TY-EW3D3SE - Теледидар керек-жарақтары PANASONIC - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TY-EW3D3SE PANASONIC PDF форматында.

PANASONIC TY-EW3D3SE - Теледидар керек-жарақтары
📄 208 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice PANASONIC TY-EW3D3SE - page 85
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Белсенді 3D көзілдірік
Бренд Panasonic
Модель TY-EW3D3SE
Санат Теледидар аксессуарлары
Өлшемдері (Ұ x Б x Т) 160,5 x 42,2 x 167,6 мм
Салмақ Шамамен 26 г
Қуат көзі Panasonic теледидарының USB порты арқылы 5 В тұрақты ток
Батарея түрі Қайта зарядталатын литий-ион полимерлі, 3,7 В, 40 мА·сағ
Автономия Шамамен 25 сағат
Зарядтау уақыты Шамамен 30 минут (жылдам зарядтау: 3 сағат пайдалану үшін 2 минут)
Негізгі функциялар 3D көру, 3D/2D ауыстыру, инфрақызыл қабылдау
Күтім және тазалау Жұмсақ және құрғақ шүберек; бензин, еріткіш немесе балауыз қолданбаңыз
Қауіпсіздік Жылуға ұшыратпаңыз, бөлшектемеңіз, күн көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз, қарау қашықтықтарын сақтаңыз
Қосылған қосалқы бөлшектер Зарядтау кабелі (K2KYYYY00164)
Жөндеу мүмкіндігі Тек кәдеге жарату үшін алынбалы батарея; өзіңіз жөндемеңіз
Үйлесімділік Panasonic 3D-үйлесімді теледидарлары
Пайдалану температурасы 0 °C - 40 °C
Инфрақызыл қабылдау қашықтығы Алдыңғы бетінен 3,2 м-ге дейін, ±35° көлденең, ±20° тік
Кепілдік Panasonic еуропалық кепілдігі (шарттарды қараңыз)

Жиі қойылатын сұрақтар - TY-EW3D3SE PANASONIC

TY-EW3D3SE 3D көзілдірігін қалай зарядтауға болады?
Қосылған зарядтау кабелін көзілдіріктің зарядтау портына және қосулы Panasonic теледидарының USB портына жалғаңыз. Зарядтау кезінде индикатор жанады, зарядтау аяқталғанда сөнеді (шамамен 30 минут).
3D кескіндер неге дұрыс көрсетілмейді?
Ауыстырғыштың 3D (3D/2D позициясы) күйінде екенін және теледидардың 3D режиміне қойылғанын тексеріңіз. Көзілдіріктің инфрақызыл қабылдағышын ештеңе бөгемейтініне көз жеткізіңіз. Мәселе шешілмесе, қажет болса көзқарасыңызды түзетіңіз.
Бұл көзілдіріктерді күн көзілдірігі ретінде пайдалануға бола ма?
Жоқ, бұл 3D көзілдіріктерді күн көзілдірігі ретінде пайдалануға болмайды. Олар тек үйлесімді теледидарда 3D мазмұнын көруге арналған.
3D көзілдіріктерін қалай тазалауға болады?
Жұмсақ және құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Тазалау алдында шүберектен шаңды қағыңыз. Ешқашан бензин, еріткіш немесе балауыз қолданбаңыз, көзілдіріктерді сұйықтыққа батырмаңыз.
TY-EW3D3SE көзілдіріктерінің автономиясы қандай?
Автономия толық зарядтаудан кейін шамамен 25 сағатты құрайды. 2 минуттық жылдам зарядтау шамамен 3 сағат пайдалануды қамтамасыз етеді.
Көзілдіріктерді пайдалану мерзімі аяқталғанда қалай жою керек?
Жергілікті ережелерді орындаңыз. Батареяны бұрап алып, сымдарды кесіп, содан кейін терминалдарды жабысқақ таспамен оқшаулаңыз. Батареяны отқа тастамаңыз.
Көзілдіріктер бірнеше минуттан кейін автоматты түрде өшеді, неге?
Егер көзілдіріктер теледидардан инфрақызыл сигнал алмаса (кедергі немесе қашықтық тым үлкен), олар батареяны үнемдеу үшін 5 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
Қараудың ұсынылатын қашықтығы қандай?
Ұсынылатын қашықтық кескін биіктігінен шамамен 3 есе құрайды. Мысалы, биіктігі 1 м экран үшін 3 м қашықтықта орналасыңыз.
Бұл көзілдіріктерді кез келген теледидармен пайдалана аламын ба?
Жоқ, олар тек 3D қолдайтын Panasonic теледидарларымен үйлесімді. Үйлесімді үлгілер тізімін Panasonic сайтынан қараңыз.
Қосу кезінде индикатор жанбаса не істеу керек?
Батарея ықтимал зарядсызданған. Зарядтау үшін көзілдіріктерді жалғаңыз. Бірнеше минут зарядтаудан кейін индикатор әлі жанбаса, сатудан кейінгі қызметке хабарласыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы TY-EW3D3SE PANASONIC

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Теледидар керек-жарақтары PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TY-EW3D3SE - PANASONIC және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TY-EW3D3SE брендінің PANASONIC.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TY-EW3D3SE PANASONIC

Жұмыс істеу нұсқаулығы

3D көзілдірігі

Модель нөмірі

TY-EW3D3LE TY-EW3D3ME TY-EW3D3SE

Panasonic бұйымын сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз.

  • Бұйымды пайдаланбас бұрын "Қауіпсіздік шаралары" және "Қауіпсіздік шараларын пайдалану" бөлімдерін оқуды ұмытпаңыз (1 - 5 беттер).
  • Бұйыммен жұмыс істегенге дейін, нұсқаулықты зер салып оқыңыз, және де кейінгі пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

Бұл 3D көзілдірігін 3D пішімін қолдайтын Panasonic HDTV теледидарында пайдалануға болады. Қолданылатын үлгілер бойынша соңғы ақпарат алу үшін веб-сайтымызға кіріңіз. http://panasonic.net/

Бұл бұйымды күн көзілдірігі ретінде пайдалануға болмайды және пайдаланбау керек.

Қауіпсіздік шаралары

Күтім

Қызып кету туралы

■ 3D көзілдірігіңізді жанып, қызып тұрған немесе ыстық жерлерге тастап кетпеңіз. ■ 3D көзілдірігінің құрамында литий-иондық полимер қайта зарядталатын батарея бар, сондықтан қызып кету, күйіп қалу немесе өрт шығуына әкелетін жану немесе жарылуға себеп болуы мүмкін.

Ескерту

Бөлшектеу

■ 3D көзілдірігін бөлшектемеңіз немесе жаңартпаңыз. ■ Өнімді пайдаланудан алған кезде, “Жою жолдары” (☎ 8-бет) бөлімін қараңыз және қайта зарядталатын батареяны дұрыстап алыңыз.

Зарядтау туралы

■ 3D қолдайтын Panasonic ТД-ның USB терминалына жинаққа кіретін зарядтау кабелін жалғау арқылы зарядтаңыз. Басқа құрылғылармен зарядтау батареяның ағуына, қызуына немесе жарылуына себеп болуы мүмкін.

■ Жинаққа кіретін зарядтау кабелін 3D көзілдірігін зарядтаудан басқа мақсатта қолданбаңыз.

Сақ болыңыз

3D көзілдірігіне қатысты

■ 3D көзілдірігін құлатпаңыз, қысым жасамаңыз немесе оған баспаңыз. ■ 3D көзілдірігін кигенде жақтауының ұшынан абай болыңыз. ■ 3D көзілдірігін әрдайым салқын, құрғақ жерде ұстаңыз. ■ Саусағыңызды 3D көзілдірігінің топса бөлігіне тығып алмаңыз. ■ Балалар бұл бұйымды пайдаланған уақытта ерекше көңіл бөліңіз.

3D кескіндерін қарауға қатысты

■ Егер сізде жарыққа сезімталдық, жүрек аурулары немесе басқа да медициналық жағдайлар болса, 3D көзілдірігін пайдаланбаңыз. ■ Егер сіз шаршап тұрсаңыз, қолайсыздық немесе басқа да қолайсыз сезімде болсаңыз, дереу 3D көзілдірігін пайдалануды доғарыңыз. ■ 3D фильмін көргеннен кейін тиісінше демалыңыз. ■ 3D ойындары сияқты интерактивті құрылғылардан немесе компьютерден 3D мазмұнын көргеннен кейін 30-60 минуттай демалыңыз. Теледидар экранын немесе басқа адамдарды байқаусызда ұрып жібермеңіз. 3D көзілдірігін пайдаланған кезде пайдаланушы мен экран арасындағы қашықтық дұрыс болмауы мүмкін. ■ 3D көзілдірігін 3D мазмұнын көрген кезде ғана кию керек. ■ 3D бейнекескінін көріп отырғанда басыңызды және/немесе 3D көзілдірігін еңкейтпеңіз. Көзіңіз бен 3D көзілдірігін теледидармен көлденең деңгейде ұстаңыз. ■ Егер көру қабілетіңіз нашар болса (жақыннан/алыстан жақсы көрмесеңіз, астигматизм, солоң жақты ажырата алмасаңыз), 3D көзілдірігін пайдаланбас бұрын көру деңгейін дұрыстап алыңыз. ■ Егер 3D мазмұнын көргенде екі еселенген бейнелерді анық көретін болсаңыз, 3D көзілдірігін пайдалануды тоқтатыңыз. ■ 3D көзілдірігін ұсынылған қашықтықтан жақын жерде пайдаланбаңыз. ұсынылған көру қашықтығы бейнекескін биіктігінен үш есе көп. Экранның жоғарғы және төменгі бөлігі, мысалы, киноларда қара жиекпен берілсе, оны нақты кескіннің биіктігінен 3 есе алыс қашықтықтан көріңіз.

(Ол көру қашықтығын жоғарыда ұсынылатын қашықтықтан жақындатады.)

3D кескіндерін көру

■ Нұсқаулық бойынша 3D көзілдірігін 5-6 жастан кіші балаларға пайдалануға болмайды. ■ Барлық балаларды 3D көзілдірігін пайдалану кезінде олардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауапты ата-аналары немесе қамқоршылары толығымен бақылауы керек. ■ 3D көзілдірігін пайдаланбас бұрын, байқаусызда зақым келтіруіне немесе жарақаттауына жол бермеу үшін пайдаланушының айналасында сынатын заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. ■ Құлап қалудан немесе байқаусызда жарақаттанудан сақтану үшін жылжымас бұрын 3D көзілдірігін шешіңіз. ■ 3D көзілдірігін тек арналған мақсатына пайдаланыңыз. ■ Егер 3D көзілдірігі физикалық тұрғыдан зақымданса, оны пайдаланбаңыз. ■ Егер дұрыс істемесе немесе ақаулық байқалса, 3D көзілдірігін пайдалануды бірден тоқтатыңыз. ■ Егер мұрныңыздың үсті не самайыңыз қызарып, ауырып, қышитын болса, 3D көзілдірігін пайдалануды дереу тоқтатыңыз. ■ Кейбір жағдайларда 3D көзілдірігіне пайдаланылған материалдар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.

Қауіпсіздік шараларын пайдалану

■ 3D көзілдірігін түсіріп алмаңыз және майыстырмаңыз. Сұйық кристалдың ысырмасының бетіне қысым түсірмеңіз немесе сызбаңыз. ■ Инфрақызыл қабылдағыш бөлімін бүлдірмеңіз немесе оған жапсырмаларды т.б. жабыстырмаңыз. ■ 3D көзілдірігінің жанында күшті электрмагниттік толқындар шығаратын құрылғыларды (мысалы, ұялы телефондарды немесе жеке радиокабылдағыштарды) пайдаланбаңыз, себебі ол 3D көзілдірігінің дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. ■ 3D көзілдірігін көрсетілген пайдалану температурасының ауқымынан (13-бет) тыс пайдаланбаңыз. ■ Егер бөлме флуоресцентті шаммен (50 Гц) жарықтандырылып, жарық 3D көзілдірігін пайдаланған кезде жыпылықтаған сияқты көрінсе, флуоресцентті шамды өшіріңіз. ■ Егер 3D көзілдірігі астынан жоғарыдан төмен қарай немесе артынан алдына қарай киілсе, 3D мазмұны дұрыс көрінбейді. ■ 3D көзілдірігін 3D бейнеден басқа затты қарағанда кимеңіз. Дисплейлердің басқа түрлерін (мысалы, компьютер экрандары, сандық сағаттар немесе калькуляторлар т.б.) 3D көзілдірігін киген кезде көру қиын болуы мүмкін.

Аксессуарлар

Зарядтау кабелі <1>

(K2KYYYY00164)

● < > санын көрсетеді.

Бақылауларды анықтау

Қуат түймесі Индикаторлық шам Инфрақызыл қабылдағыш Зарядтау порты (DC IN)

  • Қуат түймесі
ON/OFFКуатты косу/ажырату ушін тілшікті ON/OFF күйіне жылжытыңыз.
3D/2DРежимді 3D және 2D арасында өзгерту ушін тілшікті 3D/2D күйіне бір рет жылжытыңыз.• 2D: 3D кескінін 2D пішімінде көру.
  • Индикаторлық шам
Пайдалану немесе зарядтау барысында жануы немесе жыпылыктауы қайта зарядталатын батареяның күйін көрсетеді.
  • Инфрақызыл қабылдағыш
Теледидардан инфра-қызыл сигналдарды қабылдайды.
• Инфра-қызыл қабылдағыш бөлімін бүлдірмеңіз немесе оған жапсырмаларды т.б жабыстырмаңыз.
  • Зарядтау порты
Зарядтау кабелін жалғау.
• Берілген зарядтау кабелін қосу арқылы зарядтаңыз.

■ Индикаторлық шамның күйі

Индикаторлық шамКүй
Қосылған кезде 2 секундтай жанадыБатареяның деңгейі жеткілікті
Қосылған кезде 5 рет жыпылықтайдыБатарея деңгейі төмен
Қолданыс кезінде әрбір 2 секунд сайын жыпылықтайды3D режимі тандалған.
Қолданыс кезінде әрбір 4 секунд сайын екі рет жыпылықтайды2D режимі тандалған.

Зарядтау

■ 3D көзілдірігін зарядтау

3D көзілдірігін берілген зарядтау кабелімен теледидарға қосыңыз, содан соң теледидарды іске қосыңыз.

- Индикаторлық шам сөнген кезде, зарядтау аяқталады. Шамамен 30 минут қажет.

ЕСКЕРТУ

  • 3D көзілдірігін сатып алғаннан кейін қолданар алдында немесе ұзақ уақыт бойы қолданылмаған кезде зарядтаңыз.
  • Зарядтау барысында теледидардың қуаты қосылғанын тексеріңіз. Теледидар қуаты сөнген болса, батарея зарядталмайды.

Сақтау және Тазалау

● Жұмсақ, құрғақ шүберекті пайдаланып тазартыңыз. - 3D көзілдірігін шаңды не кір шүберекпен сүрту көзілдірікті тырнауы мүмкін. Пайдаланар алдында шүберектен бар шаңды қағыңыз. - 3D көзілдірігіне бензол, еріткіш немесе балауызды пайдаланбаңыз, олай істеу бояудың алынып қалуына әкелуі мүмкін. - Тазалаған кезде 3D көзілдірігін су сияқты сұйықтыққа батырмаңыз. - 3D көзілдірігін сақтағанда жоғары ылғал және жоғары температуралы жерден сақтаныңыз. - Көп уақыт пайдаланбаған кезде батареяның пайдалану мерзімін арттыру үшін 3D көзілдірігін әр 6 айда бір рет толық зарядтап тұрыңыз. - Сұйық кристалды ысырмалар нәзік әрі сынғыш болғандықтан, оларды тазалаған кезде мұқият болыңыз.

Жою жолдары

Қайта зарядталатын литий-иондық полимер

батареясы 3D көзілдірігінің ішіне салынған.

Жергілікті мекеніңіздегі қалдық заңдарына сәйкес жойыңыз.

Бұл өнімді пайдаланыстан алған кезде келесі беттегі әрекет бойынша бөлшектеп қайта зарядталатын батареяны алып тастаңыз.

PANASONIC TY-EW3D3SE - Жою жолдары - 1

Бұл өнімді пайдаланыстан алудан басқа жағдайда бөлшектемеңіз.

Қайынтрі

Қайта зарядталатын батарея осы өнімге арналғандықтан, оны басқа құрылғыға пайдаланбаңыз.

Алып тасталған батареяны зарядтамаңыз.

● Батареяны отқа тастамаңыз немесе қыздырмаңыз. - Батареяны шегемен теспеңіз, сырттан әсер етпеңіз, ашпаңыз немесе қайта жинамаңыз. - Сымдардың басқа металл және бір-біріне тиюіне жол бермеңіз. - Батареяны зергерлік бұйымдармен, шаш түйреуішімен немесе соған ұқсас басқа заттармен бірге сақтамаңыз. - Батареяны отқа жақын немесе күннің көзі сияқты ыстық жерлерде зарядтамаңыз немесе қалдырмаңыз.

Егер олай жасасаңыз, батарея ыстық бөледі, жанады немесе жарылады.

Ескерту

Алынған батареяны, бұрандаларды және тағы басқа заттарды кішкентай балалардың қолы жететін жерде қалдырмаңыз.

Мұндай бөлшектерді жұтып қою кері әсер етуі мүмкін.

- Осындай бөлшектерді жұтып қойды деген күдік болған жағдайда тез арада дәрігерге көрініңіз.

Батареядағы сұйықтық аққан кезде тиісті шараларды ұстаныңыз, сұйықтықты қолмен ұстамаңыз.

Көзге кіріп кеткен сұйықтық көру қабілетін нашарлатады.

- Көзіңізді уқаламай сумен жуып, тез арада дәрігерге көрініңіз.

Денеңізге немесе киіміңізге тиген сұйықтық теріңізді күйдіріп зақымдауы мүмкін.

- Таза сумен шайып, дәрігерге көрініңіз.

■ Батареяны алу

Батареяның қуаты таусылған соң өнімді ашыңыз.

Мына суреттер өнімді жөндеу емес, қайта оны пайдаланудан алып тастау туралы сипаттау үшін берілген.

Өнім ашылғаннан кейін жарамдылық мерзімі өтпейді.

  1. 3D көзілдірігінің бұрандаларын прецизиондық Phillips (⊕) бұрағышымен алыңыз.

PANASONIC TY-EW3D3SE - ■ Батареяны алу - 1

  1. Жақтауды ішке қарай иіп, оны қабығынан алып тастаңыз.

- Егер оны алу қиын болса, басы жалпақ (—) бұрағышты салу арқылы ашыңыз.

PANASONIC TY-EW3D3SE - ■ Батареяны алу - 2

  1. Батареяны шығарыңыз және сымдарын қайшымен біртіндеп қию арқылы оны 3D көзілдірігінен ажыратыңыз.

- Алынған батареяның сымдарын изоляциялық таспамен орап тастаңыз.

Батарея

ЕСКЕРТУ

  • Осы жұмыстарды жасағанда өзіңізді зақымдап алмау үшін абай болыңыз.
  • Батареяны зақымдамаңыз немесе ашпаңыз.

Ақаулықтарды түзету / Сұрақ-жауап

Алдымен келесілерді тексеріңіз. Егер олар да ақаулықты жоймаса, өнімді сатып алған жерге хабарласыңыз.

Бейнелер 3D емес.

3D көзілдірігінің режимі 3D күйіне орнатылды ма? Режимді 3D және 2D арасында өзгерту үшін тілшікті 3D/2D күйіне бір рет жылжытыңыз. ▶ Бейне параметрлері 3D бейнелеріне ауысқан ба? Теледидарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз. 3D көзілдірігінде инфрақызыл қабылдау бөлімін бөгеттеп тұрған жапсырма немесе басқа сондай зат бар ма? Егер көзілдірік теледидардан инфрақызыл сигналды қабылдауды тоқтатса, қуат автоматты түрде 5 минуттан кейін сөнеді. 3D бейнелерді қарауға қиын болатын немесе көрінбейтін жеке өзгешеліктер пайда болуы мүмкін, әсіресе оң және сол жақ көздерінің арасында түрлі көру деңгейі бар пайдаланушылар үшін. Пайдаланбас бұрын көз көруіңізді дұрыстау үшін қажетті шаралар (көзілдірік кию т.б.) қолданыңыз.

3D көзілдірігінің қуаты өз бетімен өшеді.

▶ Көзілдірік пен теледидар арасында заттар бар ма? 3D көзілдірігінде инфрақызыл қабылдау бөлімін бөгеттеп тұрған жапсырма немесе басқа сондай зат бар ма?

Егер көзілдірік теледидардан инфрақызыл сигналды қабылдауды тоқтатса, қуат автоматты түрде 5 минуттан кейін сөнеді.

Индикаторлық шам қуат түймесі “ON” күйіне орнатылған кезде жанбайды.

3D көзілдірігі жеткілікті түрде зарядталған ба? Индикаторлық шам мүлде жанбаса, батарея зарядының толық біткенін білдіреді. Батареяны зарядтау операциясын орындаңыз.

Батарея зарядталмайды немесе зарядталған кезде жұмыс істеу уақыты аз болады.

Зарядтау кабелі дұрыс жалғанған ба?

Зарядтау кабелінің дұрыс қосылғанын тексеріңіз.

▶ Теледидар қуаты сөнген бе?

Теледидар қуатын қосыңыз, сол кезде зарядтау басталады.

▶ Батареяның жарамдылық мерзімі біткен.

Егер зарядталған батареяның жұмыс істеу уақыты тым қысқа болса, онда батареяның жарамдылық мерзімі біткен. Өнімді сатып алған жермен хабарласыңыз.

Сипаттамалар

Қайта зарядталатын литий-иондық полимер батарея

Жұмыс істеу уақыты*¹: Шамамен 25 сағат

Жылдам зарядтау (2 минут зарядтау шамамен 3 сағат пайдалануға мүмкіндік береді)

Қаптау шегі*²

3D көзілдірігіне радио таратқыш

Алдыңғы бетінен 3,2 м ішінде

(Ішінде ± 35° горизонталды, ± 20° вертикалды)

Материалдар

Негізгі бөлігі: шайыр

Линза бөлігі: Сұйық кристалды әйнек

Өлшемдері (мұрын төсемінің бөлшегі жоқ)

МодельдерTY-EW3D3LETY-EW3D3METY-EW3D3SE
Ені170,6 мм167,7 мм160,5 мм
Биіктігі42,2 мм42,2 мм42,2 мм
Жалпы ұзындығы170,7 мм170,7 мм167,6 мм
СалмағыШамамен 27 гШамамен 26 гШамамен 26 г

*1 Жұмыс істеу уақыты/зарядтау уақыты

- Үздіксіз қолданудан кейін батарея нашарлайды, жұмыс істеу уақыты да қысқарады. Жоғарыдағы көрсеткіштер зауыттан жеткізілген және өнімділіктің кепілдігі болмайды.

*2 Қабылдау шегі

- 3D көзілдірігінің радио таратқышының орны теледидар моделіне байланысты өзгереді.

- Жекелеген адамдар үшін 3D көзілдірігімен көру қашықтығы әр түрлі болады.

- Көру қашықтығынан тыс жерде 3D көзілдірігі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Еуропа Одағынан өзге елдердің өндірісінде пайдаланбау туралы ақпарат

PANASONIC TY-EW3D3SE - Еуропа Одағынан өзге елдердің өндірісінде пайдаланбау туралы ақпарат - 1

Нышан тек Еуропа Одағында жарамды. Егер осы өнімді жойғыңыз келсе, жергілікті өкілеттік немесе дилеріңізге хабарласып, өндірісте пайдаланбаудың дұрыс әдісін сұраңыз.

Өнімнің мәліметтері

Қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жыл

Қытайда жасалған

Өндіруші:

Panasonic Corporation

Дайындаушы мекенжайы:

Осака, Жапония

Үлгі:

XX 01 XX YY Өндірістік бақылау нөмірі Өндірістік бақылау нөмірі Өндіріс күні Өндіріс айы: Қаң., Ақп., Нау., Сәу., Мам., Мау., Шіл., Там., Қыр., Қаз., Қар., Жел. деп көрсетіледі. Өндіріс жылының соңғы 1 саны Тіркелген өндіріс Өнім санаты

Panasonic ақпараттық орталығы

Қазақстан мен Орта Азиядан қоңырау шалу үшін.

Қазақстанның кепілдеме шарттары

Panasonic Corporation компаниясы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанда сатылатын барлық тауарларына өндірушінің 3 (үш) жылдық кепілдігін береді; төменде көрсетілген тауарлардан басқа: 1. Мини-АТС;

  1. Көшірме құрылғылары; 3. Ноутбуктер; 4. Ауа кондиционерлері; 5. Бейне проекторлер; 6. Электр құрал-саймандар.

Бұл кепілдеме өнім шығарушылар тарапынан, тұтынушылардың конституциялық және өзге де құқықтарына толықтыру түрінде берілетіндігіне қарамастан, оларды қандай жағдайда болсын, шектей алмайды.

Аталған кепілдеме, тауар дұрыс болып шықпаған немесе оны жинағанда мынадай шарттарды қадағаламаған жағдайда, күшіне енеді:

  1. Тауар тек қана мына елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан аумағынан сатылып алынған болса және техникалық стандарттар мен қауіпсіздік талаптарына міндетті түрде жауап берерлік дәрежедегі, пайдалануға беру нұсқауларына сай пайдаланылса. Модельдің кепілдік мерзімі http://service.panasonic.ru Интернет-бетінде орналасқан.
  2. Аталып отырған кепілдеме, ондағы ақаулар өрттен, найзағайдан немесе басқа да табиғи құбылыстардың әсерінен болса; дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, сондай-ақ, пайдалануға берердегі нұсқауларда қосуға болмайтындығы ескертілген ток көздеріне қосылса; шектен тыс зорланып жұмыс істеу нәтижесінде істен шықса; тозығы жетсе; бөгде нәрселер мен насекомдар кіріп кетуін қосқанда, бұйым тым салақ қаралып сақталса; қолында мұндай заттарды жөндей алатындығын растайтын сертификаты жоқ адам жөндесе, сонымен қатар, инсталляциялану, бейімделу, модификациялану немесе пайдалануға берілу сәттерінде техникалық шарттар немесе қауіпсіздік талаптары орындалмаса, онда күшін жояды.
  3. Егер кепілдік берілген мерзім аралығында, тауардың бір бөлігі не басқа бір бөлшектері тауарды шығарушы ұсынбаған бөлек қосалқы бөлшектермен ауыстырылған болса, сондай-ақ, бұл жұмыс қанағаттанғысыз түрде жасалса, не олар тауарға сәйкес келмесе, онда тұтынушы бұл кепілдеме бойынша төлем алу құқығынан, басқа да артықшылықтарды пайдалану құқығынан айрылады.
  4. Аталып отырған кепілдеме, қажетті бөлшектер мен темірлермен, лампымен, батареямен және аккумулятормен, дыбысшығарушы инемен, антеннамен және байланыстырыш кабельдермен, қорғаныш экрандарымен, қоқыс жинағыштарға, тор мен пышаққа, фильтрлерге, щеткелерге, картридждер мен өзге де пайдалану мерзімі шектеулі бөлшектермен қамтамасыз етуде жарамсыз деп танылады.

Қондыру және қосу

Сіз сатып алған жабдықты қондыру үшін техникалық қалыпты пайдалануы мақсатында барлық қажетті жұмыстарды атқаратын қызмет көрсету орталығы мамандарының ақылы қызметін пайдалана аласыз.

Осы кепілдеме бойынша міндеттер, 1-бөлімшеде аталған елдер аумағындағы, тізімін +7 (727) 298-09-09 телефоны бойынша немесе http://service.panasonic.ru Интернет-бетінде орналасқан, Panasonic Ақпараттық Орталығынан алуға болатын, уәкілетті ұйымдар мен қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады.

Аксессуарлар мен шығын материалдары жайлы ақпарат http://panasoniceplaza.ru Жөндеу жұмыстарының барысы туралы ақпарат «Жөндеу Ақпараттық Жүйесі»

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : PANASONIC

Модель : TY-EW3D3SE

Санат : Теледидар керек-жарақтары