GCL 12V-50-22 CG Professional - өлшеу құралдары BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GCL 12V-50-22 CG Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Лазер нүктелері мен сызықтары, лазер класы 2 |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GCL 12V-50-22 CG Professional |
| Лазер сызығының қашықтығы (стандартты) | 25 м |
| Лазер нүктесінің қашықтығы | 10 м |
| Тегістеу дәлдігі (сызықтар) | ±0,3 мм/м |
| Тегістеу дәлдігі (нүктелер) | ±0,7 мм/м |
| Өзін-өзі тегістеу диапазоны | ±4° |
| Тегістеу уақыты | < 4 с |
| Қоректену | 12 В литий-ионды аккумулятор (ұсынылады GBA 12V...) немесе 4 × 1,5 В LR6 (AA) сілтілі батареялар адаптер арқылы |
| Автономдылық (нүктелер мен қиылысатын сызықтар режимі) | 8 сағ (Li-Ion аккумулятор), 4 сағ (сілтілі батареялар) |
| Өлшемдері (Ұ × Е × Б) | 152 × 68 × 116 мм |
| Салмағы (аккумуляторсыз/адаптерсіз) | 0,59 кг |
| Қорғаныс индексі | IP65 |
| Радио интерфейс | Bluetooth® 5.2 (Low Energy), макс. қашықтығы 30 м |
| Жұмыс режимдері | Нүктелер мен қиылысатын сызықтар, көлденең сызық, тік сызық, нүктелер |
| Еңкейту функциясы | Иә, өзін-өзі тегістеу диапазонынан тыс автоматты ауысу |
| Автоматты өшіру | 120 минуттан кейін (өшіруге болады) |
| Пайдалану температурасы | −10 °C-тан +45 °C-қа дейін |
| Штатив жалғауы | 1/4" |
| Қашықтан басқару | Bosch Levelling Remote App қосымшасы арқылы (смартфон) |
| Тазалау және күту | Жұмсақ, дымқыл шүберек, жуғыш заттар мен еріткіштерсіз |
| Жөндеу мүмкіндігі | Bosch сатудан кейінгі қызметі, қосалқы бөлшектер www.bosch-pt.com сайтында |
| Жеткізу жиынтығы | Өлшеу құрылғысы, аккумулятор (нұсқасына қарай), батарея адаптері, қорғаныс қабы, опционалды керек-жарақтар (айналмалы тірек, штатив және т.б.) |
Жиі қойылатын сұрақтар - GCL 12V-50-22 CG Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GCL 12V-50-22 CG Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз өлшеу құралдары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GCL 12V-50-22 CG Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GCL 12V-50-22 CG Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GCL 12V-50-22 CG Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
– өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сактау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді
көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ.
▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса, бұл қауіпті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). ▶ Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып, басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. ▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. ▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. ▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. ▶ Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. ▶ Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.


Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.

Магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
▶ Магнитті аксессуарды магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Аксессуарлар магниттерінің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады.
▶ Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® бен медициналық құралдар, жанармай бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алдыңғы бөлшегінде берілген суреттерге назар аударыңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды және перпендикуляр негіздерін есептеп тексеруге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
(1) Аккумулятор/батареялар заряды деңгейінің индикаторы (2) Bluetooth® түймесі (3) Лазер жұмыс режимінің түймесі (4) Ажыратқыш (5) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы (6) Штатив бекіткіші, 1/4 дюйм (7) Бағыттауш ойық (8) Лазер ескерту тақтасы (9) Сериялық нөмір
(10) Аккумулятор a) (11) Батарея адаптерінің жапқышы (12) Аккумулятор/батарея адаптерінің босату түймесі (13) Батареялар a) (14) Батарея адаптерінің қабы (15) Аккумулятор бөлімі (16) Бойлық бекіткіш саңылау a) (17) Бағыттауыш шина a) (18) Бұрама ұстағыш (RM 20) a) (19) Бұрама ұстағыштың дәлдеп реттеу бұрандасы a) (20) Магнит a) (21) Төбе қапсырмасы (DK 20) a) (22) Өмbebап ұстағыш a) (23) Ұстағыш (LB 10) a)
418 | Қазақ
(24) Лазер нысандық тақтасы a) (25) Лазер көру көзілдірігі a) (26) Лазер қабылдағышы a) (27) Штатив a) (28) Телескоптық қарнақ a) (29) Батарея адаптері (30) Қорғаныш қалта a) (31) Шабадан a)
a) Бейнеленген құрамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді. Техникалық мәліметтер
| Нуктелі және сызықтық лазер GCL 12V-50-22 CG | |
| Өнім нөмірі | 3 601 K66 S.. |
| Жұмыс диапазоныA) | |
| – Стандартты лазер сызықтары 25 м | |
| – Лазер қабылдағышы арқылы лазер сызықтары 5–50 м | |
| – Лазер нүктелері 10 м | |
| Нивелирлеу дәлдігіВ)С) | |
| – Лазер сызықтары ±0,3 мм/м | |
| – Лазер нүктелері ±0,7 мм/м | |
| Өздігінен нивелирлеу диапазоны ±4° | |
| Нивелирлеу уақыты < 4 с | |
| Herізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000 м | |
| Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 90% | |
| IEC 61010-1 бойынша ластану дәрежесі 2 | D) |
| Лазер класы 2 | |
| Лазер сызығы | |
| – Лазер түрі < 10 мВт, 500–540 нм | |
| – C610 | |
| – Айырмашылық 50 × 10 мрад (толық бұрыш) | |
| – Импульстер жиілігі | 10 кГц |
Нүктелік және сызықтық лазер GCL 12V-50-22 CG
| Лазер нуктесі | |
| – Лазер түрі < 1 мВт, 500–540 нм | |
| – C6 1 | |
| – Айырмашылық 0,8 мрад (толық бұрыш) | |
| – Импульстер жилігі 1 кГц | |
| Ең қысқа импульс мерзімі 0,03 мс | |
| Үйлесімді лазер қабылдағышы LR 7 | |
| Штатив бекіткіші 1/4 дюйм | |
| Қуатпен жабдықтау | |
| – Литий-иондық аккумулятор 12 В | |
| – Сілтілі марганец батареялары (батарея адаптері бар) | 4 × 1,5 В LR6 (AA) |
| Қылысу және нуктелі жұмыс режиміндегі жұмыс ұзақтығы E) | |
| – литий-иондық аккумулятормен 8 сағ | |
| – сілтілі марганец батареяларымен 4 сағ | |
| Bluetooth өлшеу құралы | |
| – Уйлесімділігі Bluetooth 5.2 (Low Energy) | F) |
| – Сигнал арақашықтығы, макс. 30 м | G) |
| – Қызметтік жиіліктер диапазоны 2402–2480 МГц | |
| – Тарату қуаты, макс. 3,3 мВт | |
| Bluetooth смартфоны | |
| – Уйлесімділігі Bluetooth 5.2 (Low Energy) | F) |
| Салмағы H) | 0,59 кг |
| Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі) | 152 × 68 × 116 мм |
| Қорғаныс дәрежесі I) | IP65 |
| Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы | 0 °C ... +35 °C |
| Жұмыс істеп түрған кездегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы | -10°C ... +45°C |
420 | Қазақ
Нүктелік және сызықтық лазер GCL 12V-50-22 CG
| Сақтау кезіндегі рүқсат етілген қоршаған орта температурасы (аккумуляторсыз) | -20°C ... +70°C |
| ¥сынылатын аккумуляторлар(2-3 А-сағ) | GBA 12V... |
| ¥сынылатын зарядтағыш құрылғылар GAL 12... | GAX 18... |
A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы, тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін.
B) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта шарттарын (мысалы, дірілсіз, тұмансыз, түтінсіз, тікелей күн сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген жағдайда, дәлдік ауытқуы мүмкін.
C) Максималды өздігінен нивелирлеу диапазонында қосымша ±0,1 мм/м ауытқуды есепке алу керек.
D) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоқ өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі.
E) Bluetooth® арқылы жұмыс істеу кезіндегі қысқа жұмыс уақыты
F) Bluetooth®-төмен энергиялық құрылғыларда (Low Energy) модель мен операциялық жүйеге байланысты ретте байланысты құру мүмкін емес. Bluetooth® құрылғылары SPP профилін қолдауы керек.
G) Жететін қашықтық сыртқы шарттарға байланысты ретте, сонымен бірге пайдаланған қабылдау құрылғысына байланысты, қатты өзгеруі мүмкін. Жабық бөлмелер ішінде және метал кедергілер (мысалы, қабырғалар, сөрелер, чемодан т.б.) арқылы Bluetooth® жететін қашықтығы қатты қысқаруы мүмкін.
H) Аккумуляторсыз/батарея адаптерінсіз/батареяларсыз салмағы
I) Литий-иондық аккумулятор мен батарея адаптері қорғаныс дәрежесіне жатпайды.
Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (9) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау
Өлшеу құралы стандартты батареялармен немесе Bosch литий-иондық аккумуляторымен жұмыс істейді.
Батареялармен пайдалану
Өлшеу құралы үшін сілтілі марганец батареяларын пайдалану ұсынылады.
Батареялар батарея адаптеріне салынады.
Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камерасымен пайдалануға арналған және электр құралдарымен пайдалануға болмайды.
Батареяларды салу үшін батарея адаптерінің қабын (14) аккумулятор бөліміне (15) жылжытыңыз. Батареяларды жабу қақпағындағы (11) суретте көрсетілгендей қапқа салыңыз. Жабу қақпағын қап үстінен сезілетіндей тірелгенше жылжытыңыз.
Батареяларды (13) шығару үшін жапқыштың (11) құлыптан босату түймелерін (12) басып, жапқышты тартып алыңыз. Батареяларды шығарып алыңыз. Ішкі қапты (14) аккумулятор бөлімінен шығару үшін қапты ұстап алыңыз да, бүйірлік қабырғасын аздап басу арқылы өлшеу құралынан тартып шығарыңыз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
▶ Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяларды шығарып алыңыз. Өлшеу құралында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареялар тот басуы мүмкін.
Аккумулятормен пайдалану
▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумулятормен сәйкес келеді.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Зарядталған аккумуляторды (10) орнату үшін оны аккумулятор бөліміне (15) сезіліп тірелгенше жылжытыңыз.
Аккумуляторды (10) шығару үшін босату пернелерін (12) басып, аккумуляторды аккумулятор бөлімінен (15) шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз.
Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Өлшеу құралындағы заряд деңгейінің индикаторы
Заряд деңгейінің индикаторы (1) өлшеу құралының қосулы күйінде аккумуляторлардың немесе батареялардың заряд деңгейін көрсетеді.
Егер батареялар немесе аккумулятор заряды азайып кетсе, лазер сызықтарының жарықтығы ақырын төмендейді.
Егер аккумулятор немесе батареялардың заряды таусылған дерлік болса, заряд деңгейінің индикаторы (1) ұзақ уақыт жыпылықтайды. Лазер сызықтары әр 5 минут сайын 5 секунд жыпылықтайды.
Аккумулятор немесе батареялардың заряды таусылған болса, өлшеу құралы өшпес бұрын, лазер сызықтары және заряд деңгейінің индикаторы (1) тағы бір рет жыпылықтайды.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
▶ Өлшеу құралын суықтан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. ▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура өзгерістерінің әсерін тигізуге болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты температурасын сақтаңыз және жұмысты жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет 426).
Айрықша температура немесе температура өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
▶ Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет 426). ▶ Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны өшіріңіз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (4) ON күйіне жылжытыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден лазер сәулелерін шығыс саңылаулардан (5) шығарады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4) OFF күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
Егер өлшеу құралының температурасы ең жоғарғы рұқсат етілген жұмыс температурасына жақындаса, лазер сызықтарының жарықтығы ақырын төменделеді.
Рұқсат етілген максимальды жұмыс температурасынан асырған жағдайда, лазер сызықтары жылдам жыпылықтайды, содан кейін өлшеу құралы өшіп қалады. Өлшеу құралы суығаннан кейін қайтадан жұмыс істеуге дайын және оны қайта қосуға болады.
Өшіру автоматикасы
Егер шамамен 120 минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы аккумуляторлардың немесе батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралын автоматты өшкен соң қайта іске қосу үшін, ажыратқышты (4) алдымен OFF күйіне жылжытып, содан кейін өлшеу құралын қайта іске қосыңыз немесе лазер жұмыс режимінің түймесін (3) басыңыз.
Өшу автоматикасын өшіру үшін (өлшеу құралы қосулы болғанда) жұмыс түрлері пернесін (3) кемінде 3 сек. басып ұстаңыз. Өшу автоматикасы өшкен болса, лазер сәулелері растау үшін қысқа уақыт жыпылықтайды.
Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын өшіріп, қайта қосыңыз.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады:
– Қысу мен нүктелік жұмыс: Өлшеу құралы алға қарай көлденең және тік лазерлік сызықты және жоғары және төмен қарай көлденең лазерлік сызықты шығарады. Лазерлік сызықтар 90° бұрышта қиысады. – Көлденең сызықтық жұмыс: өлшеу құралы көлденең лазерлік сызықты алға қарай шығарады. – Тік сызықтық жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік сызықты алға қарай шығарады. Өлшеу құралы бөлмеде орналасқанда тік лазерлік сызық төбеде жоғарғы лазерлік нүктеден жоғары көрсетіледі.
Өлшеу құралын тікелей қабырғада орналастырғанда тік лазерлік сызық толық дерлік айналалық лазерлік сызықты (360° сызығын) шығарады.
– Нүктелік жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік нүктені жоғары және төмен қарай шығарады.
Жұмыс режимін ауыстыру үшін лазер жұмыс режимінің түймесін (3) лазер сәулелері қалаулы жұмыс режимінде шыққанша басыңыз.
Барлық жұмыс режимдері нивелирлеу автоматикасымен де, еңіс функциясымен де орындалуы мүмкін.
Барлық жұмыс режимдері лазер қабылдағышымен (26) бірге жұмыс істеуге жарамды.
Нивелирлеу автоматикасы
Өлшеу құралы жұмыс барысында әрдайым күйді қадағалайды. ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағының аясында орнатқан кезде, ол нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істейді. Өздігінен нивелирлеу аймағынан тыс ол автоматты түрде еңіс функциясына ауысады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, бұрама ұстағышқа (18) немесе штативке (27) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сәулелері үздіксіз жанып тұрғанда, өлшеу құралы нивелирленген болады.
Автоматты түрде нивелирлеу мүмкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған табан көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері алдымен 2 секунд жылдам ырғақпен, ал содан кейін 5 секунд сайын жылдам ырғақпен бірнеше рет жыпылықтайды. Өлшеу құралы еңіс функциясында тұрады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеуді жалғастыру үшін өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса, лазер сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Еңіс функциясымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын еңіс бетке қойыңыз. Еңіс функциясымен жұмыс істеген кезде, лазер сәулелері алдымен 2 секунд жылдам ырғақпен, ал содан кейін 5 секунд сайын жылдам ырғақпен жыпылықтайды.
Еңіс функциясында лазер сызықтары бұдан былай нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.
"Bosch Levelling Remote App" арқылы қашықтан басқару
Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол радио арқылы смартфоннан Bluetooth® интерфейсі арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Бұл функцияны пайдалану үшін (App) "Bosch Levelling Remote App" бағдарламасы керек болады. Оны соңғы құрылғыға байланысты тиісті App-Store-дан (Apple App Store, Google Play Store) жүктеп алуға болады.
Bluetooth® арқылы қосылу үшін қажетті жүйе алғышарттары туралы ақпаратты Bosch веб-сайтынан қараңыз: www.bosch-pt.com.
Bluetooth® арқылы қашықтан басқаруда мобильді соңғы құрылғы мен өлшеу құралы арасында жаман қабылдау шарттары пайда болады.
Ақырғы мобильді құрылғымен байланыс орнату/аяқтау
Өлшеу құралын өшіргеннен кейін, Bluetooth® функциясы әрдайым өшірулі болады.
Қашықтан басқару үшін Bluetooth® функциясын қосу:
- Bluetooth® түймесін (2) қысқаша басыңыз. Түйме растау үшін баяу ырғақпен жыпылықтайды. – Егер өлшеу құралы ақырғы мобильді құрылғыға әлдеқашан қосылған және осы ақырғы мобильді құрылғы қол жеткізу аймағында болса (іске қосылған Bluetooth® интерфейсімен), осы ақырғы мобильді құрылғымен байланыс автоматты түрде қайта орнатылады. Bluetooth® түймесі (2) үздіксіз жанып тұрса, бұл байланыстың сәтті орнатылғанын білдіреді.
Bluetooth® арқылы байланыс өлшеу құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасындағы үлкен қашықтыққа немесе бөгеттерге және электрмагниттік кедергі көздеріне байланысты үзілуі мүмкін. Бұл жағдайда Bluetooth® түймесі (2) жыпылықтайды.
Байланысты қайта орнату (алғаш рет қосылу немесе басқа ақырғы мобильді құрылғыға қосылу):
– Ақырғы мобильді құрылғыда Bluetooth® интерфейсінің іске қосылғанына және өлшеу құралында Bluetooth® функциясының қосылғанына көз жеткізіңіз. – Bosch Levelling Remote App қолданбасын іске қосыңыз. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса, тиісті өлшеу құралын таңдаңыз. – Өлшеу құралындағы Bluetooth® түймесін (2) басып, түйме жылдам ырғақпен жыпылықтағанша ұстап тұрыңыз. – Байланысты ақырғы мобильді құрылғыңызда растаңыз. – Bluetooth® түймесі (2) үздіксіз жанып тұрса, бұл байланыстың сәтті орнатылғанын білдіреді.
- Байланыс орнату мүмкін болмаса, Bluetooth® түймесі (2) әрі қарай жылдам ырғақпен жыпылықтайды.
Bluetooth® функциясын өшіру:
Bluetooth® түймесін (2), ол сөнетіндей қысқаша басыңыз немесе өлшеу құралын өшіріңіз.
Зауыттық күйге қайтару:
– Зауыттық күйге қайтару кезінде, өлшеу құралындағы барлық байланыс деректері жойылады. – Қол жеткізу аясында өлшеу құралына әлдеқашан қосылған соңғы мобильді құрылғы болса, осы мобильді құрылғының Bluetooth® функциясын өшіріңіз немесе мобильді құрылғыда өлшеу құралымен байланысты жойыңыз. – Өлшеу құралын қосыңыз. Содан кейін өлшеу құралындағы Bluetooth® түймесін (2) қысқаша басыңыз. Түйме растау үшін баяу ырғақпен жыпылықтайды. - Содан кейін Bluetooth® түймесін (2) және лазер жұмыс режимінің түймесін (3) 3 с бойы бірге басыңыз. Bluetooth® түймесі (2) қысқа мерзімге жанып, сөнуі керек. – Өлшеу құралы зауыттық күйге қайтарылды.
Өлшеу құралының бағдарламалық жасақтамасын жаңарту
Өлшеу құралы үшін бағдарламалық жасақтама жаңартуы қолжетімді болса, Bosch Levelling Remote App қолданбасында хабарландыру көрсетіледі. Жаңартуды орнату үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.
Жаңарту барысында Bluetooth® түймесі (2) жылдам ырғақпен жыпылықтайды. Жаңарту сәтті орнатылғанша, барлық басқа түймелер ажыратылады және лазер сызықтары өшіріледі.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдікке әсер ететін факторлар
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденнен жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесінің ауытқуына әкелуі мүмкін.
Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сондықтан әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазер сызығының биіктік және нивелирлеу дәлдігін, ал содан кейін тік лазер сызығының нивелирлеу дәлдігін және вертикаль дәлдігін тексеріп шығыңыз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максимальды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.
Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру
Тексеру үшін 5 м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде А мен В екі қабырғаның арасында керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын қосып, қиылысу режимін таңдаңыз.

– Лазерді жақын А қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-үйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (І нүктесі).

– Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы В қабырғасындағы айқыш-үйқыш нүктесін белгілеңіз (II нүктесі).
– Өлшеу құралын бұрамай В қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.

– Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге II сәйкес болатындай бағыттаңыз.

- Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. Оны А қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген І нүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесін А қабырғасында (ІІІ нүктесі) белгілеңіз.
- А қабырғасындағы І мен ІІІ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген максимальды ауытқу:
10 м × ±0,3 мм/м = ±3 мм. I мен III нүктелері арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3 мм құрауы тиіс.
Көлденең сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін шамамен 5 × 5 м бос кеңістік керек.
– Өлшеу құралын А мен В қабырғаларының арасындағы ортада штативке немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын қосып, көлденең сызықтық режимді таңдаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеңіз.

– Өлшеу құралынан 2,5 м қашықтықта екі қабырғада лазерлік сызық ортасын белгіленіз (А қабырғасында І нүкте, В қабырғасында ІІ нүкте).

– Өлшеу құралын 180°-қа бұрап, 5 м арақашықтықта орнатыңыз және нивелирлеңіз.
– Өлшеу құралының биіктігін (штатив немесе қажет болса, тіреуіш көмегімен) лазерлік сызық ортасы В қабырғасында алдын ала белгіленген II нүктеге сәйкес болатындай туралаңыз.
– А қабырғасында лазерлік сызық ортасын III нүкте ретінде белгілеңіз (І нүктенің үстінде немесе астында тігінен).
– А қабырғасындағы екі белгіленген І мен ІІІ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының көлденең сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді.
2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген максимальды ауытқу: 10 м × ±0,3 мм/м = ±3 мм. I мен III нүктелер арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3 мм құрауы тиіс.
Тік сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз
Тексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде 2,5 м жай болатын есік тесігі керек.
– Өлшеу құралын есік саңылауынан 2,5 м қашықтықта, берік әрі тегіс бетке орналастырыңыз (штативке емес). Өлшеу құралын қосып, тік сызықтық режимді таңдаңыз. Лазерлік сызықты есік саңылауына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз.

– Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде (І нүктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа жағында (ІІ нүктесі) және есік тесігінің жоғарғы шетінде (ІІІ нүктесі) белгілеңіз.

– Өлшеу құралын 180° бұрап, есік тесігінің басқа жағында тікелей II нүктесінің артында орнатыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығын орталығы нақты I мен II нүктелерінен өтетін етіп бағыттаңыз.
– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы шетінде IV нүктесі ретінде белгілеңіз. – Екі белгіленген III және IV нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының тік сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді. – Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей есептеледі:
есік тесігінің қос биіктігі × 0,3 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытқу:
2 × 2 м × ±0,3 мм/м = ±1,2 мм. Сондықтан III мен IV нүктелердің аралығы ең көбі
1,2 мм болуы керек.
Тексеру үшін еден мен төбе арасында шамамен 5 м шамасындағы берік беттегі бос өлшеу жолының арақашықтығы қажет болады.
– Өлшеу құралын бұрама ұстағышқа (18) орнатып, еденге қойыңыз. Өлшеу құралын қосып, нүктелік режимді таңдаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеңіз.

– Жоғарғы лазерлік нүктенің ортасын төбеде (І нүкте) белгілеңіз. Оған қоса астыңғы лазерлік нүктенің ортасын еденде (ІІ нүкте) белгілеңіз.

– Өлшеу құралын 180°-қа бұраңыз. Оны төменгі лазерлік нүктенің ортасы белгіленген II нүктеде болатындай етіп орналастырыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеңіз. Жоғарғы лазерлік нүктенің ортасын (III нүкте) белгілеңіз.
- Төбеде белгіленген І және ІІІ нүктелердің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей есептеледі:
еден мен төбе арасындағы қос қашықтық × 0,7 мм/м.
Мысал: еден мен төбе арасындағы қашықтық 5 м болғанда макс. ауытқу келесідей болады:
2 × 5 м × ±0,7 мм/м = ±7 мм. Сондықтан I мен III нүктелердің аралығы ең көбі 7 мм болуы керек.
Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің немесе лазерлік сызықтың ортасын пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
RM 20 бұрама ұстағышымен жұмыс істеу (A–D суреттерін қараңыз)
Бұрама ұстағыштың (18) көмегімен өлшеу құралын 200°-қа орталық, әрдайым көрінетін перпендикуляр негізіне бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары тураланады да, өлшеу құралының орналасуы өзгермейді.
Дәлдеп реттеу бұрандасымен (19) тік лазер сызықтарын негізгі нүктелерге дәл бағыттауға болады.
Өлшеу құралын бағыттауыш ойығын (7) бұрама ұстағыштың (18) бағыттауыш рейкасына (17) қаратып орнатыңыз және өлшеу құралын платформаға тірелгенше кіргізіңіз.
Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама ұстағыштан шығарыңыз.
Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері:
– тегіс бетке тұрғызылған күйде, – тік бетке бұрап бекітілген күйде, – магниттердің (20) көмегімен метал беттерде, – төбе қапсырмалары (21) көмегімен төбе рейкаларында.
▶ Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын бұрама ұстағышты (18) дөрекі бағыттаңыз.
Лазер нысандық тақтасы (24) қолайсыз жағдайда және ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (24) лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (6) штативтің (27) немесе стандартты фотоштативтің бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Эмбебап ұстағышпен бекіту (J суретін қараңыз)
Эмбебап ұстағыштың (22) көмегімен өлшеу құралын, мысалы, тік аймақтарға немесе магнитті материалдарға бекітуге болады. Эмбебап ұстағыш едендік штатив ретінде де пайдаланылады және өлшеу құралының биіктік бойынша туралануын оңтайландырады.
Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алыс ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (22) дөрекі бағыттаңыз.
LB 10 ұстағышымен жұмыс істеу
Ұстағыштың (23) көмегімен өлшеу құралын тік жазықтықтарға немесе магнитке сезімтал материалдарға бекітуге болады. Төбелік қысқышпен (21) бірге өлшеу құралын биіктігі бойынша да туралауға болады.
Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарақтың артқы жағынан алыс ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын ұстағышты (23) дөрекі бағыттаңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (J суретін қараңыз)
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер сызықтарын жақсырақ анықтау үшін лазер қабылдағышын (26) пайдаланыңыз.
Барлық жұмыс режимдері лазер қабылдағышымен (26) бірге жұмыс істеуге жарамды.
Лазер көру көзілдірігі
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. ▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
Жұмыс мысалдары (Е-К суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары суреттер беттерінде берілген.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз. Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға назар аударыңыз.
Өлшеу құралын тек қорғаныш қалтада (30) немесе шабаданда (31) сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Жөндеу қажет болған жағдайда, өлшеу құралын қорғаныш қалтада (30) немесе шабаданда (31) жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және күтім, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы
бөлшектер бойынша деректерді келесі сайттан таба аласыз: www.bosch-pt.com
Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.
Сұрақтарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық тақташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы
туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мына жерден таба аласыз:
Ұсынылатын литий-иондық аккумуляторлар қауіпті өнімдерге қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тараптар арқылы жіберілгенде (мысалы, әуе көлігімен немесе көлік-экспедициялық қызметтер арқылы) қаптамаға және таңбалауға қойылатын арнайы талаптарды ұстану керек. Мұндай жағдайларда, жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша арнайы маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай етіп орналастырыңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Өлшеу құралын, аккумуляторын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған ортаны қорғайтын ретте кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Өлшеу құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Әрі қарай пайдалануға жарамайтын өлшеу құралдарын және ақаулы немесе тозып біткен аккумуляторларды/батареяларды бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз.
Лайықсыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық құралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі, бетіндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 435) сенсорлық пернемен растаңыз.