VC 60LX - Шаңсорғыш HILTI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз VC 60LX HILTI PDF форматында.

📄 404 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice HILTI VC 60LX - page 322
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HILTI

Модель : VC 60LX

Санат : Шаңсорғыш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз VC 60LX - HILTI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. VC 60LX брендінің HILTI.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ VC 60LX HILTI

1.1 Бұл құжаттама туралы

  • Іске қосу алдында осы құжаттаманы оқып шығыңыз. Бұл қауіпсіз жұмыс пен ақаусыз басқару үшін алғышарт болып табылады.
  • Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
  • Пайдалану бойынша нұсқаулықты әрдайым өнімде сақтаңыз және оны басқа тұлғаларға тек осы нұсқаулықпен бірге тапсырыңыз. Импорттауыш және өндірушінің өкілетті ұйымы
  • (RU) Ресей Федерациясы "Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АҚ, 141402, Мәскеу облысы, Химки қ., Ленинградская көш., ғим. 25
  • (BY) Беларусь Республикасы 222750, Минск облысы, Дзержинский ауданы, Р-1, 18-ші км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34
  • (KZ) Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы, индекс 050011, Алматы қ., Пугачев көш., 4-үй
  • (KG) Қырғыз Республикасы "T AND T" ЖШҚ, 720021, Қырғызстан, Бішкек қ., Ибраимов көш., 29 А үйі
  • (AM) Армения Республикасы Эйч-Кон ЖШҚ, Армения Республикасы, Ереван қ., Бабаян көш., 10/1 үйі Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз. Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз. Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен басқа арнайы талаптар қойылмайды. Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.

1.2 Шартты белгілердің анықтамасы

Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер пайдаланылады:

▶ Ауыр жарақаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

▶ Ауыр жарақаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

АБАЙЛАҢЫЗ ! ▶ Жеңіл жарақаттарға немесе аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

1.2.2 Құжаттамадағы белгілер

Бұл құжаттамада төмендегі белгілер пайдаланылады: Пайдалану алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты оқу қажет Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар және басқа пайдалы ақпарат*2212334* 2212334 Қазақ 317

1.2.3 Суреттердегі белгілер

Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады: Бұл сандар осы нұсқаулықтың басындағы әр суретке сәйкес келеді Нөмірлеу суреттегі жұмыс қадамдарының реттілігін білдіреді және мәтіндегі жұмыс қадамдарынан өзгешеленуі мүмкін Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты белгілердің нөмірлеріне сілтейді Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.

1.3 Өнімге қатысты белгілер

1.3.1 Өнімдегі белгілер

Төмендегі белгілер өнімде қолданылады: Ыстық бет туралы ескерту Кранмен тасымалдауға тыйым салынады

M сорғыштары үшін ЕСКЕРТУ: Бұл аспапта денсаулыққа қауіпті шаң бар. Босату және қызмет көрсетуді, соның ішінде шаң жинағышты алуды, тек арнайы жеке қорғаныс киім-кешегі бар мамандар өткізуі керек. Сүзгілер жүйесінің толық жинағын орнатқанша және ағын көлемін бақылаудың қызмет етуін тексеру өткізілмегенше, аспапты қоспау керек. L класты шаңды сору кезінде ЕСКЕРТУ: Бұл аспапта денсаулыққа қауіпті шаң бар. Босату және қызмет көрсетуді, соның ішінде шаң бар қапты алуды, тек арнайы жеке қорғаныс киім-кешегі бар мамандар өткізуі керек. Сүзгілер жүйесінің толық жинағын орнатқанша аспапты қосуға болмайды.

1.5 Өнім туралы ақпарат

Hilti өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және тек өкілетті, білікті қызметкерлермен пайдаланылуы, күтілуі және техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті. Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген. ▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады. Өнім туралы мәліметтер Құрғақ және ылғалды жинауға арналған әмбебап шаңсорғыш VC 60M-X | VC 60L-X Буын 01 Сериялық нөмір

1.6 Сәйкестілік декларациясы

Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы құжаттаманың соңында орналасқан. Техникалық құжаттама мына жерде сақталған: Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE318 Қазақ 2212334 *2212334* 2 Қауіпсіздік

2.1 Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар

Осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың бөлек тарауларында берілген қауіпсіздік нұсқауларына қоса, төменде берілген нұсқауларды қатаң сақтау керек. ▶ Барлық нұсқауларды міндетті түрде оқып шығыңыз! Бұл нұсқауларды елемеу электр тогының соғуына, өртке және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. ▶ Аспапты қолданған кезде электрлік құралмен бірге берілген пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығып, барлық нұсқауларды орындаңыз. ▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады. ▶ Сәйкес аспапты пайдаланыңыз. Оны тек өз мақсаты бойынша және тек дұрыс күйінде пайдаланыңыз. ▶ Аспаппен жұмыс істемес бұрын оған қызмет көрсету, материалдардан пайда болатын зияндар мен сорғыланатын материалдарды кәдеге жарату бойынша мәліметтермен танысыңыз. ▶ Қоршаған ортаның әсерін ескеріңіз. Аспапты өрт немесе жарылыс қаупі бар болған жерде қолданбаңыз. ▶ Аспапты тек осы ақпаратпен таныс, қауіпсіз қолдану бойынша нұсқау алған және ықтимал қауіптерді түсінетін адамдар ғана пайдалануы тиіс. Аспап балаларға арналмаған. Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалап отыру қажет. ▶ Қолданылмайтын аспаптарды сенімді жерде сақтаңыз. Қолданылмайтын аспаптар құрғақ, жоғары орналасқан немесе жабық, балалар жетпейтін жерде сақталуы керек.

2.2 Адамдардың қауіпсіздігі

▶ Сақ болыңыз, не істеп жатқаныңызды қадағалаңыз және аспаппен жұмыс істегенде ақылды пайдаланыңыз. Аспапты шаршап тұрған күйде немесе есірткілер, алкоголь немесе дәрілер әсерінің астында болсаңыз пайдаланбаңыз. Аспаппен жұмыс істегендегі бір сәт зейінсіздік ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. ▶ Аспаппен жұмыс істегенде жұмыс істейтін адам және оның жанындағы тұлғалар тиісті қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш шлемді, қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды және жеңіл респираторды киюі керек. ▶ Шаңсорғыштың берік тұруына жол беру үшін дөңгелек тежегіштерін іске қосыңыз. Дөңгелек тежегіштері ашық болса, шаңсорғыш қозғалысы бақыланбауы мүмкін. ▶ Егер шаңды жинау және кетіруге арналған аспаптарды қосу қарастырылған болса, олар қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.

2.3 Ұқыпты қарау және пайдалану

▶ Ешқашан аспапты қараусыз қалдырмаңыз. ▶ Қауіпті шаңды сорғылау, әсіресе шаң шығаратын электрлік құралдармен бірге қолдану кезінде сүзгі тазалау функциясын ажыратпаңыз. ▶ Аспапты аяздан қорғау керек. ▶ Тұрақты түрде нұсқауларға сай қылшақпен су деңгейінің шектегішін қылшақпен тазалау және онда зақымдар жоқ екенін тексеру керек. ▶ Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін орнатқанда абай болыңыз: қолдардың қысылуын және желілік кабельдің зақымдалуын болдырмаңыз. Жарақат алу және зақымдау қаупі бар. ▶ Аспапта зақымдар жоқ екенін тексеріңіз. Аспапты әр пайдалану алдында қорғауыш аспаптардың және оңай зақымдалатын бөлшектердің дұрыстығын және қызмет етуін мұқият тексеріңіз. Қозғалмалы бөлшектерде зақымдар жоқ екенін тексеріңіз. Олар сыналануларсыз, еркін қозғалуы керек. Барлық бөлшектер дұрыс орнатылуы және аспаптың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін барлық шарттарға сай болуы керек. ▶ Аспапты жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Осылайша аспаптың қауіпсіздігін сақтау қамтамасыз етіледі. ▶ Аспапты қолданбаған кезде (жұмыс үзілістерінде), күтім және техникалық қызмет көрсету алдында, қосалқы құралдарды алмастыру алдында немесе сүзгіні алмастыру алдында желілік штекерді әрдайым розеткадан ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасы аспаптың кездейсоқ қосылуын болдырмайды. ▶ Ешбір жағдайда аспапты желілік кабель артындағы басқа жұмыс орнына жылжытпаңыз. Шаңсорғышпен электрмен қамту кабелінің үстінен өтпеңіз. ▶ Аспапты кран көмегімен тасымалдамаңыз.*2212334* 2212334 Қазақ 319 ▶ Аспапты тасымалдаған және қолданбаған кезде кіріс фитингісін жабатын тығынмен жабыңыз.

2.4 Электр қауіпсіздігі

▶ Аспаптың біріктіруші ашасы электр розеткасына сай болуы керек. Ашаның конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосылымы бар аспаптар үшін штекерлік адаптерлерді пайдаланбаңыз. Түпнұсқа ашаларды және оларға сай розеткаларды қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады. ▶ Ашаны барлық жергілікті жағдайларға сай берік орнатылған, қолайлы жерге қосылған розеткаға қосыңыз. Егер розетканың сенімді бекітілгеніне күдіктенсеңіз, оны білікті электрші маман тексеруі керек. ▶ Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға) және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр тогының соғуының үлкен қаупі туындайды. ▶ Аспапты жаңбырдан немесе ылғал әсерінен қорғаңыз. Электр құралға су кіруінің нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады. ▶ Желілік кабельдің шалшықтармен өтпейтініне көз жеткізіңіз. ▶ Тұрақты түрде аспаптың электр қамту кабелін тексеріңіз. Зақымдалған кабельді ауыстыруды Hilti компаниясының сервис орталығында өткізу керек. Тұрақты түрде ұзартқыш кабельдерді тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз. ▶ Егер жұмыс кезінде желілік және/немесе ұзартқыш кабель зақымдалса, оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз. Ақаулы желілік кабельдер және ұзартқыш кабель электр тогының соғу қаупін тудырады. ▶ Тек пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген желілік кабель түрлерін қолдануға рұқсат етіледі. ▶ Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, аспапты тасымалдау, оны іліп қою немесе розеткадан ашаны шығару үшін. Кабельді жоғары температуралардың, майдың, үшкір жиектердің немесе аспаптың айналатын түйіндерінің әсерінен қорғаңыз. Кабель зақымдалуының немесе шатасуының нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады. ▶ Егер электр құралмен жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат етілген ұзартқыш кабельдерді пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш кабельді пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады. ▶ Ток үзілген жағдайда аспапты өшіріңіз және желілік штекерді ажыратыңыз. ▶ Кір немесе ылғалды аспапты пайдалануға тыйым салынады. Қолайсыз жағдайларда аспап бетінде жиналатын ылғал мен шаң (әсіресе төк өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын тудыруы мүмкін. Ток өткізгіш материалдарды өңдеу қажет болған кезде, кірленген аспапты жүйелі түрде Hilti сервис орталығына тексертіңіз.

▶ Жұмыс орнын жақсы жарық түсумен қамтамасыз етіңіз. ▶ Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Нашар желдетілетін жұмыс аймағы шаңның жоғарғы концентрациясына байланысты көңіл-күйдің нашарлауының себебі болуы мүмкін. ▶ Жұмыс орнында тәртіпті сақтаңыз. Жұмыс ортасын жарақаттауы мүмкін нысандардан бос күйде сақтаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік жарақаттану қаупін арттырады. ▶ Аспапты тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдан ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе буларды тұтандыруы мүмкін. ▶ Сатыда жұмысты орындау кезінде әсіресе ұқыпты болыңыз.

▶ Денсаулыққа зиянды, тұтанғыш және/немесе жарылғыш шаңды (магний-алюминий шаңы және т.б.) сорғылауға тыйым салынады. 60°C (140°F) температурасынан ыстық материалдарды сорғылауға болмайды (мысалы, бықситын шылым, ыстық күл). ▶ Жанғыш, жарылғыш, агрессивті сұйықтықтарды сорғылауға тыйым салынады (салқындатқыш және майлағыш заттар, бензин, еріткіштер, қышқылдар (pH < 5), сілтілер (pH > 12,5) және т.б.). ▶ Көбік немесе сұйықтықтар шыққанда аспапты дереу өшіріңіз. ▶ Макс. температурасы 60°C (140°F) шамасынан ыстық материалдарды сорғылау кезінде қорғауыш қолғапты киіңіз.320 Қазақ 2212334 *2212334* ▶ Минералды жыныстарды бұрғылаудан кейін қорғауыш киімді киіңіз және олардың теріге тиюін болдырмаңыз (pH > 9, күйдіргіш зат) ▶ Сілтілік немесе қышқылдық сұйықтықтарға тимеңіз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Көзге осындай сұйықтықтар тигенде судың көп мөлшерімен шайыңыз және дереу дәрігерден көмек алыңыз. VC 60L-X ▶ L шаң класына жататын аспап құрғақ, жанғыш емес шаң, ағаш жоңқасын және шығарылымның шектік мәні 1 мг/м³-ден үлкен зиянды шаңды соруға арналған. Белгілі бір шаң түрі тудыратын қауіпке байланысты аспап сәйкес сүзгілермен жабдықталуы керек. VC 60M-X ▶ М шаң класына жататын аспап құрғақ, жанғыш емес шаңдар, ағаш жоңқасын және шығарылымның шектік мәні 0,1 мг/м³-ден үлкен зиянды шаңдарды сорғылауға арналған. Белгілі бір шаң түрі тудыратын қауіпке байланысты аспап сәйкес сүзгілермен жабдықталуы

Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігі

Кабельге арналған ілгек

Сүзгі қақпағының ілмегі

Ағызу шлангісі (қосымша)

3.2 Мақсатына сай қолдану

Осы құжатта сипатталған өнім өнеркәсіптік пайдалануға арналған әмбебап сорғыш болып табылады. Оны құрғақ және ылғалды жағдайларда пайдалануға болады. Өнімді адамдарға және жануарларға бағыттауға тыйым салынады. Шаңсорғышты су астында қолдануға тыйым салынады. ▶ Өніммен жұмыс істемес бұрын қызмет көрсету, материалдардан пайда болатын зияндар мен материалдарды қауіпсіз кәдеге жарату бойынша мәліметтермен танысыңыз. ▶ Өнімді тұрақты түрде үздіксіз жұмыс режимінде автоматты немесе жартылай автоматты қондырғыларда қолданбаңыз. ▶ Жарақат алу қауіптерін болдырмау үшін Hilti ұсынған түпнұсқа керек-жарақтар мен құралдарды ғана қолданыңыз. ▶ Электр статикалық потенциалдың пайда болуын болдырмау үшін антистатикалық соратын шлангіні қолданыңыз. ▶ Сізді жарақаттауы мүмкін заттарды шаңсорғышпен тазалауды орындамаңыз (мысалы, үшкір заттарды немесе утилизациялық пакетті тесіп, сыртқа шығып тұруы мүмкін жиегі үшкір заттарды). ▶ Өнімді саты ретінде қолданбаңыз.*2212334* 2212334 Қазақ 321 Бұл өнім өнеркәсіптік салада төмендегі әрекеттерге арналған:

  • Шаңның үлкен мөлшерлерін Hilti алмас қырнаушылары, абразивтік қырнаушылары, перфораторлары мен құрғақ бұрғылау коронкасымен сорғылау.
  • Минералдық бұрғылау шламын Hilti алмас қырнаушыларымен немесе Hilti алмас араларымен және сұйық сорғылау материалымен 60°C (140°F) кем температурада сорғылау.
  • Май мен сұйық заттектерді 60°C (140°F) кем температурада сорғылау.
  • Қабырға мен еден беттерін ылғалды және құрғақ тазалау VC 60L-X Құрғақ, жанғыш емес шаңдар, сұйықтықтар, ағаш жоңқасын және шығарылымның шектік мәні 1 мг/м³-ден үлкен (L шаң класы) зиянды шаңдарды сорғылау. VC 60M-X
  • Құрғақ, жанғыш емес шаңдар, сұйықтықтар, ағаш жоңқасын және шығарылымның шектік мәні 0,1 мг/м³ ден үлкен (М шаң класы) зиянды шаңдарды сорғылау.
  • Шаң сорғылау кезінде шығыс ауа бөлмеге қайтып кірген жағдайда бөлме ішінде жеткілікті ауа алмасу деңгейін (L) қамтамасыз ету қажет. Ұлттық нұсқамаларды ұстаныңыз.

3.3 Ықтимал қате қолдану

  • Өнеркәсіптік шаңсорғышты көлденең күйде қолдануға болмайды.
  • Өнеркәсіптік шаңсорғышты жарылу қаупі бар материалдарды, ыстық, күйгіш немесе жанғыш материалдарды және агрессивті шаңды (мысалы, магний-алюминий шаңы және т.б.) сорғылау үшін қолдануға болмайды (ерекшелігі: ағаш жоңқасы).
  • Өнеркәсіптік шаңсорғышты жанғыш сұйықтықтарды (мысалы, бензин, еріткіш, қышқылдар, салқындатқыш пен майлағыш заттар және т.б.) сорғылау үшін пайдалануға болмайды.
  • Денсаулыққа қауіпті материалдарды (мысалы, асбестті) қолдануға тыйым салынады.

3.4 Жеткізілім жинағы

Сүзетін элементі бар құрғақ және ылғалды жинауға арналған әмбебап шаңсорғыш, шланг жалғағышын бар сорғыш шланг, пластик шаң жинағыш, пайдалану бойынша нұсқаулық. Оған қоса, өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімді Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта табуға болады: www.hilti.group | АҚШ: www.hilti.com

3.6 Дыбыстық ескерту сигналы

VC 60M-X Сорғыш шлангідегі ауа жылдамдығы 20 м/с-тан төмен болғанда, дыбыстық ескерту сигналы шығады.

3.7 Сүзгіні автоматты түрде тазалау

Аспапта ұсақ шаңға арналған сүзгіні тазалау функциясы бар. Әр 7,5 секунд сайын сүзгі соққылап кіретін ауа арқылы автоматты түрде тазаланады. Сүзетін элемент ауа соққысының (соғатын шу естіледі) көмегімен автоматты түрде тазаланады.322 Қазақ 2212334 *2212334* Жүйелік әрекеттер барысында (әсіресе қырнау, кесу және тілу кезінде) немесе шаңның үлкен мөлшерлерін сорғылау кезінде ұзақ мерзімді жоғары сорғылау күшін қамтамасыз ету үшін сүзгі тазалау функциясы қосулы болуы тиіс. Сүзгі тазалау функциясы тек сорғыш шланг қосылғанда іске қосылады.

3.8 Аспапты пайдалану бойынша нұсқаулар

Қосалқы құралдар және оларды қолдану түрлері VC 60L-X Жабдықтар Тапсырыс нөмірі Қолдану әдісі Пластик шаң жинағыш 2177881 Ылғалды және құрғақ минералдық материалдар үшін пайдалану Тоқымасыз әмбебап шаң

2177884 ылғалды және құрғақ минералдық материалдар үшін пайдалану Целлюлоза сүзгісі 2177885 құрғақ жинауға арналған Полиэфир сүзгісі 2182582 әмбебап ылғалды және құрғақ жинауға

ПТФЭ сүзгісі 2202240 ылғалды және құрғақ материалдар үшін қарқынды пайдалану HEPA сүзгісі 2177708 ылғалды және құрғақ жинауға арналған Қосалқы құралдар және оларды қолдану түрлері VC 60M-X Жабдықтар Тапсырыс нөмірі Қолдану әдісі Пластик шаң жинағыш 2205722 Ылғалды және құрғақ минералдық материалдар үшін пайдалану Тоқымасыз әмбебап шаң

2177884 Ылғалды және құрғақ минералдық материалдар үшін пайдалану Целлюлоза сүзгісі 2177885 құрғақ жинауға арналған Полиэфир сүзгісі 2182582 әмбебап ылғалды және құрғақ жинауға

ПТФЭ сүзгісі 2202240 ылғалды және құрғақ материалдар үшін қарқынды пайдалану HEPA сүзгісі 2177708 ылғалды және құрғақ жинауға арналған M класты сорғыштар қолданылған жағдайда, міндетті түрде шаң жинағыш пайдаланылуы қажет. 4 Техникалық сипаттамалар

4.1 Құрғақ және ылғалды жинауға арналған әмбебап шаңсорғыш

Генераторда немесе трансформаторда жұмыс істеген кезде, осы шығыс қуат өнімнің фирмалық тақтайшасында көрсетілген номиналды тұтынылатын қуаттан кем дегенде екі есе жоғары болуы керек. Трансформатор немесе генератордың басқару кернеуі әрдайым аспаптың номиналды тұтынылатын қуатының +5% және -15% аралығында болуы керек. VC 60L-X VC 60M-X Габариттік өлшемдер (Ұ х Е х Б, мм) 578 x 488 x 882 578 x 488 x 882 EPTA 01 процедурасы бойынша салмағы 24,5 кг 24,5 кг Контейнер көлемі 65 л 65 л Су сыйымдылығы 48 л 48 л Жұмыс температурасы 0 ℃ … 40 ℃ 0 ℃ … 40 ℃*2212334* 2212334 Қазақ 323 VC 60L-X VC 60M-X Сүзгіні автоматты түрде тазалау, барлығы 7,5 с 7,5 с Қорғау класы I I Қорғау класы IPX4 IPX4 Желі жиілігі 50 Гц … 60 Гц 50 Гц … 60 Гц

4.3 Максималды көлемді ток пен максималды төменгі қысым

DIN EN 60335-2-69 стандартының AA.7.12 бабына сәйкес VC 60L-X VC 60M-X Максималды көлемді ток (ауа) 2200 Вт 159 м³/сағ 159 м³/сағ 2300 Вт 165 м³/сағ 165 м³/сағ 2400 Вт 177 м³/сағ 177 м³/сағ Максималды төменгі қысым 2200 Вт 19,3 кПа 19,3 кПа 2300 Вт 21,5 кПа 21,5 кПа 2400 Вт 23,4 кПа 23,4 кПа

4.4 EN 60335-2-69 стандартына сай өлшенген шу мен діріл туралы ақпарат

Төмендегі мәліметтер VC 60M-X және VC 60L-X өндірістік сорғыштары үшін жарамды. VC 60L-X VC 60M-X Дыбыс қысымының деңгейі, L

73 дБ(А) 73 дБ(А) Дәлсіздік K

1 дБ(А) 1 дБ(А) Тербелістің шығыс мәні < 2,5 м/с² < 2,5 м/с² Дәлсіздік (K) 0,2 м/с² 0,2 м/с² 5 Жұмысқа дайындық

Ток соғудан пайда болатын қауіп. Сорғыш тиісінше қосылмаған кезде, өлім не ауып жарақат алу қаупі төнуі мүмкін. ▶ Сорғышты тек тиісінше жерге тұйықталған ток көзіне ғана жалғаңыз.

Бақыланбайтын қозғалыстан жарақат алу қаупі! Дөңгелек тежегіштері ашық болса, шаңсорғыш қозғалысы бақыланбауы мүмкін. ▶ Шаңсорғыштың берік тұруына жол беру үшін дөңгелек тежегіштерін іске қосыңыз.

5.1 Алғаш рет іске қосу

Қауіпсіз немесе минералды шаңды сору үшін пластик шаң жинағышты немесе ағаш жоңқасын сору үшін тоқымасыз шаң жинағышты қолданыңыз.

1. Екі ілмекті де ашыңыз.324 Қазақ 2212334

2. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан көтеріп алыңыз.

3. Кір жинағыштан және орауыштан саймандарды алыңыз.

4. Жарамды шаң жинағышты нұсқаулыққа сай орнатыңыз.

5. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.

6. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігі дұрыс орнатылғанына және берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

7. Аспапқа сорғыш шлангіні қосыңыз.

5.2 Тоқымасыз шаң жинағышты орнату/алмастыру 2

Жарақат алу қаупі. Өткір заттар сорғыш қабын тесуі мүмкін. ▶ Ешқандай заттар сорғыш қабын теспегеніне көз жеткізіңіз.

1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.

2. Екі ілмекті де ашыңыз.

3. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан көтеріп алыңыз.

4. Жеңдік сүзгі муфтасын қалпақпен жабыңыз.

5. Шаң жинағышты шығарып алыңыз және кәдеге жаратыңыз → Бет 329.

6. Кір жинағышты шүберекпен тазалаңыз.

7. Жаңа тоқымасыз шаң жинағышты кір жинағышқа бекітіңіз.

8. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.

5.3 Пластик шаң жинағышты орнату/алмастыру 3

1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.

2. Екі ілмекті де ашыңыз.

3. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан көтеріп алыңыз.

4. Пластик шаң жинағышты бар тесіктер астында арнайы қамытпен жабыңыз.

5. Пластик шаң жинағышты шығарыңыз.

6. Кір жинағышты шүберекпен тазалаңыз.

7. Кір жинағышқа жаңа пластик шаң жинағышты (нұсқау қапта жазылған) бекітіңіз.

8. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.

Жарақат алу қаупі. Сүзу жүйесінің зақымдалуы нәтижесінде денсаулыққа зиянды шаң шығуы мүмкін. ▶ Апаттық жағдайда (мысалы, сүзгі бүлінгенде) сорғышты өшіріңіз, желілік штекерді розеткадан ажыратыңыз және қайтадан қолдану алдында мамандарға тексертіңіз.

Бақыланбайтын қозғалыстан жарақат алу қаупі! Дөңгелек тежегіштері ашық болса, шаңсорғыш қозғалысы бақыланбауы мүмкін. ▶ Шаңсорғыштың берік тұруына жол беру үшін дөңгелек тежегіштерін іске қосыңыз.

6.1 M кластағы сорғыштарды пайдалану

Жарақат алу қаупі. L класты және M класты сорғыштар жағдайында, аспап денсаулыққа зиянды шаңды қамтиды. ▶ Босату және техникалық қызмет көрсету, соның ішінде шаң жинағышты алып тастау әрекетін тек мамандар орындауы тиіс. Тиісті қорғаныс киімін киіңіз. ▶ Ішінде зиянды заттар бар бөлмеден сорғышты тасымалдау алдында сорғыш корпусын тазалау, құрғақ етіп сүрту немесе герметикалық түрде орамалау керек. Барлық аспап бөліктері ластанған ретінде қарастырылуы тиіс болғандықтан, олар қауіпті аймақтан шығарылған кезде, шаңның таратылуын болдырмау үшін ergreifen тиісті шаралар қолданылуы тиіс. ▶ Сорғышты ешқашан толық сүзу жүйесінсіз пайдаланбаңыз.*2212334* 2212334 Қазақ 325

6.2 Құрғақ шаңды сорғылау

Құрғақ шаңды (әсіресе минералды) сорғылау алдында шаң жинағышқа сәйкес шаң жинағыш орнатылғанына көз жеткізіңіз. M класты сорғыштар қолданылған жағдайда, міндетті түрде шаң жинағыш пайдаланылуы қажет. Ылғалды күйде қолданғаннан кейін сүзгіш элементті құрғақ немесе жаңа сүзгіш элементке алмастырыңыз.

Жарақат алу қаупі. Сүзетін элементті пайдаланбау қауіпті сорғыш материалдың шығуына апарып соғуы мүмкін. ▶ Шаңсорғышпен сүзетін элементсіз жұмыс істемеңіз.

1. Жарамды шаң жинағыштың енгізілгеніне көз жеткізіңіз.

2. Сүзгіш элементтің құрғақ екендігіне көз жеткізіп, қажет болса, оны алмастырыңыз.

Сору үшін басқару тізбегінің ажыратқышын күйіне орнатыңыз.

6.3 Сұйықтықтарды сорғылау

Жарақат алу қаупі. Сүзетін элементті пайдаланбау қауіпті сорғыш материалдың шығуына апарып соғуы мүмкін. ▶ Шаңсорғышпен сүзетін элементсіз жұмыс істемеңіз. Кейінгі құрғақ күйде қолданыс мақсатындасүзгішэлементтіқұрғақнемесе жаңа сүзгіш элементке алмастырыңыз.

1. Толу деңгейін бақылауды тексеріңіз. → Бет 327

2. Мүмкін болса, әр ылғалды жинау үшін жеке сүзетін элементті қолданыңыз.

3. Сұйықтықтарды сорғылаған соң екі ілмекті ашыңыз.

4. Сорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан алыңыз және сүзетін элемент кебетіндей етіп оны тегіс

5. Кір жинағышты босатып, су шлангісімен тазалаңыз. Электродтарды қылшақпен тазалаңыз және

сүзетін элементті алдыңғы кептіргеннен кейін қолмен кетіру арқылы тазалаңыз.

6. Кір жинағышты кептіріңіз.

Басқару тізбегінің ажыратқышын күйіне орнату арқылы өнімді өшіріңіз.

2. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.

3. Желілік кабельді орап, ілгекке іліңіз.

4. Контейнерді босатып, оны ылғалды шүберекпен сүртіп тазалаңыз.

6. Сорғышты бөгде тұлғалар қолдану мүмкіндігін болдырмай, құрғақ бөлмеге қойыңыз.

6.5 Құрғақ шаңы бар кір жинағышты босату

M класты сорғыштар қолданылған жағдайда, міндетті түрде шаң жинағыш пайдаланылуы қажет.

1. Кабель айырын желілік розеткадан шығарыңыз.

2. Сорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан алыңыз және оны тегіс бетке қойыңыз.

3. Шаң жинағышты кір жинағыштан шығарыңыз немесе ұстағыштарды ұстап, кір жинағышты босату

4. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.326 Қазақ 2212334

6.6 Шаң жинағышы жоқ кір жинағышты (сұйықтықтарды кетіру кезінде) босату

1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.

2. Сорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан алыңыз және оны тегіс бетке қойыңыз.

3. Ұстағыштарды ұстап, кір жинағышты босату үшін еңкейтіңіз.

4. Кір жинағыштың жиегін шүберекпен тазалаңыз.

5. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.

6.7 Кір суды ағызу 4

Пайдаланылған суды өңдеу бойынша жергілікті нұсқамаларды ұстаныңыз.

1. Ағызу шлангісінен қақпақты алып тастаңыз.

2. Ағызу шлангісін ұстағыштан шығарып алыңыз.

3. Ағызу шлангісін еденге жайыңыз.

◁ Кір су ағып шығады. 7 Күту және техникалық қызмет көрсету

7.1 Аспапқа күтім көрсету

Ток соғудан пайда болатын қауіптер. Электрлік бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін. ▶ Электрлік бөлшектерді жөндеу жұмысын тек электрші маман орындауы тиіс. ▶ Аспапты, әсіресе тұтқыштың беттерін, таза және құрғақ күйде, май мен майлайтын майдың іздерінсіз сақтаңыз. Құрамында силикон бар тазалау заттарын қолданбаңыз. ▶ Шаңсорғышты бітелген желдету саңылауларымен қолдануға болмайды! Желдету саңылауын жайлап құрғақ щеткамен тазалаңыз. Аспаптың ішкі бөлігіне бөгде заттардың кіруін болдырмаңыз. ▶ Аспаптың сыртқы жағын сәл суланған шүберекпен жиі тазалаңыз. Тазалау үшін бүріккіш аспаптарды, бу ағызу аспаптарын немесе ағатын суды қолданбаңыз, себебі аспаптыңэлектрлік қауіпсіздігіне қауіп төнуі мүмкін. L және M класты сорғыштар үшін Күту және тазалау жұмыстарын өткізгенде аспаппен ол техникалық қызметкерлерге және басқа тұлғаларға қауіп төндірмейтіндей жұмыс істеу керек. ▶ Сүзгілеу бар мәжбүрлі желдетуді қолданыңыз. ▶ Қорғауыш киімді киіңіз. ▶ Жинауды орындағанда жұмыс аймағында зиянды заттардың болмауын қадағалаңыз. ▶ Ішінде зиянды заттар бар бөлмеден аспапты тасымалдау алдында аспап корпусын тазалау, құрғақ етіп сүрту немесе герметикалық түрде орамалау керек. Бұл кезде зиянды шаңның бөлмеде таралуына қарсы шараларды қолдану керек. ▶ Күту және жөндеу жұмыстарын орындағанда толығымен тазаланбайтын барлық аспап бөлшектерін және түйіндерін герметикалық пакеттерге орамалау және күшіндегі қоқыстарды кәдеге жарату бойынша нормаларға сай кәдеге жарату керек. ▶ Кемінде жылына бір рет аспапта техникалық тексеруді өткізіп, сүзгілерде зақымдар жоқ екенін, аспаптың герметикалық екенін және оның басқару бөлшектерінің дұрыс жұмыс істейтінін тексеру керек. Бұл жұмыстарды Hilti сервис орталығы немесе арнайы оқытылған қызметкерлер орындайды.

7.2 Сүзгіні автоматты түрде тазалау

Сүзетін элементті қатты заттарға ұруға я болмаса оны тазалауға арналған қатты немесе үшкір заттармен өңдеуге тыйым салынады. Мұның салдарынан оның қызмет көрсету мерзімі азаяды. Сүзетін элементті жоғары қысымды пневматикалық тазалағыш көмегімен тазалауға тыйым салынады. Бұл сүзетін материалдың зақымдарына әкелуі мүмкін. Сүзетін элемент тез тозатын бөлшек болып табылады. ▶ Сүзетін элементті кем дегенде алты ай сайын алмастырыңыз.*2212334* 2212334 Қазақ 327 ▶ Сүзетін элементті қолдану жиілігі жоғарырақ болғанда, оны одан да жиі алмастырыңыз.

7.3 Сүзетін элементті орнату/алмастыру 5

1. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.

2. Сүзгі қақпағының ілмегін ашыңыз.

3. Сүзгі қақпағын ашыңыз.

4. Сүзетін элементті ұстағыштағы ұстайтын жерлерінен ұстап жайлап шығарыңыз.

5. Тығыздағыш бетін шүберекпен тазалаңыз.

6. Жаңа сүзетін элементті салыңыз.

7. Бекіткішті алға жылжытып, сүзгі қақпағын жабыңыз.

8. Сүзгі қақпағының ілмегін жабыңыз.

7.4 Толу деңгейін бақылауды тексеру 6

1. Сорғыштың берік тұруына жол беру үшін дөңгелек тежегіштерін іске қосыңыз.

2. Кабель ашасын желілік розеткадан шығарыңыз.

3. Екі ілмекті де ашыңыз.

4. Сорғыштың жоғарғы бөлігін кір жинағыштан алыңыз және оны тегіс бетке қойыңыз.

5. Өшіретін контакттерде кір жоқ екенін тексеріңіз және қажет болғанда оларды щетка көмегімен

6. Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігінің тығыздағышында кір бар-жоғын тексеріңіз және қажет болса оны

шүберекпен тазалаңыз.

7. Сорғыштың жоғарғы бөлігін шаң жинағыштың үстіне қойып, екі ілмекті де жабыңыз.

7.5 Күту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін бақылау

1. Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін, сорғыштың дұрыс құрастырылғанын

және қатесіз жұмыс істегенін бақылаңыз.

2. Функцияларды сынауды өткізіңіз.

8 Тасымалдау және сақтау

Толтырылған аспапты тасымалдауға тыйым салынады. Аспапты кранға ілуге болмайды. ▶ Қажет болса, қуатты ауа салқындатқышты немесе бос құралды ұстағыштан алып тастаңыз. ▶ Аспапты басқа орынға тасымалдау алдында оны босату керек. ▶ Сұйықтықтарды сорғылап болған соң аспапты еңкейтпеңіз немесе көлденең күйінде тасымалдамаңыз.

Тасымалдау үшін шлангінің екі ұшын конус тәрізді жалғастырғыш тетік арқылы енгізіңіз.

Жарақат алу қаупі. Кіріс фитингісі арқылы қауіпті сорғылау материалы шығуы мүмкін. ▶ M класты сорғыштар үшін тасымалдау және қолданбау кезінде кіріс фитингісін жабатын тығынмен

▶ Сорғышты бөгде тұлғалар қолдану мүмкіндігін болдырмай, құрғақ бөлмеге қойыңыз. 9 Ақаулықтардағы көмек Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.328 Қазақ 2212334 *2212334*

9.1 Ақаулықтар кестесі

Ақаулық Ықтимал себеп Шешім Дыбыстық ескерту сигналы (азайтылған сору қуаты) Шаңға арналған қап толығымен

▶ Шаңға арналған қапты ауыстырыңыз. Сүзгіш элемент қатты ластанған. ▶ Автоматты сүзгі тазалау функциясы өшірілген болса, функцияны қосып, сорғышты 30 секунд жұмыс істетіңіз. Электр құралдың сорғыш шлангісі немесе шаң жинағышы

▶ Сорғыш шлангіні және шаң жинағышты тазалаңыз. Сорғыш турбина іске қосылмайды. Қуат көзі жұмыс істемейді. ▶ Розетка мен сақтандырғышты тексеріп шығыңыз. Қуыс бұрғы қатты ластанған. ▶ Толу деңгейін бақылауды тексеріңіз. → Бет 327 Сорғыш турбина өшіп

Контейнер толып кетті. ▶ Контейнерді босатыңыз. Сорғыш турбина контейнерді тазалағаннан кейін іске қосылмайды. Автоматты түрде өшіру құрылғысы белсенді.

Аспап ажыратқышын осы күйіне ауыстырыңыз. ▶ 5 секунд күтіңіз.

Аспап ажыратқышын осы күйіне ауыстырыңыз. Қуыс бұрғы қатты ластанған. ▶ Толу деңгейін бақылауды тексеріңіз. → Бет 327 Сорғылау күші төмендейді. Сорғыш саптама, сорғыш құбыр, сорғыш шланг немесе сүзгі

▶ Бітелуді кетіріңіз. Сүзгі толған. ▶ Тоқымасыз шаң жинағышты алмастырыңыз. → Бет 324 Сүзгі қақпағы ашық ▶ Сүзгі қақпағын жабыңыз. Ағызу шлангісі тығыз емес ▶ Ағызу шлангісінің саңылаусыздығын тексеріп

Шаң аспаптан үрленіп шығарылады. Сүзгі дұрыс орнатылмаған. ▶ Тоқымасыз шаң жинағышты алмастырыңыз. → Бет 324 Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы қызмет

Сорғыш шланг жабылмаған ▶ Сорғыш шлангіні жалғаңыз. Аспаптың өздігінен қосылуы және өшуі, аспапқа тигенде статикалық разряд. Электростатикалық разряд қамтамасыз етілмейді, аспап жерге тұйықталмаған розеткаға

▶ Аспапты жерге тұйықталған розеткаға жалғаңыз, антистатикалық шлангіні қолданыңыз. Аспап іске қосылмайды немесе қысқа уақыттан кейін өшіп қалады. Сұйықтықты (суды) жіберуді өшіру функциясы іске қосылды. ▶ Датчиктерді және олардың айналасындағы аймақты қылшақпен тазалаңыз. Қозғалтқыш іске қосылмайды. Желілік розетка сақтандырғышы іске қосылды. ▶ Сақтандырғышты қосыңыз. ▶ Қайта іске қосылғанда шамадан тыс жүктеме тогының пайда болуының себебін анықтаңыз. Кір жинағыш толы. ▶ Аспапты өшіріп, кір жинағышты босатыңыз.*2212334* 2212334 Қазақ 329 Ақаулық Ықтимал себеп Шешім Қозғалтқыш іске қосылмайды. Қозғалтқыштың жылу қорғанысы іске қосылды. ▶ Аспапты өшіріп, 5 минут салқындауына мүмкіндік

▶ Қозғалтқыш іске қосылмайды, аспапты Hilti қызмет көрсету орталығына апарыңыз. Қозғалтқыштың термосақтандырғышы қозғалтқышты қайта-қайта

▶ Желдету саңылауын жайлап құрғақ щеткамен тазалаңыз. Қозғалтқыш автоматты режимде жұмыс істемейді. Қосылған аспап ақаулы немесе дұрыс емес қосылған. ▶ Қосылған аспаптың функциясын тексеріңіз немесе желілік штекерді берік

10 Утилизация Hilti өнімдері қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санынан тұрады. Кәдеге жарату алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспаптарды кәдеге жарату үшін қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилерден сұраңыз. Ескі электрлік және электрондықаспаптарды жою туралы EС еуропалық директивасына және жергілікті заңдарға сәйкес, қолданыста болған электрлік құралдар қоршаған орта үшін қауіпсіз әдіспен жеке кәдеге жаратылуы тиіс. ▶ Электр аспаптарды тұрмыстық қоқысқа лақтырмаңыз! Бұрғылау шламы Қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында, бұрғылау қоқыстарының алдын ала өңдеусіз өзендерге, көлдерге немесе басқа табиғи су айдындарына түсуіне жол бермеу керек. ▶ Тиісті ақпаратты және нұсқауларды жергілікті билік органдарынан алуға болады. Біз келесі алдын ала өңдеуді ұсынамыз: ▶ Бұрғылауды кейін шламды жинаңыз (мысалы, ылғалды жинауға арналған шаңсорғыш көмегімен). ▶ Қалдықтардың отыруына мүмкіндік беріңіз және өнеркәсіптік қалдықтар үйіндісінде қатты шөгінділерді жойыңыз (флокулянттарды қосу отыру үрдісін жылдамдатады). ▶ Қалған суды (сілтілік, pH 7) канализацияға төгу алдында оны қышқылдық реагенттерді қосып немесе судың көп мөлшерімен араластырып бейтараптандыру керек. Бұрғылау шаңы ▶ Жиналған бұрғылау шаңын қолданыстағы ұлттық, заңдық ережелерге сәйкес кәдеге жаратыңыз. 11 Өндіруші кепілдігі ▶ Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне хабарласыңыз.330 Български 2212334 *2212334* 1 Данни за документацията