ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ UniversalAquatak 130 BOSCH
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндіру мерзімі нұсқаулықтың соңғы бетінде көрсетілген. Импорттаушыға қатысты байланыс мәліметі қаптамада берілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
- тұтқасы мен корпусы бүлінген болса, өнімді пайдаланбаңыз
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
- ток сымы бүлінген немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
- корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сактау
- Құрғақ жерде сақтау керек
- Жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
- Сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- Орамасыз сақтау мүмкін емес
- Сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
- Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
- Босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
- Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
166 | Қазақша
Қауіпсіздік нұсқаулары Белгілердің мағынасы

Қауіптер бойынша жалпы нұсқаулар.

Су ағымын адамдарға, жануарлар мен аңдарға, электрбұйымдарға
немесе электр бөлшектеріне бағыттамаңыз.
Назар аударыңыз: жоғары қысым ағымын қате мақсатта қолданғанда ол қауіп тудыра алады.

Күште болған ережелер мен заңдарға сай, жүйе бөлушісі жоқ болған электрбұйымды
су беру жүйесіне қосуға болмайды. IEC 61770 стандартының ВА түріне сай болатын жүйе бөлушісін қолданыңыз.
Жүйе бөлушісі арқылы аққан су ішуге жарамсыз болады.
Жоғары қысым тазалағыш үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электрбұйымда көрсетілген қауіпсіздік және анықтама белгілердің бәрі электрбұйымның қауіпсіз түрде жұмыс істеуі үшін нұсқау береді.
Қолдану нұсқаулығында берілген нұсқаулармен қатар Жалпы қауіпсіздік және апаттарды болдырмау бойынша ережелерде берілген нұсқауларға да назар аударып жүруіңіз керек.
Электр ток жүйесіне қосу
▶ Электр ток беру ауызының кернеуі электрбұйымның тақташасындағы техникалық мәліметтеріне сай болуы керек. ▶ Осы электрбұйымды тек қана 30 mA қате токтан қорғау тежегіші арқылы қауіпсіздендірілген электррозеткасына қосуыңызды ұсынамыз. Электрбұйымды тек қысқа уақыт бойы қараусыз қалдырсаңыз да, электрбұйым ашасын электррозеткасынан шығарып қойыңыз. ▶ Электр ток кернеуін беру жүйесі IEC 60364-1 талаптарына сай болуы керек. ▶ Қосалқы біріктіруші кабелінің ауыстырылуы керек болғанда, қауіпсіздік үшін қауіп тудырғызбау үшін осы жұмыстарды арнайы рұқсаты бар қызмет көрсету жерінің қызметкерлері немесе осы жұмыстарды өткізу үшін лайықты білімі бар тұлғалар арқылы өткізуіңіз керек. ▶ Кабель ашасын ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз. ▶ Электрбұйыммен жұмыс істеп жүргеніңізде кабель ашасын тартып шығармаңыз.
▶ Ток беру жүйесіне қосу кабелі немесе біріктіруші кабелінің үстінен басып жүрмеңіз, оны жаншып кетпеңіз немесе оны ұстап тартпаңыз - кабельдің зақымданып және бұзылып кетуі мүмкін. Кабельді ыстықтан, майлы және өткір бұрыштардан қорғаңыз. ▶ Электрбұйымның желі кабелі немесе жоғары қысым шлангі, бүріккіш атқышы сияқты маңызды бөлшектері, немесе қауіпсіздік жүйе бөлшектері зақымданып бұзылған қалыпта болғанда электрбұйымды қолданбаңыз. ▶ Назар аударыңыз: Нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларға сай болмаған біріктіргіш кабельдер қауіп тудыра алады. ▶ Ұзарту кабелін қолданғанда электр ток розеткалары мен біріктіру бөлшектерінің су өткізбейтін болуы керек. Ұзарту кабелінде өткізгіштің көлденең қимасы қолдану нұсқаулығында берілген мәліметтерге сай бар болып, шашылып тұратын суға қарсы қауіпсіздендірілуі қажет. Ашаның біріктіргіш қосылуы суда жатпау тиіс. ▶ Электр ток беру жүйесіне қосу кабеліндегі немесе біріктіргіш кабеліндегі ашаны ауыстырғанда оның шашылатын судан қорғау қабілетінің және механикалық тұрақтылығының сақталуы тиіс.
Су беру жүйесіне қосу
▶ Өзіңіздің сумен қамтамасыз ету мекемеңіздің ережелері мен нұсқауларына назар аударыңыз. ▶ Барлық қосу шлангтерін бұрандалармен бекіту тығыз болуы керек. ▶ Диаметрі 12,7 мм (1/2") болатын күшейтілген шлангіні ғана қолданыңыз. ▶ Электрбұйымды ешқашан кері тетіксіз су беру жүйесіне қосуға болмайды. Кері тетігі арқылы ағып шыққан су ішу үшін жарамсыз болады. Жоғары қысым шлангісі зақымданып бұзылған қалыпта болмауы тиіс (жарылып бөлініп кету қаупі). Зақымдалып бұзылған жоғары қысым шлангісін дереу ауыстыруыңыз керек. Тек қана шығарушы тарапынан ұсынылған шлангтер мен біріктіру бөлшектерін қолдануға болады. Жоғары қысым шлангтері, арматура мен біріктірушілер электрбұйым қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Тек қана шығарушы тарапынан ұсынылған шлангтерді, арматура мен біріктірушілерді қолданыңыз. ► Су беру жүйесіне қосу үшін тек қана таза немесе фильтрмен тазартылған суды қолдануға болады.
Қолдану
▶ Электрбұйымды қолдану алдынан оның жұмысқа лайықты қалыпта болуын және жұмыс қауіпсіздігін тексеру керек. Лайықсыз қалыпта
168 | Қазақша
болғанында оны қолдануға болмайды.
► Су ағымын ешқашан өзіңізге немесе басқа адамдарға қарай, киім немесе аяқ киімге бағыттамаңыз. ▶ Бүріккіш буларының жанып кету, жарылу және улану қаупі өте жоғары болу себебінен құрамында еріткіш заттар бар сұйықтық, араластырылмаған қышқыл, ацетон немесе еріткіш бұйымдарын, оның ішінде бензин, бояу сұйылтқышын және жылыту үшін сұйық майларын сорып тартқызуға болмайды. ▶ Электрбұйымды қауіпті аймақтарда қолданғанда (мысалы жанармай құю жерлерінде) лайықты қауіпсіздік нұсқауларын қолдану керек. Жарылу қаупі бар бөлмелерде қолдануға болмайды. ▶ Электрбұйым тұрақты тірек үстінен қойылуы тиіс. Жабық бөлмелерде қолданған жағдайларда желдетудің жеткілікті болуына назар аударыңыз. Тазалау жұмыстарын өткізу барысында жылжымалы электр бұйымдары мен көліктердің өшірілу болуын (қозғалтқышы өшірілу болуын) тексеріп алыңыз. Жоғары дәрежелі қысыммен істейтін тазартқышты екі қолмен ұстап басқара отырып жұмыс істеу керек. Ешқашан баспалдақта тұрып жұмыс істемеңіз. Балкондарда немесе жоғары деңгейлерде болған басқа үстілерде жұмыс істегеніңізде бұрыштардың
барлығы әрқашан көрініп тұра алатындығына назар аударыңыз.
▶ Тек қана электрбұйым шығарушы тарапынан ұсынылған тазалау бұйымдарын қолданыңыз және шығарушының қолдану, кәдеге жарату және ескерту нұсқауларына назар аударыңыз. Жұмыс аймағында болған электр тоғын өткізетін бөлшектерінің бәрі шашылатын суға қарсы қорғалуы тиіс. ▶ Бүріккіш атқыштың іске қосу тұтқышы жұмыс барысында «ON» позициясында бекітіліп қалмауы керек. ▶ Шашылатын суға қарсы қорғайтын арнайы лайықты киім киіп жүруіңіз керек. Лайықты қорғау киімін киіп жүрмеген адамдардың жанында электрбұйымды қолданбаңыз. ▶ Керек болса, заттардан кері келетін су, бөлшектер және/немесе аэрозольдардан қорғану үшін қорғаныс көзәйнек, шаңға қарсы маска және т.б. сияқты, шашылатын суға қарсы лайықты арнайы қорғау жабдығын (PSA) киіп жүріңіз. Жоғары қысыммен жұмыс істейтін тазалағыштарды қолдану барысында аэрозольдардың пайда болуы мүмкін. Аэрозольдарды демге тарту денсаулық үшін қауіпті болады. ▶ Жоғары қысым арқылы заттардың кері атып кетілулері мүмкін. Керек болса, арнайы лайықты жеке
қорғану жабдығын киіп жүріңіз, мысалы қорғау көзәйнегін.
Жоғары қысым ағымы арқылы зақымдауларды болдырмау үшін көлік шиналарын/түтіктерін тек қана ең азында 30 см ұзақтықтан тазалаңыз. Осының ең алғашқы белгісі болып шина түсінің өзгерілуі көрінеді. Зақымданып бұзылған көлік шиналары/түтіктері өмірге қауіп тудыра алады. ▶ Құрамында асбест және басқа да денсаулыққа зиян тигізетін материалдар бар заттарды бүріктіруге болмайды. ▶ Сынылған тазалау бұйымдарын араластырмай қолданбаңыз. Құрамына қышқылдар, сілті немесе қоршаған ортаға зиян келтіретін заттар қосылмағандықтан осы тазалау бұйымдары қауіпсіз болып саналады. Тазалау бұйымдарын балалар қолы жетпес жерде сақтауыңызды сұраймыз. Тазалау бұйымының көзге тиіп қалғанында көзді дереу сумен жуып, тазалау бұйымын жұтып қалғанда дереу дәрігермен хабарласуыңыз қажет.
Жоғары қысым тазалағышын ешқашан фильтрсіз, кір фильтрмен немесе зақымданып бұзылған фильтрмен қолданбаңыз. Жоғары қысым тазалағышын фильтрсіз немесе кір не зақымданып бұзылған фильтрмен қолданғанда кепілдеменің күші жоғалады.
▶ Металл бөлшектерінің ұзақ қолданудан кейін ыстық болып
кетуі мүмкін. Керек болса, қорғау қолғаптарын киіп жүріңіз.
▶ Ауа райы нашар болғанда, әсіресе боран мен найзағай басталып жатқанда жоғары қысым тазалағышпен жұмыс істемеңіз.
Баскару
▶ Электрбұйымды басқаратын тұлға оны тек қана белгіленіп көрсетілген мақсаттармен қолдануға тиісті. Жергілікті айырмашылықтарға назар аударылуы керек. Жұмыс барысында басқа адамдарға, әсіресе балаларға, назар аударып әрекет ету керек. ▶ Бұл электр бұйым онымен жұмыс істеу бойынша арнайы үйретілген адамдар немесе осы электр бұйымын қолдана алатындары бойынша дәлелдері бар адамдар арқылы ғана қолданыла алады. Бұл электр бұйым балалар немесе жасөспірімдер арқылы қолданылмауы тиіс. ▶ Балаларға, дене, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдарға немесе осындай бұйымдармен жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз болған және/немесе білімі жеткіліксіз болған және/немесе осы қолдану нұсқаулығымен таныс болмаған адамдарға ешқашан осы бақ электр бұйымымен жұмыс істеуге рұқсат етпеңіз. Электр бұйым қолданушының жасы бойынша мәліметтер бұйым қолданылатын елдегі ұлттық ережелер арқылы шектелуі мүмкін.
▶ Балалардың бақ электр бұйымымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүріңіз. ▶ Электрбұйымды қосылып тұрған қалпында ешқашан қараусыз қалдырмау керек. Жоғары қысым қақпағынан шығатын су ағымы кері түрткінің пайда болуына апарады. Сондықтан бүріккіш атқышы мен бүріккіш түтігін екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз. ▶ Көліктерді немесе жылжымалы бұйымдарды тазалау үшін ешқашан айналып тұратын ротациялық шүмегін немесе нүктелі ағым таратушысын қолданбаңыз.
Тасымалдау
▶ Тасымалдау алдынан электрбұйымды өшіріп алып, лайықты түрде бекітіп қорғап қойыңыз.
Техникалық қызмет көрсету
▶ Бүкіл тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстары және қосалқы бөлшектерін ауыстыру алдынан электрбұйымды өшіріп алыңыз. Электрбұйым желі кернеуі арқылы жұмыс істесе, кабель ашасын шығарып алыңыз. Жөндеу жұмыстары тек қана арнайы рұқсаты бар Бош тұтынушыларына қызмет көрсету жөндеу жерлері тарапынан өткізіледі.
Қосымша және қосалқы бөлшектері
▶ Тек қана шығарушы тарапынан рұқсат етілген қосымша және қосалқы бөлшектерін қолдануға болады. Шығарушының өз тарапынан шығарған қосымша және қосалқы бөлшектерін қолдануы электрбұйымның қатесіз немесе бұзылусыз жұмыс істеуін мүмкін етеді.
Белгілер
Төмендегі белгілер пайдалану нұсқаулықтарын оқып түсіну үшін маңызды. Белгілер мен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгі Мағына
| Козгалыс бағыты |
| Реакция бағыты |
| Салмағы |
| Косу |
| Өшіру |
| Керек-жарактар |
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр бұйым, оған арналған лайықты қосалқы белшектері мен Бош фирмасы арқылы рұқсат етілген тазалау бұйымдары қолданғанда, үйден тыс сыртқы жерлер мен объектілерді, электр өнімдерін, жылжымалы бұйымдар мен көлік пен қайықтарды тазалау үшін мақсатталған.
Лайықты мақсаттарымен қолдануы ортаның жылылық, температурасы 0 °C және 40 °C деңгейінде болуын білдіреді.
Бұл электр бұйымы өнеркәсіптік мақсаттар үшін жарамсыз.
Техникалық мәліметтер
| Жоғары крысым тазалағыш | Universal Aquatak 125 | Universal Aquatak 130 | Universal Aquatak 135 |
| Өнім нөмірі | | 3 600 HA7 A.. | | 3 600 HA7 B.. | | 3 600 HA7 C.. |
| Номиналдық тұтылатын куаты | кВ 1,5 1,7 1,9 | | | | |
| Температура Берілуі макс. | °C 40 40 40 | | | | |
| Су көлемі Берілуі мин. | л/мин 6 7 | 7 | , | | 5 |
| Үйғарынды крысым | МПа | 7 | | , | | 5 |
| Номиналдық крысымы | МПа | 1 | | 2 | | , |
| Өткізгіштік кабілеті | л/мин 5,3 6 | 6 | , | | 4 |
| Ең жоғары кіріс крысымы | МПа | 1 | | 1 | | 1 |
| Автостоп функциясы | | ● ● | | ● | | |
| EPTA-Procedure 01:2014 кужатына сай салмағы | кг 6,8 7,8 7,9 | | | | |
| Сақтық сыныпы | | ☐/II | | ☐/II | | ☐/II |
| Сериялық нөмірі | Жоғары крысым тазалағышындағы (такташада)сериялық нөмірін караңыз. |
Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Берілістерді ауыстыру қысқа ток тудырады. Дұрыс емес желіде басқа құрылғылар зақымдануы мүмкін. Желі кедергісі 0,153 Омнан аз болса, ешқандай ақаулық күтілмейді. Бұл мәселе бойынша күмәніңіз болса, электр қуатымен қамтамасыз ететін мекемеге хабарласыңыз.
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Шу эмиссиясының мәндері EN 60335-2-79 бойынша есептелген.
| 3 600 ... | HA7 A.. | HA7 B.. | HA7 C.. |
| Электрбуйымның «А» белгісімен белгіленген деңгейі әдette төменгідей болады: |
| Дыбыстық куат деңгейі | дБ(А) | 77 | 73 | 74 |
| Дыбыс қаттылығы деңгейі | дБ(А) | 90 | 86 | 87 |
| Дәлсіздік К | дБ | 3 | 3 | 3 |
| Қорғау құлакқаққабын киіп жүріңіз! |
| Төңселудің жалпы қөрсеткіштері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы)және К терістігі EN 60335-2-79 сәйкес белгіленді: |
| Төңселудің шығарылу қөрсеткіші ah | m/c2 | 1,3 | 1,5 | 1,3 |
| К терістігі | m/c2 | 0,6 | 0,6 | 0,6 |
Монтаж және пайдалану
| Эрекет мақсаты | Сурет | Бет |
| Жеткізу көлемі | 1 | 272 |
| Түтқаны төменге қарай қайырыңыз | 2 | 273 |
| Түтқану реттеу | 3 | 273 |
| Су беру жүйесіне қосу | 4 | 274 |
| Бүріккіш пистолетіндегі сүңгісін орнату/бөліп шығару | 5 | 274 |
| Жоғары қысыммен істейтін шлангісін/ бүріккіш пистолетін орнату | 6 | 275 |
| Жоғары қысыммен істейтін шлангісін/ бүріккіш пистолетін бөліп шығару | 7 | 275 |
| Қосу-/өшіру | 8 | 276 |
| Шумекті қондыру | | |
| Қақлақ ағымын орнату | 9-10 | 277-278 |
| ∂ρεκετ μακςατις | Сурет | Бет |
| Шаю бүйым шишасын біріктіріп қосу | 11 | 279 |
| Қақпакты тазалау | 12 | 280 |
| Фильтрді тазалау | 13 | 280 |
| Шлангті шланг ұстағышына енгізіңіз | 14 | 281 |
| Сақтау | 15 | 281 |
| Электрбүйымды қолдану ұқытында атқышты/түтікті/қақпакты сақтау | 16 | 281 |
| Керек-жарақтарды тандау | 17 | 282 |
Іске қосу
Электр қауіпсіздігі

Назарыңызда болсын! Жөндеу немесе тазалау жұмыстарын өткізу алдында бұл электр бұйымын өшіріп, электр тоқ айырын розеткадан шығарып алыңыз. Электр тоққа қосу кабелінің зақымданып, кесіліп немесе оралып қалғанында да жоғарыдағыдай әрекеттеніңіз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзіңіздің бақ құралыңыз қорғау оқшаулануымен жабдықталған. Жұмыс кернеуі – 230 В ауыспалы тоғы, 50 Гц (Еуропа Одағына кірмейтін елдер үшін 220 В немесе 240 В).
Қауіпсіздікті арттыру үшін бүліну тоғының ең жоғары деңгейі 30 мА болған FI қосқышын (RCD) қолданыңыз. Осы FI қосқышын әр қолдану алдында тексеріп алу қажет. Желі және ұзарту кабельдерін әрдайым оларда бұзылып қалуын білдіретін белгілердің жоқ болуына көз жеткізу үшін тексеріп, оларды тек қана ақаусыз қалыпта болғанда қолдануыңыз лазым.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз.
Тек қана шығарушы тарабынан рұқсат етілген ұзарту кабельдерін қолданыңыз.

САҚТАНДЫРУ: Нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларға сай болмаған ұзарту кабельдері қауіп тудыра алады. Ұзарту кабелі, электр розеткасы және біріктіруші су өткізбейтін, сыртқы орталар үшін рұқсат етілген болуы керек.
EN 61242/IEC 61242 немесе IEC 60884-2-7 нормаларына сай болатын ұзарту кабельдерін, ұзарту сымдары мен кабель атанақтарын ғана қолданыңыз.
Электр бұйымымен жұмыс істеу барысында ұзарту кабелін қолданғыңыз келсе, ол үшін төмендегідей сым көлденең қима мөлшерлері талап етіледі:
– Ұзындығы 20 м аспайтын ұзарту кабельдері үшін өткізгіштің көлденең қимасы – 1,5 мм²
Кабельмен біріктірілетін бөлшектері (штепсель айыры мен электр розеткалары) құрғақ түрде болып, жерде жатпаулары тиіс.
Осы мақсаттар үшін жерден 60 мм төменірек болмай орналастырылған розеткасы бар кабель барабанын қолдануыңыз лазым.
Нұсқау: Ұзарту кабелін қолданғанда, оның – қауіпсіздік бойынша нұсқаулықта көрсетілгендей – электр розеткасы арқылы өзіңіздің электр жүйеңіздің қорғау сымымен жанасқан лайықты қорғау сымы бар болуы керек.
Ұзарту кабелі немесе кабель барабан шығарушысының қолдану нұсқаулығын, сонымен қатар, осындай құралдарды қолдану бойынша ұлттық нұсқамаларына назар аударыңыз.
Дүдәмал не сұрақтарыңыз бар болғанда арнайы білімі бар электрикті немесе жағындағы Bosch сервис орталығында сұраңыз.
Ұлы Британияда (ҰБ) сатылмайтын бұйымдар үшін анықтама:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Өз қауіпсіздігіңіз үшін бақ электрбұйымындағы айырының ұзарту кабелімен біріктіріліп тұрғаны талап етіледі. Ұзарту кабелінің біріктіргіші шашылатын суға қарсы қорғанылып, резенкеден жасалып немесе резенкемен қапталған болуы керек. Ұзарту кабелін лайықты кернеуден жеңілдетушісімен қолдану қажет.
Пайдалану
Kocy
Су үшін шлангісін (бұйыммен бірге сатылмайды) су беру жүйесі мен электрбұйыммен біріктіріп қосыңыз.
Электртұтыну қосқышының «0» позициясында болғанын тексеріп, электрбұйымды розеткаға қосыңыз.
Сутартқыш шүмегін ашыңыз.
Атқыш шаппасын босату үшін қосу кедергісін (атқыш тұтқасындағы ішкі қосқыш) басыңыз. Атқыш шаппасын толығымен, судың біркелкі ағуынша және электрбұйым мен жоғары қысым шлангісінде ауа қалмағанша басыңыз. Атқыш шаппасын босатып жіберіңіз. Қосу кедергісін (атқыш тұтқасындағы алдыңғы қосқыш) басыңыз.
Қосқышты бұрыңыз. Бүріккіш атқышын төменге қаратып бағыттаңыз. Атқыш шаппасын босату үшін қосу кедергісін басыңыз. Атқыш шаппасын толығымен басыңыз.
Автостоп функциясы
Атқыш тұтқасындағы шаппа босатылған сәтте электрбұйым өз қозғалтқышын өшіреді.
Жоғары қысым тазалағышының тегіс үсті үстінде тұрғанын тексеріп алыңыз.
Жоғары қысым шлангісімен алдыға қарай тым ұзақ кетпеніз немесе жоғары қысым тазалағышты шлангісінен тартпаңыз. Бұл әрекеттер арқылы жоғары қысым тазалағышының тұруы тұрақсыз болып кетіп, аударылып кетуіне апара алады.
Жоғары қысым шлангісін бүкпеңіз, оның үстінен көлікпен жүрмеңіз. Жоғары қысым шлангісін өткір бұрыштарға тигізбей қорғап жүріңіз.
▶ Көліктерді немесе жылжымалы бұйымдарды тазалау үшін ешқашан айналып тұратын ротациялық шүмегін немесе нүктелі ағым таратушысын қолданбаңыз.
Қазақша | 173
Жұмыс бойынша нұсқаулар тазалау бұйымдарымен жұмыс істеу үшін
▶ Тек жоғары қысым тазалағыш үшін жарамды тазалау бұйымдарын ғана қолданыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау үшін біз тазалау бұйымдарын үнемдеп қолдануыңызды ұсынамыз. Араластыру бойынша шишада жазылған нұсқаулар мен ұсыныстарға назар аударыңыз.
Осы бұйыммен бірге қорапта ұсынылатын жоғары қысым көбік өшіруші бүріккіші тазалау бұйымын реттеу үшін реттегішпен жабдықталған. Реттелуі қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Ұсынылатын тазалау тәсілі
1-ші қадам: Желпуіш ағымын 1:3 шүмегіне реттеп орнатып қойып, осы шүмекпен ірі кір мен ласты тазалаңыз.
2-ші қадам: Тазалау бұйымына арналған шишасын орнатып, осы шишамен біраз тазалау бұйымын құйып жағыңыз.
3-ші қадам: Одан кейін жібітіліп қалған кір мен ласты және тазалау бұйымын 1:3 шүмегімен шайып алыңыз. Ескерту: Тік үстілерді тазалағанда кір кетіру және тазалау бұйымдарын қолданып, төменгі жерлерден бастап жоғарыға қарай тазалай беріңіз. Шаю барысында жоғарыдан төменге қарай әрекеттеніңіз.
Баламалы сумен қамтамасыз ету жерлерінде қолдану
Бұл жоғары қысыммен жұмыс істейтін тазалағыштың құралы өз-өзімен сору қабілетіне ие болып, осының арқасында ол суды суқоймалардан немесе табиғи қайнар көздерден сорып тартуын мүмкін етеді. МАҢЫЗДЫ: Бош компаниясының сүзгісін су құю алдында тазалап алып, дұрыс орнатылып, және тек қана таза суды соруы керек.
Ашық қоймалар/суқоймалар және табиғи суаттар
Құрамына төмендегілер кіретін, өз-өзімен сору толымдауыштарын қолданыңыз:
- кері клапаны бар сору сүзгісі
- ұзындығы 3 м күшейтілген сору шлангісі
- жоғары қысыммен істейтін тазалау құралы үшін әмбебап ілінісу муфтасы
Осы толымдауыштар арқасында жоғары қысыммен істейтін тазалау құралы су деңгейінен 0,5 м биік болып жатқан суды сора алады. Осы жұмыстар 15 секунд ішінде өткізіле алынады.
Ұзындығы 3 м шлангті ауаны шығарып кетіру үшін су астына салыңыз. Ұзындығы 3 м болған сору шлангісін жоғары қысыммен істейтін тазалағышқа біріктіріп қосып, оның сору сүзгісінің су астында болуын тексеріп алыңыз.
Судың жоғары қысым шлангісінен біркелкі түрде ағып шыға бастағанынша дейін жоғары қысыммен істейтін тазалағышты, бүріккіш пистолетін алып қойып, іске қосыңыз. 25 секундтен кейін әлі де су шыға бастамаса, оны өшіріп, біріктіріп қосылатын жерлерін тексеріңіз. Су аға бастағанда жоғары қысыммен істейтін тазалағышты өшіріңіз де, жұмысты бастай алу үшін бүріккіш пистолеті мен бүріккіш түтігін біріктіріп қосыңыз.
Шлангі мен ілінісу муфтасының сапасы жоғары болуы, олардың бекітілуі тығыз болуы және төсеулерінің бұзылмаған қалыпта болуы өте маңызды. Біріктірілетін жерлердің тығыз болмауы соруға бөгет бола алады.
Босату шумегі бар суқоймасы
Егер жоғары қысымды тазалағышты босату шумегі бар суқоймасына қосу қажет болса, алдымен су шлангісін (бөлек сатып алынады) шумекке жалғаңыз. Ауаны шлангтан шығару үшін шумекті ашыңыз, содан кейін оны жоғары қысымды тазалағышқа жалғаңыз.
Қателерді белгілеу
| Симптомдар | Мумкін болған себептер | Көмек |
| Қозғалтқыш іске қосылмай түр | Қосқыш қосылмай түр | Қосқышты қосыңыз |
| Электррозетка бұзылған қалыпта | Басқа электррозеткасын қолданыңыз |
| Тежегіш қосылып кетті | Тежегішті ауыстырыңыз |
| Ўзарту кабелі закымданып бұзылған | Ўзарту кабелсіз жұмыс істеп көріңіз |
| Қозғалтқыш қорғанысы қосылып кетті | Қозғалтқышты 15 минут бойынша суытып алыңыз |
| Мұздатылып кетті | Сорғыш, су шлангісін немесе қосымща белшектерін ерітіп алыңыз |
174 | Қазақша
| Симптомдар | Мумкін болған себептер | Көмек |
| Қозғалтқыш тұрып қалды | Тежегіш қосылып кетті | Тежегішті ауыстырыңыз |
| Желі кернеуі дұрыс емес | Желі кернеуін тексеріңіз, ол такташадағымәліметтерге сай болуы керек |
| Қозғалтқыш қорғанысы қосылыпкетті | Қозғалтқышты 15 минут бойынша суытыпалыңыз |
| Желі кернеуі лайықсыз деңгейде | Желі кернеуі электрбұйым такташасында берілген спецификация мәліметтеріне сайболуын тексеріңіз. |
| Тежегіш қосылып түр | Тежегіш тым әлсіз | Жоғары қысым тазалағыштың жұмысы үшінлайықты электр куат контурына қосыңыз |
| Қозғалтқыш жұмыс істеп түр,бірақ қысым жоқ болып түр | Қақпағы біраз бітеліп қалды | Қақпақты тазалау |
| Қозғалтқыш дыбыстары бар,бірақ жұмыс істемей түр | Желі кернеуі жеткіліксіз | Электр желі кернеуінің такташадағымәліметтеріне сай болып тұруын тексеріпалыңыз |
| Ўзарту кабелін қолдану себебіненкернеу деңгейі тым төмен | Ўзарту кабелінің жарамды және лайықты болуынтексеріңіз |
| Электрбұйым үзак ұақыт бойыншаколданбаған | Бош фирмасының арнайы сервис көрсетуорнымиен хабарласыңыз |
| Автостоп функциясындағыкедергілер мен қателер | Бош фирмасының арнайы сервис көрсетуорнымиен хабарласыңыз |
| TSS-жүйесінде (Total Stop System)қателердің бар болуы | Бош фирмасының арнайы сервис көрсетуорнымиен хабарласыңыз |
| Жүріп түрган қысым | Су шлангісінде немесе сорғыштауа бар | Біркелкі жұмыс қысымы пайда болғаныншадейін жоғары қысым тазалағышты бүріккішатқышын ашып, су шлангісін ашып және төменқысыммен орнатылған қақпағымен жұмыс істетеберіңіз |
| Су берілуі дұрыс емес | Су беру жүйесінің техникалық мәліметтердегікөрсеткіштеріне сай болғанын тексеріңіз.Қолдануға рүксат етілген ең шағын сушлангілердің көлемі 1/2" немесе ∅ 13 мм |
| Су фильтрі бітеліп қалды | Су фильтрін тазалаңыз |
| Су шлангісі басылып немесебүгіліп қалды | Су шлангісін тегіс қылып орналастырыңыз |
| Жоғары қысымы тым ұзын | Жоғары қысым шлангісін ұзартуынқыскартыңыз, ең ұзын макс. су шланг ұзындығы7 м |
| Қысым біркелкі, бірақ тым төменНұсқау: Кейбір қосымшабөлшектер төмен қысымныңпайда болуына апарады | Қақпақ тозып кеткен Қақпақты ауыстырыңыз |
| Бастау/Токтату тетігі тозып кеткен | Атқыш шаппаын 5 рет бірінен кейін бірін тездетіпбасыңыз |
| Қозғалтқыш жұмыс істеп түр,бірақ қысым шектеулі немесежұмыс қысымы жоқ | Су беру жүйесіне қосылм аған | Су беру жүйесіне қосыңыз |
| Фильтр бітеліп қалды | Фильтрді тазалау |
| Қақпақ бітеліп қалды | Қақпақты тазалаңыз |
| Жоғары қысым тазалағыш өз-өзімен іске қосылып кетті | Сорғыш немесе буріккіш атқышытығыз емес | Бош фирмасының арнайы сервис көрсетуорнымиен хабарласыңыз |
| Электрбұйым тығыз емес | Сорғыш тығыз емес | Шағын су шығып кету көлемі ұйғарынды; Сушығып кету көлемі жоғары болса қызмет көрсетуорнымиен хабарласыңыз |
Қазақша | 175
| Симптомдар | Мумкін болған себептер | Көмек |
| Тазалау бүйымы сорылмай түр | Тазалау бүйымы тым түтқыр | Сумен араластырыңыз |
| Тазалау шүмегінде қалдықтар немесе бунақтардың бар болуы | Таза сумен шайып, тарылуды кетіріңіз. Кедергі кетпей, аріғарай бар болып түрса Бош фирмасының қызмет керсету орталығымен хабарласып кеңес сураңыз. |
Техникалық күтім және қызмет
Техникалық қызмет көрсету
Электр құралында кез келген жұмыстарды орындамас бұрын, электр ашасын розеткадан шығарып, су қосу бөлігін ажыратыңыз.
Ескертпе: Электр құралын ұзақ уақыт бойы дұрыс пайдалану үшін төмендегі күтім жұмыстарын үнемі орындаңыз.
Электр құралында көзге көрінетін ақаулардың бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, бос бекіткіштер мен тозған немесе зақымдалған бөлшектерді.
Электр құралының қақпақтары мен қорғаныс жүйелерінің зақымдалмағанын және дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Қажет болса, пайдалану алдында қажетті күтім немесе жөндеу жұмыстарын орындаңыз.
Егер қуат сымын ауыстыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін ауыстыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарына қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті орталықтарда орындаңыз.
Пайдаланудан/сақтаудан кейін
Жоғары қысымды шлангті босату үшін Қосу/Өшіру қосқышын өшіріп, атқыштың тетігін басыңыз.
Жоғары қысымды тазалағыштың сыртын жұмсақ щеткамен және шүберекпен тазалаңыз. Су, еріткіш заттар мен жылтырататын заттарды қолдануға болмайды. Кірдің бәрін кетіріңіз, әсіресе қозғалтқыштың ауа саңылауларын тазалаңыз.
Колдану сезоны аякталғаннан кейін сақтау: Козғалтқышты бірнеше секунд бойынша жұмыс істете отырып және атқыш шаппасын баса отырып суды сорғыштан шығарып алыңыз.
Электрбұйымның үстіне басқа заттарды қоймаңыз.
Электрбұйымды аяз және қырау түспейтін жерде сақтаңыз.
Сақтау уақытында кабельдердің қыстырылып қалмауын тексеріп алыңыз. Жоғары қысым шлангісін бүгіп қоймаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Сұрақтарыңыз және қосалқы бөлшектеріне тапсырыс бергеніңізде әрдайым такташада жазылған 10 саннан тұратын бұйым нөмірін хабарлауыңыз керек.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек «Роберт Бош» фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Қызмет көрсету орталығы
Райымбек даңғылы, 169/1
050050 Алматы қ.
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Қоршаған ортаны қорғау
Коршаған ортаға зиян келтіретін химиялық заттардың жерге, жер асты суына, тоғандарға, өзендерге және т.б. түспеуі керек.
Тазалау бұйымдарын қолданғанда қорапшалардағы мәліметтерге назар аударып, белгіленген концентрацияларына сай дозалау керек.
Қозғалтқышы бар көліктерді тазалағанда жергілікті ережелер мен заңдарға назар аударыңыз: шашырап шығатын майлардың жерасты суларына түсуін болдырмау керек.
Кәдеге жарату
Жоғары қысымды тазартқышты, қосымша бөлшектер мен қорапшаларды қоршаған ортаға зиян келтірмейтін кәдеге жарату қажет.

Жоғары қысымды тазартқышты тұрмыстық қалдықтар контейнеріне салмаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Ескі электр және электроника бұйымдары бойынша Еуропалық 2012/19/EU директивасына сәйкес, және оның ЕО елдерінің мемлекеттік заңдарына енгізуі бойынша, қолданылуға жарамсыз ескі электр және электроника бұйымдарын іріктеп жинап, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін кәдеге жарату қажет.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.
2000/14/EC: Өлшенген дыбыс қаттылығы 90 дБ(А), дәлсіздік K = 2 дБ, кепілденген дыбыс қаттылығы 91 дБ(А); Сәйкестікті анықтау әдісі V тіркелгісі бойынша. Өнім санаты: 27
UniversalAquatak 130
2000/14/EC: Өлшенген дыбыс қаттылығы 86 дБ(А), дәлсіздік K = 1 дБ, кепілденген дыбыс қаттылығы 87 дБ(А); Сәйкестікті анықтау әдісі V тіркелгісі бойынша. Өнім санаты: 27
UniversalAquatak 135
2000/14/EC: Өлшенген дыбыс қаттылығы 87 дБ(А), дәлсіздік K = 2 дБ, кепілденген дыбыс қаттылығы 88 дБ(А); Сәйкестікті анықтау әдісі V тіркелгісі бойынша. Інім санаты: 27