GHG 2060 Professional - Ыстық ауа пистолеты BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GHG 2060 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ыстық ауа пистолеты PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GHG 2060 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GHG 2060 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GHG 2060 Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. u Осы ыстық ауа үрлегішті балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар пайдаланбауы тиіс. Осы ыстық ауа үрлегішті 8 жастан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында және ыстық ауа үрлегішті қауіпсіз қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқау алған және барлық қатысты қауіптерді Bosch Power Tools 1 609 92A 4UD | (15.03.2019)82 | Қазақ түсінген жағдайда ғана пайдалана алады. Кері жағдайда қате жолмен пайдалану және жарақат алу қаупі туындайды. u Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде балаларға мұқият болыңыз. Осылай балалардың ыстық ауа құбырымен ойнамауын қамтамасыз етесіз. u Электр құралды құнттап ұстаңыз. Электр құрал қатты қызады, бұл өрт және жарылу қауіпін арттырады. u Жанатын материалдарға жақын жұмыс істеген кезде өте абай болыңыз. Ыстық ауа ағыны немесе ыстық сопло шаң немесе газдарды жандыруы мүмкін. u Электр құралды жарылу қауіпі бар ортада пайдаланбаңыз. u Ыстық ауа ағынын ұзақ уақыт бір жерге бағыттамаңыз. Жылдам жанғыш газдар, мысалы пластмассаны, бояуды, лактарды немесе ұқсас материалдарды өңдеуде пайда болуы мүмкін. u Ыстық ауа жасырын жанғыш материалдарға бағытталып, оларды жандыру ықтималдылығын
u Электр құралын пайдаланғаннан кейін қауіпсіз жерге қойып, ораудан бұрын сөре үстінде толығымен суытыңыз. Ыстық сопло зиян келтіруі
u Қосулы электр құралды бақылаусыз қалдырмаңыз. u Пайдаланылмайтын электр құралын балалардың қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл электр құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралы қауіпті болады. u Электр құралды жаңбырдан, сыздан қорғаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қауіпін арттырады. u Электр сымын орынды қолданыңыз, электр құралын тасымалдау, асып қою немесе айырын розеткадан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстық және майдан алыс үстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тоғының соғу қауіпін арттырады. u Қорғаныш көзілдірікті әрдайым киіңіз. Қорғаныш көзілдірік жарақаттану қаупін төмендетеді. u Құрылғыны реттеуден, жабдықтарды алмастырудан немесе электр құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан тартып шығарып қойыңыз. Осы сақтық әрекеті электр құралының байқаусызда қосылуына жол бермейді. u Әр пайдаланудан алдын электр құралды, кабельді және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған электр құрал, кабель және айыр электр тоғының соғу қауіпін арттырады. Жұмыс орнын жақсы желдетіңіз. Жұмыс кезінде пайда болатын газдар мен булар денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. u Қорғау қолғабын киіп, ыстық соплоға тимеңіз. Күю қауіпі бар. u Ыстық ауа ағынын адамдарға немесе хайуандарға бағыттамаңыз. u Электр құралын шаш кептіргіш ретінде пайдаланбаңыз. Шығатын ауа шаш кептіргіштен шығатын ауадан өте ыстық. u Электр құралын бөгде денелер түспеуін қаматмасыз етіңіз. u Форсунканың дайындамаға дейін қашықтығы өңделетін материалға (метал, пластмасса т.б.) және керекті өңдеу түріне байланысты. Әрдайым алдымен ауа көлемі мен температура бойынша сынақ
u Электр құралды ылғалды ортада пайдалану қажет болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдалану тоқ соғу қауібін төмендетеді. u Электр құралды зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалса зақымдалған кабельді тимей желі айырын шығарыңыз. Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін арттырады. Өнім және қуат сипаттамасы Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
Мақсаты бойынша қолдану Электр құралы пластмасса пішінін өзгертуге және дәнекерлеуге, бояуды жоюға және термиялық кеметін шлангілерді жылытуға арналған. Ол, сондай-ақ жамауға және қалайылауға, желімделген қосылымдарды ажыратуға және су құбырларын ерітуге арналған. Электр құралы мұқият қолмен пайдалануға арналған. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. 1 609 92A 4UD | (15.03.2019) Bosch Power ToolsҚазақ | 83 (1)
(2) Ажыратқыш және қуат деңгейлері (3)
(4) Жылудан қорғаныс, алмалы-салмалы (5) Температураның айналмалы реттегіші (6) Жалпақ саптама
(7) Әйнек қорғағыш саптама
(8) Бұрыштық саптама
(9) Рефлекторлық саптама
(10) Дәнекерлеу сымы
(11) Дәнекерлеу табаны
(12) Редукторлық саптама
(13) Термиялық кеметін шланг
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Ыстық ауа құбыры GHG 20-60 Өнім нөмірі 3 601 BA6 4.. Номиналды тұтынылатын қуат Вт 2000 Ауа көлемі л/мин
150–300 300–500 Саптама шығысындағы температура
°C 50–630 Температураны өлшеу дәлдігі ±10% Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 0,55 Қорғаныс класы
A) 20°C қоршаған орта температурасында, шам. Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Шуыл және діріл туралы ақпарат Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 70дБ(A) шамасынан кем
Дірілдің жалпы көрсеткіші a
(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі:
u Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. Алғаш рет қолданысқа енгізу кезіндегі түтіннің пайда
Зауытта металды беттер тот басудан сақтайтын жамылғымен қорғалған. Бұл қорғау жамылғысы алғаш рет қолданысқа енгізу кезінде буланады.
Ажыратқышты(2) жоғары қарай жылжытыңыз.
Ажыратқышты(2) төмен қарай0 күйіне жылжытыңыз. u Электр құралын ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін өшіруден бұрын суытыңыз. Ол үшін ең төмен реттелетін температурада қысқа уақыт жұмыс
Ауа көлемін реттеу Ажыратқыштың(2) көмегімен ауа көлемін әртүрлі деңгейлерде реттеуге болады: Ауа көлемінің деңгейі л/мин °C 150–300 50–630 300–500 50–630 Ауа көлемін, мысалы, дайындама айналасы қатты қызып кетпеуі үшін немесе жеңіл дайындама ауа ағынымен жылжып кетпеуі үшін азайтыңыз. Температураны реттеу Айналмалы реттегіштің(5) көмегімен ауа ағынының температурасын реттеуге болады. Белгіленген айналмалы реттегіштің күйлері төмендегі температура диапазондарына сәйкес келеді: Айналмалы реттегіштің
Температура, °C 1 50–80 2 130–160 3 210–240 4 280–310 5 340–370 6 410–440 7 480–510 8 550–580 9 620–630 Айналмалы реттегіштің 1 күйі қызған дайындаманы суытуға немесе бояуды кептіруге арналған. Ол электр құралын алып тастамас немесе салмалы саптамаларды алмастырмас бұрын суытуға да жарамды. Пайдалану нұсқаулары u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Нұсқау: саптаманы(3) өңделетін дайындамаға тым жақын қоймаңыз. Пайда болатын ауа қысымы электр құралының қызып кетуіне алып келуі мүмкін. Жылу оқшаулағышын алып тастау Тым тар жерлерде жұмыс істеу үшін жылу оқшаулағышын(4) бұрап шығаруға болады. u Ыстық саптамадан абай болыңыз! Жылу оқшаулағышынсыз жұмыс істеу кезінде күйіп қалу қаупі өте жоғары болады. Bosch Power Tools 1 609 92A 4UD | (15.03.2019)84 | Қазақ Жылу оқшаулағышын(4) алып тастау немесе орнату үшін электр құралын өшіріп суытыңыз. Жылдам суыту үшін электр құралын ең төмен температурада қысқа уақыт жұмыс істетуге болады. Электр құралын тоқтату Электр құралын суыту немесе екі қолыңызды жұмыс үшін бос ұстау мақсатында оны қойма орнында(1) тоқтатыңыз. u Тоқтатылған электр құралымен аса мұқият жұмыс істеңіз! Ыстық саптамадан немесе ыстық ауа ағынында күйіп қалуыңыз мүмкін. Электр құралын тегіс әрі тұрақты бетке қойыңыз. Оның аударылып қалмауын қадағалаңыз. Кабельді электр құралы аударылмайтындай немесе төмен түспейтіндей етіп жұмыс аймағынан тыс қойыңыз. Электр құралын ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде өшіріңіз және желілік ашаны суырып шығарыңыз. Жұмыс мысалдары (A–Gсуреттерінқараңыз) Жұмыс мысалдарының суреттерін графикалық беттерден таба аласыз. Саптама мен дайындама арақашықтығы өңделетін материалға (металл, пластмасса және т.б.) және қажетті өңдеу түріне байланысты болады. Әр жұмыс үшін оңтайлы температураны сынақ тәжірибемен анықтауға болады. Әрдайым алдымен ауа көлемі мен температура бойынша сынақ өткізіңіз. Үлкен арақашықтықтан және төменгі қуат деңгейінен бастаңыз. Арақашықтық пен қуат деңгейін қажетінше реттеңіз. Егер қай материалды өңдеу қажеттігіне немесе ыстық ауаның материалға түсіретін әсеріне сенімді болмасаңыз, әсерді көрінбейтін жерде тексеріңіз. "Терезе жақтауынан лакты жою" басқа барлық жұмыс мысалдарында керек-жарақсыз жұмыс істеуге болады. Ұсынылған керек-жарақтарды пайдалану жұмысты оңтайландырып, нәтиженің сапасын айтарлықтай
u Саптаманы алмастыру кезінде абай болыңыз! Ыстық саптамаға қол сұқпаңыз. Алмастыру кезінде электр құралын суытып, қорғаныш қолғап киіңіз. Ыстық саптама сізді күйдіруі мүмкін. Жылдам суыту үшін электр құралын ең төмен температурада қысқа уақыт жұмыс істетуге болады. Лакты жою/желімді ажырату (Aсуретінқараңыз) Жалпақ саптаманы(6) (керек-жарақ) орнатыңыз. Лақты ыстық ауамен азғантай жұмсартып, содан кейін таза шпательмен алып тастаңыз. Ұзақ уақыт ыстық ұстау лакты күйдіріп, жоюды қиындатады. Жылу арқылы желімнің үлкен мөлшері жұмсарады. Желім жұмсарғаннан кейін қосылымдарды ажырату немесе артық желімді жоюға болады. Тереза жақтауынан лакты жою (Bсуретінқараңыз) u Міндетті түрде әйнек қорғағыш саптаманы (7) (керек-жарақ) қолданыңыз. Әйнектің жарылу қаупі
Профильденген аймақтарда лакты сәйкес шпательмен ажыратып, жұмсақ қылшақпен тазалауға болады. Су құбырларын еріту (Cсуретінқараңыз) u Қыздыру алдында су құбырының шың мәнінде бар болғанын тексеріңіз. Су құбырларының сыртқы түрін әдетте газ құбырларынан ажырату мүмкін емес. Газ құбырларын ешқашан қыздыруға болмайды. Бұрыштық саптаманы(8) (керек-жарақ) орнатыңыз. Мұздатылған жерлерді мүмкіндігінше ағызу құбырының алдында ағын бағытымен қыздырыңыз. Зақымдалудың алдын алу үшін пластик құбырларды және құбырлар арасындағы қосылымдарды аса мұқият
Пластик құбырлардың пішінін өзгерту (Dсуретінқараңыз) Рефлекторлық саптаманы(9) (керек-жарақ) орнатыңыз. Пластик құбырдың сынуын жол бермеу үшін оны құммен толтырып, екі жағынан жауып қойыңыз. Құбырды алға- артқа ақырындап және біркелкі жылжыту арқылы
Пластмассаны дәнекерлеу (Eсуретінқараңыз) Редукторлық саптаманы(12) және дәнекерлеу табанын(11) (екеуі де керек-жарақтар) орнатыңыз. Дәнекерленетін дайындамалар мен дәнекерлеу сымының(10) (керек-жарақ) материалы бірдей болуы керек (мысалы, екеуі де ПВХ). Дәнекерленетін жер таза және майсыз болуы керек. Дәнекерленетін жерді абайлап, қамырға ұқсағанша қыздырыңыз. Пластмассаның қамыр мен сұйық күйлері арасындағы температура диапазонының төмен болғанына көз жеткізіңіз. Дәнекерлеу сымын(10) алып келіп, біркелкі қалыңдау пайда болғанша саңылауға кіргізіңіз. Жұмсақ дәнекерлеу (Fсуретін қараңыз) Нүктелі дәнекерлеу үшін редукторлық саптаманы (12), ал құбырларды дәнекерлеу үшін рефлекторлық саптаманы(9) орнатыңыз (екеуі де керек-жарақтар). Егер флюссіз дәнекерлесеңіз, дәнекерлеу майын немесе пастасын дәнекерленетін бетке жағыңыз. Дәнекерлеу орнын материалға қарай шамамен 50–120секунд жылытыңыз. Дәнекерді салыңыз. Дәнекер дайындама температурасында еруі тиіс. Қажет болса, дәнекерлеу орны суығаннан кейін флюсті
Қысу (Gсуретінқараңыз) Рефлекторлық саптаманы(9) (керек-жарақ) орнатыңыз. Термиялық кеметін шлангінің(13) (керек-жарақ) диаметрін дайындамаға сай таңдаңыз. Термиялық кеметін шлангіні дайындамада бір қалыпта жатқанша біркелкі жылытыңыз. 1 609 92A 4UD | (15.03.2019) Bosch Power ToolsRomână | 85 Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: *
ОңайНұсқаулық