BHI631AS - Ас үй сорғысы GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз BHI631AS GORENJE PDF форматында.

📄 100 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice GORENJE BHI631AS - page 63
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : GORENJE

Модель : BHI631AS

Санат : Ас үй сорғысы

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ас үй сорғысы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз BHI631AS - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. BHI631AS брендінің GORENJE.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ BHI631AS GORENJE

  • Өнімді тазарту және сүзгілерді ауыстыру / тазалау жөніндегі нұсқаулықтың орындалмауы өрт қаупіне әкелуі мүмкін.• •Бұл өнімді жалынды отпен тамақ пісіргенде пайдалануға қатаң тыйым салынады.• ЕСКЕРТУ: •Өнім қосулы болған кезде оның қолжетімді бөліктері қызып кетуі мүмкін.• •Орнату жұмыстары толық аяқталғанша, құрылғыны электр желісіне қоспаңыз.• •Жергілікті билік органдары бекіткен, түтін шығаруға байланысты қауіпсіздік техникасы және қауіпсіздік шаралары бойынша ережелер қатаң сақталуы керек.• •Шығарылған ауа газ жағатын құрылғылар не басқа да жағу құрылғылары тудыратын түтінді жою үшін пайдаланылатын құбырлар арқылы жіберілуі керек.• •Өнімді дұрыс орнатылмаған шамдармен пайдаланбаңыз немесе қалдырмаңыз, себебі бұл тоқ соғу қаупіне әкелуі мүмкін.• •Торды дұрыс орнатпайынша, бұл өнімді ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. •Егер басқалай айқын түрде рұқсат етілмесе, өнімді тіреуші бет ретінде ЕШҚАШАН пайдалануға болмайды.
  • Шамды ауыстыру үшін осы нұсқаулықтың "Техникалық қызмет көрсету/жарықтандыру жүйесі" бөлімінде көрсетілген шам түрін ғана пайдаланыңыз. • Отты пайдалану сүзгілерді зақымдауы және өрт қаупін тудыруы мүмкін, сондықтан ондай жағдайға ешқашан жол берілмеуі керек. • Май қатты қызып кетіп, өртенуіне жол бермеу үшін қуыру кезінде аса сақ болған жөн. • Күмән болған жағдайда уәкілетті қызмет көрсету орталығымен немесе сол сияқты білікті маманмен хабарласыңыз.

Бұл құрылғы тамақ пісіру кезінде шығатын түтін мен буды сорып, сыртқа шығаруға және тек үйде қолдануға арналған. Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды қатаң қадағалаңыз. Біз осы нұсқаулықта келтірілген нұсқауларды орындамау нәтижесінде бұйымға келтірілген кез келген қолайсыздық, зақым немесе өрт үшін жауап бермейміз. Бұл өнім оқулықтағы суреттерде берілгеннен өзгеше эстетикалық функцияларға ие болуы мүмкін, алайда, жұмыс істеуі, техникалық қызмет көрсету және орнату бірдей болады.

  • Бұйыммен бірге берілген барлық нұсқаулықтарды қажет кезде қол астында болатындай жерде сақтау маңызды. Сату, беру немесе жылжыту жағдайында олардың өніммен бірге беріңіз. • Нұсқауларды мұқият оқыңыз: онда орнатуға, іске қосуға және қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат беріледі. • Орнатпас бұрын өнімнің толықтығын тексеріңіз. Болмаса дилерге хабарласып, орнатуды тоқтатыңыз. ЕСКЕРТПЕЛЕР : осы таңбамен белгіленген элементтер тек кейбір модельдермен немесе жеткізілмеген, бірақ сатып алуға болатын элементтермен бірге келетін қосымша керекжарақтар болып табылады. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
  • Өнімді орнату үшін онымен бірге берілетін бекіткіш бұрандаларды тек тиісті бетке ғана пайдаланыңыз; болмаса, дұрыс бұранда түрлерін сатып алыңыз.
  • Өнімнің ішіндегі (тасымалдау мақсатында салынған) керек-жарақтардың (мысалы, бұрандалар салынған қалташықтар, кепілдік куәліктері және т.б.) бар-жоғына көз жеткізіңіз. Егер ондай нәрселер болса, оларды алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз. • ЕСКЕРТУ: Бұрандалар мен ысырмаларды ос нұсқауларға сай орнатпасаңыз, электр тогы қаупі орын алуы мүмкін.
  • Шығару құбыры бірге берілмейді және ол бөлек сатып алынуы керек. •Сорғыш құбырдың диаметрі жалғағыш сақинаның диаметріне сай келуі керек. •Өнімді плита үстіне орнатқан кезде, сызбаларда көрсетілген биіктікті

түтінсорғының төменгі бөлігі арасындағы минималды арақашықтық электр плиталары үшін кемінде 45 cm, ал газ немесе аралас пештер үшін 65 cm болуы керек.

  • Егер газ плитасын орнату нұсқаулығында бұдан үлкенірек арақашықтықтар көрсетілген болса, оларды
  • Өнімнің немесе шығару құбырларының электрлік желілеріне немесе құрылымына өзгерістер енгізбеңіз.
  • Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында өнімді розеткадан суырыңыз немесе қосқышты өшіріңіз. •Барлық орнату және күтім көрсету жұмыстарын орындаған кезде әрқашан жұмыс қолғабын киіңіз.• •Бұл өнімді 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдар немесе құрылғыны пайдалану тәжірибесі немесе қажетті білімі жоқ адамдар олардың қауіпсіздігіне жауап беретін басқа адамның бақылауынсыз немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану және оның қауіптілігін түсіну туралы нұсқаулар алмайынша қолданбауы керек.• •Балалардың осы өніммен ойнамауын қадағалаңыз.• •Тазалау және күтім көрсету жұмыстарын балалар тиісті бақылаусыз орындамаулары керек. •Егер өнім газды немесе басқа отынды жағатын басқа құрылғылармен бір уақытта қолданылса, бөлме жеткілікті түрде желдетілуі керек.
  • Өнімнің ішін де, сыртын да жиі тазалап отыру керек (КЕМІНДЕ БІР АЙДА БІР РЕТ); әрқашан пайдалану нұсқаулығында берілген нұсқауларды орындаңыз.

қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті уәкілетті мекемеге, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз. ЭЛЕКТРЛІК БАЙЛАНЫСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ

  • Қуат көзіндегі кернеудің сипаттамалары өнімнің ішінде орналасқан деректер жапсырмасындағы кернеу сипаттамаларына сәйкес келуі керек. •Егер өнім қуат сымы ашасымен жабдықталған болса, оны қолданыстағы стандарттарға сәйкес келетін және орнатқаннан кейін де қол жетімді болатын розеткаға қосыңыз. •Егер өнімнің қуат ашасы болмаса (электр желісіне тікелей қосылатын болса) немесе қуат ашасы қол жетпейтін жердегі розеткаға жалғанатын болса, тіпті орнатқаннан кейін де, стандартты екі полюсті ажыратып-қосқышты орнату ережелеріне сәйкес сай қосымша орнату арқылы III санаттағы артық кернеу болған жағдайларда құрылғыны желіден толық ажырату мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз. •Құрылғы арнайы қуат кабелімен жабдықталған; егер кабель зақымданған болса, оны ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. ● Есіңізде болсын! Электр желісіне қайта қоспас бұрын, оның дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз, әрқашан қуат кабелінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Ескеріңіз! Автоматты түрде іске қосылатын бағдарламалаушымен, таймермен, бөлек пультпен немесе кез келген басқа құрылғымен пайдаланбаңыз.

Бұл құрылғы мына қауіпсіздік стандартының ережелеріне сәйкес жасалды, сыналды және өндірілді: EN/IEC 60335-1; EN/IEC 60335-2- 31, EN/IEC 62233. Өнімділігі: EN/IEC 61591; ISO 5167-1; ISO 5167-3; ISO 5168; EN/IEC 60704-1; EN/IEC 60704-2-13;EN/IEC

Бұл түтін шығару жүйесін мұржалы нұсқада немесе сүзгілі және ішкі айналымы бар рециркуляциялық нұсқада қолдануға болады. Мұржалы нұсқа: Бөлінетін бу жалғау фланеціне бекітілген ауа сору құбыры арқылы сыртқа шығарылады. САҚ БОЛЫҢЫЗ! Егер өнім бір немесе бірнеше көмір сүзгілерімен жабдықталған болса, оларды алып тастау Өнімді диаметрі ауа шығысына (жалғау фланеці) сай келетін қабырғаға орнатылған сорғыш құбырларға және саңылауларға жалғаңыз. Құбырлар мен қабырғадағы шағын диаметрлі шығыс тесіктерді пайдалану түтін сорғыштың тиімділігін төмендетеді және шу деңгейін күрт арттырады. Осыған байланысты барлық жауапкершіліктерден бас

  • Ауа соратын шығаратын құбыр мүмкін болса барынша қысқа болғаны жөн.
  • Құбырдағы бұрылыстар неғұрлым аз болғаны жөн (максималды иілу бұрышы: 90°).
  • Құбыр диаметрінің күрт өзгеруіне жол бермеңіз. ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ ҰСЫНЫСТАРЫ Қоршаған ортаға келетін әсерді азайту үшін дұрыс пайдалану нұсқаулары: Тамақ пісіруді бастаған кезде құрылғыны ең аз жылдамдыққа қосу керек және оны пісіру аяқталғаннан кейін де бірнеше минутқа қосулы күйде қалдырыңыз. Жылдамдықты тек түтін мен бу көп болса ғана, шұғыл жағдайларда ғана Тездету (Booster) функциясы арқылы арттырыңыз. Иісті азайту жүйесінің тиімді жұмысын сақтау үшін, көмір сүзгісін(лерін) қажет болғанда ауыстырып тұрыңыз. Май сүзгісі жақсы жұмыс істеуі үшін оны қажетінше тазалап тұрыңыз. Тиімділікті арттырып, шуды азайту үшін, осы нұсқаулықта көрсетілген максималды құбыр диаметрін пайдаланыңыз.

Рециркуляциялық нұсқа: Сорылған ауа бөлмеге өтпес бұрын майдан және иістерден тазаланады. Өнімді осы нұсқада пайдалану үшін қосымша белсендірілген көмір сүзгі жүйесін орнату қажет. МЕРЗІМ СОҢЫНДА ТАСТАУ Бұл құрылғы Қолданылған электрондық және электрлік құрылғыларға (WEEE) қатысты 2012/19/EC - UK SI 2013 №.3113 Еуропалық Директивасына сай таңбаланған. Осы өнімді тастауды тиісті түрде орындаңыз. Осылайша пайдаланушы қоршаған орта мен денсаулыққа жағымсыз салдардың алдын алуға көмектеседі. Өнімдегі не ілеспе құжаттардағы осы таңба бұл өнімнің тұрмыстық қалдықпен бірге тасталмай, электр және электрондық жабдықтарды қайта пайдалану үшін тиісті жинау пункттеріне жіберілуі керектігін білдіреді. Оны жергілікті қоқыс тастау ережелеріне сәйкес тастаңыз. Бұл өнімді пайдалану, қалпын келтіру және ОРНАТУДЫ БАСТАМАС БҰРЫН

  • Өнімнің өлшемдері орнатылатын орынға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
  • Белсендірілген көмір сүзгісі(лері) берілген болса, оны алып тастаңыз (тиісті тарауды да қараңыз).
  • Егер өнім сүзгімен қолданылса, оны (оларды) қайта орнату керек.
  • Егер жан-жағында панельдер және/немесе

қабырғалар және/немесе қабырға блоктары болса, өнімді орнатуға жеткілікті орын бар екеніне және басқару тақтасына әрдайым оңай қол жеткізуге болатынына көз жеткізіңіз.

  • Бұл өнім көптеген қабырғаларға/төбелерге жарамды бекіту тығындарымен жабдықталған. Дегенмен, материалдар қабырға/төбенің түріне сәйкес келетініне көз жеткізу үшін білікті маманмен кеңесу керек. Қабырға/төбе материалы сорғыштың салмағын көтеру үшін жеткілікті деңгейде мықты болуы керек. Суреттер бөлімінде көрсетілгендей: майға қарсы сүзгілерді алып тастаңыз, екі жағына көмір сүзгісін салып, оны өнімге бекітіңіз. Майға қарсы сүзгілерді орындарына қайта орнатыңыз.
  • Көмір сүзгісі тамақ пісіру кезінде пайда болатын жағымсыз иістерді ұстап қалады. • Ұзақ уақыт қолданғаннан кейін көмір сүзгі иістерге қанығуы мүмкін, бұл пісірілетін тамақ түріне және май сүзгісінің майдан қаншалықты жиі тазаланатынына байланысты. Жуылатын белсендірілген көмір сүзгісі (тек сүзгілі нұсқа үшін): Көмір сүзгісін екі ай сайын (егер сіздегі үлгіде болсасүзгінің қанығу жүйесі көрсеткен кезде) жуып отыруға болады. Сызбалар бөлімінде көрсетілгендей: май сүзгісін алыңыз, көмір сүзгісін алыңыз және ыстық сумен, лайықты жуғыш қоспалармен қолдап жуыңыз немесе ыдыс жуғышта 65°C температурада жуыңыз (ыдыс жуғышта жуу кезінде толық жуу циклін ыдысаяқтарсыз орындаңыз). Артық суды сүзгіні зақымдамай алыңыз, содан кейін оны толығымен кептіру үшін пешке 100°C температурада 10 минутқа қойыңыз. Майға қарсы сүзгілерді орындарына қайта Көбіктөсемді 3 жыл сайын және матаның зақымданғаны байқалған сайын ауыстырыңыз.

A= Шамды ҚОСУ/ӨШІРУ тетігі. B= ҚОСУ/ӨШІРУ тетігі және 1-жылдамдықты таңдау (кішкене бу және түтін шықса). B+C= 2-жылдамдықты таңдаңыз (орташа мөлшерде бу және түтін шықса). B+D= 3-жылдамдықты таңдаңыз (көп бу және түтін

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ

Жарықтандыру құралдары ●Жарықтандыру жүйесі : Жарықтандыру жүйесін пайдаланушы ауыстыра алмайды, егер ол жұмыс істемесе, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

  • Жарықтандыру жүйесі ДИОДШАМДАРҒА негізделген. Диодшамдар оңтайлы жарықтандыруды қамтамасыз етеді, қарапайым шамдарға қарағанда 10 есе ұзақ қызмет етеді және электр энергиясының 90%
  • Тазалау: Тазалау үшін тек бейтарап сұйық жуғыш қоспаға малынған дымқыл шүберекті пайдаланыңыз.
  • Абразивті заттарды пайдаланбаңыз. СПИРТТІ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛМАЙДЫ! Өнімге техникалық қызмет көрсету үшін орнату соңында осы таңбамен белгіленген суреттерді

Майға қарсы сүзгі: Майға қарсы металл сүзгі айына бір рет агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен немесе ыдыс жуғыш машинада қысқа уақытта төмен температурада жуылуы керек. Майға қарсы сүзгіні шығарып алу үшін, серіппеден босату тұтқасын

  • Майға қарсы сүзгі тамақ пісіру кезінде пайда шашырайтын май бөлшектерін ұстап қалады. Ыдыс жуғышта тазаланғаннан кейін металл май сүзгісінің түсі оңып кетуі мүмкін, бірақ оның сүзу сипаттамалары өзгеріссіз қалады. Көмір сүзгі (тек сүзгілі нұсқа үшін): Картриджді кемінде төрт айда бір рет ауыстыру қажет. Оны жууға немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ.