық жұмыстарға арналған
қауіпсіздік техникасының нұсқаулары а) Құлақ қорғанысын тағып жүріңіз. Шуыл әсері есту қабілетінен айырылуға апарып соғуы
ә) Электрлік құралмен бірге жеткізілген қосымша тұтқышты пайдаланыңыз. Бақылау мүмкіндігінен айырылсаңыз, жарақат алуыңыз
б) Бұрғылау құралының немесе бұрандалардың жасырын қуат сымдарымен немесе жеке жалғағыш кабельмен жанасу мүмкіндігі бар жұмыстарды өткізген кезде электрлік құралды оқшауланған тұтқыш беттерінен ұстаңыз. Кернеу астындағы сыммен жанасу құрылғының металл бөліктерінде кернеудің түзілуіне және электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
4.2 Тескіш пен ұзын бұрғыны пайдаланған
жағдайдағы қауіпсіздік техникасының
а) Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу жиілігімен және бұрғылау құралы дайындамасымен жанасып тұрғанда бастаңыз. Айналу жиіліктері жоғары болған жағдайда, бұрғы дайындамамен жанаспай еркін айнала отырып, сәл деформациялануы және жарақат алуға әкелуі мүмкін. ә) Шамадан артық қысым түсірмеңіз және бұрғылау құралына бойлық бағытпен ғана қысым түсіріңіз. Бұрғы деформациялануы және сынуы немесе бақылау мүмкіндігінен айырылуға және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
4.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар Тиісінше орнатылған қосымша тұтқышпен ғана жұмыс істеңіз. Әрдайым аспапты екі қолмен арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды орындалатын жұмысқа аударыңыз. Жеке қорғаныс жабдығын киіп, әрдайым қорғаныш көзілдірік тағыңыз. Респиратор, тайғанамайтын қорғаныш аяқ киім, қорғаныш қолғап, қорғаныш каска немесе есту органдарын қорғау құралдары секілді жеке қорғаныс жабдығын пайдалану – электрлік құралды қолдану саласы мен түріне қарай – жарақат алудың қаупін төмендетеді. Өңделетін жерде қуат, су немесе газ желілері жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (мысалы, металл іздегіштің көмегімен). Сақтандырғыш бекіткіш муфта іске қосылған жағдайда, аспапты дереу өшіріңіз! Айналып тұрған жұмыс құралына тимеңіз! Дайындаманы жылжып кетуден немесе өздігінен айналудан бекітіңіз (мысалы, бұрандама қысқышпен бекіту арқылы). Жоңқа мен баламалы материалдарды құрылғының өшірулі күйінде ғана кетіріңіз. Қатты материалдарды бұрау (метрлік немесе дюймдік ирек оймасы бар бұрандаларды болатқа бұрап бекіту) жағдайында назар Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
1. Сәйкестік бойынша
2. Мақсатына сай пайдалану
3. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы нұсқаулар
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқауларҚАЗАҚШАkk
аударыңыз! Бұранда бастиегі жарылуы немесе тұтқышта жоғары кері айналу моменті пайда болуы мүмкін. Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау техникалық қызмет көрсету немесе тазалау әрекетін орындамас бұрын желілік ашаны розеткадан шығарып алыңыз. Кенет іске қосылуына жол бермеңіз: желілік аша розеткадан суырылған немесе токпен жабдықтау үзілген болса, әрдайым ажыратқышты құлыптан босатыңыз. Зақымдалған немесе жарықшақтары бар қосымша тұтқышты алмастыру керек. Қосымша тұтқышы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз. Metabo жартылай автоматты сақтандырғыш
Сақтандырғыш муфта іске қосылған жағдайда, аспапты дереу өшіріңіз! Жұмыс құралы қысылса немесе ілініп қалса, қозғалтқышқа берілетін қуат ағыны шектеліп қалады. Бұл жағдайда пайда болатын қатты күштерге байланысты әрдайым аспапты екі қолмен арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды орындалатын жұмысқа
Шаң жүктемесін азайту: ЕСКЕРТУ - Егеуқұм қағазымен ажарлау, аралау, ажарлау, бұрғылау және басқа да жұмыстарды өткізген кезде пайда болатын шаңның кейбір түрлері обырды, туа біткен кемістіктерді немесе көбею жүйесінің басқа да зақымдарын тудыратыны белгілі химиялық заттарды қамтиды. Мұндай химиялық заттардың бірнеше мысалы: - қорғасын қамтитын бояу ішіндегі қорғасын, - құрылыс кірпіші, цемент пен басқа кірпіш қалау заттектерінен пайда болатын минералды шаң
- химиялық жолмен өңделген сүректегі күшәла
Тәуекел дәрежесі мұндай жұмыстардың түрі қаншалықты жиі орындалатындығына тәуелді. Мұндай химиялық заттардың әсерін азайту үшін: жеткілікті түрде желдетілген жайларда жұмыс істеңіз және жұмыс барысында микроскопиялық бөлшектерді сүзгілеу үшін арнайы әзірленген респиратор сияқты жеке қорғаныс жабдығын қолданыңыз. Бұл ереже басқа материалдардан, мысалы, сүректің белгілі бір түрлерінен (емен немесе шамшат сүрегінің шаңы), металдан, асбесттен пайда болатын шаңға да қатысты болып келеді. Басқа белгілі сырқаттарға, мысалы, аллергиялық реакциялар және тыныс алу жолдарының сырқаттары жатады. Шаңның денеге енуін болдырмаңыз. Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс жағдайы мен жұмыс орны бойынша қолданылатын директиваларды және ұлттық нұсқамаларды сақтаңыз (мысалы, еңбекті қорғау ережелері, кәдеге жарату). Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
Арнайы жұмыстар үшін жарамды керек- жарақтарды пайдаланыңыз. Осылайша қоршаған ортаға бақылаусыз түсетін бөліктердің мөлшері азайтылады. Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Шаң жүктемесін азайту үшін: - пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз, - сорғыш қондырғыны және/немесе ауа тазалағышты қолданыңыз, - жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп
- Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе қылшақпен тазалауға болмайды. 2-бетті қараңыз. 1 Перфораторлық бұрғы патроны 2 Құрал құлпы 3 Патрон құлпы 4 Жылдам қысылатын бұрғылау патроны * 5 Жылдам қысылатын бұрғылау патронының
6Шпиндель * 7Қосымша тұтқыш 8 Бұрғылау тереңдігінің шектегіші* 9 Бұғаттама 10 Ауыстырып қосқыш түйме (жұмыс режимін реттеуге арналған) 11 Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш 12 Бекіткіш түйме 13 Батырма ауыстырып-қосқыш 14 Тұтқыш
- жабдықталуға байланысты / жеткізілім жиынтығына кірмейді Қолданысқа енгізу алдында фирмалық тақтайшада көрсетілген номиналды кернеу мен номиналды жиілік ток желіңіздің деректеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА құрайтын FI автоматты ажыратқышын (RCD) алдын ала қосыңыз.
6.1 Қосымша тұтқышты монтаждау
Қауіпсіздік тұрғысынан әрдайым жеткізілім жиынтығындағы қосымша тұтқышты қолданыңыз. Қыспа сақинаны қосымша тұтқышты (7) солға бұрау арқылы ашыңыз. Қосымша тұтқышты аспаптың қыспа патронына жылжытып қойыңыз. Бұрғылау тереңдігінің шектегішін (8) ішке кіргізіңіз. Қосымша тұтқышты қолдану түріне байланысты қалаулы бұрышта күшпен
6. Қолданысқа енгізуҚАЗАҚША kk
7.1 Бұрғылау тереңдігінің шектегішін
Қосымша тұтқышты (7) босатыңыз. Бұрғылау тереңдігінің шектегішін (8) қалаулы бұрғылау тереңдігіне орнатып, қосымша тұтқышты (7) қайтадан тартыңыз.
Аспапты қосу үшін батырма ауыстырып- қосқышты (13) басыңыз. Айналу жиілігін батырма ауыстырып-қосқыш арқылы өзгертуге болады. Үздіксіз жұмыс режимі үшін батырма ауыстырып-қосқышты бекіткіш түймемен (12) бұғаттауға болады. Өшіру үшін батырма ауыстырып-қосқышты қайтадан басыңыз. Үздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс істейді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды орындалатын жұмысқа аударыңыз.
7.3 Жұмыс режимін таңдау
Бұғаттаманы (9) басып, ауыстырып қосқыш түймені (10) бұраңыз. Соққылап бұрғылау (тек перфораторлық бұрғы патроны (1) пайдаланылған кезде реттеу)
(тек перфораторлық бұрғы патроны (1) пайдаланылған кезде реттеу) Қашау позициясын реттеу Осы күйде қашауды қажетті позицияға бұраңыз. Содан кейін қашауды бұралмайтындай етіп бұғаттау үшін "Қашау" параметрін реттеп шығыңыз.
Қашау енгізілген кезде, аспапты тек қашау жұмыс режимінде қолданыңыз. Қашауы керілген аспапта иінтіректің қозғалыстарына жол бермеңіз.
7.4 Айналу бағытын таңдау
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (11) қозғалтқыштың тоқтатылған күйінде ғана
Айналу бағытын таңдау: R = оң жаққа айналу (бұрғылау, соққылап бұрғылау, қашау, бұрандаларды бұрап кіргізу үшін) L = сол жаққа айналу (бұрандаларды бұрап шығару үшін)
7.5 Бұрғылау патронын ауыстыру (KHE ....
Патронды алмастырған кезде шпиндельдің (6) тазалығына назар аударыңыз. Шпиндельді сәл майлаңыз. (арнайы май: тапсырыс № 6.31800). Тек Metabo жеткізілім жиынтығындағы бұрғылау патронын орнатыңыз. Патронды алып тастау: 2-беттегі C сур. қараңыз. - Патрон құлпын (3) көрсеткі бағытымен тірелгенше бұраңыз (a) және патронды тартып алыңыз (b). Патронды орнату: 2-беттегі D сур. қараңыз. - Патронды шпиндельге (6) орнатыңыз (a). - Патрон құлпын (3) көрсеткі бағытымен, патрон толықтай шпиндельге орнатылғанша бұраңыз (b) да, патрон құлпын жіберіңіз. - Патронның мықтап бекітілгенін тексеріп
Нұсқау: патронды алмастырған кезде онымен бірге шпиндельдің айналуына жол бермеу үшін ауыстырып қосқыш түймені (10) қашау күйіне орнатыңыз.
7.6 Құралды алмастыру, перфораторлық
бұрғы патроны Құрал білігін енгізуден бұрын тазалап шығыңыз және арнайы маймен майлаңыз (тапсырыс № 6.31800)! Тек SDS-Plus құралдарын енгізіңіз! Құралды енгізу: - Құралды бұрап, тірелгенше енгізіңіз. Құрал автоматты түрде құлыптанады. Құралды шығару: 2-беттегі A сур. қараңыз. - Құрал құлпын (2) көрсеткі бағытымен артқа тартыңыз (a) және құралды шығарып алыңыз (b).
7.7 Құралды алмастыру, жылдам
қысылатын бұрғылау патроны (KHE ....
Жылдам қысылатын бұрғылау патронын металл, ағаш және т.с.с. материалдар бойынша соққысыз бұрғылау кезінде және бұрау үшін қолданыңыз. Жұмыс құралын керу (2-беттегі B сур.
Төлкені (5) "АШЫҚ, БОСАТУ" бағытымен бұраңыз (a). Құралды барынша терең енгізіп (b), төлкені, шерту сезілетін механикалық қарсылықтан өткенше, қарама-қарсы бағытпен бұраңыз (c). Назар аударыңыз! Құрал әлі де тартылмаған! Ары қарай бұрау мүмкін болмай қалғанша (бұл ретте "шерту" дыбысы болуы керек), күшпен ары қарай бұраңыз - сонда ғана құрал мықтап
Нұсқаулар: патронды ашқаннан кейін естілуі мүмкін сатырлау (функцияға байланысты) төлкені кері бұрау арқылы өшіріледі. Құрал білігі жұмсақ болған жағдайда қысқа уақыт бұрғылағаннан кейін қосымша тарту
Шпиндельді (6) әрдайым таза ұстаңыз және сәл майлап тұрыңыз. (арнайы май: тапсырыс № 6.31800) Жылдам қысылатын бұрғылау патронын (4)
Ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін бұрғылау патронын, саңылауын төмен қаратып, тігінен ұстап тұрыңыз және бірнеше рет толықтай ашып жабыңыз. Жиналған шаң саңылаудан түсіп қалады. Тазалағыш спрейді қыспа жұдырықшаға және қыспа жұдырықша саңылауларына жүйелі түрде пайдалануға кеңес беріледі. Желдету саңылаулары: Аспаптың желдету саңылауларын кейде-кейде тазалап тұрыңыз. Егер батырма ауыстырып-қосқышты (13) басу мүмкін болмаса, айналу бағытын ауыстырып- қосқыштың (11) толықтай R немесе L позициясында тұрғанын тексеріп шығыңыз.
Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын қолданыңыз. Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін керек-жарақтарды пайдаланыңыз. Керек-жарақтарды берік бекітіңіз. Аспап ұстағыш ішінде пайдаланылған жағдайда: аспапты берік бекітіңіз. Бақылау мүмкіндігінен айырылсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін. Керек-жарақтардың толық тізімін www.metabo.com сайтында немесе каталогтен
Электрлік құралда жөндеу жұмыстарын тек қана электрші маман өткізуі тиіс! Бұзылған желілік кабельді тек Metabo қызмет көрсету орталығында сатып алуға болатын арнайы, түпнұсқа Metabo желілік кабелімен ауыстыруға рұқсат етіледі. Metabo филиалына жөндеуді қажет ететін Metabo электрлік құралдарымен бірге барыңыз. Мекенжайлары www.metabo.com сайтында
Қосалқы бөлшектердің тізімдерін www.metabo.com сайтында жүктеп алуға
Пайдаланылған аспаптарды, орауыштарды және керек-жарақтарды қоршаған орта үшін қауіпсіз түрде кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша ұлттық ережелерді ұстаныңыз. Тек ЕО елдерінде: электр құралдарын тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз! Электрлік және электрондық ескі құрылғылар және ұлттық заңға түрлендіру жөніндегі 2012/19/EU еуропалық директивасына сәйкес, пайдаланылған электрлік құралдар бөлек жиналып, қоршаған орта үшін қауіпсіз қайта өңдеуге жіберілуі тиіс.
3-беттегі мәліметтерге түсініктемелер. Техникалық дамуға қарай өзгеруі мүмкін.
= номиналды тұтынылатын қуат
= бос жүрістегі айналу жиілігі
= жүктеме астындағы айналу жиілігі
= макс. соққылар саны W = макс. дара соққының энергиясы
= перфораторлық бұрғылармен бетонды бұрғылауға арналған бұрғы диаметрі
= бұрғылау коронкаларымен кірпіш қалауды бұрғылауға арналған бұрғы
= бұрғылау коронкаларымен бетонды бұрғылауға арналған бұрғы диаметрі
= болатқа арналған бұрғы диаметрі
= жұмсақ сүрекке арналған бұрғы
m = желілік кабельсіз салмағы D = қыспа патрон диаметрі Өлшеу мәндері EN 62841 стандартына сай есептеледі. II қорғаныс класындағы аспап ~ Айнымалы ток Берілген техникалық деректерде ұйғарынды ауытқулар болуы мүмкін (жарамды стандарттарға сай). Эмиссиялық көрсеткіштер Аталмыш көрсеткіштер электрлік құралдардың эмиссиясын анықтауға және әртүрлі электрлік құралдарды салыстыруға мүмкіндік береді. Пайдалану жағдайына қарай электрлік құралдың немесе жұмыс құралының күйі шынайы жүктемені көтеруі немесе төмендетуі мүмкін. Жұмыстағы үзілістерді және фазаларды анықтау үшін төменірек жүктемені қамтамасыз етіңіз. Сәйкесінше бейімделген бағаға сай пайдаланушы үшін қорғаныс шараларын, мысалы, ұйымдастыру шараларын
8. Техникалық қызмет көрсету,
12. Қоршаған ортаны қорғау
13. Техникалық деректерҚАЗАҚША kk
Дірілдің жалпы көрсеткіші (үш бағыттың векторлық қосындысы) – EN 62841 стандартына сай анықталады:
h, HD = дірілдің эмиссиялық көрсеткіші (бетон бойынша соққылап бұрғылау)
h, Cheq = дірілдің эмиссиялық көрсеткіші
h, D = дірілдің эмиссиялық көрсеткіші (металл бойынша бұрғылау)
h,HD/Cheq/D =дәлсіздік (діріл) Үлгілі A өлшемді дыбыс деңгейі
= дыбыстық қысым деңгейі
= дыбыстық қуат деңгейі
= дәлсіздік Жұмыс барысында шуыл деңгейі 80 дБ(А) шамасынан асуы мүмкін. Қорғаныш құлаққап тағыңыз! EAC-Text Сатып алушыға арналған ақпарат: Сәйкестік сертификаты: № ТС RU C-DE.БЛ08.В.00918, жарамдылық мерзімі: 27.10.2017 ж. - 26.10.2022 ж., «Ивановский Фонд Сертификации» ЖШҚ, «ИВАНОВО-СЕРТИФИКАТ» өнімдерді сертификаттау органы берген; Мекенжайы (заңды және нақты мекенжайы): 153032, Ресей Федерациясы, Ивановская обл., Иваново қ, Станкостроитель көшесі, №1 үй; тел. (4932)77- 34-67; факс (4932)77-34-67; E-mail: ivfs@mail.ru; Аккредитация аттестаты № RA.RU.11БЛ08,
24.03.16 ж. Аккредитация бойынша
федералдық қызметпен берілген Өндіруші ел: Қытай Өндіруші: «Metabowerke GmbH», Metaboallee 1, D-72622 Nuertingen, Германия Ресейге импорттаушы: ЖШҚ «Метабо Евразия» Ресей, 127273, Мәскеу Березовая аллея көшесі, № 5 а, 7-құрылыс, 106-
тел.: +7 495 980 78 41 Өндірілген күні құралдың тақтайшасында көрсетілген 10 таңбалық сериялық нөмірінде шифрланған. 1-сан жылды білдіреді, мысалы, «4» саны өнім 2014 жылы өндірілгенін білдіреді.
2- және 3-сан өндірілген жылдағы ай санын
білдіреді, мысалы, «05» - мамыр айы. Өнімнің жарамдылық мерзімі 7 жылды құрайды. Өндірілген күннен кейін 5 жыл сақтауда тұрған жағдайда алдын ала тексерместен пайдалану ұсынылмайды (өндірілген күнін жапсырмадан қараңыз).КЫРГЫЗЧАky
ОңайНұсқаулық