BOSCH GEX 12V125 Professional - шлифовальдық машина

GEX 12V125 Professional - шлифовальдық машина BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GEX 12V125 Professional BOSCH PDF форматында.

📄 213 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH GEX 12V125 Professional - page 126
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GEX 12V125 Professional

Санат : шлифовальдық машина

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз шлифовальдық машина PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GEX 12V125 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GEX 12V125 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GEX 12V125 Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз Bosch Power Tools 1 609 92A A22 | (11.11.2024)126 | Қазақ – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары 1 609 92A A22 | (11.11.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 127 тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір Bosch Power Tools 1 609 92A A22 | (11.11.2024)128 | Қазақ терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Тегістегіш үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қауіпін арттырады. u Өрт қаупі бар! Ажарланатын материалды немесе ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз. Шаң жинағыш қапты әрдайым жұмыста үзілістер жасамастан бұрын босатыңыз. Шаң жинағыш қапта, микросүзгіде, қағаз қапта (немесе сүзгіш қапта / шаңсорғыштың сүзгісінде) ажарлаудан пайда болатын шаң қолайсыз жағдайларда тұтануы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы, ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса жоғары қауіп тудырады. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі

u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану Электр құралы ағаш, пластмасса, сылағыш және лакталған беттерді құрғақ күйде ажарлауға арналған. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1)

(2) Шаң жинағыш қап жиыны (3) Аккумулятор

(5) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

(6) Тербелістер санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелек (7) Ажарлау тәрелкесі (8) Тұтқа (беті оқшауланған) (9) Ажарлағыш диск (10) Ажарлау тәрелкелеріне арналған бұрандалар (11) Ажарлау тәрелкесінің ұстағышы (12) Үрлеп шығару келте құбыры (13) Шаң жинағыш қап (14) Шаң жинағыш қап адаптері 1 609 92A A22 | (11.11.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 129 (15) Сорғыш шланг

Бейнеленген құрамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді. Техникалық мәліметтер Эксцентриктік ажарлағыш машина GEX12V-125 Өнім нөмірі 3601C721.. Номиналды кернеу В 12 Тербелістер санын алдын

Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі n

6000–10000 Бос жүріс күйіндегі тербелістер саны

мм 2,5 Ажарлау тәрелкесінің

кг 1,0–1,2 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 Жұмыс кезіндегі

сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C -15...+50

аккумуляторлар GBA12V... Ұсынылатын зарядтағыш

GAL12... GAX18... A) пайдаланған аккумуляторға байланысты B) температура <0°C болғанда жұмыс күші шектелген көлемде

Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac. Шуыл және діріл туралы ақпарат EN62841-2-4 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 70дБ(A) шамасынан кем болады. Шуыл деңгейі жұмыс барысында белгіленген шамалардан артық болуы мүмкін. Құлақ қорғанысын

Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-4 бойынша есептелген:

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру. Аккумулятор Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады. Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз. Аккумуляторды енгізу Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз. Аккумуляторды шығару Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймелерін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Электр құралындағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (5) үш жасыл түсті жарық диодынан тұрады. Ол құрал қосылып өшірілгеннен кейін аккумулятор зарядының деңгейін бірнеше секунд көрсетеді. Жарық диоды Қуаты Үздіксіз жарық 3x жасыл 60 – 100% Үздіксіз жарық 2x жасыл 30 – 60% Үздіксіз жарық 1x жасыл 10 – 30% Bosch Power Tools 1 609 92A A22 | (11.11.2024)130 | Қазақ Жарық диоды Қуаты Баяу жыпылықтау 1x жасыл 0 – 10% Аккумулятор температурасы –30 және +70 °C аралығындағы жұмыс температурасынан тыс болса және/немесе артық жүктемеден қорғаныс іске қосылса, аккумулятор зарядының деңгейі индикаторының 3 жарық диоды жылдам жыпылықтайды. Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан

Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды

u Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі

Ажарлағыш дискіні алмастыру (Bсуретінқараңыз) Ажарлау парағын (9) алып қою үшін шетінен көтеріп тегістеу тәрелкесін (7) шығарыңыз. Жаңа тегістеу дискін салудан алдын тегістеу тәрелкесін (7) лас пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, жаққышпен. Тегістеу тәрелкесінің беті (7) жабысқақ матамен жабдықталған болып тегістеу дискін жылдам және оңай

Тегістеу дискісін (9) тегістеу тәрелкесінің (7) астына

Оптималды шаңсоруды қамтамасыз еті үшін тегістеу дискіндегі (9) ойықтардың тегістеу тәрелкесінің (7) ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз. Ажарлау тәрелкесінің қызмет ету мерзімін, әсіресе торлы ажарлағыш құралдар (мысалы, Bosch M480) пайдаланылған жағдайда, ұзарту үшін ажарлау тәрелкесі мен ажарлағыш құрал арасына PadSaver (керек-жарақ) тетігін орнатуға болады. Тегістеу тәрелкесін таңдау Жұмыс түріне қарай электр құралын әртүрлі қаттылыққа ие ажарлау тәрелкелерімен жабдықтауға болады: – Жұмсақ ажарлау тәрелкесі: абайлап ажарлауға арналған, дөңес беттерде де – Орташа қатты ажарлау тәрелкесі: барлық ажарлау жұмыстары үшін жарамды, әмбебап пайдаланылады – Қатты ажарлау тәрелкесі: тегіс беттерде жоғары ажарлау қуаты үшін жарамды Ажарлау тәрелкесін алмастыру (Cсуретінқараңыз) Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесін (7) бірден алмастырыңыз. Ажарлағыш дискіні тартып алыңыз. 4 бұранданы(10) толықтай бұрап шығарып (T20 бұрауышының көмегімен), ажарлау тәрелкесін (7) алып тастаңыз. Жаңа ажарлау тәрелкесін (7) орнатып, бұрандаларды қайтадан тартып қойыңыз. Нұсқау: Тегістеу тәрелкесін орнатуда ұстағыш тістері тегістеу тәрелкесінің тесіктеріне кіруін қамтамасыз етіңіз. Нұсқау: зақымдалған ажарлау тәрелкесінің ұстағышын(11) тек Bosch электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету орталығында алмастыру керек. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сұрыптары және минералдар сияқты кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Құрамында асбест бар материалды тек техник мамандар ғана өңдеуі керек. – Мүмкіндік болса, осы материал үшін жарамды шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі класындағы респираторды пайдалануға кеңес

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Шаң жинағыш қаппен өзіндік сору (D– Fсуреттерінқараңыз) Бүкіл шаң жинағыш қапты(2) құралмен толық жанасқанша үрлеп шығару келте құбырына(12) орнатып жылжытыңыз. Шаң жинағыш қапты(13) босату үшін бүкіл шаң жинағыш қапты(2) үрлеп шығару келте құбырынан(12) тартып шығарыңыз. Адаптерді(14) шаң жинағыш қаптан(13) 1 609 92A A22 | (11.11.2024) Bosch Power ToolsҚазақ | 131 бұрап шығарыңыз және шаң жинағыш қапты

Нұсқау: шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін шаң жинағыш қапты(13) дер кезінде босатып тұрыңыз. Тік жазықтықтарда жұмыс істегенде электр құралын шаң жинағыш қабы(2) төмен қарап тұратындай етіп ұстап

Сыртқы сорғыш (G суретін қараңыз) Сорғыш шлангын (15) сору құбырына (12) салыңыз. Сорғыш шлангін (15) шаңсорғышқа қосыңыз. Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.

u Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз. Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1) басыңыз. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (1) қайтадан

Тербелу санын таңдау Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (6) қажетті тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады. 1–2 төмен тербелу саны 3–4 орташа тербелу саны 5–6 жоғары тербелу саны Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады. Электроника бос жүрістегі және жүктеме кезіндегі тербелу санын тұрақты дерлік ұстайды және біркелкі өнімділікті қамтамасыз етеді. Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары тербелу санына қосу керек. Қолданысқа шолу Қолданылуы/материал Ажарлағыш құрал Айналу жиілігінің

Сыдыра ажарлау – Ескі бояулар мен лакты сыдыра ажарлау – Сүректі ажарлау P60–P100 4–6 – Термопластикалық синтетикалық материалдарды

P60–P100 1–3 Аралық ажарлау – Сүрек пен шерені лактаудан бұрын ажарлау – Ағаш бөліктердегі жиектерді бұзу – Ағаш беттерді өңдеуден бұрын тегістеу P120–P180 4–6 – Лакты аралық ажарлау және бітемелік лакты

– Жиектердегі лакты аралық ажарлау P220–P280 1–3 Ақырғы ажарлау – Сүректі ажарлау – Толық сүрек және шере жиектерді ажарлау P150–P180 4–6 – Өңделген беттер мен жиектердегі лакты ажарлау P240–P320 1–3 Пайдалану бойынша нұсқаулар u Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі

u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. u Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін

Шаршамайтын күйде жұмыс істеу үшін электр құралын пайдалану әдісіне байланысты жоғарыдан, бүйірінен немесе алдынан ұстауға болады (Hсуретінқараңыз). Аймақтарды тегістеу Электр құралын қосып толық ажарлау бетін өңделетін жерге қойып күшпен қатты басып дайындама үстінен жылжытыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A A22 | (11.11.2024)132 | Қазақ Көшіру деңгейі және ажарлау торы негізінен таңдалған ажарлағыш төмен, алдын ала таңдалған тербелістер санының деңгейі және басу күші арқылы анықталады. Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол арқылы электр құралын сақтауға болады. Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты басуға талпыныңыз. Шамадан артық басу күші жоғары ажарлау қуатын қамтамасыз етпей, электр құралының тым қатты тозуына және ажарлағыш пластинаның мерзімінен бұрын істен шығуына әкеледі. Тек түпнұсқа Bosch ажарлағыш керек-жарақтарын пайдаланыңыз. Ірі тегістеу Ірі түйіршіктіліктік ажарлау дискісін орнатыңыз. Электр құралын тек жай басыңыз, онда ол жоғары тербелу санымен жұмыс істеп көбірек материал

Майда тегістеу Майда түйіршіктілік тегістеу дискісін орнатыңыз. Басу қаттылығын немесе тербелу санын аз өзгертіп тегістеу тәрелкесінің тербелу санын төмендету мүмкін, онда экцентрикті әрекет өзгермейді. Электр құралды аз қысыммен, бетке параллель немесе ішінара көлденең және тік бағытта дайындамаға қарай жылжытыңыз. Шере сияқты өңделетін даындаманы қатты тегістемеу үшін электр құралын қисатпаңыз. Жұмыс әдісін аяқтағанан соң электр құралын өшіріңіз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі

u Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін, электр құралды және желдету саңылауларын таза қалыпта ұстаңыз. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталық өнімді жөндеу және күтім, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы бөлшектер бойынша деректерді келесі сайтта таба аласыз: www.bosch-pt.com Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 1 609 92A A22 | (11.11.2024) Bosch Power ToolsRomână | 133 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Сервистік орталықтардың мекенжайларын мұнда таба аласыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады. Үшінші тараптар (мысалы, әуе немесе жүк тасымалдау компаниясы) орауышқа және таңбаламаға қойылатын арнайы талаптарды сақтауы керек. Жіберілетін жүкті дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау сарапшыларымен хабарласу керек. Аккумуляторды корпусы зақымдалмаған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз. Кәдеге жарату Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек. Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз! Тек қана ЕО елдері үшін: Әрі қарай пайдалануға жарамайтын электр құралдарын және ақаулы немесе тозып біткен аккумуляторларды/ батареяларды бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз. Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Эксцентриктік